Молотов Риббентроп пактісі: шығу тарихы және мәні


Молотов Риббентроп пактісі: шығу тарихы және мәні

Жоспары

Кіріспе

І - тарау Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар

ІІ - тарау Германия және Кеңес үкіметі арасындағы саяси дипломатиялық байланыстар

ІІ. 1. Молотов Риббентроп пактісінің жасалуы

ІІ. 2. Молотов Риббентроп пактісінің мәні

ІІІ - тарау Молотов Риббентроп пактісінің дипломатиядағы алар орны

Қорытынды

Сілтемелер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. ХХ ғасырдың басындағы адамзат тарихындағы орын алған үлкен алапат соғыс ІІ дүниежүзілік соғыстың өркениет дамуына үлкен тосқауыл болғаны анық. Осы бір соғыс барысында дипломатиялық қарым-қатынастардың алатын орны ерекше. Өйткені соғыс қарсаңында әрбір мемлекет осы тұста орын алған оқиғаларды өз пайдасына шешудің жолдарын қарастыруға әрекеттенген болатын.

Позицияны ұтымды пайдалану үшін әрбір қадам шешуші роль атқаратын еді. Әрбір мемлекеттік қайраткерге өз шеберлігін пайдалана отырып, негізгі фигураға айналуына ыңғайлы сәт туған болатын. Тек осы бір аталмыш қабілеттің болмауы себеп болды ма, әлде өзінің жеке дербестігінің кем болуы себеп болды ма, әйтеуір кейбірі тек қана билеушінің жай ғана шабарманы іспеттес болып қала берген болатын. Тек мемлекет тарихы мен дамуына ғана емес сонымен қатар бүкіл адамзат тарихы үшін де маңызды болған қадамдар жасалып жатқанын бұл аталмыш тұлғалар өте жақсы түсінген болатын.

Әрине бұл тұстағы дипломатиялық қарым-қатынастармен қоса, дипломаттардың рольі де аса жоғары бағаланды. Көтерілген тақырып бойынша мысалдарға тоқталып өтер болсақ, онда мына бір жайттардың маңызы ашыла түспек. Екі дипломатта екі мемлекеттің жеке қызығушылықтарымен толық таныс және әрқайсысы өз пайдасына шешуге тырысқан болатын. Ал неліктен осы бір аталмыш аты шулы пактінің жасалуына осы аталған екі тұлғаның тарапынан жасалуы тиіс болды. Оған қоса, 1939 жылдың сәуір айында ағылшындар мен француздарға бірігу туралы ұсыныс жасаған Кеңестік үкіметтің сыртқы істер министрі М. М. Литвинов көп өтпей орынан босап, ал бұл міндетті атқару Молотов мырзаға жүктелуі және бұрынғы сыртқы істер министрінің ұсынысы аяқсыз қалуы да жай ғана кездейсоқтық емес әрине. Болып өткен дипломатиялық келісімнің жалпы екінші дүниежүзілік соғысқа қосқан үлесін салмақтау үшін аталған тақырып бойынша барлық сұрақтарды қамтып өту қажеттілігі айқын байқалады. Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастарға үңіле отырып, қарайтын болсақ әрбір дипломат өз шедеврін жасауға тырысқан болатын. Басқаша айтатын болсақ, диломаттар сол бір қысылтаяң саяси қақтығыстарды пайдалана отырып, өздерінің мүддесіне орай жағдайды пайдаланып қалуға тырысты. Сол кезеңдегі халқаралық қатынастардың барысы әлемнің алда күтіп тұрған екінші дүниежүзілік соғыстан қашып құтыла алмайтындығын айқындай түскен болатын. Мұндай жағдайда тек соғыс барысына ғана өзгеріс енгізу мүмкін еді. Яғни тек қана белсенділіктің арқасында не соққы беру не соққы алудың ғана жолын таңдау тұрды.

Осы оқиғалардың барлығын саралай келе Молотов-Риббентроп пактісінің мәні және оның шығу тарихы тақырыбындағы ғылыми жұмысты жан-жақты зерттеу және талдап, талқылау арқылы обьективті шындыққа жету көзделген.

Ең бастысы Молотов - Риббентроп пактісінің екінші дүниежүзілік соғысқа қосар үлесі қандай болды және оның маңыздылығы қай дәрежеде болды деген өзектілік басты мәселе етіп алынған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Көтерілген тақырып соғыс барысындағы ең үлкен бетбұрыс жасаған қадам болғаны айқын. Сондықтанда аталған тақырыптың негізгі түйінін шешу үшін басты мақсаты айқындалып, міндеттері алға тартылған болатын. Осы оймен басты принцптері айқындалған болатын. Молотов - Риббентроп пактісінің сол ғасырдағы басқа дипломатиялық келісімдерден оқшау көрсететін ерекшелігі мен шоқтығы биік даулы да күрделі міндет атқаратындығын жұмыс барысында толығымен ашып көрсету басты мақсат етіп алынған. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер қойылған:

  • Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастарға шолу жасау
  • Германия және Кеңес үкіметі арасындағы саяси дипломатиялық байланыстардың барысын ашып көрсету
  • Молотов Риббентроп пактісінің жасалу мақсатын айқындау
  • Молотов Риббентроп пактісінің мәнін айқындау
  • Аталмыш пактінің негізгі мақсатына тоқталу
  • Молотов Риббентроп пактісінің ғасыр дипломатиясындағы алар орнын көрсету
  • Орын алған оқиғаға жан-жақты толық талдаулар мен зерттеулер жүргізу
  • Келісім екі мемлекеттің мүддесі мен қажеттілігін бере алды ма деген сұрақтардың маңызын ашу

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері. Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлемге жаңа ағым фашизм пайда болып, өркендей дами бастаған болатын. Өз кезегінде әрбір мемлекет ХХ ғасырдағы бірінен соң бірі орын ала бастаған экономикалық дағдарыстар мемлекеттердің саяси дамуына өз әсерін тигізбей қоймайтынын жақсы түсінген болатын. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің қауқары жеткенінше орын алған жағдайларға өздігінше ықпал етуге тырысқан болатын.

Ал жұмысты зерттеу барысында осы орын алған саяси оқиғаларды жан-жақты зерттей отырып, негізгі айтулы келісімдердің аталмыш пактіге тікелей қатысты болған оқиғалармен салыстыра және талдай отыра негізгі шындыққа жетуді көздейді. Сондықтанда жұмысты жазу және зерттеу барысында ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы басты халықаралық қатыснастардан хабардар етіп, оларға сипаттама беру арқылы Молотов Риббентроп пактісінің маңызын ашу мақсат етілген.

Яғни ғылыми жұмыстың қамтитын хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың 30 жылдары. Осы жылдардағы негізгі оқиғаларды саралай отырып, аталмыш тақырыптың екінші дүниежүзілік соғысқа қосқан үлесі мен соғыстың барысын өзгертудегі маңыздылығын ашуға өзіндік үлесін айқындау қажеттілігі туындайды.

Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Жалпы жұмысты зерттеу барысында зерттелу дәрежесін айқындау мақсатында оны екіге бөліп қарастыруды қолға алдық.

Бірінші топқа тақырып бойынша деректер жайында мәлімет беріліп өтіледі. «Хрестоматия по новейшей истории» атты еңбек Молотов Риббентроп пактісі жайында негізгі деректермен таныстырады. Ал Г. Л. Розановтың «Сталин - Гитлер:Документальный очерк советско-германских дипломатических отношений» еңбегі арқылы осы пактінің құпия протоколы жайында мәлімет ала аламыз. Оған қоса тақырыптың маңызын аша түсетін көптеген хаттармен таныстырып өтеді. Фляйшхауэр Ингбергтің «Пакт. Гитлер, Сталин и инициатива германской дипломатии 1938-1939 гг. » бұл аталмыш еңбекте екі мемлекеттің пакттен күткен өзіндік қажеттіліктері мен мүддесі және оның басқада құпиялары келтірілген. Л. Б. Чернаяның Коричневые диктаторы: Гитлер, Риббентроп и др. » бұл еңбекте аты шулы пактінің негізгі кейіпкері Риббентроп жайында біршама деректер келтірілген. Осы деректерді жан-жақты зерттеп саралай отыра шындыққа көз жеткізуге тырыстық. Оған қоса мынадай негізгі дерек көздері жұмысты жазу барысында қолданыста болды. «Мировая война в цифрах» атты дерек соғыс қарсаңындағы және соғыс барысындағы негізгі сандық деректер жөнінде толық таныстырып сол жайында талдау жүргізуге өз септігін тигізген болатын. У. Черчилльдің «Вторая мировая война» атты үш томдық еңбегінде соғыс қарсаңындағы және соғыс барысындағы саяси дипломатиялық қарым-қатынастарға өзіндік баға беріп өтіп, біршама тақырыпқа байланысты құнды ақпаратттар беріп өткен. Оның сыни көзқарастары салыстыру мақсатында көптеп көмек берген болатын. Оған қоса тақырыпқа байланысты Шарль де Гольдің «Военные мемуары» атты естелік еңбегіде пайдаланылды. Документы и материалы кануна второй мировой войны 1937-1939гг. Атты еңбек соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастармен таныстырып қана қоймай сонымен қатар дипломатиялық құпиялармен маңызды келісімдер және жасырын кездесулер мен жеке сұхбаттармен таныстырып шығады.

Ал екінші топқа тақырып бойынша негізгі әдебиеттер мен баспасөз материалдарын топтастырдық. «Накануне 1931-1939 гг. Как мир был вергнут в войну» атты еңбек осы тақырыпқа біршама жарық түсіретін мәліметтер беріп өтеді. У. Черчилльдің «Вторая мировая война» атты үш томдық еңбегінде соғыс қарсаңындағы және соғыс барысындағы саяси дипломатиялық қарым-қатынастарға өзіндік баға беріп өтіп, біршама тақырыпқа байланысты құнды ақпаратттар беріп өткен. Оның сыни көзқарастары салыстыру мақсатында көптеп көмек берген болатын. Оған қоса тақырыпқа байланысты Шарль де Гольдің «Военные мемуары» атты естелік еңбегіде пайдаланылды. Ф. Д. Волков «Тайное становиться явным: Деятельность дипломатии и разведки западных державы в годы второй мировой войны» атты еңбек тақырып бойынша барлық еңбектерді саралап, талдау мақсатында өзіндік үлесін қосты. Е. Н. Кульков и др. «Правда и ложь о второй мировой войне» соғысқа қатысты біршама құпия келісімдер жайында мәлімет беріп өткен. Л. Трепердің Большая игра. Воспоминания советских разведчика. Бұл еңбекте Сталиннің Германияға қатысты позициясына толық анықтамалар келтіріп өтеді. И. Ю. Анросовтың «На перекрестке трех стратегии» сол кезеңдегі басты стратегиялармен таныстыра отырып, негізгі кеңестік, германдық және ағылшын-француздық стратегиялармен толық таныстырады. Ал В. М. Бережковтың «Страницы дипломатической истории» еңбегінде соғыс қарсаңындағы және соғыс барысындағы дипломатиялық қарым-қатынастар жайында мәлімет бере отырып, сыни пікірлер келтірген. Оған қоса осыған ұқсас «История дипломатии» атты еңбекте аталмыш тақырыптың маңызын аша түседі. Ал И. Д. Овсяныйдың «Тайна в которой война рождалось» еңбегінде германдық стратегияларға жарық түсіріп, негізгі мәліметтермен таныстырып өтеді. Ал 1939 год. Уроки истории атты ұжымдық еңбекте жалпы аталмыш тақырып бойынша негізгі қалыптасқан пікірлер мен ойларды алға тарта отырып, пакт бойынша негізгі өзіндік ойын білдіріп өткен. Бұл ойлар тақырыпқа талдау жасау барысында салыстыру үшін қолданылды. История внешной политики СССР» деген екі томдық ұжымдық еңбек арқылы сол кезеңдегі кеңестік үкіметтің келісімнен күткен пайдасы яғни мүддесі және сол келісім арқылы қол жеткізген жетістіктері мен жоғалтқан мүмкіндіктері жайында ақпараттар ала аламыз. Плехановтың «Роль личности в истории» атты еңбекте саяси қатынастардың басы қасында болған және оларға тікелей немесе жанама түрде өз ықпалын тигізген жеке тұлғалардың әрекетімен таныстырып өтеді. Бұл аталған мәліметтер жұмыс барысында жан-жақты талдау жүргізіп, зерттеудің нәтижелі болуына өз әсерін тигізіп, маңызды роль атқарған болатын. Ал тақырып бойынша баспасөз маериалдарына тоқталатын болсақ, Огонек журналының 1991 жылғы 32 ші санында Геббельстің «Война - начала всех начал» атты мақаласында Молотов - Риббентроп пактісі жайында біршама мәліметтер келтірген. Родина журналының 1989 жылғы 7ші санында жарық көрген Ширердің «Роковое лето» атты мақаласы пакті жайында құпия деректермен бөліседі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Молотов Риббентроп пактісі: шығу тарихы және мәні тақырыбындағы ғылыми жұмыстың жан-жақты және де терең зерттелуі үшін төмендегідей бөлімдерге бөлініп, құрылымы жасалды.

Кіріпе бөлімінде жұмыстың қазіргі таңда тарих ғылымы үшін қаншалықты маңызды тақырып екендігі талқыланып, ғылыми айналымдағы алатын орны айқындалып, жұмыстың негізгі өзектілігі анықталған. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері - тақырыпты зерттеу барысы бойынша басты мақсат қойылып, осыған орай бірнеше міндеттер айқындалған. Жұмыстың зерттелу дәрежесі - сол кезеңдегі және қазіргі таңдағы осы тақырып бойынша жарық көрген дерек көздері мен әдебиеттерге тоқталып, олар жайында толық мәлімет берілген. Оған қосымша деректер мен әдебиеттерге анықтамалық сипат берілген. жұмыстың хронологиялық шеңбері - тарихи процестің қай кезеңдерді қамтып өткені жайында мәлімет береді. Жұмыстың құрылымы - тақырыптың зерттелуіне байланысты бөлімдері мен тараулары жайында, яғни құрылымы мен толыққанды таныстырып өтеді.

Негізгі бөлім басты үш тарауға бөлінген. Бірінші тарау - соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастармен толыққанды таныстырып өтіп, оларға талдау жасайды. Соғыс қарсаңындағы шиеленіскен саяси ахуалдан хабардар етіп оларды ширатып, толыққанды дипломатиялық кездесулермен таныстырады. Осы тарауда соғысқа себеп болған жағдайлардың басы ашылып, Кеңес үкіметінің Германиямен келісім жасауға не итермелегенін айқындай түседі. Ал екінші тарауда - Германия және Кеңес Үкіметі арасындағы саяси дипломатиялық байланыстарға тоқталып өтіп, оларға жан-жақты зерттеу жүргізеді. Оған қоса осы бір атышулы пакттің жасалуына басты себептің неден болғаны және оның жасалуына кімдер мүдделі болғанына толық анықтамалық сипат келтіріп өтеді. Аталған тараудың толық ашылуы үшін мынадай тақырыпшаларға бөліп қарастырдық: біріншісі Молотов Риббентроп пактісінің жасалуы; бұл тақырыпта пакттің кімдер тарапынан жасалғанын және оның жасалу барысында қосымша қандай саяси және тарихи маңызды оқиғалар болып өткенімен таныстырып өтеді, екіншісі Молотов Риббентроп пактісінің мәні; бұл жерде аталмыш тақырыптың қаншалықты маңызды болғанын айқындаумен қатар, оның негізгі қол жеткізген жетістіктері мен жіберіп алған қателіктері қарастырылады.

Ал үшінші тарауда Молотов Риббентроп пактісінің дипломатиядағы алар орны деген тақырып бойыша негізі зерттеулер топтастырылған. Яғни бұл тарауда Кеңес үкіметі мен Германияның жасаған пактісінің жалпы ғасыр барысында жасаған басқа дипломатиялық қатынастардан шоқтығы биік келісім екендігін нақтылайтын фактілер келтіріп өткен.

Қорытынды бөлімде жұмысқа жан-жақты шолу жасалып, қорытынды түйін жасалған. Тақырыптың маңызы ашылып, ғылыми айналымдағы өзекті тақырып екендігі обьективті түрде дәлелденіп, жұмысқа баға беріледі. Жалпы жұмысты зерттеу барысында қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер соңғы бетте көрсетілген.

І - тарау Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар

Молотов Риббентроп пактісінің маңыздылығын ашу мақсатында Германиямен Кеңес үкіметінің осы аталмыш пактіні жасаудағы мақсаты мен Кеңес үкіметін осы қадамға итермелеген себептерді айқындау мақсатында сол кезеңдегі халықаралық қатынастарға шолу жасай отырып, оларға талдау жүргізу барысында біз көздеген мақсатымызға жете аламыз.

ІІ дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар алапат соғыстың мәні мен себептерін ашуда көптеген мәселелердің маңызын ашып көрсете алады. Өйткені осы аталған халықаралық қатынастар соғыс бағыты мен барысына елеулі өзгерістер мен әсерін тигізген болатын. Соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың кейбірі ашық түрде жүргізілсе, ал кейбірі құпия түрде орын алған болатын. Мұның өзі бұл саяси дипломатиялық іс-әрекеттердің қаншалықты маңыздылығын ашып көрсетумен қатар, сол кезеңде барлық әлемдік державалар соғыс өртінен хабардар болып қана қоймай, оның кім тарапынан және қайсы бағытта жүргізілу мәселесінде бас қатыра бастағандығын айқындай түседі. Осы тұста Кеңес үкіметінің сыртқы істерінің халық комиссары М. М. Литвинов пен Германия Сыртқы істер министрі К. Фон Нейрат екеуінің кездесуіндегі мына бір әңгіме соғыс өртінің таяу қалғанына дәлел бола түседі:

« Бүкіл Европа соғыс қаупін сезінуде және қауіпсіздікке сенімсіз қарауда. Бұл алып-ұшқан қорқыныш сезімдерді біздің Кеңес Одағы да жақсы аңғаруда. Бұлай деп айтуға бірнеше себептерді жеткізе аламын. Бұл жағдайлар сізгеде өте жақсы мәлім. Ал бұл бізге жетіп отырған мәліметтер Германиядағы үкімет жүргізіп отырған саясат тікелей Кеңестік үкіметке қарсы блокада құруды жоспарлағандығын айқындай түсуде». /1/

Әлем дүрліге бастаған шақта кейбір шоқтығы биік саясаткерлер мен диплоиаттардың іс-әрекеттері оларды басқалардан өзіндік саяси өрнегімен ерекшелендіре түскен болатын. Осы бір ұтымды сәтті шебер пайдалана алған жеке саяси тұлғалар көш бойы озық тұрды. Дәл осы аталмыш тұлғалардың алда күтіп тұрған және болмай қоймайтын соғысты сезген бойда өздерінің позицияларын жеке мүдесіне қарай бағыттауды жан-жақтама жүргізе бастаған болатын.

Соғыс қарсаңындағы шиеленіскен оқиғалардың басын ашу үшін жекелеген мемлекеттердің осы кезеңдегі саяси қарым-қатынастарын сипаттап өтетін болсақ, онда көп жайттардың басы ашылатын еді.

Сыртқы саясаттағы Жапонияның ХІХ ғасырдың соңындағы пайда болған милитаристік бағыт ХХ ғасырдың 20 жылдарында аяғына таман анық байқала бастады. Осы кезде Қытайда орын алған ішкі алауыздықтарды пайдаланып, жапон әскерлері Қытайдың ірі облыстарын басып алуды жоспарлады. Жапонияның милитаристік жоспарлары мұнымен шектеліп қалмады. 1927-1929 жылдары елдің үкіметін басқарған генерал Г. Танака 1927 жылы 25 июльде құпия «Манчжурия мен Монголияның позитивтік саясаты негізіндегі меморандум» атты меморандум дайындап, императорға ұсынған болатын. Онда «Дүниені жаулап алу үшін, Жапония ең алдымен Манчжурия мен Монголияны, сосын Қытайды басып алу қажет. Қытайдың барлық ресурстарын қолға алған соң, мықтап күшейген Жапония Үндістанды, Оңтүстік теңіз мемлекеттерін, кейін Кіші және Орталық Азияны ең соңында Европаны тізе бүктіруі, жаулап алуы қажет» \2\ деген ең басты мәтін болды. Яғни Жапонияның Маньчжурия мен Монғолияға құқығын және Оңтүстік-Шығыс Азияны Үндістанды, одан соң Жерорта теңізіне дейінгі Азияның бүкіл аймағын және Европаны жаулап алу ниеті бар екендігін тұжырымдады.

Меморандум құпия болатын, бірақ 1931 жылы қыркүйекте оны Қытай, одан соң дүние жүзі баспасөздерінде жарияланған болатын. Халықаралық жанжал шықты. Қытайда меморандум басылған кезде 1931 жылы 19 қыркүйекте жапон әскерлері Маньчжурияға шабуылдады. Тұтқиылдан шабуыл жасаған жапон әскерлері Мукденді және басқада ірі қалаларды басып алған болатын. Кеңес одағы Қытайдың өтініші бойынша оған қазіргі заманғы қару-жарақ берді және Маньчжурияға әскери мамандар мен нұсқаушылар жіберді. Бұл кеңес-жапон соғыс қақтығысына әкеле жаздады. Ал Қытайға басқыншылық жалғаса берді. Жапон әскерлері тереңдеп ене батады. Ұлттар лигасы Жапонияға Қытайға қарсы басқыншылық соғысты тоқтатуды талап еткен болатын. Алайда 1933 жылы 27 наурызында Жапония Ұлттар Лигасынан шығатынын мәлімдеді. Бұл Жапония милитаристерінің өздерінің басқыншылық жоспарларынан бас тартпайтындығын білдірген болатын. \3\

1935 жылы қаңтардағы Франция сыртқы істер министрі П. Лаваль мен Муссолинидің кездесуі және оның Эфиопияны басып алуға келісмін алу ендігі кезекте Италияның басқыншылық іс-әрекетін бастауын кеңінен жол ашып берген болатын. Ол өзінің басқыншылық шабуылын бастамай жатып, алдымен Сомали мен Эритерия жерлерінен Эфиопияға қарсы бірнеше рет қарулы арандатушылық әрекеттерін ұйымдастырған болатын. 1935 жылдың күзінде Эфиопия шекарасы бойында италян әскерлерінің саны 250 мың адамға жеткен болатын. \4\ 1936 жылы көктемнің соңына қарай Эфиопия Италияның отарына айналдырылды.

Осы орайда Ұлттар Лигасының позициясы маңызды роль ойнаған болатын. Ұлттар Лигасы Италияға қарсы экономикалық және қаржы шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда бұл жазалау шараларының көлемі мен қауқарының болар-болмастығы соншалықты, олардың Италия экономимкасына ешқандай әсері болмады.

Әлем жұртшылығының жапон, одан соң италян басқыншылықтарына немқұрайды қарауы неміс фашистерінің өздерінің басқыншылық жоспарларын іске асыруға қолайлы жағдай туғызып, кеңінен жол ашып берген болатын. 1933 жылы 14 қазанда Ұлттар Лигасы Германияға басқа елдермен салыстырғанда тең құқықты емес қарусыздандыру бағдарламасын таңып отыр деген сылтаумен оның құрамынан шыққан болатын. 1933 жылы соңынан бастап гитлерлік басшылық Саар облысының мәртебесін қайта қарауды талап етті. Гитлер сонымен бірге Германияға армия қатарын 300 мың адамға дейін рұқсат ету мәселесін көтерген болатын. Осы екі арада германияның қарулану шығындары тез өсе бастады, бұл жағдай ағылшындар мен француздарды қатты мазалай бастаған болатын.

Германия жаппай жанталаса қарулана бастады. Жаппай әскери міндет енгізілген кезде әскери қызмет мерзімі бір жыл болып белгіленген болатын. Ал 1936 жылы тамызда бұл мерзім екі жылға дейін ұзартылған болатын. Бұл кәсіби және тәжірибелі армия құру үшін қажет болды. Герман соғыс өнеркәсібі бар қуатымен жұмыс істеді. Осы орайда мына мәліметтер мұны дәлелдей түсетіні анық. 1936 жылы күз айында герман армиясының саны 700 мың адамға жетіп, одан әрі өсе бастады. Армия қарамағында 1, 5 мың танк, 4, 5 мың жауынгерлік самолеттер болды. \5\ Олардың саны күн өткен сайын өсе түскен болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы КСРО-ның және Германияның геосаяси мақсаттары мен мүдделерi
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жасалынған дипломатиялық келісімдер
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
Екінші дүниежүзілік соғыс
Фашизмнiң пайда болуы
Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс
Ұлы Морав мемлекеті
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz