Кәсіпорынның шаруашылық – қаржылық қызметі. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

  1. Кәсіпорынның шаруашылық - қаржылық қызметінің жалпы сипаттамасы. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы. Есеп саясаты.
  2. Негізгі құралдар есебі
  3. Материалдық емес активтер есебі
  4. Материалдық-өндірістік қорлар есебі
  5. Еңбек және еңбекақы есебі
  6. Өндіріске және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға кеткен шығындар
  7. Дайын өнімдер, тауарлар, істелген жұмыстар, көрсетілген қызметтер және оларды өткізу есебі
  8. Қаржылық нәтижелер мен пайданы қолдану есебі
  9. Ақша қаражаттары есебі
  10. Меншікті капитал есебі
  11. Дебиторлық және кредиторлық берешектер есебі
  12. Кәсіпорынның бухгалтерлік қаржылық есептілігі
  13. Бухгалтерлік қаржылық есептілік мәліметтері бойынша ұйымның қаржылық жағдайын талдау

КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процессін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылыуына, ұйымның нысанына, айырықша сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнән айырықша бағаламауға болмайды.

Нарықтық экономика шарттарында ұйымда бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызы арта түседі. Бухгалтерлік есеп экономиканың әр саласын ақпараттық басқару, болжау және жоспарлау үшін қажет. Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту кезеңін бухгалтерлік есеп шоттарының жаңа үлгісіне көшу және жаңа есептілік нысандарын қабылдау арқылы іске асыруда. Өндірістік қызметті жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымның күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Шаруашылықтың техника - экономика көрсеткіштеріне талдау жасай отырып, онын болашағына болжау жасап, ертеңгі күнге жоспарлар құрылады.

Өндірістік тәжірибенің объектісі болып - «Валеас» ЖШС саналады. «Валеас» ЖШС өзінін шаруашылық қызметін талдай отырып, шаруашылық бағыттарын кеңейтіп, неғұрлым пайдалы болуын қадағалап, алдағы уақытта стратегиялық жоспар құрады.

Өндірістік ұйымдарда оның қаржылық - шаруашылық қызметінің нәтижесі - табысқа қол жеткізу мақсатында өндірістік бағдарламаны орындау, бизнес - жоспарлар құру, өнімнің ассортиментін көбейту, өнімнің сапасын жақсартып, бәсеке қабілетті өнім шығару сияқты шараларды орындауда. Есепке алынған ақпараттардың көмегімен ұйымның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау оның ішкі мүмкіндіктерін айқындап, алдағы уақытқа болжамдар мен жоспарлар жасауға қажетті мәлімметтер береді. Талдау арқылы кәсіпорынның ішкі резервтерін анықтап, шаруашылық-өндірістік қызметті ұйымдастырудың маңызды алғы шарттарын айқындауға болады.

Есеп беруде «Валеас» ЖШС бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібі мен тексеру, аудиторлық тексеру жұмыстарына тоқталып, қаржылық қызметінің барысына талдау жасалды. Экономикалық көрсеткіштері соңғы 2009-2010 жылдар бойынша талданып, қорытындыланып, болжаулар жасалды. «Валеас» ЖШС құрылтайшылары Рахымгалиев Ж. Н., Баймурынов К. Б. Құрылтайшылардың жиналысының директоры Сейтканов К. Б. болып тағайындалған. Өнімдерді өндіру бойынша шұжық, жартылай қақталған және деликатестер болып табылады. Жалпы, бухгалтерлік есеп деректері шаруашылықтың өндірістік қызметінің айнасы іспетті бухгалтерлік есеп мәліметтерін қарай отырып, оның қызметіне баға беріп, шешім қабылдай алуға болады. Бұл жұмыста есеп жағдайы мен шаруашылық қаржыларына түгендеу жүргізілу және экономикалық көрсеткіштерге талдау жасап, шаруашылық қызметті бағалау қарастырылды. Есеп беру барысында алдына келесі міндеттерді қойып, оларды толығымен орындауға тырыстым: ұйым жұмысының ұйымдастырылуымен, жарғысымен, құрлымымен, бухгалтерлік есеп және есеп берушіліктің жүргізілуімен, ұйым төлейтін салықтар және басқа да міндетті төлемдер түрлерімен, оларды есептеу және төлеу әдістерімен танысу жүлгізілді.

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ - ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. ЕСЕП САЯСАТЫ

«Валеас» ЖШС - Шығыс Қазақстан Облысы бойынша шұжық өнімін өндіретін ұйым болып табалды. Кәсіпорынның заңды мекен жайы: Шығыс Қазақстан Облысы, Уржар ауылы. Ал филиалы Семей қаласында орналасқан.

Уржар ауылына өнімді өндірмей, сондай - ақ Аягөз және Талды - Қорған қалаларында өздерінің басқа да кешенді - филиалдары бар. Кәсіпорынның негізгі шикізаты - ет болып табылады.

Кәсіпорынның тарихы 1975 жылы пайда болды, Семей ет комбинат құрамына кіріп, ірі қара және қой өңдеу негізінде эксплуатация құрылған. 1955 жылы Акционерлік Қоғам «Айгерім» Сауда Үйі ірі қара және қой өңдеу жалға алып, сол атымен шұжық өнімдерін өндіре бастаған.

Өндірісте полиамидты және коллагенді термоусадты қабық құрды, ол өнім өткізілуін және оның ұзақ мерзімге сақталуына арналған құрылғы алынды. Өнім стандартқа сәйкес комитетпен қабылданып тауар сертификатталған; өнім тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырды.

Өндірістің негізгі шикізаты шошқа етімен және қара малдың еттері болды. Алынған шикізат ауыл тұрғындарынан сатылып алынатын. Материалдар және қоспалар Ресей және Қазақстан елдерінен сатылып алынады.

Өнім көлемі айына 50 тоннаға дейін жеткен, 30 - ға жуық піскен және жартылай қақталған шұжық түрлері және 15 ұлттық және деликатесті өнімдерді, сонымен қатар: май, субөнімдер, суптық құрамдар барлар шығарыла бастаған. Осы уақытқа дейін оны кәсіпорынды Нурсиленов С. К. басқарған.

Ал 1995 жылы кәсіпорынның жаңа басқарушысы болып Сейтканов К. сайланып, ЖШС «Швабские колбаскиді» ұйымдық - құқықтық формада серіктестіктің атын өзгертті.

1999 - 2000 жылдар аралығында Аягөз және Талды - Қорған қалаларында қоймалар алынып өндірісі кеңейді. Кәсіпорын материалды - техникалық базаларымен қамтамассыздандырылды.

Басқа өндірушілерден қарағанда, өндіріс шұжық өнімдерінің сапасын жақсартып, тұтынушыларға тиімді етіп, барлық стандарттарға сәйкес өнімдерін өндіреді. ЖШС «Валеас» өзінің өндіріс фирмасын жоғары дәрежеде жұмысшылардың білімін, профессионалды сатысын жақсартып, ұстап тұрын сақтауда.

2000 жыл және қазіргі күнге дейін ЖШС «Валеас» тауар айналымын, өнім ассортиментін кеңейтіп, сонымен қатар халықтың сұранысын қанағаттандырып отыр.

Семей қаласындағы филиал 2008 жылдан бастап «Валеас» деген атаққа ие болған болатын.

Қазіргі уақытта кәсіпорын бүкіл аймақ бойынша өзінің өнім өндірісін кеңейтіп басты орын алып отыр. Кәсіпорынның жұмысшылары осы салада көп уақыт бойы істеп келе жатқан адамдар болып келеді. Жалпы алғанда кәсіпорын көптеген өнімнің түрлерінің ассоротиментін шығарып, халықты қанағаттандыруда.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің барлық бөлімдері оргтехникамен, стандартқа сәйкестендірлген, қойма бөлімдері бар және тауарды сақтау, оны жеткізілуі, толығымен қазіргі заманға сай болып келеді.

Кәсіпорынның пайда болуынан, әрдайым өнімдер аттестациядан өткізіліп, жоғары сапалы өнімдерді шығарып, фирма имиджін жоғарлатуда.

Болашақта шығарылған өнім ассортиметін кеңейтіп, дамуын және өзінің жағдайын қатайтып, сонымен қатар қызмет көрсетуін де жақсартып келеді. ЖШС «Валеас» стратегиясы:

  • Ассортименті кеңейтіп, кешенді қызмет көрсетулерді қамтамасыз етіп және тұтынушалардың сұранысын сапалы өніммен қанағаттандыру
  • Жеке тапсырыстарды орындау, өнім бәсекелтігін жоғарлату және нарық өтімділігін зерттеу
  • Тауар желісін қадағалау

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес заңды тұлға болып саналады. «Валеас» ЖШС құрылымы 1-суретте көрсетілген.

Сурет 1 - «Валеас» ЖШС құрылымы

Ұйымның құқығы мен міндеттері мемлекеттік тіркелген уақытынан бастап заңды тұлға болды. Өзінің фирмалық таңбасы, мөрі, қазақша және орысша тілдегі баспасөзі, банк ұймдарында есеп айырысу және валюталық шоттары бар. Кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық формасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып келеді. Яғни кәсіпорын тек өз ішіндегі міндеттемелері бойынша жауапкершілігін тартады. (Қосымша 1)

«Валеас» ЖШС келесі марапаттары бар:

- Алтын медалі - «Қазақстан - 99 азық - түлік нарығы» деген конкурста «Сервалат» шұжығы үшін;

- Алтын медалі - «BUSINESS INITIATIVE DIREGTIONS» «ИСПАНИЯ», 2002 жылғы ұйымның сапасы бойынша халықаралық конкурстағы алған орыны үшін. 2005 жылы «Валеас» ЖШС несиелік ресурстарды банктен тарту үшін Бизнес-жоспарды құрастырды.

1. 1 «Валеас» ЖШС Есептік саясаты

Есептік саясат ұйымда бухгалтерлік есепті жүргізудің ережелерін бекітетін негізгі құжаттарының бірі болып табылады. Есептік саясатты бухгалтер құрастырады, ал кәсіпорынның басшысы өзінің нұсқауымен немесе үкімімен бекітеді.

«Валеас» ЖШС бухгалтерлік есебі жаңа жоспар шоттары бойынша есептейді, яғни төрт сандық жоспар шоты:

1. 2410 - негізгі құралдар

2420 - негізгі құралдар амортизациясы

Негізгі құралдарға 1 жылдан артық құралдар кіреді. Негізгі құралдардың тозуы пропорционалды әдіспен, салық заңнамасымен белгіленген ставкаларына сәйкес ай сайын есептейді.

2. Тауарлы материалдық қорлардың құны анықталады. Директормен бекітілген шартына сәйкес, тауарды шығару және өткізу, шектелген норма негізінде жазылады. Дайын өнім қоймаға есептік құн бойынша кірістеледі, ол директормен бекітіліп, одан кейін өткізуге жіберіледі. Есептік және нақты құн арасындағы ауытқу жеке карточка және өнімнің қалдығы, өткізу негізінде анықталады.

3. Кассалық есеп бухгалтерияға он күн ішінде бір рет жүргізіледі, яғни айына үш есептілік жүргізеді.

4. Тауарды өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс және басқалары бухгалтерлік есеп шоттарының жалпы табысына жатқызылады.

5. Болашақ кезең шығындары календарлы жылдың ағымында бірқалыпты бөлігімен шығарылады.

Шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі бас бухгалтердің басшылығымен жүзеге асырылады. «Валеас» ЖШС бухгалтериясының құрылымы 2 суретте қарастырылған.

Сурет 2 - «Валеас» ЖШС бухгалтериясының құрылымы

Бухгалтерлік есеп туралы жағдайы негізінде міндеттер бөлінген. Кәсіпорынның ақша қаражаттары 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты» шоттарында жүргізіледі. Кассадағы ақша қаражаттары толық кассирдің жауапкершілігінде болады. Кассир директор мен бас бухгалтерге тәуелді. Кассалық есеп он күнде бір рет жасалынады және ол бухгалтерияға өткізіледі. Массалық есептіліктер бас бухгалтермен тексеріледі, яғни мемориальді ордер толтырылады, онда кіріс және шығыс бухгалтерлік есеп шоттарына бөлінеді. Кассир кассалық кітапты жүргізеді және ол кассирда сақталады, ал оның жыртылмалы бөлігі бухгалтерияға беріледі. Ақша қаражаттарының кассаға келіп түсуі кіріс кассалық ордермен құжатталады және ол бас бухгалтермен және кассирдің қол қойылуымен анықталады. Ақша қаражаттарының шығыс кассалық ордерімен құжатталады, оған директор мен бас бухгалтердің қол қойылуымен анықталады. Ақша беру қатаң құжаттарды көрсету бойынша беріледі. Яғни тұлғаны растайтын құжат сомасы жазбаша толтырылады, кассир және алушымен қол қою арқылы расталады. Бұл кәсіпорында ақша қаражаттары алынған өнімді сатып алуышылардан келіп түседі. Жабдықтаушылардан алынған тауарлар, басқа ұйымдарға қызмет көрсету, жұмысшылардың еңбек ақысы, іс сапар шығындарын төлеу үшін ақша қаражаттары кассадан шығындалады. Өнімнің өзіндік құны және өндірістегі шығындарды талдау көздері болып, материалдар және шикізат шығындары бойынша есептер, өнімнің өзіндік құн мәліметтерінің қалькуляциясы табылады. Талдау үшін ақпараттарды жинау кезінде тек бір шешімнің түрі ғана анықталады. Шығындардың пайда болу орны бойынша - цех, бөлім, осы шығындар пайда болуына байланысты. Өнім түрлері бойынша - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын қосатын өндірістік шығындар. Өнімнің өзіндік құнын қосу әдісі бойынша - тікелей өнімнің жеке түрлеріне байланысты, жанама өнім түрлерінің өндірісімен байланысты.

Өнім көлемі бойынша:

Өзгермелі шығындар - өнімді шығару көлемдерінің өзгеруіне байланысты (шикізат, материлдар шығыны, өндіріс қызметкерлерінің еңбек ақысы) .

Тұрақты шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылуға кеткен шығын, негізгі құралдардың амортизациясы, шығын накладнойы) .

Шығын түрлері бойынша - материалдық, еңбек шығыны, еңбек ақы ұсталымдары және тағы басқалары жатады.

Барлық осы көрсеткіштер өндіріс шығын көлемін, өндіріс көлеміне тәуелді шығындардың динамикасын, цехтардың жалпы шығын көлемідерінің түрлері бойынша талдауға мүмкіндік береді.

ЖШС «Валеас» негізгі өнімі - шұжық өнімдері және деликатестер болып табылады. Шұжық өндірісі келесі сатылардан тұрады:

  1. Етті дайындау - ет тоңазытқышқа келіп түседі.
  2. Жартылай фабрикатты дайындау - ет овалды цехқа түседі және олар сүйектегі еттер толығымен алынып, куттерден өткізіледі. Яғни, жоғарғы, бірінші, екінші сапалы фарштарды шығарады.
  3. Дайын жартылай фабрикаттар - шұжық цехына келіп түседі. Мұнда фаршқа керекті қосылғыштар қосылады және шприцовка жасайды, содан кейін шұжық терминалды өңдеуге түседі. Пісірілген шұжықтар термокамерада пісіріледі. Жартылай сүрленген шұжықтар сүрленген және пісірілуден өтеді.

Шұжықтардың өзіндік құны нақты және есептік болады. Есептік құн әр бір шұжық түрлерінің калькуляциясымен анықталады. Калькуляция өзіне барлық шығындарды қосады. Дайын өнім қоймада өзіндік құн есебі бойынша кірістеледі. Ай соңында шұжық түрлері бойынша шығындар нақты шығындармен есептеледі.

Негізгі шығындар:

- Ет

- Қоспалар

- Еңбек ақы

- Жылу электр энергия

- Негізгі құралдардың тозуы

- Үстеме шығындар:

- Шаруашылық шығындар

- Бак зерттеуі бойынша басқа ұйымдардың қызмет көрсетулері

Кезең шығындары:

- Жалпы әкімшілік шығындар

- Өткізу бойынша шығындар

- Банк пайызы бойынша шығындар

Дайын өнім қоймасына өңделген дайын өнім келіп түседі. Мұнда белгіленген ылғалдылық пен кептіру жүреді. Осыдан кейін дайын өнім тапсырыс бойынша сатып алуышыларға жөнелтіледі. Дайын өнімнің келіп түсуі кәсіпорынның ішінде накладноймен құжатталады.

Шұжықтың жөнелтілуі, өнімді өткізу накладнойы және шот - фактурамен құжатталады. Дайын өнім қоймашысы күнделікті бухгалтерияға алғашқы құжаттарды өндіріс цехтарына дайын өнімді қабылдау құжаттарын тапсырады. Ал өзінде өнімнің келіп түсу журналында тіркеледі. Өнімді жіберу қоймашымен жазылып жіберілген накладнойға сәйкес бухгалтерияға өткізіледі. Ай соңында шұжық цехының шебері, шұжық қоймасының қоймашысы өндіріс бойынша бухгалтер араларында сәйкестендіру жүргізіледі.

Өзіндік капитал мен қаржылық есептіліктің есебі. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі 6010 «Өнімдерді өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс» шотында жүргізеді. Есептік жыл ағымында 6010 шотының кредитінде табыс сомасы, яғни дайын өнімді өткізуден түскен табыс жинақталады. Жыл соңында 5610 «Қорытынды пайда» шотында шығарылады.

Әр ай соңында өткізуден түскен табыс және нақты өзіндік құн арасындағы айырма, яғни маржиналды табыс анықталады. Маржиналды табыстан кезең шығындары алынады. Салық салуға дейінгі табыс нәтижелері алынады. Есептілік жылдың соңында заңды тұлға бюджетке таза табыстан корпоративті табыс салығын 30% көлемінде төлейді. Кәсіпорын әр жылдың басында корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлем сомаларын ұсынатын есеп айырысу орны бойынша салық комитетіне есептілігін ұсынады. «Валеас» ЖШС жұмысшыларының есеп беру сомасы 1250 шотында жүргізіледі. Сомалар негізінен малды және етті дайындауға, жұмысшылардың іс - сапар шығындарын, жанар жағар май материалдарды алу қаражаттары және қор бөлімдері ретінде беріледі. Іс - сапар шығындар іс - сапар туралы бұрыққа сәйкес беріледі. Жұмысшылардың есеп беру сомалары бойынша аванстық есеп тапсырады, мұнда алынған соманың көлемі, шығындалған сома, жол ақысының билеті, қонақ үй талоны, тауар чектері көрсетіледі. Аванстық есепті құрағаннан кейін есеп беруші, жұмысшының есебін бухгалтер және директор қол қояды және бухгалтерияға жіберіледі. Бухгалтер барлық құжаттарды, олардың күндерінің дәл келуін, шығындардың жұмсалуын тексереді және одан кейін шығын баптарына cәйкес өткізбелер жазады. «Валеас» ЖШС қаржылық есептілігі квартал сайын жасалынып өткізіледі. Есептіліктің астында қорытынды көрсеткіштер жүйесі қарастырады. Бұнда кәсіпорынның өткен кезеңіндегі қаржы шаруашылық қызмет нәтижелерінің кезеңі көрсетіледі. Жасалынған есептілік жұмысы қорытынды саты болып табылады. Қаржылық есептіліктің мақсаты тұтынушыларға пайдалы ақпараттар беру, есептілік жылдың кезеңіндегі қаржылық жағдайының өзгеруі және қызметінің нәтижелері туралы дұрыс ақпарат беруге ыңғайлы.

Есептілікке ұсынылатын негізгі талаптар болып, кәсіпорынның қызмет нәтижелерінің нақты және объективті көрінісі, барлық көрсеткіштерінің қатаң дұрыс жасалуы, бухгалтерлік және оперативті статистикалық есептілікпен сәйкестігі методологиялық және басқа да жағдайды сақтау. Қаржылық есептілік өзіне бухгалтерлік баланс, қаржылық шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп, ақша қаражаттары туралы есеп және тауарға түсіндірмелі жазбаны қосады. Қаржылық есептілік келесідей көрсеткіштерден тұрады:

Активтер - мүлік, мүліктік және жеке мүліктік емес, субъектінің құқығы. Активта болашақ экономика пайдасы анықталады. Ол өткен кезең мәліметтерінің және басқа да жағдайлардың нәтижесі, соңғы, болашақта күтілетін активтердің өздігінен пайда болуына әкелмейді.

Активтер өнім өндіру үшін және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Активтер физикалық (ғимарат, құрылыстар) немесе ондай формада болмауы мүмкін (лицензия, гудвилл) .

Міндеттемелер - бұл өткен мәміле нәтижелері болып табылады және кредитордың пайдасына, қарызгердің міндеттемесінің пайда болуына әкелуі белгілі бір іс -әрекеттері; қарызды өтеу, тауар және қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ал кредитор қарызгерден міндеттемелердің орындалуын талап етуіне құқылы.

Міндеттемелер субъект келісім шартының қатынасына активтердің алуына немесе активтердің алынғаны кезінде пайда болады.

Меншік капитал - өнім міндеттемелерінің объектілерінің минусы ретінде субъект объектісі болып табылады. Баланстың пассивті құрылымында меншік капиталдың үлес салмағын жоғалуы субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығы туралы айтады.

Қаржылық нәтижелер - бұл есепті кезеңде кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, яғни табыстар мен шығындар арасындағы айырма. Табыстар - бұл кәсіпорынның негізгі және негізгі емес қызмет нәтижелері. Шығындар - өнім өндіру, қызмет көрсетумен байланысты шығындар.

Бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның жылдық есептілігінің негізгі фомасы. Оны құруға дейін аналитикалық есеп мәліметтеріндегі есеп регистрлерінің синтетикалық шоттың барлық мәліметтері бойынша қалдықтары және олардың айналымын міндетті түрде салыстыру болып табылады. Балансты бас кітапта көрсетілген шоттар бойынша қалдықтарына негізделе отырып құрылады.

Қаржы шаруашылық нәтижелері туралы есеп - табыстар мен шығындар туралы шоттың жан - жақты ашатын негізгі форма болып табылады. Есептілік келесі көрсеткіштерді қамтиды:

  • өнімді сатудан түскен табыс
  • өткізілген өнімнің өзіндік құны
  • жалпы табыс
  • кезең шығындары
  • негізгі қызметтен түскен табыстар мен шығындар

«Валеас» ЖШС 100 - ге жуық адам қызмет атқарады. Жұмысқа қабылдау және шығару комбинат директорының бұйрығымен жүзеге асырылады. Кадрлардың ауысуын кадр бойынша инспектор жүргізеді. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылдаушымен жұмысшы арасында жеке еңбек келісім шарты құрылады.

Жеке еңбек келісім шарты - бұл жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы жазбаша түрде жасалынады. Мұнда жұмыс орнына, келісім шартта қызмет ету мерзімі, еңбек режимдеріндегі шарттарды, демалыс, төлем ақылары, еңбекті қорғау, жұмысшының әлеуметтік еңбегі туралы сұрақтарды қамтамасыз ету материалды жауапкершілігі бар екі жақты келісім шарты болып табылады. Еңбек келісім шартын жасау үшін жұмысшының жеке бас күәлігі, еңбек кітапшасы, ТСН, зейнетақы келісім шарты, диплом, жеке әлеуметтік коды туралы күәлік қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерттелген кәсіпорынның есеп саясаты
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы туралы
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz