Әлеуметтік құрылым


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік құрылым - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары. Әлеуметтік құрылым қатарына халықтың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, жеріне т. б. ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Әлеуметтік-таптық құрылым таптардан және сол таптардың құрылымына енбейтін әлеуметтік топтардың жиынтығынан тұрады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі мен өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктік қатынас әлеуметтік құрылымның негізі болып табылады. Еңбектің қоғамдық бөлінісі негізіне әлеуметтік қауымдықтар қалыптасады. Меншіктік қатынас қалыптасқан әлеуметтік құрылымды экономикалық тұрғыдан негіздейді. Қазіргі қоғамда әлеуметтік құрылымның дамуында екі негізгі үрдісті атап кетуге болады.

  • Біріншісі, қоғамдағы дифференциациалау процестерінің белсенді түрде жүруі мен жаңа әлеуметтік топтардың пайда болуымен ерекшеленеді.
  • Екіншісі, әлеуметтік құрылымның дамуына тікелей ықпал тигізетін дүниедегі экономика саласындағы интеграциалық процестер.

Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында бұл процестерді үнемі ескеріп отыру керек. Мұндай саясат барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеуге, олардың мүдделерін үйлестіруге негізделген. Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтай отырып олардың тұрақты өмір сүруіне жағдай жасаумен әл ауқатың көтеру. Әрине, бұл проблемаларды шешу оңай емес.

Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара қатынастары.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ

Біріншіден, белгілі бір элементтерден, нақты топтардан тұрады, солардың қосындысы, жиынтығы. Ол әлеуметтік топтар, олардың бірінен бірінің өзгешеліктері, айырмашылықтары бар.
Екіншіден, айтылған топтар өзара қатынастарда, түрлі байланыстарда болады. Осы қатынастар, байланыстар әлеуметтік құрылым социологиясының негізгі проблемалары, мәселелері.

Әлеуметтік құрылымның басты, негізігі элементтері әлеуметтік топтар, страталар, таптар дедік. Ендігі мәселе осы топтарды анықтау, оларға дұрыс анықтама беру.

1. ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР

Әлеуметтік топ - жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі, бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді.

1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т. б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.
2. Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.
3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.
2. CТРАТАЛАР

Страта дегеніміз социологияға геология ғылымынан енген термин екен. Осы ғылымда страта жердің қыртысы, қабаты деген мағынаны береді. Социологтар бұл ұғым арқылы қоғамдағы топтарды белгілейді. Батыс социологтарында бұл ұғым кең орын алған. Кейбір социологтар қоғамның өзі тек қана страталардан тұрады деп, бұл ұғымның мазмұнын өте кеңейтіп жібереді. Қоғамда тек қана страталар бар, ал олар әртүрлі нақтылы аттармен белгіленуі мүмкін. Бірақ та, социологтардың біразы страта деп белгілі бір сан жағынан шағын, тіпті кіші топтарды да айта береді. Американдық социологияда страта деп кез-келген адам топтарын түсінушілік те бар. Бірқатар жағдайда страталар өте көп болып кетуі мүмкін. Страталардың өзіндік белгілері, бірінен бірін ажырататын кҿрсеткіштері бар. Әлеуметтанудағы әлеуметтік стратификацияның негізгі тұжырым-дамаларын қарастырып көрелік. Энтони Гидденс ― стратификация әр түрлі топтардың, адамдардың арасындағы құрылымдалған теңсіздік ретінде анықталуы мүмкін‖ деп есептейді. Американдық әлеуметтану сөздігінде мынадай анықтама берілген: ―Адамдар теңсіздіктің қандай да бір өлшемімен иерархиялық ұйымдастырылған қатарға тізілгенде әлеуметтік жіктелу әлеуметтік стратификацияға айналады‖. Болгар социологы Чавдар Кюранов ―Әлеуметтік стратификация тұтас қоғамдық құрылымдағы кҿлденең топтар жүйесін білдіреді‖ деп санайды. Нейл Смелзер ―стратификация теңсіздіктің бір ұрпақтан бір ұрпаққа берілуіне көмектесетін тәсілдермен байланысты; бұл ретте қоғамның әр түрлі топтары пайда болады‖ деген ұйғарым жасайды. Бірақ та страта тап бола алмайды, олардың тапты құрайтын белгілері жетіспейді. Социология тарихында қоғамның әлеуметтік құрылымы мҽселесі ең басты, өзекті мәселенің бірі болып келеді. Бұл мәселенің мағынасы өте терең, жан-жақты. Нақты әлеуметтік құрылым қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Әсіресе осы өзгеруде мықты ықпал жасайтын құбылыс экономикалық құрылым, оның өзгеруі. Бірақ та қоғамның әлеуметтік құрылымына әсер ететін басқа да құбылыстар аз емес. Мысалы, саяси дамулар, процестер, өзгерістер. Оның ішінде мемлекеттің типтері, режимдері, биліктің түрлері әлеуметтік құрылымға өте мықты ықпал жасайды. Әлеуметтік құрылымға әсер ететін құбылыстың бірі - рухани өзгерістер, идеология, қоғамдық сана. Әлеуметтік құрылымның жылдам өзгеріп отыратын элементтерінің бірі - әлеуметтік институттар.

Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
КАСТА дегеніміз белгілі дәрежесі, әлеуметтік статусы, рангасы бар жабық топ. Ол топқа жату адамның шығу тегіне байланысты. Ол өзінің кастасының шеңберінен шықпайды, сол кастада дүниеге келеді, үйленеді, тұрмыс құрады, сонымен дүниеден кетеді. Бұл Кастаның өзіндік кәсібі, өмір салты, өмірге кҿзқарасы, психологиясы, әдет-ғұрпы, дәстүрі болуы тиіс.
СОСЛОВИЕ дегеніміз заңдармен құқықтық түрде, не болмаса дәстүрлер, әдет-ғұрып арқылы бекітілген және осыған байланысты ұрпақтан ұрпаққа қарай, беріліп отыратын, әлеуметтік топтың құқығы мен міндеттері.
ТАП - қоғамдық байлық (коғамда игіліктерді бөлу), өкімет, әлеуметтік беделге қолы жету межелері (критерийлері) бойынша басқалардан айрықшаланатын үлкен әлеуметтік топ.
3. ТАПТАР
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік стратификация
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ
Әлеуметтік құрылым. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалау
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері
Қоғамның әлеуметтік құрылымының және оның дамуының әлеуметтануы
Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
Мінез- тұлғадағы әлеуметтік-типтік және жеке даралық ерекшеліктің бірлігі
Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
Қазақстан әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz