Кете Жүсіптің Күзенмен айтысы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кете Жүсіптің Күзенмен айтысы

Айтыс өлеңдерінің назар аударарлық ғажайып үлгілерінің бірі Кете “Жүсіптің оз әйелі Күзенмен” айтысы. Мұндағы негізгі мәселе ерлі-зайыпталар арасындағы отбасы туралы мәселе, тұрмыс жайы адамгершілік мәселесі туралы әнгімелер қозғалады. Бұл айтыста назар аударарлық жайт кейбір ер адамның басында кездесіп жүрген етене мәселе нәпсі құмарлық әрекетіне ақылды әйелдің байсалды мінезі қарама -қарсы мәселе ретінде қойылып, қарастырылады. Тәкаппарлыққа, көрсеқызарлыққа, әуестенушілікке жеңілтектікке адамды аздырып адастыратынын ал адасқанның соңы бітпес өкініш, уайым екенін ескертеді.

Кете Жүсіптің оз әйеліне сын көзбен қарап оны сылбыр ерін деп келемеждеуінен басталады. Мысалы:

Бір қатын көрдіңдерме сылбыр ерін

Мүлтіксіз айтып берем әрбір жерін

Еңкіш бел жазық маңдай, көзі аларған

Біледі кіріспектің есік төрін

Және тағы бір жерінде былай деген екен:

Нұраны көріппе еңдер тақыр жерін

Мысалы бет формасы соңан ұқсас

Нанбасаң осы айтқанға, барып көрің

Өзіне тағылған мұндай сыннан Күзеннің де айтар жауабы дайын еді. Жүсіптің де сырт келбетіне мін тағып оны мықтылап тұрып сынап алады, оны мына жолдардан байқауға болады:

Сенің де мұрның қоңқақ көзің ала

Болса да басың биік, көңлің бала

Тыштаңдап еркек қарға секілденіп

Адамға тап бересің тұра сала

“ Ә” десе жүгіресің ашуанып

Қолыңа қос уыстап құмыңды ала

Еркексіп болмашыға егесесің

Байқасам ақыл-зейнің құла -дала

Көзіңді маған қарап алартасың

Тынымсыз мінезіңді айтсам шала

Кісіге қай жеріңмен мін тағасың

Ісіңнің етіп жүрген бәрі шала

Байғыз бас, қысқа мойын, лақа мұрт

Ақ көңіл және де емес көңілің сара

Бұл айтқан сынауымның қатесі жоқ

Нанбасаң, қолыңа айна алып қара

Бұндай уытты сөздерге зайыбының жауабы да ашщы еді. Өлеңмен егесіп бәрін менің мінезімді сынап баланың мінезімен ауыстырдың . Үстімме сөгістің бәрін үйіп қойдың. Негізінде келсек ісімнің шалалығын қайдан көрдің, көзіңнің айналасы көңкеленген мұз бұл жерде ойылған мұз деген мағынада айтады . Егеспе есің болса менімен, қаларсың сөз таба алмай құр күйініп деп сөгеді.

Кете Жүсіп өз зайыбына сені ылғи қамшы ұрып ақылыңды білгізбесем бетіңмен мал секілді жайылып кетерсің дейді. Елден сөгіс алмай жүргенің менің арқамда сол үшін менің қамымды ойлауың керек делінеді . Бұл сөздерге қарағанда заманымыздан келе жатқан дәстүріміз басым көрінеді. Онда әйел еркекпентең құқылы емес яғни тең дәрежеде емес екенін сөз болады . Мұны мына жолдардан аңғаруға болады .

Бетіңе мал секілді жайыларсың

Қамшы ұрып ақылыңды білгізбесем

Әр уақыт менен сөгіс алмас едің

Серкедей қара мойын болсаң көсем

Еріннің әр уақытта уытын тауып

Әмірінен шығар едің тәрік етпесең

Күзен бұл сөздерге қаймықпай оз жауабын іркілмей ашып айтады “Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ”қандай сөзің болсада жауап берем неге мен қорыққаннан жерге кірем, ұратын қаруыңның жолын енді білдім . Қанша сабағанмен әйел адам ақыл таппас . Мен өзіңізді ақылы озық деп ойласам балалығыңыз ос жерден білінді деп жауап қатады. Сонда Кете Жүсіп :

Білімге бас идірмесек сонда не болғанымыз“ Пейішке қатын бұрын барад ”екен егер күйеуінің қамын ойлап жақсылап күтсе дейді . Зайыбы сонда былай дейді:

Оқуың озығырақ, мектеп көрген

Пейішке бармағыңның жолын үйрет

Исламның бес парызын бажай қылмай

Сен неге болып жүрсің тәрік сүннет ?

Дегендей неге керек құр қошемет ?

Ораза намазбенен хабарың жоқ

Жалғыз ақ беріп жүрсің малдан зекет

Бұл айтыстан басты, негізгі құндылығы ерекшелігі десек те болад мұнда ерлі-зайыпты мәселесі қозғалады . Негізінде ерлі-зайыптылар арасындағы айтыс өте сирек кездеседі. Бұл айтыс түріне кішкене сын айта кетелік;

Бұл айтыстың түп-тереңінде тәрбиелік, сыпайылық, адамгершілік, ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік жатыр. Отбасы туралы мәселе етене қозғалады. Біз бұл айтыстан бұрынғы замандағы әйелдің байсалды мінезін байқай аламыз, небір уытты, ешкімнен қаймықпайтын іс-әрекетін аңғарамыз . Айтыстың негізінеде Кете Жүсіптің әйелінің өзіне лайықты жар екенін жане мінезінің тіке мінезді екенін айта аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен өскен ортасы
ХІХ ғасырдағы жазба айтыстүрлері
Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Жиенбай жырау шығармашылығы
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев туралы ақпарат
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
Мәшһүр Жүсіп Көпеев және фольклор үлгілері
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz