Наполеон саяси билікке жету жолында



1804-1815 жылдары және 1815жылғы наурыз – маусым айларындағы Француз императоры. 1799 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірінші консул болды. 1804 жылы император титулын иеленді. Билігі кезінде диктаторлық режим орнатып, өзінің айбынды әскерінің арқасында империяның аумағын кеңейтті. Орталық және Батыс Европаның көп бөлігін Францияға тәуелді қылды. 1814 жылы тақтан аластатылды. Бірақ, 1815 жылы тағы да император тағын иеленді, кейін Ватерлоо түбіндегі ұрыстағы жеңілістен кейін қайтадан тақтан айырылды. Өмірінің соңғы жылдарын Қасиетті Елена аралында өткізді.
Карло Мария Буонапарте- Наполеон Бонапарттың әкесі, 1746 жылы туған, Корсика аралының ұсақ шаруашылық иесі, Аяччо қаласының тұрғыны. Оның адамдарға деген жанашырлығы сондай – оны корсикалықтар тамаша Карло атаған. 1764жылы Карло Мария генуя жанұясынан шыққан 14 жасар Литиция Рамолиноға үйленеді.
Наполеон Бонапарт – 1769 жылы 15 тамызда Аяччо қаласында Карло Бонапарттың отбасында дүниеге келген. Наполеон – жанұяда екінші бала. Әкесінің 12 баласынан қалған сегізі, соның ішінде 2 үлкен ұлы Жозеф пен Наполеонды Француз үкіметінің 1779 жылғы жарлығы бойынша стипендия берілетіндей жағдайға қол жеткізген соң, Францияға колледжге оқуға жібереді. Бұл кезде Наполеон 9 жасар бала еді. Наполеонның тарихи өмір жолы осы 9 жасында үйінен кеткен кезден басталады. Наполеон Отен колледжінде аз уақыт болған соң, Бриендегі әскери училищеге ауысты. Сабаққа нашар үлгеретін, французша әрең түсіндіретін бала, жолдастарының күлкісіне айналған еді. Бірақ, ол өзінің талабымен, талантымен көзге түсе білді. Сол кезден бастап, оның еліктеушісі, үлгі тұтатыны- Юлий Цезарь болатын. Наполеон барлық пәндер ішінде – математикаға көп көңіл бөлді. Сонымен бірге – тарих және география пәндеріне деген қызғушылығы ерекше еді. Тек латын және неміс тілдерінен нашарлау болды. 1784 жылы мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырып кадет шенін алады, және ол Париждегі әскери мектепке көшеді. Париж әскери мектебі – елдегі ең керемет оқу орындарының бірі болды. Ол тек әсем ғимарат қана емес, сонымен бірге білімді де тәжірибелі мұғалімдер ордасы болды. Осындай ордада жас тәрбиеленуші бозбала –

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
НАПОЛЕОН САЯСИ БИЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДА

Наполеон Бонапарт - өмір жолы

1804-1815 жылдары және 1815жылғы наурыз - маусым айларындағы Француз императоры. 1799 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірінші консул болды. 1804 жылы император титулын иеленді. Билігі кезінде диктаторлық режим орнатып, өзінің айбынды әскерінің арқасында империяның аумағын кеңейтті. Орталық және Батыс Европаның көп бөлігін Францияға тәуелді қылды. 1814 жылы тақтан аластатылды. Бірақ, 1815 жылы тағы да император тағын иеленді, кейін Ватерлоо түбіндегі ұрыстағы жеңілістен кейін қайтадан тақтан айырылды. Өмірінің соңғы жылдарын Қасиетті Елена аралында өткізді.
Карло Мария Буонапарте- Наполеон Бонапарттың әкесі, 1746 жылы туған, Корсика аралының ұсақ шаруашылық иесі, Аяччо қаласының тұрғыны. Оның адамдарға деген жанашырлығы сондай - оны корсикалықтар тамаша Карло атаған. 1764жылы Карло Мария генуя жанұясынан шыққан 14 жасар Литиция Рамолиноға үйленеді.
Наполеон Бонапарт - 1769 жылы 15 тамызда Аяччо қаласында Карло Бонапарттың отбасында дүниеге келген. Наполеон - жанұяда екінші бала. Әкесінің 12 баласынан қалған сегізі, соның ішінде 2 үлкен ұлы Жозеф пен Наполеонды Француз үкіметінің 1779 жылғы жарлығы бойынша стипендия берілетіндей жағдайға қол жеткізген соң, Францияға колледжге оқуға жібереді. Бұл кезде Наполеон 9 жасар бала еді. Наполеонның тарихи өмір жолы осы 9 жасында үйінен кеткен кезден басталады. Наполеон Отен колледжінде аз уақыт болған соң, Бриендегі әскери училищеге ауысты. Сабаққа нашар үлгеретін, французша әрең түсіндіретін бала, жолдастарының күлкісіне айналған еді. Бірақ, ол өзінің талабымен, талантымен көзге түсе білді. Сол кезден бастап, оның еліктеушісі, үлгі тұтатыны- Юлий Цезарь болатын. Наполеон барлық пәндер ішінде - математикаға көп көңіл бөлді. Сонымен бірге - тарих және география пәндеріне деген қызғушылығы ерекше еді. Тек латын және неміс тілдерінен нашарлау болды. 1784 жылы мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырып кадет шенін алады, және ол Париждегі әскери мектепке көшеді. Париж әскери мектебі - елдегі ең керемет оқу орындарының бірі болды. Ол тек әсем ғимарат қана емес, сонымен бірге білімді де тәжірибелі мұғалімдер ордасы болды. Осындай ордада жас тәрбиеленуші бозбала -
Наполеон Бонапарт өзінің ғылымға деген ұмтылысымен барлық мұғалімдердің шапағатына бөленіп, 1786 жылы училищені кіші лейтенантң деген атақпен бітіріп шықты. Оқудан кейін үлгілі Ла-Фер полкіне артиллерия лейтенанты болып жіберілді. Кейбір деректерде Лион қаласының маңындағы Валанс полкіне жұмысқа жіберілді 19 делінеді. Міне, осы гарнизонда артиллерия бөліміндегі кіші лейтенант - Наполеон Бонапарттың әскери қызметі басталды. Оның күнделікті жағдайы, гарнизондық қызметі - жас жігітті қанағаттандырмады. Ол өзінің білімін әскери іс туралы кітаптарды оқу арқылы жетілдіре түсті. Атап айтқанда: Маркиз де Фекъердің Мемуарларң, Гибердің Тактика туралы жалпы елестетуң, дю Тайленің Артиллерияны қолдану туралы хатң және де ұлы артиллерист Грибовалдың Өсиетң атты еңбектерін оқыды. Сонымен қатар, Юстинианның кодексімен танысып, көрнекті ағартушылардың еңбектерін оқып жүрді. Соның ішінде оның өміріне көп ерекше ықпал еткен Рейналь мен Руссоның еңбектері болды. Бриенде, Парижде, Валанста жүрген кезінде өз жерін, ата-бабасын аңсап, Корсиканың ұлылығына таң қалып, көп ойланатын. Наполеон Бонапарт әскери мектепте оқып жүрген кезінде, өмірдегі қиын кезеңге тап болады. 1785 жылы 40 жасқа жетпей әкесі дүниеден қайтты. Осы кезде жас бозбаланың мойнына шешесінің, қалған кішкентай бауырларының ауыртпалығын көтеру міндеті тұрды. Содан Наполеон Бонапарт Аяччодағы жеті жылдан астам уақыт болмаған үйінің табалдырығын қайта аттады. Наполеонның бұл келісі - деп жазады үлкен ағасы Жозеф,- шешемнің ұлы да бақытты кезеңі болып саналады 20.
Наполеон Бонапарт өз жұмысын тиянақты істеуімен көзге түсті. Ол өз жұмысын және артиллерия өнерінің құпияларын білетін ынталы офицер болды. Артиллерия бөліміндегі кіші лейтенанттың өмірінде қуанып, еске аларлықтай ештеңе болған жоқ. Өмір жолы қарапайым, жұпыны өтті. Ол өзін барлық жағдайларда тежеп отырды. Осылайша, кедейлік оның соңынан еріп отырған еді. Наполеон өзі корсикалық болғанымен оған тағдырдың бұйрығымен француздар арасында өмір сүруге тура келді. Өйткені, Корсика 1769 жылы Француздардың жаулауына түскен еді. Оның аты сол кезде корсикалық транскрипция үлгісінде - Наполионе ди Буонапарте деп жазылатын, кейін Францияға келгесін Наполеон Бонапарт болып өзгертілді. Сол кезде Корсика көсемі - батыр Паоли еді. Наполеонның өз бойындағы ерекшеліктерінің бірі - есте сақтау қабілетінің өте жақсы болуы еді. Сол қасиетінің арқасында ол өз отрядындағы бүкіл солдат, офицерлердің аты-жөнін жатқа білген. Сонымен бірге, ол қолы бос уақытында шахмат ойынын және картада 21 ойынын ойнағанды ұнатқан. Наполеонның тағы бір ерекшелігі- музыканы ттыңдай және түсіне білді. Наполеонның ең басты кәсібінің бірі- көркем әдебиеттер оқу болды. Бриенн училищесінде оқып жүрген кезде-ақ ол қолы бос уақытында тек кітапханаға баратын. Әсіресе, Полибий және Плутархты, тарихи әңгімелерді оқығанды ұнатқан. Валанста оқып жүрген кезінде өзінің қалған ақшасына Женева тағы да басқа қалалардан кітаптар алдырып жүрді. 1786 жылы Корсикаға өз еліне келген кезде ағасы Жозефтың айтуынша, оның кішкентай сандығы кітапқа толы еді. Француз тіліне аударылған Плутарх, Платон, Цицерон, Корнелий, Непот, Тит Ливий, Тацит шығармалары және де Монтен, Монтескье, Рейнал еңбектері болған. Наполеонның тарихқа жақындығы сондай- антика заманындағы Эллада, Рим тарихын, ежелгі замандағы Египет, Ассирия, Вавилон, Персия тарихын оқып, өзіне керек жерлерін дәптеріне жазып алып жүрген. Оның дәптерлерінде Англияның Юлий Цезарь басқарғаннан бастап, 17ғ. Соңына дейінгі кезеңі жазылған. Наполеон өзінің жолдастарын сол кездегі классикалық Француз әдебиетін, соның ішінде теңдесі жоқ терең де тұңғиық Корнел, Расин, Лафонтен, Боссюэ, Фенелон, Вольтер, Руссо шығармаларын меңгеруімен қызықтырып жүрді. Осылардың бәрін жинақтай келгенде Наполеон Бонапарт прозада, поэзияда және т.б. әдебиет жанрларында жеңіл әрі тез, бірқалыпты еркін меңгере алғанын көреміз. Оның шығармалары жарыққа тез шықты. Романдары Маттео Буттафуокаға хатң, Бокердегі кешкі асң, Глиссон және Эжениң, және де 1788 жылы жарыққа шыққан Граф Эссексң шығармасы болды.
Наполеонның мінезі ерте балалық шағынан бастап шыдамсыз әрі тынымсыз болды. Мен кішкентайымнан айқай мен төбелеске бейім тұрдым. Еш уақытта ешкімнен қорыққан емеспін, бірін тістедім, бірін ұрдым, бәрі меннен қорқатын болды, менің осы қылығым үшін ағам Жозеф жауап беретін болды, оны да ұрдым. Ол үшін оны соққыға да жығып жүрді. Ол маған келгенше, мен шешеме арызданып та болатын едім. Бірақ, менің қыңырлығым өзіме пайда әкелді. Шешем Литиция, менің төбелесім үшін сөксе де менің қарсыласуымды жек көрдің21.
Наполеон кішкентайынан қырсық әрі қыңыр болып өсті. Анасы оны жақсы көрді, бірақ тәрбиелегенде Наполеонға да, басқаларына да суық қарады. Әкесі мейірімді, бірақ ауыр мінезді адам болды. Отбасында негізгі ролді шешесі Литиция басқарды. Ол қатал әрі еңбек сүйгіш және баланы жақсы тәрбиеледі. Наполеонның еңбек сүйгіштігі, қатаң тәртіпке икемділігі - шешесінің тәрбиесі еді.
Шалғайдағы арал табиғаты, жабайы таулы ормандар, шатқалдар және әулет аралық қақтығыстар қанға- қан деген кек алу заңдылықтары жас Наполеонға қатты әсер етті. Ой еңбегіне бейімділігі жас кезінен қалыптасты. Егер мен бір нәрсеге дайындалатын болсам, алдын-ала ойланып, күні бұрын қам жасаймын. Менің бұл ойым басқаларға күтпеген жерден сарт ете қалатын еді, бұл менің ойлауымды дамытады. Мен әрдайым жұмыс жасаймын, түскі үзілісте де, театрда да, кейде түнде тұрып та жұмысқа кірісемін 22. деп жазды. Өзінің тапқырлығы туралы ол кейде салмақты түрде, кейде келеке түрде айтып жүрді.
Наполеон өзінің еңбекке бейімділігімен мақтана алатын еді. Оксонда оқып жүргенде өзі қалам алып шағын трактат жазуға бел байлады. Бомба лақтыру туралы деген трактатының негізгі мазмұны - баллистикалық қаруға арналды. Артиллерияның жұмысы оның ең сүйікті әскери мамандығы болды. Оның соңғы кездегі жазбаларында беллеристика туралы ойлары, философиялық саяси этюдтары қалды. Бұл жазбаларда ол либералды бағыт ұстады. 20 жасар артиллерия жұмысшысына 1789жылғы революция әсер етті.Өзінің әлеуметтік шығу тегі бойынша, Наполеон революциядан яғни, буржуазияның абсолюттік феодализмді құлатуы өте тиімді болды. Корсикада дворяндар, әсіресе кіші поместье иелері Францияның өзіндегі дворяндар тәрізді жеңілдіктерге ие болмады. Жоғарғы және тез карьераны алыс жердегі дворяндар қорғай алмайтын еді. Егер Франция жабайы Италия аралдарын басып алмаса және 1789 жылы көзге көрінбесе, әлеуметтік баспалдаққа көтерілмес те еді. Осылайша, Наполеонның революцияны пайдалануы тиімді болды.
Бастилияны алғаннан кейін, 2 ай өткесін демалысқа сұранып Корсикаға келді. Өзінің Корсикаға деген патриоттық сезімін одан әрі шыңдады. Көптеген әдеби шығармалар ішінде 1789 жылы Корсика тарихының очрекін Рэйнал оқып шықты. Үйіне келгеннен кейін шешесіне көп жылдан бері Франция тарапынан қуғында жүрген Паолидің жақтасы екендігін айтады. Паоли болса жас лейтенантқа салқын қарады, ал кейін екеуінің жолы бір емес екендігі айқындалды. Паоли Корсиканы Франциядан азат еткісі келді, ал Наполеон болса, Француз революциясы Корсиканың дамуына жаңа жол ашады деп ойлайды. Мүмкін бұл өзінің негізгі карьерасының бастауы болатын шығар Яғни, Наполеон Ұлы Француз революциясына ат салысты.
Тулон якобиншілерге қарсы көтеріліс жасағанда, Наполеон ешкімге белгісіз капитан еді. Конвент әскері қаланы алды. 1793 жылы қыркүйекте Наполеонға конвенттің комиссиясы бойынша артиллерияны басқару берілді. Тулонға шабуыл кезінде Наполеон бір отрядты басқарды, осында өзінің өжеттілігін көрсетіп, көзге түскен еді. Осыдан кейін Конвент комиссиясы Наполеонды бригада шеніне көтерді1794ж. Ол кезде Наполеон 24 жаста еді. Робеспьер диктатурасының құлауы, тулондық батырдың карьерасына қауіп төндірді. Бір мезгілде якобиншілерден тұтқындалып, кейін босатылды. Жаңа тағайындауларды, көтерулерді іздеген Наполеон депутат Барраспен танысады. Оның тапсырмасымен роялистер бүлігін 13-ші вандамьерде талқандайды. Сыйлық пен көтерілу көп күттірмеді. Баррас енді 5 директордың бірі болса, Наполеон-Париж гарнизонын басқарды. Осы кезде ол көркем де сұлу әйел - Жозефина Богарнэге кездесіп, артынан үйленеді. Жозефина өзінен 6 жас үлкен еді. Генералдың жесірі, әлі де болса әдемі және сезімтал ақылды әйел, жас Бонапарттың жүрегін жаулап алды.
Роже Дюфрес, Наполеонның қысқаша өмір баянын шеберлікпен жазған автордың айтуынша, Наполеон Жозефинаның адал, пәк еместігіне қарамастан сүйді, бірақ 13 жылдан кейін, мемлекеттік шешім бойынша олар қайта ажырасты 23 -дейді. Жозефинаның өмірінде романтикалық кезеңдер көп болғандықтан, ол алғаш кездескен Наполеонға онша мән бере қоймады. Жозефинаның негізгі ойы - жоғарғы шенге ие болған жас Бонапартпен бас қосып, материалдық жағдайын жақсарту болды. Бірақ, Жозефинаның бала көтермеуі негізінде 13 кейін, мемлекеттік шешім бойынша олар айырылып тынды. Негізінен, Наполеонның әйелдерге деген қарым-қатынасы тек бір жақты ғана болды. Оның ойынша, Наполеонды - әйелдер мәселесі қызықтырмады, және де сезім туралы ойланатындай, жан-жүрегін елжірететіндей, онда уақыт та болмады. Сондықтан ол жеке өміріне қатысты дәл осындай мәселелерге көп көңіл бөле қоймады.
Наполеон Европадағы үлкен соғыстарымен дүние жүзілік үстемдікті иелену арқылы әлемді дүр сілкіндірді. Әсіресе, Наполеон Англия үшін күндіз күлкісін, түнде ұйқысын бөлді. Англия айласын тауып, одақтастар құрып, бір соғыста жеңіп, Наполеон қашып, ағылшындардың кемесіне отырды. Енді бағыт- Қасиетті Елена аралы болды.
Бұл аралды португалдық саяхатшы - Васко де Гама 16ғасырда оңтүстік Атлант мұхитының жағалауынан 15-12-лік оңтүстік бойлықтан ашқан еді. 1501жылы 21мамырда католик шіркеуінің қасиетті күнімен қатар келгендіктен, арал - Қасиетті Елена деп аталды.17ғасырдың бірінші ширегінде арал голландықтардың, 1673жылы ағылшындардың құзырында болды, және бұл аралды Үндістанға қатынайтын жол торабына айналдырды. Ағылшын үкіметі Наполеонды осы аралға жер аударуға шешім қабылдады. Қасиетті Елена аралына ең жақын жағалау Африкадан 2000шақырым жерде болды. Сол кездегі желкенді қайықпен2:5-3айлық жол болатын. Бұл аралда Наполеон енді Европаға қайта алмайтындай етіп кепілдік жасады. Наполеонға оның ендігі өмір сүретін жерін айтқанда ол Маған әскери тұтқын ретінде қарауға хұқтарың жоқ24,деп наразылық білдірді.
1815жылы 15 қазан күні Нортумберлэнд кемесі Наполеонды өмірінің соңғы күнінің панасы-Қасиетті Елена аралына әкеліп түсірді. Онымен бірге маршал Бертран әйелімен, генерал-граф Монтолон әйелімен, және генерал Гурго,Лас-Каз ұлымен жер аударылды. Жалшысы-Маршан және т.б. адамдар да еріп келді. Мария-Луизамен бірге атасы-Францтың қолында болды. 1819 жылдан бастап Наполеонның науқасы өрши түсті.1821жылы ағылшын дәрігері-Арнотт, Наполеонның жағдайын ауыр екендігін анықтады. Бірақ, Наполеон бұл кезде серуендеуге шығуға жағдайы келді. 1820жылдан бастап, Наполеон сөздің басын бастап, аяқтамай, терең ойға кететін болды. Ол одан әрі үнсіз қалатын. 1820 жылдың аяғында Наполеон коляскаға мініп жүретін болды. 1821жылы қорқынышты аурулар қайталана бастады. Император бұл ауру- рак екенін сезді.Бұл тұқым қуалаушы, 40 жасында әкесі де осы аурудан кеткен еді.
Соңғы кезде 15-20 жылдықта медициналық журналдарда Наполеонның ауруының рак емес, тропикалық ауру, оны жас кезінде Египет пен Сирияға барған кезінде жұқтырғаны туралы болжамдар айтылуда25.
Наполеон Рак- бұл ішке енген Ватерлоо 26, деп көрсетті. Наполеон 13 сәуір күні граф Монтолонға өсиетін айтып жаздырып, 15 сәуірде оған қол қойды. Оның осында жаздырған сөздері 1840 жылы Париж мүгедектер үйіндегі мрамор тақтада тұрды. Онда былай делінген Менің сүйегімді өзім жақсы көрген Француз халқының арасына яғни, Сена жағалауына қоюларыңды сұраймын 27.
Ағылшындық Гудсон Лоуға арналған арнайы бөлімінде Наполеонның Мен ағылшын олигархиясы мен жаулаушыларының негізінде күнімнен бұрын өліп барамын. Ағылшын халқынан көп ұзамай мен үшін өшін алады 28, деген сөздері бар.
Баласына ол Францияға ешқашан қарсы шықпауын және бір ғана Бәрі де француз халқы үшін деген девизді ойына алып жүруді тапсырды.
1821 жылы 5 мамыр күні кешкі сағат 6-да Наполеон Бонапарт ауруы меңдеп көз жұмды. Басқа бір деректер бойынша, оны уланған 29 дейді.

НАПОЛЕОН БОНАПАРТ- КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Енді генерал Наполеон үкімет басына нақты адамдарды әкеліп, революцияның табыстарын қорғауға және жаңа үкіметте ықпалды орын алуға тырысты. Бонапарттың Сьейес және Талейранмен кездесуінде өз қолына бүлік тізгінін ұстап, өзінің белгілі қимыл бағдарламасын іске асырды. Бүлік 18 брюмерге 9қараша 1799ж белгіленді. Бүлікті іске асыру орнын, қаладан алшақтау жердегі Сен-Клу монастырі деп белгіледі.
Люсьен Бонапарт 500-дің отырысын осында көшірді, бұл көшуді Париждегі тәртіпсіздікке байланысты деп сылтау айтты. Екі палата да ерікті түрде конституцияға түзету енгізуге міндетті болды да, ал, Наполеон әскері парламентті қолдауға тиіс болды. Нақты дайындыққа қарамастан, төңкеріс құрдымға кетуге шамалы қалды. Депутаттар өздерінің отырыстарын Сен-Клуге көшіруге қарсылық білдірмеді.Бірақ 19 брюмерде конституцияға өзгеріс енгізу деген сұрақта қарсылық туды. Төңкерістен кейін ол нақты шешіммен іске кірісті. Билікті бөлісу барысында ол өзіне арыстанның үлесін алуға тырысты. Наполеон мұның барлығын заңдылық тұрпатта екенін көрсетуге тырысып бақты. Сьейес, Роже-Дюко және Наполеон өздерін ақсақалдар кеңесі-консул қылып тағайындауларына қол жеткізді. Сьейестің жаңа конституцияны пайдаланып, Бонапартқа Құрметті сайлаушы титулын беріп, биліктен аластатуға ұмтылысы- Бонапарт тарапынан қарсылыққа әкелді. Осылайша, мемлекет басында үш консул тұрды. Бірінші консул - Наполеон Бонапарт қолына диктаторлық билікті алды. Екі консул сияқты, ол да 10жылға сенатпен сайланатын болды. Заңды бекіту - бірінші консулдың билігінде болды. Министрлер мен генералдарды тағайындау - бірінші консулға жүктелді. Наполеон өзінің іс-әрекетіне соншалықты мықты болып, 1800жылы қаңтарда конституцияны бүкіл халықтық талқылауға берді. Оның болжамы дәл келді. Халық 3 млн. дауыспен Наполеонды жақтап шықты. Бірінші консул билігі өте қарама-қарсылықта болды.Оған қарсы оңшылдар және солшылдар, монархистер мен якобиншілер шықты. Наполеон өзінің жағдайын былай деп түсіндіруге тырысты. Бірінші консул - мемлекетті мұраға алатын патшамен тең емес, оған кезекті жағдайларда соғыс керек 30- дейді.
Бірінші консул Францияның ішкі жағдайында да бейбітшілік орнатуға қол жеткізді. 1799жылы желтоқсанда ол Ванда мен Британдағы көше тәртіпсіздерімен анархистердің тәртібіне қадам жасады, және де роялистік және католиктік көтерілістерді күшпен басты. Эмигранттар тізімінен 52000елу екі мың адам есімі сызылды. Осыдан кейін көптеген діни адамдар мен дворяндар Францияға қайтып келді, бұл шаралар ескі якобиншілер тарапынан қарсылық тапты. Осы кезде Наполеонға қарсы роялистік заговор ұйымдастырушылар негізінде жарылыстан 26 адам өлді. Қастандық жасаушылар роялистер екенін біле тұрып, кінәні якобиншілерден көріп, Наполеон, ықпалды якобиншілер жауларынан құтылуды ойлады, көбін өлім жазасына кесті. Ішкі жағдайды реттеуде католик шіркеуіне де тәртіп орнатты. Маренгодан кейін папа Пий7-ші мен келіссөздер басталды. 1801жылы 15шілдеде конкордатқа қол қойды. Бірінші консул епископтарды тағайындау құқығын алды. Папа тек оның діни шенін бекітетін болды. Жұмысқа немесе қызметке кірісер алдында, діни адамдар конституция алдында ант берді. Шіркеулік жиын-жиылыстар билікпен келісіп жүргізілетін болды. Осылайша, Наполеон шіркеуді өзінің мемлекетіне қызмет етуге мәжбүр етті. 1802 жылы бірінші консул өзінің толық қанды ішкі және сыртқы саясатында Францияға бейбіт және тұрақтылық әкелгенін мүдірмей жария ете алды. Жұмыссыздық пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наполеон Бонапарт және XIX ғ. I жартысындағы Европа елдері
Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері
Ұлы Морав мемлекеті
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
Саясат субъектілерінің сипаты
Франция тарихындағы Шілде революциясының тарихи маңызы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Осман империясының еуропадағы сыртқы саяси және дипломатиялық бағыттары
Ежелгі Ресей территориясында халықтар мен мемлекеттер
Мао цзэдунның өмірбаяны, ғылыми талқылары
Пәндер