Нашақорлық пен маскүнемдік



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Маскүнемдік
2. Маскүнемдік зардаптары мне салдары
3.Нашақорлық . қоғам дерті
4.Нашақорлық . қылмыс бастауы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылысп тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір ромка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас

болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Нашақорлық пен маскүнемдік
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Маскүнемдік
2. Маскүнемдік зардаптары мне салдары
3.Нашақорлық - қоғам дерті
4.Нашақорлық - қылмыс бастауы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе: бүл рефератта маскүнемдік пен нашақорлықтың денсаулыққа және қоғамға келтіретін зияндары, түрлері, емдеу жолдары айтылады.

Маскүнемдік

Маскүнемдік (алкоголизм) -- спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылысп тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын сау жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы -- бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір ромка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас

болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады -- еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10 -- 15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады -- алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда -- созылмалы алкоголизмге дейін -- әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн. ҚР Денсаулықсақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты -- маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі үш кезеңі бар: олар -- алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары -- республикалық, өлкелік, облыстық,

қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері қолданылады. Ауылдық жерлерде маскүнемдерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді.
ССР Одағы мен одақтас республикалардың денсаулық сақтау туралы негізгі заңдарында маскүнемдік қоғамдық ортаға қауіпті ауруға жатқызылған және арнайы емдеу мен сауықтыру шараларын жүргізу міндеттелген. ҚР-де маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия органдары, кәсіподақ комсомол және басқа да қоғамдық ұйымдар белсене араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның ішінде Қазақстанда да) халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді еркінен тыс ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша дәрігердің қорытындысы болған жағдайда емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде (профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі.
Заңда қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не қызу күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу құжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде сииртті ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт арағы, брага) жасағаны, сатқаны, сақгағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген. Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, қайта жазасын ауырлата түседі.
Мастықтың әсерінен ауруға шалдыққан адамға аурулығы туралы листок берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем төленбейді.
Спиртті ішімдікке салыну салдарынан өз жанұясының материалдық жағдайын ауырлатқан адамдарға, сот арқылы жаұясына жәрдем көрсетуі міндеттемеледі.

Маскүнемдікті емдеудің негізгі үш кезеңі бар:
* алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін қалпына келтіру;
* ішімдікке әуестікті жойыу:
* оларға жиіркеніш сезімін тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру.
Негізгі емі витаминотерапия, дәрі-дәрмектер (инсулин, атропин, аминазин, т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Г. Айбасова, Ж. Ахметов[1]
Маскүнемдік елірмелер
Пайда болуы маскүнемдікпен байланысты психикалық кесел. Барынша жиі кездесетін түрлері - маскүнем елірмесі (ақыл-есінен айырылу), көру және есіту елестеушіліктері, қозу, жүйке жүйесінің түрліше бұзылуы, қызғаныш7

Маскүнемдік зардаптары мен салдары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Исламның мәңгілік тағылымдары мен ерекшеліктерінің бірі- адамның пәк табиғатымен сәйкес болуы. Діни тағылымдар, тәңір елшілері құдай тарапынан адамзатты бақытқа жеткізу үшін әкелген кешен болып табылады. Дінде рұқсат етілген және тыйым салынған заттарға ой салсақ, діни үкімдер және ондағы бұйрықтар мен тыйымдарда адамзатты жақсылыққа жұмылдырып және жамандық пен азғындықтан алшақтататынын түсінеміз. Осындай түсінікпен ешбір зат бекерден халал немесе уәжіп етілмеген және ешбір зат себепсіз харам етілмеген. Бір құдайға құлшылық ететін адам бұл үкімдер құдайдың таусылмас білімінен бастама алатынына сенеді. Құдай барлық істің басы мен аяғын және адамның денесі мен рухын толық біледі. Сондықтан оның хикметі мен ақылы пенделердің саулығына зиян келтіретін заңдар мен ережелер шығартпайды. Ислам пайғамбары(с)-нің әулетінен

болатын Имам Реза(ғ)өз хадистерінің бірінде былай дейді: "Құдай адам үшін пайдасы бар кез-келген тағам мен сусынды халал етті және зияны бар кез-келген затты харам етті".
Ислам тағылымдарында адамзаттың бітіміне, рухани, тұлғалық және әлеуметтік аспектілеріне көңіл аударады. Көптеген діни нұсқаулар адамның тек рухын тазартып қана қоймай, тіпті оның денесін де түрлі зияндар мен зарарлардан қорғайды. Солардың бірі- алкогольдік ішімдіктерге тыйым салу үкімі. Исламда алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынған, өйткені ол адамның денесі мен рухына және қоғамның саулығына қауіп төндіреді. Қазіргі таңда дәрігерлер және психология саласының ғалымдары мен мамандары алкоголь адам өмірінің түрлі аспектілеріне кері әсерін тигізетіндігі туралы айтуда. Бірқат әр зерттеу орталықтары осы салада практикалық ізденістер жүргізіп, маскүнемдік - адамзат қоғамына төнетін қауіп деген қорытындыға жеткен. Жуықта Американың нашақорлықпен күрес ұлттық орталығы америкалық мектеп оқушылары арасында алкогольдік ішімдіктер тұтынуы туралы есеп жариялады. Осы орталық жариялағандай, америкалық 13 млн оқушы кем дегенде бір рет есірткі заттарын немесе алкогольдік ішімдіктің дәмін татқан. Бұл мәлімет бойынша, 2002-2005 жылдар аралығында америкалық оқушылар арасында алкогольдік ішімдіктер ішу көрсеткіші ұлғайған.
Осы орталық Америка мектептерінде нашақорлық құбылысының тез жайылуына байланысты отбасылардан, білім саласының қайраткерлері мен саясаткерлерден өз пікірлерін білдіруін сұрады. Мамандардың зерттеулері бойынша, алкогольдік ішімдік ішудің түрлі себептері бар. Солардың қатарында - торығушылық, көңіл күй мен өз-өзіне сенімнің жоқтығы және жүйке қысымдарынан құтылуға тырысу бар. Кейбір кісілер торыққан кезде тынышталу үшін алкогольдік ішімдік ішеді. Оны ішкен кезде бастапқыда торығудан құтылған сияқты жалған сезім болуы мүмкін бірақ аз уақыттан соң әлгі ішімдіктің нағыз және зиянды әсері байқала бастайды. Мұндай кері әсерлерге дене тепе-теңдігінің жоғалуы, шешім қабылдаудағы келеңсіздік, ойлаудың тежелуі және қатігездіктің күшеюі жатады.
Бұл келеңсіздіктердің әйелдерге жағымсыз әсері әлдеқайда жоғары. Жаңадан жүргізілген зерттеулер бойынша алкогольдік ішімдіктер еркектерден гөрі әйелдердің миына көбірек зиян келтіреді. Алкогольдің кері салдарының бірі - адамның ішкі мүшелеріне әсіресе бауырға нұқсан келтіру болып табылады. Ішкі мүшелер маманы, доктор Шахин Мераттың айтуынша, "алкогольдің бауырға тигізетін зияндарын үшке бөлуге болады, біріншіден, бауырда май мөлшері ұлғаяды. Алкоголь ішуді қойған жағдайда бұл келеңсіздікті емдеуге болады. Алкогольді көбірек ішкен кезде адам бауыр

гепатитіне және бауыр қабынуына шалдығады. Алкогольді тоқтатумен бауыр гепатиті қалпына келеді, алайда барлық жағдайда емес, жазылмауы да мүмкін".Алкогольдік ішімдіктерді көп пайдаланудың соңы бауыр рагына ұшыратуы мүмкін және бұл ауру емделмейді. "Бауырдың ең маңызды міндеті ішек ішіндегі уларды кетіру болып табылады, ал алкогольдік ішімдік бауырды әлсіретіп, оның уларға қарсы қабілетін азайтады",-дейді ол.
Адамдардың көбі алкогольдің бауырға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маскүнемдік, есірткіге әуесқой, темекі тарту денсаулығын нығайту жолдары
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ
ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде
Әлеуметтік педагогтың қараусыз қалған балалармен жұмысы
Әлеуметтік жұмыс туралы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс туралы ақпарат
Пәндер