Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 231 бет
Таңдаулыға:
- Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарында геодезияның орны.
Геодезия - жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дүниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шеңберінен әлде қашан шыққаны түсінікті.
Геодезия - жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру, сол сияқты адамның инженерлік қызметінің сан алуан міндеттерін атқару мақсатында жер бетін өлшеу әдістерін зерттейтін ғылым.
Геодезия мен топография пәнінің негізгі ғылыми-техникалык міндеттеріне мына төмендегідей жүмыстар жатады:
а) жер бетіндегі жекелеген нүктелердің орындарын таңдап алынған координаталар жүйесінде анықтау;
б) әр түрлі инженерлік ғимараттарды жобалау және салу кезінде сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісінде, жер бетінің және қойнауының табиғат байлықтарын пайдалануда қажет болатын түрі, сипаты, дәлдігі жағынан алуан түрлі өлшеулерді жер бетінде немесе жер астында атқару;
г) еліміздің қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету.
Жоғарыда аталған геодезиялық жұмыстардың 4 түрі жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін жер пайдалану территориясының жақсы сапалы планы және картасы болмаған жағдайда орындалады.
5. Орындалған түсіріс негізінде пландар мен карталарды құру және рәсімдеу.
6. Жер пайдаланудың және алқаптардың аудандарын экспликациясын құра отырып анықтау.
7. Жобалау планын құру - пландар мен карталардың көшірмелерін жасау.
8. Объектілерді алдыңғы (эскизді) жобалау.
9. Объектілерді техникалық жобалау.
10. Жобаны жер бетіне шығаруға дайындау.
11. Жобаны жер бетіне шығару.
12. Жұмыстардың орындалуын тексеру түсірістері.
13. Ғимараттардың деформациялануы мен отыруын бақылау.
Топографиялық-геодезиялық зерттеу мен іздестірулер жүргізу жерге орналастыру іс әрекеттерінің бірі болып табылады. Ол басқа жерге орналастыру іс әрекеттерін карта және план түрінде топографиялық негізбен қамтамасыз етуге қолданылады:
1) жаңа жер пайдалануының қалыптасуы және бұрыннан барларының жерлерінің орналасуындағы жолақтануды және басқа ыңғайсыздықтарын жою; аудандық пландау схемасының негізінде жер пайдаланулардың шекараларын дәлдеу және өзгерту;
2) ауылшаруашылық мекемелерінің территориясын ішкі шаруашылықтық орналастыру: экономикалық негізделген ауыспалы егістерді енгізу және басқа ауылшаруашылық алқаптарын (шабындық, жайылым, бақтар және басқа) орналастыру, сондай-ақ, топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларын белгілеу;
3) ауыл және халықшаруашылықтық игеру үшін жаңа жерлерді іздеп табу;
4) жер учаскелерін пайдалануға беру және пайдаланудан алып қою;
5) қала, поселке және ауылды елді мекендердің шекараларын бекіту және өзгерту;
6) топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеулер мен ізденістерді жүргізу.
Геодезияның басқа ғылыммен байланысыГеодезия біршама ғылыми пәндерге, яғни математика, физика, астрономия, автоматика, телемеханика, радиотехника, география, геология, геоморфология, гравиметрия және геофизика жетістіктеріне сүйенеді. Сондықтан геодезияның осы ғылымдар мен тығыз байланыстылығы күмән туғызбайды.
Математика геодезияны әр түрлі геодезиялық есептердің аналитикалық түсіндірмелерінің тәсілдерімен, сондай-ақ өлшеу нәтижелерін өңдеудің талдауларымен, әдістерімен қаруландырады. Физика геодезияны электроникамен және электротехникамен қатар оптикалық, оптикалық-механикалық және электронды-оптикалық аспаптар мен жүйелердің жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астрономия геодезияны геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радио-электроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде аса жаңа геодезиялық аспаптар құрастырылады. Географияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфология көмекке келеді. Жердің фигурасын зерттеу оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізумен байланысты. Ал гравиметрияның зандары мен аспаптарын пайдаланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарда графикалық сапалы безендіру топографиялық сызу тәсілдерін білуді қажет етеді.
Геодезияның ғылыми зерттеулерде, жерді үйлестіруде, маркшейдерлік істе, құрылыста, еліміздің әскери қорғанысында маңызы
Геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер жолдар, каналдар, жерасты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т. б. үшін пайдаланылады
- Жердің пішіне мен көлеміне түсінік беріңіз.
Жерді» пішіні мен көлемін зерттеу жер бетін картада дұрыс кескіндеуге мүмкіндік туғызады және ол ғылым мен техниканың көптеген міндеттерін шешу (жасанды серіктерді және ғарыш кемелерін ұшыру, теңізде жүзу, авиация, радиобайланыс және т. б. ) үшін қажет.
Жердің физикалык бетінің жалпы ауданы 510 млн км 2 -қа тең. және геометрия жағынан алғанда пішіні күрделі. Орасан кеңістікті (жер бетінің 71%-ін) мұхиттар мен теңіз шұңқырлары альш жатыр, олардың тереңдігі 11 000 м-ге дейін жетеді. Дүниежүзілік мұхиттың орташа терендігі - 3800 м-ге жуық. Құрлықта тау жоталары, шатқалдар, жазықтар, өзен алқаптары және жыра-сайлар бар. Кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джомолунгма) биіктігі 9 000 м-ге жуық. Құрлықтың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен, құрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа карағанда аз ауданды алып жатқандықтан, сондай-ақ кұрлықтың мұхит тереңіндегі қыраттармен салыстырғанда онша биік болмайтындықтан, мұхит деңгейін жердің фигурасы ретінде кабылдауымыз қажет.
Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер эллипсоиды деп атайды. Жер эллипсоидының мөлшерін анықтау үшін жер бетінің барлық жерінде геодезиялық өлшеулер жүргізілуі тиіс. Әзірше мұндай өлшеулер толық жүргізілмегендіктен, жер эллипсоидының дәл параметрлерін анықтауға мүмкіндік болмай отыр. Осы орайда кейбір елдерде геодезиялық өлшеулерді өңдеу барысында геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша шығарылған өз эллипсоидтары колданылады; олар сол елдің немесе бірнеше елдің территориясын толық, не ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
Жер эллипсоидының мөлшерін әлденеше рет әр түрлі елдердің ғалымдары анықтады. 1946 жылға дейін ТМД-да 1841 жылы неміс ғалымы Ф. В. Бессель есептеп шығарған жер эллипсоидының мөлшері қолданылды (а=6 377397 м, Ь = 6356079 м, а=1:299, 2) . 1945 жылдан бастап геодезиялык, және картографиялық жұмыстар үшін Ф. Н. Красовскийдің референц-эллипсоидының. мынадай мөлшері бекітілді: а=6378245 м, 6 = 6356863 м, а = 1 : 298, 3. Батыс Европаның және АҚШ-тың гравиметриялық және астрономиялық материалдарының өңдеуден алынған градустық өлшеулері осы эллипсоидтың мөлшерін қолданылған материалдардан аумағы жағынан да, оларды өңдеудің дәлме-дәлдігі жағынан да неғұрлым басымырақ болып табылады.
Геодезия Жер туралы ғылым ретінде ежелгі көне ғылымдардан келді жəне грек тілінен аударғанда жерді бөлу" деген мағнаны береді. ХІХ ғасырдан бастап жалпы геодезияны: геодезия жəне жоғарғы геодезия деп бөле бастады. Геодезиялық басты мақсаты - карта мен пландарда жер бетінің кішкентай учаскелеріне əртүрлі өлшеулер арқы бейнелу. Ал, жоғарғы геодезия барлық жер бетін немесе оның əжептəуір бөлігін Жердің гравитациялық өрісін ескере отыра зерттейді. Жердің пішіні деп Жердің физикалық бетін атайды айналу күштері əсерінен тұратын ауырлық күшінің өрісін атайды. Жердің гравитациялық өрісін зерттеу басқа да физикалық өрістерді зерделейтін геофизикалық мəселелер қатарына жатады. Жоғарғы геодезиялық ғылыми-техникалық міндетеріне мыналар жатады:
- Жердің пішінін, сыртқы гравитациялық өрісін жəне олардың уақытқа байланысты өзгерістерін ерттейді;
- Жоғарғы дəлдіктегі геодезиялық тораптар пункттерін глобальдық (планета немесе континент шеңберінде) жəне ұлттық (мемлекет территориясында) жүйеде құрудың əдістерін жасау;
- Геодезиялық тораптар пункттерінің кеңістіктегі орындарын жер бетіндегі астрономиялықжəне равиметриялық өлшеулерді, жер серіктік бақылауларды, Айға жəне басқа да аспан денелеріне жіберілген ғарыштық аппараттарды бақылау, квазерлерді радиоинтерферометрлік бақылау арқылы анықтаудағы мəліметтерді математикалық өңдеу;
- Геодезиялық координаталардың бірыңғайылы жүйесін белгілеу;
- Геодинамикалық зерттеулер: жер картасы мен литосфералық плиталардың деформацияларын; жер сілікіністердің алдын ала мақсатымен сейсмикалық аудандарда жер қыртысының оы күнгі қозғалыстарын зерттеу; теңіздер мен мұхиттардың жағалауларының өзгерістерін, Жер полюстерінің қозғалысы мен айналымының біркелкі еместігін зерттеу. Кейінгі кезде геодезиялық тораптарды құрудың дəлдігіне қойылатын талаптар күшейтіліп, ол аспаптарды жасау жəне дəлдігі жоғарғы өлшеулерді жүргізу саласында ғылыми жұмыстар жүргізу қажет етіп отыр.
- Топографиялық карталар мен пландарға қойылатын талаптарға түсініктеме беріңіз және олардың жіктелуін көрсетіңіз.
Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман-геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден түрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің жэне ерекшеліктері туралы мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді . Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Өзендер, каналдар, жолдар, т. б. сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің ұзындыгы мен көтерімділігі, геодезиялык пункттердің, ормандағы ағаштардың жанында жазылган сандар, т. б. түсіндіргіш белгілеріне жатады. Елді-мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т. б. аттары толық жазылады. Қысқартьшған жазулар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз-вокзал; ск-скважина; қ-құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардагы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өзіне сәйкес болып келеді; мәселен: ормандар-жасыл; су-көк, жер бедері-қоңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері-қара бояулармен боялады. Карталардың мазмұнына қарай жіктелуі. Картаға түсірілетін жер бетіндегі денелер мен құбылыстар оның мазмұнын құрайды (грекше карта - табақ) . Мазмұнына қарай карталар үлкен екі топқа бөлінеді. Олар: жалпы географиялық карталар және тақырыптық карталар. Жалпы географиялық карталарда жер бетіндегі барлық нысандар - жер бедері, жер бетіндегі сулар (өзендер, көлдер, теңіздер), өсімдіктер, елді мекендер, қатынас жолдары, шекаралар, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір көріністері және т. с. с. бейнеленеді. Олардың ешқайсысы ерекше дараланып көрсетілмейді. Жалпы географиялық карталардың мысалына топографиялық карталар жатады.
2. Карталардың масштабына қарай жіктелуі. Масштабына қарай карталар ірі, орта және ұсақ масштабты болып үш топқа бөлінеді. Масштабы 1:100 000 және онан ірілері - ірі масштабты, 1:200 000- тан 1:1 000 000-қа дейін орта масштабты, 1:1 000 000-тан ұсақтары ұсақ масштабты карталарға жатады. Ірі масштабты карталар - топография лық, орта масштабтылары - топографиялық шолу, ұсақ масштабтылары шолу карталары деп аталады. Топографиялық карталар 1: 100 000, 1:50 000, 1:25 000, 1:10 000 масштабтарда жасалады. Жер бетінің одан ірі масштабта жасалатын сызбасы план деп аталады. Пландардың масштабы 1:5000, 1:2000, 1:1000 және одан да ірі болып келеді. Пландар мен ірі масштабты (топографиялық) карталар тікелей жер бетінде жүргізілген өлшеулердің және ұшақтан суретке түсірулердің нәтижесінде жасалады. Соңғы кездерде карта жасауда ғарыштан суретке түсіру барған сайын кеңінен қолданылуда. Пландар мен топографиялық карталар жер бетін егжей-тегжейлі бейнелейтіндіктен, дәл өлшеулер мен есептеу жұмыстарын жүргізуге пайдаланылады. Ірі масштабты карталарды қорыту арқылы топографиялық шолу және шолу карталары жасалады. Топографиялық шолу карталарының дәлдігі топография лық карталарға қарағанда төмен. Сондықтан олар едәуір үлкен аумақтың жалпы көрінісін шолу мақсатында қызмет етеді. Мұндай карталар, әсіресе ұшқыштар үшін қолайлы.
- Топографиялық картаның географиялық координаталар және тік бұрышты координаталар торларының мағынасын түсіндіріңіз.
Топографиялық картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтау, негізінде мынадай жолмен жасалады А нүктесшің (20-сурет) ендігін (ϕ) табу үшін осы нүктеден солтүстікке және оңтүстікке қарай параллельдер жүргізеді яғни минут рамкасының тиісті минуттық, немесе он секундтық аралықтардың аттас ұштары түзу сызықтармен қосылады Осы сызықтардың ендіктерін ϕ 1 және ϕ 2 әріптерімен белгілейік А нүктесінен параллель ендігі ϕ І -ге перпендикуляр түсіріп оның ұзындығын ∆ϕ градуспен белгілеп, А нүктесінің ендігін' мына теңдіктен табамыз
(2)
∆ϕ шамасын жанама әдіспен анықтау қолайлырақ. Ол үшін А нүктесі арқылы еркін бұрышпен фі және ф 2 параллельдерімен С және В нүктелерінде қиылысқанша сызық жүргіземіз, мұнäà¹û СА = а және СО = Ь болсын, 20-суреттен
(3)
Сонымен, ∆ϕ шамасын анықтау а және Ь кесіндерін жеткілікті дәлдікпен миллиметрлік сызғыш арқылы өлшеуге келіп саяды.
Осыған ұқсас А нүктесінің λ бойлығын анықтау үшін λ 1 және λ 2 меридиан кесінділерін колдануға болады.
С нүктесінің (5 сурет) тік бұрышты координаталарын анықтау үшін километрлік тордың цифрларын қолдана отырып, берілген нүкте орналасқан оңтүстік-батыс бұрыштың (х о , у о ) координаталарын табады. Содан кейін С нүктесінен квадраттың қабырғаларына СС 1 және СС 2 перпендикулярларын түсіреді де карта масштабын ескере отырып, олардың ұзындығын табады: СС 2 =∆у ; және СС 1 =∆х. Сонда С нүктесінің тік бұрышты координаталары мынаған тең:
Осы С нүктесінің тік бұрышты
(4)
Қарастырылып отырған мысалда:
координаталарын мынадай жолмен анықтауға болады: С нүктесі арқылы кез келген бұрышпен километрлік тордың ординаталарымен А және В нүктелерінде қиылысқанша түзу жүргізіледі. Содан кейін а және b кесінділерін өлшейді. Сонда С нүктесінің абсциссасы мына формула бойынша анықталады
(5)
Осыған ұқсас те»діктен С нүктесіні» ординатасын анықтайды. Екі жағдайда да а және b кесінділерін көлденең . масштабтың көмегімен өлшеген жөн.
- Топографиялық картада жер бедері пішіндерін бейнелеу тәсілін түсіндіріңіз.
Топографиялық картада және пландарда жер бетінің рельефінің формасы және оның көрінісі
Жер беті топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктіктерді жазу арқылы кескінделеді. Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүкте-лерді біріктіретін кисық тұйық сызықтар горизонтальдар деп аталады. Жергілікті жердегі горизонталь су деңгейінің төмендеген кездегі кескінделетін учаскедегі жердің физикалық бетінде қалдырған ізі болып саналады. Жердегі горизонтальдардың ең жақсы мысалы ретінде тұнба судың жағалық сызығын айтуға болады. Жер бедерін горизонтальдармен кескіндеген кезде олардың тек бүтін санмен алынған биіктіктері (метрмен көрсетілгендері) ғана пландар мен карталарда көрсетіледі. Екі дәйекті горизонтальдар биіктігінің айырымы киманың биіктігі (һ), ал пландағы горизонтальдардың ара қашықтығы төсеу (d) деп аталады. Топографиялық карталар мен пландарда жер бедері кимасының мынадай биіктіктері қабылданған; бесінші горизонтальдар қалыңдатылады. Осындай мақсатпен горизонтальдарға перпендикуляр қысқа сызықшалар қойылады, олар беткейдің төмендейтін бағытын көрсетіп, бергштрих деп аталады.
Карталарда горизонтальдар қоңыр түспен көрсетіледі, оларды Балтық теңізінің деңгейінен есептелетін абсолют биіктігімен жазады. Горизонталь биіктігін көрсететін цифрларды жазғанда олардын, табаны еңкіштің төмендеу жағына қарай бағытталған болуы тиіс.
Жер бедерінің негізгі пішіндері мынадай болып бөлінеді: жазық, қырат (тау, төбе), қазан шұңқыр, жота, өзек және кезең. Таудың ең биік жері - шың, ал тау табаны - тау етегі деп аталады.
Жазық жалпақ пішінді келеді. Егер жазықтың мұхит деңгейінен абсолют биіктігі 200 м-ден аспайтын биіктікте жатса, онда оны ойпат деп атайды. Мұхит деңгейінен есептегенде 200 м-ден жоғары, бірақ 500 м-ден аспайтын биіктікте жататын жазықтарды қыраттар деп атайды. Мұхит деңгейінен 500 м-ден астам биіктікте жатқан жазықтар таулы үстірттер деп аталады. Жер бетінің дөңестігі күмбезге немесе конусқа ұқсас келетін жерлер биіктігіне қарай тау немесе төбе деп аталады. Таулар биіктігіне қарай аласа, орташа және биік болады. Аласа таулар деп абсолют биіктігі 500 м-ден 1000 м-ге дейінгі тауларды атайды. Орташа таулардың биіктігі 1 000 м-ден 2 000 м-ге дейінгі аралықта болады. Ал биіктігі 2 000 м-ден жоғары тауларды биік таулар деп атайды. Тостаған сияқты барлық жағынан тұйық ойпаңдарды қазан шұңкыр дейміз. Шұңқырдың ең төменгі жерін түбі, ал жоғарғы шегін жиегі деп атайды.
Өзек - жердің созылған ойлы жері, ол бір бағытта біртіндеп төмендейді. Өзектің ең аласа жері, яғни екі беткейдің қиылысқан жері суағар немесе тальвег деп аталады. Өзекке қарама-қарсы біртіндеп әр бағытта созыла орналасқан жер бетінің дөңес пішіні жота делінеді. Әдетте, екі өзек бірінен-бірі жота арқылы бөлініп жатады. Тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқан ойпаң бөліктерді кезең деп атайды. Олардың едәуір бөлігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады.
Таудың шыңы, қазан шұңқырдың түбі, өзектің ең аласа жері, жер бедерінің өзіне тән нүктелері, суайрық және суағар жер бедерінің өзіне тән сызықтары деп аталады.
Карталар мен пландарда ашық кен, үйінді, бөгет, қорымдар және т. с. с. объектілер арнайы шартты белгілермен көрсетіледі. Горизонтальдар мен шартты белгілерге қосымша ретінде картада төбелердің ұшар басындағы, суайрықтарының бұрылыстарындағы, ойпаң жерлердегі өзіне тән нүктелердің биіктіктері жазылады.
Горизонталь тәсілі. Нүктелердің биіктігі бойынша горизонталь құру
Жер бедерін кескіндеуде горизонтальдың мынадай қасиеттері бар:
1. Бір горизонтальдың бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікте жатады.
2. Карталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені, не қазан шұңқырды білдіреді; олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазан шұңқырларда көбіне тоған немесе көл болады.
3. Планның немесе картаның ішіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы барлық горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс.
4. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар ешуақытта киылыспайды.
5. Горизонтальдардың өзара қашықтығы е»істің қаншалықты құлама тіктігін білдіреді.
6. Горизонтальдар арасындағы ең кысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес болады.
7. Суайрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдармен тікбұрыш арқылы қиылысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz