Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің психологиялық

ереКшелІКТері

1. 1 Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін теориялық тұрғыдан негіздеу . . . 6

1. 2 Ұлы ғұламалардың отбасы тәрбиесінде тұлғалық сапаларды

калыптастыру туралы идеялары . . . 11

1. 3 Ата-аналар мен балалар арасында қарым-қатынас психологиясы . . . 17

2. Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін эмпирикалық

зерттеу

2. 1 Қазақ отбасындағы тәрбиенің әсерін зерттеудің негіздері . . . 30

2. 2 Зерттеудің әдістемелік негіздері мен барысы . . . 38

2. 3 Зерттеу жұмыстарының қорытындылары . . . 48

Қорытынды . . . 58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 59

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Қазақстан Республикасының соңғы он бес жылдық өзгермелі қоғам жағдайында болып отырған түбегейлі өзгерістері еліміздің білім беру саласындағы көптеген міндеттерін тарихи, мәдени тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді. Әсіресе, тәрбие салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен ғаламдық талаптардың біртіндеп ене бастауы да жас ұрпақты өзгермелі қоғамға әлеуметтендірудегі уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат. Бұл мақсат-міндеттер тұтастықта іске асуы үшін оның негізі ең алдымен отбасы тәрбиесі арқылы бастау алуы тиіс. Себебі, отбасы тәрбиесі тұлғаны әлеуметтендірудің жетекші және айқындаушы көзі болып табылады.

Осы жағдайда қоғамның алға басуы және болашақ ұрпақтың қандай дәрежеде қалыптасуы тарихи тәжірибеміздегі педагогикалық құнды мұраларды қайта жаңғырта отырып пайдалануға тікелей байланысты. Өйткені, адамзаттық дамуындағы мәдени білімдерді нақты, анық танып біле отырып, оны қайта қарау арқылы ғана бүгінгі қоғамдық мәдениетті құруға қол жеткіземіз.

Өткен өмір сабақтарын ой елегінен өткізудің қажеттілігін ескеретін болсақ, тарихи тәжірибеміздегі көп аспектілі де көпқырлы отбасы тәрбиесінің жетістігін оның кемшілігімен қоса қоғамның диалектикалық үрдісі ретінде көрсетуге мүмкіндік туды. Осы тұста біз ертедегі қазақ отбасы тәрбиесі мәселесіне қатынасты, оның қажеттілігіне, ондағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшелігіне, сондай-ақ, адамзаттық жарқын болашағы үшін тарихи күресте қосқан үлесіне сәйкес бала беруді де ұмытпауымыз қажет.

Педагогика тарихында қазақ халқының өзіне тән отбасы тәрбиесінің қалыптасуында ертедегі түркі мәдениетінің орны ерекше екендігі белгілі. Осыған байланысты бүгінгі күні рухани салада жүріп жатқан сананың жаңаруы, адами құндылықтарды қайта бағамдау үрдістері нәтижесінде ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, ертедегі қазақ отбасындағы тәрбиенің қалыптасуы туралы педагогикалық ой-пікірлердің өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақ санасына еткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санаймыз.

Қазақ халқының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері туралы ойлар Қорқыт, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Кейкаус, Қ. Йассауи еңбектерінен бастау алған. Арадан он ғасырды артқа салып, қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерінде, қазақ зиялылары Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, С. Көбеев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов және т. б. еңбектерінде жалғасын тапқан.

Осы тұста ертедегі қазақ отбасы тәрбиесінің сипаты туралы сөз етуде біз бірқатар дерек көздерге сүйендік (тарихи ғұламалар еңбектері, мұрағат материалдары, қолжазбалар, мамандар зерттеулері және т. б. ) . Арнайы ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей келе отбасы тәрбиесінің жекелеген мәселелері қазақстандық ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми педагогикалық институттарда зерттеліп, бүгінгі күнде бұл жұмыстардың ТМД және алыс шетелдердегі ғылыми-зерттеу институттарында да жалғасын тапқандығына көзіміз жетті.

Қазақстанда халықтың педагогика негізінде отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру мәселелерін ғалымдар С. Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, Б. Айтмамбетова, А. Бейсенбаева Р. Тілеубекова, К. Қожахметова С. Ғаббасов, З. Әбілова, Қ. Шалғынбаева және т. б. зерттеген; отбасы тәрбиесін жетілдірудегі мектеппен байланыс жасау жұмыстары Г. Байдельдинова, Н. Тригубова, И. Лысенко, Б. Мұқанова, А. Капенова, және т. б. зерттеулерінде; отбасы тәрбиесі жағдайында балаларды болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселелерін А. Жұмаділлаева, А. Шарафадин, Д. Сакенов және т. б. қарастырған.

Зерттеудің мақсаты: қазақ отбасындағы бала тәрбиесін, қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, ғылыми-педагогикалық тұрғыда негіздеу және жүйелеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің, қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
  2. қазақ отбасы бала тәрбиесіндегі қарым-қатынастың мазмұны мен әдіс- тәсілдерін айқындау, оларға сипаттама беру
  3. зерттеу нәтижелерін оқу - тәрбие үрдісінде пайдалануға ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің обьектісі : қазақ отбасындағы бала тәрбиесі, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас.

Зерттеудің пәні : қазақ отбасындағы бала тәрбиесі, қарым-қатынастың қалыптасуы.

Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесіне байланысты еңбектерді, арнайы әдебиеттерді талдау, сұхбат, сауалнама жүргізу әдістері қолданылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі : зерттеу жұмысының нәтижелерін қазақ отбасы бала тәрбиесіндегі қарым-қатынастың мазмұнымен әдіс-тәсілдерін айқындау, оларға сипаттама бере отырып, зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру; зерттеу нәтижелерін жоғары оку орындарының студенттеріне, жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімдеріне, ата-аналарға пайдалануға болады.

1 Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері

1. 1 Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшеліктерін ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу

Тұлғаның дамуы өзінің бастауын ең алдымен отбасынан алатыны белгілі. Сондықтан, отбасы одан әрі адамның жеке басының негізгі қасиеттерін калыптастырудың барынша маңызды ортасы болып қала береді.

Біз сөз еткелі отырған қазақ отбасындағы қарым-қатынастың психологиялық ерекшелігі мәселесіне қатысты тұжырымдар мен ой-пікірлер Қазақстанда өте ертеден бастау алған. Осы орайда қазақ халқының психологиялық-педагогикалық ой-пікіріне сай қалыптасқан отбасылық тәрбие дәстүрін оның өткен өмірімен, салт-санасымен, тұрмыс-тіршілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста қарастырғанды жөн көрдік.

Сондықтан, біз ең алдымен зерттеуіміздің философиялық-әдіснамалық негіздерінің бастау көздерін, яғни ең бірінші қазақ отбасы тәрбиесін зерттеу үрдісінде шешуші принциптердің рөлін атқарушы теориялық білімдер жүйесін айқындап алуды міндет еттік. Сөйтіп, зерттеуіміздің ғылыми-әдіснамалық негіздерін айқындауда және зерттеуге ғылыми, жүйелі талдау жасауда мәселені танып білудегі тарихи, объективтілік принциптеріне сүйендік. Осы тұғыдан алғанда біз өткен ғасырлардағы отбасы тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесінің дамуын танып біле отырып, бүгінгі күннің және болашақтағы отбасы тәрбиесінің мәселелеріне байланыстылығын анықтауға тырыстық.

Өйткені зерттеу барысында бұл әдіснамалық принциптер бізге бүгінгі өркениеттілік пен ондағы мәдениетті қалыптастыруда адамзат қоғамында жинақталған тәжірибеден бас тартпай, керісінше, бізге оның идиалды идеяларын бүгінгі күннің қажетіне жаратуды міндеттейді. Сонымен қатар, зерттеуге алынып отырған кезеңдегі педагогикалық мұралардағы отбасы тәрбиесінде баланы әлеуметтендіру тұлғалылық тұрғысынан қарастырылып келгендігін айқын көреміз. Бұл бізге қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи сатыларда тұлғаның жеке басының толысып, кемелдену үрдісінің заңдылықтары мен шарттарын бақылап отыруға мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысы өткен ғасырлардағы қоғамдық даму процесі барысында қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу дәстүрлерінің динамикасын айқын көруде оны тұтастъқта және жүйелілікте қарастыруды міндеттеді. Осы орайда жалпы ғылымдық әдіснамаға сүйену (жүйелілік, ұзақ мерзімділік, құндылық -бағдарлық, тұлғалық, мәдениеттанушылық) мәселенің ғылыми негізділігін, өткен ғасырларда жинақталған тәжірибелердегі отбасы тәрбиесінің мазмұнының, формалары мен әдіс-тәсілдерінің тұжырымдама лық идеяларын келер ұрпақ тәжірибесінде қолдануға сыни тұрғыдан қарап, оны шығармашылықпен пайдалануды көздейді.

Бұл бізге отбасы қазақ тәрбиесіндегі карым-қатынастың психологиялық ерекшелігін зерттеудегі тарихи-педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, үрдістерді саралап, жан-жақты жүйелі талдауға, оның педагогикалық теория мен тәжірибедегі орнын белгілеуге, зерттеу мәселесінің кешегісі мен бүгінгісін ескеріп, біртұтас үрдісі ретінде конструктивті түрде қарастыруға мүмкіндік туғызды. Сондықтан, біз ЕХ-ХІІ ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесі мәселелерін ғұламалар М. Қашқари, Қорқыт ата, әл-Фараби, Ж. Баласағұн және т. б. бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық өзегі болып табылатын педагогикалық мұраларын тарихи-педагогикалық тұрғысында айқындай отырып, жүйелі, біртұтас, кешенді негізде қарастырамыз [1-4] .

Зерттеуіміздің аталмыш кезеңіне дейінгі құбылыстың мән жайын елестету үшін оның тарихи қалыптасу сатысын білу маңызды. Осы тұста дұние жүзі халықтары тәрізді, қазақ халқының да өзіне тән отбасы тарихына тоқталуды жөн деп таптық. Тарихи-педагогикалық еңбектер деректеріне жүгінсек, ғасырлар койнауында жинақталған отбасы тәбиесінің тәжірибесіндегі бала тәрбиесіне, оны өмірге даярлаудағы отбасының рөлі, жастарды еңбекке және нақтылы қоғамдық қатынастарға бейімдеу „ туралы көзқарастар стихиялы түрде қалыптасқандығын байқаймыз. Сондықтан, адам баласы басынан өткізген сан-алуан қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Тарихи деректерге жүгінсек, жалпы отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы алғашқы қоғамдық құрылыстан бастау алғандығын көреміз. Алғашқы қауымдық қоғамда өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлінісінің шығуына байланысты қауымдық ортақ меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы моногамиялық отбасының шығуына әкеліп соқты. Моногамияның тарихи формасы болып табылатын патриархалдық отбасының негізгі функциясы ұрпақ жалғастыру болды. Ол бала тәрбиесін, ұрпақтан ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені беру, білімді хабарлай отырып, еңбек дағдыларын қалыптастыруды қамтыды.

Қоғамның өркениеттенуі отбасы сипатын түбегейлі өзгертті. Онда қоғамдық тәрбие жүйесі отбасына қарағанда бала тәрбиесінде белсенді рөл атқара бастады, соның нәтижесінде ата-аналар тұлғаны әлеуметтендірудің бірден бір факторы болудан қалды, ал отбасында бала ең басты құндылық ретінде танылып, тұлғалық қалыптасуының маңызы артты. Соған қарамастан қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде отбасы тәрбиесі мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ол қоғамдық категория ретінде онымен бірге дамып, өзгеріп отырды. Сондықтан, адам тәрбиесі отбасы мәселесімен бірлікте қатар қарастырылып келді.

Мектептердің пайда болуымен байланысты өскелең ұрпақты тәрбиелеу процесінде мектеп пен отбасының өзара ара қатынасын айқындау мәселелері туындады. Ол үстемдік етуші қоғамдық құрылысқа, сол қоғамдағы ойшылдар мен педагогтардың философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастарына байланысты әр түрлі шешілді.

Бүгінгі күні «Отбасы» ұғымының мәніне, мазмұны мен тарихына келсек, философиялық, педагогикалық, психологиялық және т. б. ғылым салалары тарапынан берілген анықтамалар оның қоғамның бір бөлігі ретінде дамуын камтамасыз ететін негізгі буын екендігін айғақтайды.

«Отбасы» ұғымына Р. Н. Нұрғалиев өзінің философиялық сөздігінде отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, яғни ерлі-зайыпты одаққа және ері мен әйелінің, ата - аналар мен апа - қарындастардың, бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан-алуан катынастарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы ретінде сипаттама береді [5] .

Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтар өздерінің педагогикалық еңбектерінде: Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы деп анықтама берген. Отбасы тәрбиесінің тарихын зерттей келе ғалымдар мынадай ой айтады. Отбасы - белгілі бір ұлт әйелдерінің ошағы. Ондағы тәрбие сол ұлттың қалыптасқан қастерлі игі іс-әрекеттері арқылы әдет-ғұрыпқа айналып, әдеп болып негізделеді [6] .

Көп қызметті отбасының бірден бір міндеті ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, оны қоғам талабына сай қалыптастыру болса, отбасы тәрбиесі - қоғамға өскелең ұрпақты тәрбиелеу институтының бірі ретінде ата-аналардың күнделікті отбасылық-тұрмыстық обьективті ықпалымен үйлесетін мақсатты бағытталған педагогикалық әрекеттері болып табылады.

Отбасы тәрбиесінің мұндай қызметі сонау қазақ халқының қалыптасуының бастау кезеңінен келе жатқандығын жоғарыда көрсеттік. Алайда, біз зерттеуге алып отырған ІХ-ХІІ ғасырлар аралығындағы қазақ отбасы тәрбиесінің калыптасуы мен дамуын сөз етуде алдымен «қазақ» сөзінің және қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасу генезисіне тоқталу қажет деп ұйғардық.

Профессор Қ. Жарықбаев жар таңдау мәселесінде мынадай ой-пікірін білдіреді. Некеге тұрып, әйелі-балалы болу - адамға тән зор рухани кұндылықтардың бірі. Бірін-бірі сүйген екі жастың болашақта бірлесіп өмір сүруге талпынуы - шынайы махаббаттың моральдық көрсеткіші. Некелесу үшін тек іскерлік, құштарлық сезім жеткіліксіз. Некелесу - ең алдымен, оның кұдықтың негіздерін түсіну, отау құруға деген психологиялық ниеттің болуы, отбасында тіршілікке қажетті икем дағдыларды игеру, өмірге ұрпақ келтіріп, оны өсіріп, бағып-қағып, тәрбиелеу. Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүріне сәйкес халқымыз ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, өсіп-өнген. Бұл салада бізде жинақталған мол тәжірибе бар. Олардың біразы күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді [7] .

Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады. Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. Барлық алыс-жақын туыстық - осы отбасынан есептеледі. қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол - ата, әке, бала.

Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.

Осы тұрғыдағы ойын С. Ғаббасов былай өрбітеді. Жер бетінде қаншама ибалық болса, бұл дәстүрдің сипаттары да соншама мол, алуан түрлі ерекшеліктерімен ауысып жататыны да өмір шындығы. Өйткені әрбір халық өзінің шаңырақ көтеру қуанышын өздерінің ата-баба дәстүріне лайықтап, өзге жұртқа ұқсатпай қызықтауға тырысады. Басқа жұртқа ұқсамаудың негізі, олардың тұрмыс-сапттарындағы ерекшеліктеріне жатпақ. Осы айтып отырған Үрдісті қазақ халқы да ғасырлар бойы жетілдіріп келеді [8] .

Жоғарыда келтірілген анықтамалардан отбасы қоғамдық құбылыс ретінде әртүрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдар тобынан тұратын қауымдастықтың іс-әрекеті барысында өздерінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізетін мемлекеттің кішкене құрамдас бөлігі қызметін атқаратындығын тусінеміз.

Мұндай көзқарасты француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы - ол отбасы. Сонымен қатар, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық -балаларға ұқсайды - деп айтқан сөзі арқылы отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметінің егіз екендігін дәлелдейді [9] .

Ал, ойшыл данышпан, ғалым әл-Фараби «Отбасы» ұғымына мынадай анықтама береді. Ой белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың арқасында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төртеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әке - шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде - кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі. Оны "қожайын" деп атайды. Отбасын оның құрылымдық жүйеліктері тұрғысынан сипаттайды. Осы пайымдаулары арқылы ғалым заманның ағымына қарай қазақ отбасының өзі де, оның құрылымы мен тәрбие мазмұны да сан қилы өзгеріске ұшырайтынын болжағандай [10] .

Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек ғана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жәйт кездеседі.

Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше. Ата-бабалар діни тұжырымдар мазмұнында баяндалған ислам талаптарын, шариғат нормаларын және ата-бабалар дәстүрлерін отбасындағы бала тәрбиесінде қолдануда талап етілетін отбасы тәрбиесінің кодексі ретінде басшылыққа алып отырды. Бұл қазақ отбасы тәрбиесінің ұйымдастырылуына өзіндік ерекшелік берді. Бұл тұста отбасы мәртебесі - ондағы мүшелердің міндеттері мен құқықтарының жүйелендірілген тәртібі негізінде отбасылық карым-қатынасты реттейтін дәстүрлер болғандығын анықтадық.

Ерте дәуірден-ақ, қазақ отбасы тәрбиесінде әрбір өскелең ұрпаққа жеке дербес тұлға деп қарау, оған құрмет көрсету, қоғамдық әлеуметтік маңызы зор істерге араластыру көзделген. Сол кездегі баланың жеке тұлғасының дамуы мен мінез-кұлғында кездесетін ауытқуларды түзетуде қоғамдық және отбасылық тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету үнемі қарастырылып отырған. Мұндай тәрбиелік мүдделер дін талаптарынан туындап отырған.

ІХ-ХІІ ғасырлардағы діннің тәрбиедегі құдіреттілігі мен жемісі бүгінгі күні де өзінің өміршеңдігін көрсетіп, баршаның назарын аударып келгенінің бүгінде куәсі болып отырмыз. Оған дәлел қазақстандағы дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік тақырыбындағы әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлерінің жыл сайынғы сьезінің өтуі болып отыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі көкейкесті, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып келеді. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі -жүздеген жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған құтқарушы сүзгі сынды. Қазақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден токып білген- деп атап көрсетуі бүгінгі жаһандану жағдайындағы отбасы тәрбиесі саласында жастарды өз болмысының түпкі өзегінен айырмайтын діннің, сенімнің қажетін тағы бір нақтылай түседі [11] .

Салауатты да татулығы жарасқан отбасыларында өнегелі ұрпақтың өсетіні айқын. Оларды ата-ана өнегесімен қатар ата-аналық парыздар негізінде кемелдендіре түсеміз. Бұл жөнінде ислам шарттары ата-аналарға мынадай міндеттерді (парыздарды) жүктейді. Олар: өмір есігін жаңа ашқан нәрестеге жақсы ат қою; балаға жақсы тәрбие беру; баланы еркелетіп сүю, оларға мейірімді болу; солай бола тұрса да баланы шектен тыс еркелетпеу; қыз балаға жақсы тәрбие беру; баланың тәрбиесі мен білім алуы үшін мал-мүлікті аямау; бала шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап бірінен кейін бірі ретімен келіп жататын үкенді-кішілі той-томалақтар жасау; балалардың арасын бөліп алаламау, яғи бәріне бірдей қарап, әділ болу; балаларын дені сау етіп өсіру, оның тәні мен жан саулығын қорғау; балаларына арам нәрселерді жегізбеу; балаларын оқытып, мамандық иесі етіп қалдыру; ата-ананың өз отбасын нығайта отырып, жасы жеткен балаларын үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеу. Бұл талаптардың бәрі де қазақ отбасы тәрбиесінде ескеріліп, салт-дәстүрлерінде көрініс тапқан.

Біз осы тұста зерттеуімізге жақын діни еңбектерді талдап, жүйелей отырып, ондағы қазақ отбасы тәрбиесінің бағыттары біріншіден, баланы отбасындағы негізгі құндылық деп қарайтындығын, екіншіден, өзара қарым-катынастағы төзімділік пен мейірімділікті, үшіншіден, жақсы мінез-құлық пен әрекеттерді қалыптастыруды, төртіншіден, білім алуға үйретуді, бесіншіден, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеуді, алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлауды қамтитындығын айқындадық.

Аталмыш кезеңде қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуына діннің ыкпалымен қоса сол ғасырлардағы ірі-ірі педагогикалық туындылар негіз болды. Сондықтан, біз өз зерттеуімізде орта ғасыр ғұламаларының педагогикалық мұраларындағы отбасы тәрбиесі туралы негізгі ойларын үнемі басшылыққа алып отырамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық және толық емес отбасынан шыққан жасаөспірімдердің агрессивті жүріс – тұрысының ерекшеліктері
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Педагогика ғылымында әлеуметтік педагог іс-әрекетінің теориялық негіздері
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Ұлттық тәлім-тәрбие
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
АТА - АНАСЫНЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz