Қазақстан театрлары. Театр тағдыры және көркемдік сапа
Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері — И. Байзаков, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов,Ж. Шанин,Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзакова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады. 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды. 20 жылдығына орай 1946 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды. Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М. О. Әуезовтің есімі берілді.
Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды. Сондай-ақ, А. Тоқпанов, Ә. Мәмбетов, Е. Обаев, Р. Сейтметов, Ж. Омаров, Қ. Жетпісбаев, В. Пұсырманов, М. Байсеркенов, Ә. Рахимов секілді ұлт режиссерлерінің суреткерлік қадір-қасиеттері де өз кезеңінде аталмыш театр сахнасы төрінде бекем қалыптасты. Театр ұжымы 1973 жылы Иран (Шираз), 1984 жылы Франция (Нанси), 1996 жылы Египет жерлерінде өткізілген фестивальдерге қатысып табыспен оралды. Мәскеуде 5—6 реттен гастрольдік қойылымдар көрсетіп, Бішкек, Нүкіс, Ташкент, Уфа, Қазан сияқты ірі қалаларда көркемөнерін паш етті. Осы жылдары Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин, А. Әшімов, С. Оразбаев, Ә. Молдабеков, Е. Жайсаңбаев, К. Қармысов, С. Телғараев, Б. Римова, Ж. Медетбаев, өнерлері сан қырынан жарқырай көрінді. Бұл күндері Х. Елебекова, Х. Бөкеева, З. Шәріпова, Ф. Шәріпова, Н. Мышбаева, Т. Тасыбекова сынды алдағы буын өкілдерімен бірге, Қ. Тастанбеков, Р. Машурова, О. Кенебаев, Т. Жаманқұлов, Т. Аралбай, С. Мерекенов, Б. Қожа, Ш. Ахметова, Ш. Меңдиярова, Б. Жанғалиева, А. Мейрамова, М. Омар, Ғ. Байқошқароваларды атап өтуге болады. Ал, бүгінгі жастардан Д. Темірсұлтанова, Қ. Тілеуова, Е. Біләлов, А. Боранбай, Д. Ақмолда, Ш. Асқарова, Д. Жүсіп, Ш. Жанысбекова, Н. Қарабалина, Б. Тұрыс, Ғ. Құлжановтар өз көрермендерінің талқысында жүр.
Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты. 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады

Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің Еңлік-Кебек, пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері -- И. Байзаков, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов,Ж. Шанин,Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзакова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады. 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды. 20 жылдығына орай 1946 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен, ал 50 жылдығына байланысты 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды. Театрға 1961 жылы жазушы, драматург М. О. Әуезовтің есімі берілді.
Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық -- отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың Абай, Еңлік -- Кебек, Қобыланды, С. Мұқановтың Шоқан Уәлиханов спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды. Сондай-ақ, А. Тоқпанов, Ә. Мәмбетов, Е. Обаев, Р. Сейтметов, Ж. Омаров, Қ. Жетпісбаев, В. Пұсырманов, М. Байсеркенов, Ә. Рахимов секілді ұлт режиссерлерінің суреткерлік қадір-қасиеттері де өз кезеңінде аталмыш театр сахнасы төрінде бекем қалыптасты. Театр ұжымы 1973 жылы Иран (Шираз), 1984 жылы Франция (Нанси), 1996 жылы Египет жерлерінде өткізілген фестивальдерге қатысып табыспен оралды. Мәскеуде 5 -- 6 реттен гастрольдік қойылымдар көрсетіп, Бішкек, Нүкіс, Ташкент, Уфа, Қазан сияқты ірі қалаларда көркемөнерін паш етті. Осы жылдары Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин, А. Әшімов, С. Оразбаев, Ә. Молдабеков, Е. Жайсаңбаев, К. Қармысов, С. Телғараев, Б. Римова, Ж. Медетбаев, өнерлері сан қырынан жарқырай көрінді. Бұл күндері Х. Елебекова, Х. Бөкеева, З. Шәріпова, Ф. Шәріпова, Н. Мышбаева, Т. Тасыбекова сынды алдағы буын өкілдерімен бірге, Қ. Тастанбеков, Р. Машурова, О. Кенебаев, Т. Жаманқұлов, Т. Аралбай, С. Мерекенов, Б. Қожа, Ш. Ахметова, Ш. Меңдиярова, Б. Жанғалиева, А. Мейрамова, М. Омар, Ғ. Байқошқароваларды атап өтуге болады. Ал, бүгінгі жастардан Д. Темірсұлтанова, Қ. Тілеуова, Е. Біләлов, А. Боранбай, Д. Ақмолда, Ш. Асқарова, Д. Жүсіп, Ш. Жанысбекова, Н. Қарабалина, Б. Тұрыс, Ғ. Құлжановтар өз көрермендерінің талқысында жүр.
Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты. 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының Қара кемпір, Қ. Ысқақтың Қазақтар атты жаңа қойылымдарын дайындады
Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры - ашылуына Кеңес одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н.И. Сац араласып, ең әуелі 1945 жылдың 7 қарашасында балалар мен жасөспірімдер театрының орыс труппасы Е. Шварцтың Қызыл телпек пьесасымен шымылдығын ашты.Театр алғашқы кезде екі труппадан - қазақ және орыс труппасынан тұрды. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 ақпанда А. Н Островскийдің Мысыққа күнде той бола бермес пьесасын (режиссер А. А. Алексеев) қоюмен бастады. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А. Толстойдың Алтын кілт спектакілімен (режиссер Н. Сац) ашылды.Театрда қазақ драматургиясы мен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген туындыларынан репертуар кестесі қалыптасып, фестивальдарға қатысу үрдістерін жандандыра бастады. Шығармашылық жолында талай асуларды кездестіре отырып, түрлі жетістіктерден де құр алақан қалмады.1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар театрының фестивалінде М. Ақынжановтың Ыбырай Алтынсарин спектаклі екінші дәрежелі дипломға ие болды. Қоюшы режиссер А.Тоқпанов лауреат атанды, 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш.Хұсайыновтың Алғашқы ұшқындар спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді.Театр қазақ драматургтерімен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахнаға шығарды. Шиллердің Зұлымдық пен Махаббат, Н.Хикметтің Әпенді, Мольердің Скапеннің айласы, Б.Брехттың Әйдік апай және оның балалары, У. Шекспирдің Вероналық екі бозбала, Дуалы түнгі думан, Гамлет, Ромео мен Джулетта (Махабат айдыны), А.Чеховтың Шағала спектакльдері режиссерлер мен актерлер құрамының күштілігін, классикалық ірі туындыларды еркін түрде игере алатын кемел шаққа жеткендіктерін танытады.Еліміздің мәдени-рухани әрі көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, жасөспірім жеткіншектердің эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарының жарасымды қалыптасуына өз үлесін қосудағы театр ұжымының еңбегі айтарлықтай. Жарты ғасырдан артық өнер тарихында театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі белестерінен өтіп, бүгінгі ұлттық сахна өнерінде өзіндік орнын белгіледі. Бұл театр көп жылдарға дейін орыс балалар театрымен бірлесіп жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап өз алдына дербес бөлініп шықты.1992 жылы Ғ. Мүсіреповтың 90 жылдығы құрметіне байланысты жазушының есімін иеленді. Ал, 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай, оған Академиялық деген статус берілді. Театр құрылған күннен бастап, жасөспірімдердің эстетикалық сезімін жетілдіріп, оларды ізгі қасиеттерге баулитын көркемдік-идеялық маңызы зор қойылымдар шығарды.
Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды драма театры 1991 жылы ашылған болатын. Театрдың негізін қалаған, көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Жақып Омаров болды. Бұл күндері Астана қаласындағы көшелердің бірі дарынды режиссер есімімен аталады. Биылғы жылы өнер ордасы өзінің 15-інші театрлық маусымын белгілі драматург, сыншы, Қазақстан Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты Ермек Аманшаевтың Үзілген бесік жыры атты трагедиясымен ашты. 15 жыл бойы дарындар жиналған өнер ұжымы жас мемлекетімізбен бірдей шығармашылық өсу мен қалыптасу кезеңін бастан кешірді. Алғашқы жылдарда Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Т. Ахтанов сынды ірі классиктер шығармаларын сахналаған өнер ұжымы біршама биіктерге көтерілуге мүмкіндік алды. Ең алғаш театр өз шымылдығын қазақтың белгілі драматургі Ғабит Мүсіреповтың Ақан Сері-Ақтоты шығармасы бойынша қойылған спектакльмен ашқан еді. Құрылғандарына бір жыл өтпей, атап айтқанда, 1992 жылы театр ұжымы С. Сейфуллиннің туылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген халықаралық фестивальде лауреат атанады. Ал, 1996 жылы Уфа қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің Туганлық атты ІІ-фестивалінде түбі бір түркі халықтарына ұлттық драматургия арқылы мәдениетімізді танытып, лауреат атанып, үлкен марапатқа ие болды.
Театр үйіне әрбір көрермен өз акустикасын ал, режиссер - өзінің сазын алып келеді деген сөз бар. Халықтың театрға деген махаббаты тек осы екі негізгі мәселелер үйлесім тапқан кезде ғана көрінетін болса керек. Осындай үлкен игі өзгерісті көпшілік Ақмола қаласының - Қазақстан Республикасының астанасы ретінде өзгеруі кезінде айқын сезінді. Өйткені, 1999 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың арнайы шақыруымен театр жетекшілігіне КСРО-ның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов келген болатын. Осы уақыттан бастап, театрдың тіршілігінде үлкен бетбұрыс басталды. Репертуарлар әлемдік классиктер В. Делмарь, У. Шекспир, А. Чехов шығармаларымен толықты. Көп ұзамай жас театр ұжымына Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова да келіп қосылды. Бұл күндері театр сахнасында Құрмет белгісі орденінің иегерлері мен Жастар сыйлықтарының лауреаттары, Елбасының Құрмет грамоталарын алған өнер қайраткерлері және еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қызмет етіп келеді.
Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ сазды-драма театрының шығармашылық лабароториясы жас режиссерлер мен актерлердің тырнақалды туындыларына жол ашып, оларды қиын да қызық өнер жолының сүрлеуіне салуды әдетке айналдырған. Жас режиссер Болат Ұзақовтың Қанды азу спектаклін Египетке апарған сапарын осындай педагогтік тәлімнің бір қыры деп бағалауға болады.
2000 жылы театр Германияның бес қаласына гастрольдік сапармен барып, жыл соңына қарай Кіші комедия театрларының блиц-фестивалінде 1 орынға лайық деп танылды. Астана мәдениетінің күндерін еліміз бен шет елдерде өткізу ең алдымен, қазақ халқының мәдениетін, ұлттық дәстүр, тарихты өзгелерге жақынырақ танытуға мүмкіндік береді. 2002 жылы Мәскеу қаласындағы Астана мәдениетінің күндерінде театр ұжымы даңқты Моссоветтің сахнасында қазақ драматургиясының эталоны саналған Қозы Көрпеш - Баян сұлу спектаклін қойған болатын. Ал, 2005 жылдың қазан айында Шымкент қаласында өткен халықаралық театр фестивалінде аталмыш ұжым Д. Исабековтің Актриса атты спектаклін сахналап, нәтижесінде Гран-при жүлдесін қанжығаға байлады.
Қазіргі таңда театр ұжымы шығармашылық өсу мен шабыттың биігінде тұр. Олар көрермен таразысына биылғы маусымда 7 бірдей жаңа қойылымды ұсынды. Олардың қатарында режиссер О. Ақжарқын-Сәрсенбектің Бәйтерек басындағы кездесу атты спектакльі мен әлемдік классика шедеврі Ромео мен Джулетта трагедиясы да бар. Бұл күндері театр репертуары қазақ драматургтерінің түгелдей дерлік шығармаларын қамтуды мақсат етіп әрі орыс, шетел әдебиеті драматургтерінің шығармасымен толықтыруды мақсат етіп отыр. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Уфаның Ұлттық жастар театрының сахнасы Қ. Қуанышбаев атындағы сазды драма театрына беріліп, өнерпаздар төрт күн бойы өздері дайындаған алты спектакльді бауырлас башқұрт халқының таразысына салды. Гастрольдік сапарды Қозы Көрпеш - Баян-сұлу трагедиясымен ашқан ұжымның репертуарында балаларға арналған ертегі де орын алды. Ал, соңғы қойылым ретінде Ғасырдан да ұзақ күн спектакльі көрсетілді. Сахналанған шығармалардың барлығы да орыс тіліне жедел аударылған болатын. Сондықтан да келушілердің ыстық ықыласын алған өнер ұжымы осындай мәдени шаралардың жалғасын әр кез сағына күтеді. Бұл мәдени іс-сапар БашқұртсанҮкіметі мен Астана қаласы әкімдігінің Сауда-экономикалық, және ғылыми-техникалық аумақта, денсаулық саласы, мәдениет, білім, туризм және спорт саласы бойынша жасалған екі жақты келісмім шеңберінде жүзеге асқан еді.
Пьеса - әдебиеттің өзіндік ерекше жанры, ондағы тіршілік тірі, сондықтан да болар ол көрерменді өзіне баурап алып, актермен бірге күлдіріп, бірге жылатады. Туынды авторы мен қоюшы режиссері көп нәрсені шешеді. Қазақ театрлары бұл күнде драмалық шығармалар жазатын авторлардың жетіспеушілігін сезініп жүр. Өз тыныс-тіршілігіміз бен заманға сай өсуімізді, халықтың тыныс-тіршілігін суреттей алатын шынайы дүниелер тапшылығы әдебиет саласындағы айта-айта жауыр болған тақырыптардың бірегейі. Әйтсе де, қазақ сазды драма театры тығырықтан шығар жолды жергілікті драматургтармен бірлесіп шешуді жолға қойған. Кейінгі 10 жыл бойы аталмыш сахнада Әйелдер күйеуге шықты атты Флорида Булякованың шығармасы көрерменнің үлкен қошеметі мен тұтастай аншлагта өтетінін көпшілік жақсы біледі. Сондықтан да театр ұжымы Астананың ең танымал драматург-авторына биылғы жылы сахланатын тағы бір шығарма жазуға тапсырыс беріп қойды. Театрда көптеген талантты жас дарындар қызмет етеді. Олар аталмыш өнер ордасы жанынан өздерінің кішкентай жастар қанатын ашып, ұлы өнер жолындағы ой-пікір бөлісетін, драматургия мен әдебиет жанрлары жөніндегі мәселелерді ортаға салатын шығармашылық орталық құруды армандайды. Жыл өткен сайын қанатын кеңге жайған өнер ұжымы жастардың бұл ұсынысын да жерге тастамай, Астана аспанында шарықтатып, қанат қақтырары сөзсіз. Әзірге аталмыш өнер ұжымында Қазақстан Республикасының халық әртісі атаған алған дарын иесі, бес ҚР-сының еңбек сіңірген қайраткері, екі Құрмет орденінің иегері, бес Жастар Одағы сыйлығының лауреаттары, екі Президент құрмет грамотасымен марапатталған талантты өнер майталмандары қасиетті өнер жолында бірге қызмет етіп келеді.
Түркістан сазды-драма театры 2000 жыл шаңырақ көтерген. Осынау өнер оша - ғы қайта түлеген қаламыздың көр - кіне көрік қосып, мәдениетінің өсуі - не ықпал етті. Бұл орайда Қа - зақ - станның халық әртісі, профес - сор Райымбек Сейтметтің еңбегі ерен. Өнер ұжымын сарабдал сахна - гер, тәжірибелі режиссер басқарып отырғандықтан да болар, жас болса да бұл театрдың бағындыр - ған биіктері аз емес. 2000 жылы Алматы қаласындағы өткен "Еу - ро - па бірлігі" атты театр фестива - лі - не Б.Вахапзаденің "Көк түрік - тер" спектаклімен қатысқан болса, соңғы кезеңде жыл сайын Түркия мемлекетінің арнайы шақыруымен бауырлас елге гастрольдік сапар - мен барып, өнер көрсетіп жүр. Түркістан театры өз тілімізде ғана емес, түрік тілінде де спектакльдер қойып, қазақ өнерін шет елдерге де танытуда. Бұл қазақ театр өне - рі - нің тарихында болмаған тәжі - ри - бе.
Тәубе, өз шымылдығын ашқа - лы бері театр табыссыз емес. 2001 жылы 1 қарашада Елбасы Н.Назарбаев қонақта болып, "Көк түріктер" спектаклін тамашалап жас ұжымға сәт сапар тілесе, 2003 жылы театрдың көркемдік жетек - шісі Райымбек Сейтмет "Тарлан" сыйлығын иеленді. Еуропаның өнер мен мәдениетті қолдау қоғамы - - ның ұйғарымымен "театр өнері" номинациясы бойынша же - ңімпаз атанып, оның алтын ме - да - лімен Прага қаласында мара - пат - талды.
Театр 2003 жылдың сәуір айын - да Шымкент қаласына, келе - сі жылы Қызылорда қаласына гас - троль - дік сапармен барып, өз қойы - лымдарын жұртшылық на - зары - на ұсынды. Сондай-ақ 2005 жылы қыркүйек айында Алматы қаласына гастрольдік сапармен барып, Қазақтың мемлекеттік ака - демиялық театрында өнер көр - се - тіп қайтты. Өнер сапары сәтті өтті. Театр сыншылары, театр - тану - шы мамандар Х.Елебе - ко - ва, Х.Бөкеева, С.Оразбаев, Ә.Сығай сынды аға буын арда - герлер жас театр - дың аяқ алысына сүйсініп, өздерінің ыстық ықы - лас - тарын білдірді. Иә, өткен 2005 жыл өнер ұжымы үшін өрісті де же - місті жыл болды. Театрдың ди - рек - торы, дра - матург Сая Қасым - бектің "Жан - та - лас", "Түркістан театры" атты кітап - тары "Қазы - ғұрт" баспасынан жарық көрді. Театр әртістері Ай - дар Наурызбаев облыстың рухани-мә - дени саласы - ның дамуына ерек - ше үлес қос - қаны үшін "Ең үздік әр - тіс" деп танылса, Бағлан Төлен - диев пен Гүлзада Айтбаева облыс әкімінің алғыс хатымен марапат - талды.
Елбасының қолдауымен құ - рыл - - ған өнер ордасы тарих қат - па - ры - нан сыр тартқан аса күрделі дү - ниелерді сәтті сахналап, көрер - мен ықыласына бөленуде. Қожа Ахмет Ясауи, Қара Қаған ("Көк түрік - тер"), Әмір Темір, Хан Кене, Мағ - жан, Нәзір, Сұлтанбек сынды та - ри - хи тұлғалардың бейнелері сом - далып, жас ұрпаққа тәрбие бе - ру - де, олардың эстетикалық көзқа - ра - сын қалыптастыруда жұртшы - лық - қа қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Театрдың негізін қалауда зор үлес қосып, алғашқы күндерден бастап оның қызығы мен қиындығын бөлісіп, ауыр жүгін көтерісіп келе жат - қан театр директоры Сая Қа - сым - бек, сондай-ақ ұжым қызмет - керлері П.Нәлтаеваның, З.Нұсқа - баева - ның, Ұ.Құрамаеваның, Қ.Ше - - риевтің, С.Айменованың, Қ.Сапарханова. Театр тек сахнадағы ойыннан тұр - майды, ол осында қызмет етіп жүрген барша адамдардың адал ең - бегінен тұрады. Өйткені, театр - ұжымдық еңбек. Тәуір қойы - лым - бір жағадан бас, бір жең - нен қол шығарып жұмылудың нәтижесі.
Әшірбек Төребайұлы Сығай, театр сыншысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Менің ең үлкен өкінішім: құбылыс боларлықтай қойылымдар жоқ.
Театртанушы - театр тарихы мен теориясын тексереді. Мұрағатпен жұмыс істейді. Кітапхана сөрелерінде шаңға көміліп, сарғыш тартып жатқан газеттерді, көне жәдігерлерді қопарыстырып, театр дәстүрінің іздерін, әр кезеңдегі театрдың бағыт-бағдарын қазбалап, таза ғылыми тұрғыда көбірек еңбек жасайды. Ал театр сыншысы - күнделікті болып жатқан театр процестеріне қолғабыс жасаушы. Оперативті түрде араласушы.
Мен өзімді театртанушы да, театр сыншысы да деп есептеймін. Бірақ театр сыншылығым басым деп қараймын. Өйткені мен театрдың күнделікті процестеріне, актуальдылығына көп көңіл бөлемін. Кандидаттық, докторлық дәреже үшін бір қағаздан екіншісіне көшірумен көз майын шығындайтындар да бар. Ал мен ойлаймын, мықты болсаң, әлі пікір айтылмаған су жаңа туындыны топ жарып шығып, талдап бер! Бүтін дүниені бұтарлап, жіліктеп, сапасын айырып, "диагнозын" қойып бер! Сын - көркем дүние. Театр сыны жай әншейін "анау жақсы", "мынау жаман" деген сөз емес. Ол неге жақсы? Несімен жаман? Түсіндіресіз, дәлелдейсіз, ұғындырасыз. Демек, мен оны талдап, таразылап, ой-пікірімді көркем тілмен кестелеп, бейнелі сөзбен бедерлеп, сізге жеткізуім керек. Сіз мен жазған рецензияны оқыған бойда сол қойылымға барғанша байыз таппай асығуыңыз керек, не болмаса қолыңызды сермеп, безінетіндей болуыңыз керек. Сыншының қоғамның қозғаушы күші атануы осыдан. Ол - көрермен талғамын ұштаушы, дамытушы, танытушы да. Оқырман мен көрерменнің мазасын қашырып, тынышын алушы!..
Уақыт талабына, ел сұранысына, қоғамдық формациялық өзгерістерге орай ұлттық ойын өрнектерінің екшеліп, толығып, түлеп отыруы да табиғи заңдылық. Бұл театр өнеріне де қатысты. ХХ ғасырдың басында қазақтың кең сахара даласында өтіп жатқан өмір оқиғалары алғаш өңделіп, көркем туындыға түсіріліп, шартты кеңістік - сахнаға шығарылу әрекетінің көш басында Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды Алаш ардақтылары жүрді. Ал театр сыны жанрына келер болсақ, қазақ театры сыны ол сахналық театрмен бірге туды. Сол ХХ ғасыр басындағы басылымдарда Жүсіпбектің, Мұхтардың, Жұмат Шаниннің, Ілияс Жансүгіров пен Ғаббас Тоғжанов, Смағұл Сәдуақасовтардың мақалаларында "Қазақ театры қай жолмен дамуы керек?", "Қазаққа қандай театр керек?" деген өз тұсындағы ең өзекті сауалға жауап іздейді, ой толғайды, сын айтады. Олардан сәл берірек буын өкілдері Ғ.Мүсірепов, Ш.Құсайынов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқпановтар немесе бүгінде әлі көзі тірі шежіре Бағыбек Құндақбаев, Рымғали Нұрғалиевтер, күні кеше небәрі 44 жасында көз жұмған Қажығұмар Қуандықов ағаларымыз сын жазбағанда немен айналысыпты?!
Театр мен әдебиеттің ара қатынасы қандай десек? Театр - синтезді өнер. Театрмен айналысуды түп нысана етуші әдебиетті, тілді, музыканы, бейнелеу, дизайн өнерін, актерлік шеберлік пен оның техникаларын, режиссураны білуі керек. Театрдың негізі - әдебиет. Драматургия - әдебиеттің жанры. Бұл тұрғыдан келгенде театр - екінші кезектегі өнер. Әдебиеттің өнімі. Әдебиеттен өсіп шыққан дән. Сондықтан театртанушы ең бірінші кезекте әдебиетті білуі керек...
Қазір республика бойынша театрға көпшіліктің көзқарасы мүлдем өзгерді. Халық келе бастады. Қазір Алматы театрларына кейде кіре алмайсыз. Бұл - руханияттың қайта оралуы. Мұны мен жайбарақаттықтан баз кешіп, жаңа өмірге ыңғайлану деп білемін. Содан кейінгі бір жаңалық - өзге республикаларда жабылып жатқанда, бізде Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Астана, Түркістан, Маңғыстау сияқты облыстық, қалалық театрлар ашылды. Көрші Өзбекстан Самаркандағы опера театрын жоғалтып алды. Түркіменстан анау, симфониялық оркестрін, опера-балет театрын, бәрін жапты. Осындай жаймашуақ кезеңдегі менің ең үлкен өкінішім: құбылыс боларлықтай қойылымдар жоқ! Сенсация тудырып, бомбадай қопарылыс жасап, жарылып жатқан көркем дүние жоқ. Жоқтың қасы, жоқ сияқты емес, жоқ! Репертуарлық база жоқ. Бұл - негізгісі, сосын режиссураның әлсіздігі. Бізде актерлер жоқ емес, жастар өсіп келе жатыр жарқырап. Бүгінгі таңдағы 50-ге жуық театр режиссерлары арасында сахна өнерін дәстүрлі жолмен ұштастыра жаңғыртып, жаңартуға талпыныс жасайтын Батыс Қазақстан, Жезқазған театрына басшылық жасап, таяуда ғана Б.Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі болып ауысып келіп жатқан Мұрат Ағмановқа үлкен үмітпен қараймын. Өзінің актерлік әрі режиссерлік білімі бар. Ізденгіш жігіт. Оның метафоралық ой шарықтатуы, сахнада әдемілік, әсемдік символдарына баруы мені ойға бөлейді. Сол сияқты Қарағанды театрының көркемдік жетекшісі Әлімбек Оразбековтен үміт күтем. Мына Абай атындағы Жамбыл облыстық театрының режиссері Қуандық Қасымов туралы да жоғары ойда жүруші едім. Ол Жамбылдан Алматыға келіп, екі театрға екі спектакль қойды. Өкініштілігі сол, деңгейден төмен болды. Меніңше, оның сонда жүре бергені жөн еді...
Біздің ұлт театры режиссерларының жарқырап көрінулеріне не жетпейді? Мына Өзбекстан режиссерлары өз қойылымдарын сонау алыс шет елдерге шығарып қойып жүр. Қырғыздың Нұрлан есімді екі режиссеры бар, бірі - Әбдіқадыров, екіншісі - Жәлел, екеуі де шет елден шықпайды. Анау тәжіктің Фаррух Қасымов деген режиссеры, Швеция, Норвегия сияқты Скандинавия түбегі елдеріне түгел қойып шықты шығармаларын. Түркімен Қахаджан Әшімов, Әулие Құли, тәжіктің тағы бір режиссеры Борзу Әбдіразақов - осылардың бәрі дүркіретіп туындыларын шет елдерде қойып жүр. Ал енді біздің бір қазақ режиссерін шет ел асып, өз атын да шығарып, ел атын да шығарып жүргенін, мен естігем жоқ! Тек осы өз ауылын торып, шулатып-шаңдатудан аспайды. Сол қиқу алыстан, арғы жағалаулардан естілсе деймін ғой мен. Ол жақтан жыртық-жамауды бері әкеліп, келсін-келмесін жапсыра бермей, хас талант екенсің - өз асылыңды жарқыратып сыртқа шығар. Көрсет, олар да танысын, білсін! Сені мойындамай, бағаламай жатса, еліңе сонда барып наз айт. Біздің төлтума дүниелер сол Еуропаңа да, басқаңа да ұлттық калориясын арттырып, жасантып көрсете алсаң. Ал әлгідей, көшірінді дүниеңмен оларды таңдандыра алмайсың. Жаңағы көрші елдердің қайсысы экономикалық-әлеуметтік жағынан Қазақстаннан асып, маңдайы шылқып отыр екен? Сол көршілеріміз сонау алыс шет елді айтпағанда, бізге де келіп қойып жатыр ғой өз дүниелерін. Қ. Жандарбеков атындағы Жетісай театрына өзбек режиссері "Алпамысты" қойды. Көрдім, жақсы қойған. Сол өзбектің Сәлімжан деген режиссері "Ат жылаған түн" деген спектакльді, түркімен Қахаджан Әшім "Қабыл-Адам ата баласын", қырғыз Нұрлан Әбдіқадыров "Шыңғысханның ұлы мұхитын" қойып кетіп жатыр М.Әуезов театрына. Ресейден де келіп жатыр. Ал біздің режиссерлердің үні шықпайды, тырс етпейді. Алыс шет елді қойып, осы өз айналамызға барып қоя алмай отыр. Өз аулымызда ғана жатып алып, жүнімізді дүрдитеміз келіп, тілімізбен орақ орып... Мысалы, манағы Атабаев ауыл-ел ішінде сөйлегенде ауыздыға сөз бермейтін білгір, айтқыш-ақ. Қысқасы, қазір біздің режиссерларға, ең әуелі, жанкештілік, ізденіс, еңбектену жетіспейді. Барды малданып, жайбарақат жан бағуға бейімделушілік байқалады. Ал өнер адамы үшін "барды береке тұту" - шығармашылық өлудің алғы шарты деп білем өз басым. Шынайы шығармашылық иесі қашан жүрегі соғуын тоқтатқанша әрекеттеніп, түртініп, қыбырлай беруі шарт!
Есмұхан Несіпбайұлы Обаев 1942 жылы Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген. Орта мектепті ойдағыдай оқып бітірген жас өрен Қазақстың Құрманғызы атындағы консерваториясының театр факультеті, режиссерлік бөлімініе түсіп, оны табысты тәмамдаған. Оның шығармашылық жолы 1964 жылы М. Әуезов атындағы драма театрында қоюшы режиссер қызметінен басталды. Аталмыш сахнадағы З. Ақышевтың Жаяу Мұса, Т. Ахтановтың Боран, Б. Майлиннің Көзілдірік сияқты сәтті қойылымдардан соң 1968 -- 1970 жылдарда жас режиссер Мәскеудің М. Горький атындағы академиялық драма театрында стажировкадан өтеді. 1970 жылы Е. Обаев Алматының Жастар мен балалар театрына қоюшы-режиссер қызметіне тағайындалды. Қырғыздың Ош облыстық драма театрында бірнеше пьесаларды сахналап, бауырлас республика театрында зор творчестволық жемістерге жетті.
Талантты режиссердің күрделі де қызықты творчестволық жолы 1971 -- 1991 жылдар аралығында ұлттық драмтургиямыз бен театрымыздың ту тіккен жері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz