Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары



Рашид – ад – Диннің ( 1247 – 1318 жж. ) « Жамиғ ат – тауарих» шығар-масы түрік, монғол тайпалары жайында көп мағлұмат берілген . Онда туркмандар - қыпшақ , қалач, қаңлы, қарлұқ және т.б. ; монғол деген атпен аты шыққандар жалайыр, татар, ойрат, меркіт ; монғолдарға ұқсас, ежелден өз ұлыстары бар керейттер, наймандар, оңғұттар; бұлар сияқты барлығы дарлекин деп аталатын, ежелден атаулары бар құңғырат, құралас, икирас, елжігін, ұрыйанқат, кілінғұт және т. б. ; нағыз монғолдар нирун деп анықталған.
Парсы жылнамашысы Ала ад – Дин Ата Мәлік Жувейнидің ( 1225 – 1283 жж. ) «Тарих – и жаһангушай» шығармасы . Жувейнидің жазуынша , ол сол кездері «Трансоксания, Түркістан, Мачын, Қытай» арқылы Шыңғыс қаған ұрпақтарының ордасына жеткен. «Монғолдар - «татар» және олар қытай, ұйғыр, қырғыз, таңғұтпен, тибеттермен шекаралас орналасқан. Сондай – ақ қият, керейт, сакият, найман, ойрат, қоңырат, қанқлы және т.б. атаулар аталады.
Жувейни түрік, монғол тектестерді ажыратып атамаған болса, Рашид – ад- Дин анық ажыратып бергенімен , толымды емес , тіпті «түрік, монғол» этностары ол кездері этнотек тұрғысынан сараланбаған секілді баяндаған [ 75, 46 – 47 бб. ].
Х. Ховорс , Г. Е. Грумм – Гржимайло жоғарыдағы аталынған этностар-ды түрік тілдес деп қарастырған болатын , алайда олардың күмәнданған тұстары да баршылық. Ал Н. А. Аристов , М . Тынышпаев, Ә. Х. Марғұ-лан , С. Аманжолов оларды түрік текті деп, түрік тілдес екеніне күмән келтірмейді. Әсіресе С. Аманжолов қазақ тілінің тарихи диалектологиялық негіздеріне сүйене отырып, олардың түрік тілдес екенін тарихи – лингвис-тикалық тұрғыдан егжей – тегжейлі дәлелдеп берді.
Рашид –ад – Диннің «Жәмиғ ат – тауарих» шығармасы Қазақстан тарихы үшін өте маңызды. Шығармада көптеген деректерге сүйене отырып , түркі-монғол тайпалары туралы бай да жан – жақты материал беріледі. Солар-дың ішінде әсіресе қазақ халқының негізін қалаған дулат, қыпшақ, найман, керейт, оғыз, қаңлы, қарлық ру – тайпалары туралы кең көлемді, деректерге сүйенген тарихи мәліметтер өте құнды. Ал «қазақ халқының тарихы рулық – тайпалық құрылымдармен тығыз байланысты» екені бізге мәлім және «қаласақ та , қаламасақ та бұл біздің ұлтымыздың тарихына тән сипат болып табылады» [ 49 , 21 б. ].
1 Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1 –кітап. ( Көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). – Алматы: «Білім» , 2002. – 292 б.
2 Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. – СПб., 1897. – 182 с.
3 Иностранцев К. А. Хунну и Гунну // Ленинградский институт живых восточных языков. Труды Тюркологического семинария. – Л., 1926. – С. 47-64.
4 Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. – Алматы: «Жалын», 1998. – Т. 1. – 390 с.
5 Кюнер Н. В. Китайское известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дального Востока. – М.: Наука, 1961. – 308 с.
6 Григорьев В. В. Восточный или Китайский Туркестан. – СПб., 1873. – 265 с.
7 Бернштам А. Н. Социально – экономический строй орхоно – енисейских тюрок VI – VIII. Восточно – тюркский каганат и кыргызы. М.- Л., 1946. – 207 с.
8 Бернштам А. Н. Проблема распада родовых отношений у кочевников Азии // Сов. Этнография. – 1934. - № 6. – С. 86-115.
9 Бернштам А. Н. Древнейшие тюркские элементы в этногенезе Средней Азии. М., 1943. – 11 с.
10 Грум – Гржимайло Г. Е. Западная Монголия и Урянхайский край. – Т. ІІ. – М., 1926. – С. 896.
11 Чулошников А. П. Очерки по истории казак – киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. – Оренбург, 1924. – С. 292.
12 Владимирцов Б. Я. Общественный строй монголов. Монгольский кочевой феодализм. – Л.: Тип. АН СССР, 1934. – 223 с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары
Рашид - ад - Диннің ( 1247 - 1318 жж. ) Жамиғ ат - тауарих шығар-масы түрік, монғол тайпалары жайында көп мағлұмат берілген . Онда туркмандар - қыпшақ , қалач, қаңлы, қарлұқ және т.б. ; монғол деген атпен аты шыққандар жалайыр, татар, ойрат, меркіт ; монғолдарға ұқсас, ежелден өз ұлыстары бар керейттер, наймандар, оңғұттар; бұлар сияқты барлығы дарлекин деп аталатын, ежелден атаулары бар құңғырат, құралас, икирас, елжігін, ұрыйанқат, кілінғұт және т. б. ; нағыз монғолдар нирун деп анықталған.
Парсы жылнамашысы Ала ад - Дин Ата Мәлік Жувейнидің ( 1225 - 1283 жж. ) Тарих - и жаһангушай шығармасы . Жувейнидің жазуынша , ол сол кездері Трансоксания, Түркістан, Мачын, Қытай арқылы Шыңғыс қаған ұрпақтарының ордасына жеткен. Монғолдар - татар және олар қытай, ұйғыр, қырғыз, таңғұтпен, тибеттермен шекаралас орналасқан. Сондай - ақ қият, керейт, сакият, найман, ойрат, қоңырат, қанқлы және т.б. атаулар аталады.
Жувейни түрік, монғол тектестерді ажыратып атамаған болса, Рашид - ад- Дин анық ажыратып бергенімен , толымды емес , тіпті түрік, монғол этностары ол кездері этнотек тұрғысынан сараланбаған секілді баяндаған [ 75, 46 - 47 бб. ].
Х. Ховорс , Г. Е. Грумм - Гржимайло жоғарыдағы аталынған этностар-ды түрік тілдес деп қарастырған болатын , алайда олардың күмәнданған тұстары да баршылық. Ал Н. А. Аристов , М . Тынышпаев, Ә. Х. Марғұ-лан , С. Аманжолов оларды түрік текті деп, түрік тілдес екеніне күмән келтірмейді. Әсіресе С. Аманжолов қазақ тілінің тарихи диалектологиялық негіздеріне сүйене отырып, олардың түрік тілдес екенін тарихи - лингвис-тикалық тұрғыдан егжей - тегжейлі дәлелдеп берді.
Рашид - ад - Диннің Жәмиғ ат - тауарих шығармасы Қазақстан тарихы үшін өте маңызды. Шығармада көптеген деректерге сүйене отырып , түркі-монғол тайпалары туралы бай да жан - жақты материал беріледі. Солар-дың ішінде әсіресе қазақ халқының негізін қалаған дулат, қыпшақ, найман, керейт, оғыз, қаңлы, қарлық ру - тайпалары туралы кең көлемді, деректерге сүйенген тарихи мәліметтер өте құнды. Ал қазақ халқының тарихы рулық - тайпалық құрылымдармен тығыз байланысты екені бізге мәлім және қаласақ та , қаламасақ та бұл біздің ұлтымыздың тарихына тән сипат болып табылады [ 49 , 21 б. ].
Бүкіл адамзат тарихын Алла Тағала жасаған деп ойлайтын Рашид - ад-Дин еңбегінде түркілер мен монғолдар Оғыз ханнан таралады. Оғыздың өзі Нұх пайғамбардың ұлы Яфеттен тарайды. Бұл Жәми ат - тауарихтың ислам елдеріндегі дәстүрге тән жазылған дерек ретіндегі сипаты. Оғыздар Рашид - ад- Дин бойынша 24 тайпадан тұрады. Осы 24 тайпа Бұзық және Үшоқ атты екі фратриға бөлінеді . Әр тайпаны Рашид - ад- Дин Оғыздың алты ұлының ұрпақтары деп қарайды. Түріктердің мекенін Рашид - ад - Дин: Ежелден біздің черкестердің, башқұрттардың, Талас пен Сайрам-ның, Ібір мен Сібірдің, Бұлар мен Анкара өзенінің , Түркістан мен Ұйғырстан деп аталатын аймақтардың жазық далаларында, тауларында және ормандарында ; наймандардың Көк Ертіс, Ертіс, Қарақорым, Алтай таулары , Орхон өзені қырғыздар мен кэм - кэмджиуттердің тұратын аймақтарында , көптеген жайлаулары мен қыстаулары бар Моғолстан деген атпен белгілі аймақта, керейттердің Қытай қабырғасына жақын Онон, Кэлурэн, Талан - Балжиус, Бұрқан Қалдун, Кукана - наур, Бүйір - наур, Каркаб, Құйын , Эргунэ - кун, Қалайыр, Селенга, Боргуджин - Токум, Калаалджин - Элэт және Уткух өзендері мен көлдерінің жағасында мекен-дейді. Барлық халықтар осы уақытқа дейін ежелде қабылданған әдет бойынша осы жерлерде отырған және отыр , - дейді [ 56 , 73-74 бб. ].
Рашид - ад- Дин бойынша түркілер өздерінің күші, қуаты, билігі және жаулап алуларының арқасында олар Қытай, Үндістан, Кашмир, Иран, Византия, Сирия және Мысыр елдеріне таралып, әлемнің адам қоныстан-ған жерлерінің басым бөлігіндегі мемлекеттерді бағындырды [56 ,74 б.]. Түркілерді Рашид - ад - Дин Оғыздардан таратады да, түркмендер құрамы-на қыпшақ, қалаш, қаңлы, қарлықтарды жатқызады. Жалайыр, татар, ойрат, меркіттерді қазіргі уақытта монғол атымен танымал дейді . Ал керейт, найман, онғыттарды өзінің жеке мемлекеті болған монғол тайпаларына жатқызады. Рашид - ад - Дин халықтардың әдет - ғұрпындағы , тарихи дамуындағы ерекшеліктер олардың мінезі мен олар тұрақтаған жерлердегі табиғи жағдайдың өзгешеліктеріне байланысты деген ой айтады
[ 56 , 75 б. ]. Жылнамалар жинағының авторы жалайыр, сунит, татар, меркіт, курлаут, тулас, тумат, булагачин, кэрэмучин, урасут, тамгалық, таргут, ойрат, барғұт, кори, теленгут кесутами, урянка, куркан және сукаит ру - тайпаларын бұрын монғолдар деп аталмағанын тек осы уақыт-та сөйтіп аталатын елдерге жатқызады. Керейт, найман, оңғыт, танғұт, бекрин, қырғыздарды жазық даланы мекендейтін түркі тайпаларының қатарына жатқызады [56 , 77 б. ].
Біз үшін ең алдымен қазақ халқының құрамына енген ру - тайпалардың әсіресе қазақтар құрамындағы үш жүзде кездесетін ру - тайпалардың тарихы маңызды болады. Олар туралы да Рашид - ад - Дин үлкен материал береді . Берілген материал қазақтың шежіресінің стиліне ұқсас келеді. Мұның өзі Рашид - ад - Динге мәлімет берген адамдардың сол уақыттағы шежірелердің білгірлері болғанын көрсетсе керек. Сонымен бірге қазақ шежіресі ежелгі уақыттан бері келе жатқан көшпелі қоғамның өз тарихын сақтап қалу әдісі екенін дәлелдей түседі. Рашид - ад - Дин барлығы 200 - ден астам халық, ұлыс, ру - тайпаның атын келтіреді. Мұның өзі оның ғаламат зерттеу жұмысын жүргізіп, көптеген адамдардан өздерінің төл тарихын айтып беруін өтінуді , оны тыңдауды және жазып алуды қажет еткен. Жылнамалар жинағында парсы ғалымы түркілерді және монғол-дарды бір халық ретінде түсінеді. Оның көшпелі түркі елдерінің әдетінде жеңген және қуатты халықтың жеңілгендер мен бағынғандар қабылдайты-нын байқаған. Сондықтан ол барлық түркі тайпалары бұрын өздерін монғол санамаған , бірақ монғол тайпалары үстемдігі орнағаннан кейін олардың барлығы өздерін монғолдармыз деп атаған дейді. Рашид - ад - Диннің Жәмиғ ат - тауарих шығармасында қазақ халқының құрамына кірген түркі тайпаларының қатарында үйсін, дулат, жалайыр, қаңлы этнонимдері аталады. Олардың тарихы сонау ежелгі сақтар заманынан бастау алып , Түркі қағанаты кезеңінде, монғол дәуірінде де дами түседі. Аталған ру - тайпалардың саяси тарихы еш уақыт үзілмеген және Қазақ хандығы қалыптасу тұсында қайта жандана түскен. Рашид - ад - Дин болса олардың ежелгі уақытта маңызды қоғамдық ролі туралы айтып, Шыңғыс хан империясындағы алатын орнына аса көңіл аударады. Аталған тайпалар ішінде әрине жалайырлардың аты ерекше аталады. Барлық ру - тайпаларды Рашид - ад - Дин поскольку они суть монголы - [разные ] тюркские племе-на , подобно джалаирам, татарам, ойратам, онгутам, керейтам, найманам, тангутам и прочим, из которых каждое имело определенное имя и специальное прозвище , - все они из - за самовосхволения называют себя [тоже ] монголами, несмотря на то , что в древности они не признавали этого имени , - деп оларды түркілер қатарына жатқызып, монғол аталуы беріде болғанын ескертеді [ 56 , 102 б. ].
Белгілі алтайтанушы Б. Базылхан былай деп жазады: қазіргі Монғо-лияның жерінде XIII ғасырға дейін түрік тілді керей, найман, меркіт, жалайыр, қоңырат, ұйғыр, қырғыз, татар тайпалары мекендеген. Бұл кездегі түрік тайпалары ұлан - байтақ кең өңірде мекендеп тұрғанымен , халқы, малы, ат- көлігі көп болғанымен, өзара бірлік- берекесі болмады. Ұра қашқан , жұла қашқан соғысы ата - бабасынан бері жалғасты. Осының кесірінен түрік тайпалары ыдырап тозуға бейім тұрды. Мінеки осы кезді Шыңғыс хан ұтымды пайдаланып монғол тайпаларын береке - бірлікке шақырып , 1206 жылы біріккен монғол мемлекетін орнатқан соң , көршілес түрік тайпаларын жаулап алды. Түрік тайпаларының ерлерін, ат - көлігін, малын иелікке алды. Сөйтіп оны монғол шабуылы атты жорығына пайдаланды [ 75 , 48 б. ].
Осыған байланысты тарихта екі түрлі сыңар жақ пікір қалыптасты. Біріншісі мемлекет құрудағы монғолдық басымдылыққа қарап ондағы түркілік факторларды жоққа шығару болса, екіншісі Монғол мемлекетін-дегі түркілік факторды әсіре бағалап мемлекеттің монғолдық сипатын жоққа шығару әрекеті. Бірінші бағытты ұстанғандар Монғол мемлекетін құруда елеулі рөл атқарған түркі тайпаларын жаппай монғолдар деп есептесе, екінші бағыттағылар тіптен Шыңғыс ханның өзін түркі немесе қазақ, қалмақ, дегенге дейін барады. Бірінші сауалға тарих тұрғысы-нан Рашид - ад - Дин , К. Оссон , Рене Груссе , Әбілғазы Бахадур хан, Л. Викторова, С. Мураяма және басқа ғалымдар әлде қашан ғылыми жауабын берген еді. Рашид - ад - Дин монғол тайпаларымен тілдік жақындығы болмаса туыстық қатынасы жоқ түркі тайпаларының қатарына Керейт, Найман, Онгуттарды атаса, Жалайыр, Меркіт, Қоңырат, Онгут, Уряуттар-ды тегі түркі болғанымен қазір де монғолдарға жақын тайпалар деп таниды. К. Д. Оссон жоғарыда аты аталған және басқадай 18 тайпаны Монғол тайпаларынан бөліп қарастырады. Рене Груссе керейт, наймандар-ды түркі тайпалары деп атап, қазіргі Монғолияның бір бөлігінде түркілер мекендеп тұрды деп жазды. С. Мураяма, Л. Викторовалар наймандардың тілін зерттеу арқылы Найман, Керейт, Меркіт, Онгуттарды түрік тілді топқа жатқызады. Ал Даниялық профессор Вильгельм Томсон 1893 жылы Монғол жеріндегі Орхон - түрік ( руна - құпия) жазуының сырын ашу арқылы жоғарыдағы айтылғандардың нағыз ғылыми практикалық жауабын тапты. Қазіргі Монғолия ежелгі түркі - монғолдардың ортақ мекені , - деп өзінің тұжырымды зерттеуін алға тартады ғалым З. Қинаятұлы [ 79 , 239 б].
Монғолия тарихшысы Д. Гонгор Халх товчоон деген іргелі еңбегінде былай дейді: біздің пайымдауымызша, XI - XII ғасырларда монғол тектес-терді шығу тегіне орай үш өзендік монғолдар деп атаған дәстүріміз бойынша Қамұқ монғол деген ұлыс орнатқан нақты монғолдар , монғол тектілігі анық білінген жалайыр, меркіт, татар, Ой иргет сынды монғол тайпалар, салт дәстүрі, шаруашылығы, бейне- келбеті монғолдармен ұқсас, өздерін монғол атап жүрсе де кейбір ғалымдар түрік тектестер болуы ықтимал деген керей, найман, оңғұт секілді монғолданған түрік немесе түріктенген монғол тайпалары деп қарастыруға болатын секілді. Сонымен қатар VI - IX ғасырларда монғол жерінде билік еткен түрік тектес түрік, ұйғыр, қырғыздардың қалған бөліктері, сондай - ақ жүрчіт секілді тайпала-ры да қатар өмір кешкенін жоққа шығара алмаймыз... [ 75 , 49 б. ].
ҚХР Ішкі Монғолия ғалымы Сайшаалдың жазуынша Темүжін туған XII ғасырдың соңғы ширегінде монғол ұлтының негізгі өзегі болған нирун, дөрлүген екі сала монғолдар Онон , Керлен, Туыл үш өзеннің бас ағысы бойында мекендеп тұрған. Онда татар, қоңғырат , жалайыр, керейт, оңғұт, меркіт, ойрат, найман секілді басты - басты монғол тілдес тайпалар шығыста Ергүне өзені , қазіргі Ішкі Монғолия Көлүн, Бұйыр аймағына дейін, батыста Алтай тауының батыс сілемдеріне дейін, солтүстікте Байкалға , Енисей, Ертіс өзендеріне дейін, оңтүстікте Қажыл тауы, қазіргі Аққорғанға дейін алып кеңістікте ежелден бері мыңдаған жылдар мекендеп келді. Боржығын тайчығұт сияқты монғол орталық тайпалар-дың шығысында Ергүне өзені , Көлүн, Бұйыр көлінен солтүстікте татар, қоңғырат секілді тайпалар, монғол орталық тайпалардың оңтүстігі Аққорғаннан солтүстікте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси – әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ.)
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Қазақ этнонимінің синонимі
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Қазақстан тарихы туралы
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы
Үшінші түрік қағанатының (ұйғыр) кейбір мәселелері
Қазақ халқының этногенезі (Халықтың пайда болуы мен қалыптасуы)
Қазақ халқының этногенезі
Пәндер