Абай жолы романындағы антропонимдер



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу
тарихынан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. «Абай жолы» романындағы араб . парсы тілдерінен енген
антропонимдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
3. «Абай жолы» романындағы орыс антропонимдер ... ... ... ... ... ..17
4. Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
5. «Абай жолы» романындағы антропонимдердің жасалу
жолдары. Түбір тұлғалы есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
6. «Абай жолы» романындағы антропонимдердің сөз таптарына
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
7. «Абай жолы» романындағы сан есімдерге байланысты
антропонимдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
8. «Абай жолы» романындағы антропонимдердің мағыналық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

9. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

10. «Абай жолы» романындағы есімдер сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ... 42

11. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды. Бұл пікірімізге мысал етіп Г.Конкашпаев, Н.Баяндин, С.Алиев, Д.Ж.Кармышева т.б ғалымдардың топономикалық атауларға арналған еңбектерін атауға болады. 1955 ж. бастап қазақ антропономикасы ғылыми зерттеудің тұрақты нысанына айналды.
Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды.
Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының құрамын, құрылысын олардың келіп шығу заңдылықтарын, мағыналық ерекшеліктерін т.б. жақтарын лингвистикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді.
Адам аттары, бірінші кезекте, адамның қоғамдағы орнын ажыратып көрсету үшін қойылады. Адам аттары қоғам үшін өте қажет. Олардың қоғамдағы рөліне қалай болса, солай қарауға болмайды. Антропонимдер басқа сөздер сияқты тілдердің заңдылықтарына бағанады, сондықтан тіл жүйесінің негізгі бір бөлімін құрайды және этнография, тарих, социология және құқықпен бірге лингвистикалық байланыста зерттеледі.
Шындығында да, адм аттарын зерттеу арқылы сол халықтың тілінің тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, әлеуметтік жағдайын т.б. сырларын ашуға болады. Осы тұрғыдан алғанда М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы антропонимдерді зерттеудің үлкен маңызы бар. Себебі романдағы адам аттарының құрамында араб-парсы, түркі және монғол тілдеріне ортақ элементтер мен бірге орыс тілінен кірген элементтер ұшырасады.
Эпопеяның тілін зерттеген Е.Жанпейісовтің есептеуінше «Абай жолында» тікелей кейіпкер ретінде қатысқан 450-дей адамның аты кездеседі екен [23;19].
Қазақ антропонимдерінің табиғатын ашу- бүгінгі күнгі қазақ тіл білімінң ең басты мәселелерінің бірі болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1971ж.
2. С. Аманжолов Вопросы диалектология и история казахского языка. Алма-ата, 1959 г.
3. Қ. Жұбанов . Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966 ж.
4. Ә. Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988ж.
5.Е. Бекмұхаметов . Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. Алматы,1977 ж.
6. М. Балақаев. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. Алматы, 1963 ж.
7. Б. Әбілқасымов. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. Алматы,1971 ж.
8. Ә.Әбдірахманов. Қашқари және ономастика мәселелері. « Қазақстан мектебі» № 20, 1971ж. 88-бет.
9. Ә. Әбдірахманов. Топономика-жаңа ғылым саласы. «Қазақстан мектебі» № 2,1978 ж.
10. І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Қазаіргі қазақ тілі / Лек. Фон./ Алматы, 1962ж.
11. Ә. Қайдаров, Ә Мұқатаев. Қазақ эпосындағы жер- су атаулары мен кісі аттары жайында. Алматы, 1986ж.
12. А. Есенқұлов. Көне түркі ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы, 1976ж.
13. Т. Жанұзақов. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы, 1971ж.
14. Ә. Жұбанов. Эпос тілінің өрнектері. Алматы, 1978ж.
15. К. Есбаева. Қазақ есімдері. Алматы, 1988ж.
16. Л.З. Рүстемов. Қазаіргі қазақ тіліндігі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982ж.
17. Ш. Сарыбаев. Қазақ тіл білімі әдебиеттерінің библиографиялық көрсеткіші. Алматы, 1982ж.
18. И.Ұйықбаев. Жер-су атаулары сырына үңілсек. Алматы, 1985ж.
19. Ш. Уалиханов. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1958ж.
20. А. Төлеуов. Сөз таптары.Алматы, 1966ж.
21.Б. Тілеубердиев. Қазақ ономастикасының Лингвогогнитивтік аспектілері. Алматы, 2006 ж.
22.Э.В Севортян. Вопросы теории и истории языка .Москва, 1952.
23.Н.К Дмитриев . Арабские элементы в башкирском языке «Записки коллегии востоковедов »Т.Ү.Москва, 1930.
24. Н.Н Баскаков .Қаракалпакский язык . ІІ-Т.Москва, 1952.
25 Э.Бегматов .Узбек исмлары. Ташкент, 1991.
26.Т. Жанұзақов. Лигнособственные имена в казахском языке. АКД. Алматы, 1960 ж.
27. Т.Жанұзақов. Очерк казахской ономастики. Алма - Ата, 1982 г.
28. Г.Ф. Саттаров. Антропономия татарской АССР. АДД. Казань, 1975.
29. С.А.Садыков. Личные имена в азербайджанском языке. АКД. Баку, 1975.
30. Т.Кусимова. Древнебашкирские антропономы. АКД. Уфа, 1975.
31. А.Г.Шайхулова. Татарские и башкирские личные имена тюрского происхождения. АКД. Москва, 1978 г.
32. О.Т.Сайымбетов. Қарақалпақ тилиндеги меншикли адам атлары. Нөкис, 2000 ж.
33. А.В.Суперанская. Структура имени собственного фонология и морфология. Москва, 1969.
34. К.М. Мусаев. Лексикология тюркских языков. Москва, 1984 г.
35. Е.Бердімұратов. Хэзирги заман Қарақалпақ лексикологиясы. Нөкис, 1968.
36. Қырғыз адам атларының сөздүгү. Фрунзе, 1979 ж.
37. В.А.Никонов. Имя общество. Москва, 1974.
38. М.Әуезовтің "Абай жолы" романының жиілік сөздігі. Алматы. 1979.
39. Е. Жанпейісов. М.Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясының тілі. Алматы, 1976 ж.
40. С.Мырзабеков. Стилистико – лингвистический анализ структуры глаголов современного казахского языка. (по роману М.Ауэзова “Абай жолы”) АКД. Алма – Ата, 1973.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу

тарихынан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 6
2. Абай жолы романындағы араб - парсы тілдерінен енген

антропонимдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .13
3. Абай жолы романындағы орыс антропонимдер ... ... ... ... ... .. 17
4. Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық

құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..21
5. Абай жолы романындағы антропонимдердің жасалу
жолдары. Түбір тұлғалы
есімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
6. Абай жолы романындағы антропонимдердің сөз таптарына

қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..34
7. Абай жолы романындағы сан есімдерге байланысты

антропонимдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .36
8. Абай жолы романындағы антропонимдердің мағыналық

топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 37
9.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 40
10. Абай жолы романындағы есімдер
сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ... 42
11. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 7

Кіріспе

Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін
басталды. Бұл пікірімізге мысал етіп Г.Конкашпаев, Н.Баяндин, С.Алиев,
Д.Ж.Кармышева т.б ғалымдардың топономикалық атауларға арналған еңбектерін
атауға болады. 1955 ж. бастап қазақ антропономикасы ғылыми зерттеудің
тұрақты нысанына айналды.
Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды.
Антропономика - ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының құрамын,
құрылысын олардың келіп шығу заңдылықтарын, мағыналық ерекшеліктерін т.б.
жақтарын лингвистикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді.
Адам аттары, бірінші кезекте, адамның қоғамдағы орнын ажыратып
көрсету үшін қойылады. Адам аттары қоғам үшін өте қажет. Олардың қоғамдағы
рөліне қалай болса, солай қарауға болмайды. Антропонимдер басқа сөздер
сияқты тілдердің заңдылықтарына бағанады, сондықтан тіл жүйесінің негізгі
бір бөлімін құрайды және этнография, тарих, социология және құқықпен бірге
лингвистикалық байланыста зерттеледі.
Шындығында да, адм аттарын зерттеу арқылы сол халықтың тілінің
тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, әлеуметтік жағдайын т.б. сырларын
ашуға болады. Осы тұрғыдан алғанда М.Әуезовтің Абай жолы романындағы
антропонимдерді зерттеудің үлкен маңызы бар. Себебі романдағы адам
аттарының құрамында араб-парсы, түркі және монғол тілдеріне ортақ
элементтер мен бірге орыс тілінен кірген элементтер ұшырасады.
Эпопеяның тілін зерттеген Е.Жанпейісовтің есептеуінше Абай жолында
тікелей кейіпкер ретінде қатысқан 450-дей адамның аты кездеседі екен
[23;19].
Қазақ антропонимдерінің табиғатын ашу- бүгінгі күнгі қазақ тіл
білімінң ең басты мәселелерінің бірі болып саналады.

Зерттеудің нысаны
М. Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясындағы антропонимдер. Олардың
мағыналық топтары, жасалу жолдары, морфологиялық тұлғалары. Қазақ
антропонимдерінің зерттеу тарихына шолу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
- Жұмыстың негізгі мақсаты- М.Әуезовтің Абай жолы романындағы
антропонимдердің құрамын анықтау.
- Қазақ антропонимикасына байланысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу
жасай отырып, романдағы ұшырасатын антропонимдердің топтарын анықтау.
- Романдағы араб-парсы, орыс және жалпы түркілік есімдерді анықтау.
- Романдағы антропонимдердің тұлғаларын талдау.
- Романдағы антропонимдердің мағыналық топтарын көрсету.
- Романдағы антропонимдердің жасалу тәсілдерін көрсету.
- Антропонимдердің қазақ лексикасын мағыналық жақтан баюына қосқан
үлесін көрсету.
- Осы көрсетілгендердің негізінде М.Әуезовтің Абай жолы романы
тілімізді байытудағы рөлін көрсету.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы
- М.Әуезовтің Абай жолы романындағы кісі есімдерінің құрамын
анықтай отырып, олардың қазақ тіліне кіру себептерін анықтау.
- Антропонимдердің лексикалық қорды байытудағы рөлін танып білу.
- Шет тілдерден кірген кісі есімдерінің себептерін танып білу.
- Антропонимдердің тіл тарихына этнографияға байланысты жақтарын
анықтау.
- Антропонидердің халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпына байланысты
жақтарын ашып беру.
- Антропонидердің түркі және монғол тілдеріне ортақ жақтарын ашып
беру.
- Антропонидердің ұлттық табиғатын аша отырып, олардың пайда
болуындағы тарихи жағдайларға шолу жасалады.
Жұмыстың құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан

Қазақ ономастикасы бүгінгі таңда өз нысанын кеңейтіп, өз алдына тіл
ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, біршама жетістіктерге жетті. Қазақ
ономастикасына арналған ғылыми еңбектер саны жағынан да, сапасы жағынан да
өсіп одақтық дәрежедегі зерттеулерге жетіп қалды деп айтуға болады[1].
Қазақ ономастикасының тек қана бүгінгі жайы зерттеліп қоймай, оның
ертедегі орта түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштердегі ономастикадағы
ғалымдардың зерттеу объектісі болды. Бұл жөнінде тілші ғалымдар
А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, Ә.Нұрмағамбетов, Ә. Қайдар. В.У. Махбиров,
А.Ибатов т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады [2; 2-1]
Қазақ тіліндегі Қазақ антропонимикасы Т.Жанұзақовтың еңбектерінде
жан-жақты зерттеліп бірнеше ғылыми мақалалар мен көлемді еңбектердің жарық
көргенін айтсақ болады [3]. Сондай-ақ, қазақ антропонимикасы
Е.Б.Бекмұхаметов, Н.Оңдасынов, Л.З.Рүстемов, Ә.Қайдаров, Ә.Мұқатаева т.б.
ғалымдардың еңбектерінде сөз болды [4].
Тіл ғылымы қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыстану ғылымдармен де
тығыз байланыста өсіп дамып келеді. Осы байланыс айрықша қоғамдық
ғылымдардың ішінде тарих пен этнографияда айрықша тайға таңба басқандай
байқалады. Бұл байланыстың қай дәрежеде екендігі тілдің ономастикасында
айрықша байқалады.
Адам есімдері сан ғасырлар бойы жасап келе жатқандықтан оның
тарихында толып жатқан тіл тарихына қатысты қызықты деректер бар. Егер осы
жағын ескерсек, антропонимияны эерттеудің үлкен ғылыми теориялық мәні бар.
Профессор Телқожа Жанұзақовтың айтуына қарағанда, қазақ тілінде
қолданудан шығып қалған кейбір сөздер Ардақ, Байсал, Ораз, Жора ,Жекен
тек қана антропонимияда сақталып отыр [І; 23]
Антропонимдерде халықтың өткендегі тарихын танып, білуге септігін
тигізетін, сондай-ақ қандай діндерде болғанын мәдени өмірінен мағлұмат
беретін қызықты деректер де жатыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ
антропонимдерінде өзге туыс халықтармен ұқсас та жағы және өзіне тән
характерлі өзгешеліктері бар.
Тілдердегі кісі аттарының шығу төркінін және олардың этимологиясын
зерттеу –тіл білімінің ономастикасы салаларымен тығыз байланысты. Түркі
тілдерінің ономастикасының зерттеу –ғалымдардың еңбектерінде Орта Азия
халықтарында адам аттарының көпшілік жағдайда ұқсас екендігі айтылып жүр.
Бұндай ұқсастықтың болуы заңды нәрсе. Себебі бұл халықтардың әдет-
ғұрып, салт –санасы , күн көрісі өте ұқсас. Сондай-ақ бұлардан басқа да
ономастикадағы ұқсастық бұл халықтардың дінінің де ұқсастығы да болуы
мүмкін. Бізге белгілі қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркмен, қырғыз халықтарын
да жүздеген аттар діни ұғымдармен байланысты.
Түркі халықтарында ат қоюға байланысты түрлі әдет-ғұрыптардың барлығы
байқалады. Мысалы: баласы тұрақтамай өле беретін болса Тұрсын, Тұрды,
Тоқта, Тұрар ат қою немесе қыз туа беретін болса Жаңылсын, бала өле берсе
әртүрлі жаман аттар, айуанаттардың аттарын Арыстан, Итбай,Бөрібасар т.б.
деп ат қою дәстүрі кең етек жайған.Бала аурулы болмау үшін Ұрыбала
,Салақбала деген аттарды қою жағдайлары кездеседі.
Бұндай жағдайлар түркі тілдерінің бәрінде де монғол тілдерінде де
жиі ұшырасатынын Т. Жанұзақовтың Қазақ есімдерінің тарихы. деген
еңбегінен көбірек байқауға болады [І3 ;47 ]
Көркем туындылардағы адам аттары туркологияда В.В.Радлов, В.М.
Жермунскийдің, А.К. Боровковтың; Н.К.Баскаковтың, Ә.Қоңыратбаевтың т.б.
ғалымдардың еңбегінде жиі сөз болған мәселелердің бірі. Кезінде М.Әуезов
эпостағы ономастикалық атауларға байланысты былай деп жазған: Қозы Көрпеш-
Баян сұлу жырында ғибрат беру сарыны күшті. Қаһармандарының бір парасы
жамандықтың үлгісі болса, екінші парасы жақсылықтың үлгісі болып
көрсетіледі. Қатты Қарабай, жауыз Қодар, сұм мыстан, Сасан би, опасыз жеңге-
зұлымдықтың жоқшылары болса, әділеттің жоқшылары. Жырда жауыздық пен
әділет дүниесінің тартысы суреттеледі [2; 158]
Ғалымның осы пікірі біз сөз етіп отырған Абай романындағы
онтропонимдерге байланысты айтуға болады.
Мысалы: Құнанбай, Майбасар, Қаратай, Оразбай, Тәкежан, Әзімбай деген
есімдер романда жауыз қаныбезер, қаталдықты аңғартса, Абай, Әбіш, Ербол,
Дәрмен, Әйгерім дегендер, адамгершіліктің, адалдықтың символы ретінде
елестейді.
Романда 450-ге жуық онтропонимдер кездеседі.
Халық тілдерінің қай саласында болмасын сөздің өзі жалпы және жалқы
есім сөздер болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Жалқы есім антропонимдер тұрғысынан қарағанда фамилия, әке аты, лақап
ат, бүркеншік аттар болып бөлінеді.
Антропономика - ономастиканың бір саласы ретіндегі кісі есімдерін
зерттейтін бөлім.
Орыс тіл білімінде де, түркі тілдерінде де өте ерте кезден бастап- ақ
зерттелген.
Тіл білімінің бұл тарауының орыс тіл білімінде үлкен зерттеу тарихы
барлығы байқалады. Мысалы: орыс ғалымдары М.В.Ломоносов, Я.К. Грот, И.И.
Серезневский т.б. есімдер туралы құнды пікірлер айтқан.
Алғаш орыс есімдерін зерттеген М.Морошкин мен Н.М Тупиков.М.Морошкин
орыс есімдерін хроникалық жоспарда алып қараса,
Н.М.Тупиков орыс есімдерін тек тарихи тұрғыдан қарамай лингвистикалық
тұрғыдан талдау керек деген пікір айтқан,-дейді Т.Жанұзақов[ 3; 47-50]
Соңғы дәуірінде орыс тіл ономастикасының салалары- зоонимия,
астрономия, этнонимия және антропонимика салаларын зерттеу мәселесі жолға
қойылған.
Орыс ғалымдарының игі әсерінен қазақ тіліндегі кісі аттары да
зерттеле бастады.
Жалқы есімдер мен жалпы есімдер туралы соның ішінде қазақ есімдері
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап шыққан. Қазақ есімдерін талдауда В.В.

Бартольд, Ш.Ш. Уалиханов, В.И. Даль, Н.И. Ильминский, А.И. Самойлович
сияқты ғалымдардың еңбектерінде бұл мәселеге көңіл аударылған.
Осы қазақ антропаномикасына алғаш пікір айтып талдау жасаған
профессор Қ. Жұбанов. Оның Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихы
деген еңбегінде антропонимдерге синтаксистік талдау жасаған [3; 49-55].
Біріккен тұлғалы кісі аттарының грамматикалық құрылысының дамуы
тіліміздегі Бүркітбай, Шаянбай, Құнанбай, Асаубай, Асылбай кісі есімдері
мағыналық жағынан бірдей емес. Себебі бай сөзінің мағынасы екі түрлі
жолмен қолданылады. Біріншіден бай сөзінің алдына жалғанатын сөз зат
есім болса, екіншіден бай сөзінің алдына жалғанатын сөз сын есім болып
жалғанады.
Ал түркі тілдеріндегі ономастиканың зерттелу тарихына шолу жасалғанда
ол екі дәуірге бөліп қараған [13;10].
Біріншісі- ертеде жазылған еңбектер, екіншісі -советтік дәуірдегі
еңбектер болып бөлшінген. Бұндай еңбектер-В.В. Радловтың әйгілі Түркі
тайпалары әдебиетінің үлгісі кітабы негізінде жасалған.
Қазақ тілінен бөлек түркі тіліндегі ономастикасын және тарихын,
әдебиеті мен тілін зерттеушілерден: В.А. Гордлевский, А.И. Самойлович
мақалаларында әдет-ғұрып, ырым жайлы жасөспірімдерге ат қою, тәрбиелеу
туралы мәселелері көрсетілген [13;21]
Қазіргі тіліміздегі антропонимдер ХІ-ХҮ ғасырларға тән архитектуралық
ескерткіштерде де кездесетіні айтылып жүр. Сол кездегі есімдер мен қазіргі
романдағы есімдердің арасында айта қоярлықтай ерекшеліктер байқалмайды. Тек
қана олардың айырмашылығы дыбыстық құрылыста екендігінт білеміз.
Сонымен қатар, романдағы жиі айтылатын Мырза сөзінің шығу төркіні
негізінде Мырза- парсының амиразада сөзінің қысқарған түрі.Негізінде ХІХ
ғасырда бұл термин Қырым татарларында атақты семьялардың балаларына
берілген титул болғандығын мысалы: Мирзада яғни ақсұйек әкім ұлы
және де Мырзатай, Мирзахан деген есімдердің бар екенін зерттеуші ғалымдар
толық айтқан болатын [7;192].
Дүние жүзіндегі халықтарының өзіне тән, жеріне әдет-ғұрпына,
шаруашылығына, салт-санасына, дәстүріне байланысты кісі есімдері бар.
Кісі есімдерінің қойылу салты рулық қоғамнан бастап бар екенін
дәлелдеген.Мысалы: Ф.Энгельстің жазғанындай, әрбір рудың белгілі бір
есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа
ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады . Әрбір мүшесінің есімі де оның
қай рудың адамы екендігі дәлелдеген – дейді, Ә.Әбдрахманов[8;106].
Түркі тіліндегі қазақ есімдері ерте кезден бастап-ақ, пайда болғанын және
де есімдеріміздің ішінде ерте замандарда қойылған есімдердің шығып
қалғандары да бар, сонымен қатар кейбіреулері жұрнақ ретінде сақталған
[9;45] . Мысалы: романдағы Байсал, Дәулеткелді, Ораз т.б.
Антропонимдер адамдардың ғасырлар бойы басынан кешірген күн- көріс
жолындағы табиғатпен аңға, құсқа сыйыну, ай мен күнге табыну сияқты
ырмдардың барлығы кісі есімдеріне әсер етеді. Мысалы: осы романдағы
есімдерден Құсбек, Бүркітбай, Қамысбай, Көкше, Торғай т.б. есімдері
жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты қойылған.
Халқымыздың шет елдермен байланыс жасау арқылы тілімізге мыңдаған сөздердің
және басқа тайпалар мен рулардағы кісі есімдері біздің тілімізге енген.
Фольклор халқымыздың көркем әдебиеті мен жазба әдебиетін дамытуда ерекше
орны бар. Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда дамыған. Қазақ
халқының көшпелі тұрмысына төрт түлік мал атауына байланысты есімдер
көбірек ұшырасады. Осы атаулар арқылы жасалған есімдерден Абай
романындағы жиі ұшырасатын құбылыс. Аққозы, Бурақан, Қаратай, Құлайғыр,
Құлыншақ, Құнанбай, Серке т.б. есімдер пікіріміздің дәлелі.
Дүние жүзіндегі халықтардың күн- көріс тіршілігі кейде өзара ұқсас болып
келеді.Осы ұқсастықтар кейде тілде басқа бола тұрса да, туыстық жағынан бір-
бірінен алшақ бола тұрса да антопонимия саласында ұқсастықтар байқалады.
Мысалы, орыс тіліндегі Волков, Бугачев, Беркутов, Соколов,Козлов, Лисицын,
Медведев, Зайцев орыс тілінде болса. Осындай есімдер Абай романында да
ұшырайды .Мысалы: Бөрібасар, Бүркітбай, Құсбек т.б. аттар кездеседі. [13;
24-25].
Осы сияқты есімдер қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркмен
тілдерінде бар екндігі сөзсіз, бұлардың формаларының басқа болғанымен
мағыналарының ұқсастығы көрініп тұр.
Романдағы кейбір есімдер ескі түркі тілдерінде ұшырасады.

Көне түркі тілінде: Абай романында
Акбаш Ақбас
Апа тархан Тархан, Дархан
Ачім Әшім
Бек Бек
Бөке хан Бөке, Бөкей,
Буке
Бури-шад, Бури-хан Бөрі, Бөрібай
Орызбай Оразбай
Бұл келтірілген мысалдар біріншіден ,романдағы есімдердің өте еретеден
барлығын дәлелдесе ,екіншіден түркі тілдерінің туыстығын дәлелдейді.
Қазақ халқы өзге туыс түркі халықтары тәрізді көршілес отырған
халықтармен туысқандық көршілестік қатынаста болған.
Түркі халықтары оның ішінде Орта Азия халықтарының есімдері түрі
жағынан бір-біріне өте ұқсас. Бұл халықтар діни ұғымдар негізінде балаларға
ат қоюда табиғатқа бас ию сияқты әдет-ғұрыпты сақтушылық болған. Мысалы:
Абай романындағы есімдерден Таңшолпан, Құдайберді, Күнту, Күлбадан т.б.
осындай жағдайдан келіп шыққан.
Бұл мәселеге кезінде Ш.Уалиханов былай деп пікір айтқан: Ырым мен
әдет—ғұрып, салт-санаға тән. Мысалы: ұлы жоқ ата-аналар кішкене кезінен
бастап-ақ қыз балаларға Ұлтуған, Ұлболсын деген есімдерді ырым бойынша қою
негізі ұлды қастерлеу, жоғары бағалаудан шықса керек [10;163].
Қазақта ауыз әдебиетімен батырлар есімдеріне байланысты қылып ат қою
себебі: халық қамын ойлау, елін, жерін сүйген батырлардай болсын деген
үмітпен балаларына ат қойған.
Мысалы: Қобылан, Қамбар, Назым, Құртқа, Қарлыға, Төлеген т.б. осындай
есімдерге байланысты Абай романындағы есімдерден: Баян, Қамқа, Қамар,
Манас, Зылиқа, Жамал сияқты есімдер мен халық сенімі арман тілегі, баланың
ұзақ өмір сүруі үшін қойылған аттардан: Мыңжасар, Тұрсын, Жетпіс т.б.
есімдер бар. Бұл есімдерде романда жиі ұшырасады.

“Абай жолы” романындағы араб-парсы тілдерінен енген антропонимдер

Өзінің атын әлемге әйгілі еткен Абай жолы роман –эпопеясын жазуға
М.Әуезов зор шығармашылық әзірлікпен келгені әртараптан-ақ көрінеді.
Абай жолы романының мақсаты ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
ауылындағы тап қайшылығы мен тартысының жайы. Ескі рулық феодалдық засан
көрінісін, үстем таппен езілуші таптың сан қилы қайшылық тартысын біз
Абай романдарынан нағыз табиғи, шыншыл өмірдегідей қалпында оқып білдік.
Абай жолында жазықсыз өлім жазасына кесілген Қодардан бастап. Абай
жолы романындағы тағы бір мәселе боранда жылқымен бірге үсіп өлгені
суреттелген Алтыбай жылқышыға дейінгісінің барлығы ескі қазақ ауылындағы
кедейлер өмірінің жанды суреттері.
Абай жолы романынан біз ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
халқының барлық өкілдерінің: байдың да, кедейдің де, молданың да, тілмаштың
да өмірін танимыз.
Феодалдық заманның қатал өкілдері Құнанбайдың, Майбасардың,
Тәкежанның, Әзімбайдың суық бейнелері көз алдымызға елестейді. Абайдың,
Дәркембайдың, Базаралының, Ерболдың , Тоғжанның, Әйгерімнің әсерлі
суреттері де бар. Осы Абай жолында тұлғалары жоталанып кесек шыққан
бейнелер:Базаралы, Балағаздар да негізінде кедей ауылдың намысын жыртушы
болып көрінеді . Абай жолы романынан небір ғажайып портреттер. Сан қилы
мінездер табиғи көріністер елестейді.
Бізге белгілі Орта Азия және Қазақстан үшін араб тілі мен мәдениеті
өте күшті әсер жасады. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында белгілі бір
топтарды араб-парсы тілдерінен кірген сөздер құрайды. Бұл құбылыс Абай
романында да өз ізін қалдырған.
Романдағы Д і л д а, Ж а м а л, Зе й н е п, З ы л и қ а, П ә к и з ат,
Ә б д і р а х м а н, Ә б у б ә к і р, И с а, А й ш а, Ә ш і м қ о ж а
т.б. есімдер араб иран тілдерінің ауысқан антропонимдер болып табылады.
Ол өзі Д і л д а н ы ң ажарына қатты ырза боп сүйсініп келген.І.183.
Кішкене сары қыз Ж а м а л етегіне бидай басын толтырып келе жатқанына
қарамай, өзгелерді мазақ қып күле бастады.ІІ.184. О с п а н н ы ң бір
ұл, бір қызы-З е й н е п ІІ.35. Айт, шырқа -деп З ы л и қ а сүйсініп
сықылықтап күліп жіберді І.324. О с п а н н ы ң бір ұл, бір қызы Ә у б ә
к і р мен П ә к и з а т ІІ.304.Ә б д і р а х м а н көп уақыт
елге келмеді. Қаладан ауру алып қалмаса деген күдік уайымды кәрі шешелер
күдіктенетін І.105. И с а ашулы болатын. Қысқа ғана жауап қатты
ІІ.17. А й ш а
самауырынды пеш жанына көтеріп қоя салды ІІ.370. Сүгірдің Ә к і м қ о ж
а, Б а л қ о ж а, Н ұ р қ о ж а деген балаларымен өзі боптулағанда.Әуелі
жігітектің жылқысын жиіп аламыз деп бір жасанды І.35. Осы әні біте
бергенде, М ұ х а м е д ж а н жұрттың сұрағанын күтпестен, тамағын кенеп
ап, М ұ қ а н ы ң
домбырасына қол созды І.578. Және қу бастан қуырдақтық ет алды дейтін,
қансүлік Ә б д іл д а болатын І.351. М а х м ұ т деген ноғайдың бес
баласының үшеуі отыр ІІ.138. Ал, Ә м і р болса сол балалардың ішіндегі
әнші, өнерлісі І.330. Ауыз үйде қазанаспа жанында самауыр қойып жатқан Ж
ұ м а ш ырсылдап күліп жатыр ІІ.296. Өздерін түртіп көшіріп жіберу керек-
деді А х м е т ж а н ІІ.192. Ж ұ м а ғ ұ л шапқылап келіп, жігітек
ішіндегі есіктерінің ар жағына сүңгіп-сүңгіп кетті І.59. К ә к і т а й д
ы ң баласы –Ж ә л ел ІІ.544. Е с қ о ж а өз ауылындағы бар үлкендермен
келіп, құданың үлкені Ж а ң а т а й ғ а жабысты І.442. Р а қ ы м ұялып,
шешесін түрткілеп, айтпа болды, қой дегендей шешесіне оралып жүрІІ.174.
М а қ с ұ т өз үйінен білгенін баяндады ІІ.565. Д ә м е ж а н н ы ң
немересі өткір, үлкен қара көзі, таңқы мұрын М ұ р а т өзі көп тыңдайтын
әжесінің әдетінше сөйлейді ІІ.565. Сағал көз, сары жүзді, үлкен қауқа
сақалды қартаң кісі- Ж ұ м а н болатынІІ.23.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес
әртүрлі, фонетикалық өзгерістерге ұшырайтынын білеміз. Сондықтан да
М.Әуезовтің Абай жолы романындағы кездесетін кісі есімдері дәл араб
тіліндегі есімдердей айтылып тұр дей алмаймыз. Бұл келтірілген есімдердің
тек есімдері емес, керек десең буындары да түсіп қалып отыратын жағдайлары
жиі кездеседі. Кісі есімдеріне байланысты фонетикалық құбылыстар,
З.К.Дмитриевтің, Ә. Құрымжановтың, Е.Бекмұхамбетов т.б. Ғалымдардың
еңбектерінде кеңінен талданған.
Біз төменде романдағы кездесетін есімдердің қайсы тілден немесе қайсы
тұлғадан кіргендігіне тоқталып өтейік.
Д і л д а ар. таза алтын, алтын ақша .
Ж а м а л ар. сұлулық, көркемдік.
О с п а н ар. ерлік, батылдық . З ы л и қ а ар. жақын, туыс,
қарындас. Әубәкір - Ә б у ар.туған, әке, б ә к і р-тұңғыш, кіршіксіз
таза.П ә к и з а т ир. Таза, кіршіксіз, аппақ. Ә б д і р а х м а н ар.
Әбдірах- құрметтілік, мейірімділіктің, рахым қылушының құлы А й ш а ар.
Абубәкірдің қызы, Мұхаммедтің әйелінің есімі. М ұ х а м м е д ә и а н
ар. мақталған, мадақталған Ма х м ұ т ар. мақталған, мақтауға тұрарлық
Ә м і р ар. бастық, басқарушы.
Ж ә л е л ар. ұлы, атақты, құрметті Р а қ ы м ар. мейірімді,
шапағатты. М а қ с ұ т ар. мақсат, талап. М ұ р а т ар. мақсат,
тілек, ықылас. Ж ұ м а ш ар. қазына, қымбат бағалы зат.А х м е т ар.
мақтаулы, мақтауға лайықты. Ә б д і л д а ар. құдайдың, Алланың құлы. М
а ғ р и п а ар. білім, мәдениет, сауаттылық, яғни солардың иесі О м а
р ар. өмірлі, ғұмырлы.
М. Әезовтың Абай жолы эпопеясындағы араб-парсы тілдерінен кірген
кісі есімдері бұл айтылғандармен шектелмейді. Бұдан басқа да толып жатқан
есімдер бар.
Мысалы: А с а н, Ү с е н, М ы р з а, Қ а м а р т.б. толып жатқан
есімдер. Бұл есімдердің қай-қайсысын алып қарасақ та тұлғасы мен дыбысталу
жағынан
бірнеше формада өзгеріп қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына біншама
жақындағаны, бейімделгені байқалады.
Семантикалық, морфологиялық өзгерістерден гөрі фонетикалық өзгеріске
түсуі өте актив жиі байқалады. Мысалы: араб тіліндегі сұлулықты,
көркемдікті, әдемілікті білдіретін Х а с е н есімін Т. Жанұзақов мынадай
тұлғада өзгерісін келтірген.
Ү с е н А с а н Қ а с е н Х а с е н Х а с а н Қ ұ с н и
Қ ұ с а й ы н Қ о с ы н ар. [ ІІ; 124 ].
Біздіңше бұндай өзгерістер араб-парсы тілінен енген басқа есімдерге
характерлі деп ойлаймыз.

Абай жолы романындағы орыс антропонимдері

Қазақ тілі сөздік құрамында көптеген орыс тілінен енген сөздер сөздік
құрамның едәуір бөлігін құрайды.Мұның алғашқы дәуірі ХҮІІ ғасырдан
басталады да алғашқы сөздер сауда –саттыққа, шаруашылыққа байланысты болып
келеді де, кейін ХІХ ғ. Екінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосылуына
байланысты бұл процесс күшейе түседі.
1861 жылы крепостнойлық праводан азаттық алған орыстар Қазақстан
территориясына лек-легімен ығыса бастайды.Қала берсе орыстың алдыңғы
қатарлы демократиялық идеялы адамдары қазақ жеріне аударылды. Қазақ
еліндегі мұндай әлеуметтік құбылыстар романда кең және жан-жақты
суреттелген. Осыған байланысты романда толып жатқан орыс есімдері өте көп.
Бірінші топта жиі кездесетін, айтылатын есімдер орыстың классик
ақындарының есімдері.
П у ш к и н, Л е р м о н т о в, К р ы л о в, Т о л с т о й, Ч е р н ы
ш е в с к и й, Г е р ц е н, Б е л и н с к и й .
Екінші топтағы есімдер- халық бұқарасының есімдері – Е в г е н и й, П
е т р о в и ч, С т е п н о й, М и х а й л о в, А н д р е е в, М а р и я, М
и х а й л о в а, К а р а к о з о в, Ж е л я б о в, П е р о в с к а я, Д о м
н а, Ф а д е е в н а, М а р к о в,И в а н о в и ч, С т а н о в, А ф а н а
с ь е в и ч , С е р г е й, С а в е л ь е в, А л е к с а н д р а Я к о в л
е в н а, М и т р и й , С и м о н, Д е в я т к и н, З а х а р, М а р ф а, Л
е в Н и к о л а е в и ч, А н н а М и т р о ф а н о в н а, Ж е л я б о в,
С о ф ь я П е р о в ск а я И ш ю т и н.
Үшінші топтағы есімдер- орыс халқынан шыққан үстем тап өкілдері –Л о с
о в с к и й, К а з а н ц е в, Н и к и ф о р о в, Х а м у т ов ,С о й к и н
, К о ш к и н, Л о р и с М е т к о в т.б.
Абай романдағы орыс есімдеріне байланысты мынадай жағдайларды
ескеру қажет.Біріншіден, романдағы әңгімеленген дәуір қазақ тіліне орыс
тілінің енді ғана ене бастаған дәуірі. Онда да ауыз екі сөйлеу тілі
арқылы. Бұл дәуірдегі тайға таңба бастағандай көрініп тұратын. Ал араб-
парсы тілінен енген есімдерге бұны айтуға болмайды. Олардың сіңіскені
сондай оларды ажырату үшін этимологиялық талдау қажет. Қазақтың байырғы өз
сөзіндей болып кеткендей.
Лосовский әмірінен соң, үй іші аз уақыт жым-жырт едіІ;397.
Ширатылған ұзын қоңыр мұрты бар, биік бойлы суық қабақты қара сұр ояз
Кошкин ақыра тергеу жасап отырІ;395.Х о м у т о в есікте тұрды да қатқыл,
суық үнмен хабар етті І;402. Михайловтың Абайға берген бұл кеңесі енді
іштесіп келген достықтың айғағы І;426. Е в г е н и й П е т р о в и ч
шынымды айтайын мен адам баласының білім қазынасында мұсылманшылық халі өзі
бір бөлек жатқан жалғасы жоқ дүние деп ұғушы едім І;426. Д а й н а шешей
өзінің ашулы әңгімесін, Абайды ауыз бөлмеде тоқтатып ап, айтып тұр І;
499. Ол ұрысып тұрған околотканың қарт жандармы – С е л а н т и й
І;499. Өзін емес, жаңа мына көрші қатын С и д о р и х а н ы көрдім
І;500. Жиырма жылқының ұзын ырғасын К а з а н ц е в к е бір өзі
өткізіпті дейді.І;522. Начальник Н и к иф о р о в т ы қазір билер
старшиндер қоршап алған, елпек қағып күтіп жатыр ІІ;122. С о й к и н
Оспанды оңаша шақыртып алып, қатты қысқанды ІІ; 131. Да р и я өзге
әйелдер атынан қазақ әйелдерімен еркін сөйлесті ІІ; 186. А ф а н а с ь е
в и я ч т і ң атын сұрап оны Апанас қойған ІІ; 186,188. Балуанкеуде
сары мұрттысы Ф е д о р, екіншісі, кішілеу денелі, өткір шүңірек көк
көзді шал С е р г е й ІІ;186. Балуан денелі Ф е к л а қатқыл үнмен кесіп
сөйлейді ІІ;187. С а ш а қалыңдықтар ішінде ерен жолы бар өзгеше
ІІ;206. Бұл қазақшаға жүйрік Семейдің сағатшысы С а в е л ь е в екен
ІІ;279. Мына науқас басталғалы А л е к с а н д р а Я к о в л е в а н ы
осы бір больницасына ауыстырған екен ІІ; 302. Осында жүретін М е т р е
й мен С и м о н деген екі охотшы бар ғо й ІІ;347. Орта бойлы жұқалау
денелі, шоқша сақал, үлкен мұртты ісшіл, ширақ адам болатын ІІ;347.
Қоңыр шаш сәл жирен шоқша сақалды фельдшер Д е в я т к и н 35 жастар
шамасындағы адам. З а х а р И в а н о в и ч т і ң әйелі М а р ф а Л а
з а р е т т і ң барлық Алматы қаласы білген қадірлі дәрігер – доқтор Ф и д
л е р д і ң өзі ІІ;424. Мейірімді Л е в Н и к о л а е в и ч соншалық
биязы Әбішті ренжіте алмайды ІІ;425 . Павловтың сұрақтары қазақтың
еңбек иесі қалың халқының қамын жеген қамқор достың білімін білдіреді
ІІ;230. П у ш к и н н і ң өмірін , өлімін қысқа баян етіп берді І,380.
Семіз көк көз бәйбіше А н н а М и т р о ф а н о в н а ІІ;235.Орыс
халқының шын зары мен арманды жанын танытқан Н е к р а с о в көкейімнен
кетпей отыр ІІ,291. Бүгінгі Россиядағы азатшылдық күресі Ч е р н ы ш е в
с к и й жолынан да ілгері кетті ІІ,218. Өз заманының ауырпалығына
қарсы жаңа жол танытқан Г е р ц е н ІІ;218 . Сыртқы істер министрі
стац – секретары
Г и р ц мәлім еткен .ІІ;667. Ішкі істер министрі генерал адьютант
граф
Л о р и с – М е н и к о в І;667.
Сол күні Петербургте С е м е н о в с к и й плацда дарға асылған
Ж е л я б о в туралы және орыс қызынан щыққан қаһарманы С о ф ь я П е р
о в с к ая туралы әзірше естіген хабарын білдірді І.ІІ;672. Ал,
артынан ұсталған немере ағасы , басшысы И ш ю т и н І.ІІ;676. Патша
күймеден түсе бергенде атып тұрып жүргізе алмаған К а р а к о з о в т ы
Абай , Неткен жолсыз сорлы еді деген І.ІІ;674.А л е к с е й Т о л с т
о й д ы ң Князь Серебряный деген ромоны болатын ІІ.733. Менің
алғаш дос тұтқаным Л е р м о н т о в не көрмеген І;282. Халықшыл М и х а
л и с деген кісімен таныс болады ІІ;171.
Түркі тілдерінде соның ішінде қазақ тіліндегі орыс тілінен кірген
сөздерді тұрмыс қажетіне қатысты сөздер деп әкімшілік ел басқарушылық
сөздер деп ғылым мен мәдениетке қатысты сөздер деп тақырыпқа бөліп қарау
дәстүрі бар .
Ал , біз Абай романынан кездесетін антропонимдерді бұлай деп
бөліп қарай алмаймыз.
Тек қана жоғарыдағыдай көрсеткеніміздей алдыңғы қатарлы орыс
интелегенттері халық бұқарасының өкілдері , үстем тап өкілдері деп топқа
бөліп қараумен шектелдік . Бұл есімдердің этимологиясымен формологиялық
тұлғаларын анықтау біздің міндетімізге жатпайды деп ойлаймыз.
М.Әуезовтің Абай жолы романындағы орыс антропонимдерінің байланысты
мынадай нәрселерді жөндеп ескереміз .Романдағы орыс есімдері қазақ тілінің
дыбыстық жүйесіне байланысты орыс тіліндегі А ф а н а с т и ч т і
Апанасдеп атауы ,П у ш к и н д і Пошкин ,сары майор дегенді
сырмайыратауы , Д а р ь я н ы Жария деп қою сияқты құбылыстар бар.
Орыс есімдерінің қазақ есімдеріне айналу дәуірі Абай замандарынан
басталып ХІХ ғ. екінші жартысынан басталып бүгінгі күнге дейін бірде
толастаған жоқ .Әрине, бұл дәстүр халықтарды бір-бірімен жақындастыратын
игілікті дәстүр.

Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық құрылысы

Жалқы есімдердің марфологиялық құрылысын Лингвистикалық бағдарда
зерттеу өзекті мәселелердің бірінен болып саналады. Сондықтан да адам
аттарының грамматикалық құрылысы бірқатар тілші ғалымдардың ғылыми
еңбектерінде әр түрлі тілдердің материалдарында ашып көрсетілген.
Э. Бегматов өзбек тіліндегі жалқы есімдерді марфологиялық құрылысы
бойынша дара, күрделі және қысқарған жалқы есімдер,- деп үшке бөледі [25;
120-125]. Ол өзбек тіліндегі жалқы есімдерді морфологиялық, лексикалық,
синтаксистік тәсілдерден жасалатыны дәлелді мысалдар арқылы сипаттаған.
Т. Жанұзақов өзінің кандидаттық диссертациясында жалқы есімдерді
грамматикалық құрылысына қарай түбір және туынды тұлғалы деп екіге бөліп
қараса [26; 14-14]. Кейінгі еңбектерінде дара, туында және біріккен тұлғалы
жалқы есімдер- деп үшке бөліп қарайды [13; 129-133]. Татар ғалымы Г.
Саттаров татар тіліндегі жалқы есімдерді құрылысына қарай етістіктерден
және зат есімдерден жасалғандар деп екі топқа бөліп қарайды да, татарша
есімдерді фонетика-морфологиялық жүйесіне және диалектілік ерешеліктеріне
жан-жақты лингвистикалық талдау жасалған [28; 20-44].
Азербайжан тіліндегі антропонимдерді зерттеген ғалым З. Садықов
азербайжан жалқы есімдерін түбір, туынды және күрделі деп үшке бөліп
қарайды. Олардың морфологиялық, лексикалық және семмантикалық жасалу
тәсілдерін ашып көрсеткен[29; 20-28].
Түркі тілдеріндегі кісі есімдерінің құрылысы бойынша осындай пікірлер
Т. Кусимова [30], А. Шайхулова[31], В.У. Махпиров [32], О. Сайымбетов
[33] еңбектерінде ұшырасады.
Шындығында да қайсыбір тілдегі адама аттары жүйесін алып қарасақ та,
құрылысы жағынан жай және күрделі болып келеді. А.В. Суперанская әр түрлі
үнді- европа тілдеріндегі есімдерді құрылысы жағынан күрделі және
апелятивтік болады деп анықтайды. [34; 63].
К.Мусаев түркі тілдеріндегі антропонимдер құрамы жағынан дара және
күрделі болып келетінін қарастырады [35;219]. Дүние жүзіндегі тілдерде
есімдер грамматикалық құрылысы жағынан осындай бірдей классификацияға ие
болғанымен,әрбір тілдегі кісі аттары сол тілдің ішкі заңдылықтарына
бағынады .
Орта Азия халықтарымен қазақ халқы ортақ қолданылатын есімдердің
өзіндік тарихы мен алуан түрлі сыры бар.
Қазақ тіліндегі есімдер тарихының құрылысы мен құрамына тарихи
тұрғыдан кең түрде толық пікір келтірген ғалым .проф.Т.Жанұзақов [13;31-
37].
Проф.Т.Жанұзақов ,С.Е Малов ,И.А Батманов А.Н Кононов ,В.В Радлов
айтқан пікірлерге сүиене отырып , қазақ есімдерінің шығу тегін Ү-Х
ғасырлардан бастап пайда болғанын дәлелдейтін фактілерді келтіреді .
Жалқы есімдерде ,оның ішінде антропонимдерде қазақ тілінің сөздік
құрамы мен грамматикалық құрылысының сөз жасау ,өзгерту тәсілінің ізі бар
екені көрінеді. Сөз жасау, өзгерту тәсілдері, сөз жоқ, тілдің грамматикалық
құрылысының ерекшелігіне байланысты.
Қазақ антропонимдерінің жасалуы негізінен тілдік заңдылыққа, оның
нормасына сай бағынады. Антропонимдер бірнеше жолмен жасалады. Олардың
ішінде дара тұлғадан жасалу амалдары бар. Бұл ежелден белгілі қалыптасқан
тәсіл. Дара тұлғаға қосымшалар қосу арқылы жаңа мағыналы есім жасалады. Оны
тума ат деп атаймыз. Мысалы: Тілек деген антропонимге қосымша қосу арқылы
жаңа тұлғалы антропоним жасалады. Антропонимдердің жасалуындағы өнімді
жолдың бірі- екі сөзден біріктіріп жасалған кісі аттары. Мұндай
антропонимдік типке тән арқау сөздер, көбіне, ақ, сары, бай, бек, хан,
болат, тас, жан сияқты компонеттер. Антропонимдердің түрленіп,
тұлғаларының өзгеріп отыруында аффикстердің рөлі зор.
Кішірейткіш яки еркелету жұрнақтары арқылы абревиатуралық немесе
деминутивтік есімдер жасалады. Осы антропонимдік аффикстер арқылы шет елден
енген есімдердің өзі жаңа өң, келбет алып жасалып отырады. Аффикстік тәсіл
арқылы үстеу, сын есімдік антрополексималар жасалады. Мысалы: Асаншылап,
Асандай, Асаншы, Асансынды т.б.
Антропоноимдер тілдегі жалпы есім сөздерден жасалады. Сондықтан да
олардың басым көпшілігінің мағынасы айқын, ашық тұрады. Осындай
антропонимдерді мәнді антропоним деп атаймыз. Осының керісінше жалқы
есімдер (антропонимдер) жалпы есімге ауысады. Мысалы: шығанақшы, жақаевшы
т.б. Антропономдер қосымша қосу арқылы грамматикалық мағынаға ие болады.
Мысалы: Мақыш, Сәрсен, Омарлар келе жатыр. Асандар жұмыс істейді. Мұндағы
көптік жалғау арқылы ол адамдардың өздерінен басқа да жолдастары барын
білеміз.
Антропонимдер топонимдерден, сондай-ақ этнонимдерден де жасалады.

Профессор Т. Жанұзақов қазақ тіліндегі антропонимдерді тұлғасына қарай
үш түрге бөліп қарайды, және оларды төмендегідей мысалдармен дәлелдейді.
[13;131-133].
Профессор Т. Жанұзақов қазақ тіліндегі дара тұлғалы кісі есімдеріне
төмендегідей мысал келтіре отырып, өте нанымды етіп дәлелдейді. Сонымен
қатар ол есімдердің шығу тегіне де этимологиялық талдау жасайды. Жасалу
жағына және тұлғасына қарай, қазақ тіліндегі кісі аттары өте ерте заманнан-
ақ түбір және күрделі тұлғалы болып келеді. Қазақ тіліндегі басқа сөздер
тәрізді жеке тұрып түпкі мағынаны бере алатын да, бере алмайтын да кісі
аттары бар .Ондай кісі аттарын бөлуге, яки бөлшектеп айтуға болмайды.
Өйткені, олар тұтасқан дара түбірден тұрады. Ондай кісі аттары, негізінде,
жалпы есімдерден жасалады. Мысалы: Дос, Нұр, Сая, Сәт, Тана, Шал, Өмір,
Ырыс, Бәтес т.б.
Егерде осы айтылған кісі аттарын буынға бөліп немесе бөлшектеп
қарасақ: (Са-я, С-а-я, Д-о-с т.б.), бұлардан еш нәрсені түсінбес едік те,
мәнде шықпас еді. Олай болса, түбір тұлғалы кісі аттары, көбіне, төл сөзден
жасалып, орнықты болып келеді. Ана тіліміздің байырғы сөздерден жасалған
түбір тұлғалы кісі аттары өте көп. Мысалы: Асыл, Алма, Асқар, Асау, Арай,
Бақыт, Серік, Есет, Жібек, Күміс, Сәуле, Шекер т.б.
Осылармен қатар, басқа да тілдерден енген түбір тұлғалы аттар бар.
Олар қазақ тіліне сіңісіп оның заңына бағынып, төл атауымызға айналып отыр.
Мысалы: Асан(ир.жеңіл,оңай),Дидар(ир.түр,өң ,жүз, шырай), Дихан (ир. Ауыл
старостасы, егінші, шаруа), Жомарт(ир. ақкөңіл, кең пейіл, мырза, қолы ашық
адам), Қатифа (ар. барқыт), Қырмызы (ир. ашық қызыл түс) Мұқым (ар,
тұрақты, мықты) Көдек (ир. бала, сәби), Манап (ар. орынбасар), Маржан
(өмір, жан) [13;130].
Профессор Т. Жанұзақов аффикстер арқылы жасалған кісі есімдерін туынды
антропонимдер деп санайды. Туынды есімдерді жасайтын жұрнақтарды өлі және
тірі жұрнақтар деп екіге бөліп өлі жұрнақтармен жасалған есімдерге
төмендегідей мысал келтіреді.
Тіліміздегі басқа да сөздер сияқты антропонимдер де қосымшалар қосылу
арқылы туынды тұлғалы болып келеді. Ондай жолмен жасалған есімдер өте көп.
Сондықтан, бұндай тәсілмен жасалғандарды тума ат деп атауға болады.Бір
түбірден болмаса бір негізден өрбіген антропонимдерді көрсетеді [13;132].
Ер компонентінің қосылуы арқылы жасалған антропонимдер: Еркін, Ерлен,
Ерлан, Ерден, Ерлік, Ерміш т.б. Антропонимдік қосымшаларды екі жікке (өлі
және тірі жұрнақ деп) бөлуге болады. Мысалы: Ерміш, Жармыш, Тілеміс,
Жасамыс, Өтеміс, Малсақ сияқты антропонимдегілер көне жұрнақтар. Бұлар
қазіргі тіліміздегі сөздерге жалғана бермейді. Тірі жұрнақтар бір сөз
табына тән сөздерден, екінші сөз табына жататын сөздерді және
антропонимдерді жасайды. Ол жұрнақтардың атқаратын қызметі, өзіне тән
мағыналары тән. Мысалы: -лан жұрнағы зат есімнен етістік тудырады да зат
есімге айналады. Мысалы: Нұрлан, Ерлан, Ербосын т.б. – лы, -лі, -ды, - ті
жұрнақтары зат есімнен сын есім туғызып, қайтадан субстантивтенеді. –Лық
жұрнағы есім сөзге жалғасып, зат есім тұлғалы сөз тудырады. Мысалы: игілік,
жақсылық, аналық, аталық, сағындық, сүйіндік т.б. Бұл сөздерден қайтадан
антропонимдер жасалады.
Сонымен, қатар туынды тұлғалы антропонимдер негізінен аффикстік жол
арқылы жасалатыны байқалады.
Ғалым біріккен тұлғалы есімдерге түрколог Е.В. Севортян т.б. тәрізді
ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып төмендегідей қорытындыға келеді.
Қазақ тілінде сөз тудырудың, жаңа сөз жасаудың бір амалы екі түбірді
біріктіріп айту. Бір сөзді екінші сөзге біріктіріп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Ономастика және әдеби ономастика
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз
І.есенберлиннің “көшпенділер” романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні
Қазақтың тұрмыстық болмыстарының аудармасы
Мәтін - диплом жұмысының күрделі әрі маңызды бөлігі
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Пәндер