ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты


Мазмұны

Кіріспе

І тарау ХІХ ғ. аяғы -ХХ ғ. басындағы АҚШ-тың Қытайдағы саясаты

  1. ХІХ ғасыр аяғындағы АҚШ-тық Қиыр Шығыс аймағын отарлау саясаты.
  2. АҚШ-тыңҚытайдағы экономикалық саясаты «Ашық есік доктринасы».
  3. АҚШ-тың Ихэтуандар қөтерілісін басуға қатысуы.

ІІ тарау ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты

  1. Жапонияға қатысты АҚШ саясаты
  2. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Құрама Штаттардың Коеяға байланысты саясаты.

Қорытынды.

Деректер мен әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

ХІХ ғ. аяғына таман Америка Құрама Штаттары ірі импералистік державаға айналды. В. И. Лениннің айтуынша: «Құрама Штаттарына, ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында капитализмнің тез дамуына, оның жеткен жетістіктеріне теңдесемін бәсекелес табылмайтын еді». 1

Осындай жағдайда АҚШ белсенді отарлау саясатына қөшіп, өнеркәсіп тауарларын өткізіліп базар үшін, шикізат қөздері мен капитал енгізу, жұмсау аймағы үшін туған дүние жүзін бөлісу тартысына араласады. ХІХ ғ. Аяғы мен ХХ ғасырдың басында Америка экспансиясынның ошағы Қиыр Шығыс болды.

АҚШ-тың империализм дәуіріндегі отарлау саясатының экспансионистік сипатын түсіну үшін АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы саясатын зерттеу маңызды. Қарастырып отырған тақырыбымыздың өзектілігіне, актуальдылығына келетін болсақ, Қазақстан үшін АҚШ-тың ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қиыр Шығыстағы саясаты тарихи, саяси, экономикалық тұрғыдан қарағанда маңыздылығы зор. Бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің «егемендігін» сақтап қалу үшін тарихи «сабақ» ретінде қарастырыла алады. Себебі, ұлы державалардың (қазіргі кездегі) сыртқы саясаттары айналып келгенде, отарлау сасаты-экономикалық қалаушылық. Мысалы, Дж Соростың Қазақстанда жүргізіп жатқан қызметі, бізден тек қана экономикалық пайда табу емес, сонымен қатар қазақ жерінен интеллектуалдық ғылыми-техникалық білікті «милларды» сорып алу болып табылады. ХІХ ғ. алдындағы отарлау саясаты ХХ ғасырдың алдынғы жақа формаға «цивилизацияланған» отарлауға айналады.

1. Ленин В. И. Новые данные о законах развития капитализма и земледелии ІІ том собр. соч., Т 27, с 131

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басына дейінгі хронологиялық шекті тандау себебім: нақ осы кезенде империалистік державалар арасында Қиыр Шығыс аймағында экономикалық басымдылық үшін күрес шиеленісіп жатқан кезде, АҚШ осы аймақтағы өзінің саясатының әдістерін дамытып, мақсаттарын жүзеге асыруға кіріскен еді. Берілген дәуір американыдық империализмнің саясатының қалыптасуындағы маңызды кезең болып келеді.

Дипломдық жұмыстың методологиялық және теоретикалық негізгі ретінде империализм жөніндегі В. И. Лениннің еңбектері «Империализм капитализмнің жоғарғы сатысы ретінде», «Империализм бойынша дәптерлер» қолданылды. Бұл еңбектерде капитализмнің дамуы, оның империалистік сатыға қөшуі және дүние жүзін бөлісу үшін жүрген талас терең де, жан-жақты талданған жұмыс барысында тарихи технологиялық әдіс қолданылды.

Дипломдық жұмысымның негізгі дерегі-Э. Д. Гримм құрастырған «Қиыр Шығыстағы халықаралық қатнастар тарихына байланысты баяндамалар мен басқа да құжаттар жинағы», «Қиыр Шығыстағы капиталистік державалардың отарлау саясаты (1970-1914) » дген жинақтар. Бұл құжаттар жинақтарында АҚШ пен Қытай, Жапония, Коея арасындағы маңызды келісімдер мен шарттар, сонымен қатар зерттеліп отырған кезенде империалистік мемлекеттердің Қиыр Шығыс аймағына байланысты қарым-қатынастар ашатын құжаттар бар.

Кейбір құжаттар Е. Е. Юровская құрастырған «Жаңа тарих хрестоматиясынан (1870-1918 жж) және «Жаңа тарих практикумынан» алынған, сонымен бөлісу үшін күрес және Американдық «Ашық есік» доктринасы (1895-1900 жж) ашты монографиясына қосымша басылып шыққан құжаттар жинағынан алынды.

Ресейдің сыртқы саясатының архив мәліметтерін жариялайтын «Қызыл архив» (красный архив) журналында 1900-1901 жылдары Қытайда болған боксерлық қөтерілісті басып-жаншуда империалистік державалардың қатысуын баяндайтын құжаттар жарық қөрген, бұл құжаттар да дипломдық жұмысты жазу барысында қолданылды.

Экономикалық саясаттағы бірқатар статистикалық мәліметтер А. Е. Варгоның редакциясымен басылған «Әлемдегі экономикалық дағдарыс (1848-1936) » жинағынан алынды.

Порсмуттағы бейбіт конференциясының дайындығы мен барысы және оған АҚШ-тың қатысуы жөніндегі кең түрдегі мәліметтерді-«ІІ Вильгельмнің ІІ Николай арасындағы хат алмасуынан» алуға болады, сонысен қатар бұл хаттардан ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастың даму тарихын бақылауға болады.

Дипломдық жұмысты жазуда қөрнекті мемлекет қайраткерлері: Ресей финанс министрі С. Ю. Виттемен Жапон дипломаты Кукудзиро Иссидің мелуарлары қолданылды. С. Ю. Виттенің «Естеліктерінде» орыс -Жапон соғысындағы және Портсмут бейбіт конференциясындағы АҚШ-тың саясаты жөнінде құнды мәліметтер сақталған. К. Иссидің «Дипломатиылық талдау ауларында» ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қиыр Шығыстағы Жапон экспансиясын Американ үкіметінің қолдау саясатын айқындайды.

Кеңес тарихшылары да АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы саясатын зерттеу жұмысына үлес үлес қосты. Ак. СССР-дың кореспондент-мүшесі Е. М. Жуковтың редакциясымен басылған «Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар (1840-1849) » атты ұжымдық жұмысында ХІХ ғ. аяғындағы Қытай мен Кореядағы АҚШ-тың экспансиолистік саясаты мен құрама штаттардың Қиыр Шығыстағы жапон агрессиясын қолдау саясаты, оның 1804-1805 жылдары орыс-жапон соғысын тұтандырудағы орны қөрсетілген. Жұмыста АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы экономкалық басымдылық үшін басқа империалистік державалармен талас мәселелерін ашып қөрсетуге орын берілмеген.

Академик В. М. Хвостовтың редакциясымен жазылған «Дипломатия тарихының екінші томында Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар мен осы аймақтағы АҚШ-тың саясаты жалпы қөрсетілген.

Кеңес тарихшыларының АҚШ экспансиясына арналған зерттеулердің ішінде қөрнекті орын алатын Л. И. Зубоктың «ХХ ғ. басындағы АҚШ-тың экспансиялық саясаты» атты монографиясы. Бұл монографияда АҚШ-тың Қытай, Корея, Жапонияға қатысты саясаты жүйелі ашып қөрсетілген. Айта кешетін жай, автор қарастырылып отырған кезенде американдық саясаттың Қиыр Шығыстағы әдісін айқындап беріп, АҚШ және осы аймақтағы бамқада империалистік мемлекеттер арасындағы күрестің шиеленіскенін қөрсетеді.

Сонымен қатар, жұмыс барысында А. Добровтың «Орыс-жапон соғысы кезіндегі АҚШ-тың Қиыр Шығыстың саясаты». атты монографиясы пайдаланылды. Бұл жерде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғ. басында АҚШ-тың Қытай, Корея, Жапонияға қатысты саясатының мақсаты, міндеті, әдістері мен тәсілдері сипатталған.

А. А. Фурсенконың «Қытайды бөлісу үшін тартыс және американдық» «ашық есік» доктринасы атты монографиясы мен «Қытайдың ашық есік доктринасы деген мақаласында 1894-1895 жылдары Жапон-Қытай соғысынан бастап 1901 жылы Ихэтуандардың антиимпериалистік қөтерілісін басып-жаншуға дейінгі кезеңдегі, Қытайға капитал енгізу, шикізат қөздері мен тауар өткізетін базарға айналдыру үшін тартыстағы Құрамы Штаттардың орны мен мәні толық ашылған, сонымен қатар, АҚШ-тың Қытайдағы саясатын жүзеге асыруда қолданылған тәсілдері қөрсетілген».

А. Л. Нарочниукийдің «Америка Құрама Штаттары мен 1894-1895 жылдардағы Қытай мен Кореядағы Жапон агрессиясы» және А. Гальпериннің «Жапон аппекциясы қарсаңындағы халықаралық қатынастардың Корея мәселесі» деген мақалаларында жапон-қытай және орыс-жапон соғыстары кезіндегі Корея мен Қытайға қарсы Жапонияның агрессиялық жоспарлары мен қызметтерін АҚШ үкіметінің қолдау саясаты ашық баяндалған.

Дипломдық жұмыста сонымен Р. М. Бородиндің, М. Галковичтің, С. Б. Гореликаның, А. А. Губердің, Н. Иноземцевтің, А. А. Мурадянның, П. П. Севастьянованың және В. И. Лениннің еңбектері пайдаланды.

Шетел тарихшыларынан Қытай тарихшысы Цинь Бэнь-Лидің «Қытайдағы американдық империализмнің экономикалық агрессиясының тарихы» атты еңбегін атапөту орынды, бұл еңбекте АҚШ-тың Қытайға экономика енуі жөнінде қысқа очеркі келтірілген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-ХІХ ғ. аяғы -ХХ ғ. басында АҚШ-тың Қиыр Шығыстағы саясатын және осы саясатты жүзеге асыру әдістері, сонымен қатар қолдану ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Қойылған мақсатқа байланысты төмендегідей мәселелерді шешіп ашу ажет.

Біріншіден ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Қиыр Шығыс аймағында АҚШ-тың империалистік жоспарының мәнін анықтау және АҚШ-тың Қытай, Жапония, Кореядағы экономикалық, сонымен қатар саясибағытын айқындап ашу.

Екіншіден Қытайға американ капиталистік ені процесін және оның басқа империалистік державалармен Қытайдағы ықпал аймағы үшін тартысын қадағалау;

Үшіншіден АҚШ-тың Жапонияға байланысты ХІХ ғ. аяғындағы 1804-1805 жылдардағы орыс-жапон соғысының қарсаңында және соғыс кезіндегі саясатының мақсаты, мәні және әдістерін анықтау;

Төртіншіден, зерттеліп отырған кезендегі АҚШ-тың Кореяға қатысты саясатын қарастырып, Жапонияның Кореяны езу процесіндегі американдық империализмнің алатын орнын анықтау.

І тарау

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы АҚШ-тың Қытайдағы саясаты.

1. ХІХ ғ. аяғындағы АҚШ-тың отарлау саясатындағы Қиыр Шығыс аймағы

ХІХ ғ. аяғында АҚШ отарлау саясатын жандандыра түсті, оның аймақтарының бірі Қиыр Шығыс болды. Бұл әрекештің себебін елдің экономикалық дамудағы өзгерістеремн түсіндіруге болатын еді.

ХІХ ғ. соңғы үштен бір бөлігінде АҚШ империалистік даму соғысына қөтерілді. Өндірістің және капиталдық шоғырлану барысы мұнда ерекше тез қарқынмен жүрді. АҚШ-тың дүние жүзілік капиталистік шаруашылық жүйесіндегі үлес салмағы өсті.

Осындай жағдайлармен АҚШ белсенді отарлау саясатына қөшті.

Американ монополистерінің назары ХІХ ғасырдың аяғында Американ континентінің шегінен асты. Бұған бірқатар жағдайлар әсер етті. ХІХ ғасырдың аяғында елдің ішкі жағдайының дамуы-Американ континентінде отарлау саясатының аяқталуымен, батыс аймақтарды игере отырып, Тнық мұхитқа қарай жылжып «шекаралық» жойылуымен қөрініс тапты.

ХІХ ғ. аяғында Американ Континентінің отарлауы аяқталған соң, өнеркәсіп өнімінің үнемі өсіп отыруына байланысты, ішкі нарық өнеркәсіп тауарларының өнімімен толық қамтамассыз ете алмады; 1870 жылдан 1800 жылға дейін мойын 8 есе өсті, қөмір кені-10 есе, болат қорыту -15 есе өсіп, жылына 138 млн. тонна, 2123 млн. тонна 112 млн. тонна қатысында қөрсеткіштері өсті; өндірілген өнімнің бағасы 3 есе ден аса кебейді 1 . Осы кезенде американ өнімінің 9/10 бөлігі елдің ішкі сұранысына жұмсалғанына қарамастан, 1898 жылы осы өнімнің 1210 млн. доллап құнына тең келетін 1/10 бөлігіне сыртқы рынокты сұраныс туады 2.

Империализмге өтуіне байланысты Американның сыртқы саудасының қөлемі күрт өсіп, капитал шығару үдейе түсті. Сөйтіп, 1880 жылы АҚШ экспорты 851, 1 млн. доллардан 1808 жылы 1233, 7 млн. долларға дейін өсті 3.

АҚШ-тан капитал шығару экспортты 1800 жылы 500 млн. долларға жетті 4.

Қызу дамып келе жатқан американ империализмі жаңа шикізат қөздері мен өткізу рыногын қажет етті.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында АҚШ -тың капиталистік шаруашылығының жүйесіндегі өзгерістер оның саясатына әсер етпей қоймады.

АҚШ-тың империалситік саясатын тікелей рухтандырған финанс алигархиясы болды. Индустрия дамуындағы біздің жоғарғы табыстарға жеткендігінің соншалықты деп айтты өз сөзінде президент Мак Килли бізге енді капиталдың одан арғы дамуын қамтамассыз етуүшін жаңадан басқа жерлерден рынок қөздерін іздеу керекпіз 1

Американ өнеркәсіп иелерінң мүддесін секатор Бевридж былай деп қөрсетті. «Американ фабрикалары американ халпына қажет өнімнен артық өндіре алады», американ жерінде оның тұрғындары пайдалана алатын мөлшерден қөп өнім өседі. Тағдыр бізге саясатымызды болжап берді, дүние жүзілік сауда біздің қолымызда болу керек және біз соған жетеміз 2.

АҚШ дүниежүзілік сахнаға күшті империалистік державаға ретінде шықты. Осындай жағдайда Құрама Штаттарына жаңа шикізат қөздерімен рынок қажет болды.

Бұл уақытта дүние жүзі Европалық капиталистік дерважалар арасында бөлініп қойған еді. АҚШ-тың араласуымен отар үшін дүниені қайта бөлісу басталуы. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында АҚШ-тың сыртқы саясаты мен экономикалық экспансиясы күшейді. Американ экспансиясының аймағына Қиыр Шығыс ілінді, бұл аймақта іскер адамдарын экономикалық мақсаттау қызықтырды.

Қытайдың стратегиялық жағдайына және тауар өткізетін рынок пен шикізат қөдеріне американ қәсіпкерлерінің қөзі түсті. Бұл, әрине, Қытайды отарлау аймағы ретінде қызықтырды. Сонымен қатар бұл ел Европалық державалар арасында толық бөлінбеген еді, сондықтан да олармен күресу арқылы ықпал ету аймағын бөлісуге үміт болды.

Ал Жапонияны айтатын болсақ, АҚШ-тың ірі буржуазиясын ол Қытайға және орыстардың Қиыр Шығысына енудегі одақтас ретінде қызықтырды және американ капиталының экспансиясының тікелей объектісі ретінде де қызықтырды. Соның ішінде АҚШ монополистері Тайвань мен Кореядағы Жапонияның бірлескен қызметтеріне аса қөңіл бөлді, өйткені ол қөптиненталды Қытайға есік ашатын еді.

Сөйлеп, ХІХ ғ. Қиыр Шығыс АҚШ-тың отарлау экспансиясының аймағына айналады.

ХІХ ғ. ортабынан бастап Құрама Штаттар Қиыр Шығыста, әсіресе Қытайда эспандисияны жүзеге асыру үшін қажет деп, Тынық Мұхит жағалауында әскери база құруға кіріседі. Бұл саясат Тайвань аралын басып алу әрекетінен және 1894-1895 жылдары Жапон-Қытай соғысы кезінде Жапон агрессиясын қолдауынан байқалады. Филиппин басып алып 1900 жылы 7 қарашадағы осы жеңісті бекіткен испан-американдық келісім қабылданды. 1

  1. Добров А. Указ. Соч., с 12

Бұл келісім бойынша АҚШ осы аймақта экспансияны таратуға мүмкіндік беретін Тынық Мұхиттағы майқызды стратегиялық бағытына қол жеткізді. Қытай тарихшысы Пян Цичао бұл жөнінде былай деп жазды: «Филиппендегі американ қимылдары шын мәнінде Азияны жаулардың басы еді- менің қосымша тағы да бір жолбарыс пайда болды 2.

Қиыр Шығыстағы АҚШ экспансиясының дамуына мүмкіндік туғызған 1858, 1868, 188, 1884 жылдары Қытай, 1854, 1857, 1858, 1864, 1866, 1878, 1886, 1884 жылдары Жапония, 1882 жылы Корея арасындағы дипломатиялық және сауда келісім шарттары болды. Бұл келісімдер қәсіпкерлерді заң жағынан қолдай отырып, осы елдерге американ капталының енуіне септігін тигізді. Келісім-шарттардың түгелдей дерлігі тең емес жағдайда еді.

ХІХ ғ. аяғына таман американ капиталының Қытайға енуі өсе түсті. Сауда дамыды: егер 1895 жылы АҚШ-тың Қытайдағы экспорты 7857 мың доллар құраса, 1898 жылы ол 16258 мыңға дейін өсті. Қытай арасындағы сауданың өсу қарқыны бойынша АҚШ барлық елдерді басып озды, 1888 жылы қытай арасындағы шетел саудасы 1896 жылы жылғымен балыстырғанда 8320402 долларға өсті және оның 60 проценті АҚШ үлесіне тиді 1. Бірақ Қытайдың сыртқы саудасындағы АҚШ-тың үлес салмағы европалық елдер мен Жапонияға қарағанда әлде-қайда алыс еді. 1896 жылы АҚШ-тың үлес салмағы 67 процент, Европалық державалар 245 процент, Жапония-8, 4 процентке тең болды 2

АҚШ-тың Қытаймен саудасы оратлық сипат алды.

2. Геремик С. Б. Политика США в Маньчжурии в 1898-1803 гг. и доктрика “открытых дверей” М., 1960, с 11

1. Фурсенко А. А. Борьба за раздел Китая и американская доктрина открытых дверей. 1898-1900 гг. М. Л., 1965 6668

2. Добров А. Указ соч., с 83

Егер американ экспорты негізінен өнеркәсіп өнімінен тұрса, Қытай импортының басты саласы шикізат болды. АҚШ Қытайға мақта-маталарын, керосин, болат пен темір бұйымдарын, әйнек, сандықтарын және т. б. тауарлар әкелді. Ал Қытайдан АҚШ аршылмаған жібек, сурьма, руда және т. б. шығарылды

Қытай тарихшысы Цин Жуузы АҚШ-тың Қытаймен саудасының отарлау сипатына мән бере отырып, өз уақытында: «АҚШ капиталының алғашқы қорлану қытай халқының тарихына қанды жалын тілімен жауылған», -деп жазды

Қытаймен саудадағы АҚШ-тың басты бәсекелесі Англия еді. Американ экспортының алдыңғы қатарында мақта-маталары құнды, оның ½ -нен 2/3-ке дейінгі құнын құрады. Сонда да АҚШ Англияға жол береді. Мысалы, 1902 жылы Англияның мақта-мата бұйымдары 55, 3 процент құраса, АҚШ Қытайдағы мипорттық бүкіл құнының 26, 8 процентін құрады. Бірақ бірте-бірше АҚШ-тың мақта-маталарымен сауда үлесі өсе түсіп, Англияның бағыты әлсіреді. 1887 жылдан 1897 жылға дейін Американың тоқыма бұйымдары мен саудасы 120 проценттен аса өскенде, Англия бұл уақытта тек 14 процентке саудасын қөбейтті, АҚШ-пен Англия арасындағы қатаң бәсекелес болат бұйымдары мен темір жол жабдықтары мен сауда да туды. Ағылшын -американ бақталастағы бұл салада шиеленіскендігі соншалықты, тіптен замандастары оны «Ватеркоо саудасы» деп атады. Бірақ американдықтар ағылшын бақталастарын ығыстыра алды, өйткені американ правда ашық доллар тұрса, ал ағылшын правда шамамен 12 мың 1 болды. Бұны, әрине, Қытаймен саудада АҚШ демпингті қолданысымен түсіндіруге болады. АҚШ-қа Солтүстік Қытай рыногын беріп қойып,

  1. Фурсенко А. А. Указ. соч., с 79, 80, 81

Англия Орталық және Оңтүстік Қытайда американ бәсекелесін өзін қорғау үшін және Қытай саудасында үстемдікті сақтап қалу үшін барлық қажет шараларды қолданды.

Ескере кететін жәй, АҚШ-ты Қытайдың солтүстік ауданы Маньчжурия қызықтырған еді. Ол американ тауарларын өткізудің басты рыногы болды, үшіншісі солтүстік-порты Тяньузик, Нючжуан және Чидуда бүкіл Қытайдағы Американ экспортының шамамен 2/3-і жұмсалды. АҚШ осы аймақта экономикалық тұрақтанып, оны одан әрі солтүстікке қарай Ашур маңындағы өлкеге жылжудағы плаударм ретінде пайдаланғысы келді. Бұл өлкенің табиғи байлықтарына американ қәсіпкерлерінің қөзі түсті.

Бірақ Қытайдың солтүстігінде АҚШ ең алдымен Ресей тарапынан туған қарсылыққа соқтығысты. Өйткені бұл аудан Ресейдің «Ықпал аймағы» еді және американ экспорты орыс қөнестеріне зиян келтіруі, өйткені орыс саудасының басты саласы (керосин, мата, ұн) сәйкес келді, 1896 жылы Ресей бекітілген КВЖО орыс-қытай келісім-шарты бойынша пайдалану жөніндегі Қытайға енгізілген шаруаларға салымдарын тмендеуге рұқсат алды, ал 1898 жылғы Төрт-артурды «арендаға алу» нәтижесінде Ресей өзінің Маньчуриядағы жағдайын одан әрі бекітіп алды, бұл, әрине, американ қәсіпкерлері мен саудагерлеріне қатты зиян келтірді 1.

Ресейден басқа АҚШ-тың солтүстік Қытайдағы күрделі бәсекелесі Германия болды. Олардың бәсекелестігі әсіресе ауыр өнеркәсіп тауарларын сатура шиеленісті. Американ капиталы Германияны «ықпал ету аймағы» Шаньдунға етуге қызықты, бірақ Германия Америкаға түбелейлі қарсы тұра алды.

1. Гримм Э. Д. Сборник долларов других документов по истории международных отношений на Дольнем Востоке (1842-1925) М., 1927, с 119-121 (сборник)

ХІХғ, аяғына таман АҚШ Қытайдағы экономикалық саясатында капитал енгізуде «ықпал ету аймақтарын» басып алу бірінші орынға шығады. «Конуссия үшін» күрес туып, АҚШ және басқа империалистік державалар арасында Қытайдың экономикалық дамуының маңызды тетігі-темір жол мен өнеркәсіп өндістерін басып алуда күрес шиеленісті.

Американ капиталы осы кезенде Қытайдағы теміржол құрылысының келешегіне басты назар аударды. Қытайдағы темір жол құрылысына капитал енгізу үшін арнайы «Американ Чайка дивелопмент компания» синдикаты құрылды. Бұл компания мақсаты Солтүстік Қытай теміржол салып, оны Сібір темір жолымен біріктіру еді. Бұл темір жол конкуссиясының жобасы дайындалды. с «Темір жолдың басты Ляоруж бұғазының кез-келген бір портынан басталып, Нючжуан, Мух деп және Герин арқылы Солтүстікке дейін созылады. Гириккен ары Цицикар арқылы созылып немесе басқа тәсілмен орыс Транкесібір теміржолының кез келген жеріне дейін созылып, онымен қосылады. Одан басқа Мукдеппен одан әрі Оңтүстікке Корея шекарасына созылады. Алайда, Американ Чайка дивелопмент компаниясы» әрекетіне Ресей тарапынан түбгейлі қарсылық туады. Нәтижесінде, американдықтар екінші сатыдағы Ханькоу -Кантон 1 жолымен жасалған шартпен қанағаттанды.

1896-99 жылдары аралығында Қытайда американдықтар небәрі ұзындығы 480 км. құрайтын бір ғана темір жол құрды, ал Ұлыбритания болса-90 темір жол (4500 км) : Ресей-ұзындығы 2400 км-ге созылған 3 темір жол; Германия-2 темір жол (1150 км) ; Франция-3 теміржол (670 км) салып үлгерді 1.

Қытайдағы американ инвестициясының ісі де мәз емес еді. 1900 ж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Шығыс Азия және Тынық мұхит елдері Жапония сыртқы саясатында
Мемлекеттін қаржысын басқару
Рональд Рейганның билігі жылдарындағы америка. Билл Клинтон жүргізген ішкі және сыртқы саясатты талдау
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Американың Үнді - Тынық мұхиты стратегиясымен байланысы
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Жапония мен Америка Құрама Штаттарының саяси-тарихи қарым-қатынастары
АҚШ-тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz