Кәсіпорын кірістері есебінің қазіргі заманғы жағдайы: қалыптасуы, бөліп таратылуы және қолданылуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

Диплом жұмысы

КӘСІПОРЫН КІРІСТЕРІ ЕСЕБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ, БӨЛІП ТАРАТЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.

Орындаған,

4 курс студенті

Ғылыми жетекші,

аға оқытушы

Норма бақылаушы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі,

э. ғ. к., PhD докторы

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ КІРІСТЕР ЕСЕБІН КӘСІПОРЫНДАСТЫРУ

1. 1 Кәсіпорын кірісі және қалыптасуы, қолданылуы 6

1. 2 «Редут Защита» ЖШС қызметінің сипаттамасы 13

1. 3 Кәсіпорынның есеп саясаты - кірістер есебін кәсіпорындастырудың негізі 22

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ КІРІСТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ ЖӘНЕ БӨЛІП ТАРАТЫЛУЫ

2. 1 Негізгі кірістер есебі 31

2. 2 Басқа да кірістер есебі 38

2. 3 «Редут Защита» ЖШС-нің кірістерінің есебі 44

3 КІРІСТЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

3. 1Кірістер есебі аудитінің кәсіпорындастырылуы 51

3. 2 Кірістер есебі аудитінің әдістемесі 57

ҚОРЫТЫНДЫ 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ 66

КІРІСПЕ

Еліміздің жағдайын жақсарту, эконикамызды одан ары көтеру мемлекеттік тұрғыдан бақылауға алынған мәселер күн тәртібінде бірінші кезекке қойылып отыр.

Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс кәсіпорындастырудың маңызы зор.

Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да біраз уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер орын алды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп пен аудит жұмысына өзгерістер енгізу, қайта құру, әдістерін кәсіпорынның ерекшеліктеріне сай халықаралық стандарттардың талабына сәйкес жүргізу керектігі анық байқалды.

Соған орай 2009 жылы ақпанда “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөнінде” Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу халықаралық стандарттарға барынша жақындастырылуда және де Бас шоттар жоспарының орнына Типтік шоттар жоспары енгізілді. Жеке кәсіпкерлік өкілдері үшін есеп жүйесінің жаңа тәртібі Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары бойынша және соған сәйкес Типтік шоттар жоспары түрінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа ұсынылған болатын.

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорынның тиімділігін, ҒТП-тің жетістіктерін ендіру арқылы өнімнің (жұмыс, қызмет) бәсекелестігін, өндірісті басқарудың тиімділігін арттыруын және пайдаланбаған резервтерді қолдануын талап етеді.

Бірақ осындай мақсаттарды жүзеге асыру үшін ақшалай немесе басқадай түрде кіріс келіп түсуі керек.

Егер кәсіпорындар кіріс таппаса, экономиканың күйреуіне әкелетіндігі белгілі. Өйткені, кіріс арқылы мемлекеттің бюджеті өсіп отырады; капиталдың айналымы өседі; өндіріс ұлғаяды; құрылтайшылар мен жұмысшылардың әлеуметтік және материалдық қажеттіліктері қанағаттандырылады; төлем қабілеттілік жоғарлайды.

Кіріс - бүкіл кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайтын яғни кәсіпорынның экономикалық даму негізін құрайтын қаржылық нәтиже. Кірістің өсуі - кәсіпорын қызметін өзін қаржыландыру негізін қалап, өндірісті ұлғайту негізін қалап, өндірісті ұлғайту негізін қалыптастырады.

Кіріс табу басқару жұмыстарының тиімділігіне, өндірісті нақты кәсіпорындастыруға, ресурстарды үнемдеу саясатының жүргізілуіне одан ары тәуелді бола бастады.

Кіріс - өндірістің тиімділігін шығарылған өнімнің көлемі мен сапасын, еңбек өнімділігі жағдайын, өзіндік құн деңгейін толық көрсететін көрсеткіш болып есептеледі.

Кірістің өсуі есебінен бюджет алдында, банктер және тағы басқа кәсіпорындардың алдындағы кәсіпорын өзінің міндеттерін орындайды. Осының негізінде кіріс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалауда өте маңызды болып келеді.

Кірістердің шығындарға қарағанда артуы кәсіпорынның қойған мақсаттарына жетудегі және қызметінің тиімділігін арттырудағы талпынысын көрсетеді. Кәсіпорындар құрылған кезде өздерінің алдарына ең жоғары дәрежедегі кіріс табу мақсатын қояды. Бұл кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Кіріс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, кәсіпорындар алдындағы міндеттемелері орындалады.

Сонымен кіріс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Кіріс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың кірістілығы анықталынады.

Мемлекеттің экономикасы нарық қарынастарына негізделіп құрылған жағдайда кірістің мағынасы көп аспектілі түрде күшейе түседі. Кәсіпорынның акционерлік, жалдық, жеке және тағы басқа меншік түрі қаржылық тәуелсіздікті алғаннан кейін, бюджетке салықты және тағы басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған кірісті қандай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсау жөнінде шешімді өзі шешуге құқылы. Қазіргі жағдайларда кіріс тұтынуға емес, кәсіпорынның экономикалық өсімі мен бәсекелестікті қамтамасыз ететін инвестициялық, инновациялық мақсаттарға жұмсалады.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық нәтиже - кірістің рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Сондықтан да диплом жұмысын жазу үшін таңдалынып алынған. «Кәсіпорынның кірістерінің есебі мен талдауы» тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның қызметінің нәтижесі ретінде қалыптастын кірістер есебі және талдауын теориялық тұрғыдан зерттеп, осы тақырып бойынша маңызды сұрақтарын зерделеп және өз ұсыныстарымды келтіру болып табылады.

Жұмысты жазудағы міндеттерге келесілер жатады:

  • Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебін қарастыру;
  • Қаржыландырудан түсетін және басқа да кірістердің есебін ашып көрсету;
  • Кірістер есебінің тылық көрсеткіштерін талдап, кірістілықты арттыратын факторларды анықтау және олдары іс жүзінде қолдану нәтижелерін зерттеу.
  • «Редут Защита» ЖШС-і мысалында кірістер есебінің кәсіпорындастырылуын қарастыру;
  • Кірістер есебінің аудиторлық тексеруін кәсіпорындастыру мен тексеруді жүргізу әдістемесін қарастыру.

«Кәсіпорынның кірістерінің есебі мен аудиті» тақырыбында диплом жұмысын орындау үшін осы тақырыпқа қатысы бар барлық заңнамалық актілер, нормативтік-құқықтық нұсқаулар, отандық және шет елдік экономисттер мен ғалымдардың оқулықтары, оқу құралдары мен баспасөз материалдары қолданылды.

Диплом жұмысы құрылысы бойынша кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша беттерден құралады. Жұмыс жалпы көлемі 67 бетте орындалған, оның ішінде 14 кесте, 4 сурет бар.

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ КІРІСТЕР ЕСЕБІН КӘСІПОРЫНДАСТЫРУ

1. 1 Кәсіпорын кіріс және экономикалық мәні

Кіріс дегенеміз - кәсіпорынның әдеттегі қызметінің нәтижесінде жеке меншік капиталдың жеке меншіктердің есебінен капиталдың өсуін айтамыз.

Нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген кәсіпорынның басты мақсаты - кіріс алу. Кіріс түрлі маңызда қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез-келген ақша қаражаттарының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. Кәсіпорынның кірісы оның активтерінің артуы немес капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. «Кіріс» ұғымы жалпы мемлекетте ұлттық кіріс, кәсіпорындарда жалпы кіріс, таза кіріс, ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай кірісы, жеке кіріс болып қолданылады. Кәсіпорынның жалпы кірісына тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықтарды сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады. [15]

Жиі қолданылатын «таза кіріс» ұғымы жалпы кіріс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады. Экономикалық теорияда кіріс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Кіріс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі кірістердің түрлерін ажыратуға болады:[14]

1. Жалпы кіріс - бұл тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне көбейтуге тең.

2. Орта кіріс - жалпы кірісті өнім өдшемінің мөлшеріне бөлу арқылы анықталатын кіріс.

3. Шекті (маржиналды) кіріс - бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқылы жалпы кірістің үстелуі.

Шекті кіріс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігіне құндық бағдарлар қызмет етеді.

Бухгалтерлік есеп жүйесінде «Пайда және зиян» жөніндегі есептілік негізінде кірістер жөніндегі келесідей ақпаратты алуға болады:

  • өнімдер (жұмыстар, қызметтерді) сатудан алынған кіріс;
  • жиынтық кіріс;
  • негізгі қызметтен алынған кіріс;
  • негізгі емес қызметтен алынған кіріс;
  • салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс;
  • салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс;
  • төтенше оқиғалардан алынған кіріс;
  • таза кіріс.

Өнімдер (жұмыстар, қызметтерді) сатудан алынған кіріс қосылған құн салығын, акциз құнын, басқа да міндетті төлемдер және салықтарды, қайтарылған тауарлар құнын, сату көлемі мен сауда бағасынан жасалынған жеңілдіктерді алып тастап көрсетіледі. Осы бап бойынша кәсіпорынның негізгі қызметінен алған кірістерінің сомасы көрсетіледі. Негізгі қызметтен алынатын кіріс сомалары тауарлық-материалдық құндылықтарды сату арқылы алынған, ұтыс түріндегі, пайыз, дивиденд, қалам ақы, рента түрінде алынатын кірістерды қамтиды. Оның мөлшері №11 журнал-ордер мәліметтері арқылы анықталады. [4]

Бүгінгі күні кәсіпорындар сатудан алынатын түсім сомасын есептеу қағидасына сәйкес анықтайтын болғандықтан, сатып алушыдан төлем сомасының келіп түсуін күтпестен, сату мерзімі деп тауарларды тиеп-жөнелту, өнімді өткізу және банкке төлем құжаттарын ұсыну мерзімі танылады. Тауарларды сату қорлар айналысының соңғы кезеңі саналады. Оның мөлшері бойынша қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері, айналымдылық және рентабелділік көрсеткіштері анықталады.

Негізгі қызметтен алынған кіріс сомасы жиынтық кіріс сомасынан жалпы және әкімшілік шығындарды, пайыздар мен сату шығындарын шегеру арқылы анықталады.

Негізгі емес қызметтен алынған кіріс сомалары өнімді өндіру және сату операцияларына тәуелді емес. Ол келесідей кіріс түрлерін қамтиды:

  • материалды емес активтерді сатудан алынған кірістер;
  • негізгі құралдарды сатудан алынған кірістер;
  • бағалы қағаздарды сатудан алынған кірістер;
  • акциялар бойынша дивидендтер және пайыз түріндегі кірістер;
  • бағамдық айырма түріндегі кірістер;
  • үкіметтің атқару кәсіпорындарының субсидиялары.

Осы негізгі және негізгі емес қызмет түрлерінен алынған кірістер қосындысын жиынтық кіріс деп атаймыз.

Кірістердің соңғы көрсеткіші - таза кіріс. Ол әдеттегі қызметтен алынған кірістер мен төтенше оқиғалардан алынған кірістердің жиынтық сомасы болып табылады. Таза кіріс сомасы 5610 «Жиынтық пайда (зиян) » шотының дебеттік және кредиттік айналымдарын салыстыру арқылы анықталады.

Нарықтық қатынастарға көшу өндірістік шығындарды есепке алуды кәсіпорындастыруда озық әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді. Маржиналды кірісті екі жақты қарастыруға болады:[12]

1. Маржиналды кіріс сатудан алынған кіріс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады.

2. Маржиналды кірісті негізгі қызметтен алынған кірістер мен тұрақты шығындар қосынды ретінде қарауға болады.

Кіріс бухгалтерлік есептілікте мойындалып, қаржылық есептілікте есептеу қағидасына сүйеніп көрсетіледі.

Басқа да кіріске басқа баптар бейнелейтін кәсіпорынның жұмыс істеу кезіндегі кірістің анықтамасына сәйкес кірістер кіреді.

Кез келген стандарттың басты мақсаты - өнім бойынша мойындаудың бірыңғай түрі және қаржылық есеп беру көрсеткішінің негізгі бағасын кіріс, шығыс және қаржы қозғалысын бухгалтерлік баланстың жекелеген баптары бойынша көрсетіліп, қаржылық есеп беру құрылымы бойынша талаптарын айқындау. Нағыз стандарттың мақсаты кіріс есебінің тәртібін айқындаудан тұрады. Кірісті есептеуде басты мәселе оны мойындау сәтін айқындаудан тұрады. Қаржылық көрсеткіштердің құрылысы бойынша ең маңызды кірістің бағасы және оны мойындау болып табылады. Мойындау дегеніміз - компанияның қаржылық нәтижесін айқындауда тапқан кіріс есеп беруде кірісі мен шығысына негіздеп кіргізу. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты «Кіріс» 18 кіріс деп мойындап және соған сәйкес есеп беруде кіріс пен шығысқа сәйкестеліп, негізделген сәтті айқындау мақсатымен құрылған. Оның екінші міндеті, сөз жоқ, кіріс пен шығыс туралы есеп беруге жататын тапқан кірістің анық бағасы. Қаржылық есеп берудің «Кіріс» 18 халықаралық стандарты ішкі пайдаланушылардың қызығушылығын ескере отырып, тапқан кірісті мойындаудың шартын айқындау. [22]

ХҚЕС 18 «Кіріс» стандарты бойынша түсім сомасын танудың келесідей критерилері көрсетілген:

1. Түсім сомасын сенімді бағалау мүмкін болған жағдайда.

2. Мәміленің іске асуымен байланысты экономикалық пайданың алынуы ықтимал болса.

3. Мәміле кезеңдерінің белгілі-бір есепті мерзімге қатысты аяқталғандығын сенімді бағалау мүмкін болса.

4. Мәміленің жүзеге асырылуына, аяқталуына қажетті жұмсалған шығындарды сенімді бағалау мүмкін болса.

Әділ құн дегеніміз - активке айырбастауға болатын немесе бұдан жақсы хабардар тәуелсіз жақпен бұл операцияны тезірек аяқтағысы келетін міндеттемені жабатын немесе активке айырбастауға болатын қаржы.

Баға кіріс алынған эквивалент бойынша немесе алуға тиіс деп күтіліп отырған ақша қаржысының эквиваленттері немесе басқа да соның орнын толтыратын басқа бұл істен жақсы хабардар және жақсы дайындығы бар тәуелсіз жақтың келісімі бойынша бағаланады. Ақшалай емес басқа да айырбастаулардан түскен кіріс сол айырбастап алған тауар мен оған көрсетілген қызметтің әділ құнымен бағаланады.

Тауарды сатудан түскен кіріс кіріс және шығыс туралы есеп беруде көрсетіледі, тек қана төмендегі мойындаудың шарттарын қанағаттандырғанда ғана:

- өндіріс сатып алушыға тауардың жеке меншіктілігімен байланысты айтарлықтай тәуекелге баруға итермелесе; өндіріс тауардың жекеменшілігіне құқығына қатысы жоқ, сатылған товарды бақылауға қатыспаса;

- кірістің ақшасы сенімді түрде бағаланса;

- операциямен байланысты келген немесе болады деп күтілген шығын сенімді түрде бағаланса.

Халықаралық стандартта қаржылық есеп беруде заңдық форманың үстінен қарайтын экономикалық мазмұндағы үстемдік принціпі бар екенін ескере отырып, кірісті мойындаудың шартын келісіп алу керек.

Операцияның немесе келісімнің экономикалық мазмұндағы үстемдігі бар болғандықтан және олардың заңдық формасы жасалған операциялар мен келісімдердің экономикалық мазмұндағы көзқарасы тұрғысынан стандарттағы көрсету шартын мойындауды талап етеді.

Кірісті мойындаудың бірінші шарты - сатып алушының тауарға меншіліктілігімен байланысты айтарлықтай тәуекелге баруы және тиімділігі.

Экономикалық мазмұндағы көзқарас тұрғысынан сатылған тауарлар тауардағы экономикалық тиімділік сатып алушының атына көшірілгенде мойындалады. Соған сәйкес бақылауға байланысты тәуекелге бару да сатып алушыға ауысады.

Бірінші талап бойынша тауарды сатудағы меншіктілік құқығы заңды түрдегі формасының экономикалық мазмұны айқындалады. Экономикалық мазмұндағы көзқарас бойынша, тауар сатылады деп мынадай жағдайда мойындалады, егер актив сатушының активінен сатып алушының активіне ауысса, яғни активте бекітілген экономикалық тиімділікті пайдалану құқығы сатушыдан сатып алушыға ауысқан жағдайда. Бұл құқық «Кіріс 18» активтерге кірістірілген экономикалық тиімділікті басқарудағы бақылау сияқты анықталған. Ал бұл тапқан кірістің екінші критериі болып танылады.

Өндіріс - сатушы бұл активтерді басқаруға араласпай және сатылған активтерді сатушы бақыламаса, тауарлар сатылды деп танылады.

Активтің анықтамасын еске түсірейік. Халықаралық стандарт бойынша, актив дегеніміз - өнеркәсіптің бақылауындағы өткен уақыттағы жасалған келісімдердің нәтижесінде болашақта экономикалық түсім күтіп отырған ресурстар. Соған сәйкес сатушының өндірісі сатып алушының өндірісіне өткізіп берген активтер заң жүзінде ғана емес, экономикалық мазмұндағы да сатылған тауарлар деп танылады.

Тауар сатып алушының өндірісінің активті болып танысу үшін, сатушының бақылауындағы келешекте сатушыға экономикалық тиімді болудан қалып, сатып алушының бақылауындағы экономикалық ресурс болу керек. Соған сәйкес активке кірістірілген бүкіл экономикалық пайда және соған сәйкес тәуекелге бару, меншіктік құқығынан сатып алушыға ауысады. Активке кірістірілген экономикалық пайда өндіріске түсу мүмкіндігі болу керек.

Бұл - кірісті мойындаудың негізгі талаптарының бірі.

Бұл дегеніміз, ондай жағдайда тауарды сатудан түскен кіріс деп танылады, егер сатушыға айтарлықтай меншіктілік құқығына байланысты, тәуекелге бару мен кіріс берілген болса.

Егер өндіріс меншіктілікке байланысты, тәуекелге бару қауіпі сақталса, одан түскен кіріс кіріс деп танылмайды.

Мынаған көңіл бөліңіз, егер өндіріс меншіктілікке байланысты, елеусіз ғана тәуекелге баратын жағдайда болса, сату операциясы жүрген болып шығады да, кіріс та кіріс деп танылады. Мысалы, жеке заттарды сататын дүкен, тауардың кейбір бөліктерінің сатушыға қайтарылу мүмкіндігі болса да, қайтарылған тауар саны аз болғандықтан, тауарды жіберген уақыттан бастап, кіріс деп танылады. Егер өндіріс, жасаған келісім бойынша, экономикалық пайда көрсе, кіріс бар деп танылады. Бір келісім бойынша түскен кіріс пен келген шығын бір мезгілде танылады. Қызмет көрсетуден түскен кіріс бағасы есеп беретін күнгі операцияның аяқталу кезеңін анықтау жолымен танылуға тиіс.

Төмендегідей шарттарды орындағанда ғана операция қорытындысы сенімді түрде бағаланады:

- Кірістің ақшасы сенімді түрде бағалану мүмкін болған жағдайда;

- Операциямен байланысты өндіріс орны экономикалық пайда көру мүмкіндігі болғанда;

- Операцияның аяқталу кезеңі есеп беретін күнгесенімді түрде бағаланса;

- Сатудың аяқталуы үшін қажет болған сату опрециясы кезінде болған шығындар сенімді түрде бағаланса.

Кіріске сонымен қатар кәсіпорынның әдеттегі дайын өнімдерді сатудан түсетін (тауар, қызмет көрсетуден) пайда кіреді. Дайын өнімдерді сатудан түсетін кіріс дегеніміз ( тауар, жұмыс, қызмет көрсету) - акционерлердің үлесі есебінен капиталдың өсуін яғни кәсіпорынның жұмыс істеп тұрған кездегі экономикалық тиімділіктен түскен пайда.

Типтік шоттар жоспарының «Кірістер» бөлімі кірістерды есепке алу үшін қажет. Бұл бөлім келесі бөлімдерден тұрады. [20]

6000 - сатылған өнім мен көрсетілген қызметтен түскен кіріс;

6100 - қаржыландырудан алынатын кірістер;

6200 - тағы басқа кірістер;

6300 - тоқтатылған қызметпен байланысты кірістер;

6400- үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын кірістер.

Есепті кезең соңында бұл бөлім шоттары «5610 есепті кезең пайдасы немесе зияны» атты шотымен жабылады.

Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға сәйкес Кіріс - капиталдың ұлғаюына алып келетін, активтердиң өсуіне немесе міндеттемелердін азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы. Субъектінің негізгі немесе негізгі емес қызметтен алынған кіріс оның біріккен кірісын құрайды.

Кіріс келесілерден пайда болады:

  • тауарлы- материалдық қордың сатылуы;
  • Қызметтерді көрсету;
  • Субъектіге қатысты пайыз, роялти, дивиденд алып келетін активтерді қолдануға беру.

Тауарды сатудан, қызмет көрсетуден кіріс субъектілер арасындағы келісімшарттағы сату бағасы бойынша анықталады. Кіріс халықаралық стандарттарға сәйкес 2 түрге бөлінеді: қарапайым және басқа да кірістер.

Қызметтің қарапайым түрлерінен түскен кіріске өнім мен тауарды сатудан түскен ақша және жұмыстың орындалуы мен қызмет көрсетуден түскен ақша жатады.

Кәсіпорында, қызмет көрсетуіне уақытша пайдалануға берілген төлемақы ( уақытша иелік ету және пайдалану) осы қызмет түрінен ( жалға беру ақысы) түсетін ақша жатады.

Кәсіпорындардың қызметіне басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу және осы қызметке байланысты түскен ақша кіреді.

Кәсіпорынның уақытша пайдалану үшін төленген төлемақы, патенттің өнертапқыштығының, өндірісті үлгілер және меншіктің басқа түрлерінен, басқа мекемелердің жарғылық капиталына қатысқанда, бұл кәсіпорынның қызметіне қатысы жоқ болса, операциялық кіріске жатады.

Бұдан түскен ақша бухгалтерлік есепке кіреді егер ақшалай түсетін қаржы дебиторлық қарыздың көлеміндей болса.

Егер түскен қаржы түсуге тиіс қаржының бір бөлігі ғана болса, онда бухгалтерлердің есебіне дебиторлық қарыз ретінде кіреді (қарыздың жабылмаған бір бөлігі ретінде) .

Түсуге тиісті қаржының көлемі және дебиторлық қарыздың көлемі кәсіпорын мен сатып алушының (тапсырыс берушінің) немесе кәсіпорын белсенділерін пайдалану арасындағы келісім-шартпен анықталады. Егер бағасы келісім- шартта қаралмаған болса, онда түскен қаржы дебиторлық қарыздың бағасын әдетте кәсіпорын салыстырмалы жағдайларда аналогтық өнімдер ( тауар, қызмет көрсету, жұмыс) бойынша немесе аналогтық белсенділердің уақытша пайдаланғанын көрсету арқылы анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және оны талдаудың мақсаты
Нарық қатынастарындағы саудадағы сегмент орны, ұйымның есеп саясаты және технико-экономикалық көрсеткіштері
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Басқару есебі туралы
Қаржылық талдаудың қаржылық саясат стратегиясындағы рөлі
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Заңды тұлғалардың салық есебі және жиынтық жылдық табысты талдау
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорынның бюджеттік қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Аудит негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz