5в050700 «Менеджмент» мамандығы 1-курс студенттері үшін іс-тәжірибеден өту туралы есебі



I. «Жоғары оқу орнында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері».
II. «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультеті:
1. Менеджмент және маркетинг кафедрасы
2. Менеджмент және маркетинг кафедрасы ғылыми бағыттары
3. Кафедра.факультет салауатты өмір салтын ұстанады
III. Менеджмент мамандығын оқып үйренуде ұсынылатын әдебиеттер
IV. Қорытынды
«Жоғары оқу орнында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» жайлы жазар болсақ ең бірінші Университет тарихына тоқталған жөн болар.Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды.
1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.
1954-1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті.1970 университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65кафедра болды.1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмұханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою
Негізгі әдебиет:
1. Сейдахметов А.С. Елшибекова К.Ж. Предпринимательство А, «Экономика»-2010.
2. М.Г.Лапуста Предпринимательство. М. 2008.
3. Организация предпринимательской деятельности. Под ред. А.С.Пелиха, М.2004..
4. Н.Н.Шаш Бизнес-план Учеб. Пособие /Под ред. А.В.Касьянова., 2007.
5. Горфинкель В.Я. Предпринимательство. – М.:ЮНИТИ, 2004.Материал для

Қосымша әдебиет:
1. Пейли Н. Успешный бизнес-план. От стратегических целей к плану действий на один год.
2. М.,2007.
3. Кемпбелл К. Венчурный бизнес: новые подходы. М., 2004.
4. Петрунин Ю.Ю. Борисов В.К. Этика бизнеса., 2008.
5. Мировая экономика и международный бизнес. Учебник по ред. В.В.Полякова.М., 2005.
6. Шевченко В.В. Перспективы развития кооперации в Казахстане.. А., 2007..
7. Лапыгин Ю.Н. и др. Бизнес-план: стратегия и тактика развития компании: практ.пособие – М.: «Омега-Л», 2007. – 350 с.
8. Купешова С.Т. Учебное пособие Инновационный менеджмент. Алматы Казак Университеті, 2011. - 160 с.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Менеджмент және маркетинг кафедрасы

өту туралы
ЕСЕБІ

Экономика және бизнес жоғары мектебі
курс студенті

(аты-жөні)
мамандығы
Университеттен бекітілген тәжірибе жетекшісі

(қызметі) (қолы) (аты-жөні)
2015 ж.

Кәсіпорыннан (ұйымнан) бекітілген тәжірибе жетекшісі

(қызметі) (қолы) (аты-жөні)
2015 ж.

Алматы 2015 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Менеджмент және маркетинг кафедрасы

5в050700 Менеджмент бағыты бойынша бакалаврда оқитын 1-курс студенттері үшін жеке тапсырма

Студенттің аты-жөні

Келесі пәндер бойынша іздеу, іріктеу және кәсіби қызметі туралы әдебиеттермен шолу жасау:
1. Менеджмент
2. Бизнесті ұйымдастыру
3. Инновациялық менеджмент
4. Персоналды басқару
5. Стратегиялық менеджмент

Тәжірибе жетекшісі Джулаева А.М.

Менеджмент және маркетинг кафедрасының
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

(берілген кезі)

Алматы 2015 ж.
КІРІСПЕ
I. Жоғары оқу орнында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері.
II. Экономика және бизнес жоғары мектебі факультеті:
1. Менеджмент және маркетинг кафедрасы
2. Менеджмент және маркетинг кафедрасы ғылыми бағыттары
3. Кафедра-факультет салауатты өмір салтын ұстанады
III. Менеджмент мамандығын оқып үйренуде ұсынылатын әдебиеттер
IV. Қорытынды

Мақсаты: Ішкі университеттік тұрғыда өтіліп жатқан оқу тәжірибелік сабақтарында студенттердің бір жылдық білімін тәжірибеде қолдану, кафедралық, университеттік тарихты зерттеу,кафедра құрылымын білу, үйрену,кафедраның факультеттегі қызметін ұғыну.

Міндеті: Бұл оқу тәжірибесінің міндеті студенттің бір жылдық жинаған білімін бекітіп, оны нақтылап тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Тәжірибе өту мерзімі: 01.06.15.- 06.06.15.

Жоғары оқу орнында білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы жазар болсақ ең бірінші Университет тарихына тоқталған жөн болар.Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды.
1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.
1954-1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы - профессор еңбек етті.1970 университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65кафедра болды.1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент - мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмұханұлы, Әлкей Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады. Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы Қазақстан колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды. Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды. Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді. Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады. 1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді. Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады.
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық біліммділігі, бакалавр - магистр - PhD түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жаңа Академиялық саясатты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
Осындай үлкен аумақты қамтитын, қаншама студентті оқытып отырған ҚазҰУ-дың Экономика факультеті маңызды-ақ рөл ойнайды.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі -- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті факультеті. 1949 жылы негізі қаланды. Экономика және бизнес жоғары мектебі спорт, мәдениет және өнер саласында елеулі табыстарға жетті. Экономика және бизнес факультеті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің дербес бөлімшесі ретінде қызмет атқара бастаған кезден бастап студенттер, магистранттар және аспиранттармен тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді. Тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес және студенттер мен жекелеген кафедралардың ұсыныстары бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Жыл сайын факультетте тәрбие жұмысының жоспары жасалып, Тілдер мен тәрбие ісі жөніндегі проректордың бекітуіне ұсынылады. Студенттер, магистранттар және аспиранттармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын атқару факультеттің кафедраларына жүктелген. Тәрбие жұмысы кафедра мүшелері мен академиялық топ кураторларының студенттермен тығыз байланыста болуын міндеттейді. Бұл ретте кафедраның міндеті оқу үдерісінің барысына талдау жасау, студенттер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, шығармашылық белсенділікті арттыруға, салауатты өмір салтының, тіл мен мәдениеттің насихатталуына атсалысып, қолдау көрсету. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес факультет келесі үлгідегі тәрбие жұмыстарын өткізуді қолданады:
- студенттердің басшылықпен, кафедра оқытушыларымен кездесуін ұйымдастыру;

- оқу үдерісі мен студенттер үлгерімінің барысына жедел бақылау жүргізіп отыру;
- студенттердің қоғамдық өмірін ұйымдастыру, жиналыстар өткізіп, студенттермен жеке әңгіме жүргізу;

- студенттер мен магистранттарды университет, факультет көлемінде өткізілетін сауықтыру шараларына тарту;
- студенттердің тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруына қажетті көмек көрсету.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі іс-әрекетінің негізгі мақсаты - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқыған Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін тақырыбындағы дәрісінде және Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. Мұнда білім беру қазіргі заманға сай әдістерді қолдана отырып, жоғары дәстүрлі классикалық білім беру негізінде жүргізіледі.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 3000-нан астам студенттер дәріс алады, олардың 2800-ден астамы күндізгі бөлімде оқиды. Сонымен қатар, Экономика және Бизнес Жоғары мектебі мамандарды қысқартылған курс бойынша жоғары және орта кәсіптік білім беру базасы негізінде дайындайды. Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде оқу барысында студенттер әскери дайындықтан өтеді және жатақханамен қамтамасыз етіледі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің түлектері Президент Әкімшілігінде, Экономика және Бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, ҚР статистикалық агенттігінде, Ұлттық банкте, коммерциялық банктерде, сақтандыру және аудиторлық компанияларда және басқа да қаржылық мекемелерде, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының барлық экономика салаларында қызмет атқарады.
Экономика және бизнес Жоғары мектебі күрделі ғылыми-тәжірибелік мәселелерді шеше алатын ғылыми ұжымға ие. Жоғары мектепте ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Сатубалдин С.С., жиырмаға жуық доктор мен профессор, 60-тан астам ғылым кандидаты мен доценттер және жоғары классификациялық практикалық-мамандар Президенттік әкімшілік, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Ұлттық банк, Салық комитеті, жүргізуші коммерциялық банк және компаниялар шақырылады. Университет PhD бағдарламасы бойынша шетелдерден Италиядан, АҚШ, Ұлыбританиядан, Жапониядан және т.б. профессорлар шақырылады.
2006 жылы Экономика және бизнес Жоғары мектебінен ЖОО арасындағы ең үздік 10 оқытушы мемлекеттік грантқа ие болды.
Экономика және бизнес Жоғары мектебінің қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік базасы, бар, мамандандырылған алты кафедра және ағылшын, француз, неміс тілдерінің озық мамандары еңбек ететін шет тілдері кафедралары бар.
Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Қаржы", "Маркетинг", "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша мамандандырылған кабинеттер жұмыс істеуде.
Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы барлық Жоғары Экономика оқу орындарына негіз болып табылатын, барлық экономикалық пәндері бойынша 60-тан астам типтік оқу-әдістемелік бағдарламаларды әзірлеушілердің бірі болып табылады.
Экономика және бизнес Жоғары мектебінің қарамағында ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры мен мұражайлық материалдарға бай, Қазақстанға танымал ең көне кітапханасы бар. Студенттер өз сабақтарына арнайы жасақталған оқырман залдарында дайындалады. Сонымен қатар студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған қазіргі заманға сай компьютерлермен қамтамасыз етілген 5 компьютерлік класс бар. Бұл класта жаңа оқу бағдарламасы жетілдіруде және оқу, лабаратория, семинарлық жұмыс, емтихан тестілік тәртіппен өткізіледі және "Интернет" зал жұмыс істейді.
Профессорлар мен оқытушыларымыз соңғы 5 жылда жарық көрген 1100-нан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторлары. Соның ішіне 30 монография, 40 оқулық пен оқу құралдары, 10 жинақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің іс-тәжірибе базасы мен жұмыс орны
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нақты жұмыс орнында қызмет атқару барысында студенттің теориялық білімдерін белсенді пайдалану
Мемлекеттік қызметкерлер туралы ақпарат
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Кәсіпорынның маркетингтік саясатының түсінігі, құрылымы және мақсаттары
Коммуникациялық саясат маркетинг саласында
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Пәндер