Канаданы Францияның отарлау тарихы


Тақырыбы: Канаданы Францияның отарлау тарихы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
Ітарау. Европа отарлауына дейінгі Канада
І. 1. Елдің байырғы тұрғындары . . . 7
І. 2. Европалықтардың Канада
жағалауларына алғаш рет келуі . . . 10
І. 3. Канаданы отарлаудың басталуы . . . 13
ІІтарау. Францияның отарлық режимінің орнауы . . . 23
ІІІтарау. Әкімшілік басқарудың сеньоральдық
құрылымы және бағалы аң терісімен
жасалатын сауданың дамуы . . . 31
ІҮтарау. Ағылшын-француз бәсекелестігі
және Жаңа Францияның құлауы . . . 41
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57
Қосымшалар . . . 59
Кіріспе
Тақырыптың өзектілілігі:
Ұлы географиялық жаңалықтар дәуірінде талай елдердің Үнді мемлекетіне жақын жолдарды ашуға ұмтылу нәтижесінде жол-жөнекей ашылған Канаданы отарлау Франция мен Англияның қарастырылып отырылған кезеңдегі бұлжымас тарихи тағдыры еді. Қазіргі кезеңде табиғат байлықтарының бірқатарын өндіруде әлемде алдыңғы қатарлы орындарды алып, әрі өзінің оңтүстік көршісі - Америка Құрама Штаттарының экономикалық жағынан қолбаласына айналған Канаданы қазіргі кезеңде тек франкоканадалықтар мен ағылшынканадалықтар ғана мекендейді. Оның өзінде франкоканадалықтар мекендеген Квебек штаты өзінің қиын жағдайы, франкоканадалықтардың саяси езілуі және тағы да басқа саяси күрестерді жүргізуде. Франкоканадалықтардың мұндай ауыртпашылықтарды көтеруі олардың өздерін ағылшындардың үстемдігін Канада аумағында мойындауының нәтижесінде болған жағдай екендігі тарихи процесс пен заңдылықтардың нәтижесінде бізге белгілі. Сонымен қатар, да, франкоканадалықтардың да тек қана келімсектер екені де белгілі. Алайда, осындай қым-қиғаш, саналуан саяси күрес барысында жергілікті тұрғындардың дауысы, олардың өздерінің саяси басбостандығын талап етуі және тағысын тағылары, қысқаша айтқанда олардың өмірде бар екендігі және сол жерді мекендеген еркін адамдар екендігі неліктен сезілмейді? деген сұрақ үнемі бой көрсетіп тұрды. Осыған орай Канаданы француздардың отарлау тарихы, оның байырғы тұрғындарының тарихи тағдыры тұтас әлемде демократиялық қоғамдардың дамытылуы жағдайында терең зерттеліп, ашық айтылуы және өзінің тарихи сабақтары мен нәтижелерін міндетті түрде беруі тиіс өзекті тақырып деп шештік.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың мақсаты - отарлаудың қиыр солтүстік ел - Канаданы да айналып өтпегендігін, отарлау процесінің тұтас әлемдік тарихи заңдылық екендігін жан-жақты ашып көрсету.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін біз Англияның отарлық елге айналуының тарихи алғышарттарын, Солтүстік Американы отарға айналдыру процесін талдау және оған сипаттама беру, сондай-ақ отарлау процесінің тарихи сабақтарын тұжырымдау міндеттерін өз жұмысымыздың негізі етіп алдық.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері.
Жұмыс ХVІ-ХІХ ғасырларды, яғни, Франция капитализмінің Канаданы отарлау кезеңін қамтиды.
Жұмыстың теориялық және методикалық негізі. Т арихнама, архивтану және деректану ғылымдарының отандық жетістіктерімен қоса, Ресей тарихшыларымен озық үлгілі зерттеулері басшылыққа алынды. Мәселені анықтау үшін және оны жарыққа шығару жолында материалдың түп нұсқасы ортаға қойылып, оны талдау, салыстыру және қорытынды түйін жасау, құрылымдық тұрғыдан жүйелеу тәсілі қолданылды. Мұның өзі жұмыстың ғылыми өресін, құндылығын онан сайын арттыра түседі деп сенеміз.
Канада тарихы Солтүстік Америка тарихымен ұштастырылып қарастырылып, негізгі шынайы жағдайда көбіне-көп Америка Құрама Штаттарының тарихы көлеңкесінде қалып кете беретін тарих болып қалыптасқан. Сонымен қатар, экономикалық жағынан да АҚШ-тың басыбайлы боданы сипатына енген Канада тарихына көп көңіл де аударылмаған. Осындай кері факторларға қарамастан, Канада тарихына бірқатар орыс тарихшыларының зерттеулері арналған. Біз қарастырып отырған жұмыс тақырыбын ашу үшін алдымен Солтүстік Американың байырғы тұрғынлары - ирокез, Гурон және т. б. тайпалардың пайда болуы мен дамуы, әлеуметтік қарым-қатынасы мен олардың отарлану тарихына бірқатар дипломдық зерттеулер жүргізу үшін біз Ю. П. Аверинаның редакциялығымен жарық көрген «Североамериканские индейцы», М. Берзинаның «Формирование этнического состава населения Канады» атты еңбектерін пайдаландық. Аталған зерттеулер Солтүстік Американы мекендеген елдің байырғы тұрғындары мен ру-тайпалары, оардың мекендеген жерлері туралы толық мәліметтер мен деректер берілген.
Сондай-ақ, Канада тарихы, оның ішінде оны отарлаудың ерте кезеңдері мен француздық дәуірі, Францияның Канадағы елді-мекендерінің пайда болуы, Францияның сеньоральдық әкімшілік жүйесінің қалыптастырылуы барысы, елдің табиғи байлығы - бағалы терілі аңдардың жаппай қырылып жойылу процесі, елдің байырғы тұрғындарының да бағалы терілі аңдарының тағдырына ортақтас болып, ұлт ретінде жойылуы, сөйтіп, олардың орнына франкоканадалық және ағылшынканадалық дейтін жаңа пайда болған ұлтсымақтардың келуі, тіпті франкоканадалықтардың ұлттық еркіндігін сақтау мәселесінің бой көрсетуі - отарлық басқыншылықтың нәтижесінде ұлан-ғайыр аймақты мекендеген, алайда әлі де болса, ұлт ретінде тұтастанып үлгермеген, дамудың неғұрлым төменгі сатысында тұрған ру-тайпалардың жер бетіне толық жойылып кету тарихын толық сипаттап берген тұжырымдық сипаттағы еңбек - В. А. Тишков пен Л. В. Кошелевтің «История Канады» еңбегі де диплом жұмысының негізін құрады.
Жоғарыда көрсетілген еңбектер және Малидович И. И. «История открытии и исследования Северной Америки», Инестай Х. «По следам Лейфа Счастливого», Бейклесс Дж. «Америка глазами первооткрывателей», Фидлер А. «Канада пахнущая смолой», Райерсон С. Б. «Основание Канады»; Милейковский А. Г. «Канада и англо-французской противоречия» және т. б. авторлардың еңбектері мен зерттеулері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 5 тараудан және қорытынды бөлім мен пайдал
анған әдебиет тізімінен құралады.
І тарау. Европа отарлауына дейінгі Канада
І. 1. Елдің байырғы тұрғындары
Кейінгі палеолит пен мезолит дәуірлерінде-ақ Солтүстік Америкканы американдық халықтар мекендей бастаған болатын. Олар Чукоткадан Аляскаға қарай «Беринг көпірі» арқылы, терісі бағалы аңдарды аулау үшін өтіп келген болатын. Археологиялық қазбалар көрсеткен осы тұрғындарға сәйкес мәдениет олардың палеоазиаттар, яғни қазіргі кездегі солтүстік америкалық үнділіктердің ата-бабалары екендігін көрсетті [1] . Аңшылық жасаудың жаңа жерлерін іздестіру олардың тұтас материктің барлығына кең тарап орналасуының басты себебі болды.
Европалықтардың Жаңа дүниені ашуы кезінде Солтүстік Американы адамдар бірқатар толық мекендеп қойған болатын. Мыңжылдықтар бойында бұл жерде солтүстікамерикандық нәсіл қалыптасып, ХҮ ғасырдың соңына қарай бірқатар даму деңгейіне көтерілген болатын. Осы кезеңдегі халықтың жалпы саны 9-10 миллион адамға жетіп, олардың өздері бірнеше саяси-мәдени топтарға бөлінді.
Тынық мұхиттың батыс жағалауын отырықшы балықшылар тайпалары: хайда, цимшиан, нутка, квакиутл, жағалаулық сэнуштар және инуктар мекендеді. Канаданың кең-байтақ прерияларын бизонды аулайтын кри, ассинибой және т. б. тайпалардан құралған аңшылар қоныстанды. Материктің шығысы мен батысында Канада ормандарын атапаск және солтүстік-шығыс алтониск, ормандық сэлиштер тайпалары мекендеді. Олардың ішінде ең атақтылары - оджибье, монтанья, микмактар, беотуктар еді.
Солтүстік Американың Ұлы көліне дейін жеткен тайпалар отырықшыланып, осы жерде жер өңдеумен айналысты. Бұл тайпалардың шығыс және оңтүстік шығыс бөліктері ирокез тайпа одағына кіретін - гурондар, бейтараптар, могауктар, сенекалар, онейдалар, онондагалар, каюгалардан құрылды. Ирокездер жүгері, асбұршақ, асқабақ өсіріп, аңшылық және сауда кәсіптерімен айналысты. Ирокез тайпа одағы осы кезеңде материктегі басқа тайпаларға қарағанда даму деңгейі жағынан ерекше жоғары сатыда тұрған болатын. ХҮІ ғ. ортасында-ақ, олар Ирокездер лигасын құрды. Нақ осындай тайпа одақтары әр жерлерде де құрылып, бұл канадалық тайпа одақтарының біртіндеп, халық (народность) түріне өту кезеңінде тұрған болатын. ХҮІ ғасырда үндіс тайпаларының арасында алғашқы сауда қатынастары қалыптаса бастайды. Оның өзінде 60 мың үндістер мекендеген Шығыс Канада үшін (Онтария мен Квебек жер аумақтары) Әулие Лаврентий өзені негізгі сауда жолына айналды. Европалықтар келгенге дейін Монреаль, Квебек, Труа-Ривиера, Тадуссака жерлері үнділіктердің сауда жасайтын негізгі орталықтары болды [2] .
Европалықтар отарлағанға дейінгі Солтүстік Амерканың қоғамдық қатынасы әртүрлі дәрежеде, яғни, аңшылық тайпаларда - рулық құрылыс, отырықшы балықшылар мен жерөңдеушілерде - рулық қауым ыдырап, классикалық қоғам үлгісі қалыптасып келе жатқан саналуан кезеңдерде тұрды. Солтүстік америкадағы классикалық қоғамда да оның халқының мүліік теңсіздігіне өтуі, билеушілердің үнемі бір әулеттен шығып, тұрақтануы әсіресе ирокез тайпаларында анық байқалды. Ирокездердің рулық қоғамын американдық ғалым Л. Морган толық зерттеп, барлық тайпалардың рулық қоғамы ирокездер қоғамының белгілерімен сәйкес келеді деген тұжырымға келді. Алайда ирокездердің өзбеттерінше табиғи жолмен дамып, жетілуі мүмкін болған жоқ, ол эволюцияны европалықтардың материкті ашып, құрлыққа көптеп келе бастауы, сөйтіп, отарлық кезеңнің басталуы тоқтатты.
І. 2. Европалықтардың Канада жағалауларына алғаш рет келуі
Европалықтар Канада жағалауларына Христофер Колумбтың Жаңа Дүниені алғаш рет ашуынан әлдеқайда бұрын келген болатын. Олар қазіргі скандинавиялық тайпалардың ата-бабалары - норманн тайпалары еді. Олар ІХ ғасырға дейін-ақ, Исландияны отарлауды бастады, осы жерден олар Гренландия аралдарына, онан ары қарай Американың солтүстік жағалауларына келді [3] .
Жаңа жерлерді отарлаудың негізгі әрекеттерін алғаш рет норвегиялық Торфанин Карлесфин жасады. Ол 1008 ж. өзінің отбасы және 250 адамы бар 3 кемемен Винландқа келіп, ол жерде 3 жылға жуық өмір сүрді. Ол жердегі табиғат жағдайының қатаңдығы, азық-түліктің тапшылығы және жергілікті эскимос тайпаларының үнемі жасап отырған шабуылдары - алғашқы отаршылдарды еліне қайта оралуға мәжбүр етті. Нормандықтардың Солтүстік Америкаға жасаған саяхаттары осымен тоқтатылып қалмады, бірақ, онша нәтижелі де болмады. Бұл туралы сол кездегі сына жазуларында қалған деректер бар [4] . Осы кезден бастап канаданы отарлау кезеңінде ХҮІ ғ. дейін созылған үзіліс басталды. Орта ғасырдың бұл кезінде Европаның өзінде де норманндардың Канадаға жасаған саяхаттары ұмыт болды. Колумб пен оның ізбасарлары норманндардың отарлары туралы ешқандай хабары болған жоқ.
Үнді мен Қытайдың керемет байлықтары европалықтарды Солтүстік мұзды мұхиттың сұрапыл дауылдарына да қарсы тұрып, жол-жөнекей Канаданы ашуға мәжбүр етті. Жаңа жерлерді іздеп табу, оның байлықтарын иемденуге ұмтылыс Христофер Колумб 1492 жылы Американы ашқаннан кейін бірден өршіді. Осы кезде Канадаға саяхат жасаған ағылшын теңізшісі тарихқа қысқартылған Джон Кабот деген атпен енген Джованни Каботиньи болатын. Ол Азияға солтүстік сулар арқылы жол таппақ болып, өзінің үш ұлымен ағылшын монархы Генрих УІІ жүзуге патент сұрайды. Теңізде оқшауланып қалудан қорыққан және теңіз саудасын жасауға ұмтылған ағылшын билеушісі бұл өтінішті жедел қанағаттандырады. 1497 жылдың мамыр айында Джон Кабот 18 теңізшімен бірге «Мэтью» деген кемемен теңіз саяхатына шығады, сөйтіп ол Солтүстік Америкка жағалауларынна барып 11 аптаның ішінде қайтып келеді. Англияда Канадаға дейін жетіп, одан соң кері оралуға кеткен бұл ең қысқа уақыт рекордын Каботтан кейін ешкім де 1 ғасыр бойы қайталай алған жоқ. Джон Кабот майсым айының соңғы аптасында жаңа аралдарды тауып, оны «алғашқы көрінген жерлер» - Ньюфаундленд деп атады. Қытайдың солтүстік жағалауын аштым деп ойлаған Кабот, Англияға қайтып оралғаннан кейін жаңа саяхатқа даяраланады. Оған Генрих УІІ-нің қазынасынанн 1 кеме, ал көпестердің қаражатына 4 кеме салынып беріліп, жақсы даярланған бұл саяхат сәтсіздікке ұшырады.
Осыдан кейін тек 1536 ж. ғана, 30 жылға созылған үзілістен соң, капитан Роберт Хордың басшылығымен 2 кеме өте ұзаққа созылған Кейн-Бретон және Ньюфаунленд жағалауларына өз саяхаттарын жасады [5] .
Бұл кезеңде Канада жағалауларына флоренциялық Джованни Веренцанно бастаған франциялық экспедиция 1524 ж. келіп жетккен болатын. Франция басқа европалық елдерге қарағанда Канадаға әлдеқайда кеш келді. Алайда, Веренцанноның экспедициясы тарихта өте маңызды орынға ие болды. Ол өзінің ашқан жерлерін картаға латынша Жаңа Галлия, яғни Жаңа Франция деп белгіледі. Осы Жаңа Галлия Францияның болашақ отарының негізі болды.
Бірақ, осы алғашқы саяхаттардың барлығы - Қытайға баратын жолдағы жерлерді көктей басып өту ғана болатын, ол жерлерде ағылшындар да, француздар да, португаллдықтар да мәңгілікке қоныс теуіп, отарлау, сөйтіп, жаңадан ашылған жерлерді шаруашылық мақсатқа пайдалануды көздеген жоқ. Отарлау тарихы француз теңізшісі Жак Картьенің тұсында басталды.
1. 3. Канаданы отарлаудың басталуы
1533 жылы Францияның королі Франциск І, Жак Картьені жаңа жерлерді ашуға аттандыраы. Картьенің басты мақсаты Қытайға жаңа жақын жол табу болатын, 20 сәуір күні жолға шыққан экспедиииция 20 күн өткеннен соң Ньюфаунлендтің жағалауына Бонависта бұғазы жағынан келіп жетті. Аралды солтүстік жағынан айналып өткентеңізшілер Әулие Лаврентий шығанағына келді Аралдардың өздерінде ешқандай өмір түрі болмағандығы теңізшілерді қатты қобалжытты. Принц Эдуард деп аталған аралда Картье мен теңізшілер жергілікті тайпа өкілдерін кездестіргенімен, Картье олармен ешқандай қарым-қатынасқа түскен жоқ, керісінше, оларды зеңбірек оғымен қорқытып қуып жіберді. Мекен етуге неғұрлым жарайтын Гаспе түбегінде балық аулаумен айналысып отырған гурон тайпасының көсемі мен адамдары кездесті. Осы жерге Картье өзінің «Франция королі жасасын!» деген жазуы бар кресін қадады. Бұған қарсылық білдірген көсемге бірқатар тарту-таралғы беріліп, қарсылық жойылды. Бірнеше күннен кейін Картье көсемнің екі баласын өзімен бірге ұрлап алып кетеді. Еліне 1534ж. 5 қыркүйекте оралған Картье өзінің жүрген жерлерінің картасын сызып корольге ұсынды. Осы кезде Ньюфаундлендтен кейін орасан үлкен ішкі теңіздің бар екендігі, ол теңіздің ішкерідегі үлкен континентке апаратынын көрген және жаңа жерлердегі айырбас мүмкіндігі мен одан түсетін пайданың мол болуы мүмкін екендігін сезген король, Картьенің осы жерлерге екінші рет теңіз сапарын жасауына рұқсат берді.
1535 ж. 19 мамырда Картье 3 кемемен Франциядан шығып, 50 күн өткеннен кейін Әулие Лаврентий шығанағына келіп жетті. Осы сапарында француз тілі үйретілген гурон тайпасының көсемінің екі баласы да қайтарылады. Антикости аралынан кейін, үндістердің айтуынша «Саганей корольдығы», немесе Канадаға алып баратын ұзақ теңііздолы басталатынын теңізшілер естиді. Осылайша тарихта алғаш рет «Канада» сөзі пайда болды.
Картье осы жолмен аса сақтықпен Канадаға қарай бет алды. Үндістердің Стадакова деревнясынан (болашақ Квебек провинциясы) әрі қарай өткен кезде оларға тағы да гурон тайпасының адамдары кездесті. Гурон тайпасының көсемі өз балаларымен қайта табысқаннан кейін, француздардың онан ары қарай өз саяхаттарын жалғастыруына мүлдем қарсы болды. Картье, әрине мұндай қарсылыққа қарамастан, жалғыэ-ғана кеме және екі баркамен Хошелаги елді мекеніне 1568 ж. 19 қыркүйекте Әулие Лаврентий өзені бойымен бет алды. Бірақ, Хошелаги елді мекеніне жеткенге дейін өзенніің бірнешеге бөлініп, арнасы тарылуына байланысты өз кемесін қалдырып, тек баркаспен ғана өзенді бойлауға мәжбүр болды.
Бірден Монреаль деп аты өзгертілген Хошелагиға келіп жеткеннен кейін Картье өзінің екі кемесі қалған Стадаконға қайтты., алайда, Францияға қайта оралуға ол мүлдем кешігіп қалуына байланысты Канадада қыстауға мәжбүр болады. Осы кезеңде оның матростарының барлығы цинга ауруымен ауырып, оларды тек жергілікті тұрғындардың көрсеткен ағашының жапырағын жеу ғана аман алып қалады. Барлық матростарынан тек он-шақтысы ғана аман қалған Картьеге егер жергілікті гурон тайпасы сол кезде қарсы тұрса, ешқандай қарсыласу дәрмені жоқ болатын. Оның орнына гурон тайпасы Картьенің матростарына «аннеда» деген ағаштың жапырағы мен кабығын қайнатып беру арқылы өздерінің болашақ отаршыларының өмірін сақтап қалды. Ал бұл кезде Европада цинга ауруына қарсы ешқандай ем шара белгілі емес болатын [6] . Бірақ осыдан соң да европалықтар үнділіктерге жабайыларға қарағандай қатынасын тоқтатқан жоқ, керісінше, Европаға кері қайтар сапарларында оншақты жергілікті тұрғын адамдарын күшпен алып кетті. Картье жеткізген жаңа жерлер мен олардың байлықтары туралы жаңалықтарынан соң Францияның королі осы жаңа жерден өзінің халқының бір бөлігі тұратын, өзінің мемлекетінің бір бөлігін ашпақшы болды. Келесі су саяхатын ұйымдастыру Канада тарихында Робервиль деген атпен белгіілі болған Франсуа де ля Рокқа тапсырылды. Король жарлығы бойынша Роберваль тек жжаңа жерлермен танысып қана қоймай, ол жерлерде елді мекендер, форттар, сондай-ақ, католик дінін тарату үшін шіркеулер мен часовнялар салуды тапсырды [7] . Робервильге «Канаданың королі» деген атақ беріліп, Францияның жаңа жеріндде сеньоральдық жер иелену мен Францияның сауда монополиясын орнату міндеттелді. Ақсүйектік дәрежесі жағынан төмен тұрған Картьеге осы жолы тек теңіз кемесінің капитаны ролі ғана берілді. 1541 жылдың 23 мамырында Картье Робервильсіз бір өзі 5 кемеден тұратын эскадрамен Канадаға қарай жаңа сапар шекті. Алайда, оларды қарсы алған жергілікті тайпа өкілдері жағалауға келіп тоқтаған француз кемесіне алғашқы кездесудегідей қуанбаған болатын, өйткені, европалықтармен қатар өмір сүрудің өздері ұшін өліммен тең екендігін олар енді түсіне бастады
1541-42 жылдың қысы француздар үшін өте ауыр болды, олар аштық, кедейшілікпен қоса-қабат жергілікті тайпалармен ұнемі қарулы қақтығыстарға да түсіп отырды. Картье осы жаңа жерді отарлау үшін өзі әкелгеннен көрі көбірек күштің қажет екендігін түсінді. Осыдан соң ол Робервильдің келуін күтпестен-ақ, бірнеше бөшке алтын мен күміс және 1 корзина бриллиант пен рубин тастарын алып еліне таз арада қайтты. Ол өзінің осы тапқан байлық-сымақтарын корольге тез арада ұсынып, өз сапарын жаңадан жалғасытырмақ болды, бірақ, өздерінің осы тапқан байлықтарының жалған екендігі мәлім болды. Алтын деп есептеп келген металлдың темір пириті, ал бриллиант деп есептегендері тау кварцы болып шығады. Осы олжадан тарихта «Канада бриллианты тәрізді жалған» деген қанатты сөз ғана қалды.
Осыдан соң Канадаға келіп жеткен Робервиль Картьенің лагерінің орнына теңіз фортын салғанымен, ол жерде тек 1 ғана қыс өмір сүруге шамасы келіп, көктем түсе Францияға қайта оралды. Осы әрекеттен соң Францияның Канаданы отарлауы тарихында 60 жылға созылған үзіліс орын алды[8] .
ІҮ Генрихтың тұсында Францияны қалжыратқан тоқтаусыз соғыстар кезеңі аяқталды. Франциск І-нің ісін қайта жалғастырып, Канаданы отарлау ісін онан ары қарай дамытпақ болған король өзінің сарай маңындағыларының біріне Әулие Лаврентий өзені маңындағы жерлерде монополиялық сауда жүргізу құқығын сыйға тартты. Король сонымен қоса, осы іске көпестерді де ұйымдастырмақ болғанымен, сарай маңындағыларға монополиялық сауда құқығын беруге қарсы болды. Олар Канадада еркін сауда нарығын орнатуды көкседі.
1603 жылдың көктемінде Сан-Мало мен Руаноның саудагерлері Канадаға экспедиция ұйымдастырды. Оосы экспеддицияның құрамында 30 жасар саяхатшы, әрі географ Самюэль де Шамплен болды. Шамплен Францияның Канаданы қайта бастаған отарлауының белсенді қатысушысы болған болатын. Мамыр айының соңында экспедиция француздардың бұрын салынған Тадуссек деген бекінісіне келіп жетті. Кемелерімен Квебекке дейін келіп жеткен Шамплен өз серіктерімен кемелерін тастап, оның орнына пинассы деп аталатын ауыр су көлігіне, ал Монреальға келген кезде жеңіл шлюпкаларға ауысып отыруына тура келді. Маусым айында Шамплен Тадуссекке, артынша Францияға қайта оралды. Өзінің көргендерімен индеецтерден естігендеріне орай, Шамплен Әулие Лаврентий өзені туралы неғұрлым шынайы сипаттама жасап шықты[9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz