Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар. Театр мен кино. Спорт



1 Елдің рухани.мәдени өміріндегі жаңалықтар
2 Театр мен кино өнері
3 Спорттың дамуы
4 Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер.
5 Қосымша мағлұматтар (Егемен қазақстан газеті)
6 Пайдаланған әдебиет  
Егеменді елімізде республикамыздың толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге еркіндік алуы мәдени салада жіберілген ағаттықтарды түзетуге мүмкіндік туғызды. Мәдениет пен өнер, әдебиет идеологиялық тыйым салу азабынан арыла бастады. Кеңестік жүйенің күйреуі мен нарықтық қатынастарға өту мәдениет пен спорттық дамуына зор ықпал етті.
Қайта құру жылдарында бюджеттен қаржыландыру едәуір қысқарды, көптеген ғылыми зертханалар мен спорт мектептері, клубтар, демалыс орындары жабылды немесе жеке меншікке берілді.
Қалыптасқан жаңа жағдайда нарықтық қатынастарға икемделе алған ұйымдар ғана өз жұмыстарын жалғастырды.
Қазақстан ғылымы дамуының жаңа кезеңі ғылым мен жаңа технологиялар министрлігі құрылған 1992 жылдан басталды. 1993 жылы бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар жаппай сынақтан өткізілді. Мұндай тәсіл ғылымның болашағы зор салаларын анықтауға, маңызды ғылыми орталықтарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады. Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа мамандықтар ашылды. Нақты айтқанда, ғылымға жаңа — әлеуметтанушы, саясаттанушы, мәдениеттанушы кадрлар келді, компьютерлік техника, ақпараттық технологиялар, бизнес пен экономика саласы бойынша мамандар дайындала бастады. Жоғары Аттестациялық комиссия қайта құрылып, ғылыми дәреже беру шарттары қайта қаралды.
Республика ғалымдары Қазақстанның өткен кезеңін, ата тарихын зерттеуге елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, мынадай өзекті тақырыптар бойынша атқарылды: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, Сталинизмнің орнығуы мен нығаюы, КСРО ыдырауының себептері (М.Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Т.Омарбеков, А. Сақтағанов). Өте көкейтесті мәселелер конференциялар мен «дөңгелек үстелдерде» ашық талқыланатын болды. Ғалым-құқықтанушылар С. Зиманов, С. Сартаев, Е. Нұрпейісовтер республикамыздың конституциялық дамуы кезеңдерін зерттеді. Әлеуметтану (М. Тәжин, К.Биекенов), геосаясат (Қ. Тоқаев, Ж. Жүнісова), демография (М. Тәтімов, Ә. Ғали), философия (Ғ. Есім, Ғ. Түрсынов) бойынша жаңа еңбектер жазылды. Академик Ә.X.Марғұланның ғылыми мұралары жарық көре бастады.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
Егемен қазақстан газеті.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар
2 Театр мен кино өнері
3 Спорттың дамуы
4 Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер.
5 Қосымша мағлұматтар (Егемен қазақстан газеті)
6 Пайдаланған әдебиет
Елдің рухани-мәдени өміріндегі жаңалықтар.
Егеменді елімізде республикамыздың толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге еркіндік алуы мәдени салада жіберілген ағаттықтарды түзетуге мүмкіндік туғызды. Мәдениет пен өнер, әдебиет идеологиялық тыйым салу азабынан арыла бастады. Кеңестік жүйенің күйреуі мен нарықтық қатынастарға өту мәдениет пен спорттық дамуына зор ықпал етті.
Қайта Құру.

Қайта құру жылдарында бюджеттен қаржыландыру едәуір қысқарды, көптеген ғылыми зертханалар мен спорт мектептері, клубтар, демалыс орындары жабылды немесе жеке меншікке берілді.
Қалыптасқан жаңа жағдайда нарықтық қатынастарға икемделе алған ұйымдар ғана өз жұмыстарын жалғастырды.
Қазақстан ғылымы дамуының жаңа кезеңі ғылым мен жаңа технологиялар министрлігі құрылған 1992 жылдан басталды. 1993 жылы бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық бағдарламалар жаппай сынақтан өткізілді. Мұндай тәсіл ғылымның болашағы зор салаларын анықтауға, маңызды ғылыми орталықтарға нақты көмек беруге мүмкіндік жасады. Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра алатын жаңа мамандықтар ашылды. Нақты айтқанда, ғылымға жаңа -- әлеуметтанушы, саясаттанушы, мәдениеттанушы кадрлар келді, компьютерлік техника, ақпараттық технологиялар, бизнес пен экономика саласы бойынша мамандар дайындала бастады. Жоғары Аттестациялық комиссия қайта құрылып, ғылыми дәреже беру шарттары қайта қаралды.
Республика ғалымдары Қазақстанның өткен кезеңін, ата тарихын зерттеуге елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, мынадай өзекті тақырыптар бойынша атқарылды: Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, Сталинизмнің орнығуы мен нығаюы, КСРО ыдырауының себептері (М.Қозыбаев, К. Нұрпейіс, Т.Омарбеков, А. Сақтағанов). Өте көкейтесті мәселелер конференциялар мен дөңгелек үстелдерде ашық талқыланатын болды. Ғалым-құқықтанушылар С. Зиманов, С. Сартаев, Е. Нұрпейісовтер республикамыздың конституциялық дамуы кезеңдерін зерттеді. Әлеуметтану (М. Тәжин, К.Биекенов), геосаясат (Қ. Тоқаев, Ж. Жүнісова), демография (М. Тәтімов, Ә. Ғали), философия (Ғ. Есім, Ғ. Түрсынов) бойынша жаңа еңбектер жазылды. Академик Ә.X.Марғұланның ғылыми мұралары жарық көре бастады.
ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы республикада кеңінен атап өтілді. 1999 жылы сәуірде Парижде осы оқиғаға арналған халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йасауи тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден 200-ден аса ғалым мен мамандар қатысты. 2001 жылы 12 шілдеде Ғылым туралы Заң қабылданды. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына сәйкес қайта құрылды.
Ғаламдық өзгеріс рухани салада да орын алды: діни сенім мен қасиетті орындарға зиярат етуге еркіндік берілді. Алматыда, Павлодарда, Таразда, Көкшетауда, Шымкентте сәулеттік әсемдігімен ерекшеленетін мұсылман мешіттері жөнделді және жаңадан салынды. 2005 жылы сәуірде астана тұрғындары араб елдері көмегімен салынған Астанадағы Орталық мешіттің ашылуының куәсі болды.
Алматы, Петропавл қалаларында православие мен католик шіркеулері бой түзеп, Алматыда жаңа синагога салынды. Дінге сенушілер санасынан діни сенімі үшін мемлекет пен жазалаушы органдар алдыңдағы қорқыныш жойылды. Ұзақ жылдарғы тыйым салудан кейін дінге сенушілер қасиетті орындарға еркін барып, қажылық парызын өтей алатын болды. Жыл сайын мыңдаған мұсылмандар діни парызын атқаруға Мекке мен Мединеге аттанды. Діни орталықтар жанынан арнаулы медреселер ашыла бастады, мыңдаған жас қазақстандықтар ірі теологиялық орталықтарда оқуға мүмкіндік алды. Республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиға - қасиетті Құранның қазақ (аударғандар - Халифа Алтай, У. Қыдырханов), орыс (аударған - Валерия Порохова) тілдерінде басылып шыққаны болды.
Республикамыздың әлем қауымдастығындағы беделі мен абыройын арттыру секілді игі жұмысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы зор үлес қосып отыр. Діни басқарма қоғамды имандылыққа, тазалыққа шақыру бағытындағы жұмыстарын үзбей жалғастырып келеді.
Мәдени мұра.

Қазақстандағы экономикалық ілгерілеу мен саяси тұрақтылық әлеуметтік-мәдени салада реформаларды тиімді жүргізуге кеңінен жол ашты. 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік мәдениетті қолдау бағдарламасы жасалып, еліміздің мәдениеті мен өнері мемлекеттік қолдауға ие болды. 2000 жыл Қазақстанда Мәдениет жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы жүзеге асырылып, халқымыздың тарихы мен мәдениеті жайлы іргелі еңбектер жарық көрді. Елімізде театрлар саны өсті: 2 опера және балет, 33 драма, 4 музыкалық комедия, 4 жасөспірімдер, 5 қуыршақ театры,73 тұрақты кинотеатр және 266 жылжымалы киноқондырғылар халыққа қызмет етті.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінгі күні елімізде 48 театр, 62 концерттік ұйым, 3539 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 2259 клуб түріндегі мекеме, 42 луна-парк пен демалыс саябақтары, 4 хайуанаттар паркі жұмыс істейді.
1989 жылдан Азия дауысы халықаралық ән байқауы өткізіліп тұрды. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан қайта жаңғырған айтыс өнері жанданды. Айтыскерлер арасынан Манап Көкенов, Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, Надежда Лушникова, Аманжол Әлтаев, Оразалы Досбосынов, Айнұр Тұрсынбаева, Ринат Заитов және басқа да таланттар танылды. Айтыс мектебі қалыптасты. Фольклорлық өнер ұжымдары, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптық оркестр, Отырар сазы оркестрі, Салтанат би ансамблі өнер көрсетті.
2001 жылдың акпан айында Асыл мұра атты Қазақстанның музыкалық мұрасы жобасының тұсаукесері Алматы қаласында өтті. Жоба мақсаты құнды ұлттық музыкалық мұраны табу, жүйелеу, қайта өңдеу және қазіргі аудиотаспаларға көшіру. Жоба аясында халықтық, классикалық және қазіргі Қазақстанның үздік мәдени мұра үлгілері қалпына келтірілді.
Соңғы жылдары кеңестік тоталитарлық жүйеден босаған елдің ақын-жазушыларының шығармаларына XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы қазақ елінің өмірі арқау бола бастады. Б. Мұқай, Н. Айтұлы, Т. Жұртбай, С. Досановтардың XX ғасырдың көркем тарихын жасаған шығармалары жарық көрді.
Бүгінгі күні Қазақстанның елордасы - Астана қаласының мәдени инфрақұрылымы кенейтілуде. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры мен М. Горький атындағы орыс драма театры, К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жұмыс істейді. Президенттің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салынып іске қосылды. Мемлекеттік цирк, Бейбітшілік және келісім сарайы қолданысқа берілді. Бұл құрылыс нысанын салу идеясы 2003 жылы қыркүйек айында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің бірінші съезінде көтеріліл, пирамида пішіндес сәнді ғимарат салуды жиналғандар бірауыздан қолдаған болатын. Жобаның авторы британ сеулетшісі Норман Фостер. Биіктігі 77 метр, аумағы 25,5 мың шаршы метр ғимарат 2006 жылы пайдалануға берілді. Елімізде отандық авторларды көркемдігі жоғары туындылар жасауға тарту, сондай-ақ өнерді дамыту мақсатында жыл сайын Астана-Бәйтерек ұлттық байқауы өткізіледі.
2003 жылы Астана-2003 қазақ әндерінің бірінші халықаралық байкауы өткізілді. Қазақстанда жыл сайын еліміздің талантты жастарына арналған Жас қанат, Жігер, Алтын алма, Шабыт және басқа да фестивальдар өтіп тұрады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13 каңтарда 2004-2006 жылдарға арналған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама қабылданғаннан бергі төрт жылда тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Монғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды. Тек Қытайға жасалған экспедицияның барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрын зерттелмеген маньчжур тіліндегі 3 мың, қытай тіліндегі 300, шағатай тіліндегі 60, ойрат тіліндегі 70 дерек табылды. Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет, өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану, тіл білімі сияқты 16 бағыт бойынша бірнеше жүз томды құрайтын кітаптар шығарылды. 100 томдық Бабалар сөзінің 50 томы, Қазақ философиясының 16 томдығы, Әлемдік философиялық мұраның 18 томдығы, Баласағұн қалашығы, Отырар, Орхон ескерткіштерінің толық атласы жарық көрді. Қазақстанның электрондық кітапханасы және Мәдени мұра интернет-порталдары жасалды. Қазір Мәдени мұра бағдарламасының 2007-2009 жылдарға арналған екінші кезеңі игерілуде.
Еуразия фестивалі.

Қазақстанда халықаралық мәдени байланыстар жолға қойылып, табысты жұмыс істеуде. Қазақстан 49 таяу және алыс шетелдермен, халықаралық ұйымдармен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Ресейдегі Қазақстан жылы, Қазакстандағы Ресей жылы өткізілді. 2004 жылы өткен ТҮРКІСОЙ Тұрақты Кеңесінің XXI отырысы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің жұмыс бабындағы екі кездесуінің өткізілуі қазіргі заманғы Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға саналады.
2008 жылдың қыркүйек айында V Еуразия халықаралық кинофестивалі өтті. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 10 жылдығына халықаралық музыкалық фестиваль ұйымдастырылды. Түркіменстанның, Катар, Египет және Иорданияның Қазақстандағы мәдениет күндері, Қазакстанның Монғолиядағы, Тәжікстандағы, Германиядағы мәдениет күндері ұйымдастырылды.
Театр мен кино өнері.
Театрлар және қазақтың дәстүрлі өнері шығармашылық жаңа серпін мен еркіндікке қол жеткізді.
Сонымен қатар өкімет тарапынан қамқорлық пен бақылауға әбден қалыптасып қалған бірқатар мәдениет қайраткерлерінің өмірдің жаңа жағдайына дайын еместігі де байқалды. Олар кеңестік алтын ғасыр туралы сағыныштан өзге жұртшылыққа ештеңе ұсына алмады.
Кино өнерінде, монументті кескіндеме жасауда өзіндік көркемдік ойы, және идеялық принциптері бар жаңа ұрпақ келіп қосыллды. Қазақ режиссерлерінің көптеген фильмдері әлемдегі ірі фестивальдердің лауреаттары атанды. 1996 жылы Алматыда Тәуелсіздік монументі мен Ж. Жабаев ескерткіші, Астанада Кенесары Қасымов, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.
2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд, Қазақфильм) Көшпенділер кинофильмін түсірді. Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді.

Көшпенділер фильмы.

Спорттың дамуы.
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік Ұлттық олимпиадалық комитет құрылды. Қазақстан спортшылары ірі-ірі халықаралық жарыстарда табысты енер көрсетті. XI Азиялық ойындарға алғаш қатысқан қазақстандықтар жалпы командалық есепте 4-орынды иеленді, 77 медаль (25 алтын) жеңіп алды. Дәулет Тұрлыханов, Сергей Филимонов, Наталья Торшина, Бақыт Ахметов сияқты спортшылар Қазақстанды спорттық держава ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Елбасы айтқандай Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды
Қазіргі қазақ аулының мәдени өмірі
Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Театр өнері
Қазіргі заманғы қазақтың ұлттық мәдениетінің даму бағыттары және болашағы
Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі, телеарналар ерекшелігі
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
ХХІ ғасырдағы телевизиялық мүмкіндіктер
Пәндер