Қазақстан Республикасының егемендігі аясындағы сұрақтар, саяси партиялар жайында



1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты болып келеді.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйекте Декларацияның жобасы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. Декларация бойынша Қазақ КСР-іне өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға құқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады.
1991 ж. 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы» «Қазақстан Республикасы» деп өзгертілді. Ал 16 желтоқсанда 7-сессияда « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. Осы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн жылда Тәуелсіздік күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мемлекет бауырлас Түркия елі болды. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекет ретінде анықталды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
140) ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемндігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты болып келеді.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйекте Декларацияның жобасы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. Декларация бойынша Қазақ КСР-іне өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға құқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы - егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады.
1991 ж. 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. Ал 16 желтоқсанда 7-сессияда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. Осы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн жылда Тәуелсіздік күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мемлекет бауырлас Түркия елі болды. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекет ретінде анықталды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.

141) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті. Ел рәміздерін қабылдау - аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді. 1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы 11 желтоқсанда Республика Әнұранының мәтіні қабылданды. Ал 2006 жылы Әнұранның жаңа мәтіні қабылданды. Мемлекеттік Ту мен Елтанба жөніндегі арнайы заңда Қазақстан Республикасының азаматтары және Республика аумағындағы басқа да азаматтар Ту мен Елтаңбаны құрметтеуге міндетті екендігі атап көрсетілді. 1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді.
ҚР мемлекеттік Туы - көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста -- ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек алтын түстес келеді. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік Туының авторы -- суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Мемлекеттік Тудағы көгiлдiр түс қазақ халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн -- қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн -- уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс -- бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі отбасының бейнесі болып табылады. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Ал шаңырақ, киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар болса дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Ал бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. ҚР Елтаңбасының авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі Әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін жазған - Шәмші Қалдаяқов. Халық арасында ыстық ықыласқа, сүйіспеншілікке бөленген Шәмшінің Менің Қазақстаным әні XX ғасырдың ортасында, Хрущевтің әкімшілік реформалары кезінде шыққан. Бұл ән Қазақстан тұтас ел және жерінің бір шөкімін де өзгеге бермейді деген өжет дауылпаз ұран. Менің Қазақстаным әнінің рухы жаңа заманда Жаңа Қазақстанды орнатып жатқан халқымыздың рухани талап-тілегіне толық сай келеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдар өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады.

142) Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясы.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы Жоғары Кеңестің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары -- Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елдің Негізгі Заңын - тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық қазақстандықтар еңбегінің жемісі болып табылады. Жаңа Конституцияның ерекшелігі - оның Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі деп жариялауы еді. Осылайша Қазақстан халықаралық нормалар мен демократиялық және құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын барша әлемге жария етті. Қазақстан Республикасының осы, алғашқы Конституциясы 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды. Конституцияның құрамдас бөлігі Қазақстанның қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау. Өтпелі кезеңнің мақсаты бұрынғы және жаңа конституциялық заңдылыққа, мемлекет пен оның органдары мен институттарына қатысты кейбір жағдайларын байланыстыру, үйлестіруге тиіс болды. Конституция баптарының көпшілігі - Отанымызда ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. Онда Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең құқықтылығын қамтамасыз етілетіні мәлімделді. Сондықтан да Негізгі Занның ең басты назар аударған нысаны - адам және оның өміріне байланысты мәселелер болды. Елдегі атқарылатын істердің бәрі Заң бойынша тек азаматтар мен қоғамның мүдделеріне сай жүргізілетін болып белгіленді. Қазақстандық және кеңестік іс-тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен бостандығының басымдылығы танылып, Қазақстан халқы дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі екендігі белгіленді. Конституцияда тілге байланысты проблемалар өз шешімін тапты. Конституция бойынша республикадағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі деп жарияланды. Мемлекет өз тарапынан ұлтаралық қатынас тілін, олардың еркін қолданылу салаларын сақтау мен олардың еркін дамуына кепілдік берді. Мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмеушілік себептері бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынды. Негізгі Заңда Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деп атап көрсетілді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі Қазақстан халқы екендігі жарияланды. Мемлекеттік билік Конституция және республика заңдары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияның орындалуына Республика Президенті кепіл болады. Конституцияның тұтастай тараулары мен баптары азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, оның негізгі құрылымына, отбасына, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруге арналды. Қазақстан азаматтары Конституцияны, республика заңдарын сақтауға, әрбір адамның ар-намысын, абыройын құрметтеуге тиіс. Бұған қоса республика азаматтары мемлекеттік рәміздерді - Елтаңба, Ту, Әнұранды қастерлеуге тиіс. Отанды қорғау - әрбір азаматтың абыройлы борышы. Республика азаматтары заңмен белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті. Ал үшінші бөлім мемлекет пен оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. Төртінші бөлім Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Оқиғалардың бұдан кейінгі даму барысы көрсеткендей, республика Парламентінің Қазақстан Конституциясын қабылдауы тарихи маңызы бар оқиға болды. Конституция мемлекеттің өркениетті дамуының негіздерін қалап қана қоймай, адам құқықтарын қорғау ісінде сенімді кепілге айналды. Осы аса маңызды құжатты қабылдау арқылы Қазақстан әлемнің тарихи сахнасына тағы бір демократиялық мемлекеттің шыққанын мәлімдеді.

143) 1995 жылғы ҚР Конституциясы және қос палаталы парламентке сайлау.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде ҚР Президнті ұсынған Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. Жаңа Конституция мынадай 9 бөлімнен тұрады: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Парламент; Үкімет; Конституциялық кеңес; Соттар және сот төрелігі; Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер. Жаңа Конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет деп мәлімдеді. Елдегі мемлекеттік биліктің бір ғана негізгі қайнар көзі халық болып саналады. Жаңа Конституцияда идеологиялық және саяси көптүрлілік жарияланды. Меншік проблемалары да жаңаша тұрғыдан қаралды - жерге жеке меншік енгізілді. Конституцияда: Қазақстан Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады деп көрсетілген.
Конституция бойынша Парламент екі палатадан тұрады: жоғарғы палата-Сенат және төменгі палата-Мәжіліс. Ата Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
144) Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.
1990 жылдары Қазақстанда қоғамдық қозғалыстардан - ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей", азаматтық "Азат" және "Қазақстанның халық бірлігі" одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар тіркелді. 1998 жылғы қарашада "Ақ жол" қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі - Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030" стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы" атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылған.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдарға партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық одақтар жатады.
Қоғамдық қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Қоғамдық қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады. Экологиялық бағыттағы ұйымдар: Невада-Семей қозғалысы, Арал-Азия-Қазақстан халықаралық қоғамдық комитеті, Табиғат комитеті, т.б. Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар: Қазақстанның Азат азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық Лад қозғалысы, Русская община, Единство қоғамдық бірлестігі, т.б. Тарихи-ағартушылық қоғамдар: Мемориал , Әділет , Ақиқат және т.б. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: Атамекен , Алтын бесік , Жерұйық , Шаңырақ және т.б. Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.
Жеке ұйымдар мен қозғалыстар:
Азат азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу. Әділет тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады. Ақиқат тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру. Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты - Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары. Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақ федерациясы кеңесі. Кәсіподақ федерациясы ерікті қоғамдық ұйым, кәсіпдақ мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғайды. Федерация жұмысының негізгі бағыты - мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет,спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды. Бірлесу кәсіподағы республикадағы ғана емес,бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды. Бірлесу қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемендік және Тәуелсіздік
Демократияның заманауи теориялары
Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер. Саяси партия қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
Егемендік туралы декларациясы
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Саяси жүйе теориясының авторы
Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтау
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
Қазақстанның саясаты
Пәндер