Әлемдік ғалымдардың пәтуаларын назарға ала отырып, ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекеті ретінде өмір сүріп келе жатқанына жиырма екі жыл толды. Осы жылдар аралығында біздің қоғамымыздың барлық салаларында терең, әрі түбегейлі өзгерістер орын алды. Қазақстан тәуелсіз ел болып еңсесін көтерді. Халықаралық дәрежеде бәсекелес болуға қабілеттілігін көрсетіп келеді. Тарих тереңіне кеткен рухани мұра туындылары қайта жаңғырып, өзінің лайықты мұрагерлерін тапты. Ислам шариғаты шынтуында қоғамға қатысты көптеген мәселелерді шешетіндігі жасырын емес. Жұмыстың бағыты Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері және Сауда-саттық мәселеріне кеңінен тоқталып өтеді. Жаңа техника мен технология қарыштап дамыса да, болашақта сауда-саттықтың маңызы біз ойлағаннан гөрі әлдеқайда жоғары болды. Жалға беру арқылы табыс табу адамның күнделікті өмірдегі қажеттілігі болғандықтан Исламда оның өзіндік орны бар. Алла тағала Құранда:
« Егер ажыраған әйелдер, сендер үшін бала емізсе, сонда олардың жалақыларын беріңдер. Өзара дұрыстықпен ақылдасыңдар егер (аз беріп көп тілесеңдер) бір біріңе ауырлық саласыңдар, баланы басқа айелге емізуге болады [1, 65/6] .
Сонда екі әйелдің бірі ұялған түрде келіп: « Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады» деді. Мұса (ғ. с) Шұғайб (ғ. с) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайб (ғ. с) : «Қорықпа! Залым елден құтыласың» деді. (25) Екі қыздың бірі: «Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалданған адамдардың хайырлысы да, күшті сенімдісі. » деді(26) (Қыздардың әкесі Мұса Ғ. С ға) : «Маған сегіз жыл жалға жүруіне орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табасың », - деді. (27) (Мұса Ғ. С) : «Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасам да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл», - деді (28) [1, 28/25-28] .
Хз. Шұғайб (ғ. с) -нің Мұса (ғ. с) ға сегіз жылдық істің тапсырылуын құран кәрімде хабар берілуі бір кісінің басқа бір кісі үшін жасалған еңбегінің ақысы ретінде нақты құнының табыс көзі болу үшін рұқсат етілгендігін білдіреді.
Сайд ибн Әлмусайбтің Сағд ибн Әбу Уаққастан (р. а) риуаят етілген хадисте «біз жердің жақсы өнім беретін жердің жалға беретін едік.
Хз. Пайғамбарымыз (с. ғ. с) біздердің осылай істеуімізден тыйды және жалға беру алтын немесе күміс ақшасымен келісім жасауымызды бұйырды[4. 117 - бет] .
Сондай-ақ дипломдық жұмыста мынандай еңбектер жиі қолданылды, Мысалы: Хамди Дөндүреннің «Ислам Құқықы бойынша Сауда-саттықтың үкімдері» Абу Абдуллаһ Мухаммед бин Исмаил 1-8 томы, Әл-Касанидің «Бада-и уа сана-и» Ибн Қудама, Әл-Муғни атты еңбегі Әз-зухайлидің, Әл-фатхул ислам уа әдиллатуһу кітабы Дамаск қаласында басылған, және Халифа Алтайдың Құран кәрім қазақша мағнасы және түсінігі. Медине қаласында жарық көрген және Ибн Рушд, Абул уалид Мухаммад бин Ахмад Ал-Хафид, 520/1269 Бидәятул-мужтәһид, уа ниһаяту муқтасид және тағы басқа кітаптар кеңінен қолданылды.
Ислам адамзат өмірінің кез-келген қырларына араласатын иләһи (тәңірлік) дін. Адам бұл дүниенің есігін «іңгәләп» ашқаннан бастап Ислам оның тазалығын, құлшылығын, үйленуін, басқалармен қатынасын, тіпті дәретханаға қалай кіріп, қалай шығатындығына дейінгі кез-келген іс-әрекеттерін реттейді. Сондықтан да, дәрет алудан бастап жиһадқа дейінгі тақырыптарды кеңінен қамтыған ислам шариғаты Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері мәселесіндеде толық қанды түсінік берді. Сондықтан жұмыстың бағыты салафи ағымын даттау немесе жақтаудан бойымызды аулақ ұстап, Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдеріне рационалды баға беру. Жетістігін анықтау, қазіргі кездегі басты сипаттарын зерделеу болып табылады.
Жұмыстың бағыты. Қоғамға, әлеуметке, ғылымға, ұлтаралық тұрақтылыққа пайдасы болса анықтау, кері әсері болса ашықтау басты мақсат.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам баласы ішіп-жеуін, баспанасын және басқа да қажеттіліктерін әрдайым өзі жасап шығарған нәрселермен қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, қажеттіліктер әр түрлі және адамның өндіру ауқымы да шектеулі. Сондықтан адамдар сонау ерте ғасырлардан бастап тауарды тауармен айырбастай бастаған. Мәселен, қолында бидайы бар адам мұны арпа, мата яки мұқтаж болған бір тауармен алмастырған. Сондай-ақ қойы бар кісі, сиырға қажеттілік туындағанда оны қоймен айырбастап мұқтаждығын өтеген. Алайда, уақыт өте келе тауарды тауармен айырбастау жеткіліксіз саналып, әрдайым тауарды тауармен айырбастаудың орнына, кейбір құнды металдардың сауда-саттықтың төлемі ретінде қолдану кезеңіне ауысады. Осылайша ақшалы экономика дәуірі басталады. Хз. Пайғамбардан (с. а. с) қандай табыстың абзал екендігі сұралғанда, ол былайша жауап берген: «Кісінің қол еңбегімен тапқан және дұрыс жасалған (мәбрур) сауда-саттық»[2, 4/466 - бет] Жалған ант және өтірік араласпаған сауда келісіміне «мәбрур сауда-саттық» делінеді. Басқа бір хадисте былай баяндалады: «Ешбір адам өз еңбегімен тапқан табыстан артық тағам жемеген. Шүбәсіз Алла тағаланың елшісі Дәуідте (а. с) сауыт жасап, өзінің тапқан қол еңбегінің жемісін жейтін»[3, 633-536- бет] .
Жоғарыдағы хадистерден нақты белгілі болғандай, ең қайырлы табыс, кісінің өз маңдай терімен тапқан табысы. Имам Мәуарди (қ. 450/1058 ж), «әл-Ахкамус-султанийя» атты еңбегінде табыс көздерін егін шаруашылығы (зираъат), сауда-саттық (тижәрат) және қолөнері (санъат) деп үшке бөлгеннен кейін, Имам Шәфиғидің (қ. 204/819) сауда-саттықты басқаларынан артық көргендігін, алайда өзі егін шаруашылығын тәуекелге ең жақыны деп білгендіктен ең абзал табыс көзі ретінде санағандығын айтады. Ислам сауданың кез келген түрінде адал болуға шақырады. Бұл жайында құранд Алла тағала былай дейді:
«Ей, иман келтіргендер. Бір-бірлеріңнің мал-мүліктеріңді әділетсіздік жолмен жемеңдер (алмаңдар) . Тек қана өзара ризашылықпен жасалған сауда саттық арқылы (алуларыңа рұқсат ) »[1, 4/29 ] . Тағы бір аятта былай делінген: «Алла сауданы халал етіп, өсімді харам етті» [1, 2/275] .
Пайғамбарымыз (с. а. с. ) да саудамен айналысқан. Сира (пайғамбарымыздың өмірбаяны) кітаптарында оның (с. а. с. ) Хадиша анамызбен (Алла оған разы болсын) үйленбей тұрып оның тауарларын сатқандығы айтылады. Тауарды шектен тыс жарнамалап ел-жұртты алдау Мұхаммедтің (с. а. с. ) үмметіне жараспайтын іс. «Алла Тағаланың қиямет күні сөйлеспейтін, назар салмайтын, күнәларын кешірмейтін және күйзелтуші азапқа тастайтын үш адамының бірі - тауарын жалған ант ішіп жарнамалаған адам», - деген[4, 117 - бет] .
Қоғамдағы түйткіл меселенің шешу жолымен қатар, оның себебтерін де зерделеу өзекті мәселе. Қазіргі таңда бұл мәселелерді зерделеу-зерттеу, ел болашағы дұрыс өмір сүріп Алланың мейіріміне бөлену, ғылыми жұмыстың басты мақсаты. Олай болса Ислам фиқһындағы жалға беру тақырыбын қозғаудадағы, әлемге әйгілі мұсылман ғалымдарының да еңбектерін ақтардық. Әлемдік ғалымдардың білімі мен тәжірибесіне сай ұсыныстар мен елімізде атқарылып жатқан шараларды ортаға салдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Хамди Дөндүреннің «Ислам Құқығы бойынша Сауда-саттықтың үкімдері» Абу Абдуллаһ Мухаммед бин Исмаил 1-8 томы, Әл-Касанидің «Бада-и уа сана-и» Ибн Қудама, Әл-Муғни атты еңбегі Әз-зухайлидің, Әл-фиқһул ислам уа әдиллатуһу кітабында және Абул Уалид Мухаммад бин Ахмад Ал-Хафид, 520/1269 Бидәятул-мужтәһид, уа ниһаяту муқтасид бұл тақырыптар кеңінен жазылып зертелген. Отандық ғалымдардың арасында дінтанушы Смайыл Сейтбектің «Сауда-саттық әдебі» атты кітабының жарыққа шығуы отандық ғалымдардың да бұл тақырыптарда да кенде емес екендігін білдіреді. Қазақстандық дінтанушы ғалымдар соңғы онжылдықта, қоғамның сұранысына сәйкес, терең зерттеуге кірісті. Бұл тақырып Исламның алтын ғасыры саналатын алғашқы үш ғасырда өмір сүрген Имам Ағзам Абу Ханифалардың заманында, одан бері де көптеген Ислам ғұламалары талқылаған. Соңғы дәуір ғалымдары да бұл тақырыптардан қалыс қалмаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Біздің зерттеу еңбегіміздің мақсаты-әлемдік ғалымдардың пәтуаларын назарға ала отырып, ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері мәселелерін ашықтап, Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттерді алдымызға қойдық:
- Исламдағы сауда тарихын зерттеу.
- Сауданың дүниелік және ақыреттік пайдаларын зерттеу;
- «Ижар» жалға беру терминінің тілдік және шариғи мағналарын анықтау;
- Жылжитын немесе жылжымайтын мүліктен табыс табу мақсатымен келісім жасалатын жалға беру түрлерін анықтау;
- Ижар (жалға беру) келісім шартының негізгі рүкіндері(шарттары) мен түрлерін айқындау;
- Сауда-саттық келісім шарты мен үйлену келісім арасындағы айырмашылық;
- «Ижар» жалға беру ижаб (ұсыныс) және қабылдың (қабылдау) сипаттарын зерттеу;
Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстан Республикасы кеңестік кезеңде қалыптасқан қазақстандық қоғамның көпұлттылығымен бірге және демократиялық түрлендірулер барысында түзілген мультиконфес сионалдылығымен келісілген ұлттық және діни сана сезім көрінісінде терең саяси трансформациялармен сипатталатын дамудын жаңа тарихи сатысына аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басылымдылықтары ретінде «Қазақстан - 2014» стратегиясында атап айтылған ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның консолидациясы сияқты сәйкес келетін стратегияларды таңдау мен негізгі мақсаттарды дұрыс анықтаған ел билігі жоспарлаған саясаттың арқасында саяси тұрақтылықты сақтаудың және ашық қақтығыстардан бой тартудың сәті түсті.
Біз зерттегелі отырған Ислам фиқһындағы жалға беру тақырыбы, конфессияаралық қарым-қатынасқа сызат түсіртпеу мақсатында жітік зерттеп зерделеу. Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды параметрлер қатары бойынша ел бірлігіне іріткі салуы мүмкін ағымдарды зерттеудің рөлі, әлеуметтік - педагогикалық талдауын теориялық және практикалық өзектілігін анықтайды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Ислам фиқһындағы жалға берудің үкімдері мәселесіндеде мынадай тақырыптарды егжей-тегжейлі зерттей отырып, біз төмендегідей тұжырымға келдік:
1. Исламдағы сауда тарихы, сауданың дүниелік және ақыреттік пайдасын жан жақты талқылап өттік.
2. Жалға беру мәселелерін зерттеуде аят шариф пен Мұхаммед (с. а. с. ) хадистеріне сүйеніп, ислам ғұламаларының жауаптары арқылы, әрі логикалық түсіндірмелер арқылы халыққа жеткізе беретіндігіміз анықталды.
3. Исламға дейінгі діндерде сауда-саттық және экономикалық өмір болғандығы белгіленді .
4. Ислам ғалымдарының көпшілігі жалға беру мерзімі ұзақ немесе қысқа уақыт ішінде деп, мерзімді қоюлары қажет. Ұзақ мерзімге жалға беру жасала береді. Алайда мемлекет мүлкіне (уақф) ұзақ мерзімді келісім жасалмайды.
5. Ислам ғалымдарының жалға беру тақырыбында мәзһаб имамдарының қисынды пікірлерімен дәлел-дәйектері анықталды.
6. Көпконфессионалды және көпұлтты Қазақстан жағдайында тұрақ-тылықты сақтау үшін қолданылып отырған айрықша саяси стратегияға қайшы тұстарын сыни түрде талдау қажет.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ислам фиқһындағы жалға беру адамдардың өзара ынтымақтасуы, жалпы Ислам әлеміндегі таралу деңгейі мен халық санасына қаншалықты сіңгендігі, зерттеу нысанына айналды.
Зерттеудің теориялық және тәжірбиелік мәні. Жобалық ғылыми зерттеудің нәтижелері әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, салыс-тырмалы антропологиялық, исламтану ғылымындағы алатын орны, ел арасындағы жалға беру мәселесіндегі олқылықтарды туғызған түйткілді мәселелеріне қатысты айтарлықтай бос кеңістердіктің орнын толтырады.
Зерттеу әдістері. Зерттелудегі еңбекті жазу барысында хадис және Құран аяттарын пайдаланып, салыстырмалы зерттеу әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе бөлім, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі берілді.
- САТЫП АЛУ, САТУ ТЕРМИНДЕРІ, ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУҚЫМЫ
1. 1 Сауда-саттық тарихы
Адам баласы ішіп-жеуін, баспанасын және басқа да қажеттіліктерін әрдайым өзі жасап шығарған нәрселермен қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, қажеттіліктер әр түрлі және адамның өндіру ауқымы да шектеулі. Сондықтан адамдар сонау ерте ғасырлардан бастап тауарды тауармен айырбастай бастаған. Мәселен, қолында бидайы бар адам мұны арпа, мата яки мұқтаж болған бір тауармен алмастырған. Сондай-ақ қойы бар кісі, сиырға қажеттілік туындағанда оны қоймен айырбастап мұқтаждығын өтеген. Алайда, уақыт өте келе тауарды тауармен айырбастау жеткіліксіз саналып, әрдайым тауарды тауармен айырбастаудың орнына, кейбір құнды металдардың сауда-саттықтың төлемі ретінде қолдану кезеңіне ауысады. Осылайша ақшалы экономика дәуірі басталады.
Осы сауда - саттық төлемдері темір, мыс, қола, күміс және алтыннан жасалған металл ақшалар болып, бұрынырақ кесек, шеңбер яки шыбық (сабақ) түрінде қолданылған. Бұлардың ішінде алтын мен күмістің құны, салмақтарына қарай анықталып, кесектер (ақша) пішін жағынан стандарт күйге келтіріліп, - беттеріне салмағы мен өлшемдерін білдіретін белгілер қойыла бастаған.
Кесек, шыбық яки шеңбер түріндегі металл бөлшектері жалпақ және дөңгелек пішінге өзгерісімен, қолдануға ыңғайлылығы, айлакерліктің артқандығы, алып жүруге әрі сақтауға жеңілдігі байқалған. Осылайша дөңгелек пішіндегі таңбалы алтын және күміс ақша кезеңіне өткен[19, 63 - бет] .
Міне тауарды тауармен айырбастау болсын, яки тауарды ақшаға сату әдісі болсын адамзат ықылым заманнан бері қажеттілігін өтеу және табысқа қол жеткізу мақсатында жүгінген жол.
Хз. Пайғамбардан (с. а. с) қандай табыстың абзал екендігі сұралғанда, ол былайша жауап берген: «Кісінің қол еңбегімен тапқан және дұрыс жасалған (мәбрур) сауда-саттық»[2, 466 - бет] . Жалған ант және өтірік араласпаған сауда келісіміне «мәбрур сауда-саттық» делінеді. Басқа бір хадисте былай баяндалады: «Ешбір адам өз еңбегімен тапқан табыстан артық тағам жемеген. Шүбәсіз Алла Тағаланың елшісі Дәуідте (а. с) сауыт жасап, өзінің тапқан қол еңбегінің жемісін жейтін»[8, 19- бет] .
Жоғарыдағы хадистерден нақты белгілі болғандай, ең қайырлы табыс, кісінің өз маңдай терімен тапқан табысы. Имам Мәуарди (қ. 450/1058 ж), «әл-Ахкамус-султанийя» атты еңбегінде табыс көздерін егін шаруашылығы (зираъат), сауда-саттық (тижәрат) және қолөнері (санъат) деп үшке бөлгеннен кейін, Имам Шәфиғидің (қ. 204/819) сауда-саттықты басқаларынан артық көргендігін, алайда өзі егін шаруашылығын тәуекелге ең жақыны деп білгендіктен ең абзал табыс көзі ретінде санағандығын айтады. Нәуәуиге (қ. 676/1277 ж) қарағанда егін шаруашылығы мен қолөнері сауда-саттықтан алдын тұрады, себебі бұлардың алғашқы екеуі кісінің тікелей бейнетіне тиесілі. Бұл екеуінің ішінде егін шаруашылығы қолөнерден жоғары тұрады, өйткені қоғамға келтіретін пайдасы көбірек, яғни адамдар мен жануарларды қамтиды. Бүкіл жаны бар нәрселер егін шаруашылығына мұқтаж[5, 370- бет] .
1. 2 Сатып алу, сату терминдері және олардың ауқымы
Сату келісім-шартының анықтамасы:
Арапша «бәйъ» сөзі сату және сатып алу мағыналарын білдіретін қарама-қайшы мағыналы сөздерге жатады. «Шира» сөзі де осылай. Бәйъ сөздікте «бір нәрсені басқа бір нәрсенің орнына беру» дегенге саяды. Көпше түрі «буюъ». Сату түрлерінің көптігі әрі әрқайсысының өзіне тән жеке үкімдері болғандықтан, классикалық фиқһ қайнар көздерінде «Китабул-буюъ (сауда-саттық кітабы) » тақырыбы көпше түрде қолданылған.
Бәйъ сөзі Құран Кәрімнің алты аятында сауда-саттық мағынасында жекеше түрде келген[5, 35- бет] . «Сауда-саттық жасаған уақыттарыңда куәгер тағайындаңдар» [1, 34/10-11] . аятында бұл сөз «тәфаъул» қалыбында дәл сол мағынада қолданылған. Шира сөзі де мына екі аятта «сатты» мағынасында қолданылады: « Юсуфты төмен бағаға бірнеше дирһамға сатты »[1, 21. 80], «Әттең, өздерін қарымы ретінде сатқан нәрсенің неткен жаман екендігін білгенде еді!» [1, 12/20] . Алайда бұл екі етістіктің «сатып алу» мағынасын білдіруі үшін көбінесе «ифтиъал» қалыбы таңдалып, араб тілінде қолданылған. «Иштәра (сатып алды) » және «ибтәъа» сияқты.
Сату келісім-шартына термин ретінде былайша анықтама берілген: Тауардың тауармен арнайы түрде алмастырылуы. Қол жеткізуді қалаған бір тауарды, ақысына нақты түрде ауысу[6, 155 - бет] . Әл-Маусилидің (қ. ж 683/1284) анықтамасы мынадай: «Құнды (мутақаууим) бір тауарды екінші бір құнды тауардың төлем ақысы ретінде иелік құқықтарымен қоса табыс ету арқылы ауыстыру»[7, 278- бет] . Мутақаууим тауар; бағалы әрі шариғи тұрғыдан пайдалануға жарамды тауар деген сөз. Ибн Қудама (қ. ж 620/1223) сатуда иелік құқын табыс етуді негізге ала отырып былайша анықтама берген: Бір тауарды басқа бір тауармен, иелік құқын табыс ету және қарсыдағы тауардың иелік құқын қабылдап алу мақсатында ауысу.
Ханафи мәзһабы бойынша тауар; адам табиғаты қызығушылық танытқан және қажеттілік мақсатында қолда жинақтаған нәрселер. Бір нәрсенің тауар саналуы үшін барлық адамның яки бірқатар адамдардың оған қызығушылық танытуымен анықталады.
Адами құқықтың сату келісіміне берген анықтамасы мынадай: «Сату - бұл бір келісім-шарт болып, онымен сатушы сатылған тауарды алушының мойнына алған ақының өтемі ретінде алушыға тапсыру және иелік ету құқығын оған табыс ету борышын жауапкершілігіне алады»[19, 282 - бет] .
Мәжәллада сату келісіміне «тауардың тауармен ауыстырылуы» деп анықтама берілгеннен кейін (105-бап), келісімнің жүзеге асуы үшін қабылдап алудың (қабд) шарт болмағандығы былайша белгіленген: «Сатқан кезде қабылдап алу шарт емес. Алайда, келісім-шарттан кейін, алдымен сатып алушы тауардың ақысын сатушыға, ал сосын екінші болып сатушы сатылған тауарды сатып алушыға беруге борышты болады»[9, 246 - бет] .
Сондай-ақ Мәжәлла, жасалған сауда келісім-шартын нәтижеленіп-нәтижеленбеуі тұрғысынан «мунъақид» және «ғайру мунъақид» деп екіге бөлген. Мунъақид-нәтижеленетін сату келісім-шарты болып; сахих, фасид (негізі Ислам дініне сай болып, сипаты сай болмаған келісім-шарт), нафиз (дереу іске асатын) және мауқуф (қолданылуы басқасының рұқсатына тәуелді болған) келісім-шарт түрлеріне бөлінеді. Ғайру мунъақид - батыл (діни тұрғыдан қажетті шарттар толықтай яки бірнешеуі болмаған сауда-саттық) келісім-шарт саналып, жарамсыз келісім-шарт түріне жатады[10, 1-бет] .
- Сауда-саттық келісім -шартының сүйенген дәлелдері
Шарттарына сай жасалатын сауда-саттықтың шариғатқа сай болуы кітап (Құран Кәрім), сүннет және ижмаъ дәлелдеріне сүйенеді.
А) Құрандағы дәлелдер:
Құран Кәрімде сауда-саттыққа қатысты әр алуан аяттар бар. Кейбіреулері мыналар :«Әй мүміндер!Өзара малдарыңды тура болмаған жолдармен жемеңдер! Алайда, өз ризалықтарыңмен сауда-саттық арқылы жеулерің адал» [1, 4/29] . «Негізінен Алла сауда-саттықты адал, ал өсімқорлықты арам еткен» [1, 2/275] . «Өзара саудаласқанда, куәгер тағайындаңдар» «(Қажылық маусымында сауда-саттықпен айналысумен) Раббыларыңнан кеңшілік талап етулерің сендерге ешқандай күнә емес» [1, 24/39] . Өлшегенде және таразыға тартқан кезде қулық жасайтындарға қатысты былай айтылады: «(Өлшеу мен таразыдан) ұрып қалушыларға өлім болғай! Олар адамдардан (бір нәрсені) өлшеп алған уақыттарында толық етіп алатын, оларға өлшеп немесе (таразыға) тартып берген уақыттарында болса, кемейтіп беретіндер» [1, 2/82], Басқа бір аятта да белгілі мерзімге берілген қарыздарды жазып қою керектігі айтылады.
ә) Сүннеттегі дәлелдер:
Хз. Пайғамбардың (с. а. с) сауда-саттық пен экономикалық өмірге қатысты бірқатар сөздері мен іс-әрекеттері яки мақұлдаулары (тақрир) бар.
Алла Елшісінен (с. а. с) қайсы табыстың ең таза екендігі сұралғанда былай деп жауап берген: «Кісінің қол еңбегімен тапқан және дұрыс жасалған (мәбрур) сауда-саттық»[14, 117-бет] . Жалған ант және өтірік араласпаған сауда келісіміне «мәбрур сауда-саттық» делінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz