Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында жергілікті бюджеттің әсерін талдау (Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мысалында)


- АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
(ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ МЫСАЛЫНДА)
- ҚР жергілікті бюджеттің қаржылық динамикасын талдау
Қармақшы ауданы - Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Жосалы кенті. Басты өнеркәсібі - ауылшаруашылығы.
Тұрғыны 50, 6 мың адам, аудандағы 28 елді мекен 2 кенттік және 10 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген.
Қармақшы ауданында бюджетті жоспарлау мен көздерге орналастыру аудан әкімшілігі жанындағы «экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тиесілі болса, бөлінген қаражаттардың атқарылуын қадағалау осы әкімшілік жанындағы «қаржы бөлімі» ММ-не тиесілі.
Қармақшы ауданының соңғы үш жылдардағы бюджет шығындары төмендегі кестеде көрсетілген (1-кесте) :
Кесте 1. Қармақшы ауданының 2012-2014 жж. бюджет шығындары, мың теңге
-5. 74%
- %
1-кестенің жалғасы
Қармақшы ауданы өзінің бюджеттік шығындарын 13 функционалдық топ бойынша жүзеге асыратынын жоғарыдағы көрсетілген кестеден байқауға болады. Кестеде ауданның соңғы үш жылдардағы әрбір функционалдық топ бойынша қанша көлемде ақша қаражаттарының бөлінгені нақты көрсетілген. Жыл сайын жалпы шығындар көлемінің ұлғайып жатқанына назар аударайық. Мысалы, 2012 жылы жалпы шығындардың көлемі 5494556 мың теңге болды. Ал 1 жылдан соң шығындардың мөлшері 5889394мың теңгеге дейін жетті. 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 394838 мың теңгеге көп. 2014 жылы шығындардың көлемі 7794819мың теңгеге жетті. Әрине, шығын өскен сайын ауданның жалпы кірістері де көбею үстінде екендігі анық.
Жалпы шығын мөлшеріндегі функционалдық топтың үлесін анықтау үшін төмендегі диаграмманы пайдаланайық, бұл диаграмма тек 2014 жыл бойынша ғана көрсеткіштерді қамтиды (2-сурет) :
Сурет 2. 2013 жылғы жалпы шығын мөлшеріндегі функционалдық топтың үлесі
Ескерту. 1-кесте негізінде автор құрастырған
Жоғарыдағы келтірілген диаграммада 2014 жылы бюджеттен әр түрлі салаларға пайызбен бөлінген мөлшерлері көрсетілген. Аудан бойынша ең көп көңіл бөлінетін сала - білім беру саласы. Аталған салаға 4188084 мың теңге бөлінген, жалпы шығындардың 53, 73% үлесін қамтиды. Екінші орында - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына кеткен ақша қаражаттары тұр. Оған 1517980мың теңге бюджеттен берілген. Алғашқы үштікке әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру енген. Бұл салаға аудан жергілікті бюджеттен 472287мың теңге көлемінде қаражат бөлген.
Кесте 2. Қармақшы ауданының 2012-2014 жж. бюджет кірістері, мың теңге
Қармақшы ауданының бюджетінің кірістер санаты төрт негізгі сыныптан тұрады:
Салықтық түсімдер жергілікті бюджеттің негізгі сыныбы. 2012 жылы салықтық түсімдер көлемі 858594 мың теңгені құраса, 2013 жылы 849464 мың теңге көлемінде болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7, 86%-ға артық. 2014 жылы бұл сынып бойынша қаражат сомасы 806551 мың теңгені көрсеткен, бұл 2013 жылға қарағанда 5, 05%-ға кем.
Салықтық емес түсімдер бойынша 2012 жылы 6450 мың теңге көлемінде болса, 2013 жылы 77170 мың теңгені құраған және соңғы жылғы сома 2012 жылдан 91, 64%-ға артық. 2014 жылы бұл көрсеткіш біршама кеміген, яғни, 23196 мың теңгені құраған. Бұл 2013 жылғы сомадан 69, 94%-ға кем.
Қармақшы ауданы бюджетінде негізгі капиталды сатудан түскен түсім аз мөлшерді құрайды. 2012 жылы 2995 мың теңгені құраса, 2013 жылы 22309 мың теңгені көрсеткен, өсім 86, 57%. 2014 жылы кему сомасы байқалады, яғни, 13476 мың теңгені құраған көрсеткіш өткен жылғыдан 39, 59%-ға аз.
Кірістер санатының ауқымды сыныбы трансферттер саналады. 2012 жылы трансферттер 4503597 мың теңге сомасын көрсеткен. 2013 жылғы көрсеткіш бұл соманың 7, 81%-ға артқанын көрсетеді, сома 4885281 мың теңге. 2014 жылы бұл сома одан әрі ұлғайып, 7014663 мың теңге құрап, 30, 35%-ға артқан.
Барлық кірістер 2012 жылы 5375636 мың теңгені құраған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 5834224 мың теңге сомасын көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 5, 76%-ға артық. 2014 жылы кірістер 7857856 мың теңгеге тең болған. Бұл өткен жылғыдан 25. 75%-ға артық.
Жалпы кіріс мөлшеріндегі сыныптың үлес салмағын анықтау үшін төмендегі диаграмманы пайдаланайық, бұл диаграмма тек 2014 жыл бойынша ғана көрсеткіштерді қамтиды (3-сурет) :
Сурет 3. Қармақшы ауданының 2014 жылғы бюджетінің кірістер үлесі.
Ескерту: 2-кесте негізінде автор құрастырған.
Диаграммада Қармақшы ауданының 2014 жылғы бюджет кіріс санатының сыныптар бойынша үлесі сызылған. Сыныптардың ішіндегі қаражат көлемі жөнінен алдыңғы орында - трансферттер болып саналады. Трансферттердің сомасы 7014663 мың теңгені құраған. Бұл барлық кірістердің 89, 25%-ы. Одан кейінгі орындағы салықтық түсімдер 806551 мың теңге сомасымен 2014 жылғы кірістердің 10, 26%-ын құрайды. Салықтық емес түсімдер бойынша бюджетке 23196 мың теңге келіп түсіп, кірістің 0, 3% бөлшегі тиесілі. Ең аз қаражат негізгі капиталды сатудан келіп түскен. 13476 мың теңге сомасын көрсеткен қаржы кірістің 0, 17%-ын құрайды.
Кіріс сыныбының ішіндегі маңызы жоғары сыныбы салықтық түсімдер болып табылады. Қармақшы ауданы бойынша салықтық түсімдер 3-кестеде баяндалған.
Кесте 3. Қармақшы ауданының 2012-2014 жж. салықтық түсімдері, мың теңге
3-кестенің жалғасы
Салықтық түсімдер ішіндегі табыс салығы бойынша 2012 жылы көлемі 327646 мың теңгені құраса, 2013 жылы 278930 мың теңге көлемінде болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14, 87%-ға кем. 2014 жылы бұл ішкі сынып бойынша қаражат сомасы 270035 мың теңгені көрсеткен, бұл 2013 жылға қарағанда 3, 19%-ға кем.
Әлеуметтік салық бойынша 2012 жылы 186013 мың теңге көлемінде болса, 2013 жылы 199034 мың теңгені құраған және соңғы жылғы сома 2012 жылдан 6, 54%-ға артық. 2014 жылы бұл көрсеткіш кеміген, яғни, 191040 мың теңгені құраған. Бұл 2013 жылғы сомадан 4, 02%-ға кем.
Меншікке салынатын салық бойынша түскен түсім де ауқымды. 2012 жылы 319773 мың теңгені құраса, 2013 жылы 340113 мың теңгені көрсеткен, өсім 5, 98%. 2014 жылы кему сомасы байқалады, яғни, 314224 мың теңгені құраған көрсеткіш өткен жылғыдан 7, 61%-ға аз.
Салықтық түсімдер сыныбының маңызды ішкі сыныбының бірі мүлік салығы саналады. 2012 жылы мүлік салығы 253136 мың теңге сомасын көрсеткен. 2013 жылғы көрсеткіш бұл соманың 0, 78%-ға азайғандығын көрсетеді, сома 251172 мың теңге. 2014 жылы бұл сома одан әрі кеміп, 225450 мың теңге құраған, 10, 24%-ға азайған.
Жер салығы бойынша 2012 жылы көлемі 4210 мың теңгені құраса, 2013 жылы 4888 мың теңге көлемінде болған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13, 87%-ға артық. 2014 жылы бұл ішкі сынып бойынша қаражат сомасы 4980 мың теңгені көрсеткен, бұл 2013 жылға қарағанда 1, 84%-ға өскен.
Көлік салығы бойынша 2012 жылы 62191 мың теңге көлемінде болса, 2013 жылы 83800 мың теңгені құраған және соңғы жылғы сома 2012 жылдан 25, 79%-ға артық. 2014 жылы бұл көрсеткіш кеміген, яғни, 83551 мың теңгені құраған. Бұл 2013 жылғы сомадан 0, 3%-ға кем.
Акциздер бойынша түскен түсім де көп емес. 2012 жылы 6641 мың теңгені құраса, 2013 жылы 6788 мың теңгені көрсеткен, өсім 2, 17%. 2014 жылы кему сомасы байқалады, яғни, 5670 мың теңгені құраған көрсеткіш өткен жылғыдан 16, 47%-ға аз.
Басқа да салықтар ретінде бірыңғай жер салығы, ойын бизнесіне салық, мемлекеттік баж, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар жатқызылды. 2012 жылы 37013 мың теңгені құраған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 47517 мың теңге сомасын көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 22, 11%-ға артық. 2014 жылы басқа да салықтар 129964 мың теңгеге тең болған. Бұл өткен жылғыдан 63, 44%-ға артық.
Жалпы салықтық түсімдер ішіндегі ішкі сыныптың үлес салмағын анықтау үшін төмендегі диаграмманы пайдаланайық, бұл диаграмма тек 2014 жыл бойынша ғана көрсеткіштерді қамтиды (4-сурет) :
Сурет 4. Қармақшы ауданының 2014 жылғы бюджетінің кірістер санатының салықтық түсімдер сыныбының үлес салмағы.
Ескерту: 3-кесте негізінде автор құрастырған.
Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2014 жылы жалпы көлемі 806551 мың теңге көлемінде салықтық түсімдер түсірген. Салықтық түсімдер ішінде ең көлемдісі меншікке салынатын салық болып табылады, ол барлық салықтық түсімдердің 38, 96%-ын құраған. Онан кейінгі орында табыс салығы, 270035 мың теңге сомасында, бұл салықтардың 33, 48%-ы. Үштікті қорытындылаған 225450 мың теңге сомасымен мүлік салығы, оның салықтық түсімдердегі пайыздық үлесі 27, 95%.
Кірістер санатының тағы бір сыныбы салықтық емес түсімдер. Салықтық емес түсімдер жайлы төмендегі кесте айқын көрсетілген:
Кесте 4. Қармақшы ауданы бюджетінің салықтық емес түсімдерінің 2012-2014 жж. динамикасы, мың теңге
Қармақшы ауданы бюджетінің салықтық емес түсімдері ішіндегі мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 2012 жылы 341 мың теңгені құраған, бұл сома 2013 жылы өткен жылғыдан 3132 мың теңгеге дейін және 89, 11%-ға артқан. 2014 жылы мемлекеттік меншіктен түскен кірістер 2218 мың теңгені түзеген, бұл сома 2013 жылға қарағанда 29, 18%-ға кеміген.
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 2012 жылы 331 мың теңгені құраса, 2013 жылы 1738 мың теңгені көрсеткен және 2012 жылға қарағанда 80, 96% артқан. 2014 жылы осы ішкі сынып бойынша түсім сомасы 2184 мың теңгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 20, 42%-ға ұлғайған.
Мемлекеттік бюджеттен берілген несиелер бойынша сыйақылар түсімі 2012 жылы 10 мың теңгені көрсетсе, 2013 жылы бұл сома 1374 мың теңгеге дейін және 99, 27%-ға өскен. 2014 жылы 97, 53%-ға азайып, 34 мың теңгені құраған.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, ҚР ҰБ бюджетінен ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар ішкі сыныбы 2012 жылы қарастырылмаған. Ретінше, 2013 жылы бұл ішкі сынып сомасы 664 мың теңге көрсетсе, 2014 жылы 1685 мың теңгеге және 60, 59%-ға артқан.
2012 жылы өзге де салықтық емес түсімдер сомасы 6109 мың теңгені жуықтаған, 2013 жылы 73374 мың теңгеге және 2012 жылмен салыстырғанда 91, 67%-ға артқан. 2014 жылы бұл ішкі сынып сомасы 19293 теңге құраған. Бұл 2013 жылдан 73, 71%-ға кем.
Салықтық емес түсімдер ішіндегі ішкі сыныптың үлес салмағын анықтау үшін төмендегі диаграмманы пайдаланайық, бұл диаграмма тек 2014 жыл бойынша ғана көрсеткіштерді қамтиды (5-сурет) :
Сурет 5. Қармақшы ауданының 2014 жылғы бюджетінің кірістер санатының салықтық емес түсімдер сыныбының үлес салмағы.
Ескерту: 4-кесте негізінде автор құрастырған.
Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2014 жылы жалпы көлемі 23196 мың теңге көлемінде салықтық емес түсімдер түсірген. Салықтық емес түсімдер ішіндегі мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер барлық салықтық емес түсімдердің 9, 56%-ын, мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 9, 41%-ын, мемлекеттік бюджеттен берілген несиелер бойынша сыйақылар түсімі 0, 15%-ын, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, ҚР ҰБ бюджетінен ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар ішкі сыныбы 7, 26%-ын, өзге де салықтық емес түсімдер 83, 17%-ын құраған.
- Аймақта білім беру саласының қаржыландыру динамикасы
Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Бұл функционалдық топ құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағында басқа да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады.
Қаржыландыру көздері болып республикалық және жергілікті бюджеттер мен бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс-әрекетін қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру мекемелерінің жекеменшік ретінде мемлекет атынан орталық және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады.
Білім беру саласын бюджеттік қаржыландырудың қажеттілігі ең алдымен білім беру қызметтің қоғамдық тауар ретіндегі қасиеттері мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы олардың рөлімен серттеседі. Ал бюджеттен бөлінетін құралдар көлемі тәжірибенің талаптарына сәйкес анықталуы мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік реттеудің қай-қайсысы өз алды бюджеттік қамтамасыз етуге жататын мемлекеттік тапсырыс және натуралды немесе ақшалай түрдегі әлеуметті нормативтер тағайындауды талап етеді. Мысалы, заңнамаларда білім беру жүйесі үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитындар контингентінің саны, мемлекеттік білім беру стандарты, бюджеттік қаржыландыру нормативі сияқты параметрлер болуы тиіс екені анықталған.
Білім беру саласын басқару стратегиясының негізгі бөлігі - ол қаржылық қамтамасыз ету. Бұл мәселені жетілдіру барысында бірнеше мақсаттарды шешу қажеттігі пайда болады, олар - дамудың басымды бағыттарын таңдау, қаржыландырудың жаңа көздерін анықтау және пайдалану, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануының ұйымдық және экономикалық механизмдерін жарату, бюджет құралдарын билеу жөніндегі өкілеттікті дәйекті үлестіру. Республикалық деңгей бойынша қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажетті білім беру дамуының басымды бағыттарын таңдау мақсаты ең алдымен білім берудің әр түрлі деңгейлері бойынша шығындардың арақатынасын анықтауға байланысты [4, 160-165б] .
Білім беру саласында міндетті мемлекеттік кепілдіктер болып табылады:
- Мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білімді беру;
- Мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білімді алу;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте жеке меншік оқу орындарында ақылы білімді алу.
Білім беру - бұл әрбір азаматтың жеке басы мен жеке ерекшелігін дамытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігіне де әсер ететін сала. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудан тұрады.
Мемлекет осы бағыттың маңыздылығын ескере отырып, білім беруге жыл сайынғы бюджеттік қаржы бөлуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім берудің әрбір үлгісі және түрі бойынша бір білім алушыға, тәрбиеленушіге сай есебімен айқындалатын қаржыландыру нормативтерінің негізінде республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру нормативтерінің мөлшері инфляцияның қарқынына сәйкес тұрақты түрде индекстеледі және оны жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң білім беру бағыты бойынша шығыстары төмендегідей ішкі функцияларды жүзеге асырады:
- мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту;
- кешкі (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;
- аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу;
- мектепалды дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;
- балалар үшін қосымша бiлiм беру;
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгілерді қоспағанда, білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет ету;
- оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;
10. ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру;
11. мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;
12. жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер;
13. ведомствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары;
14. білім беру объектілерін салу және реконструкциялау [9] .
Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат қағидаларына тәуелді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы бойынша мына мемлекеттік қағидалар басшылыққа алынады:
1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;
2) әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық, физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3) білім берудің зайырлы сипаты;
4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру үдерісінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі;
6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7) білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11) білім беру жүйесін ақпараттандыру[16] .
Қаржымен қамтамасыз ету - саланы басқару стратегиясының құрамдас бөлігі. Бұл мәселені қарастыру барысында бірнеше міндеттердің шешімін табу қажеттілігі туындайды: дамудың басым бағыттарын іріктеу; қаржыландырудың жаңа дереккөздерін айқындау және пайдалану; бар қорларды тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін жасау; бюджеттік қаражаттарды жұмсау бойынша өкілеттіктерді негізді бөлу. Республикалық деңгейде қаржы қорларымен қамтамасыз етуді қажет ететін білім беру саласын дамытудың басым бағыттарын іріктеу міндеті, ең алдымен білімнің түрлі деңгейлеріне жұмсалатын қаражаттардың арақатынасын анықтаумен байланысты.
Білім беру саласын қаржыландыру жүйесі - бюджеттердің, табыстың басқа дереккөздерінің, сондай-ақ бюджеттік және бюджеттен тыс үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттік қаржыландыру Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуының мемлекеттік кепіл негізі болып табылады. Мемлекет білімнің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары бойынша басымдылығын ескере отырып, білім беру саласына бюджеттен қаржы бөлінуін қамтамасыз етеді.
Білім беру саласындағы мемлекеттік ұйымдардың қаржыландырылуы республикалық және жергілікті бюджет есебінен білім деңгейлері бойынша білімнің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарында және Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған нормалар негізінде бекітілген талаптардың қатаң сақталуы арқылы жүргізіледі [2, 377-378б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz