Археологиясындағы орны мен қызметі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

Негізгі бөлімі . . .

І. тарау Ғалымның өмірбаянына шолу . . .

ІІ . тарау Қазақ археологиясындағы орны мен қызметі . . .

2. 1. Қазақ халқының тұңғыш маман археологы . . .

2. 2. Археологияға қалтқысыз еңбек ету . . .

ІІІ. тарау Ғылыми зерттеулері мен шығармалары . . .

  1. Бесшатыр қорымындағы археологиялық зерттеулер. . .
  2. Есік обасындағы «Алтын адамның» табылуы мен зерттелуі. . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе.

Тарихты жазу үшін міндетті түрде біз деректерге сүйенеміз. Ал осы тарихымыздың өте үлкен әзі маңызды кезеңдері - ерте және орта ғасырлар болып табылады. Бұл кезеңдер ерекшелігіне сай жазуда басым рольды заттай дерек көздері алады. Яғни археологтардыңалар орны ерен. Ал Кемел Ақышев осы археологтардың ең алға қояр атақтылардың бірі де бірегейі, қазіргі археологтардың көпшілігінің ұстазы. Өзінің бүкіл кезеңдерді зерттеуге қатысқан, тек археология емес, толық қазақ тарихына, тіпті Евразия құрлығы өткеніне де байланысты көптеген еңбектер жазып, артына үлкен мұра қалдырып кетті.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Ғалымның өмірі мен шығармашылығына, қазба жұмыс нәтижелеріне шолу жасай отырып, қазақстандық археология ғылымының жарты ғасырлық қалыптасу тарихын сараптауға тырысу жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттан жұмыстың мынадай міндеттері айқындалды:

  • К. Ақышевтың қазақ археологиясындағы орны мен қызметін ашып көрсету.
  • Археология ғылымына жарты ғасыр бойы қызмет етуіне шолу жасау.
  • Ғылыми еңбектері мен шығармаларын талдау.
  • Бесшатыр және Есік обасындағы жүргізілген археологиялық зерттеулердің мәнін ашу.

Жұмыстың өзектілігі. Ғалымның Қазақстан археологиясына қосқан аса ірі жаңалықтарының бірі «Алтын киімді адамды» тауып зерттеу болды. 1969 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы Есік қорғанын қазуды бастайды. «Қорған Есік» кітабында тек керемет материалдар ғана жариялап қоған жоқ, сонымен қатар сақтардың әлеумметік қатынасы саласына экскурстар жасалынды. Есікте табылған жазу авторға сақтардағы мемлекеттік мәселесін сенімді түрде қоюға мүмкіндік береді. Бұл ерекше мәселе Қазақстандағы өркениеттің дамуына ерекше қарауға мүмкіндік береді.

Мұндай Қазақстанның оңтүстік аймағында ғана (әсіресе Жетісуда) осыншама қорғандардың шоғырлануы К. А. Ақышевтың жазуында: «Орталық Азия үшін феномені көрініс» болып саналады. Бүкіл Евразия кеңістігінде элиталық қорғандардың мұндай шоғырлануының өзге көріністері жоқ. Мұның өзі ерте мемлекеттік құрылымдар қалыптасу кезеңінде Жетісудің тарихи-мәдени ерекшелігі, Жетісу халқының сақ дәуіріндегі жоғары әлеуметтік экономикалық деңгейін көрсетеді.

70-жылдары К. А. Ақышев көшпенділік тематикасының әртүрлі аспектісінде жұмыс істейді. Бірнеше мақаларында ол скиф-ақ әлемі мәдениеттері арасынан сақ этнографиялық мәдениетінбөліп қарастырудың міндеттілігін негіздейді. Мақалаларының және бір тобы Қазақстанның ерте көшпелілерінің шаруашылық спецификасына арналады. Үйсін кезеңі тұрақтарының қазылауы және ашылуы, Жетісудағы ірі қалашық- Шарын өзені бойындағы Сарытоғай қалашығының ашылуы-көшпелілердің комплексті шаруашылығының характеристикасына арналған деректердің көлемін көбейтті. Номадизм тек шаруашылық-мәдени тип түғана емес, әлем тану спецификасы және психология сияқты аспектілерді қосатын мәдениет феномені ретінде зерттеле бастады. Сақ мәдениетінің шығу тегі мен семантикасын зертеу зерттеушілер үшін өзекті тақырыптың бірі болып қала береді. Өз еңбектерінде К. А. Ақышев сақтардың аңдық стилін толық қанды ежелден-ақ қалыптасқан өнерекендігіне жіті көңіл аударады. Бұл өнерде Алдыңғы Азия өнерінің техника-стилистік және шығармашылық ерекшелігінің әсері көрініп тұратынын айтады.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Бұл жұмыстың зерттелу дәрежесіне тоқталсақ, Қазақтың көрнекті археологы Кемел Ақышұлы Ақышев, археология ғылым саласындағы қажымас еңбек етуін ескеріп жазған бір топ ғалымдардың еңбегі бар.

Кемел Ақышевтің археология саласындағы ерен еңбек етуіне байланысты бұл кісі жайлы ғалымдардың бірі К. М. Байпаков, Д. Талеев, Д. В. Семенов, Е. Смағұловтардың еңбектерінде ғалымның өмір жолымен археология саласындағы орнымен қызметі баяндалған болатын.

Ғылыми жұмыстардың алғашқы жемісі-Кемел Ақышев басқарған бір топ авторлардың «Ежелгі Отырар» атты аса құнды кітабының дүниеге келуі болды. Монографияда Отырарды зерттеу барысында табылған тың материалдар мен олардың Қазақстан археологиясының теориялық және практикалық мәселелерін шешудегі орны қаралып жаңа тұжырымдар мен болжамдар ұсынылды. Мұның барлығы Отырарды жаңаша зерттеудің басы болатын.

Д. Талеевтің айтуы бойынша: «К. А. Ақышев өмірде өте қарапайым кісі еді. Саналы мінез құлқы соғыс жылдарында қалыптасқан Кемекең өиір бойы сол қалпынан таймады. Ол кісінің өмір жолы талайларға өнеге боларлықтай оқиғаларға толы. Адамның ойын кезіне қарап түсінетін қасиеті сол өмірден жиған тәжрибиесінің жемісі болар. «Археологи скупы ра слова, но верны памяти» деген сөзі бүкіл археологтарға берген мінезде ме деуге тұрады. Өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырын толық меңгерседе кейбіреулер секілді оңай атақ жинаудың жолын қумай ескеркіштердің келер ұрпақ үшін жақсы сақталуын ойлайтын Кемекеңнің көп қазғанына емес, көп қазбағанына қуанғанына талай күә болдым» (1) .

Сондай-ақ Кемел Ақышевтің еңбектері қазақ-орыс тілдерінде ғана емес, өзге тілдерде де жарық көрді. Бұл кісі жайлы шетел ғалымдары өз мақалаларымен еңбектерінде сыр шерткен. Тақырыбымызда біз алғашқы зерттеулер жүргізген ғалымдармен танысу олардың жазған еңбектерімен атқарған жұмыстарының ауқымдылығын маңыздылығын білуден кейінрек әр түрлі себептерге байланысты зерттеулердің біршама тоқтап қалуы, тек ХХ ғасырдың соңына қарай археология ғылымындағы аса биік орын алатын ғалымдардың бірі А. Н. Бернштам, Е. Агеевалар Отырар өңірін зерттеулерінде Ақышевтың Отырарөңірі жайлы еңбектегін жорғары бағалағанын. Сақ үйсін мәдениетін зерттеуде К. Байпаков, К. Л. Ерзакович Кемел Ақышевтың атқарған жұмыстарына тоқталған.

50-жылдардың аяғы К. А. Ақышев өмірбаянында атақты Бесшатыр обасын қазумен байланысты болды. 1954, 1957-1961 ж. ж. Іле өзені бойында зерттеген сақтардың Бесшатыр, Қызылауыз, Жуантөбе, Қадырбай, Қарашоқы, Алтынемел ескерткіштерінің материалы негізінде «Древняя культура саков и усуней долины реки Или» атты монографиясының кіріспесінде сақтардың шығу тегі туралы шетел және сол кездегі кеңес археолог ғалымдарының пікірлеріне жан жақты талдау жасаған (2) .

Алынған материалды жан жақты анализдеу К. А. Ақышевке 1963 жылыдың өзінде-ақ сақтардың таза көшпенді болмағанын, өздерінің үнемі қыстаулары мен жылы жайлары болғаны туралы айтуына негіз болады. Сақ кезеңінде Жетісуда жайылымдық көшпелі жүйе орнаған. Осы монографияда археологиялық деректер негізінде К. А. Ақышев сақтардың Орталық Қазақстанның андронов тайпаларынан шыққанын айтады жәнеҚазақстандағы қола жебелер ұштарының классификациясы мен хронологиясын келтіреді. Осылайша ғалымның ғылыми ізденісінің тағы бір бағыты -сақ өнерінің шығу тегі проблемасы пайда болды. Қ. Ақышев сақтар мәдениетін талдауда Алғы Азиялық, Үндіирандық мәдениет болмысына жігүну, солармен салыстыра отырып сөйлету бағыты басым болатын және ежелгі дүниеде Жетісуда металлургия мен қола еріту өндірісін жүргізу болғанын айтады. Ғалымның Қазақстан археологиясына қосқан аса ірі жаңалықтарының бірі «Алтын киімді адамды» тауып зерттеуі болды. 1969 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы Есік қорғанын қазуды бастайды. «Қорған Есік» кітабында тек керемет материалдар ғана жарияланып қойған жоқ, сонымен қатар сақтардың әлеуметтік қатынасы саласына экскурстар жасалынды. Есікте табылған жазу авторға сақтардағы мемлекеттік мәселесін сенімді түрде қоюға мүмкіндік береді. Бұл ерекше мәселе Қазақстандағы өркениеттің дамуына ерекше қарауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың құрылымы: 3 тараудан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі, суреттерден құрылған.

І. тарау Ғалымның өмірбаянына шолу

Ғалымның өмір жолына келер болсақ, Кемал Ақышев 1924 жылы дүниеге келген. Оның көкесінің айтуы бойынша көктем айында, дәлірек майда болса керек дейді. оның отбасысы Павлодар обылысының баянауыл ауданындағы Керегетас таулы қыстағында дүниеге келген. Кемал көпбалалы отбасыда өсіп тәлім тәрбие алады. Кемалдың үлкен Марфуға атты әпшесі болды. Осы кезде Марфуға тұрмыс құрған болатын. Одан бөлек Манаш атты әпшесімен тағы екі үлкен ағасы және қарындасы болды. Ғазизаның ер балаларының арасында ең кішкентайы Кемел Ақышев болды. Әке тармағынан олар белгілі Шорман әулетіне жататын. Оның атасы Әуіжан Шорманның баласы еді. Атасы Әуіжанның Муса деген інісі бар болатын. Кемал Ақышевтің шешесі Қаныш Имантайұлы Сатбаевтің ең үлкен әпкесі болатын (3) . Балалық шағы көл жағасында тұрғызылған үйде өтті. Табиғаттың өзіндей бір сырлы пейзажы, Кемалдың бойында бір сын қалыптастырды. Есейе келе Кемал әлгі үй жағасындағы көлді көл емес екенің түсінді. жай әншейін су арнасы жиналған су қоймасы екенін білді. (4)

Ұжымдастыру жылдары, қазақтар аштыққа ұшырап, өзінің жанұясынан айырылған болатын. Алдымен ата-аналары Қарағандыға көшкен еді. Қарағандыда аштықтан екі кішкентай қарындасы мен анасы көз жұмады. Сонда әкесі балалары және ауылдастарымен Омскіге қарай бет түзейді. Естулерінше жаңа құрылған колхоздардың бірінде, колхоз предсадателі әкесінің жақын туысы болатын. Омскіге әкесі табыс табуға кеткен бойы, үйге қайтып оралмады. Үлкен әпкесі қайтыс болды. Қалған бауырлары бірін-бірін жоғалтып алды.

Кемал Ақышев анасының кіші інісі Қ. И. Сатбаевтың арқасында тірі қалады. Қаныш Имантайұлы осы жылдары Жезқазған облысы, Қарсақпай геологиалық-барлау партиясын басқарып жүрген еді. Ел-жұрттан өз туыстарының тағдырын ести сала, өз жиендерін іздестіруге, Баянауылға кеткен болатын.

Қаныш Имантайұлы өзінің жиендерін іздестіріп, жетім қалған балалар мен бірге жеті баланы үйіне әкелді. Жастары 5 пен 14 аралығындағы балалардың барлығын ФЗУ мектебіне орналастырды. Бір жылдан соң әлгі балалардың туыстары табылып үйлеріне кетті. Қ. И. Сәтбаевтің отбасында Кемал қалды. Орта мектебті бітіргенге дейін Сәтбаев фамилясын тағып жүрді.

Сол жылдары Қазақстандағы ең көрнекті мамандық геолог болды. Кемалдың өзі геологтардың ортасында өскен еді. Жазда Қаныш Имантайұлы мен сүйіспеншілікпен, ізденіске деген құлшылыс, экспедициясының заттарына қызығушылық бала кезден-ақ орнығып алды. (5)

1941 жылы Қ. И. Сатбаев жаңа қызметке ие болып, жанұясымен Алиатыға көшіп келеді. Осында 1942 жылы К. Ақышев № 25 орта мектепті бітіреді. Бүкіл бітіушілер әскери училищиге оқуға аттанады. Кемел Самарқанда орналасқан Воронеж байланыс училищесіне тап келеді. Аттестат алып, армияға шақырылған соң, К. А. Ақышев ағасынан әкесінің атын фамилия етіп алуға рұқсат сұрап, Ақышев болады. (6)

Қаныштың Имантайұлы Сатбаевтің қызы Мейіз Сәтбаева «Басқаша айта алмайсың, Кемал менің ең жақын туысым еді. Дәлірегі ағамдай болды. Жай аға ғана емес, нағыз туған аға десе де болады» - деп Кемалдің жиен қарындасынның өздерін айта кетсек. Тағдыр тауқым етін жеген, Кемал 7 жасында таза жетімге ойналды. 1932 жылғы Қазақ даласындағы болған аштықтан, ата-анасы туберкулезден көз жұмады. Осы бір қиын қыстау аштық заманында, ХХ ғасырдағы қазақ халқынның әлеуметтік жағдайын, сонау тарихта қалған, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасын, жазғаумардың талай ер мен қызды аңыратып боздатуы, осы жағдайды көргенде көз алдыма елестетпей қоймас. М. Қ. Сатпаевттыың естеліктерінен. «Әкем Қаныштың жүк таситын «полутаркасы» бар еді. Ол жаз айында, аштық жылы Баянауылға барып, Қарсақпайға 8-10 баланы алып келді. Ол балалар аш-жалаңаш болатын. Бұл жайлы маған апам айтты. Шешемнің шешесі-Фелицата Васильқызы.

Біз Қаныш Ишантайұлымен шын достасуымыз үйге кір қожалақ аш балаларды алып келгеннен басталды. Шешемнің аты Таисия Алексеевна, осы балаларды көрген кезде асылап жіберіп, үйдің ішіне кіріп кетті. Мен алға шығып, әкемнің көңілін аулауға тырыстым. Әкем сол күні дүнишы қайшы, мата алып, кешке қарай ол балалардың шашын қырқып, шешем матадан көйлек пен шалбар тігіп жатты. Осылайша біздің үйде кешап пайда болды. Ол кезде оған 7 жас болатын, ол мен бір едім. Келей жазда балалардың көп бөлігін әкем Баян ауылға қайтып алып кетіп, төртеуі біздің үйде қалды. Соның арасында кемалда бар еді. Кемаль мен үшін тұған ағадай болды Біз екеуміз Қарсақпайда өстік, ауылдан алшақта орналасқан Джусалы темір жол станцясына жетү үшін 400-км дей жолсызжермен жүру кепек . Алайда сондай алшақтығына қарамастан күш жігері тасыған адамдар қорғасын балқыту зауытын тұрғызды. Кішкентай кездерімізде біз үшеу едік -Кемал, мен, және анамның сіңілісінің қызы Мария Алексеевна, мені жарты жылға кіші тұғын. Біз Қарсақпайды жақсы көруші едік. Оның аласа қырлы таулары мен . . . бар еді. Біздің Қарсақпайдағы балалық-шағымыз соғыс бастылысымен аяқталды (8) .

1941 жылы 22 маусымда Жезқазғандық геологтардың коллектіві Сатбаевтің Басқарауымен Алматыға көшуі тиіс еді. Алматыда институт директоры болып тағайындалды. Қоштасу кеші Жездінің жазық суында, күн шуақты әрі жайдарлы -бізге бұл күн шомылуымен есте қалды, үлкендер резинкені балдармен суда шомылды. Ал жағада ақ киіз тігілуі тұрды. Кешке тамам бәрі ауылға келген соң соғыс басталғанынң естіді. Жаңа қауіпті кезең басталды дейді. 1941 жылы 1 шілдеде Қаныштың семьясы Қарсақпайдан шуғыл кетуі тиіс болды. Отбасымен бірге Алма-Ата қаласына келді. Радиодан соғысының етек жайл бастағанын қайталап, хабарлап жатты. Алматыда соғысқа дайындық, таңғы марштартарменбелгілі, әйгілі Панфиловшылар дивизиясы құрылды. Халықты күнделікті дабыл қағылған кезде эвокуациялау үйреншікті жатқа айналды. Мектептер госпитальдарға айналып. Кемал және оның құрдастары тығыз 3 ауысыммен оқыды. Кемал мен қарындасы оқиған № 25 мектеп консерватория ғимараттарына орналасты. Олар алғашқы қалалаға келген жылы, үйрене алмай жүрді. кемал Алматыда 10-ы класқа өткен, жасыратын ештеңей жоқ, бұл балалар ерте және кешке майданға аттануы тиіс еді. Ал майданнан қайғысы хабарлар мен эшелон топы жаралылар келіп жатты. Мұғалімдер солдықтан болар балалар мен қаталдау басып, әрбір теріс әрекеттері үшін ата-аналарын шақырып отырды, бірақ балаларда айтарлықтай бұзышылықтарға бармады. Дене шынықтыру мұғалімі балаларға рух беріп, алда келер қиыншылықтардан өту үшін ауыр жаттығулар жасатты. Ол балаларды тауға шығартып, физикалық ерік-жігер таныстуға үйретті. Одан кейін Кемал құрбыларымен бірге мектепті бітіріп, ауылға кетті. Алдымен бірнеше ай Самарқандта байланыс бөлімнесінде, содане кейін майдалға. самарқандтан КУемал үйіне балалық кезіндегі бұзышылық әрекеттері мен дөрекі сөздеріне кешірім сұрап хат жазды. Әскери училищедегі оқу 9 айға созылды. 1943 жылы көктем наурыз айында 230 Сталиндік атқыштар дивизиясының құрамында Воролепс дегі майданға жіберілді. Осы жылдан оның батырдық жолы басталды. кемал Ақышев Воролепс, Одесса, Сталина, Тураспаев қалаларын босатуға қатысты. Бендерам түбінде Молдавияда 1944 жылы шілдеде Кемал жараланды. 1 айға жулд Одессаға госпитальда, екі ай Днепропетровскіде жатып, 1944 жылы күзде демобилизацияланды. Демобилизациядан соң Алма - атаға қайты. Бұл жерде оған аң қолына операция жасалмақшы болды. Бірақ будан еш нәрсе шықпады себебі қол сіңірлігі бұзылған болатын. Кемал үйіне қайтып оралды. Бірақ майданнан оң қолы іске жарамсыз болып қалды. Геолог болу арманын жалап айырыла бастады. Кемал сол қолымен, қолына қалам алып жаза бастады. Алғаш қиін болғанымен, ал сол күйі бұрынғы жазу үлгісін сақтап қалды (9) .

Енді мамандық таңдауда ол тарих факультетіне түсті. Геологиядан құлшыныс оны, археологияға әкелді. Кемал өзінің көкесінің нұсқауы бойынша Алматыдағы С. М. Киров атындағы жоғарғы оқу орнына түсті. Ал 1950 жылы бұл оқуды тамамдады. Кемал алғаш экспедициясына студент шақтарында, 1947 жылы Орталық Қазақстандағы археологияның экспедициясына А. Х. Марғұланның бастауымен бірге барды. Әрбір жазда бұл жерде жұмыс істеді. Кемал Акишев Бетпақ - дала бойымен өтетін маршруттарды еске алатын. Ағаш кабиналы жүк машинасының жүргізушісінің қасында. А. Х. Марғұлан отырды. Кузовта 4-5 студент және машина бензинімен экспедицияға керек құрал жабдықтар. Шөлді жерде. Алькей Хаканұлы жолсыз жерлерде, өз жоромалдарына сәйкес «Хан жолын» тауып, оазистермен құдықтардың орналасқан жерін табушы еді. Әрдайым серген және ұқыпты жүретін. Түс қайта Әлкей Хаканұлы экспедициялық керуенін құдық бойына алып кеетін. «Біз полутеркейін кузовынан секіріп, қызғанышты түрде су ішуші едік» - деп Кемал Ақышев еске түсіруші еді (10) .

Студенттік шақтарында Кемал Ақишев Бегазы ескерткішін ашуда үлес қосады. Енді 1948 жылы Кемаль күнделік жасап, археологиядағы заттарды сол күнделікке мұқият түрде сызбасын сызып, зертеп, жазушы еді. 1947-1952 ж. ж. аралығында А. Х. Марғұлан экспедициясының құрамында болып, Саутарқа оған қоса Бетпақдала даласын 2 рет кезі, Әмба өзеңі аралығында дейінгі жерлерді аралап қайтты. Қазба негізгі объектісі қала дәуіріндігі ескерткіштер болды. Олардың материалдары болашақта Қ. Ақишевтің негізгі өзекті кандидаттың диссертациясына айналды.

1949 ж. Ғылым академиясы жариялаған хабарламада Оңтүстік Қазақстандағы археологияның қазба жұмыстарына ерінті археолог мамандар шақырылды. Осылайша Кемал А. Н. Бернштамның экспедициясына түсті. Сонда ал алғаш рет Отырар мен басқа да Жібек жолы бойындағы қалаларға барды. Түркістандағы. Қ. А. Яссауи кесенесінде болып қайтып. Хандың бүлінбеген қабірлердің кулагері болды. Кесенесінің үстінгі қабаты кітаппен толы екенін деркториларда оқиғаннан еске түсіріп, кейбір кезеңдерде жабылып кетті деген қауесет әңгімелерді де естігені бар. 1950 жылы А. Н. Бумштам басқарған археологияның экспедиция, Бөржар аөбасын қызу кезінде, Арстан-баба кесенесінде тұрақтаған. 1946 жылы Ұлттық академияның ұйымдастыруымен белгілі түрколог ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан Оралық Қазақстан археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Өз халқының қола, темір дәуірлерне жататын алуан сынды ескерткіштерін ашты. Және археология, этнология бойынша кадрлар дайында. Өз өмірін үлкен бөлігін осы салаға жұмсады. Ә. Марғұлан Қазақстан археологиясының негізін қалаушы және оны ілгері ірі ғылыми мекемеге айналдырушы. Сондықтан да қазіргі Археология институты сол ғұламаның атымен аталады.

Экспедицияда А. Н. Бернштамның ғылыми - қызметкерлері С. И. Агеева, Г. Е. Пацевич, А. Г. Максимова болды. Бұл экспедицияда Кемаль Н. П. Подушкинымен танысып, кейінрек ажырамас достарға айналды. Оларда таңдау өте қызық, әрі жері болатын.

Кемал Ақишевтің мақтанышымен еске алатыны ал кандидаттық диссертация тақырыбын Алексей Натанович Бернштамның өзі бергендігі, және осы тақырыптар списогын сақталуы жайы ескерту айтты. Бұл керемет идея еді. Оңтүстік Қазақстанның Ортағасырлық қалаарын, сол кезеңдегі Еуропа қалаларымен салыстыру. Кейінрек 10 жылдан соң Кемаль бұған бірнеше жылдар арнады (11) .

1951 -1952 ж. ж. аралығында Кемаль отряд басшысы ретінде, Орталық Қазақстандағы А. Х. Марғулан экспедициясының құрамында боып, Аттасу, Ақсу-Аюлы, Былқылдан, Сарыарқа, Сарышоқы, Беғазы обаларын зерттеумен шуғылданды. Қазіргі таңда бұл атаулар Еуразия археологиясын ежелгі кезеңдерін білдіреді.

1950 жылы Қаз ГУ К. Ақишев бітіргеннен соң аспарантураға жіберілді. Аспарантураны Ленинградтағы археология институтында оқыды. Оның жетекшісі М. П. Грязнов болды.

Кемаль Ақышев М. П. Грязновтың ең бірінші аспиранты болды. Кемаль М. П. Грязновпен әйелі Мария Николаевна Комарованың асылы шырайпарын мақтанышпен еске алушы еді. Кемаль Ақышев кандидаттық диссертациясын қола дәуіріндегі Қазақстан атты жиым жұмысын 1953 жылы 4 желтоқсанда ғылыми пецестің мемлекеттік әрмитажында қорғады. Ғылыми кеңестің төрағасы М. И. Артомонов болды. Кемальдың оппанентері А. П. Окладников және С. С. Чумиков болды .

1953 жылы Кемаль Ақышев Қаз. ССР ғылыми Академияның археология және этнография институтына күзде қабылданды. Археология бөлімшесінің меңгерушісі Е. И. Алиева, этикета қызметкерлері А. Х Марғұлан, А. Т. Максимова болды. 1955ж К. Ақышев КазССР. Ғ. А. археология және этнография институтының архиология

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Археологиялық зерттеулер
Қазақ халқының мәдениеті
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Алтын адам жәдігерінің зерттелуі-ұлттық құндылық
Киізден өрнек салып тігілген қоржын
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz