Экологиялық қылмыстар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Респбликасының Білім және Ғылым

Министрлігі.

Кафедра: Заң пәндер

Тақырыбы: Экологиялық қылмыстар.

Орындаған:

Қабылдаған:

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Экологиялық қылмыстарға жалпы сипаттама және олардың түрлері . . . 6

2. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар . . . 7

3. Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар . . . 13

4. Жерді, құрлықтық шельфті, жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар . . . 18

5. Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар . . . 21

6. Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар . . . 24

7. Ерекше табиғи-биологиялық түдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар . . . 26

Қорытынды . . . 29

Кіріспе
Қазақстан Республикасында экологиялық қолайсыздық салдарынан халықтың денсаулығы нашарлай түскені ресми деңгейде көптен бері айтылып жүр. Табиғатқа келтіріліп жатқан зиянның көлемі бүгінгі күні баршаға мәлім: теңіздер, өзендер мен көлдер ластанып, жыртылмалы жерлер жарамсыз болып қалып жатыр, миллиондаған адамдар уланған ауа жұтуға мәжбүр болып, халық арасындағы өлім саны да көбейді.
Бүгінгі таңда ластайтын заттар қоршаған ортаға өте көп мөлшерде келіп түсуде, ал олардың түсуін қадағалау өте төмен деңгейде қалып отыр. Мысалы, жер, су, ауаның ластануы қалыпты деңгейден 2-3 есе, кейбір жерлерде 10-15 есе асып кеткенін, жеріміздің 44 пайызы аридті (шөл), 23 пайызы субаридті (шөлейт) екенін, еліміздің егістік жерінің 20-30 пайызы табиғи жолмен пайдалану шеңберінен шыққанын, 63 млн. гектар тозып кеткен жайылымдық жер тіркелгенін, республика жерінде 20 млрд. тонна өндіріс қалдығы бар екендігі, оның ішінде 237 млн. тонна радиоактивті қалдықтардың ашық аспан астында үйіліп жатқандығы мен ормандардың тілсіз жау өрт құшағына оранған оқиғалар жиілеп кеткендігін анықтап алған кезде сөзсіз Экология кодексін қабылдау қажеттігі туындайды.
Ол туралы Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына жолдаған биылғы Жолдауында: «2007 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Экология кодексі қабылдануға тиіс» деп ерекше атап өткен болатын. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған. Экологиялық кодексі келесі негізгі мәселелерді қарастырады:
1. қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау, экологиялық нормалау, экологиялық сараптама, рұқсаттар, экологиялық аудит;
2. қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу, табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттік кадастры;
3. жекелеген аумақтарды төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтарын белгілеу, жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар, суды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар, ормандарды және өзге де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;
4. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жұзеге асыру кезінде қойылатын экологиялық талаптар, радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға қойылатын экологиялық талаптар;
5. өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық талаптар, қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына қойылатын экологиялық талаптар.
Осыған орай, халық арасында заңдарды құрметтеу, әрбір адамның құқықтық санасын ояту және оларға құқықтық насихат жүргізу жұмыстарын жетілдіру мақсатын көздеген Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасы дүниеге келді. Жалпы Тұжырымдама ұсынылған экологиялық қауіпсіздік пен табиғат пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердің, оның ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің ілгерілмелі дамуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу, Қазақстан аумағын экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау үрдістері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2004-2007 жылдар, 2008-2010 жылдар және 2011-2015 жылдарды қамтитын үш кезеңдегі бағыттары мен негізгі тетіктерін жоспарлы түрде айқындап берілді.
Қазақ халқының алдында тұрған стратегиялық мақсаттарын өткізуіне, яғни демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру, тұлғаны, оның құқықтарын және бостандықтарын қорғауы маңызды роль болып, әлеуметтік - саясаттық, экологиялық және экономикалық шараларымен бірге құқықтық тәртіпті орнатылуы танылады. Бұл мақсатты іске асыруы қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңдылықты сақтау, экологиялық құқық бұзушылықпен күресудің тиімділігін арттыру қажетімен байланысты. Экологиялық құқық бұзушылық -бұл Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне қауіп-қатер. Сондықтан біздің мемлекетіміздің Президенті осы мәселеге көп көңіл аударады. Қазақстан Республикасының Президенті экологиялық құқық бұзушылықпен күресу бұл «Мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағытының бірі» деп мәлімдеді.
Бүгін мен бұрын болмаған мөлшерде экологиялық зиян келтіріліп жатқаны туралы баса айтуға тиіспін деп ойлаймын. Экологиялық зиян деп қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзудың нәтижесінде қоршаған ортаның жай-күйі сапасының нашарлауын немесе жағымсыз экологиялық салдарға әкеп соқтыра алатын оның санының азаюын, сондай-ақ осымен байланысты заңмен қорғалатын материалдық және материалдық емес игіліктердің, оның ішінде адамның өмірі мен денсаулығының азаюын ұғынған жөн. Зиянсыз құқық бұзушылық болмайды, қандай да болмасын құқық бұзушылық зиян әкеледі, себебі қоғамдық қатынастар қол сұғу объектісі болып табылады. Мысалы, қазақстандық ғалымдардың «Правовое обеспечение рационального природопользования» атты еңбегінде экологиялық құқық бұзушылық объектісі адамның қызметі мен қоршаған ортаның арасындағы тиімді қарым-қатынасты қолдауға, оларды тиімді пайдалануға бағытталған, қоғам қызметінің нәтижелерінің тікелей немесе жанама түрде табиғатқа және адам денсаулығына зиянды ықпалының алдын-ала шаралар жүйесін жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар ретінде берілген.
Бүгінгі таңда экологиялық құқық бұзушылықтардың жасырын деңгейі өте жоғары деп айтуға болады. Бұл жағдай нақты құқық бұзушыны айқындау қиындықтарымен де, құқық бұзушының іс-қимылдары мен зиян келтірудің арасындағы себептік байланыстарды дәлелдеу, сондай-ақ зиянның мөлшерін белгілеу қиындықтарымен де байланысты.
Сондықтан қазіргі уақытта ғалымдар мен практикалық қызметкерлердің күш-жігері қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне және экологиялық қылмыстар үшін жауапкершілік жағдайларына жұмсалуы қажет деп ойлаймын.
Курстық жұмыстың мақсаты- экологиялық құқық бұзу факторларын айқындау және табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстардың маңызын ашу, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жолдарын және осындай зиян үшін жауапкершілік шараларын белгілеу мәселелері болып табылады. Бұл мынандай мақсаттарды көрсетеді:
1. Экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстарды сипаттау;
2. Қоршаған ортаға келтірілген зардаптардың маңызын ашу;
3. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілікке жалпы сипаттама жасау;
4. Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыздық салдарынан экологиялық апат аймақтарын белгілеу;
5. Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздік мәселелерді тиімді шешу жолдарын айқындау.
Жұмысты жазған кезде мен келесі тәсілдерді пайдаландым:тарихи әдіс - экологиялық қолайсыз аймақтарының пайда болуына тарихи шолу жасау анализі, әлеуметтік- заңгерлік, яғни нормативтік актілері мазмұндарының өңдеуі мен анализі, статистикалық әдіс - санды деректерді өңдеу.
Курстық жұмыстың нормативтік базасы: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және басқа нормативтік актілері, сондай-ақ журналдар, монографиялар, авторефераттар, мерзімді баспалардың мақалалары.
Менің ойымша, табиғаттың тұтастығына қол сұғатын қылмыстар тақырыбы актуалды болып келеді. Себебі, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу жолдарын және табиғи байлықтарды тиімді пайдалану шараларын іздестіру қазіргі уақыттағы қоғамдық қатынастар саласында ең маңызды шешілетін сұрақтардың бірі болып табылады.

1. Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы және олардың түрлері

Экологиялық қылмыс дегеніміз - қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстың заңға кайшы іс-әрекеттер болып табылады.

Экология - табиғат пен қоғамдық қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи болып табылады.

Табиғи ортаны қорғау - адамның өмірі мен денсауылығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуге, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға және бермеуге, табиғи тепе-теңдік сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

Қылмыстық кодекстің бұл тарауында экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық жолмен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 11 тарауы түгелдей экологиялық қылмыстарга арналған.

Осыған байланысты тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты экологиялық қылмыстар мынадай топтағы 6 түрлерге бөлінеді:

І. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар:

  1. 277 бап - шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы.
  2. 278 бап - ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың ұзылуы.
  3. 279 бап - микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы.
  4. 280 бап - мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленгін ережелердің бұзылуы.
  5. 294 бап - экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.

II. Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын қылмыстар:

  1. 281 бап - суларды ластау, бітеу және сарқу;
  2. 282 бап - атмосфераны ластау;
  3. 283 бап- теңіз аясын ластау.

III. Жерді, құрлықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне қол сұғатын қылмыстар:

  1. 284 бап - Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қаз. Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы;
  2. 285 бап - жерді бүлдіру;
  3. 286 бап - жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу.

IV. Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар:

  1. 287 бап - су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу;
  2. 288 бап - заңсыз аңшылық.

V. Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар:

  1. 291 бап - ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу;
  2. 292 бап - ормандарды жою немесе зақымдау.

VI. Ерекше табиғи-биологиялық түдегі дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар:

  1. 289 бап - жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу;
  2. 290 бап - жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер:
  3. 293 бап - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы.

Объектісі -

1. Топтық объекті қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болады.

2. Тікелей объекті - экологиялық қатынастарды реттейтін нақты қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағы әр бапта диспозициясында көрсетіліп қойылған, яғни әр баптарда көрсетілген қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер немесе іс-әрекетсіздіктер.

Субъективтік жағы - әр бапта әртүрлі. Және бір бапта кей кезде қасаканалық пен абайсыздық та бар, әр бөлігінде - әр түрлі. Және кінәнің қос нысанымен де болады:

  1. Тек қасақаналық - 284, 287, 288, 289, 290, 292 ч. 2, 293 ч. 2.
  2. Қасақаналық немесе абайсыздық - 277, 280, 281 ч. 1-2, 282. 283 ч. 2, 285 ч. 1 -2, 286, 289, 293.
  3. Қос нысанымен - 278 ч. 1-2, 279 ч. 1-2, 291, 294.
  4. Абайсыздық - 278 ч. 3, 279 ч. 3, 281 ч. 3, 282 ч. 3, 283 ч. 3, 292 ч.
  5. Зардабына байланысты тек қана абайсыздық - 278 ч. 1-2, 279 ч. 1-2, 282 ч. 1-2.

Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс адам (278, 279, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 290, 291, 292, 293) .

Арнаулы (280, 289, 294) .

Арнаулы 16-ға толған адам (277 бапта) .

16-ға толған, сонымен қатар арнаулы 2 субъект (286, 285) .

Қызмет бабын пайдалану (288 ч. 2, 287 ч. 1) .

2. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар

Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы (277-бап)

Қылмыстык кодекстің 277-бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объектісі шаруашылык және өзге де қызметке қойылатын экологиялык талаптар: табиғат объектілерін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың экологиялық кдуіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін катынастар болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды, қүрылыстарды және әзге де объектілерді жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс объектілерін, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектілерін пайдалану, калалар мен басқа да елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе есімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы сипатталады.

Занда осы көрсетілген шаруашылық немесе өзге де кызметті жүргізу үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет: жобаны техникалық-экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластауды жою шараларын қарастырумен бірге қоршаған ортаны пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; объектілерді орналастыруда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық, демографиялық процестердің даму ерекшеліктері еске алынуы, сондай-ақ объектілердің құрылысы құзыретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы түрде берген рүқсатын алғаннан кейін жүргізілуі керек.

Обектілер барлық экологиялық талаптар орындалғаннан кейін ғана пайдалануға беріледі; әскери және қорғаныс объектілері, әскери және ғарыш қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалған соң іске қосылады.

Осы қылмыстың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 277-бабының диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізуге қойылатын экологиялык, талаптардың бүзылуы, қылмыстың зардабы және олардың арасын-дағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.

Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативтік-құқықтық актілерге жүгінуді талап етеді: яғни бүл баптың диспозициясы бланкеттік. Экологиялық талаптарды реттейтін ар-наулы нормалар біршама. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы»; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 карашадағы «Жануарлар дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы»; Қазақстан Республикасы-ның 1999 жылғы 11 ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы" зандары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т. б. зандар жатады.

Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандығы Қазақстан Республикасының "Экологиялық сараптама туралы" арнаулы заңымен реттеледі.

Қылмыстың объективтік жағының тағы бір қажетті белгісі шаруашылық және өзге де қызметке койылатын экологиялык талаптарды бұзудың қоршаған ортаның едәуір ластануы, адамның денсаулығына зиян келтіруі, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі немесе өзге де ауыр зардаптардың орын алуы болып табылады.

Қоршаған ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың денсаулығына, жануарлар немесе есімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп келтіретін залалдарды айтамыз.

Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір немесе бірнеше адамға жеңіл, орта немесе ауырлықтағы зиян келтірулер жатады.

Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесшің жаппай қүрып кетуіне олардың көптеген аумақтар бойынша сансыз қырғынга ұшырауы жатады.

Өзге де ауыр зардаптарға адамдардың улануы, эпидемия таралуы, қоршаған табиғи ортаны жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі материалдық залалдардың келтірілуі т. с. с. жатады. Баптың диспозициясыңца керсетілген іс-әрекеттер мен орын алған зардаптардың арасында себепті байланыс болуы тиіс.

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздыкпен істеледі.

Қылмыстың субъектісі - арнаулы, 16 жасқа толған, шаруашылық және езге де қызметке қойылатын экологиялық талап-тардың сақталуына жауапты лауазымды немесе лауазымды емес адамдар. Мысалы экологиялық сарапшылар, жергілікті атқару органдарының лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының лауазым адамдары т. б.

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардын бұзылуы (278-бап)

Қылмыстың объектісі - экологиялы қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны орғау аясындағы қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың заты - химиялық, радиоактивті, биологиялық заттар.

Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс ықтимал экологиялық қауіпті химиялық: радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндіру арқылы сипатталады.

Химиялық заттарға - өте жоғары уландыратын, зәрлі, тері-нерв жүйелеріне қатты әсер ететін, тұншықтыратын, тітіркендіретін және адам жүйесін зақымдандыратын нәрселер жатады.

Радиоактивті материалдарға - құрамында ядролық қосындылар бар заттар жатады. Мысалы, уран, плутоний т. б.

Биологиялық заттарға - адамдар, жануарлар мен өсімдіктер арасында жаппай ауру тарататын әр түрлі бактериялар, вирустар, жәндіктер т. б. жатады.

Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, кему, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу тәртібі арнаулы құқықтық-нормативтік актілермен реттеледі. Яғни Қылмыстық кодекстің 278-бабында көрсетілген норма бланкеттік болып табылады.

Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу әрекеттері адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қаупін төндіруі қажет.

Төнген қауіпке қоршаған ортаның сапасының, табиғат объектілерінің жағдайларының улануға, ластануға байланысты тым нашарлап кетуі; экологиялық зиянданудан жануарлардың жаппай өлім-жітімге ұшырауына әкеліп соғуы: адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға нақты елеулі зиян келтіру мүмкіндігі тәнуі жатады. Зиян келтіру қаупінің болғаньш немесе болмағанын тергеу, сот органдары істің нақты жағдайларына байланысты анықтайды. Қылмыс құрамы формальдық. Ол диспозицияда тізбектелген іс-әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Ықтимал экологиялық қауіпті заттармен жұмыс істеу тәртібін бұзудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны істеуді тілейді.

Қылмыстың субъектісі арнаулы - ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану ережесін сақтауға міндетті 16-ға толған адам.

Қылмыстық кодекстің 278-бабының 2-тармағында қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, не жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне әкеп соққан, сондай-ақ төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Бұл қылмыс құрамы материалдық. Қылмыстық жауаптылық занда көрсетілген зардаптардың біреуінің болса да орын алған уақытынан немесе ондай зардап болмаса да, бірақ іс-әрекет төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалса аяқталған деп танылады.

Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи органы қорғау туралы: тұрғындарды төтенше оқиғалардан қорғау жөніндегі және басқа заңдарға сәйкес Республиканың кейбір аумақтары, объектілері шаруашылық немесе басқа қызметтерді дұрыс жүргізбеу әрекеттерімен қоршаған ортаға, тұрғындардың өміріне, есімдіктер мен жануарлардың өмір сүруіне тұрақты теріс әсер ететін елеулі жағдайларға байланысты қала, аудан, жеке объект төтенше экологиялық жағдай аумағы деп жариялануы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 278-бабының 3-тармағында: осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.

Жаппай сырқаттануда көп адамдар уақытша еңбек қабілетінен айырылып, қатардан шығып қалады. Сырқаттың тікелей себебі - экологиялық қауіпті заттарды өндіру, пайдалану ережелерінін бұзылуынан болып табылады. Микробиологиялық немесе баска биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жүмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы (279-бап)

Қылмыстың объектісі - экологиялық қауіпсіздік аясындағы қатынастар.

Қылмыстың заты - микробиологиялық, биологиялық агенттер, микроорганизмдер (бактериялар, вирустар, микроскопиялык грибтер т. б. ), улы заттар.

Қылмыс объективтік жағынан микробиологиялық немесе баска да биологиялық агенттерді немесе улы заттарды жинап қою, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшін заңсыз әкелу, егер бүлар адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру қатерін туғызғаны арқылы сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстар туралы
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Адамзатқа қарсы қылмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Экологиялық қылмыстардың түсінігі
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстарға түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz