Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары



Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары

1 Бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары
2. Қазақстан Республикасындағы пайыздық саясатты реттеу

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
“Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” /1, 21б/ атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.
Қазақстан Республикасы (ҚР) егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда ел басымыздың қойған мақсаттарының бірі – қор нарығы және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.
Бағалы қағаз немесе қор нарығының қалыптасуы 1922-1924 ж.ж. ақша ре-формасы кезімен байланысты. Аталған кезеңде халықтың уақытша бос ақша-сын тартудың тағы бір әдісі − заттай және ақшалай облигациялық займдар шығару кеңінен қолданыла бастады. Облигациялар ақшаға сатылып, ал оларды өтеу ақшамен де, астықпен де жүргізіледі. Заттай салықтарды облигацияларын өтеуге болғандықтан, шаруалар облигацияны шын көңілімен сатып алатын.
Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2030», Алматы «Жеті Жарғы» 2005
2. Қ.Қ. Ілиясов, С.Құлпыбаев. «Қаржы». Алматы-2005.
3. А.Г. Көшенова. «Ақша, несие, банк». Көкшетау 2002
4. Ғ.С.Сейітқасымов. «Ақша, несие, банктер». «Экономика», 2001
5. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» // Алматы 2005
6. Сахариев С.С., Сахариева А.С. «Нарық экономикасы»-ІІ бөлім, Астана, Дәнекер-2005.
7. Шеденов Ө.К. «Жалпы экономикалық теория», «А-Полиграфия», Ақтөбе-2004ж.
8. «Бағалы қағаздар нарығы және оның Қазақстандағы рөлі» // Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. Диссертация, 2005
9. Н. Маслимова «Ценные бумаги: по пути эволюционного развития»
// Законотворчество, Казахстанская правда 17 май, 2003 год
10. Д.Х.Шибутов: «Этапы становления и проблемы развития РЦБ в РК.»
// Вестник КазГУ, Серия экономическая №5 (21)
11. Г.Шалгимбаева «История становления Казахстанского РЦБ» // РЦБК 2004 г, декабрь

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары

1 Бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары
2. Қазақстан Республикасындағы пайыздық саясатты реттеу

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

"Ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау, барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" 1, 21б атты бағдарламасын 1997 жылы ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық жоспарында айтып өткен болатын. Бұл бағдарлама Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына және нарықтық экономикада бәсекелі мемлекет атағын алуға алғашқы қадам болып табылады.
Қазақстан Республикасы (ҚР) егемендігін алғаннан бері экономикасы нарықтың өзгермелі процесінде қалыптасып келеді. Мемлекетіміздің пайда болуының алғашқы жылдары қиын жағдайда болғанмен, бүгінде жаңа реформалар, экономиканы тұрақтандыру шараларының алуан түрлілігі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күрделі стратегиялары ұлттық экономиканы алға жетелеуде. Осы орайда ел басымыздың қойған мақсаттарының бірі - қор нарығы және бағалы қағаздар саласын дамыту болып табылады.
Бағалы қағаз немесе қор нарығының қалыптасуы 1922-1924 ж.ж. ақша ре-формасы кезімен байланысты. Аталған кезеңде халықтың уақытша бос ақша-сын тартудың тағы бір әдісі − заттай және ақшалай облигациялық займдар шығару кеңінен қолданыла бастады. Облигациялар ақшаға сатылып, ал оларды өтеу ақшамен де, астықпен де жүргізіледі. Заттай салықтарды облигацияларын өтеуге болғандықтан, шаруалар облигацияны шын көңілімен сатып алатын.
Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жүйесіндегі мәселелерді шешу жолдары

Бағалы қағаздар нарығы механизмі барлық экономикалық субъектілерге қажетті инвестициялық ресурстарды тартуды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсына-ды. Акцияларды шығару кәсіпорынның тіршілік етуінің барлық мерзімінде ресурстарды шектеусіз, мәңгі пайдалануына мүмкіндік береді.Облигацияларды шығару арқылы инвестициялық ресурстарды алуды тиімді түрде қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекет бюджеттік тапшылықты жою үшін ақша белгілерін эмиссиялау емес, бағалы қағаздарды шығаруды қалайды.
Бағалы қағаздар нарығы көптеген елдер үшін әр түрлі қатынастарда қаржы-лық экономикалық өсуі мен ұлттық бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуда маңызды механизм болып табылады.
Қазіpгі таңда бағалы қағаздар нарығы ұлттық шаруашылықтың жоғары дең-гейде дамуы мен халықаралық экономиканың негізі болып табылады. Оның да-му деңгейі кәсіпкерліліктің мәдениеті мен экономикасының дамуынан байқала-ды. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жағдайдың барометрі болып табылады. Бұл нарық еркін ақша қатынастарынан және оған қажеттілігі бар капитал қоғалысына байланысты туындады.
Соңғы жылдар бойы Қазақстанда қаржылық сектордың сандық және сапа-лық дамуының позитивті қағидалары қарастырылуда. Қаржылық ұйымдардың активі мен капиталы жоғарғы қарқында дамуда және олар мемлекет экономи- касын сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығындағы бірінші реттілік нарығы қанша қарқынды даму үстінде болса да, екінші реттілік нарық механизмі артта қалуда. Соның салда-рынан қор нарығының бірінші реттілік нарығы бәсеңдейді. Ресей ғалымдары-ның айтуынша бағалы қағаздар нарығы бағалы қағазға деген қатынасқа байла нысты өседі, алайда соңғы уақыттары осы нарықтың екінші реттілігінің артта қалуынан бағалы қағаздар нарығы толығымен әлсірейді деген сөз.
Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялау уақытында басқа барлық қаржылық секторларға қарағанда бағалы қағаздар нарығы артта қалды. Қор на-рығындағы көптеген мәселелердің шешілмеуінен нарық мүлдем жойылды деп айту қате тұжырым. Себебі, қор нарығы позитивті процесс негізінде дамып отыратын жас, орнықты және перспективалық нарық болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы мемлекетте қаржылық ресурстарды қайта бөлу жүйесінде маңызды роль атқарады, сонымен қатар нарықтық экономиканың қалыпты қалыптасуында маңызы зор. Сондықтан Республика Үкіметі мен басқару органдарына қойылатын талап қор нарығының дамуын белгілі бір ретпен реттеу қарастырылады.
Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуын келесі жолдармен шешуге болады:
oo Бағалы қағаздар нарығының қатысушылар санын көбейту;
oo Бағалы қағаздарды иемденушілердің құқығын тұрақтандыру;
oo Қатысушылар үшін бағалы қағаздар нарығының мөлдірлілік ақпаратын енгізу, яғни бұл арқылы инвесторлар үшін тәуекелділікті төмендетіп, нарыққа жаңа бастау алады;
oo Еркін ақша қатынастарының эффективті мобилизациясын иемденетін инфрақұрылымдық нарықты жетілдіру, бағалы қағаздар үшін сатушы мен сатып алушыларға арналған нарықтың нақты құнын белгілеу, сонымен қатар операция бойынша нарық қатысушыларының шығыстыран дамыту.
Әлемнің барлық мемлекеттері мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы ішкі мемлекеттік қарыздарды және құнды ұстап тұруды реттейді. Қазақстанда бұл нарық заңды түрде ірі институттық инвестор болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы көптеген инвесторлар үшін қаржы қажеттілігін қамтамасыз етуде толыққанды механизм болып табы- лады. 1991 жылдан бастап Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыпта-суына және экономикада нарықтық қатынастардың құрылуына экономикалық қайта құру әсер етті. Қазақстан Республикасында қр нарығы құрылып қана қоймай, сол саланың дамуында белгілі бір жетістіктерге жеткендігі көрінеді. Со-ның негізгілерінің бірі:
─ Бағалы қағаздар нарығында тұрақты жетілген және дамыған техникалық инфрақұрылымның құрылуы;
─ Бағалы қағаздар нарығының заң шығару базасының прогрессивтілігі және ТМД мемлекеттер ішінде оның жоғарғы деңгейде корпоративті басқарылуы;
─ Ірі ішкі институттық нвесторлардың құрылуы және бағалы қағаз портфелін басқару;
─ Корпоративті облигация нарығының потенциялды дамуы.
Бағалы қағадар нарығын жетілдірудің негізгі бағыттары болып келесілер саналады:
oo Қажетті тартымды құралдардың тапшылық мәселелерін шешу;
oo Ішкі институттық инвесторлардың дамуына қажетті мүмкіншілікті құру;
oo Техникалық инфрақұрылымның дамуы;
oo Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының екі деңгейлі жүйесін жетілдіру болып табылады.
Қаржы нарығының, атап айтсақ, бағалы қағаздар нарығын дамытуға арналған Қазақстан Республикасының қаржылық сектор тарапынан 2003-2010 жылдарға арналған дамыту концепциясы белгіленгені барлығымызға белгілі және ол Еуропалық Одақпен стандартты түрде бекітілген.
Қажетті тартымды құралдардың тапшылық мәселелерін шешу. Тартымды құралдар көзіндегі тапшылық мәселелері бағалы қағаздар нарығының бастысы болып табылады. Бұл салада басты институттық инвесторлар зейнетақы актитерін қадағалау. Берілген мәселелер бойынша басты бағыт болып, институт тық тартымды бағалы қағаздарды жоғарлату.
Бұл мақсатқа жету болып корпоративті басқарудың тұрақтылығын қарастыру, құқық қорғау принципте-рін нығайту, акционерлік қоғам саласындағы мәселелердің шешілуі. Қазақстанның қор нарығында ақпаратты жоғарлату мәселелерін шешуде қаржының орталықтанған жүйесі енгізілді. Жақын арада Қазақстандық өндірісте мемлекеттік акциялар пакетін іске асыру бағдарламалары қолдануда.
Ішкі институттық инвесторларды дамыту. Бағалы қағаз нарығының да-муы бағдарламасының бірі инвестициялаудың ұжымдық формасы арқылы нақты экономикаға маманданбаған инвесторлардың жиналу механизмін құру болып табылады. Алайда республика аумағында бағалы қағаздар нарығында маңызды орын алатын ішкі институттық инвесторлар ретінде танылатын сақтандыру орындары толық дамымады. Сақтандыру нарығын дамыта отыра бағалы қағаз нарығы да белгілі бір жетістіктерге жететіндігі анық. Мемлекеттің қоятын шаралары ол қор инвестициясының даму бағытын болжай ды. Осыған байланысты 2003 жылы Инвестициялық қор туралы заң құрылды.
Техникалық инфрақұрылымды жетілдіру. Бұл саланың жетілдіру мәелелерінің бірі болып Қазақстан азаматтарын қажетті қаржылық ұйымдармен қамтамасыз ету. Сол үшін трансфер агенттер желілерін дамыту қажет. Осы салада басты аударатын мәселе болып KASE және Орталық депоиторий қарастырылады.
Бағалы қағаздар нарығын реттеудің екі деңгейлі жүйесін дамыту. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының өзіндік реттеушілік ұйымын дамыту шебінде осы нарықтағы кәсіби қатысушыларының қызметін бақылауды оларға жеке функция ретінде бөлу мүмкіндігі қарастырылады. [15, 35б]
Бағалы қағаздар нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін:
1) бағалы қағаздар нарығының жіктелуін ұлғайту;
2) бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын ролін көбейту;
3) барлық техникалық функцияларды атқаруда бағалы қағаз нарығында трансфер-агенттік желілерді жетілдіру;
4) инвестициялық қорды жетілдіру;
5) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы инсайдерлік келісімшарт туралы заң жобасын қайта өңдеу;
6) бағалы қағаздардың шығарылуына байланысты транзакциондық шығындарды төмендету.
Соңғы он жылдықта дамыған төлем жүйелері бар елдер төлем жүйелерін белсенді түрде реформалауда, бұл елдің қаржы жүйесі мен тұтастай алғанда экономикасында төлем жүйелерінің басты рөл атқаратынын түсінуге және тануға байланысты. Төлем және есеп айырысу жүйелерін реформалау жаңа технологиялардың дамуына, ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізудің тиімділігі және қауіпсіздігі мәселелері маңыздылығының күшеюіне тікелей байланысты. Осы үрдістер Қазақстанға да қатысты. Төлем жүйелері - қаржы секторының асы маңызды саласы. Ұлттық және халықаралық деңгейлерде жылдам технологиялық өзгерістермен, сондай-ақ осы саладағы бәсекелестікпен бірге Ұлттық Банктің саясаты екі деңгейдегі төлем жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қолдауға тұрақты түрде назар аударуға тиіс. Шетел сарапшылары Қазақстанның төлем жүйелері бұрынғы кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі алдыңғы қатарлы төлем жүйесі болып табылатынын бірнеше рет атап айтты. Мысалы, Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) Халықаралық есеп айырысу банкінің төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитет әзірлеген жүйелік мәні бар төлем жүйелеріне қойылатын Басты қағидаттарға сәйкес келеді. Төлем жүйелері жұмыс істеген жылдары Ұлттық Банк төлем жүйелерінің тиімді және тұрақты жұмысын қамтамасыз етті, алайда оларды одан әрі жетілдіру жөніндегі Ұлттық Банктің стратегиясын қалыптастыру, сондай-ақ әлемдік практикадағы соңғы жетістіктерге сәйкес тиісті ақпарат технологиялары мен техникалық жабдықтарды қамтамасыз ету мақсатында төлем жүйелерін дамыту жұмысын жалғастыру қажет.
Дамудың осы кезеңінде Ұлттық Банктен төлем жүйелері қызметінің операторларын, төлем жүйелерін техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету провайдерлерін, сондай-ақ төлем жүйелерін пайдаланушылардың өздерін бақылау және мұқият қадағалау жүргізу жүйесін ұйымдастыру талап етіледі.
Қазіргі кезеңдегі бағалау және төлем жүйелерін қадағалауды ұйымдастыру қажеттілігінің негіздемесі ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкіне жүктелген міндеттердің бірі төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында қазақстандық теңгемен ақша аударымдарын уақтылы және үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қадағалауды ұйымдастырады, сондай-ақ оны жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда төлем жүйелерін қадағалау дамудың бастапқы кезеңінде тұр. Төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйесі пайдаланушыларының жұмыс орнының қауіпсіздігін тексеруді жүзеге асырады. Бұл ретте нормативтік құқықтық база, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ оны төлем жүйелеріне кіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдық іс-шаралар тексеріледі.
Халықаралық терминологияға сәйкес қадағалау - қолданылып жүрген және жоспарланатын тетіктер мониторингі арқылы және өзгерістерді енгізу қажеттілігі кезінде төлем және есеп айырысу жүйелерінің қауіпсіздігі мен тиімділігі мақсаттарына жету жөніндегі Орталық Банктің функциясы. Қазақстан Республикасының заңнамасынан басқа Ұлттық Банкке төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін жасау үшін Халықаралық есеп айырысу банкінің төлем және есеп айырысу жүйелері жөніндегі комитет әзірлеген жүйелік мәні бар төлем жүйелеріне қойылатын Басты қағидаттарға (бұдан әрі - Басты қағидаттар), халықаралық қаржы институттарының ұсынымдарына және шет елдің орталық банктерінің тәжірибесіне негізделуі қажет. Басты қағидаттар барлық елдерде, олардың экономикасы дамыған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қор нарықтардың экономикалық мәні және оларды нарықтық экономикалық қатынастарда мемлететтік реттеу маңыздылығы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қазақстан Республикасының қаржы секторларының негіздерін талдау
Корпоративтік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасындағы банк қызметтері
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері. Бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Пәндер