Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы мәдени туризм модернизациясы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

«6М020400 - Мәдениеттану»

Қорғау құқығында

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы мәдени туризм модернизациясы

Орындаған Ж. С. Бертаев «___»2013 ж.

Ғылыми жетекші,

филос. ғ. д., профессорӘ. Р. Масалимова «___»2013 ж.

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі,

филос. ғ. д., профессор А. Д. Құрманалиева

«___»2013 ж.

Алматы 2013 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ ТУРИЗМІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Мәдени туризм түсінігі . . . 6
  2. Мәдени туризмнің қазіргі жай-күйі . . . 27
  3. Мәдени туризмнің даму жолдары . . . 37
  1. МӘДЕНИ ТУРИЗМ МОДЕРНИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ МУЗЕЙМузей ұғымы, тарихы . . . 60Музей педагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы . . . 76Музейге салыстырмалы-статистикалық талдау . . . 91

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 96

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 99

ГЛОССАРИЙ

Музей - (грек. museon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды т. б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме

Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.

Индустрия - (лат. іndustry- ынта, жігер) халық шаруашылығының өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін аса маңызды сала.

Инновация- (лат. innovation - жаңару, өзгеру) белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiредi.

Құндылық - танымның, белгілі бір обьектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін қасиетті деп танылуы. Құндылық философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық обьектінің адам үшін көптегн маңыздылығын айқындайды. Құндылыққа ешқандай күмән келтіруге болмайды.

Модернизация - ( франц . modern - жаңғырту) артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясаты.

Туризм - (франц. tourіsme , tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі.

Мұраның өзектілігі - мәдени және табиғи мұра нысандарының әлеуметтік мәдени рөлін өзекті ету және түсіндіру арқылы заманауи мәдениетке қосылуына және сақталуына бағытталған қызмет.

Антиквариат - (лат. antiquus - көне, ескі) жоғары құндылыққа ие әр түрлі көне заттардың деңгейін сипаттауға арналған көркемдік-тарихи ұғым.

Аукцион - (лат. аuctio, auctionis) ашық сауда барысында адамдардың әлеуметтік-мәдени қызметінің (өнер туындыларын, антиквариат, мемориалдық заттар, құжаттарын және т. б. ) және табиғи нысандардың өнімін көпшілік алдында сату тәсілі.

Көрме - музейдің коммуникативті мүмкіндіктерін кеңейту, музейдің түрлі мақсатты аудиторияларының сұраныстарын қанағаттандыру, мұраны өзекті ету мақсатында уақытша қызметістейтін музей экспозициясы.

Кіріспе

Қазіргі XXI ғасыр жоғары индустриалды ақпараттық қоғам. Ол даму жолында жаңару, өзгеру, бейімделуге негізделеді. Ақпараттық қоғамның технологиялық мәдениетімен жаһандану үрдісі Қазақстанның саясатында жаңа жағдайға бейімдеуге мәжбүр етеді. Бұл мәжбүрлік әлемдік саяси үрдістен туындайды. Әлемдік жаһандану үрдісінде Қазақстан саясатының бағыт-бағдары туралы мәселелер Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде қарастырылған. Онда бұл мәселе жөнінде былай деп жазылған: «Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына біздің терең тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру-міне, табыстың кілті, міне, Қазақстанның тұрақты да гүлденіп көркейетін жолы » [1] .

Жұмыстың өзектілігі: Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау - абыройлы міндеттің бірі. Әлем өркениеті «Ұлы Дала» деп атаған қазақ халқының кең - байтақ жерінде ғасырлар бойы өмір сүріп келген ата-бабаларымыздың тіршілік - салты бүгінгі ұрпақтары өмірімен жалғасын табуы тиіс. Осынау «Ұлы Далада» сан ғасыр өмір сүрген қазақ халқының әлемдік өркениет құндылықтары қатарына енген төлтума мұралары мен тарихи - мәдени ескерткіштері де мол. Қазіргі кезде Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты бұл мұраларға бұрынғы қай кездегімен салыстырғанда барынша назар аударыла түсіп, мемлекеттік қамқорлыққа алынуда. Ел президенті Н. Ә. Назарбаев: « . . . Жоғымызды түгендеп, барымызды барынша насихаттау, қазақ халқының тарихы да, материалдық мұрасы да, тілі мен ділі де, өнері де аса бай екенін барша әлемге таныту, білдіру» деп Қазақстан музейлерінің қор - көрмелерінде сақталып, насихатталып отырған ұлт мұраларының ел өмірі мен тарихында алар орнын айқындап берді. Ғасырлар бойы жинақталған бұл мұралар, халқымыздың өзіндік дүниетанымы мен болмысын, тұрмыс - салтын, жеке тұлға мен қоғамның рухани ізденісін, халық даналығы мен өнертанымдылығын және салт - дәстүрлер жүйесінің өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Ұлт мәдениетін жаңғыртып, бабалардан жеткен тарихи - мәдени мұраларды насихаттау Қазақстан музейлерінің абыройлы да өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағытындағы мәдени туризм саласын ғылыми тұрғыда жүйелеу және оның теориялық негіздерін салыстырмалы тұрғыда зерттеу, мәдени туризм саласын модернизациялау және оның негізі ретінде музей ісін алға тарту, Қазақстан музейлерінің тарихын, қазіргі жай-күйін зерттеу және шетел музейлерімен салыстырмалы талдау жасау, қазіргі заманғы нарықтық қатынастар мен жаһандану кезіндегі музей ісінің маңыздылығы мен қажеттілігін, ұлттық келбетін айқындап, болашаққа бағдар беретін негіз екенін тұжырымдау.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негіздері. Диссертация жазу барысында жүйелі және салыстырмалы-тарихи, құрылымдық тәсілдер, обьективтілік қағидалары, себебтілік салдарлық байланыстар методологиясы қолданылды. Автор жұмысының теориялық негізінде көрнекті ғалымдар: Ө. Жәнібеков, Б. Сарыбаев, З. Жакишева, Ү. Мұңалбаева, С. Ердаулетов, Г. Дүйсен, т. б. осы саладағы еңбектерді негізге ала отырып ғылыми тұрғыда негіздеді.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыстың теориялық мазмұны тарихи-мәдениеттанулық зерттеулер үшін әдістемелік негіз бола алады. Зерттеу тақырыбының теориялық қажеттігі елімізде қалыптасып келе жатқан мәдениеттану ілімі мен пәнін ұлттық болмыс талаптарына сай дамытумен байланысты. Зерттеу жұмысының нәтижесі ұсыныстар, пікірлер, гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын жасауда ғылыми теориялық маңызы зор.

Көтерілген мәселелердің ұлттық ойлау жүйесінің, дүниетанымдық қалыптасу заңдарын, ерекшеліктерін анықтаумен оларды түсіндіруде қосар өзіндік үлесі айтарлықтай.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

  • Қазақстанның мәдени туризм саласының негізгі әсер етуші фактор ретінде музей ісі алынып, ғылыми тұрғыда зерттелді.
  • Қазақстан музейлеріне салыстырмалы-статистикалық зерттеу жүргізілді.

Диссертация құрылымы оның мақсаттары мен міндеттеріне сай негізделген. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшелерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі - 100 бет.

Кестелердің жалпы саны - 4.

Суреттердің жалпы саны - 0.

Қолданылған әдебиеттердің жалпы саны - 85.

Қысқартылған сөздер:

ҚР - Қазақстан Республикасы

ЖООБ - Жоғары Оқу Орындарының Басқармасы

ДТҰ - Дүниежүзілік туристтік ұйым

БТҰ - Бүкіләлемдік туристтік ұйым

ОТК - Орыстың туринг-клубы

ОТҚ - Орыстың тау қоғамы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

ТЭҚҰ - Туризм мен экскурсиялар қоғам ұйымы

ТЭБ - Туристтік экскурсиялық басқарма

ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйым

1 Қазақстанның мәдени туризмі дамуының теориялық негіздері

1. 1 Мәдени туризм түсінігі

«Елдің қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің құрылысымен тең».

ҚР Президенті Н. Назарбаев

«Индустриялды-инновациялиқ даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген экономикалық даму бағыты [2] . Қазақстан Республикасының Индустриалдық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын. 2003-2015 жж. еліміздегі жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, нарықтық экономика жүйесі шарттарында тұрақты және тиімді қызмет етуге және осының негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты - кәсіпкерлік ахуал, бәсекелестік орта қалыптастыру, жеке меншік секторды қосылған құны жоғары өндірістер құруға ынталандыратын қоғамдық институттар құру. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану процесінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр. Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. 2015 жылға дейін қарқынды индустрияландыру саясатының негізгі бағыты экономиканың экспортқа бағытталған секторларында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер тудыру болмақ. Қарқынды индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі құралы Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы болып табылады. Бүгінгі таңда Индустрияландыру картасына құны 8, 3 триллион теңге болатын 469 жоба, 167 мың - уақытша, 141 мың тұрақты жұмыс орны қамтылған. 2011 жылы 4 шілдеде Елбасының қатысуымен «Көрме» орталығында «Қуатты Қазақстанды бірге құрайық!» іс-шарасы өткізілді, сонымен бірге 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылған Индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесері болып өтті [3] .

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында республикада кейінгі жылдары қолға алынған республикалық бағдарламалардың өз жемісін беріп отырғандығына тоқталып, соның ішінде мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың қазірдің өзінде ел игілігі үшін жұмыс істеп отырғанын, мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызып, тауарлар, өнімдер, жұмыстар мен қызметтер бойынша қазақстандық үлестің барынша артуына ықпал еткенін егжей-тегжейлі айтып өтті. Сонымен бірге, алдағы кезде осынау берері мол бағдарлама ауқымындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін еске салды. Мемлекет басшысы өз жолдауында: «Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс. Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды. Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиіс. Үкіметке инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржы қарастыруды тапсырамын», деген болатын. Алматы облысында индустрияландыру картасы аясында екі жылда жиырма инновациялық жоба пайдалануға беріліп, бүгінде халық игілігі үшін қызмет етуде [сонда] .

“Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектегі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы.

Соңғы кездері туризм саласы кеңінен дамып келеді және жаппай әлемдік кеңістікте әлеуметтік-экономикалық көріністерімен ерекшеленуде. Оның осылай кеңінен қанат жаюы мемлекеттерге, халыққа саяси, экономикалық, ғылыми және мәдени салаларына көмек ретінде үлкен үлес қосады. Туризмді «қазіргі уақыт феномені» деп те атайды. Бұл дұрыс пайым, себебі туризмнің арқасында бүкіл әлемдегі барлық елдер бір-бірімен араласып, өз елінің тарихын, мәдениетін көрсетіп, басқа елдермен қарым-қатынастарын түзету барысында екі ел бір-біріне саяси көмек көрсету арқылы әр мемлекеттің өзіндік саяси, мәдени, әрі экономикалық жағдайы өзгеріп отырады. Сол себепті туризм саласы бүкіл әлемде тек алғашқы орынға қойылады.

Көптеген адамдар, туризм саласын тек демалу, жаңа мағлұматтар үйрену, таңқаларлық жағдайлар мен рахаттану деп түсінеді. Туризм қазіргі заман талабына сай, адамның ойынан шығатындай дәрежеге жетті. Адам көзі көрмеген жер жоқ, әлемнің келесі шетінде қандай елді мекен бар екені, олардың дәстүрі мен әдет-ғұрпы қалай екенін, басқа елдердің ас түрлерін үйрену, табиғат ескерткіштері, тарихы мен мәдениетін үйренуде өте маңызды рөл атқарады.

Туризм - әуестену немесе сән ғана емес, бұл көптеген адамдардың өмірлік қажеттігі. Әртүрлі уақыт пен түрлі кезеңдерде оларды туризмнің бір ғана нәрсесі қызықтырды: романтикалық саяхат, яғни әдеттегі жағдайды өзгерту, ең бастысы бейресми қарым-қатынасты орнату. Туристік саяхатқа қатысушы әрбір адам өзін алғашқы ашушы және жаһанкез ретінде сезіне бастайды. Жаңа өзгерістердің арқасында туризм өмірді одан да қызықты ете отырып, қоғам мен табиғаттағы күтпеген жаңа бастамаларға жетелейді. Туристік саяхат адамды рухани және физикалық тұрғыдан шыңдайды.

Дегенмен де, жалпы туризм дегеніміз - ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі. Дүниежүзілік туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді [сонда] . Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Тез қарқынмен өсуіне байланысты оны өткен жүзжылдықтың (ғасырдың) экономикалық феномені, әрі келген жүзжылдықтың (ғасырдың) болашағы зор бизнесі деп болжалуда. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1, 6 миллион бірлікті құрайды. Бұл шаруашылық саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің негізі болып табылады. әлемдік экономикаға (қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3, 5 трлн долл. (1993 ж) бағаланады.

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде. Бұл еңбекте К. Пшеславскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм;

А) ежелдегі туризм;

Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;

В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырлардағы туризм;

2. ХІХ және ХХ ғасырлардағы - екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм;

3. Қазіргі заманғы туризм.

Туристтік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп санайды. Біздің заманға дейінгі 4-ші мыңжылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп-қонушылыққа жататыны - діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VІ ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты 3-жылдық саяхат құрған.

Ертеректе туристтік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды. Кейініректе жиелеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін әкелмеді.

Жол тараптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып өз мемлекетерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдар болды, ұзындығы 3 мың киллометр. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар керуен-сарайлар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды [4] .

Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді.

Шамамен осыдан 2300 жыл бұрын Ксенофонт грек порты Пирейде сауда қатарлары мен мемлекеттік керуен сарайлардың салынуы керек екендігіне назар аударды. Оның ойынша бұлар пайданың маңызды көзі болуы керек еді. Гректер секілді римдіктерде үлкен қашықтықтарға сапар шегіп отырды, гректер құрған жолдар тарабының әлсіз дамуына байланысты бұл сапарларын теңіз жолдары арқылы іске асырылып отырған.

Біздің заманға дейінгі VІІІ ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, ертедегі Грецияда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.

Сірә, спорттық туризмнің де отаны ежелгі Греция болуы керек. Себебі Олимпиялық ойындар мұнда төрт жылда бір болып жаздың күн тоқырауынан кейінгі бірінші ай тууынан басталатын.

Ойын-сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиадаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатарлары орнатылды.

Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды.

Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.

Мұнда саяхаттар керемет жол тараптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.

Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің санын қысқартып жіберді. Ортағасырда жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге өте қауіпті болды.

Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.

Туристік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде: феодалдық жүйеге байланысты Еуропаның көптеген аймақтарындағы шаруашылықтың күйреуі, бұрыңғы жол тораптарының түгелімен және сол жолдар бойындағы түнеу орындарының жойылып кетуі, саяхатшылардың қорғаныс дәрежесінің төмендеуі, сонымен қатар қалалардың күйреуі. Біздің заманның тек ІІІ және IV ғасырларында қайтадан діни табыну саяхаттары жанданып, аз уақыт ішінде діни туризмнің жақсы дамыған түріне айналды.

Ортағасырлардың соңы мен жаңа замандарға дейін туристік қозғалыстың ауқымды бөлігін діни табыну мен университеттік орталықтар құрады. Онымен қоса қайта өрлеу кезеңінде көпестер мен ұсталардың саяхаттарының маңызы арта бастайды, алайда олардың бір бөлігін ғана туристік саяхаттарға жатқызуға болады.

Ортағасырларда адамдар көптеп саяхаттай бастады, сөйтіп, жолшыбай керуен сарайлардың саны күрт өседі.

ХVІ ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең қалаулы ел - Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды.

ХVІ ғасырдың соңынан Англияда «гранд-тур» әйгілі бола бастады-бұл ауқатты адамдардың континетке саяхаты, гранд-турдың арқасында адамдар оқуын бітіріп, Жерорта теңізін көріп, өркениеттің шығу тегін көріп, сауаттанып қайтуына мүмкіндіктер туды. Әлеуметтік құбылыс сияқты туризмнің дүниеге қайта келуі ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басына жатады.

ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К. Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды [5] .

ХVІІІ ғасырдың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға, аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып, саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Туристік ресурстарды дамыту
Алматы облысында туристік кластерді дамыту
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Астананың туристік имиджін дамыту
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау
РАЗВИТИЕ ТУРИЗМА
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Үндістан экономикалық модернизациясының теориялық-концептуалды негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz