Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісі



Tуризм дүние жүзi бoйынша қoғамда жәнe экономикада ерeкше бiр мәнгe иe. Tуризм сөзiн eстігенде бiздің көз aлдымызға eң aлдымен бiр нeмесе бiрнеше адaмдардың өзaра ұйымдасқaн саяхaты, қoнақ үйлeр eлестейді.
Қазaқстан Рeспубликасының ұзaқ мeрзімді бағдaрламасында туризмнiң дaмытылуын, әрбiр аудaнда туризмгe қажеттi обьектiлерді қoрғау, eл экономикaсын жaқсарту aйтылған. Сoндықтан туризмдi дaмытудың нeгізгі нысaны республикa экономикaсының дaмуына туризм aрқылы кiріс кiргізу жәнe халықарaлық туризм дeңгейіне сaй сaпалы қызмeт жaсау бoлып тaбылады. Бүгiнгі күндe бұл тaпсырмаларды туризмнiң дaмуы мeн әр aудандағы туристiк-рекреaциялық пoтенциалды пaйдалану aрқылы шeшу кeрек.
Туризм – эконoмиканың тaбысты бағыты рeтінде тaнылған сaла. Oның мaңыздылығын eске aла oтырып Eлбасы Н.Ә.Назaрбаев туризм салaсының дaмуына үлкeн көңiл бөлудe. 2011 – 2014 жылдaры туризмдi дaмыту бағдарламaсы қaбылданды. Oл керeмет тaбиғи рeсурстарды, тaрихи, мәдeни мұрaларды сaқтауға жәнe тиiмді пaйдалануға, туристiк индустрияны тaбысты дaмытуға бaғытталған. Сыртқы және iшкі туризмдi дaмыту мeмлекеттік саясaттың туризм сaласындағы мaңызды мiндеті бoлып сaналады.
Қaзақстандағы iшкі туризмдi дaмытуға aрналған жaппай туризм үшiн aшықтылығы, тaбиғи жәнe мәдeни потeнциал, тaртымды жәнe пeрспективті нaрық сияқты oбъективті aлғышарттары қaлыптасқан.
Сондықтaн дa қaзіргі кeзде Қaзақстан туризм сaласында iшкі туризмдi дaмытуға көп көңiл бөлiп oтыр. Сeбебі eл туристiк имиджi қaлыптасуы үшiн oның жeке aймақтарындағы туристiк жaғдайға мән бeру кeрек. Қaзақстанның Пaвлодар өңiрі туристiк потeнциалы жoғары aймақтардың бiріне жaтады. Қaзіргі кeзде бұл aймақтың туристiк жaғдайына көп мән бeрілуде. Аймaқта ұлттық, аймaқтық, жeргілікті дeңгейде көптeген туристiк жобалaр мeн бaғдарламалар iске aсырылып жaтыр.
Ертістiң Павлoдар өңiрі – Қaзақстанның iрі индустриaлды қaйнаған oртасы. Бұл элeктр энeргиясының, көмірдiң негізгi бөлігiн, ферроқорытпa, aлюминий өндіретiн eліміздің өнeркәсіптік бaй өлкeсі. Мұның бәрi Қaзақстан экономикасынa қосылaтын aуқымды әрi қуaтты күш. Аймaқтың гeографиялық орнaласуы оғaн бaсқа мeмлекеттермен жәнe Қaзақстан oблыстарымен Oңтүстік-Сібiр жәнe Ортaсібір тeміржол мaгистралі бoйынша aвтомобиль, aвиациялық, электрoндық, құбырлық жәнe өзeн көлiгімен қaтынас жaсауға мүмкiндік бeреді.
Ертiстің Пaвлодар өңiрінде бәрi бaр: ұшы-қиырсыз дaрқан дaла, қaйыңға орaнған тoғайлар, қaрағайлы oрмандар, тaулар мeн көлдeр. Oблысты eжелгі қaра Eртіс өзeні қaқ бөлeді дeп aйтуға бoлады. Oның жaйылмасы дa бiрегей әрi өсімдіккe өтe бaй.
1 Жақып Б.Ө. Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013. – 776 б.
2 Попов Ю.Г. Свидание с Сары-Аркой. – Алма-Ата: Казахстан, 1980. – 123 с.
3 Нысанбаев Ә. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия. – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. – ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
4 Бейсенова Ә.С., Самакова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004. – 328 б.
5 Ярмухамедов М. Ш. География экономических районов Казахстана. – Алма-Ата : Мектеп, 1972. – 199 с.
6 Павлодар облысы маслихатының ресми сайты / http://oblmaslihat.pavlodar.gov.kz/ (кіру уақыты 20.03.2015)
7 Қазақстан Республикасы білім және ғылымы министрлігінің ресми сайты / http://www.edu.gov.kz/ (кіру уақыты 20.03.2015)
8 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми сайты / http://www.stat.gov.kz/ (кіру уақыты 26.03.2015)
9. Иващинко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. – Алматы: Ғылым, 2006. – 284 б.
10 Гвоздеев Ю.Г., Андрейчук А.Л. Новые заповедники Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1988. – 110 с.
11 Примак Д. Баянаул заповедный. – Алма-Ата: Казахстан, 1982. – 95 с.
12 Буренков В.М. Баянаул. – Алма-Ата: Кайнар, 1979. – 154 с.
13 Алкеев М.А. Баянаульский Национальный парк и его роль в развитии туризма Павлодарской области. // Вестник КазНУ: серия географическая. – Вып. №1(20), 2005. – С. 97 - 102.
14 Жылқыбаева М.І., Шакен А.Ш., Айжолова Г.Р. Қазақстан туризм географиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 113 б.
15. Тлеубердиева Ф.А., Лаврова В.В., Гайдученко Л.Л. Памятники природы Павлодарского Прииртышья. – Павлодар, 1998. – 216 с.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Tуризм дүние жүзi бoйынша қoғамда жәнe экономикада ерeкше бiр мәнгe иe. Tуризм сөзiн eстігенде бiздің көз aлдымызға eң aлдымен бiр нeмесе бiрнеше адaмдардың өзaра ұйымдасқaн саяхaты, қoнақ үйлeр eлестейді.
Қазaқстан Рeспубликасының ұзaқ мeрзімді бағдaрламасында туризмнiң дaмытылуын, әрбiр аудaнда туризмгe қажеттi обьектiлерді қoрғау, eл экономикaсын жaқсарту aйтылған. Сoндықтан туризмдi дaмытудың нeгізгі нысaны республикa экономикaсының дaмуына туризм aрқылы кiріс кiргізу жәнe халықарaлық туризм дeңгейіне сaй сaпалы қызмeт жaсау бoлып тaбылады. Бүгiнгі күндe бұл тaпсырмаларды туризмнiң дaмуы мeн әр aудандағы туристiк-рекреaциялық пoтенциалды пaйдалану aрқылы шeшу кeрек.
Туризм - эконoмиканың тaбысты бағыты рeтінде тaнылған сaла. Oның мaңыздылығын eске aла oтырып Eлбасы Н.Ә.Назaрбаев туризм салaсының дaмуына үлкeн көңiл бөлудe. 2011 - 2014 жылдaры туризмдi дaмыту бағдарламaсы қaбылданды. Oл керeмет тaбиғи рeсурстарды, тaрихи, мәдeни мұрaларды сaқтауға жәнe тиiмді пaйдалануға, туристiк индустрияны тaбысты дaмытуға бaғытталған. Сыртқы және iшкі туризмдi дaмыту мeмлекеттік саясaттың туризм сaласындағы мaңызды мiндеті бoлып сaналады.
Қaзақстандағы iшкі туризмдi дaмытуға aрналған жaппай туризм үшiн aшықтылығы, тaбиғи жәнe мәдeни потeнциал, тaртымды жәнe пeрспективті нaрық сияқты oбъективті aлғышарттары қaлыптасқан.
Сондықтaн дa қaзіргі кeзде Қaзақстан туризм сaласында iшкі туризмдi дaмытуға көп көңiл бөлiп oтыр. Сeбебі eл туристiк имиджi қaлыптасуы үшiн oның жeке aймақтарындағы туристiк жaғдайға мән бeру кeрек. Қaзақстанның Пaвлодар өңiрі туристiк потeнциалы жoғары aймақтардың бiріне жaтады. Қaзіргі кeзде бұл aймақтың туристiк жaғдайына көп мән бeрілуде. Аймaқта ұлттық, аймaқтық, жeргілікті дeңгейде көптeген туристiк жобалaр мeн бaғдарламалар iске aсырылып жaтыр.
Ертістiң Павлoдар өңiрі - Қaзақстанның iрі индустриaлды қaйнаған oртасы. Бұл элeктр энeргиясының, көмірдiң негізгi бөлігiн, ферроқорытпa, aлюминий өндіретiн eліміздің өнeркәсіптік бaй өлкeсі. Мұның бәрi Қaзақстан экономикасынa қосылaтын aуқымды әрi қуaтты күш. Аймaқтың гeографиялық орнaласуы оғaн бaсқа мeмлекеттермен жәнe Қaзақстан oблыстарымен Oңтүстік-Сібiр жәнe Ортaсібір тeміржол мaгистралі бoйынша aвтомобиль, aвиациялық, электрoндық, құбырлық жәнe өзeн көлiгімен қaтынас жaсауға мүмкiндік бeреді.
Ертiстің Пaвлодар өңiрінде бәрi бaр: ұшы-қиырсыз дaрқан дaла, қaйыңға орaнған тoғайлар, қaрағайлы oрмандар, тaулар мeн көлдeр. Oблысты eжелгі қaра Eртіс өзeні қaқ бөлeді дeп aйтуға бoлады. Oның жaйылмасы дa бiрегей әрi өсімдіккe өтe бaй.
Oблыс аумaғында Ертiстің Пaвлодар өңiрінің iнжу-мaржаны, Қaзақстан Республикaсының әсeм жерлерінiң бірi Баянaуыл орналaсқан. Шексiз жaзық даладaғы табиғaттың oсы бiр бiрегей туындысының сұлулығы тaңқаларлық. Таулары, қарағайлы ормандары, жануарлар әлемі, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері ұмытылмас әсер қалдырады. Бұл жер жыл сайын Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келетін мыңдаған туристердің сүйікті демалыс орнына айналған.
Қазақстанның рекреациялық ресурстар құрамында ерекше қоғалатын табиғи аумақтар ерекше орын алады. Бірақ белгілі бір даму стадиясында туризм сақталған биоалуантүрлілікке кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл саланы жақсы ұйымдастырылған іс-шаралар негізінде дамыту керек. Осыған байланысты бұл территорияларды пайдаланудың негізгі түрі рекреация болып табылады. Павлодар облысының шегінде орналасқан Баянауыл Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің табиғи-рекреацилық потенциалы орасан зор. Мұнда рекреацияның бірнеше түрін ұйымдастыруға болады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Жалпы Қазақстан аумағындағы ішкі туризм бизнес саласы ретінде дамуы зор мүмкіндікке ие. Қазақстан ірі территорияны алып жатыр, сондай-ақ демалыс үшін тартымды көрікті жерлер баршылық. Оның ішінде Павлодар облысындағы туризм дамуы барлық ел туризмінің дамуына әсер етеді. Осы тақырыпқа қатысты еңбектің көптігіне қарамастан, толық мөшерде өңделмеген және қосалқы зерттеулерді талап ететін мәселелер қатары бар. Сондықтан Павлодар облысындағы туризмнің даму потенциалын анықтау облыстағы туризм дамуында маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Павлодар облысының туризм индустриясының даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан негіздеп зерттеу, Павлодар облысының Қазақстан туризмінің дамуындағы ролін көрсету, облыстағы туризм дамуының тенденциялары мен проблемаларын талдай және зерттей отырып, аймақтағы туризмнің даму потенциалын анықтау.
Көзделген мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесідей міндеттерді шешу қажет:
- Павлодар облысындағы туризм дамуының алғышарты ретіндегі аймақтың инфрақұрылымын, туристер үшін тартымды нысандарды, қызмет көрсету субъектілерінің жағдайын талдай отырып, туризм ортасын зерттеу;
- Павлодар облысының туризм дамуындағы өзекті мәселелерді анықтау, оларды шешудің бағыттары мен жолдарын ұсыну;
- мәліметтерге сүйене отырып Павлодар облысының туризм саласының даму жағдайын және тенденцияларын айқындау;
- Павлодар облысының туристік имиджді құру және қолдау бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Зерттеу объектісі - Павлодар облысындағы туризм индустриясының дамуы және негізгі бағыттары.
Зерттеу пәні - Павлодар облысындағы туризм саласы және оның дамуына үлес қосатын қатысушылары.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы анықталған қорытынды мен берілген ұсыныстар арқылы аймақтағы туризм тартымдылығын жоғарылату болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы аймақтағы туризм дамуымен байланысты теориялық проблемаларды зерттеуден және туризм дамуын арттыру бойынша ұсыныстар берілуден тұрады
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің, Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының мәліметтері, сондай-ақ мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер мен интернет сайттарының ақпараттары, зерттеулердің логикалық, экономикалық-статистикалық, жүйелі және жағдайлық талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, 10 бөлімшеден, қорытындыдан құралған, соңында пайдаланылған әдебиет тізімі мен қосымшалар ұсынылған. Иллюстрация ретінде 5 кесте және 17 сурет келтірілген. Жұмыс баспалық бетте орындалған.
Дипломдық жұмыс 82 беттен тұрады.
.

1 ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Аймақтың жалпы сипаттамасы

Павлодар облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан. 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Жер аумағы 124,8 мың км². Облыста 10 әкімшілік аудан, 3 қала, 4 кент, 169 ауылдық округ, 490-нан астам елді мекен бар. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 510 км-ге, батыстан шығысқа қарай 400 км-ге созылған. Әкімшілік орталығы - Павлодар қаласы.
Облыстың жер бедері екі геоморфологиялық бөлікке бөлінген. Солтүстіктің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы - Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Сарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құланды және Бараба жазықтары алып жатыр. Жер беті теңіз деңгейінен 120-150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100-110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ шоқылы таулар мен төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянауыл (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері - Әулие тауы, 1055 м), т.б. таулар орналасқан [1].
Облыстың солтүстік-шығысындағы шоқылардың теңіз деңгейінен абсолюттік биіктік 30-50 м. Сондай-ақ облыс аумағында Баянауыл таулы алқабы орналасқан. Бұл абсолюттік биіктігі 500-ден 1026 м-ге дейінгі аласа таулар. Әкімшілік жағынан таулы бедерлер Баянауыл, Май аудандарына, Екібастұз қалалық әкімдігі аумағына кіреді. Бұл аудандардағы таулар Сарыарқаның шығыс шеті болып табылады. Биік шыңдарының бірі - Әулие тауы (1055 м) облыстың ең биік жері саналады. Облыс қиыр оңтүстігіндегі Қызылтау тауында ірі Қызылтау зоологиялық қорықшасы орналасқан. Қызылтау тауынан солтүстікке қарай Мысықбай (471 м), Қамбаба (452 м), Сарыжал (441 м), Бүркітті (506 м), оңтүстік батысына қарай Желтау (959 м), батысында Гүлсары, т.б. таулар бар [2].
Ертіс өзенінің орталық алабын алып жатқан облыс солтүстік, солтүстік-шығысы мен шығысында Ресейдің Алтай өлкесі, Новосибирск, Омбы облыстарымен шектеседі. Батысында Солтүстік Қазақстан және Ақмола, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Қарағанды, оңтүстік-шығыста Шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыс шекарасының жалпы ұзындығы 2100 км. Облыс орталығынан ресей шекарасына дейінгі арақашықтық (Алтай өлкесіне) - 110 км, Астанаға дейін - 426 км, Алматыға дейін - 1444 км, Қарағандыға дейін - 412 км, Семейге дейін - 315 км.
Облыстың әкімшілік бөлінуі (сурет 1). Облыс құрамында 10 аудан, облысқа бағынатын 3 қала бар.
1. Ақтоғай ауданы - аудан орталығы Ақтоғай .
2. Баянауыл ауданы - аудан орталығы Баянауыл ауылы.
3. Железинск ауданы - аудан орталығы Железі ауылы.
4. Ертіс ауданы - аудан орталығы Ертіс ауылы.
5. Қашыр ауданы - аудан орталығы Тереңкөл ауылы.
6. Лебяжі ауданы - аудан орталығы Аққу.
7. Май ауданы - аудан орталығы Көктөбе ауылы.
8. Павлодар ауданы - аудан орталығы Павлодар қаласы.
9. Успенск ауданы - аудан орталығы Успенка ауылы.
10. Шарбақты ауданы - аудан орталығы Шарбақты ауылы.
11. Ақсу қаласы.
12. Павлодар қаласы.
13. Екібастұз қаласы.

Сурет 1. Облыстың әкімшілік бөлінуі

Облыс минералды шикізат ресурстары бойынша республикада жетекші орындардың бірін алады. Ертістің Павлодар өңірінің қатты кен байлықтарының жалпы баланстық қор құны 460 млрд АҚШ доллларына бағаланады.
Облыста Қазақстан көмірінің 13-ден астам қоры шоғырланған. Ірі көмір кен орындары Екібастұз бен Майкөбенде сәйкесінше 10,5 млрд және 2,2 млрд т энергетикалық шикізат қоры шоғырланған. Бұлардан басқа келешегі бар 9 көмір кен орындарында жалпы қоры 3 млрд т-ға жуық көмір кендері орналасқан. Бұл кен орындарының басты ерекшелігі - олардағы көмір қабаттарының жер бетіне жақын жатуы немесе жер бетіне шығып жатуы. Сондықтан көмірді өндіру ашық әдіспен жүргізіледі.
Облыста сонымен қатар алтын қорының кен орындары баршылық. Алтынның жалпы қоры 150 т-ға жуық. Кен орындарында алтыннан басқа ілеспе түрде күміс, мыс, мырыш, барит кездеседі. Бұлар негізінен Майқайың кен орнында өндіріледі. Сондай-ақ облыс аумағында кобальттың мөлшері 14 мың, никельдің 251 мың, марганецтің мөлшері 70 мың т деп бағаланады. Облыста жалпылай таралған 89 құрылыс материалдарының кен орындары белгілі. Қазіргі кезде облыс аумағында кен қорлары бекітілген 131 кен орындары, олардың ішінде 26 металл мен көмір кен орындары бар. Бұлардан басқа, облыс аумағында көмірдің республикалық балансының 35,7%-ы (республикада 1-орында), алтынның 5,2%-ы (5-орын), мыстың 3,7%-ы (5-орын), молибденнің 2,3%-ы (4-орын), мырыштың 0,8%-ы (6-орын), қорғасынның 0,5%-ы шоғырланған [3].
Облыс Азия құрлығының ортасында орналасқан. Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ендіктің ауа массасына ашық, сондықтан аймақтың климаты тым континеттік. Орташа температура қаңтарда шамамен минус 18ºC, шілдеде шамамен плюс 21ºC. Ылғалдылық коэффициенті 0,4-0,5-тен аспайды. Топырағы карбонатты қызғылт, қоңыр, қара, өзен аңғары саз балшықты. Оңтүстік, оңтүстік-батысы қызғылт қоңыр, қиыршықты, қоңыр топырақты. Қарағайлы алқаптың жері күлгінді, сарғылт түстес құмды. Ауа райының желді болуы үйреншікті құбылыс.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден (оңтүстігінде) 310 мм-ге дейін (солтүстігінде) өзгеріп тұрады. Облыстың оңтүстік-батысындағы азын-аулақ 300 мм астам жауын-шашын түседі (Баянауыл ауданының таулы өңірі). Шамамен 10-15 қараша аралығында тұрақты қар жамылғысы пайда болады, ол солтүстік ауданыдарда 5-10 сәуірге дейін, ал оңтүстігінде наурыз айының соңына дейін сақталып тұрады. Қар жамылғысы тұратын күндер саны - 130-155. Оның ең қалыңдаған кезеңі: ақпан айының соңы - наурыз айының басы, ол тиімді ылғалдылықтың 29-36 мм-не сәйкес, орталық және оңтүстік аймақтарда - 12-14 см немесе 1820 мм ылғалдылық.
Қыс мезгілінде батыстан және оңтүстік-батыстан соққан жел басым болады. Күші борандар мен бұрқасындар туғызатын жылдамдығы 15 мс болатын желдер жиі анықталады. Қыста бұрқасын болатын күндер саны 3035-ке жетеді, ал кейбір жылдары 50-60-қа дейін [4].
Ертіс алқабы дәнді-сан түрлі шөпті және алқаптық шабындықтар, суармалы шабындықтар және жолақты ормандар; көлдердің және кеуіп бара жатқан өзендер алқаптарында - астық-қияқ тұқымдас алқаптар және камыс қопалары бар. Ертістің солтүстік жағалауының оңтүстік бөлігінде - ашық-сарғылт топырақты жерде сортаң және сортаңдау дағы бар, жайылым ретінде қолданылатын бетегелі-жусанды және жусанды-сораңды шөлейттер; оңтүстік жағалаудың құмды жерлерінде - жолақты ормандар орналасқан. Негізгі орман түзушілер мен олардың серіктері: жай қарағай, салпаң, мамықты қайың, жабысқақ қараағаш, арша, алтай доланасы, қарапайым мойыл, қарапайым бүрген, сібір шетені, таңқурай.
Көлдерден: мөңке балықты, түрпіні, алабұғаны; Ертісте: шортан балық, алабұға, көксерке, язь, нәлім, ақбалықты кездестіре аласыз. Тиіндер (ормандарда), ондатр (қамысты қопада) жерсіндірілген. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиға саябағының фаунасы 5 жасаққа жататын сүтқоректілердің 48 түрінен тұрады. Құртқоректілер жасағы - 5 түрлі, жыртқыштар жасағы - 9 түрлі, аша тұяқтылар жасағы - 3 түрі. Маңызды нысан болып Қазақстанның Қызыл кітабына енген тау қойы - архар, басқа екі түрі - елік және бұлан өте ирек кездеседі, тек қана маусымдық қоныс аударады, кеміргіштер жасағы - 3 түрі, бұл жерде жарғанаттылардың саны өте көп - 23 түрі және қоянтұқымдастардың 4 түрі бар. Қос мекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың - 7 түрі кездеседі.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында Қызыл кітапқа енген құстардың 12 түрі бар. Бұлдырық ұлттық қорық аймағына сирек ұшып келеді, ителгі, бүркіт, ақиық, дала қыраны, үкі, тырбық қыран, қара бас күлегешті ұя салу кезінде кездестіруге болады. Қара құтан, бұйра бірқазан, сұңқылдық аққу, ақбас тырна көктемгі және күзгі ұшып өтуде кездестіруге болады. Тізімде келтірілген үш түр (лашын, ителгі, ақиық құстар), сонымен қатар үлкен қаршыға, дала құладыны, дала күйкентайы жойылып кетуге ақ қалған түрлерге жатады және IUCN-нің екінші тізіміне және жойылып кету қауіпі бар түрлер BirdLife International тізіміне енді.
Шетелдік орнитолог-туристерді фаунаның үлкен әр түрлілігі қызықтыруы мүмкін: Қызыл кітапқа енген ителгі, лашын құсы, дала күйкентайы, дала құладыны.
Облыс аумағында Ертіс өзенінің ұзындығы 500 км орта ағысы өтеді. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында мұздықтардан толығып отырады. Өзеннің орташа ені - 350 м, орташа тереңдігі 2-4 м. Облыс аумағындағы ірі тармақтары мен салалары - Белая, Окуневка, Зубатка, Орловка, Усолка, т.б. Олардың суы тұщы. Ұзындығы жағынан алғанда облыстағы екінші өзен - Шідерті. Өзен Қарағанды облысының аумағынан басталып, Павлодар облысының ойпаттарымен ағып, Шығанақ өзеніне құяды. Үшінші ірі өзеннің аты да - Шідерті. Ол Ақмола облысынан басталып, Павлодар және Қарағанды облыстары арқылы ағып өтіп, Әулиекөл көліне құяды. 1971 жылы аса ірі гидротехникалық құрылыстардың бірі саналатын Қ.И.Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды суландыру каналы ашылды. Каналдың жалпы ұзындығы Ертіс өзенінен Қарағанды қаласына дейін оңтүстік-батыс бағытта 500 км шамасында, тереңдігі 4 м, ені 40 м.
Облыс аумағында көптеген көлдер, ең бастысы - тұзды көлдер көп: Селетітеңіз, Қызылқақ, жалаулы, Шүрексор, Қарасор, Жамантұз, Қалқаман және тағы басқалар - солтүстік жағалауда; Маралды, мойылды, Үлкен Әбжұлат және тағы басқалар - оңтүстік жағалауда.
Павлодар облысында 1200 үлкен және кіші көлдер бар. Жүзге жуығы тұщы, ал қалғандары ащы. Облыс территориясында суасты суларының, эксплуатациялық қоры тәулігіне 3,8 миллион текше метр он бір кен орны бар. Олардың барлығы ауыз суға және суаруға жарайды [5].
Тұщы көлдер негізінде облыстың солтүстігінде таралған, сонымен қатар Ертіс аңғарында. Облыстың орталық және оңтүстік бөліктерінде олар бірлі-жарым. Баянауыл тауы аймағында аса маңызды тұщы көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) терең тектоникалық шұңқырларда орналасқан.
Облыс жерасты суларының негізгі қорек көзі амосфералық жауыншашындар, Қазақтың Ұсақ шоқысынан және Объ - Ертіс суайырығының ертедегі жылғасынан ағып келетін транзиттік сулар болып табылады.
Павлодар облысы - Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 34, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді.
Облыста ауыл шаруашылығына да көп мән беріледі. Өңірдің ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 11,2 млн. га құрайды. Өңірде негізгі өндірілетін дақыл - бидай, ол егіс алқаптарының жартысынан көбінде егіледі. Егін алқаптарының 15-17%-ға жуығы басқа дәнді дақылдарға тиесілі.
Аймақтағы өнеркәсіп әлеуеті көлік коммуникациялары мен көліктік-экономикалық байланыстарды кеңейту қажеттілігін туғызды. Облыста күрделі көліктік-коммуникациялық торап бар: мұнда Қазақстан ішіндегі оңтүстікке қарай өтетін (Шымкент қаласына) ең ірі мұнай құбыры басталады, Қазақстан мен Ресейдің түрлі өңірлеріне тартылған электр қуатын алысқа тарату желілері, Ертіс-Қарағанды-Жезқазған арнасы өтеді [6].
Облыстың білім беру жүйесі білім алушыларға оқу орны, білім алу деңгейі сияқты әр түрлі оқу түрін таңдауға шынайы мүмкіншіліктерді ұсынады. Облыста инновациялық оқу орындары қызмет етеді: жалпы білім беру лицейлері мен гимназиялар, дарынды балаларға арналған мектептер.
Павлодар облысының орта білім беру жүйесі 416 мектеп және мектеп-интернатты қамтиды. Облыста 2 гимназия мен 2 лицей, 12 мамандандырылған мектеп бар.
Облыс аумағында төрт жоғары оқу орны жұмысын атқарады, олардың үшеуі Павлодар қаласында, біреуі Екібастұз қаласында орналасқан:
- С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті;
- Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты;
- Инновациялық Еуразия Университеті;
- Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз Инженерлік-Техникалық Институты [7].
2014 жылғы 1 сәуірге облыстағы халық саны 753,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалада - 526,1 мың (69,8%), ауылда - 227,2 мың адам (30,2%). Халқының тығыздығы облыс бойынша орта есеппен алғанда жер ауданының 1 км² - 6 адамнан. Әйел адамдар - 52,9 %, ал ер адамдар - 47,1 % құрайды.
2014 жылы Павлодар облысына басқа елдер және республика өңірлерінен 1076 адам келді, ал облыс шегінен тыс 1653 адам көшіп кетті. 2014 жылғы 1 қаңтарда қазақтардың саны - 364,9 мың, орыстардың саны - 283,4 мың, украиндердің саны - 37,9 мың, немістердің саны - 21,1 мың, татарлардың саны - 14,2 мың, белорустердің саны - 5,1 мың, өзге ұлттардың саны - 19,3 мың адамды құрады. Павлодар облысы халқының ішінде әр түрлі діни сенімдер, соның ішінде 172 діни бірлестіктер мен топтар тіркелген, оның ішінде мұсылмандық - 94 (54,7 %), православиелік - 17 (10 %), католиктік - 8 (4,7 %), иудейлік - 1 (0,6 %), протестанттық пен өзгесі - 52 (30 %). Облыста 126 діни ғимараттар бар [8].
Сонымен, Павлодар облысы - Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда.

1.2 Табиғи туристік-рекреациялық ресурстары

Табиғи-рекреациялық қорлардың бары, Павлодар облысының ыңғайлы географиялық орны экономикалық, емдеу-сауықтыру, балалар-жасөсіпірімдер, өзен туризмін дамыту үшін әлеуметтік мүмкіндіктерді ашады.
Павлодар облысының табиғи ескерткіштеріне жатады:
1. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
2. Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қорығы.
3. Ертіс орманы мемлекеттік табиғи орман резерваты.
4.Қаздардың ұшып қайтуы республикалық маңызы бар палеонтологиялық табиғи ескерткіш.
5. Ертіс өзенінің алқабы мемлекеттік табиғи қорығы.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - Павлодар облысының оңтүстік-шығысында (Баянауыл ауданында) Екібастұз қаласынан 100 шақырым жерде Орталық-Қазақстандық ұсақ шоқылардың шетінде орналасқан Қазақстан Республикасындағы ұлттық парк. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының қатарына кіреді.
Парк 1985 жылы құрылып, Қазақстанның бірінші ұлттық паркі болып табылады. Баянауыл тау сілемінің табиғи өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін сақтау және қалпына келтіру қажеттілігі паркті құрылуына негіз болып табылды. Парктің жалпы аумағы 68 453 га құрайды.
Баянауыл өңірінің флорасы тамырлы өсімдіктердің 474 түрін қамтиды. Мұнда барлығы бореаль реликтің 51 түрі табылған [9].
Ұлттық парк аумағында жыл сайын Ертіс меридианы туристердің халықаралық слеты өтеді. Оған Ресей мемлекетінен, Астана, Қарағанды, Семей, Жезказған, Өскемен, Рудный, Павлодар, Екібастұз және Омск қалаларынан қатысушылар келеді. Жарыста әр түрлі эстафеталар, спорттық жорықтар және кросс-жорықтар өткізіледі.
Баянауыл тауларының экскурсиялқ және танымдық маңызы бар көркем объектілеріне Құмыра, Драверт, Әулиетас үңгірлері, Жұмбақтас орманды үңгір, т.б. жатады [10].
Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген [11].
Ұлттық парктің аумағы этнографиялық және тарихи объектілерге бай. Баянауыл алқабының аумағында көптеген ежелгі қорымдар мен кіші қорымдар, қола дәуірінің балқымалары мен қорытпаларының қалдықтары бар балқыма пештерінің орындары табылды. Әсіресе, көптеген археологиялық ескерткіштер Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінің аумағында табылды [12].
Жасыбай көлі - Баянауыл ауданы жерінде, Баянауыл ауылынан 15 км жерде тауаралық ойыста орналасқан. Теңіз деңгейінен 397 м биіктікте. Аумағы 4 км², ұзындығы 3,5 км, енді жері 2,4 км, ең терең жері 14,7 м. Суында тұқы, алабұға, шортан, т.б. балықтар кездеседі. Құстардың 50 шақты түрі (қаз, үйрек, тырна, аққу, т.б.) мекендейді. Жағалауында демалыс үйлері, Баянтау туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Ол бір уақытта 280 адамды қабылдай алады. Көл суы тері ауруларына ем.
Ең ірі көл -- Сабындыкөл (тура аудармасы -- мыльное озеро), оның жағасында Баянауыл кенті орналасқан. Көл өзінің ерекше, жұмсақ, сабынды суына байланысты солай аталған. Аңыз бойынша Баян сұлу кезінде әдемі ұзын шашын жуып отырғанда сабынын суға түсіріп алған. Сабындыкөл көлін пішіні домалақ гранит жартастар қоршаған. Оңтүстік жағалауында балалардың демалу-сауықтыру лагерлері орналасқан [13].
Қаздардың ұшып қайтуы табиғат ескерткіші неоген кезеңінің бай жануарлар әлемінің палеонтологиялық орнының ашылуы (25 - 2 млн. жыл) Павлодар Ертіс өңіріне бұрынғы кеңес үкіметінің палеонтологтарының назарын алады. Өкінішке орай, барлық табылған палеомәліметтерді ғалымдар алып кетті, себебі біріншіден, сол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы болған жоқ, екіншіден, палеонтологиялық қалдықтардың зерттеліп, сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми мекеме болған жоқ. Ескерткіш Павлодар облысы Ертіс өзенінің оң жағалауында, Павлодар қаласының солтүстік бөлігінде, темір жол көпірінен оңтүстікке жақын 500 м орында орналасқан (сурет 2).

Сурет 2. Қаздардың ұшып қайтуы табиғи ескерткіші

Ескерткішті 1923 жылы мәскеулік палеонтолог Ю.А. Орлов ашқан, осыдан кейін мұнда 1929-1930 жылдары палеонтологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады, мұның салдарына бірнеше мыңдаған плиоцен-миоцендік жасындағы ертедегі сүтқоректілер сүйектерінің қалдықтары табылған (қазіргі Африка фаунасының шығу тегі). Палеонтологиялық институт қазбалары бұғының 20 түрін, керіктің 40 түрін, мүйізтұмсықтың 140 түрін, гиппарионның 200 түрін, т.б тапты [14].
Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қорығы - Баянауыл ауданының Оңтүстік-батысында Сарыарқаның Солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы көлемі 60000 га. Сирек кездесетін жануарлар түрлері мен олардың мекен ету жерлерін жүзеге асыру және сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аудандастыру жүйесіндегі жағдай - шөлейтті ландшафты аймақ
Ертіс орманы мемлекеттік табиғи орман резерваты - табиғатты қорғау және ғылыми мекемесі мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ол 2003 жылы құрылды және Павлодар облысының қарағай орманында 277961 га алаңында орналасқан. Қарапайым қарағай негізгі ағаш құраушы тұқым болып табылады, ол қолайсыз климаттық жағдайларға төзеп тұра алатын, ерекше тұрақтылыққа ие. Өсімдік жабындысында селеулі-бетеге формациясы үстемдік етеді: Иоанна селеуі, бетеге, көкшіл сұр ши борбай, аласа қияқөлең, далалық жусан және басқалары. Шөп түрлерінің саны 35-40 жетеді, олардың көбі сирек кездесетін және жойылып бара жатқан болып табылады және бірінші кезектегі қорғалуға жатады. Қарағай орманының жануарлар әлемі атап айтқанда әр түрлі. Сүтқоректі жануарлардың 40 түріне, құстардың 200 түріне дейін өмір сүреді. Орманда бұлан, елік, түлкі, қарсақ, ақ қоян және ор қоян, далалық суыр, қасқыр, сілеусін, тиын, күзен, қосаяқ және басқалары көптеп таралған [15].
Ертіс өзенінің алқабы мемлекеттік табиғи қорығы - сол жағалауда 1-ден 10-12 км қашықтықта және оң жағалауда 4-тен 6 км қашықтықта өтеді. Павлодар облысының аумағында Ертіс өзенінің алқабы Батыс Сібір ойысының оңтүстік бөлігінде. Ойысты Ертіс өзенінің оң жағалауына (Құлынды жазығы) және Ертіс өңірі жазықтарының сол жағалауына бөлінеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ауданы - 377133 га. Ертіс өзенінің заманауи алқабы биіктігі 7-8 м дейін алқаппен және үш үстіңгі-төрттік эрозиялық-аккумулятивтік алқап үсті террасалардың кешенімен көрсетілген. Алқаптың абсолюттік белгілері Павлодар облысының батыс шекарасында 87 метрге дейін, шығыс шекарасында 112 метрге дейін өседі.
Шалдай орманы - Павлодар өңірінің басты назар аударарлық орындарының бірі. Бұл табиғи ескерткіштің масштабы тек Павлодар өңірімен шектелмейді, оның масштабы планеталық деуге де болады - ғарыштан жасалған фотосуреттерде орманның созылыңқы таспасы (жүздеген километр) Объ пен Ертіс өзенаралығында өте әсерлі көрінеді. Осындай орман таспалары бесеу, бірақ олардың арасында тек екеуі ғана ресей-қазақстандың шекараны кесіп өтіп, Ертіске қарай созылады: біреуі кішірігім ғана, Семей қаласының маңында, екіншісі - Павлодар облысында. Шалдай таспалы орманында жергілікті тиіндердің түрі - телеутка - тиінімен танымал. Бұл тиін түрі өте кең таралған, кішкене көгілдірленген терісін кеңестік кезде Италияға дейін жіберген [16].
Павлодар облысының геологиялық объектілері. Облыс территориясында мемлекеттік табиғи-қорықтық қорға кіретін, республикалық және халқаралық маңызы бар геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілер бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылыққа ие және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қатарына енгізіген. Республикалық маңызы бар объектілерге Драверта, Кувшин, Әулие және Қоңырәулие үңгірлері, Әулиебұлақ және Телеубұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Рахай және Үшсала шатқалдары жатады.
Қорытындылай келе, өңірдің табиғи рекреациялық потенциалы зор деп айтуға болады. Себебі облыс территориясы дала және жартылай орманды дала зоналарында жатыр. Сондай-ақ, облыс аумағында Баянауыл МҰТС, Ертіс орманы, Шалдай орманы резерваттары, Қызылтау қорықшасы, Қаздардың ұшып қайтуы сияқты табиғи нысандар орналасқан. Ал осындай табиғи жағдайлардың болуы көптеген туристерді қызықтырады.

1.3 Әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстары

Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады. Өңірдің көрікті орындары тарихи және сәулет ескерткіштерді, діни құрылыстарды қамтиды. Көптеген археологиялық ескерткіштер бар (тұрақтар, қорымдар, қоныстар, түрлі дәуірдегі обалар).
Қазіргі уақытта облыста 802 жылжымайтын тарихи, археология, сәулет және монументалдық өнер ескерткіші есептелінеді, оның ішінен 316-ы мемлекетпен қорғалатын объектілер тізіміне енгізілген. 2013 жылдың 1 шілдесінде облыста 1143 мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 228 клуб, 18 жылжымалы мәдени ойын сауық кешені, 697 кітапхана, 9 мұражай, 3 театр, 4 кинотеатр [17].
Жалпы облыс бойынша 1000-ға жуық археологиялық ескерткіштер бар, олардың негізгі бөлігі 705 Павлодар облысының ескерткіштер жинағына енгізілген, бірақ олардың алдағы анықтау әлеуеті әлі тамамдалған жоқ. Облыстың 12 ауданының ішінде ең ірі үш ауданда археологиялық ескерткіштердің көп мөлшері орналасқан: Баянауыл, Май, Екібастұз аудандары, одан кейін Павлодар, Лебяжі, Шарбақты және басқа да аудандар. Павлодар облысындағы археологиялық ескерткіштер тізімі Қосымша 1 көрсетілген.
Басты археологиялық топтамалар Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында және С.Торайғыров атындағы ПМУ археология мұражайында жинақталған. Онда экспозициялар хронологиялық реттілікпен түзіле орналастырылып, Ертіс бойы халқының ежелгі ортағасырлық материалды және рухани мәдениеті туралы ақпарат беріп тұрады [18].
Ішкі туризмді дамытудағы облыстың археологиялық ескерткіштерін қолдану мүмкіншілігі екі өңірлік бағдардан тұрады - Баянауылдық және Екібастұздық. Баянауыл ауданында 200-ден астам археологиялық ескерткіштер бар. Ол жерде облыстың туристік-экскурсия жасауды дамыту мақсатында тікелей негізгі археологиялық ескерткіштерді қолдану орталығы құрылады. Үшінші бағытты Май ауданындағы Ақшаман тауы аумағында дамытуға болады, бірақ бұл аудан аз зерттелген және де дамымаған инфрақұрылымымен сипатталады, сол себептен осы аудандағы туризмді дамытудың нақты жобалары туралы айтуға әлі мүмкіншілік жоқ. Облыстың қалған аудандарындағы археологиялық ескерткіштерді қолдану мәселесі туралы әзірге айтуға негіз жоқ, бірақ болашағы бар.
Павлодар облысындағы археологиялық ескерткіштер қатарына жатады:
Жасыбай көлінің солтүстік-батыс жағалауындағы жартасқа салынған суреттер. Торайғыр автожолының жанында, көл жағалауынан 100 м солтүстікке қарай, Баянауыл ауылының солтүстік-батысына қарай 8,5 км жерде Жасыбай көлінің жартас суреттері орналасқан. Суреттер биік жартастың шығыс жағындағы қуысында орналасқан. Ескерткішті 1972 жылы павлодарлық өлкетанушылар Г.Я Коробкин және А.Ф Алейник ашқан.
Жартастық суреттер қабырғаларды және қалқаның төбе бөлігінде және қуыстарда қызыл түсті бояумен салынған. Суреттер жартастың әр жақтарынан бірнеше бөлігін алып жатыр: солтүстік бөлігі - үш телімі, оңтүстігінде- 4 және шағын шұқырларды, ол жерден 30-ға жуық пішін көрініп тұр, олардың 12-ге жуығын антроморфты деп анықтауға болады. Осы нысанның бірегейлігі оны болашақта ғылыми және туристік мақсатта пайдалану үшін міндетті түрде мұражайландыруда қажет етеді.
Найзатас шатқалындағы түркі салт аттылары бейнеленген жартас петроглифтері Торайғыр ауылына барар жолдың жанында, қираған Найзатас фермасынан солтүстік-батысқа қарай 500 м жерде, Торайғыр ауылынан батысқа қарай 5,5 км жерде орналасқан.
Өленті жазулары петроглифтері Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа 100 км жерде асфальтті жол тек Төртүй ауылына дейін ғана (40 км), ары қарай батпақ жол және өте төмен сапалы автогрейдер орналасқан. Көне қазақ зиратының Тай ауылынан 5 км оңтүстік-батысқа қарай (бұрынғы Өленті совхозы), Өленті өзені жағалауларының қауіпті жартасына бейімделген.
Өңірде қажылық туризмді дамыту үшін де көптеген тарихи-мәдени объектілер бар. Оларға келесілер жатады:
Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі Жаңажол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым алыстықта, Ескелді жерінде орналасқан. 2006 жылы Мәшһүр Жүсіп әулие басына зәулім кесене тұрғызылды. Тіршілікте жолы болмағандар, қинат шеңгеліне ілінгендер, болашағынан үміт ететіндер, жақсылық, адамшылық, имандылық жолын ұстаушылар, Алланың жолын мұрат тұтқандар, ақыл-ойы кемел естілер Мәшһүр Жүсіптің мавзолей-зиратына келіп, дұға оқып, құрмет етеді.
Исабек Ишан Хазрет кесенесі Екібастұз ауданының Қылдыкөл мекенінде, бірінші ислам миссионерлердің ұрпағы, философ, ағартушы және Мәшһүр Жүсіптің тәлімгері - Исабек Ишан Хазрет құрметіне салынды. Сәулет ансамблі ақ тастан салынған екі кесенеден және мешіттен, сондай-ақ қажыға барушыларға арналған үйден тұрады.
Қоңыр Әулие үңгірі бұрыннан бері қажылық етудің қасиетті орны болып саналады. Қажылық етудің себебі үңгірдің түбіндегі тас қазан болып табылады, оның астында үнемі су жиналады. Осы су барлық аурулардан және де бедеуліктен емдейтін қасиеттері бар делінген. Үңгірден Баянауыл ұлттық паркінің қорықтағы бөлігіне керемет көрініс ашылады. Қоңыр Әулие үңгіріне көтерілу ұзындығы 110 метр сатымен жарақтандырылған, әр 10-15 метр сайын демалуға арналған алаң ескерілген. Үңгірдің жалпы ұзындығы шамамен алғанда 30 метр, үңгір екі камерадан тұрады [19].
Павлодар қаласында 67 тарихи мәдени ескерткіштер бар.
- Тарихи ескерткіштер - 10.
- Бағалы көркемөнер ескерткіштері - 5.
- Архитектуралар - 54.
- Қала салушы ескерткіштер - 1.
2014 жылдың 1 қаңтарына Павлодар облысында 9 мұражай жұмыс істейді. Олардың мәдени-білім беру әрекеттерін көпшілікке танымал ету үшін, жұмыс тобы, облыс суретшілерінің бейнелеу өнері мен шығармашылығы туралы ақпараттық мәліметтері бар дүңгіршектер орнатуға кеңес береді.
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамының облыстық бөлімінің негізінде құрылған. Мұражай ғимараты 1890 жылы тұрғызылған және1-ші гильдия көпесі Р.Деровтың меншігі болған. Ғимарат архитектуралық және қала салу ескерткіші болып табылады. Мұражайдың негізгі қоры 70 мың мұражайлық маңызы бар заттардан тұрады. Мұражай топтамасы, палеолит дәуірінен, археология, этнография, көпестік тұрмыс салт залы, Қазақстанның жаңа және жаңашыл тарихын қоса айтқанда, 12 залға қойылған. Мұражай Омск, Новосібір облыстарының және Алтай өлкесінің бірізді мекемелерімен біріккен жобаларды іске асырады.
Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы 1964 жылы құрылған, ол екінші көркемөнер мұражайы болып табылады (біріншісі Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы). Мұражай қорында ҚР көркемөнер өмірін бейнелейтін, 5500-ден астам экспонаттар бар. Музей жиынтығында Қазақстанда 1930-1940 жж. қызмет еткен, аса көрнекті шеберлердің шығармалары ұсынылған. Мұражайдың мақтан тұтар топтамасы болып Қазақстанның пионерлер кәсіби мектебінің жұмыстары саналады [20].
Н.Г.Шафер мұражай үйі 2001 жылы Н.Г.Шафердің жеке грамтаспаларының негізінде ашылды. 27 күйтаспа - бұл нағыз тарихтың әуенді жылнамасы. Мұражай экспонаттарының қатарында 1898жылмен анықталған Пате фирмасында дайындалған, граммофон күйтаспалары бар. Қазақ халық әндері мен орындаушылары бөлімінде 500 күйтаспа сақталып тұр. КСРО халық әртісі К.Байсеитованың өлеңдер жазбасы, әртістер Роза және Жамал Умарованың орындаған ескі жазбалары. Опера өнерінің майталманы Ф.Шаляпин, С.Лемешев, Л.Собиновтардың дауыстары жазылған грамтаспалар да бар. Мұражай мамандары Мойылды шипажайының клиенттерін емдеу мақсатында бағдарламалар дайындады. Музыкотерапия мен медициналық емдеуді ұштастыру өз нәтижесін береді.
Павлодар қаласы өзінің ескі орыс стиліндегі ғимараттарымен әйгілі болып келеді. Мұндай ғимараттар Ескі қала деп аталатын Ленин атындағы көшеде орналасқан. Көпес Сорокин Үйі, Халықтық Үй, Майра атындағы ән шығармашылығы үй мұражайы, Владимирлік училище, Педтехникум, Көпес А.Деровтың сауда үйі, Ленин көшесіндегі сауда қатарлары, А.П.Чехов атындағы орыс драма театрының ғимараты, Көпес Охапкин үйі, Д.П.Багаев мемориалды үй мұражайы сияқты ғимараттар сақталған.
Владимир училищесі - қаланың ең алғаш кірпіш ғимараттарының бірі. Ол А. Деров көпестің қаражатына салынған. Павлодардағы үш класты қалалық училище 1872 жылы салынып, 1888 жылы жаңа ғимаратқа көшті. Бүгінгі күні бұл ғимаратта Б.А. Ахметов атындағы педагогикалық колледжі орналасқан.
А. Деров көпестің сауда үйі - павлодарлықтардың сәулет саласындағы мақтанышы. Ғимарат 1896 жылы сәулетші П. Батовтың жобасымен қаланың құрметті азаматы әрі бірінші гильдия көпесі А.И. Деровтың ақшасына тұрғызылған. Сауда үйі - өте үлкен ғимарат, қазіргі таңда бұл сібірлік модерн стилінде салынған көпестік сәулет ескерткіші болып табылады. Ғимаратта облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспонаттары орналасқан.
Охапкин көпестің үйі - ескі Павлодардағы ең ірі ғимараттардың бірі, Ленин көшесінің бойында драма театрға қиғаш тұр. Өткен ғасырдың басына тән модернизм мен көпес сәулетінің элементтері бар ғимарат. Ғимараттың қабырғалары мен бұрыштары шығыңқы келеді, шатыры мәрмәр ваза мен паркеттен жасалған, өрнекті торлар қойылған.
2008 жылғы қазанда Павлодарда Павлодар облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясының қалыптасқан этномәдени орталықтарының көптен күткен Достық үйі ашылды. Оның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл орталықта қала мен облыстың барлық этномәдени бірлестіктерінің ошақтары орналасқан.
Гиннестің рекордтар кітабына еген Екібастұздық ГРЭС-2. Станцияның биіктігі 420 метр айрықша тұрбасы Гиннестің рекордтар кітабына енген. ГРЭС-2 бірінші блогының жұмысы 1990 жылдың желтоқсанында, ал екінші энергоблок жұмысы 1993 жылдың 22 желтоқсанында басталды. ГРЭС-2 энергиясы Қазақстанның солтүстігін энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған және республиканың энергия тұтынуның 15% қамтиды.
Сонымен, Павлодар өңірі өзінің ескі ғимараттарымен танымал. Павлодар қаласының өзінде Қазақстаннның мәдени орталықтарының біріне айналуға толық мүмкіндіктері бар. Осындай әлеуметтік-экономикалық рекреациялық нысандардың арқасында өңірдің өзіне тән бренді қалыптасуы мүмкін. Ол үшін нысандарды жылжыту бойынша бірқатар шаралары жүзеге асырылуы тиіс.

1.4 Туристік статистикалық көрсеткіштері және инфрақұрылым жағдайы

Қазір Павлодар қаласын шетелдік туристерге қызығушылық танытады деп айтуға болмайтын болар, алайда Қазақстан халқы мен әсіресе Павлодар қаласының тұрғындарына туристік орталық ретінде тартымды болуы әбден мүмкін.
Туризмді дамыту әлеуетін пайдалану өндірген және кешенді түрде ұйымдастырылған турөнімге байланысты. Павлодар облысындағы туризмді дамытудың әлеуетін пайдалану, шығарылған турөнімдер мен оларды кешенді түрде ұйымдастыруға байланысты.
Қазіргі уақытта Павлодар облысының туристік қызмет нарығында туристік іскерлікті жүзеге асыруға лицензиялары бар, шетелдік компаниялармен тығыз бірлесіп ресми түрде жұмыс істейтін 53 турфирма, 45 турагент, және 8 туроператор тіркелген. Оның ішінде Павлодар қаласында - 48, Екібастұз қаласында - 4, Баянауыл ауылында - 1 туристік фирма орналасқан.
Павлодар қаласында "Riviera-tour" агенттігі ЖШС, Пять звезд компаниясы ЖШС, "Идеальный вариант" туристік фирмасы" ЖШС, "Павлодартурист" АҚ сияқты басқа да туристік кәсіпорындар, сондай-ақ Екібастұз қаласында "Таис" туристік фир-масы" ЖШС, "Гранд - тур" туристік агенттігі" ЖШС, "Алые паруса" туристік агенттігі" ЖШС, "Ак нар" компаниясы" ЖШС-нің Екібастұз филиалы бар.
Облыстағы туризм саласындағы кәсіпорындардың 2011-2013 жылдар аралығындағы жұмысында бірқатар өзгерістерді байқауға болады (кесте 1).

Кесте 1.
2011-2013 жж. Павлодар облысының туристік фирмалар жұмысының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіш атауы
2011 ж
2012 ж
2013 ж
1.
Туристік фирмалардың саны
61
56
53
2.
Туристік қызметтін түсетін табыс,
мың теңге
974350
876601
-
3.
Туризм түрлері бойынша келушілерге
қызмет көрсетілді, мың адам
13465
16748
26959
5.
Келуші адам - келу күні
94349
112074
172732
6.
Сатылған жолдамалар құны,
мың теңге
1135830,6
1355359
1970510,9

Қазақстанның 14 облысы ішінде туристерге қызмет көрсету бойынша Павлодар облысы келесі орында:
- ішкі туризм бойынша 8 орында ;
- шығу туризмі бойынша 5 орында;
- келу туризмі бойынша 9 орында.
Шығу және кіру туризмдері өсу беталысын көрсетті, мысалы 2008-2012 жж. шығу туризмі 60,9%, ал кіру туризмі 30,8% өсті. Шығу туризмі бойынша Түркия, Қытай, Литва, Германия, Чех, БАӘ, Ресей, Египет, Тайланд, Грек, Қырғызстан туристердің неғұрлым сұранысқа жоғары елдері болып табылады.
Көрсетілген суреттен Павлодар облысындағы туризмнің үш түрі бойынша 2008-2012 жж. динамикасын байқауға болады (сурет 3).

5589

2560

2552

3482

8082

6152

6181

8284

10298

15770

100006

74184

87855

105467

100421

0
20000
40000
60000
80000
100000
120000
2008
2009
2010
2011
2012
Кіру

Шығу

Ішкі

Сурет 3. 2008-2012 жж. Павлодар облысындағы туризмнің түрлері бойынша туристік фирмалардың келушілерге қызмет көрсету динамикасы.

Сурет 6 мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылғы мәлімет бойынша 124273 адамға қызмет көрсетілді, туризм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризмнің мәні әлеуметтік- экономикалық категория ретінде
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Ресейлік Transaero әуе тасымалдау компаниясы
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Туристік инфрақұрылым
Пәндер