Алматы облысы Кербұлақ жайылымындағы боз жусанның (Аrtemisia terrae-albae )морфо-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

КIPICПE

Еліміз экономикалық күре тамырының бірі ауылшаруашылық өнімдерін (ет, май, сүт, тері, жүн) халық қажетіне сәйкес өндіру деп қарастыру. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясының Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілген.

Флора белгілі өңірдің табиғи тарихы пайда болған, экологиялық жүйенің құрамын анықтайтын, уақыт барысында өзгеріске ұшырауға бейім бөлігі. Сондықтан еліміздің белгілі бір өңірінің флорасын жан-жақты зерттеу, сол жердегі табиғи және антропогендік өзгерістердің көрсеткіші де, оның қазіргі жағдайын анықтайтын айғақты дәлел немесе көрсеткіш.

Қазақстанның экологиялық жүйесі өзінің бірегей биологиялық әралуандылығымен ерекшеленеді. Қазіргі таңда Іле-Балқаш аймағы халықаралық форум шешімімен Іле-Балқыш бассейні деп атауды ұйғарып, бұл аймақтың суды тиімсіз пайдалану проблемасы өзекті болуда. Бұл бассейндегі негізгі өзен Іле суының ағысының мөлшерінің басым бөлігі Қытайда қалады да, қалған Қазақстандық бөлігі Қапшағай су қоймасымен бөгеледі. Соның нәтижесінде оның Балқаш көліне баратын мөлшері азайып, өзеннің сағасы батпақтанып, судың тұздануы артуда. Осының салдарынан Іле бассейнінің флоралық және фауналық құрамы жұтаңдануға ұшырауда.

Мал өндірудің өңдеудің қазіргі заманғы үдемелі интенсивті технологиясы оған сәйкес мал азығының тұрақты қорын жасауды талап етеді. Себебі, құнарлылығы жоғары, оның физико-технологиялық қасиеттері сақталған, олардың еңбек сыйымдылығын автоматтандыру, оны сақтау малдың алынатын өнімнің жоғары сақталуын қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығын ірі-ірі кешендерге топтастыру оларға мал азығын даярлаудың жаңа индустрализацияланған жүйесін ұйымдастыруды, олардың құрамын күшейтіп, қоректік қабілетін жоғарылатуды талап етеді.

Еліміздің оңтүстік облыстарының мал шаруашылығының табиғи жайылымы көпшілік жағдайда жартылай шөлді аймақта болатындықтан, ол жерлердің өсімдіктер жабынының деградацияға, жұтаңдамауы оларды аса өнімді пайдаланумен тұрақты қорғауды, осыған тиісті әдіс-тәсілдерді қолдануға мәжбүрлейді. Бұл өз кезегінде, жайылымдарды ғылыми жан-жақты зерттеулер нәтижелерінің қолданбалы ұсыныстарын негізге ала отырып орындалуы тиіс. Демек, ауыл шаруашылығының агротехникалық шаралар мен осы саладағы ғылыми зерттеулермен үйлесімді болғаны жөн.

XVIIІ ғасырдың екінші жартысында Жетісуді зерттеуге академиктер И. Сиверс және П. С. Палластың жұмыстары бастама болды. Олар Жетісудың өсімдіктері туралы алғаш мәліметтер хабарланды. ХІХ ғасырдың қырықыншы жылдары А. И. Шренк солтүстік Жоңғар бойына және Балхаш көлі айналасына экспедиция жүргізді. Ол кең көлемді де ауқымды ботаникалық коллекцияларды жинады, оларды Ф. Б. Фишер және К. А. Майермен өңдеп ғылыми жариялады. А. И. Шренкпен бірге бір уақытта 1840-1842 жылдары Жоңғар бойымен флорист Г. С. Карелин И. П. Кириллов студентімен саяхат жасалды. Г. С. Карелин Тарбағатай, Жоңғар Алатау және Балхаш көлінде болды. Оның ботаникалық коллекциясында сирек және қызықты өсімдіктердің онға жуық туысы, жүздеген жаңа түрлері бар. Ол жиналған өсімдіктердің тізімі мен сипаттары бар алты флоралық жұмысты жазды. [1]

1851 жылы А. Г. Влагали С. Н. Нифантьевтың басшылығындағы топографтармен Балхаш көліне және Іле өзеніне экспедиция жасалды. Көлдің географиялық орны, жағалауларының қасиеттері, судың тереңдігі және т. б. анықталды.

1884 жылы зоолог А. М. Никольский Балхаш көлін және оған тиісті аймақтарды зерттеді. Ол көп материалды жинап, ботаникалық, физико-географиялық мәліметтер жариялады. А. М. Никольский көл жағалауының, құмды массивтерінің, Іле және Лепсі өзендер алқабының өсімдіктерін сипаттады. 1886 жылы ботаник-географ А. Н. Краснов Шу-Іле тауларын, Балхаш көлін, Іле өзенін жағалады. Ол алғаш Орта Азия жер бедерімен байланысты өсімдіктердің зоналық сипатын ұсынды.

1903 жылы Балхаш көліне географ Л. С. Берг келеді, ол Іле өзені алқабының толық геоморфологиялық сипатын және өсімдіктердің сипатын көрсетті. Л. С. Берг мәліметтері бойынша Бақанас ауылынан төмен Іле өзенінің тегіс жағалауы ұзындығы 5 м дейін қалың қамыс және кендір қоспасының орын алатынығын анықтады. [2]

1908-1909 жылдары А. И. Коржинский мен В. С. Воротников Іле өзені, Балхаш көлі және Қаратал өзені бойына жасалған саяхатында Іле өзенінің төменгі және орта ағысының өсімідіктерін зерттеу бойынша оның нәтижелерін 1910, 1913 жылдары М. П. Пташицкий жариялады. Сонымен қатар ол Іле өзенінің төменгі ағысы мен орта бассейінің жүйелі фитотопографиялық сипаттын берді, өзеннің орта ағысында жиналған өсімдіктердің тізімін: 73 тұқымдасқа жататын 573 түр және Іле өзенінің төменгі ағысынынан 57 тұқымдасының 287 түріне сипаттама жасады. Бірақ М. П. Пташицкий өзеннің тек сол жақ жағалауының түрлерін сипаттайды. [3]

Н. Г. Красин және С. А. Никитин 1916 жылы геологиялық зерттеу жүргізді. С. А. Никитин Оңтүстік Прибалхаш, сонымен қатар Сары-Ишокотрау құмдарының өсімдіктері мен геологиясын зерттеген.

1924 жылы танымал геоботаник Р. И. Аболин Жетісуда зерттеу жүргізіп, нәтижесінде ол күзгі және қысқы жайылым, шөп дайындау көлемін және оның сапалығын сипаттаған.

1927 жылы В. С. Титов-ботаник, А. Ф. Шелаев және В. М. Малахов-топырақтанушылар Іле және Қаратал өзендерінің арасындағы ауданды зерттеп. Осы жұмыстардың нәтижесінде Бақанас жазықтығының алғашқы топырақты картасын жасап және оған топырақты-географиялық очерк жасалған. [4, 5]

Іле өзенінің орта ағысының өсімдіктері бойынша алғашқы мәліметтер 1930 жылы Ф. Н. Рубцовпен жарияланған. Сондай-ақ кендірдің таралуы, оның биологиясы және экологиясы қарастырылған.

1934 жылы Іле өзенінің сағасын геоботаник Н. И. Рубцов зерттеп, оның физико-географиялық жағдайларын және жер бедерінің элементтері бойынша өсімдіктердің сипатын келтірді. Ол кедір-бұдыр құмдардың, сортаң және сорлы топырақ, тоғайдың және жайылымдардың өсімдіктеріне қысқаша сипаттама берді.

1942 жылы В. П. Михайлова Іле өзенінің орта ағысы бойынша тал тоғайларының және тал қабығының көз мөлшерлік есебін жүргізді. 1943 жылы Н. В. Павлов Іле өзенінің (Іле ауылынан осы атаулы өзенінің сағасына дейін) төменгі ағысындағы құрамында иілік заттары бар өсімдіктерді зерттеді.

Е. П. Григорьева 1948-1949 жылдары Іле өзенінің алқабында оның сағаларының өсімдіктерін және оның - ресурсын зерттеген. [6]

Энергетикалық құрылыс және ауылшаруашылықтық игеру үшін аймақты кешенді пайдаланудың жобаларын жасауға байланысты 1955 жылдан бастап Іле және Іле-Балхаш бассейнінде кең топырақты-мелиоративты зерттеулер жүргізіле бастады. АН КазССР топырақтану институты және Гидропроект институтының Қазақ филиалы 1957 жылдан 1962 жылға дейін топырақты-мелиоративты жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде игеруге пайдалы 400 мың га жер анықталған. [7]

Өзектілігі. Негіз көзі жабайы флора болып келетін табиғи өсімді ресурстарды пайдалану замануи ресурстанудың маңызды мәселелерінің бірі. Құрамында белсенді заттар бар түрлерді іздеу, олардың ресурстарын рационалды пайдалану жолдарын жасауымен қарастыру, фитохимиялық зерттеулер және болашағы бар өсімдіктер түрлерінің интродукциясы - тұрақты шикізат базасын жасау үшін қажетті жағдай болып табылады.

Қазақстанда өзіндік фармацевтикалық өнеркәсіп әлсіз дамыған және республиканың тұтынушыларын 3-5% артық емес көлемде қанағаттандыруға қабілетті. Дәрілік заттардың қалған бөлігі жақын және алыс шетелден сатып алынады. Өзіндік фармацевтикалық өндірісінің толық циклін: шикі зат пен субстанциядан - дайын дәрілік формаларға дейін даму туралы мәселе өте ауыр болып тұр. Ол медициналық практикада дәрілік заттарды кең пайдалануға түрткі болады. Үлкен қызығушылықты биологиялық белсенді тирпеноидтар, әсіресе сесквитерпенді лактондар, олардың бай және аз зерттелген негіз көзі Artemisia L. туысының түрлері болып келеді. Жусан республиканың шөлді, жартылай шөлді, далалы және таулы аудандардың бағатүзуші элементті болып табылады және фармацевтикалық, парфюмерлі-косметикалық және тағамдық өнеркәсіп үшін жоғары сапалы шикізат бере алады.

Тегіс жусан жаңа отандық ісікке қарсы препарат «Арглабин» үшін шикізат көзі болып келеді, осы препарат Қазақстан Республикасында тіркелген, «ҚР негізгі өмірлік-маңызды дәрілік заттар тізіміне» енгізілген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігімен мақұлданған. РФ Фармокопейлі комитет Президиумның шешімімен 16. 10. 2002-ден «Арглабин-лиофизирленген» Ресей Федерациясында тіркелуге ұсынылған. МОН РК Фитохимия институтының тәжірибелі фармөндірісі жыл сайын «Арглабин-лиофизирленген» препаратының 35-40 мың апуласын Қарағанды, Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен және Шымкент онкологиялық клиникалары үшін шығарады. Республиканың онкоклиникаларының қажеттілігін қанағаттардыру үшін Қарағандыда жылдық өндірістік қуаты 2 млн. шамасында «Арглабин-лиофизирленген» препараттың ампулаларын, 150 млн. таблеткалар және «Арглабин» жұмсақ дәрілік формаларының 2 млн. көлемде шығаратын фармацевтикалық зауыттың құрылысы басталған. Жаңа фармзауыттың тегіс жусан шикізатының жылсайынғы қажетілігі 17-ден 40 тоннаға дейін құрайды. [8]

Бір жылдық жусаннан әсер етуші зат бөлініп алынған - жоғары антипаразитарлы белсенділігі бар сескветерпеновый лактон артемизин; ақ жусаннан лактон леукомизин - белсендішіге ие, оның негізінде сәйкес препаратты жасайды.

Жұмыстың мaқсaты: Алматы облысы Кербұлақ жайылымындағы боз жусанның (Artemisia terrae-albae ) морфо-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу

Жұмыстың міндеттері:

1. Кербұлақ жайылымындағы боз жусанның морфологиялық ерекшеліктерін анықтау;

2. Кербұлақ жайылымындағы боз жусанның анатомиялық құрылысына талдау жасау;

Зерттеу объектісі және әдістері: Зерттеу объектісі ретінде боз жусан (Artemisia terrae-albae) өсімдігінің вeгeтaтивтік мүшeлepі (тaмыp, сaбaк, жaпыpaқ) алынды.

Зepттeліп отыpғaн боз жусан (Artemisia terrae-albae) өсімдігінің әp вeгeтaциялық кeзeңдeгі вeгeтaтaтивті мүшeлepінің (тaмыp, сaбaқ жәнe жaпыpaқ) aнaтомиялық кeсінділepі мұз apқылы микpотомдa жaсaлып, MS-300T Video TES пpогpaммaлық бeттік суpeткe түсіpeтін микpоскоптa суpeткe түсіpілді.

Зepттeу мaтepиaлдapы - боз жусан (Artemisia terrae-albae) өсімдігінe жүpгізілгeн бaқылaу нәтижeлepінің мәлімeттepін өңдeудe биологиялық әдіс - тәсілдep қолдaнылды. Биомeтpиялық зepттeулep жүpгізілді.

Ғылыми жaңaлығы : Кербұлақ жайылымындағы боз жусанның морфо-анатомиялық ерекшелігі анықталды. Бірлік өлшемдегі өткізгіш шоқтарды түзуші түтік жүйесі белсенді тарамдалады және ұзын болады. Жоғары және төменгі эпидермис клеткалар мөлшері майдаланады. Эпидермистегі түктер клеткалары ұсақ болып келеді. Устьице кешен клеткалары кішірейеді. Жапырақ тақтасының бірлік өлшемдегі устьицелер саны артып, жоғары және төменгі эпидермис клеткаларының қабықтары қалыңдайды. Эпидермис балауызды қабықпен жабыла көмкеріле отырып, жапырақ мезофилі айқын бағаналы типті болып қалыптасады. Мезофилдегі және жүйкелердегі арқаулық ұлпалар белсенді қалыптасады

Практикалық маңыздылығы : Жусандар шөлді және далалы зоналарда күзгі және қысқы жайлауда жемдік тұрғыда маңызды рөль атқарады. Қазақстанда оған Serihpidium бүкіл туысасты жатады. Құрамында бағалы эфирлі майлар болуына байланысты жусанның көптеген түрлерін парфюмерлі және либер шығарушы өндірісте пайдаланады. A. Cina Berg және A. transiliensis Poljak себетшелерінде сантонин орналасқан, классикалық ішек құртын шығарушы зат. Барлық жусандарда глюкозоидтың болуы белгіленген, ал кейбір түрлерінде - алколоидтар. T. taurica Willd улы өсімдік болып саналады. Дақылға көптеген жусандарды енгізу және тексеру, сонымен қатар олардың селекциясының болашағы бар. [9]

Пpaктикaлық базасы:

Боз жусанның анатомиялық және морфологиялық зерттеу жұмыстары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биорересурстар және биоалуантүрлілік кафедрасы лабораториясында жүргізілді.

НEГIЗГI БӨЛIМ

1 ӘДEБИEТТEPГE ШOЛУ

1. 1 Жусан туысы өсімдіктерінің зерттелу тарихы

Artemisia туысы ірі және филогенетикалық жағынан жас және Astraceae Dumort тұқымдасының кәміл туысы болып келеді. Күрделі гүлділер систематикасының негізін салушы сияқты Artemisia L . туысының да негіз салуша Карл Линней болып табылады, ол аталықтың құрылысы негізінде барлық өсімдіктерді 21 классқа бөлген. Күрделігүлер 19классқа жатқызылған - (Synanthereae) . Кейін осы жүйе Я. Стехман, Г. Кассини, В. Бессер, А. Декандольмен толтырылған. А. Декандоль алғаш жусан туысын Senecionea трибасына Anthemideae трибастыға енгізді. Сонымен жусан туысы трибаның соңына енгізілген, ол орынды болды, себебі филогенетикалық жағынан Artemisia L . туысының дамығандығын көрсетеді. В. Бессер және А. Декандоль жусан туысын 4 секцияға бөлген: Abrotanum, Dracunculus, Seriphidium, Absinthium. Нәтижесінде Гренье және Гордон Abrotanum, Dracunculus, Seriphidium секцияларын қосып, Absinthium өзіндік секция ретінде қалдыруды ұсынды. А. Грей Dracunculus, Seriphidium-ды өзіндік секция ретінде қалдырады, бірақ Euartemisia жаңа секциясын бөліп, оған Abrotanum және Absinthium жатқызады. [10-12]

Заманауи жүйе бойынша күрделігүлділер тұқымдасының жусан туысын Senecionaea трибына Anthemideae трибастыға жатқызады. «СССР Флорасында» қабылданған классификация бойынша жусан туысы Carduoideae Kitam тұқымастына, Anthemideae Cass. буынына, Chrysantheminae O. Hoffm. буынастыға жатады және үш туысастыға бөлінеді: Artemisia Seriphidium (Bess) Rouy. және Dracunculus (Bess) Rydberg, олар бөлек секцияларға бөлінген. Туысты туысастыға және секцияға бөлу анық көрінген полиморфизмге негізделген, ол жусанның кең таралуымен және тіршліктің түрлі жағдайларында өсумен түсіндіріледі.

Заманауи түсініктер бойынша Artemisia L. туысасты 5 секцияға бөлінеді: Artemisia Poljak., Stellarium (Rydberg) Poljak., Abrotanum Bess., Absinthium DS., Artanacetum (Rzazade) Poljak [13] .

Artemisia L. секциясы туыстың негізгі ядросын құрайды, оның өкілдері тамырсабақты мезофилдер немесе криофилді көпжылдықтар салыстырмалы күрделі емес дифференциалданған жапырақ пластинкасымен. Себетше түрлігүлді, шеткілер - аналықты; гүл тәжі кішкентай, екі тісті, түтікті-жіпті. Орталық гүлдері қосжынысты, гүл тәжі ірілеу, бестісті, бағананың қалақтары әрқашан қиылған. Орауышы 2-3 қатар жапырақтардан тұрады, гүлтабаны жалаңаш.

Stellarium секциясы - монотипті, шөптесін көпжылдықпен сипатталады. Себетшелері ірі, диаметрі 8-10 мм дейін. Тозаң жіптермен бірге жұқа түктермен қапталған.

Abrotanum секциясы мезофилді шөптесін көпжылдықтармен, бір жағынан жапырақтары қатты бөлінген жартылай бұталардан тұрады. Себетшелері түрлігүлді: шеткілер аналықты (гүл тәжі 3-4 тісті, бағананың қалақтары жартылай қиылған), ортаңғы - қосжынысты (гүл тәжі бес тісті, бағананың қалақтары кірпікті түкті қиылған) .

Absinthium секциясы құрылысы креофитті немесе криофилді бір жағынан мезофилді аласа жартылай бұталармен көрініс береді. Көпжылдықтар, сирек екіжылдықтар. Осы секцияның басым белгісі жапырақтарын, сабақтары және себептешелері қалың түсірілген. Гүлдері түрлітекті: шеткілер аналықты, ортаңғы қосжынысты.

Artanacetum секциясы - монотипті, көпжылдық. Бұталардың ұшында сепетшелер түйінді гүл табақшалармен болады. Орауышы көп қатарлы, жабынқышты, гүлтабаны жалаңаш.

Seriphidium туысасты түрлік құрамы бойынша ең көп болып келеді. Оған жартылай бұталар және қатты қысқарған көпжылдық жынысыз өркенді жартылай бұтақшалар тән; жапырақтардың бөлінуі жіпті-сызықты бөлігінде болады. Туыстың көптеген өкілдері үшін жапырақтардың жазғы түсуі тән, ол аридты жағдайларға бейімделудің белгісі болып келеді. Сепетшелері азгүлді, гүлдері қосжынысты. Туыс 2 секцияға бөлінген: Seriphidium және Junceum.

Dracunculus туысасты өсімдіктер шөптесін бір- және көпжылдықтар және қарапайым сызықты-ланцетті бөлінген немесе түкті жапырақтары бар жартылайбұталылармен сипатталады. Шеткі гүлдері аналықты, гүл тәжі түтікті, 2-3 тісті, бағанның қалақтары сызықты үшкірленген немесе доғал қиылған. Дискілік гүлдері аталықты, бірақ аналықтың қалдығымен (рудимент) . Гүл тәжі бестісті, түп жағында тартылусыз. Рудиментті аналық жатынсыз, бағана қарапайым қысқа, бір жағынан біріктірілген астигматирленген қалақтарымен. Соңғы белгілері туысасты Artemisia-дан туынды жүйелік группа екендігін дәлелдейді. Берілген белгілер осы туысастының бөлек Oligosporus туысына бөлінуіне негіз болды[6] .

Туыстың жүйеленуіне үлкен үлес қосқан И. М. Корашенниников, ол туыстық түрлерді циклдар мен серияларға қосты, көп түрлерді географиялық ареалымен сипаттады[4] . Туыстың келесі жүйеленуін П. П. Поляков жүргізді - СССР Флорасы үшін жусан туысын өндеген автор[1, 6-8] . Оның мәліметтері бойынша бұрыңғы СССР аумағында жусанның 200 түр шамасында саналған, олардың ішінде Қазақстанда 50 түр. П. П. Поляков Artemisia туысынан бірнеше өзіндік туыстарды бөлді: Ajania, Mausolea, Oligosporus.

Қазақстанда өсетін жусан туыстары мен туысастыларын жан-жақты сипаттаған Н. С. Филатова болды - Қазақстан Флорасы үшін жусан туысын өңдеген автор[2] . Ол жусанның 81 түрін бөлген, кариосистематикалық анализді қолдану арқылы бөлек секциялар мен эндемдардың сыншыл қайта тексеру жүргізілді[9-15] . Орталық Қазақстанда жусанды зерттеумен А. Н. Куприянов айналысқан, бірнеше жаңа түрлерді сипаттаған[16, 17] .

Соңғы уақытта бөлек таксондар арасындағы систематикалық орналасуы мен байланысын анықтау үшін хемосистематика әдісі қолданылады[16] .

М. А. Розановтың пікірі бойынша [18] өсімдіктердің физиолого-биохимиялық белгілері тіршілік етудің сыртқы орта жағдайлары өзгерген кезде өзгереді. Туыстығы жақын болған сайын жалпы белгілері көп болады. Хемосистематика үшін ерекше бағалы сесквитерпенді лактондар болып табылады [19] . Artemisia секциясының Artemisia L. туысастыда лактондардың екі типті құрылымдар табылған: гваянолидтер және эвдесмонолидтер. Abrotanum жусанды секциясында ең көп таралған эвдесмонолидтер, сирек гермакронолидтер. Artemisia annua L. жер үсті бөлігінен екі кадинанолид бөлініп алынған. Absinthium секциясында ең жиі кездесетін гваянолидтер, эвдесманолидтердің болмауы оларға тән болып келеді. Dracunculus туысастында сесквитерпенді лактондар табылмаған. Seriphidium туысасты эвдесманолидтерді жиі бөледі, сирек гермакронолидтер және гваянолидтер. Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйенсек келесіні белгілеуге болады: сесквитерпенді лактондар Seriphidium және Artemisia туыастыларының тығыз байланысын көрсетеді. Олардың генетикалық туыстығы өсімдіктерде үш негізгі құрылымды типтердің гермакрандар, эвдесмандар, гваяндардың болуына негізделеді. Artemisia туысастында - гваянолидтерге, Seriphidium - эвдесманолидтерге ие болуы анықталды. Dracunculus туысастында лактондар табылмаған, ол туысастының Oligosporus бөлек туысқа бөлуге дәлел бола алады. Лактондардың сапалы және сандық құрамы Artemisia және Junceum секцияларының жақын туыстығы бар екенін дәлелдейді. Abrotanum секциясы Stellarium секциясымен тығыз байланысты.

Artemisia туысы барлық географиялық және экологиялық зоналарда кең таралған. Осы туыстың өкілдерінің көп саны Қытайда, Моңғолияда, аз Индияда, Алдыңғы Азия мемелекеттерінде, Батыс Еуропада және Солтүстік Америка кездеседі [18] . Солтүстік жартышардың аридты зоналарында өсімдіктер ұйымының доминанттары ретінде болады [7] .

Евразияның түрлі бөліктерінің жусан түрлерінің қанықтығын қарастыратын болсақ Шығыс, Орталық және Орта Азия ең бай деп белгілеуге болады. Кейбір түрлері Солтүстік Еуропа және Батыс Сібір аумағында белгіленген, ол орманды аймаққа плейстоценді миграциялардың нәтижесі және осында реликтер ретінде сақталуы ретінде болады[4] .

Туыстың географиялық таралу сипатының берілген ерекшеліктері жай көрсетілмеген, олар тарихи процестің белгілі заңдылықтарды көрсетеді. Аумақтың шартты мәліметтері түрлердің шығу тегі орталықтары бойынша бөлінген: Қытай-Жапондық, Ангарлық, Орталық-Азиялық, Берингейлік, Орта-Азиялық, Жерортатеңіз-Еуропалық. Олардың әрқайсысы өзінің белгілі жүйелік топтарының пайда болуына ошақ болды және ұзақ уақыт бойы ерекше сериялар мен циклдардың өңделуі жүрді. Түрлердің келесі жаңа орынға орналасуы шығу тегі орталықтарынан жүрді. Осылай, Қытай-Жапондық орталықтың өсімдіктері мезофитті болып келеді, бірақ ксерофитті сипаттары бар.

Екінші орынға Ангарлық орталық (Прибалькае, Орта Сібірдің таулы аймақтары, Шығыс Сібір, Солтүстік Моңғолия) жақындайды. Кеңдігінің орналасуы суыққа төзімділерді қалыптастырды, бір жағынан ксерофиттерді. Соңғысы жапырақтар бетінің редукциясында, қатты түсуі және эфир-майлы бездердің көп мөлшерде болуымен көрініс берді. Шөптесін өсімдіктермен қатар жартылайбұталар пайда болды. Орталық-Азиялық орталық үшін өсімдіктердің екі типі тән: тамырсабағы , түсірілген және ксероморфияның көптеген белгілері бар 1-2 жылдықтар.

Берингейлік орталық түрлік құрамы бойынша кедей, бірақ онда жусан тобының морфологиялық және экологиялық жағынан көп біртумалар қалыптасты.

Орта-Азиялық орталықтың шығу тегінін де үлкен мәні бар, ол жоғарыарнайы формаларды өңдірудің кең аймағы болды. Әсіресе үлкен түрліліке Seriphidium тобы жетті.

Жерортатеңіз-Еуропалық орталықта туыастылардың барлық топтары және ежелгілермен қатар жас кешендер бар[4] .

Жусанның тіршілік ету формалары бойынша негізінен көпжылдық өсімдіктермен, шөптесін және жартылайбұталылармен көрініс береді [20] . Түрлер морфологиялық және биологиялық ерекшеліктер бойынша көптүрлі және аумақты өсімдіктері түрлі типті және экологиялық жағдайлары түрлі аумақтарда өседі. Олар орманды, далалы, шөлді, арктикалық және жоғарытаулы аймақтарда таралған [4, 7] . Түрлердің көбісі ксерофиттер, мезофиттер, ксеропетрофиттер және галофиттер. Ылғалдылығы жоғары батпақты жағдайларда түрлер кездеспейді. Жусандар үшін гигро- және гидрофиттер тән емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Convolvulaceae vent. Тұқымдасының дәрілік түрлері өкілдерінің морфо-анатомиялық ерекшеліктері
Оңтүстік шөл аймағында өсетін өсімдіктердің жайылымды жақсартуға, жерсіндіру мәселелері
Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Саймасай ОТШ» негізгі топырақ типінің бонитет балдары
Өсімдік қауымдастарындағы органикалық заттардың қор динамикасын анықтап, өнімділік-деструкциялық үрдісіне сипаттама беру
Тұзды топырақтардың бейімділігі негізінде
Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының геоэкологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz