Тумастан бұрын және жүре біткен жүрек ақаулары


Тумастан бұрын біткен жүрек ақаулары.
Жүректің қан жолы тетіктерінің зақымдануын жүректің ақауы дейді. Бұл зақымданудың нәтижесінде жүректің негізгі қанды айдау қызметі бұзылады. Жүректің ақауы тумастан бұрын және кейіннен пайда болуы мүмкін. Мысалы, ревматизм атакаларынан кейін. Жылына біздің елімізде 40 000-ға жуық нәресте жүрек ақауымен дүниеге келеді.
Тумастан бұрын біткен жүрек ақауларының себептері:
1. Аяғы ауыр әйелдің жүктіліктің бірінші 3 айында жұқпалы вирустық аурулармен ауыруы (тұмау, қызылша, қызамық т. б. )
2. Жүктіліктің бірінші жартысының токсикозы.
3. Маскүнемдікке салыну, темекі шегу.
4. Тұқым қуалаушылық.
5. Жиі түсіктер мен аборттар.
Аурудың айқындалуы:
Ақауы бар жүректің өз қызметін орындауына байланысты жүрек және компенсацияланбаған деп бөледі.
Компенсацияланған ақауларда-ақау кішкене. Сондықтан жүрек өз қызметін толық орындайды, сырттан қарағанда бұл балаларда қан айналымының бұзылуы көрінбейді, тек тыңдағанда жүректе шу айқындалады.
Декомпенсацияланған ақауларда-жүректегі ақау үлкен немесе ақау бірнеше, сондықтан жүрек өз функциясын толық орындай алмайды, қан айналымы бұзылады, балада декомпенсация симптомдары пайда болады:
Терінің көкшілдігі (цианоз) .
Ентікпе.
Тахикардия.
Тыңдағанда - жүректе дөрекі шу естіледі, бұл шу жауырын, қолтық астында да естіледі.
Баланың кеудесінде көгеріп вена тамырлары шығып, жүрек тұсында дөңес пайда болады.
Тырнақтары «сағат әйнегі», саусақтары «барабан таяқшалары» тәріздес.
Бала өсу жағынан өз құрдастарынан артта қалады (бойы, салмағы) .
Организ төзімділігі төмендеп, бала жиі ауырады-өкпе қабынуымен, әртүрлі жұқпалы аурулармен.
Тумастан жүрек ақауы бар балалар отырып, жатып ойнағанды қалайды, кей кезде мәжбүрлі қалып қабылдайды: екі тізесін қолдарымен құшақтап алдына қарай еңкейіп жүресінен отырады.
Жүректің зақымдану дәрежесіне байланысты тумастан болған жүрек ақаулары жәй (моноақаулар) және құрастырылған (күрделі) ақаулар болып бөлінеді.
Моноақаулар: Боталлов ағымының бітелмеуі, құлақша аралық перденің ақауы, қарынша аралық перденің ақауы.
Күрделі ақаулар: Фалло ауруы-Фалло триадасы, тетрадасы, пентадасы… Мысалы: Фалло тетрадасы-өкпе артериясының стенозы, қарынша аралық перденің ақауы, аорта сол және оң қарыншадан шығады, оң жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдауы.
Күрделі ақаулар әрқашан декомпенсацияланған болады. Бұл аурудың асқынулары: қан айналымының жетіспеушілігі бала денесінің құрысып-тырысуына, талуына әкеліп соғады, балалар жиі өкпе қабынуымен ауырады, тыныс жетіспеушілігі дамиды.
Аурудың диагностикасы:
1. Аурудың клиникалық белгілері: цианоз, демікпе, тахикардия, «жүрек дөңесі», баланың мәжбүрлі қалпы.
2. Рентген тексеру.
3. ЭКГ, ФКГ.
4. Жүрек қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография.
Емі: 90% жағдайда жүрек ақауларын оперативті жолмен емдейді. Жүрекке жасалынатын операциялар радикалдық (ақаудан мүлдем айықтыратын) және полиативтік (баланың жағдайын жеңілдететін, өмірін ұзартатын) болып бөлінеді.
Күтімі:
Бала жатқан палатаның ауасы үнемі таза, жылы болуы керек, 20-220 С.
Бала төсекте өзіне ыңғайлы жағдайда жатуы керек, бас жағы жоғары, кішкене балаларды бос жөргектеу керек.
Баланың терісін, шырышты қабықтарын таза ұстау керек.
Жеке бас гигиенасын сақтау.
Терінің ойылуының және өкпе қабынуының алдын-алу үшін төсектегі жағдайын алмастырып, қолға алып, терісін майлап тұру керек.
Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Тамақтың көлемін азайтып, жиі беріп тұру.
Баланың денесі құрысып-тырысқанда жедел көмек көрсету керек: басын, аяқ-қолын ұрып алмау үшін астына жұмсақ төсек немесе жөргек төселеді; тілі тыныс жолдарын жауып қалмас үшін тілұстағышпен ұстап немесе дәке оралған шпательмен басып тұру керек.
Тумастан бұрын пайда болған жүрек ақауы бар балалар педиатр мен врач-кардиологтың диспансерлік есебінде болып, уақтылы лабораторлы және клиникалық байқаудан өтіп тұрады.
Профилактикасы:
аяғы ауыр әйелдердің жұқпалы аурулармен ауырмауын қадағалау, босанғаннан бұрынғы патронажға барғанда маскүнемділіктің және темекі шегудің зияндығын айтып түсіндіру.
Жүрек ақаулары.
Артриовентикулярлы қақпашалар
Трикуспидальді қақпаша (үш жармалы қақпақша) - оң жүрекше мен оң қарыншаның ортасында орналасқан қақпаша, үш жарты ай тәрізді біріктірілген тінді пластиналар, оң қарыншаның систоласы кезінде қанның оң жүрекшеге қанның қайта құйылуын болдырмайды.
Митральді клапан - сол жүрекше мен оң қарыншаның екі жармалы қақпашасы. Екі жарты ай тәрізді біріктірілген пластиналар, сол қарыншаның систоласы кезінде қанның сол жүрекшеге қайта құйылуын болдырмайды.
Аорталы қақпаша - сол қарынша мен аортаның шекарасында орналасады, аортадан қанның сол қарыншаға қайта құйылуын болдырмайды.
Өкпе өзегінің қақпашасы өкпе артериясының оң жақ қарыншадан шығатын жерінде орналасқан. Қанның бір бағытта қан құйылуын қамтамасыз ететін үш жармасы болады.
Жасанды қақпашалар
Шар тәрізді қақпаша
Шар тәрізді қақпаша - протез, шар қарыншалардың диастоласы кезінде протездің ауытына жаншып, қанның қарыншаларға қайта құйылуына кедергі болады. Систола кезінде шар шектеудің төбесіне қарай шегеріледі де, қан қарыншалардан еркін шығады. Бұл типті қақпашалар өзінің сенімділігі мен қарапайым құрылысының арқасында кеңінен тараған.
Жасанды шар қақпашасының құрылымы: цилиндр тәрізді корпус, шар, қозғалысын шектегіш және қоршаған тіндерге протезді фиксациялайтын манжет. Шар протездерін көбінесе силиконды каучук негізінде жасалынған резинадан жасайды. Манжет уақыт өте келе тіндермен бекіп кетуі үшін борпылдақ болу қажет.
Жапырақ тәрізді қақпаша
Жапырақ тәрізді қақпаша - өзінің құрылымымен жүректің табиғи қақпашаларына ұқсас, шар тәрізді қақпашаларға қарағанда имплантациядан кейінгі асқынулар мен бағасының қымбаттығы байланысты анағұрлым сирек қолданылады. Өткен ғасырдың жапырақ тәрізді қақпашалары көптеген жағдайда дамитын асқынулар үшін (қақпашаның толық қирауы) мүлдем қолданылмайды. Заманауи жапырақ тәрізді қақпашаларды қолданған соң асқыну дамуы төмендеді, бірақ қақпақшаны жасау үшін қолданылатын қымбат материал бағасынан асып түседі.
Қақпақшалы гомографт
Қан тамыр қақпақшалы гомографт - толық немесе жартылай өлі, яғни әлсізденген, арнайы өңделген адам тінінен жасалынған имплантантау протезі.
Жүрек қақпашаларының жүре пайда болған ақаулары
Белгілі аурулардан кейін дамиды, мысалы: ревматизмнен кейінгі [[митральді қақпаша] ] ның жетіспеушілігі.
Аорталы қақпашалардың ақаулары
Аорталы сағасының стенозы
Аорталы қақпашалардың жетіспеушілігі
Митральді қақпашаның ақаулары
Митральді стеноз
Екі жармалы қақпашаның жетіспеушілігі
Үш жармалы қақпашаның ақаулары
Оң жақ күре тамыр стенозы
Үш жармалы қақпашаның жетіспеушілігі
Туа біткен жүрек ақаулары
Үш жармалы қақпашаның тyа біткен ақаулары (Эбштейн ауруы)
Үш жармалы қақпашаның стенозы және атрезияцы
Емдеу тәсілі
Туа біткен ақаулар тек қана хирургиялық жолмен емделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz