Автокөлік апаттары


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Геодезия және табиғатты пайдалану факультеті

Картография және геоинформатика кафедрасы

Тақырыбы: Автокөлік апаттары

Орындаған: Тлеубаева Н. Б

Мамандығы: 5В071100

Тобы: ГК 112 К

Тексерген: Исанбекова А. Т.

Алматы 2011

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім

- aвтокөлік апаты;

-aвтокөліктегі өрт.

II. Негізгі бөлім

-негізгі себептері;

-aвтокөлік апаты кезіндегі міндеттер мен шаралар.

III. Қорытынды

Автокөлік апаты

Жүз жылдар бойы адам мен автокөлік арасындағы соғыс жалғасып келеді. БҰҰ-ның айтуы бойынша жылына автокөлік апатынан 170 мыңға жуық адам қайтыс болады. Көлікке дайындайтын жерлерде әр адамды көлік ішінде қалай ұстау керектігі туралы толық мағлұмат береді. Толық дайындалған жүргізуші көлікті кез келген жағдайда басқара алады.

Апаттан басқа жол жоқ кезде не істеу керек?

- көлік толық тоқтағанша шықпау керек;

-қарама қарсы көліктен аулақ болу керек, одан көрі тал, өсінділер, дарбазаға қарай бұрған дұрыс;

- егер бетпе бет келе жатса сырғанап бүйірді тосқан дұрыс.

Жанындағы адам қолымен басын жауып бір қырына жату керек, егер жанында кішкентай бала болса, онда баланы құшақтап қысып бір қырына жату керек. Ең қауіпті орын ол жүргізушінің жаны болып табылады, сондықтан жасы он екіден кішілерге алдынғы орынға отыруға болмайтын туралы заң бар.

Егер соққы болған жағдайда, біріншіден өзіңіздің қалай жатқаныңызды, бензин ағып жатқан жоқ па, өрт шықпады ма соны анықтау керек. Сосын жағдайға байланысты есіктен немесе терезеден шығу керек. Егер есік ашылмай жатқан жағдайда көп күтпей терезені ашу немесе сындыру керек.

Автокөліктегі өрт

Егер көліктің алдыңғы жағынан күйген иіс, кішкене түтін және бензиннің иісі шығып тұрса, ол көлік бұзылуымен қатар ішінде өрт болуы мүмкін.

Статистика бойынша жүз көліктің біреуі ғана көлік апатынан өртке ұшырайды, оның өзі бензин багын немесе бензин жүйесін зақымдағанда болады. Қалғанның барлығы көліктің дұрыс күтпеуінен болады. Бензиннің тұтынуынан болған өрттер аз емес.

Өртті өрт сөндіргішпен тікелей бағыттау арқылы сөндіреміз. Тағы бір өрт сөндірудің амалы отты шетінен бастап таптап өшіру. Бірақ ең сенімді ол өртсөндіргіштер, құм, су, брезент болып табылады.

Көлікке гаражда қауіп төндіретін заттар:

- бензин жиырма литрден аспауы керек;

- өрт пен жұмыс жасамау керек;

- маторды отпен қыздыруға болмайды;

- бөлшектерді бензинмен, саляркамен жууға болмайды;

- мұнай қалдықтарын төгуге болмайды.

Автокөлік апатының негізгі себептері

C:\Documents and Settings\Владелец\Мои документы\IMG_0652.jpg


Апаттың болатын негізгі себептері:

1) Әр түрлі жол ережесін бұзу;

2) Үлкен жылдамдықпен жүру;

3) Көлікті мас күйде айдау;

4) Жол бетінің нашар болуы;

5) Көліктің бұзылуы.

Әрине бұл тізім жүргізушілер үшін жаңалық емес. Бірақ біздің аман қалуымыз мәліметті толық алудан болады. Мысалы: белбеуді тағып отыру бетпе бет соғысқанда өлім санын 2-3 есе азайтады. Егер адам белбеусіз 20 км /сағ соғысса, ол бетпен төртінші қабаттан құлағанмен тең. Адамның тәртіпсіздігі жай күнде мінез ретінде көрінсе, ал жолда ол өлімге алып келе алатын қауіп.

http://alashainasy.kz/userdata/e55b915c5da2b08ed476f0600588db04.jpg Ресми мәліметтерге сүйенсек, автокөлік апатынан елімізде соңғы он жылдың ішінде 28 мыңнан аса адам көз жұмып, 162 мыңы жазылмас жарақат алған. Әрине, оның себеп-салдарын талдай берсеңіз таусылмайды. Дегенмен автокөлік апаттары кей жағдайда жүргізушілердің кінәсінен емес, жолдың жағымсыз аймаққа салынуына байланысты болатынын да бүгінгі ғылым растап отыр.

Экстрасенстер автокөлік апаттарының 10%-ы жүргізушілердің кесірінен, ал қалғаны жоғарғы күштің әсерінен болатынын айтады. Көліктің иесіне бағынбай кететіні содан екен. Жердің терең түкпірінен шығатын белгісіз жоғарғы күш адамның психикалық және физикалық жағдайына елеулі түрде жағымсыз әсер ететіндіктен, жүргізушілердің сезімталдығы ерекше артып, басы шыңылдап, құлағы бітеліп, қан қысымы артып, көзіне әр нәрсе елестейді. Тіпті ондай жағымсыз жерлерде ұялы байланыс та нашар естіледі. Сондықтан ондай жағымсыз жолдарда адам қауіпсіздік шараларын орындаған жөн. Мұндай кезде жүргізуші өзінің көлік айдап келе жатқанын сезінуі керек. Сосын ұялы телефонын өшіріп тастаған абзал. Ал көлігіңізде орнатылған үнтаспадан шығып тұрған әуен- автокөлік апатына алып келетін бірден-бір нерсе.

Негізінен автокөлік апаттары үш факторға:

1) жүргізушіге;

2) жол жағдайына;

3) көліктің техникалық күйіне

Байланысты туындайды. Осы үш негізде, ең алдымен, жүргізушіге көп мән беріледі. Оның кәсіби дайындығы қандай? Қалай білім алып шықты? Бұл да ескерілуге тиіс маңызды мәселе.

C:\Documents and Settings\Владелец\Мои документы\i.jpg

Мәселен, жуырда Ақтөбе қаласында екі автокөлік апатынан төрт адам опат болды. Бірінде- жылдамдықты асырғандықтан, басқару тізгінін ұстай алмай жолдан шығып кетіп, аударылған. Екіншісінде- көшедегі көлік қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысқанда, соның салдарынан екі адам көз жұмды. Сонда байқасаңыз, жол бойында орын алатын автокөлік апаттың 80 пайызы адами факторға байланысты. Қарама-қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шектен тыс асыру және кәсіби деңгейдің жетіспеуі апатқа соқтырады.

Тағы бір мысал, бірде көлікке отырған қыз бала қарсы бағытқа шығып, түзу келе жатқан көлікпен соғысқан. Соңғысы қатты соққыдан жанына қарай сырғып барып, аялдамада тұрған адамдарды қағады. Соның салдарынан екі әйел сол жерде қаза тауып, жеті бірдей жас жарақат алды. Бұған кім кінәлі? Әрине, жүргізуші, оның кәсіптік деңгейі төмен және тәжірибесі де жоқ. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жол апатын көбіне тудыратындар автомектепті жаңадан бітіріп шығып, әлі бір жыл да көлік тізгінін ұстамаған жас жүргізушілер.

БҰҰ есебіне қарағанда, автокөлік оқиғалары әр мемлекеттің экономикасына орасан көп шығын келтіреді екен. Оның үстіне, ойлап қараңыз, бейбіт заманда қол-аяғы балғадай, дені сау азаматтар қыршын кетіп жатыр. Автокөлік оқиғасынан опат болған адамдар арасында жас та, кәрі де бар. Ол жастарымыз ертеңгі күні аман болғанда араларынан небір данышпандар шықпасына кім кепіл еді? Елімізде бар-жоғы 16 миллион халық болса, оның жыл сайын осылайша саны кеми берсе, кімге пайда? Опат болып жатқан азаматтардың дені 25 пен 45 жас аралығындағылар.

Соңғы он жылда еліміздегі автокөліктің саны 3 миллион 200 мыңнан асып түсті. Бірақ осы санға көшелер мен тас жолдарымыздың инфрақұрылымы сәйкес келмейді. Көптеген жолдардың жүретін бөлігі 7, 5 метрді құрайды, ол тек қарама-қарсы екі көліктің жүруіне ғана жарайды. Жол апаты кезінде опат болғандардың әрбір бесіншісі қарама-қарсы бағытқа шығып, әрбір төртіншісі жолдан аударылып кетудің салдарынан қаза табады екен. Бұл болғаны жолдың тек беткі қабаты жөнделеді. Жағдай одан әрі ушықпай тұрғанда жолдарымызды талапқа сай жүйеге келтіру қажет.

Апат бола қалған жағдайда адамдардың өмірін құтқарып қалуға барынша тырысу керек. Ол үшін зардап шеккендерге уақытылы жедел жәрдем көрсететін көлікпен және тікұшақпен қамтамасыз етілген арнайы құтқару қызметін құру қажет. Зардап шеккендерге алғашқы 9 минут ішінде шұғыл жедел жәрдем көрсетілсе, оның 90 пайызының өмірі сақтап қалуға болады екен.

Автокөлік апаты жайлы мәліметтерге көз салсаңыз, күніне кем дегенде 4-17 адамға дейін айтып келмес апаттан ажал құшып жатқанын көруге болады. Ресми мәліметтер былтырғы жылы елімізде 10 мыңнан астам адам жол апатынан ауыр жарақат алғанын растайды. Ал Қазақстанда әлі құтқарушы тікұшағы жоқ. Басқаны былай қойғанда, біздегі жедел жәрдемнің өзі жарты сағатқа жуық уақытта әзер жетеді. Ал апатқа ұшыраған адамды ажалдан арашалап алып қалу үшін әрбір секунд қымбат . . .

Автокөлік апаты кезіндегі міндеттер мен шаралар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылы 25 қарашадағы N 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережесінің 2. 5 т. Сәйкес Автокөлік оқиғасы кезінде, оған қатысы бар жүргізушінің міндеті:

  • Ереженің 7. 2. -тармағының талаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға(орнынан қозғамауға), апаттық жарық сигнализациясын іске қосуға және апаттық аялдау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстырмауға;
  • Зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдану, ”медициналық жедел жәрдем”шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей көліктерде аттандыру, ал егер бұған мүмкіндік болмағанда, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзінің көлік құралының тіркеу белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізушінің куәлігін және көлік құралын тіркеу құжатын көрсетіп) оқиға болған жерге қайтып келуге;
  • болған жағдай туралы жақын жердегі ішкі істер органына кешіктірмей хабарлауға, көзімен көргендердің тегі мен мекен-жайларын жазып алуға және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің келуін күтуге;
  • егер басқа көлік құралдарының қозғалысына мүмкіндік болмаса, жолдың жүретін бөлігін босатуға;
  • жүру бөлігін босату немесе зардап шегушіні өзінің көлік құралымен емдеу мекемесіне жеткізу қажет болған жағдайда куәлардың қатысуымен көлік құралының орналасуын, оқиғағақатысы бар іздер мен заттарды алдын ала белгілеп, олардың сақталуына мүмкіндік беретін барлық шараларды қабылдауға және оқиға болған жерді айналып өтуді қамтамасыз етуге міндетті.

2. 6. Егер автокөлік оқиғасының нәтижесінде зардап шегушілер болмаса, жүргізушілер болған жағдайды бағалауда өзара келісімге келіп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап және оған қолдарын қойып, оқиғаны рәсімдеу үшін ішкі істер органының жақын жердегі жол полициясы постына немесе бөлімшесіне келулеріне болады.

2. 7. Жүргізушіге тыйым салынады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік апаттары туралы
Қараңғы мезгілде автомобильді басқару
Көліктегі құқық бұзушылық
Биосфераның ластану себептері
Автокөлік тасымалының көбеюі
Төтенше жағдайлар критерийлері
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Техногенді сипаттағы апаттар.
Көлік жүйелерінде экологиялық тәуекелдерді басқару
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz