Қазақстандағы аңшылық туризмнің қазіргі жағдайы және болашағы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

«Қазақстандағы аңшылық туризмнің қазіргі жағдайы және болашағы»

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1 Қазақстан аумағындағы аңшылық және оның түрлері

1. 1 Қазақстан жеріндегі аңшылықтың дамуы

1. 2 Қазақ жеріндегі аңшылықтың түрлері

2 Қазақстан аумағындағы аңшылық жайылымдар

2. 1 Оңтүстік Қазақстан аумағындағы аңшылық жайылымдар

2. 2 Батыс Қазақстан аумағындағы аңшылық жайылымдар

2. 3 Орталық Қазақстан аумағындағы аңшылық жайылымдар

2. 4 Шығыс Қазақстан аумағындағы аңшылық жайылымдар

2. 5 Солтүстік Қазақстан аумағындағы аңшылық жайылымдар

3 Қазақстандағы аңшылық туризмнің қазіргі жағдайы және болашағы

3. 1 Аңшылық туризмнің нормативтік­құқықтық базасы

3. 2 Аңшылық туризмді дамытудың экономикалық негіздері

3. 3 Аңшылық туризмін дамытудың маркетингтік негіздері

3. 4 Аңшылық шаруашылықты дамыту жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың, бас кезінде сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік нарықтық дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болды. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Қазіргі туризм еңбекшілерінің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналады. Барлық ТМД елдеріндегі сияқты, Қазақстандағы туризм жүйесінің қалыптасуы қалың бұқараны қамтитын демалыстың бір түріне айналып келеді. Нарықтық қатынасқа көшкен кезімізде туризм бизнестің тамаша көзіне айналып отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бәрінде туризм жақсы дамыған. Туған өлкеге саяхат жасау адамдардың бойында табиғатқа деген сүйіспешілікті арттырады. Соңғы жылдары туристердің саны жылдан-жылға артып келеді. Сонымен қатар елімізде ғылыми негізден аңшылық туризм де дамып келеді. Мүмкін, бұның бірде-бір жауабы, еліміздің бұрын соң жабық болғанымыз, сонымен қатар табиғи байлығымыздың осы күнге дейін байырғы қалпында «сақталып» келгені. Қазақстан алуан түрлі аңшылық алқаптарға бай, онда көптеген кәсіптік маңызы бар жануарлар мекендейді, олардың біршамасы трофейлік (олжалық) түрлерге (тұяқтылар, жыртқыштар, құстар) жатады. Бұл Қазақстанда аңшылық туризмнің дамуына жағдай жасай отырып, сонымен қатар ол дүниенің әрбір түпкірініндегі көптеген аңшы-туристтерді еліктіріп отыр.

Адамзат алғаш әлемде пайда болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе өмір сүрүге талпынған. Күн көріс қарекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-жидекті теріп жей келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. Мұны дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер соның айғағы іспетті.

Аңшылық-адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі болғанымен, уақыт өте келе уақыттқа ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен технократтық өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардың ақыл-парасатының арта түсүі, өркениетті қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды. Сондықтын аң-құстарды жөн-жозықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қоюыла басталды. Әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктерімен байырғы дүниетанымындағы табиғат ананы қастерлеу, оның аң-құсын, әсіресе қазақтар «Құдайдың малы», «қоңыр аң» деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі, құлжа қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жозықсыз қыруға жол берілмейді.

Осы кезден аң аулаудын көптеген тәсілдерінің бірі алға шықты, ал қайсыбірі екінші қатарға ысырылды. Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу, қумай тазымен аулау, ату қаруларымен (садақ, мылтықпен) түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ абақ шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар.

Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы баптау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды. Ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай: «Аңшылықтың үміт қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. Бұл-салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніңдей ыстық сезім өмір. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы журек. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық өмірінен ілгері - соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп». Шынымен­ақ құсбегіліктің адамды ақындық деңгейге жеткізетін «өнер», әрі халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы «еркелері» салдар мен серілердің жан жолдасы, жұрттың еңбегі ғана емес, кие тұтар құндылығы болып қалды. Оның дәлеліндей, аушы құстарға қатысты толып жатқан ырым- тыйымдар жұқанасы (реликтері) күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.

Аңшылық туризм соңғы жылдары дүние жүзіне танылып, қарқындар дамып келе жатқан экологиялық туризмнің бір түрі, оны кейде шытырман оқиғалы туризм деп те атауға болады.

Жұмыстың көкейкестілігі: Қазақстан алуан түрлі аңшылық алқаптарға бай, онда көптеген кәсіптік маңызы бар жануарлар мекендейді, олардың біршамасы трофейлік (олжалық) түрлерге (тұяқтылар, жыртқыштар, құстар) жатады. Бұл Қазақстанда аңшылық туризмнің дамуына жағдай жасай отырып, сонымен қатар ол дүниенің әрбір түпкірініндегі көптеген аңшы-туристтерді еліктіріп отыр.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы аңшылық туризмді зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

1. Аңшылық шаруашылық алқаптарына және кәсіптік жануарларға, соның ішінде олжалық түрлерге сипаттама беру.

2. Аңшылық туризмге сәйкестендіріп, нормативті-құқықтық базасын құру.

3. Аңшылық турларды ұйымдастыру.

Зерттеу нысандары: аймақтағы туристік - аңшылық алқаптардың даму мүмкіншіліктерін меңгерудің дәрежелерімен танысу. Аңшылық туризмді дамыту факторларына баға беру.

Практикалық әдіс - тәсілдері: әдебиеттермен жұмыс, архив мәліметтері мен статистикалық мәліметтер жинау, дала тәжірибелері мен нәтижелері, анализдеу және синтез, географиялық тәжірибелер мен мәліметтер.

Құрылымы: кіріспе, 3 негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімдерден тұрады.

1 Қазақстан аумағындағы аңшылық және оның түрлері

  1. Қазақ жерінде аңшылықтың даму

Аң аулау дәстүрі ерте заманда адамдардың күн көріс кәсібімен бірге туғаны белгілі. Оны тіпті өте көне кәсіп деуге де болады. Ертеде адамдар аң мен құсты таспен ұрып, сойылмен соғып, інге паналағандарын сумен тұншықтырып, түтінмен бұлықтырып аулаған болса, бертін келе үйретілген иттерді қосты, атпен қуды, құс салды. Ор мен аранды, қода мен дараны, шалма мен бұғалықты, тор мен тұзақты, зақпы мен кайтып келді, шаппа мен қақпанды, сере мен найзаны, садақ пен мылтықты әр дәуірге орай жетілдіре пайдаланды. Аң аулауды күн көрістің кәсіптік көзі етті. Саятшылықты сауық - сайран салтанат белесіне көтерді. Нәтижесінде спорттық және кәсіптікмәні бар аңкөстіктің неше турлі мамандары пайда болды.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебитінде аңшылық туралы аңыз - әңгімелер көп. Соның бірі аңшы, аңкөстік, аңшылық, бүркітші қағушы салбуырын сияқты ұғымдарға көңіл бөліп көрейік.

Аңшы - аң аулаушы, аңды аңдушы, соңына түсіп аулап алушы адам. Бүгінгі заманымызда аң аулау мемлекеттік айналған. Аң аулау ұшін жаңа заман ғылымы мен техникасы араласты да, алуан түрлі әдіс - айла жасалды. Мұндай аулау әдісі алдында ұшқан құс, жүгірген аңның ешқандай құтылу лажы жоқ. Бірақ, аңды қорғау, сақтау өсіру өрбіту, молайту жұмыстары жолға қойылған біздің мемлекетте аң мен құсты бет алды аулауға тыйым салынған.

Ал, аң аулау дәстүрі мен тарихын алғанда, ертедегі адамдар аң аулауды өмір сүрудің, күнкөрістің көзі еткені мәлім. Ертедегі адамдардың аулау әдістері де алуан түрлі болған. Олар әуе баста тым қарапайым жолмен ғана тамақ табуды көздесе, кейінніен аң аулауды кәсіптің көзі, қызықтаудың негізі еткен. Бірақ әр заманның әдіс - айласы басқа- басқа болғанмен, қазақ халқының ұғымында солардың бәрі де аңшы аталады.

Аңшылар аңға шықты мылтық алып,

Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып.

Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан

Бір қасқыр қаша берді тұра салып

(ХХ ғасыр, қазақ ақындары, ҚТФС. 284-бет)

Аңкөстік − Қазақ халқы осы сөздің тым ертедегі еске ала отырып, аңкөс адам дегенді өте үлкен мамандық иесі деп білген. Тас, таяқ, сойыл, шоқпар, түтін, тор, тұзақ, ау, қақпан, шоқпар, су, түтін, тор, түзақ, ау, қақпан, ат, ит, құс, садақ, мылтық сияқты қару- жарақтармен аң аулау білетін, осы қару жарақтың бәрін немесе бірнеше түрін пайдаланып, аң адамдарды аңкөс адам деп таниды. Бірақ аңкөстік қару жарақты пайдалануға ғана айтылмайды, ол адам қай аңды, қай қарудың түрімен (мысалы, тұзақ, ау, қақпан, садақ, шоқпар, сойыл, тіпті су, түтін т. б. ), қалай аулауды да білуі шарт[1] .

Қазақ халқының аңшылық мамандығындағы аңкөстік өте күрделі, жан - жақты мән мағыналы ұғымда айтылады. Аңкөс адам әрбір аңның тіршілік ету әдісін, өсу өрбу жолдарын білу керек қай аң қандай жерде, қай жерде болады, олардың аулану маусымындағы мекендері қай жерде болады, олардың аулану маусымындағы мекендері қай жер, аңдардың күндізгі және түнгі өрістері, жыртқыштардың жортуы, қоңыр аңның жайылу, жусау, ұйықтау, өру кездері, олар нені жейді, нені жемейді, тіпті олардың құмалағына дейін, мәселен қай аңныңқұмалағы екеніне дейін айыра білуәі керек.

Ол адам өзі жасаған жердегі өзі білетін аңның өзін де сырын да керек. Ол аңдар нені тез сезеді, нені сезбейді, олардың иіс айыруы, бақылау, қараылдау, күзету, қарау, көру, сезіну, секем алу сергектігі, мінез - құлқы, тағысын- тағылар қай аңдақалай болатының білетін адамдар аңкөс адам болып саналады. Аңкөстер аңның бқғу, қору, қорғалау, қашу, тосқауылдау, бұлтару, із тастау әдістерін де білуі шарт. Тіпті аңныңеркегі мен ұрғашыларының, үлкені мен балаларының дыбыстарын айыратын болуы керек. Күн райы, жел, боранның, жер бедерінің орайлы-орайсыз жақтарын да мұқият білгені абзал.

Айта берсе, бұл - таусылмайтын жыр. Аң мен аңшы арасындағы аңдысудаайтып бітіруге болмайтын, бәрін бірдей біліп болмайтын сырлар өте көп. Бірақ осының бәріне мән беретін адамды қазақ халқы аңкөс деп атайды аңкөстік өзі аулап жүрген аңның сыр-сипатын түсіне білетін маман деген ұғым береді. «Аңшының қанша айласы болса, анның да сонша жолы болады» дейді халық.

Аңшылық - аң аулау кәсібі, аң аулауды күн көрістің көзі етушілік. Тәтті етін, қымбат терісін, мамық, жүн, қауырсындарын, мүйізі мен тұяғын, тісі мен сүйіегін және басқа қымбат заттарын алып, дүние - мүлік жинауды кәсіп етушілік. Сәкен Сейфуллиннің көшпелі елдің аңшылық, малшылық, жаугершілік өмірінен неше түрлі ертегі, әңгімелер, екпінді күйлер, жырлар шыққаны дегені бар.

Ұлан байтақ жері бар Қазақстан территориясы талай заманнан бері жабайы хайуанаттардың мекені болып келді. Осы жануарлардан алынған өнім халыққа кисе киім, ішсе тамақ болды. Соның негізінде аң аулау негізі пайда болып, күрі бүгін ол үлкен мемлекеттік маңызы бар, ірі шаруашылық негізінің біріне айналып отыр.

Міне, осы аң шаруашылығының қазіргі жағдайын жете түсініп, оны одан ары дамыта беру мүмкіншілігін ашу үшін оның өткен тарихын жақсы білген жөн.

Сонау көне дәуірдкн бері республика территориясында климат жағдайы бірнеше рет өзгерді. Соған байланысты онда тіршілік ететін жануарлар дүниесінде де талай ­талай өзгерістер болды[1] .

Адамзат қоғамы қалыптаса бастаған дәуірдегі аңшылық тарихымен танысу мынаны көрсетеді: Қазақ жерінде бірнеше мыңдаған жылдар бойы ірі сүтқоректілерді аулау - адам баласының тіршілік етуінің негізгі көзі болған. Аңшылық алғашқы қарапайым техниканың дамуына әсерін тигізді. Палеолит және неолит дәуірлерінде ол қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші болды. Тек қана мал шаруашылығы мен егіншіліктің етек алуы аң аулау кәсібін екінші қатарға ығыстырды.

Бұдан шығатын тағы бір маңызды қорытынды - Қазақстан территориясында тіршілік ететін ірі жабайы жануарлардың 300 мың жылдан астам уақыт бойы тікелей немесе жанама түрде адам ықпалында болуы. Тіпті еңбек құралдары жетілген сайын бұл әсер жылдан­жылға күшейе түсті. Біздің аймақта халық санының өсуіне, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуына байланысты адамның жабайы хайуанаттарға жанама әсері күшейді. Олар көктемде егін егетін жерлерді тазарту мен жайылымды жақсарту мақсатымен біраз жерлерді өртеуді практикаға айналдырды. Бұл өрт мыңдаған гектар шабындықтар мен орманды құртып жіберді. Сондай­ақ үй малдары арасында болған жұқпалы аурулар жабайы жануарлар ішінде де таралғаны мәлім. Міне, осындай жағдайлар кең байтақ даламызда өрген хайуанаттардың өсуін тежеп отырды.

Көне дәуір адамдары мамонт пен жүндес мүйіз тұмсықтың құрып кетуін тездетсе, қола ғасырдың аңшылары жабайы өгіз - турды, бизонды, жабайы екі өркешті туйені жойып жіберді.

Біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мың жылда Қазақстан территориясында тұратын көне халықтар ру­тайпаларға бөлінген. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, тапқа бөліну етек алды. Бұл тарихи кезең аңшылықтың жаңа тәсілдерінің одан әрі дамуымен суреттеледі. Әуелі мыстан, қоладан, одан кейін темірден жасалынған қарулар пайда болды. Осыған қарамастан, аң және балық аулау көмекші шаруашылық есебінде қалып қойды.

Сол заманда Қазақстан жерін сақтар мен скиф тайпаларының мекен еткені тарихтан белгілі. Сақтардың негізгі мұрагері түркі халықтары, соның ішінде қазақтар болуы керек. сақ тайпасы өздерінің қаруларын, ыдыстарын және басқа заттарын жан­жануарлардың (қой, ешкі, жылқы, арыстан, аю) бейнелерін салумен әшекелейді. Қанжар, пышақ саптарын жасағанда да оларға хайуанаттардың формасын берді. Тау теке, жылқы сияқты жануарлардың бейнесін тастарға салып қалдырды.

Сақ уакытында тастарға ойып салынған суреттер Қазақстанның көптеген аудандарынан табылып отыр. Мәселен, Алматы обылысының Дауылбай тауы мен Теректі сайы және Таңбалы сайынан, Семей обылысы Шұбартаудан кездескен тас бетіндегі бейнелер ерекше назар аударады. Мыңнан астам тасқа ойып салынған суреттер Ақсу Жабағылы қорығындағы Қасқа бұлақ аңғарында да бар. Тасқа қашалынған таңбалардың көбінде бұғы, арқар, марал, түйе, ат, ит, тау ешкісі бейнеленген. Садақ асынып, ит ерткен аңшылардың суреттері де жиі ұшырайды. Солардың көпшілігінде бұғы бейнеленген. Бұдан шығатын қорытынды, ерте кезде бұл маңда бұғы көп болған. Келе­келе аңшылар бұл жерде олардың тұқымын жойып жібеоген болуы керек.

Міне, осындай тастағы таңбалар сол заманда аңшылық етудің қаумалап ұстау, садақ ату және ит жүгірту әдістерінің кең тарағанын айқын танытады. Бұл мақсат жүйрік аттарды пайдалану табысқа жетудің кепілі болды.

Аңшылардың көмекшілері тек жүйрік ат пен тазы ғана болып қана қойған жок, сонымен бірге қолға үйретілген барысты да аңға салғанын Шолақтау тастарындағы суреттер растайды. Гепардпен аң аулау туралы Азия мен Қазақстанға саяхат жасаған Марко Поло сипаттап жазған. Бірақ, бұл хайуанаттарды қолға үйрету қиын болғандықтан, оларды тек ру, тайпа басшылары ғана ұстаған деп шамалауға болады.

Республикамыздың түпкір­түпкірінен табылған тастағы бейнелер аңшыларды қоршаған ортада қандай жануарлар тіршілік еткенін және сол кездегі оларды аулау әдістерін көз алдыңызға елестетеді.

VI−XII ғасырларда Сырдария бойында, Қаратау өңірінде, Талас алқабында және Жетісу бойындағы халықтардың жиі қоныстануына байланысты көптеген ауылдар мен қалалар пайда бола бастады. Оңтүстіктегі қалалар арқылы үлкен сауда жолдары өтті. Көшпелілердің негізі кәсібі - мал өсіру болды. Осы айтылғандар сауда­саттық үшін терісі аса құнды аңдарды көп аулауды керек етті.

X−XI ғасырларда Ертіс өзені жағалауын жайылым еткен малшылар аңшылықты да кәсіп еткен. Олар бұлғын, ақкіс және түлкі терілерін дайындап, оларды өз тұрмыстарында пайдаланумен бірге көршілеріне тұзға айырбастап отырды деген мәлімет бар.

Марко Поло он үшінші ғасырлардағы Қытайға барған саяхатын баяндағанда, Қазақстан жерінде тұратын халықтар туралы былай дейді: «Мұнда тұратындар - көбінесе аңшылар, олар өздеріне көп пайда беретін терісі аса бағалы хайуанаттар - ақкіс, бұлғын, ақ тиын, қара түлкілерді ұстайды екен. Олардың терісінен өте жоғары бағаланатын қымбат тондар тігеді. Сәнді терісі үшін жабайы жануарларды көп аулау олардың қорын жылдан­жылға төмендетіп жіберді».

Тіпті үлпілдек жүнді аң терілерінің ақша рөлін атқарған уақыттары да болды. Оған азық­түлік айырбастап алумен қатар, алым­салық төлеу және түрлі сыйлықтар беру осы арқылы жүргізілді.

XIII ғасырда Қазақстанда Монғол басқыншылары басып алған кезде де аңшылық үлкен роль атқарды. Монғолдарға тәуелді болған көшпелілер алым­салықты бағалы аң терілерімен және тұяқты жануарлардың қақтаған етімен төлеуге міндеттенді.

Монғол шапқыншылығы шаруашылық пен кәсіпкерліке орасан зор нұсқан келтірді. Олар Қазақстанның мәдениет орталықтары болған - Суяб, Барсагүл, Тараз, Отырар, Сауран және тағы басқа қалаларды жермен­жексен етті. Жаулап алушылар қала маңындағы егіншілікпен айналысатын шағын ауылдарды да құртып жіберді. Ертеде гүлденіп тұрғанЖетісу өлкесі енді қаңырап бос қалды.

XIII−XVIII ғасырларды республика территориясында халықтың өз қоныстануы, жаайқала өскен шабындығы мол өзендер мен көлдердің көп болуы мұнда жабайы аңдар мен құстардың қайтадан көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Шөл далада үйір­үйіріменкиік пен қарақұйрық жортса, қамысты сулар құстарға толы болды. сондықтанда осы уақыт аралығындакөшпелі халықтардың негізгі кәсіптерінің бірі - тағы да аңшылық болғанын тарихи мәліметтер айқын дәлелдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм саласының елімізде дамуы
Туризмнің мәні әлеуметтік- экономикалық категория ретінде
Туризм инновациясы
Шығыс Қазақстан облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен туристік іс - шаралар
Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары
Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі
Экологиялық туризм түсінігі
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
Туристік нарықтың сегменттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz