Үндістан мемлекетінің туризмі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ: 1 ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4: 6
:
КІРІСПЕ: 1. 1 Үндістан мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері
4: 6
:
КІРІСПЕ: 1. 2 Үндістан мемлекетінің тарихы, мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктері
4: 9
:
КІРІСПЕ: 1. 3 Үндістанның өнері мен білімі
4: 21
:
КІРІСПЕ: 2 ҮНДІСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
4: 31
:
КІРІСПЕ: 2. 1 Үндістанның табиғи ресурстары
4: 31
:
КІРІСПЕ: 2. 2 Үндістандағы рекреациялық турлар ерекшеліктері
4: 34
:
КІРІСПЕ: 2. 3 Үндістанға рекреациялық тур бағдарламасын құрастыру
4: 49
:
КІРІСПЕ: 3 ҮНДІСТАН ТУРИЗМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ
4: 52
:
КІРІСПЕ: 3. 1 Үндістан мемлекетіндегі туризмнің қазіргі жағдайы
4: 52
:
КІРІСПЕ: 3. 2 Үндістан мен Қазақстан мемлекетінің арасындағы достық қарым-қатынастың туризмге әсері
4: 57
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 63
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
4: 65

Кіріспе

Үндістан - адамзат баласының ең көне мәдени ошақтарының бірі. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар. Ал осы бір ұлттық ерекшелік үнді халқының мәдени дамуына өз ықпалын тигізді. Бірақ, өкінішке орай, ежелгі үнді мәдениеті жайындағы толық мағлұматтар тек соңғы кездерде ғана мәлім бола бастады. Біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарында ғана археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде палеолит және неолит дәуіріне жататын баға жетпес материалдық мәдениеттің ескерткіштері табылады. Индия өзенінің аңғарында жүргізілген қазба жұмыстары б. з. б. I және II мыңжылдықтардың өзінде-ақ үнді жерінде мәдениеттің дамуының жоғары қарқында болғандығын дәлелдеп отыр. Б. з. б. III мыңжылдықтың аяғында қалыптасқан Махенджо - Даро (Синд, Пәкістан) және Харапа (Пенджап, Пәкістан) мәдениеттерінің ескерткіштеріне қарағанда ежелгі үнділіктер дәстүрлі тас құралдармен қатар мыстан және қоладан жасалған заттарды да кеңінен пайдаланған. Бұл алқаптың тұрғындары дүние жүзінде тұңғыш рет мақтадан иіріп, тоқуды игерген. Көне үнді зергерлері мен қышшыларының даңқы бүкіл дүние жүзіне кең тараған. Осы дәуірде таптық қарым-қатынастардың дамуы, мемлекеттер мен қалалардың пайда болуы, ал олардың өз кезегінде көршілес жатқан елдермен сауда - саттық қарым - қатынастарын жасауы, сөзсіз, қала мәдениетінің өрістеуіне колайлы жағдайлар жасады.

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол - терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер - жаһанға әйгілі күмбездер мен сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол - “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі”мемлекеттік әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістан - Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағыныңсуларымен қоршалған. Үндістан - өзінің мыңжылдық тарихында көне бойына қызықты оқиғалар мен таңдай қақтырар дүниелерді жинай білген ғаламат ел. Себебі, Ежелгі Үндістан адамзат дамуын елестетуге болмайтын бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Үндістан (немесе Бхарат, осылайша үндістер өз елін атады) - зор табиғи ресурстары бар әлемнің ең ірі мемлекеттерінің бірі. Бұл мемлекет халық саны бойынша екінші орынды және жер көлемі бойынша жетінші орынды алады. Қазіргі кезде туристер мәдениеті мен тарихында өзіне тән ерешеліктері бар әлем елдеріне қызығып, сол елдерге жиі саяхват жасайды. Ал Үндістан тарих пен мәдениеттің жарқын үлгісі болып саналады.

Таңғажайып табиғатымен де, тамырын тереңге жіберген тарихымен де әйгілі Үндістан жайлы дипломдық жұмысымда осы елдің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қанат жайған мәдениеті, бүгінгі жеткен жетістіктері, бүгінгі таңдағы туризм саласы жайлы айтып өттім.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - аталған ресурстардың негізінде Үндістанға рекреациялық тур қурастыру.

Көзелген мақсатқа сәйкес жұмыста келесідей міндеттер шешілуі тиіс:

- Үндістандағы рекреациялық туризмнің негізгі тенденцияларын қарастыру;

  • Үндістанның туристік-рекреациялық ресурстарын талдау;
  • Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындау мақсатында Үндістанның дамуы мен спецификасына сипаттама беру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Үндістан мемлекетінің туризмі қарасытырылады.

Үндістан халық саны бойынша екінші орынды, ал жер көлемі бойынша жетінші орынды алады. Үндістан батысында Пәкістанмен, солтүстік-шығысында Қытай, Непал, Бутанмен, шығысында Бангладеш және Мьянмамен шектеседі. Сонымен қатар, Үндістан теңіз арқылы оңтүстік-батысында Мальдив аралдарымен, оңтүстігінде Шри-Ланкамен және оңтүстік-шығысында Индонезиямен шектеседі. Джамма мен Кашмир штаттарының территриясы Ауғанстанмен шектеседі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - Үндістан мемлекетіндегі туристік потенциалдың дамуы.

Димломдық жұмыс құрылымы қарапайым, кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Бірінші тарауда замануи туристік нарық және Азия нарығындағы танымдық туризмні даму тенденциялары қарастырылды. Екінші тарауда Үндістанның туристік-рекреациялық талдауы жасалды. Үшінші тарауда Үндістан территриясы бойынша жасалған тур құрастырылып, калькуляциясы жасалды. Берілген дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың жұмыстары, мезгілдік басылымдар, туристік компаниялар мәліметтері, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық жинақтары қолданылды.

Жұмыс беттен, кестеден, суреттен тұрады.

1 ҮНДІСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Үндістан мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері

Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан республика, құрамына 28 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы - Дели қаласы.

Үндістан шығысында Бангладеш Республикасымен (шекарасының ұзындығы 4053 км), Мьянма Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 1463 км), солтүстігінде Қытай Халық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 3380 км), Непалмен (шекарасының ұзындығы 1690 км), Бутанмен (шекарасының ұзындығы 605 км), батысында Пәкстан Федерациялық Республикасымен (шекарасының ұзындығы 2912 км) шектеседі. Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-Ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы, шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Үндістан Республикасының шекарасының жалпы ұзындығы - 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Үндістан Республикасының жалпы ауданы - 3 млн 288 мың км². Пішіні жөнінен Үндістанның территориясы үшбұрышты еске салады, бұл үшбүрыштың негізі материкке сүйеніп, Азияның қалған бөлігінде Гималай тау жүйесімен бөлінген. Бұл территорияның үлкендігі мен кейбір оқшаулығы оны Үндістан ірі континенті деп атауға мәжбүр етті. Үндістанның әкімшілік бөлінуі өте күрделі (сурет 1) .

Сурет 1. Үндістанның әкімшілік бөлінуі [2]

Үндістан - федералды құрылым мен парламенттік жүйе басқаруындағы ұлттық демократиялық республика. Үндістан - халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үндістан жерінде адамзат тас ғасырынан бері тіршілік кешкені археологиялық деректермен дәлелденген.

Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж. ) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж. ) шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді [1] .

Үндістанның астанасы Дели қаласы атқаратын қызметі мен сыртқы сипатына қарай Жаңа және ескі Дели болып екіге бөлінеді. Жаңа Делиде іскер орталықтар қалыптасқан, онда көбіне ауқатты бай адамдар тұрады. Мұнда еуропалық стильмен салынған кварталдар бар. Ал, ескі қалада ұсақ шеберханалар мен жұмысшы халық тұратын кварталдар орналасқан.

Нью-Делидегі орталық үкімет қорғаныс, коммуникация, банктік іс пен қаржы, халықаралық сауда мен шетелдік іс сияқты ұлттық көлемдегі барлық мәселелер бойынша бірыңғай юрисдикциясы бар. Мемлекеттік басқару қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық пен ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша бірінші болып жауапкершілік алады. Ағымдағы оңшыл үкімет - бір неше саяси партиялардың коалициясы, себебі Бірлескен Озық Альянс құру үшін. AusTrade мәліметін ағылшын тілінен аудыру.

Үндістан - Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше және бейбітшілік пен қосылмау қағидаларына негізілдеген жақсы дамыған ішкі саясаты бар. Бұдан басқа, ел Бірлескен Ұлттар Ұйымының және ұлттар Достастығының мүшесі. Үндістан - Оңтүстік-Азияның Аймақтық Ынтымақтастық Қауымдастығы мүшесі [2] .

Үндістан Республикасы Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалынған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда - республиканың жарияланған күні (1950 ж. ) . Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) мен министрлер кеңесінен басқарушы премьер-министр қолында. Заң шығарушы екі палаталы парламент (сансад) тарапынан жүзеге асырылады. Жоғарғы палата - халықтық палата, төменгі палата - штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан Ұлттық конгресі (ҮҰК), Бхаратия джаната партиясы.

Үндістан - халқының саны бойынша да, жер көлемі бойынша да алып елдердің бірі. Тарихы да алуан тарау, өте бай. Қазіргі Үндістан жерінде адамзат тас ғасырынан бері тіршілік кешкені археологиялық деректермен дәлелденген. Әлемнің ежелгі өркениетінің орталығы болған Үндістан жерінде неше түрлі ғажайып мәдени ескерткіштер сақталған. Ақыл-ойының жүйріктігі, философиясының тереңдігі, танымы мен мәдениетінің сұңғылалығы, әдебиеті мен көптеген басқа өнер түрлерінің жеткен шыңдары бойынша да Үндістан барша әлем таңғаларлықтай ерекше ел. Көпұлтты ел халқының 80 пайыздан астамы индуизм, 10 пайыздан артығы ислам дінін тұтынады. Мемлекеттік тілі хинди тілі.

Басты діндер - индуизм, ислам, христиан, сикха, будда. Мұндағы басты діндер - 1) Индуизм (халықтың 82, 5%-ы), 2) Ислам (11, 4%), 3) Христиан (2, 4%), 4) Сикха (2%), 5) Будда (0, 7%), өзге де діндер 1℅-ды құрайды (сурет 2) [3] .

Сурет 2. Үндістандағы әлемдік діндердің таралуы [3]

Үндістан - халықтың табиғи өсуінің жоғарылығымен ерекшеленетін ел. Туу көрсеткіші әрбір 1000 адамға шаққанда 27, 78 нәрестеден келсе, өлім-жітім әрбір 1000 адамға 10, 07 адамнан (бала өлімінің деңгейі әрбір 1000 адамға 76, 3 адамнан) келеді. Елдегі өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші ерлерде - 58 жас, әйелдерде - 60 жас.

Халықтың жыныстық құрамына тән нәрсе - әйелдерге қарағанда ерлер көп. Халықтың 15 жастан үлкендерінің шамамен жартысына жуығы (ерлердің 64%-ы, әйелдердің 39%-ы) оқи және жаза алады, 31, 7 млн еңбекке жарамды адамдардың 65%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Шаруалар өте басым, олардың көбісінің жері аз, тұрмыстары өте нашар. Жұмысшылардың көбісі ұсақ, жартылай мердігерлік шеберханада жұмыс істейді. Соңғы уақытта техниканың соңғы түрімен жабдықталған кәсіпорындар көбеюде. Сыртқы көші-қон шектелген, ал ішкі көші-қон жылдам өсуде, ауылдан қалаға қоныс аударушылар жылдан-жыцлға өсу үстінде. Елдегі халықтың орналасу өзгерісін анықтайтын урбандалу жетекші үрдіске айналады.

Ұлыбританияның отары кезінде Үндістан өнеркәсіп орындары тек бірнеше ірі қалаларда (Калькутта, Мумбай, Мадрас) шоғырланған болса, қазір жаңа кәсіпорындар барлық штаттарда бар. Көптеген жаңа қалалар пайда болды, өнеркәсіп ареалдары қалыптасты. Өнеркәсіптің даму қарқыны ауыл шаруашылығынан басып озды [4] .

Үндістанның экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлылығымен ерекшеленеді. Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж. ) оның орнына құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін (2002 ж. ) шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас. Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ - ауған жері бөліп жатыр. Осы бір тар аймақта Памир, Гиндикуш және Гималай тау жүйелері тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.

1. 2 Үндістан мемлекетінің тарихы, мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктері

Қазіргі Үндістан аумағында өтеертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған. Б. з. д. III мыңжылдықтың ортасынан б. з. д. II мыңжылдықтың бірінші жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды. Бұл өркениетті веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б. з. VI ғ. Үндістанның солтүстік - батысы Парсы империясының I Дарий қоластына өтті. Х ғ. соңындағы мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті.

Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелігін Темірлан шапқыншылығы алмастырылды. (1398-1399 жж. ) . Осы кезде ислам діні дамыған Дели сұлтандығы өзінің бірқатар иеліктерінен айырылды. Темірланның немересі Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ХVII ғ. басына тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бірқатар Еуропалық державалар көз аларата бастады. Бұл аймаққа келген ықпал үшін Франция мен Англия арасындағы тартыс Англияның пайдасына шешілді. Жаңа колониялы белсенді игеру Британия тарапынан XVIIIғ. соңы мен XIXғ. басында іске асырылды. Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойылғанын паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігіне алып келді. Талай ғасыр Ұлы Моғолдар билік жүргізіп, гүлдендірген ғажап ел. Талай жылдар ағылшын отаршылдарының езгісіне түсіп, осыдан 60 жыл бұрын ғана бодандық бұғауынан босанған азат ел. Ға­шықтар тілін ән мен би арқылы ұқтырған, аты аңызға айналған әмірші Ақбар махаббат символы - Тәж-Махалды тұрғызған шежірелі ел [5] .

Үндістан - дүние жүзіндегі ең ежелгі мемлекеттердің бірі. Ол екі ғасырдай уақыт бойы Англияиың отары болды. 1947 ж. тәуелсіздікке жетті, ал 1950жылы республика болып жарияланды. Мемлекеттік құрылысыбойынша Үндістан - 25 штаттан тұратын федерациялы республика. Оның әрбір штатының заң шығаратын жиналысы мен үкіметі бар, бірақ күшті орталық өкімет сақталады. Үндістан Ұлыбритания басқаратын Достастықтың құрамына кіреді.

ХVІІІ ғасырдың ортасынан 1947 жылға дейін екі ғасыр бойы Үндістан өз тәуелсіздігін алғанша азаттық күресін жүргізіп келді. Сол күрестің ХХ ғасырдың басындағы көшбасшыларының бірі Махатма Ганди болды. Үндістанның Ұлттық конгресі партиясының басында тұрған ол күш көрсетпеу жолымен қарсыласу бағытын уағыздады [6] .

Үңдістан - халқының саны жөнінен дүние жүзінде Қытайдан кейін екінші орын алатын ел. Халқының саны - 1миллиард189 миллион адам. Мұнда халық санаты 1891 ж. бастап әрбір 10 жыл сайын жүргізіліп келеді. Үндістан - халықтың табиғи өсуінің жоғарылығымен ерекшеленетін ел. Үндістан - көпұлтты ел. Елде барлығы 500 ден астам ұлттар мен тайпалар мекендейді. Мемлекеттік тілі - хинди және ағылшын тілдері. Сонымен қатар, он төрт тіл елдегі әртүрлі штаттарда ресми тіл ретінде қолданылады. Үндістан - дамушы елдер арасында отбасын жоспарлау бағдарламасын алғашкылардың бірі болып жүзеге асыра бастаған ел. Алайда ерте некелесетін көп ғасырлық дәстүрі бар елде ол тұтасымен алғанда аса тиімді бола қоймады. Үңдістандағы халықтың этникалық құрамы ерекше көп түрлі. "Үнділер" деген ұғым әр түрлі әлеуметтік-экономикалық сатыда тұрған және түрліше тілдерде бірнеше жүздеген этностарды, ұлттарды, ұлыстар мен тайпаларды біріктіреді.

Дін қоғамдық және отбасылық қатынастарды қоса алғаңда Үндістанның емір салтына ете күшті ықпал етті. Үнділердің 4/5-і индуизмді және 1/10-і мұсылмандықты ұстайды. Индуизмнің аса маңызды парыздарының бірі - қоғамды касталарға белу. Мұндай касталар ресми түрде жойылғанына қарамастан, әлі күнге дейін, әсіресе ауылдық жерлерде сақталғыш келеді. Белгілі бір кастаға жату адамның туылған күнінен өлгеніне дейінгі бүкіл мінез-құлқын айқындайды. Үндістанда урбандалу деңгейі әлі де төмен. Бірақ халқы көп болғандықтан оның көлемі айтарлықтай. Елде 4, 5 мыңнан астам қала бар. Оның үстіне, үлкен қалалар мен "миллионер" калалардың саны ұдайы өсіп келеді [7] .

Үңдістан үлкен қалаларының саны жөнінен Қытайды ғана алдына салады, ал "миллионер" қалаларының (агломерацияларының) саны жөнінен саны (220 млн. адам) жөнінен дүние жүзінде Қытайдан кейін екінші орын алады. Осыған қарамастан, Үндістан халқының басым бөлігі негізінен үлкен, халқы көп ауылдарда тұрады. Олардың жалпы саны 600 мыңдай. Ауылдағы тұрғын үйлер алуан түрлі болады. Мұнда тастан қаланған, ағаш пен саз бал шықтан тұрғызылған үйлерді, пальма жапырақтарымен жабылған лашықтарды, діңгектерге тұрғызылған жаппаларды кездестіруге болады.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жетті. Ол иңдустрияландыруды, аграрлық өзгерістердіойдағыдай жүргізіп, ғарыштық бағдарламаны жүзеге асыруда. Елдің шаруашылығы бес жылдық жоспарлар бойынша дамиды. Дегенмен, Үндістан әлі де өте қайшылықты ел күйінде қалып отыр. Ол өндірістің жалпы көлемі жөнінен дүние жүзінде 11-орында, ал жан басынакелетін ұлттық табыстың деңгейі жөнінен - 102-орында ғана. Оның тұрғындарының 2/5-сі дерлік кедейліктің ресми деңгейінен төмен тұрады [8] .

Қуатты, техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған өнеркәсіп орындары тек қол еңбегін пайдаланатын ("үйдегі өнеркәсіп") ондаған мың ұсақ және ете ұсақ кәсіпорындармен, ал мемлекеттік және жеке капиталистік ірі фермалар мен плантациялар - жердің жоқтығы мен аздығынан зардап шегетін миллиондаған ұсақ шаруа қожалықтарымен ұштасады. Бұл шаруашылықтардағы агротехниканың деңгей - дүние жүзіндегі ең төменгі деңгейдің бірі болып отыр. Ауылдардың көпшілігіңде электр тогы жоқ.

Үндістанның өнерәсібінде еңбекке жарамды халықтың 1/5 еңбек етеді. Ол жеңіл және тамақ өнеркәсіпті елден ауыр индустриясы дамыған елге айналды. Ол заманғы Үндістан станоктар, тепловоздар, автомобильдер, тракторлар, теледидарлар ғана емес, сондай-ақ электронды есептеуіш машиналар, АЭС-тер мен ғарыштық зерттеулерге арналған жабдықтар шығарады. Ол атом өнеркәсібін дамыту жөнінен дамушы елдер ішінде жетекші орын алады.

Үндістанның индустрияландыру жолына түсуі оның отын және шикізат қорларының маңызын күрт арттырды. Пайдалы қазбалар территориясына шоғырлана орналасқан аудандар өнеркәсіптік пайдалануға ерекше қолайлы; олар негізінен Декан таулы үстіртіне орналасқан. Сондықтан да басты өнеркәсіп тораптары, ауыр индустрияның аса маңызды жаңа құрылыстары осында пайда болды. Тәуелсіз Үндістанның түңғыш премьер-министрі Дж. Неру бұларды бейнелі тілмен "жаңа Үндістанның храмдары" деп атады. Шынында да, олар өзінше "өсу полюстеріне" айналды [9] .

Ауыл шаруашылығында Үндістанныңеңбекке жарамды халқының 3/5-і жұмыс істейді. Мемлекеттің қаржы бөлуі, "жасыл революцияның" пайдалану нәтижесінде дәнді дақылдардан, әсіресе бидайдан алынатын түсім едәуір артып, ел төменгі деңгейде « жан басына есептегенде 230-240 кг) болсада өзін негізінен астықпен қамтамасыз ете бастады.

Үндістанда шаруашылықтың оны дамушы елдердің көпшілігінен өзгешелейтін территориялық құрылымы қалыптасты. Елде шаруашылығы басым бірыңғай орталық жоқ. Елдің батысында, шығысында, солтүстігі мен оңтүстігінде төрт "экономикалық астана" бар секілді.

Бомбей - Үндістанныңаса ірі қаласы, өнеркәсіп және сауда-қаржы орталығы. Мұнда машина жасау, мұнай-химия, мақта-мата кәсіпорындары, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану женіндегі орталық, елдегі аса ірі киностудиялар бар. Бомбей порты - елдің басты теңіз қақпасы. Айналасын-дағы қалалармен бірге Бомбей елдегі ең үлкен өнеркәсіп торабын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан елінің экономикалық-географиясы
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Малайзияның туристік орталықтары жайлы
Балалар - жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары
Туркия. Мемлекеттің тарихы
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz