Әлемдік дағдарыс» себептері ,оның жеңу жолдары



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
2. Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері
3.Әлемде қаржылық дағдарыстың артуы
Қорытынды
Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі – оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Тапсырма №7
Тақырыбы: Әлемдік дағдарыс себептері ,оның жеңу жолдары

Орындаған: Таласбек М.
Тобы: Ф13К1
Тексерген: Керімбекова Н.Н

Әлемдік дағдарыс себептері ,оның жеңу жолдары
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
2. Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері
3.Әлемде қаржылық дағдарыстың артуы
Қорытынды

Кіріспе

Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.
Қазақстанда жаһандық дағдарыстың алғашқы толқыны былтырғы жылы байқалған болатын. 2008 жылғы Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар қаржылық секторға да әсер етіп, экономика салаларының динамикалық өсуінің бәсеңдеуіне негізгі себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Осының барлығының әсерінен отандық экономикамызды тұрақтандырып, күшейту үшін Қазақстанға тиімді шаралар қолдану керектігін аңғартады.
Қазіргі қоғамда орын алған қаржылық дағдарыстың ерекшелігі - оның әлемдік жетекші қаржы жүйесінде туындауы және сол қаржы жүйесінің аталған дағдарыспен күресуге қабілетсіз болуы.

1. Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары

Бүгінгі қарастырып отырған дағдарысмыз 2007 жылдың соңында АҚШ-та ипотекалық несиелердің қайтарылмауы, банктік ликвидтіктің төмендеуі, ипотекалық құнды қағаздар бағасының төмендеуімен түсіндіріледі. Осы жерде ипотекалық несиелер соншалықты маңызды ма деген заңды сауал туындауы мүмкін. АҚШ- та тұрғын үйге берілетін несие көлемі елдің ЖҰӨ жартысына тең немесе басқа теңеумен келтірсек , Ресейдің ЖҰӨ-нен 4 есе артық болып табылады. Сондықтан болар көптеген ірі банктер, әсіресе еуропалық, қаражаттарын АҚШ-ң сенімді ипотекалық құнды қағаздарына сала, шығынға ұшырап, тығырыққа тірелуде.
Ресей Федерациясының президенті Медведев 2008 жылы 8 қазанда Эвианда (Франция) әлемдік саясат бойынша өткен конференцияда экономикалық дағдарыстың себептері мен табиғаты жайлы ойларымен бөлісті. Оның айтуынша, әлемді экономикалық дағдарысқа жекелеген елдердің тәкәппарлықтары (эгоизм) кінәлі. Негізінен Ақш-қа сілтеме жасап отырған Ресей басшысы, шешудің бірнеше жолдарын ұсынады. Соның ішінде дағдарыс жағдайында тек ұлттық ғана емес, халықаралық реттеу институттарын жинақтап, бір жүйеге келтірудің қажеттілігі.
2007ж экономикалық дағдарыстың басталғанынан бастап, әлем бойынша қаржылық кәсіпорындардың шығындары 1 трл. долларды құрады. Осындай әрекеттер Жапония, ЕО экономикаларын рецессияға ұшыратты. Бірақ дағдарыстың бұнымен тоқтайын деген түрі жоқ. Халықаралық Валюталық Фондтың мәлімдеуі бойынша бүкіләлемдік қаржы мекемелері мен банктердің шығындарының көлемі 1,4 трл долларға дейін көтеріледі. Бұны дағдарыстың жаңа нарықтарды жаулауымен, яғни оның жоғарғы ипотекадан қарапайым ипотекаға, одан тұтынушылық несиелерге, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, түбінде корпоративті секторды қамтуымен түсіндіреді. Осы жағдайларға байланысты 2008 жылы жарық көрген Дағдарыс жайлы толық ақпарат. Жаһандану заманында бұл дағдарыс әлем түпкір-түпкіріндегі экономикаларға әсері қандай десек, Экономикалық даму және әріптестік ұйымының (ОЭРС) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, дағдарыс барлық жерде ЖҰӨ төмендеуіне алып келді, яғни 2009 ж Жапония, АҚШ және көптеген еуропалық мемлекеттерде ЖҰӨ 2008 ж салыстырғанда әлде қайда төмен болады. Әсіресе экономикалық өсімнің баяулауы АҚШ-та қатты байқалатындығын атап өтті. Ұйым 2008 ж АҚШ ЖҰӨ өсімін 1.4% болжаса, 2009 ж 0.9% төмендейтінін және 2010 ж 1.6% өсетінін ескертеді. Елдегі жұмыссыздар саны 2008 ж 5.7% -дан 7.3% , 2009 ж 7.5% өскен, ал импорт көлемі өткен жылдың қыркүйегінде рекордты 5.6% -- 211.9 млрд долл жеткен. Экспорт көлемі болса 6% төмендеген , бұл дегенің 2001 ж кейінгі максималды төмендеу болды -155.4млрд долл. Тағы бір статистикалық мәліметтерге көз салсақ, АҚШ-ғы жұмыссыздық көлемі өткен жылдың қазанында соңғы 14 жыл көрсеткіші бойынша ең жоғарғы 6.5% көрсеткішіне жетті. Ал еуроаймақта ЖҰӨ көлемі осы жылы 0.6% төмендеуі мүмкін , сол себепті ОЭРС Еуропалық орталық банкті 2009 ж ортасына қарай негізгі пайыздық өлшемді 3.25% дан 2.00% төмендетуді ұсынуда. Тауарларға бағаның төмендеуі және өндірістің құлдырауы 2009 ж Еуроаймақта 1.5% құрауы, мүмкін инфляция көлемін азайтады. Бұл аймақта да жұмыссыздар көлемі артуда. 2008 ж 7,4% құраса, 2009 ж 8,6%, 2010 ж 9,0% көрсеткішке жетеді деп болжайды ұйым. Іскерлік сферасының негізгі бес құрамдас бөліктерінің нашарлауы, атап өтсек, сортақ тапсырыс көлемінің бағалануы, дайын өнім қорлары, өндірістің қазіргі жағдайын бағалау, жуық айлардағы өндірістен өнімдерін күту және экспорттық тапсырыстар. Осы көрсеткіштердің күрт төмендеуі өндіріс саласындағы өсімнің азаюына әкелуі әбден мүмкін. Бүгінгі күні көптеген халықаралық немесе мемлекеттік зерттеу мекемелері, жеке экономисттер әлемдік дағдарысты жан-жақты қарастырып, түрлі болжамдар жасауда. Жақында АҚШ-ң Ұлттық экономисттер ассоцияциясының елуден астам мамандардың арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі жарық көрді. Ол бойынша, әлемдік қаржылық дағдарыс жуық арада біте қоймайды, ал оның келтірген шығындарының орнын мемлекеттер бірнеше жылдар бойы толтырмақ.
Әлемдік дағдарыстың Қазақстанның банк секторына әсері
БТАбанкі Қытайда банк ашпақшы болып едi, жарғылық қорының жеткiлiктi болмауына байланысты Қытай Үкiметi рұқсат бермеді. Шетелдiк банктерге осындай саясат ұстанған дұрыс. Қытайлар өзге елдердiң экспансиясын қаламайды. Сондықтан да осындай қадамға барады. Ал бiзде кез келген шетелдiк банктiң елге кiрiп, жұмыс iстей беруiне жағдай жасап қойған. Бiздiң елдiң банктерi әлi орнынан тұра алмай жатқанда, басқа елдiң банктерiнiң келуiнен отандық банктер зардап шегедi. Бәсекеге шыдай алмай қалады.
Оның ішіндегі ең бастысы, Қазақстан Үкіметі БТА Банкі акцияларының 78,14 пайызын Самұрық-Қазына қоры арқылы сатып алғанын айта кетсек те болады. Мемлекеттің акцияны сатып алуынан бастап, Самұрық-Қазына қорының депозит кепілдемесі бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Дағдарыстың мүмкін салдары
Дағдарыс жағдайында ұйымда персоналды дамыту
Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері
Қазіргі экономикалық дағдарыс
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Экономикалық дағдарыс себептері
«АҚШ-та басталған Қаржы дағдарыстың Қазақстан Республикасына тигізер әсері»
Бейдағдарыстық басқарудағы кризистік жағдайларды бақылау
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару
Пәндер