Керосин



Керосин – мұнайдан бөлініп алынатын, қайнау температурасы 200-3000С болатын, көмірсутектер қоспасынан тұратын, қозғауыштарға арналған отын.
120-2400С арасындағы қайнау шегі бар керосинді фракция реактивті қозғауыштар үшін отын ретінде қолданылады. Қажет боллған жағдайда демеркаптанизация, гидротазалауға ұшырайды. Аз күкіртті мұнайлардың 150-2800С немесе 150-3150С фракциясын жарықтағыш керосиндер ретінде, ал 140-2000С фракциясын лак бояуыш өндірісі үшін еріткіш ретінде (уайт-спирит) ретінде қолданады.
Жарық беруші керосиндердің қайнау шектері шамамен 180-3000С құрайды.
Керосин маркалары :КО-30; КО-25; КО-22; КО-20;
Күйеленбейтін жалынның биіктігі,түсі және тығыздығы бойынша ерекшеленеді.
ρ= 0,78-0,85г/см3
η=1,2-4,5мм2/с
Q=43мДж/кг – жану жылуы
Құрамы: Алифатты көмірсутектер:20-60%
Нафтенді көмірсутектер:20-50%
Бициклды ароматты көмірсутектер:5-25%
Қанықпаған көмірсутектер:2%
Керосиннің физикалық қасиеттері:

Тығыздығы: 0,78-0,85 г/см3, (t=20°С)

Тұтқырлығы: 1,2-4,5 мм2/с, (t=20°С)

Оталу температурасы: 28-72°С

Q= 43 МДж/кг

Сыну көрсеткіші: 1,4330-1,4410

Керосиннің анықталатын қасиеттері: фракциялық құрамын анықтау, сыну көрсеткішін анықтау, тұтқырлық қасиеті, тығыздығы, қату, лайлану температурасы, құрамындағы су мөлшерін анықтау, шекті фильтрлену температурасы, ИҚ арқылы құрамын анықтау

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Керосин

Керосин - мұнайдан бөлініп алынатын, қайнау температурасы 200-3000С болатын, көмірсутектер қоспасынан тұратын, қозғауыштарға арналған отын.
120-2400С арасындағы қайнау шегі бар керосинді фракция реактивті қозғауыштар үшін отын ретінде қолданылады. Қажет боллған жағдайда демеркаптанизация, гидротазалауға ұшырайды. Аз күкіртті мұнайлардың 150-2800С немесе 150-3150С фракциясын жарықтағыш керосиндер ретінде, ал 140-2000С фракциясын лак бояуыш өндірісі үшін еріткіш ретінде (уайт-спирит) ретінде қолданады.
Жарық беруші керосиндердің қайнау шектері шамамен 180-3000С құрайды.
Керосин маркалары :КО-30; КО-25; КО-22; КО-20;
Күйеленбейтін жалынның биіктігі,түсі және тығыздығы бойынша ерекшеленеді.
ρ= 0,78-0,85гсм3
η=1,2-4,5мм2с
Q=43мДжкг - жану жылуы
Құрамы: Алифатты көмірсутектер:20-60%
Нафтенді көмірсутектер:20-50%
Бициклды ароматты көмірсутектер:5-25%
Қанықпаған көмірсутектер:2%
Керосиннің физикалық қасиеттері:

Тығыздығы: 0,78-0,85 гсм3, (t=20°С)

Тұтқырлығы: 1,2-4,5 мм2с, (t=20°С)

Оталу температурасы: 28-72°С

Q= 43 МДжкг

Сыну көрсеткіші: 1,4330-1,4410

Керосиннің анықталатын қасиеттері: фракциялық құрамын анықтау, сыну көрсеткішін анықтау, тұтқырлық қасиеті, тығыздығы, қату, лайлану температурасы, құрамындағы су мөлшерін анықтау, шекті фильтрлену температурасы, ИҚ арқылы құрамын анықтау
Керосинді айдау әдісімен фракцияларға бөлу
Приборлар, реактивтер, материалдар: мұнай, Вюрц колбасыа, Вюрц насадкасы, тура салқындатқыш, аллонж, қабылдағыштар, термометр (250оС), қайнатқыштар, электрлі қыздырғыш прибор (электр плиткасы).

1 -сурет. Айдау қондырғысы: 1 - термометр, 2 - Вюрц насадкасы,
3 - түбі дөңес колба, 4 - Либих салқындатқышы, 5 - алонж, 6 - қабылдағыш

Жұмыс барысы:

1-Суретте көрсетілгендей қондырғыны жинайды. Өлшенген колбаға 30 мл сүзілген мұнай өнімін құйып мұнай өнімінің массасын анықтау үшін қайтадан өлшейді. Колбаға қайнатқыштар салады. Жай айдауда термометрді оның сынап шаригінің жоғарғы жағы бүйір түтіктің шеткі тесігінің төменгі жағының деңгейінде болатындай орналастыру керек. Айдауға арналған қондырғы жиналғаннан соң оны қыздырғыш приборға қояды. Фракцияларды екі түрлі жолмен жинайды: қайнау температурасы нақты фракциялар алынады, егер айдау кезінде нақты дәл қайнау температурасы анықталмаса фракцияны әр
5оС сайын жинап отырады. Әр фракция үшін шығым мен сыну көрсеткішін анықтайды. Айдау аяқталғаннан соң салқындатылған колбаны өлшеп қалған қалдықтың массасын есептейді.

Тығыздықты анықтау

Тығыздық көлем бірлігіндегі зат массасы. СИ жүйесінде тығыздық бірлігіне кгм3 жатады.
Зерттеу жұмыстарында заттың салыстырмалы тығыздығы анықталады.
Салыстырмалы тығыздық деп - 200С температурада мұнай және мұнай өнімдері тығыздығының 40С температурадағы дистилденген су тығыздығына қатынасын немесе мұнай және мұнай өнімдерінің 200С температурадағы массаларының 40С температурадағы сондай көлемдегі дистилденген су массасына қатынасын айтады.
Салыстырмалы тығыздық белгісі - ρ420. Салыстырмалы тығыздық мәнін 1000-ға көбейтіп, бірлігі ретінде кгм3 тығыздық мәнін алуға болады.
Тығыздықты 3 әдіс арқылы анықтайды:
1) Ареометр
2) Пикнометр
3) Гидростатикалық таразы
Ареометр
Архимед заңына негізделген, тығыздықты өлшейтін құрал. Шыны трубка, төменгі бөлігі бөлінген немесе сынаппен толтырылған. Жоғарғы бөлігінде шкала бар, ол ерітінді тығыздығына байланысты градуирленген.

Мор Вестфальдің гидростатикалық таразысы.
Бұл таразы арқылы сұйықтықтың тығыздығын өлшейміз. Бұл таразы арқылы тығыздықты өлшеу үшін ыдысқа зерттелетін сұйықтықпен бірге поплавок салып, гирлерді теңестіреді. Салмақты

өлшеу аралығы
0.2 - 3 гсм3. өлшеу қателігі 0.0005 гсм3

1 -- коромысло; 2 -- өлшемді бөлік ретіндегі шкала; 3 -- жылжымайтын қарсысалмақ;
4 -- тепе теңдікті көрсеткіш шкала ; 5 -- шыны жүзгін (поплавок); 6 -- гир-рейтерлер;
7 -- сұйықтық толтырылған ыдыс; 8 -- термометр; 9 -- екілік чашка (в жоғарғысы
а -- түгелімен , латунды; төменгі б -- бөліктерден, шыны немесе алюминилі).

Пикнометр

Дәл анықтау әдісі, зерттелетін заттың аз ғана мөлшері жұмсалады.
Тәжірибе жүзінде әр пикнометр өз су санымен анықталады, ол пикнометр көлеміндегі су массасымен сипатталады.

Тығыздықты пикнометрмен анықтау

Приборлар, реактивтер, материалдар
Пикнометр
Термостат
Хром қоспасы
Дистилденген су
Этил спирті
Пипетка
Фильтр қағазы

Жұмыс барысы:

Мұнай және мұнай өнімдерінің тығыздықтарын анықтайтын стандарт температура 200С температура болып табылады. Тығыздықты анықтау үшін белгісі бар шыны пикнометрді немес көлемі әртүрлі капилляр түтіктерді қолданады. Әрбір пикнометр өз су санымен, яғни 200С температурадағы пикномтр көлеміндегі су массасымен сипатталады. Су санын анықтау үшін алдымен пикнометрді хром қоспасымен, кейіннен дистиллденген сумен, соңынан этил спиртімен жуып, кептіреді.
Таза, құрғақ пикнометрді 0,0002 г дәлдікпен аналитикалық таразыда өлшейді. Пикнометрді қайнатып, содан кейін бөлме температурасына дейін салқындатылған дистилденген сумен пипетка көмегімен толтырады (белгісі бар пикнометрді белгісінен жоғары, түтікті пикнометрді ернеуіне дейін толтырады). Пикнометрді ішіндегі суымен 20+-0,10С температурада 30 минут бойы термостатта ұстайды. Пикнометр түтігі ішіндегі су деңгейі тұрақталған кезде, судың артық мөлшерін пипеткамен немесефильтр қағазымен жинап алады да, түтік ішін құрғатып, пикнометрді тығынымен жабады. Пикнометрдегі су деңгейін белгінің жоғары деңгейімен орнатады. Түтікті пикнометрлерде судың артық мөлшерін түтіктен фильтр қағазымен жинап алады. 20+-0,10С температурада су деңгейі орнықталған пикнометрдің сырты құрғатылып сүртіліп 0,0002 г дәлдікпен өлшенеді.
Пикнометрдің су санын m мына формуламен анықталады.

m= m2 -m1

мұндағы: m2 - сумен алынған пикнометр массасы, г
m1- бос пикнометрдің массасы, г
Зерттелген керосиннің тығыздығын формуламен есептейді:
ρ'=(m3 - m1 )m
мұндағы:
m 3 - мұнаймен мұнай өнімімен пикнометрдің массасы, г
m1 - бос пикнометрдің массасы, г
m - пикнометрдің су саны, г

Сыну көрсеткіші

Сəуленің түсу бұрышының синусы оның сыну бұрышының синусына қатынасына тең.
Сыну көрсеткішін анықтауға арналған кұралдарды рефрактометрлер деп атайды. Рефрактометрлердің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған Аббе рефрактометрлерін қолдану саласы өте кең.
Аббе рефрактометрлері өлшегіш призма мен шкаланың
құрылымдарымен, қосымша жарық беретін призманың болуымен, өлшеуді жүргізу үшін күндізгі немесе жасанды жарықты қолдануымен ерекшеленеді.
Аббе рефрактометрінің шкаласы тікелей сыну көрсеткіші D n мəндерінде градуирленген. Сондықтан қандай да бір есептеу-лерді жүргізуді қажет етпейді, сыну көрсеткішін өлшеу бірнеше минуттар ішінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Аббе рефрактометрлерінің жетілдірілген құралдарының бірі. Бұл рефрактометрде шкала окуляр арқылы бақыланып, бір мезгілде толық
ішкі шағылысудың шекаралас сызығымен көрінеді.

Рефрактометр ИРФ-454:
1 - окуляр; 2 - юстировкалық құралының бұқтырмасы;
3 - компенсатор жүрісін реттейтін дөңгелек; 4 - жарық беретін призма камерасының
тұтқасы; 5 - термометр; 6 - шкала бұрмасын реттейтін дөңгелек; 7 - компенсатор шкаласы;
8 - жарық беретін призма терезесінің жапқышы;
9 - көмескі жарық айнасы; 10 - өлшегіш
призма терезесінің жапқышы; 11 - юстировкалық кілт; 12 - юстировкалық табақша
ИРФ-470 құралының көмегімен тағам, химия, фармацептика және мұнай химиясы өнеркәсібінде сонымен қатар тексеруші органдарда , экологиялық және метрология орталықтарында зерттеулер жүргізіледі.
Қату температурасын анықтау

Мұнай және мұнай өнімдерінің стандартты жағдайларда өзінің қозғалмалдығын жоятын температураны қату температурасы деп атайды. Құрамының көп компоненттілігінен мұнай және мұнай өнімдерінің нақты қату температуралары болмайды. Мұнайдың қату температурасы -62 ден +35˚C аралығында өзгереді.

УТЗ-60
Лабораториялық құрылғы
УТЗ-60, мұнай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертіске қауіп төніп тұр!
Мұнайды айдаудың материалдық балансы
Мұнай өңдеу зауыты газ, бензин мен дизель фракцияларын ортаға айдау
ЖЕР ШАРЫНЫҢ СУ ҚОРЛАРЫ
Реактивті қозғалтқыш
Мұнайды өңдеу
МҰНАЙДЫ ӨҢДЕУДЕН АЛЫНҒАН ӨНІМДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Суды зерттеу медотикасы
Мұнайды термиялық өңдеу процестерінің технологиясы
Мұнай мен мұнай қалдықтары бойынша қондырғылардың жалпы сипаттамасы
Пәндер