Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын ұйымдастыру және оларды пайдалану тиімділігі»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 7

  1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және

қағидалары . . . 7

  1. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері . . . 18
  2. Қаржы ресурстарын пайдалану модельдері мен әдістері . . . 22
  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАС-

ТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ . . . 30

(«Автонур Сервис» ЖШС-ның мысалында)

2. 1«Автонур Сервис» ЖШС-ның ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 30

2. 2 « Автонур Сервис » ЖШС-ның қаржы ресурстарын экономикалық талдау . . . 41

2. 3Кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау . . . 51

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ

ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ . . . 57

  1. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау . . . 57
  2. «Автонур Сервис» ЖШС-ның қаржы ресурстарын пайдалану

көрсеткіштерін болжамдау модельдері . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, сондықтан ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады және жұмыста қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың қазіргі іс жүзіндегі барысы жан-жақты ғылыми жолмен зерттелініп, оның ерекшеліктерімен жетіспеушіліктері айқындалады. .

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біз - саналы да жігерлі халықпыз. Егер ойын ережелері айқын белгіленіп, олардың орындалуы объективті негізде қамтамасыз етілсе, онда Қазақстан азаматтарының нарықтық экономикаға тез бейімделетініне менде күмән болмайды. » /1, 30б. /, - деп айтқандай, қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті талдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдық-таушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл қатесіз талдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, ұстауына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша айтқанда, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдың, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: «Біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. »/2, 38б. /, - деп айтқандай, нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйін орнықтылығының негізі оның өзінің қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыра білуінде және орынды пайдалана білуінде болып табылады. Яғни ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатындай етіп өзінің қаржы ресурстарын үйлесімді басқаруды білдіреді.

Сондықтанда нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау мәселесі кәсіпорын үшін әрқашан өзекті мәселе, және ұсынылып отырған дипломдық жұмыс тақырыбы осы мәселені зерттеуге арналады.

Тақырыптық зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген экономист ғалым-дардың еңбектерінде қаржы тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елде-рдің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр.

Ал өз елімізде мемлекеттің қаржы ресурстарын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистер мен заңгерлерді айтуға болады: З. А Бигельдиева, А. Герун, А. И. Худяков, А. К. Арыстанова, Б. Б. Шермухаметова, Б. Ж. Ермекбаева, В. Г. Фурсов, В. Д. Мельников, Г. К. Жакупова, Г. М. Бродский, Е. Калюжанова, Е. Х. Сигаев, З. Атығаева, К. А. Сержантов, М. Т. Оспанов, М. Х. Тусеева, С. С. Сатубалдин, А. А. Нурумов, А. Б. Зейнельгабдин, А. Смит, А. Соколов, А. Тривус, В. Д. Ли, Г. А. Лесбеков, Г. Карагусова, Д. Г. Черник, Е. В. Порохов, К. А. Аттапханов, К. Ә. Сағадиев, К. К. Ильясов, М. Б. Кенжегузин, О. Тимофеева, С. Г. Пепеляев, С. М. Мусин, Ф. С. Сейдахметова және т. б.

Осы жоғары келтірілген мәселелер зерттелетін тақырыптың таңдалуына, мақсатына және қарастырылатын мәселелер шеңберіне негіз болып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты: жұмыстың мақсаты қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, қаржы ресурстарын пайдалануды экономикалық категория ретінде тиімділігін, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру, салықтық бақылауды ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау. Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т. б. осындай басты мәселелерді шешу дипломдық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

-кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және қағидаларын, яғни бір сөзбен айтқанда теориялық негіздерін зерттеу;

-«Автонур Сервис» ЖШС-ның ұйымдық-экономикалық, экономикалық көрсеткіштерін талдау;

-кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін анықтау;

-кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі мен әдістерін зерттеу;

-кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін ЖШС «Автонур Сервис» серіктестігінің мысалында талдау;

-қаржы ресурстарын пайдаланудың көрсеткіштерін талдау;

-кәсіпорынның рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау;

-кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау;

- «Автонур Сервис» ЖШС-ның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын келтіру;

Зерттеудің объектісі. Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың негіздеріне сүйене отырып, оны ұйымдастырыу тәртібін жетілдіру қызметін көтеру.

Осыған орай, ЖШС «Автонур Сервис» серіктестігінің қаржы ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жүзеге асырудың ақпараттық базасы зерттеудің объектісіне алынған.

Зерттеу пәні өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыру барысындағы қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

Сонымен қатар ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында жүйелік талдау, жинақтау, топтау, салыстыру, монографиялық және тағы басқа экономика-математикалық әдістер пайдаланылған.

Алға қойылған мақсаттарға жету барысында жылдық, тоқсандық есепті-ліктері және жедел ақпараттары, сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, мен міндеттері, зерттелу дәрежесі мен әдіснамалық негізі, зерттеу объектісі көрсетіліп қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.

Бірінші тарауда кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері, қағидалары, кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің, меншікті капиталының құрылымы; қаржы ресурстарын пайдалану ерекшеліктері, модельдері, оның ішінде Баумоль, Миллер-Орр, Стоун қарастырылады.

Екінші тарауда ЖШС «Автонур Сервис» серіктестігінің қаржы-шаруашылық қызметіне баға беріледі, активтері мен қаржыландыру көздерінің құрамы мен құрылымы зерттеледі, қаржы ресурстарын пайдалану көрсеткіштеріне, өтімділік көрсеткіштеріне талдау және рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау жүргізіледі.

Үшінші тарауда кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасау, страте-гияның құрамы, түрлері және қаржылық стратегияны құру қадамдары, олардың маңыздылығы, қаржылық ресурстарды пайдалану көрсеткіштерін болжамдау модельдері қарастырылып, балансы құрылады.

Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың мәні, түрлері және қағидалары

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану - бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.

Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал - бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.

Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады. Кәсіпорынның тиімділігі оның қарауындағы мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза табыс көрсеткіштерін пайдаланады. Тиімділіктің 2 түрі бар:

  • Кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысты
  • Кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына қатысы

Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.

Нақты өмірде қызмет етіп тұрған кәсіпорында қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.

Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналды-рылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.

Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Таза табыс кәсіпорынның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді /5, 44-47б. /.

Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.

Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестиция-ланған) капиталды ұсынады.

Ссудалық капитал - бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.

Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т. б) .

Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.

Кәсіпорынның барлық қаржылық ресурстары кәсіпорынның қолында бар болу мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болып бөлінеді. Бұл бөліну шартты болып келеді, ал уақыт кезеңдерінің масштабтары нақты елдің қаржылық заңнамаларына, қаржылық есептілікті жүргізу ережелеріне тәуелді болады /7, 31-36б. /.

Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда белгілі бір ұзақ уақыт бойы қала алмайды, себебі ол жаңа кірістер әкелуі тиіс. Кәсіпорынның кассасында немесе банктік есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде капиталдың болуы кәсіпорынға кіріс әкелмейді. Капиталдың ақшалай нысанынан өндірістік нысанына айналу қаржыландыру деп аталады.

Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.

Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.

Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал сипатталады.

Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән.

Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:

  1. қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
  2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары
  3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
  4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
  5. қаржы ресурстарының сақталуы;

Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элменттерінің қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.

Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т. б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.

Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа) ; басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары) .

Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналдық тұрғын үй, жолаушылар транспорты, ауыл шаруашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.

Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі.

Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін.

  • Бюджет экономикалық болжау ретінде.
  • Бюджет бақылау негізі ретінде
  • Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі.
  • Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.

Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т. б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде болашақта жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.

Кәсіпорындарда қаржылық ресурстарды жоспарлау туралы әдебиеттерде бюджеттерді (жоспар) құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі сызбасын ерекшелейді: break-down тәсілі бойынша (жоғарыдан төменге) және build-up (төменнен жоғарыға) .

Break-down тәсілі бойынша бюджетті құру бойынша жұмыстар «жоғарыдан» басталады, яғни кәсіпорынның басшылығы мақсаттар мен тапсырмаларды, оның ішінде пайда бойынша жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды. Осыдан кейін көрсеткіштер бөлшекті түрде, кәсіпорынның құрылымының төменгі деңгейлеріне қозғалуы дәрежесіне байланысты бөлімшелердің жоспарларына қосылады. Build-up тәсілінде керісінше. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу бөлімшелері бастайды және осыдан кейін кәсіпорынның өткізу бөлімінің басшысы осы көрсеткіштерді біріңғай бюджетке (жоспарға) жинақтайды, ал ол осыдан кейін кәсіпорынның жалпы бюджетінің (жоспарының) құрамдас бөлігі болуы мүмкін.

Break-down және build-up тәсілдері екі қарама-қарсы тенденцияны көрсетеді. Тәжірибеде осы тәсілдердің тек біреуін ғана пайдаланған дұрыс. Бюджетті жоспарлау мен құрастыру әртүрлі бөлімшелердің бюджеттерін координациялауды үнемі жүзеге асыруды қажет ететін ағымды процесс.

Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық облыста жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тімділігі) мен қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет (жоспар) пен қаржылық жоспар (бюджет) ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементтері болып табылады.

Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге болмайды. Бөлшекті түрде, уақытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары болғанда қарыз алмау және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі
Мұнайгаз кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігі
КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Мақта өңдеу өндірістерінде ақша капиталының пайдалану механизмдерінің тиімділігін және оны жоспарлаудың негізгі мәселелерді талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz