Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде


1-блок
1. Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия, олардың ара-қатынасы.
Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады.
"Бос уақыт" - рекреациялық үрдістің дамуының керектішарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық) ; 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт - демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.
- жұмыс уақыты
- жұмыстан тыс уақыт
ЖУ - жұмыс орнына жетуге және қайтуға арналған уақыт;
ТУ - үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
БУ - бос уақыт - физикалық, интеллектуалдық, рухани күшін қалпына келтіруге және демалысқа арналған уақыт;
КУ - күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық) .
1-сурет. Еңбекші халықтың тәуліктік-жиындық уақытының құрылымыБос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді әрекетке кетеді. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру (психофизиологиялық) функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму (рухани-интеллектуалды) функциясына сауықтыру, танымдық, қатынасу жатады.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Бос уақыттың осылай бөлінуі демалыс құрылымын зерттеу кезіндегі негізі болып табылады. Сондықтан бос уақыт рекреациялық іс-әрекетті мерзімділік және территориялық белгісі бойынша қарастыруға мүмкіндік береді. Күнделікті бос уақытты пайдалану немесе күнделікті рекреация қала ішіндегі күнделікті демалыспен байланысады. Апталық рекреация қала маңындағы рекреациялық объектілердің орналасуына байланысты болады. Ал жыл сайынғы рекреация негізінен курорттық рекреациялық объектілерімен байланысады. Сондықтан, бос уақыттың бөлінуі бойынша рекреацияның келесі түрлерін айырады: қала ішіндегі рекреация; демалыс күндерінде (уик-енд), қала маңында іске асатын апталық рекреация немесе жергілікті рекреация; демалыс немесе каникул кездерінде болатын жыл сайынғы рекреация.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатын адамдардың физикалық қысымын да азайтады. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс халықтың қоғамдық өмірінің бір бөлігі, сондықтан ол әлеуметтік категорияға ие болады. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеті келесідей жіктеледі (классификациясы) /1/:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану) ;
2. Әуесқой шұғылдану - аңшылық, балық аулау, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек жинау және т. б. ;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға бару), өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу және т. б. ) ;
4. Интеллектуалдық іс-әрекет (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру) ;
5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу;
6. Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Жақсы демалыс - бұл жай жатып, тынығу емес, ол - адамның іс-әрекет түрлерінің ауысып тұруы. Шынында да, адам өзінің бос уақыттын сауықтыру немесе спорттық, мәдени, танымдық мақсат үшін жұмсайды. Мысалы, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде адам жиі белсенді жорыққа және экскурсияларға шығып тұру жөн. Осындай саяхаттар адамның тұрғылықты жерінен тыс жерде арнайы аумақтарда іске асады, яғни рекреация арқылы адам өзінің физикалық және рухани күшін қалпына келтіреді.
Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatіo (латынша) - қайта қалпына келу, recreatіon (французша) - демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.
" Рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы" (Н. С. Мироненко, И. Т. Твердохлебов, 1981) /1/.
Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ (1 тәуліктен аса) мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге қайтып келеді, ал ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация аумақтың табиғи зоналарымен (бір-екі сағат қашықтықта) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана аумақпен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм - (француз сөзі tuorіsme - серуендеу, саяхат жасау) - бос уақыттытұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм - өте тар түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша "туризм" - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм - бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі /1/.
"Экскурсия" латын тілінен келген сөз - жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген мағынаны білдіреді (мәдени ескерткіштер, мұражайлар, және т. б. ) .
" Экскурсия - бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия" түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поез немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы әрекеттерінің барлығы да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандары соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, үйден тыс жерде де айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, тар мағынадағы өте қысқа түсінік (2-сурет) /1/.
Сауықтыру демалысы
Интеллектуалдық
іс-әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру
және т. б. )
Шығарма-шылық
өнерпаз-дық
2-сурет.
2. Адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру және дамыту қажеттілігі. ҒТР, оның оң және теріс көріністері, туризм дамуындағы ролі.
Туризм арқылы сауықтыру -адамның өндірісте физикалық және психикалық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл фунуциясының әлеум-экномикалық түпкі мәні өте жоғарғы, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді. Туристік жорықтарда адамда өзгеше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлеріне ғана іске асырылады, ондай іс-әрекеттер тек бос уақытта ғана жүзеге асып, ол адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталған.
ҒТР болғанан кейін әлемдік туризм индустриясында өзгерістер басталды. Компютерлік ақпараттық технологияның арқасында туристік нарық қызметтері субъектілерінің арасындағы қатынастар мүлдем өзгерді. Аз уақыттың ішінде электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті:сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездегі интернет желілеріне дейін жетті. 1960 жылы құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастады, кейін интернет желілері кеңейтілді. Дүниежүзілік ақпараттық торда туризм индустриясы толық көрсетілген. Ірі компаниялар интернетті жақсы түсініп қабылдады, олар өздерінің жеке сайттарын ашты, ақпарат көзі кеңейтілді.
Артықшылығы: жаңа техникалар пайда болғалы адамдардың жұмысы жеңілдеді, қол жетімділік жоғарлады, қызмет көрсету сапасы жоғарлады, яғни уақыт үнемделді халықаралық байланыс арта түсті.
Кемшілігі: жұмыссыздық артты, адам орнына техника жұмыс істейтін болды.
3. Рекреациялық қажеттілік ұғымы. Рекреациялық қажеттіліктер - рекреациялық іс-әрекетінің ұйымдастыру негізі.
Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттіліктер қоршаған ортаның факторларына байланысты болады. Рекреациялық кажеттіліктер - қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді /1/.
Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер - қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын, оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі болып саналады.
Топтық рекреациялық қажеттіліктер - белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтынатын арнайы тобына жанұяны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі де әлеуметтік топ ретінде қарқынды дамып келе жатыр.
Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер - жеке адамның денсаулығын қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара байланыста болады. Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық қажеттілік құрылымына әсер етеді, олар арқылы жалпы қоғамдық қажеттіліктер іске асады.
Рекреациялық қажеттіліктің әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топ немесе жеке тұлғаның рекреациялық қажеттілігінің қоршаған ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.
Рекреациялық кажеттіліктің қалыптасуына әсер ететін факторлар :
1 . Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың табысы; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық) ; көлік инфрақұрылымының даму деңгейі; демалыстың ұзақтығы; рекреациялық аудандар мен маршруттар туралы жарнама және ақпарат беру; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-қонуы; ұлттық дәстүрлер.
2. Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қатынасы (урбандалу дәрежесі) ; халықтың жыныстық құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; орналасуының ерекшеліктері.
3. Әлеуметтік-психологиялық факторлар : іскерлік және мәдени байланыстардың тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері; жеке тұлғаның құндылық бағыты.
4. Медико-биологиялық факторлар: халық денсаулығының жағдайы.
5. Табиғи факторлар: адам тұратын табиғи аумақ; аумақтың географиялық ерекшеліктері.
Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға беру халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі арқылы анықталады. Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға бергенде қоғамның мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескереді.
Рекреациялық қажеттіліктер - бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің мүмкіншілігіне байланысты.
Рекреациялық қажеттіліктердің медико-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемімен анықталады. Аймақтық медициналық статистиканың негізіне қарай курортологтар тұтынушылардың санаторлық-курорттық емделуде жиынтық балансын жасайды және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктерін анықтайды.
Рекреациялық қажеттіліктің әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топ немесе жеке тұлғаның рекреациялық қажеттілігінің қоршаған ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған.
Рекреациялық іс-әрекет процесінде түрлі әлеуметтік топ немесе түрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес. Бірақ та рекреациялық әрекетті ұйымдастырғанда демалушылардың әр алуан талаптарына ғылыми көзқарас болу тиіс.
Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық зерттеулері кешенді түрде жүргізіледі. Оларда мынадай кезеңдер болуы мүмкін /1/:
1. Демалыстың қазіргі шақтағы тенденцияларын статистикалық деректердің негізінде зерттеу;
2. Рекреацияның мәні мен оның болашақта дамуы туралы алдын ала болжамдар жасау;
3. Халық арасында анкеталық жауап алуды жүргізу;
4. Рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;
5. Репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теориялық ережелерді құрастыру.
Рекреациялық қажеттілікті зерттеу үшін таңдау зондаж әдісі қолданылады, яғни бүкіл халықты емес, халықтың бір бөлігін ғана сұрап шығу. Сауалнама жүргізу аумақ бойынша бөлінеді: адамның жұмыс орнында және демалыс орнында. Жұмыс орында жүргізілетін сауалнамалар рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, маусымдылығын, құрылымын анықтайды. Рекреациялық аудандағы сауалнамалар реркеацияның мазмұнын, демалушылардың бюджетін, олардың қанағаттандыру дәрежесін анықтайды. Осындай зерттеулердің негізінде бұрынғы КСРОда туристердің көбісі орман мен теңіз жағалауын таңдады. Орманда демалуды халықтың - 34, 5%, теңізде - 28, 2%, өзең-көлде - 29, 5% қалады.
Социологиялық зерттеулердің нәтижелері медицина жұмысшылары, экономист, эколог, курортолог және басқа да мамандардың кепілдіктерімен толықтырылуы керек.
Халықтың сұранысы ұсынылатын туристік қызметтердің көлемі мен құрылымына, рекреациялық шаруашылықтың дамуына байланысты.
Рекреациялық қажеттіліктерге болжам жасағанда бір жағынан туризмнің қазіргі құрылымын, ал екінші жағынан тез өзгеріп тұратын өмірдің жағдайын ескеру қажет.
4. Рекреациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, оның мәні, құрылымы және классификациясы.
Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде ғана іске асады, ондай әрекеттер тек бос уақытта ғана ұйымдастырылып, адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады.
Ғылыми әдебиеттерде рекреациялық іс-әрекеттің неше түрлі жіктеуі мен топтастырылуы кездеседі. Олардың негізінде ең жиі кездесетін критерийлері мынадай: саяхат мақсаты, оның ұйымдастыру сипаты, құқықтық статусы, саяхаттың ұзақтығы, рекреанттардың қозғалыс түрі, онық жас мөлшері, шаралар жиілігі және тағы басқалары - бұлардың барлығы рекреациалық іс-әрекеттің құрылымы деп аталады. (2 кесте)РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
(Н. С. Мироненко, И. Т. Твердохлебов, 1981)
Емдеу
Спорттық-сауықтыру
Танымдық
Климатпен емдеу(теңіз жағалауы, таулы, жазық жерлер, бальнеологиялық және батпақпен емдеу)
Белгілі бір бағыттық(маршруттық), қыдыру, спорттық, су астымен жүзу, аң мен балық аулау, тауда шаңғы тебу, альпинизм
Табиғи, мәдени-тарихи ескеткіштер
Ұлттық (ішкі)
Халықаралық(шетелдік)
Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторларына қарай бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік балшықтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу және балшықпен емдеу емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-батпақпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео-батпақпен емдеу топтары болып та бөліне алады. Емдік-курортық рекреация жайлары медициналық-биологиялық нормаларға мұқият сәйкес болулары қажет. Жұртты емдеуге арналған курорт аумақтары белгілі шарттарға ие болуы керек.
Мысалы, бұрынғы КСРО-да табиғи ландшафтық зонларға сәйкес курорттар мынадай типтерге болінген: 1) теңіз жағалаулық жазықтық, көбінесе жерортатеңіздік климаты, дала, шөл, ылғалды суптропиктер ормандардың климаты, қоңыржай ендіктерінің орман климты, шөлейт климаты тән курорттар; 2) жазықтық континенталдық курорттар қоңыржай белдеуінің тайга, орман зоналарында, қоңыржай белдеуінің муссондық ормандар климатының зонасында, дала мен орманды дала, субтропиктік ормандар мен шөлейт зоналарында орналасқан; 3) Тау курортты тау етегіндегі, аласа таудағы(500-1000м), орта таулардың төменгі белдеуіндегі (1000-1500м), орта таулардың жоғарғы белдеуіндегі (1000-1500м) және биік таулы (2000 м-ден астам) курорттарына бөлінген.
Спорттық-сауықтыру рекреациясы да алуан түрлі. Әлем бойынша кең тараған түрлеріне суға түсіп, жағажайда демалу жатады. Суда немесе су жағасында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т. б.
Серуендеу және кәсіби-серуен демалысына мынадай шаралар кіреді: ашық-таза ауада демалу, көрікті-көз тартатын жерлерді көру, саңырау-құлақ пен жидек, теңіз моллюскаларын және басқа да табиғат «сыйлықтарын» теру.
Соңғы жылдары типті асыл тастар мен минералды, құпия қоймаларды іздестіру сияқты туризм түрі дамуда. Мысалы, «Панамерикен» әуе компаниясы құнды минералдарды іздестіру мақсатында Аустралия мен Жаңа Зеландияға 24 күндік саяхат ұйымдастырады. 3 миллионнан астам американдықтар бос уақытында теңіз түбіндегі құпияларды іздеумен айналысады.
Танымдық рекреациясы. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір бөлігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетті ансамбльдерді көру, сонымен қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстарымен және шаруашылық объектілерімен танысу.
Мысалы, Ресейде танымдық туризм объектісі - Камчаткадағы Гейзерлер Алабы. АҚШ-та - Йоллоустонның табиғи кереметтері, Қазақстанда - Шарын каньоны, Шетен орманы, Тұйықсу мұздықтары және т. с. с. Рекреаңиялық іс-әрекеттің танымдық түрлерінің бірі - жануарлар өмірін бақылау. Мысалы, таңіз жануарларының отарларын бақылау үшін көптеген туристер келеді. Қасиетті Павел аралында (АҚШ) котик жануарларының оң қонысы бар. Біреуінде туристер үшін кәдімгі галерея мен бақылау мұнарасы салынған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz