Жылдық білім беру жүйесіндегі информатика рөлі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФОРМАТИКА РӨЛІ
Бакитова Индира Ерниязқызы,
М. Жүнісов атындағы ЖОББМ,
Орал қаласы, Жаңақала ауданы,
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, (Финляндия, Сингапур, АҚШ) алдыңғы қатарлы дамыған елдердің 12 жылдық білім беруге көшудегі нақты қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәлелдейді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге эканомикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», деп оны 12 жылдық білім беруге баса назар аударған еді. Енді, міне сол тапсырма жүзеге асырылып жатыр.
Он екі жылдық білім беру кезінде «Өзін -өзі тану», «Әлемдік көркем мәдениет», «Қауіпсіздік негіздері және өмірлік дағдылар», «Технология» «Кескіндеме және сызу», тағы басқа жаңа пәндер қосылады. Он екі жылдық білім беру - бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды.
Біз бүгінгі күні осындай әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды ұстануымыз керек.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезеңдеп көшу басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы өткен алқа мәжілісінде мақұлданды.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуының қарқындылығы;
- ақпараттық қоғамға көшу;
- Мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы;
- қоғамның демократиялануы ;
- эканомиканың қарқынды дамуы, бәсекелестің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы.
Оған сәйкес дамыған елдерді білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:
ü білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы;
ü білім беру мазмұнының құру әдістерінің өзгеруі;
ü білім беру жүйесінде жетілдірілген моделдердің жасалуы;
ü білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы;
ü жаңа білім технологияларының енгізілуі;
ü оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі ;
ü терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
ü оқушы жастарға азаматтық- патриоттық, рухани-адамгершілік, көп мәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;
ü білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:
ü жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарында болуы;
ü жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
ü күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы;
ü оқудың сабақтастығы;
ü әрбір оқыту сатысының даралығы;
Сөйтіп 12 жылдық білім беруде оқушының түпкілікті құзыреттіліктері айқындалады.
Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлауға жетелейтін, жеке бас гигиенасымен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру басты мақсат болып табылады.
Екінші сатыдағы білім мазмұны оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына игі ықпал ететін дайындық кезеңі мен ұйымдастырушылық ұстанымдардан тұрады.
Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының негізгі мақсаты- оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушылардың болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жараталыстану-математикалық, әлеуметтік - гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
12 жылдық оқыту жүйесіне байланысты айтылып жатқан сан алуан пікірлерді саралай келсек, халық арасында түсінбеушілік тудырып отырған басты мәселе - бала жасына байланысты. Қазіргі оқыту жүйесіндегі бала 7 жастан мектепке барып, 16-17 жасында орта мектепті аяқтайды, ал 12 жылдық жағдайында бала 6 жастан мектепке барса, 16-17 жасында мектепті бітіреді.
Мұндағы басты артықшылық - баланың тек қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуы. Яғни 11-12 сыныптардың оқушылары жоғарғы оқу орнында алғашқы курстарда алатын білім негіздерімен мектеп қабырғасында қамтамасыз етілетін болады. Осыған сәйкес жоғарғы оқу орындарының білім стандарттары өзгереді.
Оқыту білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісте технологиялық мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сонда білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға керек жағдай жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Қазіргі ақпараттық қоғамда компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы, компьютердің пайдасы өте зор. Сондықтан да мектептердегі информатика пәні компьютерді меңгеру үшін өте маңызды роль атқарады. Компьютер - ақпарататтық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегініміз - ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым - информатика. Менің ойымша компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ, әр пәннен жазылатын рефераттың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны қолмен жазып жатқанда уақыт керек, ал компьютерде терілген рефератымыз сақтаулы, оны ашып принтермен көшірмесін шығарғанда әлде қалай аз уақыт жұмсалады. «Компьютер- уақыт талабы» деп айтсақ қателеспейміз, өйткені біз уақытты ұтымды пайдаланамыз.
ХХІ ғасырда ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал, бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Соңғы жылдары компьютерлік телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осығай сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелігі, алдын-алу және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялау үшін педагогикалық жаңа технологияларды қолдану қолға алынып жатыр.
Қазіргі ақпараттандырудың өзіне тән ерекшелігі: білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ортаны құруға бағытталған оқытудың жаңа технологиясын пайдалану және дамыту, ақпараттық өнімнің жаңа тәсілдері мен құралдарын оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану.
Жаңа ақпараттық технологияның көмегімен орындалатын қызмет өзінің кез -келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітапхананың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану - оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.
Оқу құралдары мен оқу әдістері компьютердің жұмыс ерекшелігіне сай жаңа мазмұнды болуы қажет.
Сонымен қатар, бұл кезде оқудың мынадай психологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет.
Сонымен қатар, бұл кезде оқудың мынадай психологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет.
v оқушылар бірден өзінің әрекетінің нәтижелерін сәйкес талдауларымен және ұсыныстарымен бірге көреді.
v Компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.
Соңғы білім беру аясы жүйесінде компьютерлік технологияны пайдаланып белсенді түрде жүзеге асыруда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз - оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі ес технологиялық құралдары, оқу үрдісіндегі ес технологиялық құралдарының рөлі мен орны туралы, ғылыми, білімнің жүйесін және оқытушылар мен оқушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология - білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаға білім беруші құрал.
Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып - ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда, әр түрлі байланыс жүйелері сол дененің нерв, қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды, түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауды интернет электронды почта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі, сонда білім беру ақпараттың тағы бір басты бағытының бірі оқушының интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.
Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түр қазығы да - мектеп.
Қазақ мектебінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымының жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет», деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде ынталандыру мен тиімділігін арттыруының маңызы зор.
Сонымен, 12 жылдық білім беру еліміздің білім беру саласын көркейтуге үлкен үлес қосады, қазақ мектебінің болашағын айқындайды деген сенімдеміз. Ортақ ісіміз абыройлы, жемісті нәтижесін көрсетсін деп тілейік.
Білім берудегі инновациялық процестерді болжамдау
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006
Авторы: Омарова Н. Ж., Нагымжанова К. М.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz