Бал



Табиғи таза бал, бал арасынын денесінде өсімдік гулдердін татті ширнесинен пайда болатын шікі зат.Оның дамі,түсі, исі олар алынған гүл түріне байланысты өзгереді. Озінің тусіне қарай бал ақ,акшыл сары,қоңырқай түсті болады. Бал адам организиміне өте сіңімді болып келеді.Энергетикалык кұндылығы 100 гр 308-315 ккал.Балдын құрамында 74% қант,18%-га дейін су болады.Қант ішінде фруктоза 37%,глюкоза 36% сахароза 2% сонымен қатар құрамында минералды заттар ферменттер,витаминдер бояулы және хош исті заттар жане бояулы декстрин кездеседі.Балды құрғақ 10С төмен температурада ал ауаның салыстырмалы ылғалдылыгы 75-80% қоймада сақтайды.Сақтау кезінде 75л аузы жабық бөшкеде сақтаймыз. Балды осы шарттар орындалған жағдайда 1жыл сақтауға болады. Бірақ сақтау мерзімі артқан сайын дамі және емдік қасиеттері төмендейді.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
БАЛ
Табиғи таза бал, бал арасынын денесінде өсімдік гулдердін татті ширнесинен пайда болатын шікі зат.Оның дамі,түсі, исі олар алынған гүл түріне байланысты өзгереді. Озінің тусіне қарай бал ақ,акшыл сары,қоңырқай түсті болады. Бал адам организиміне өте сіңімді болып келеді.Энергетикалык кұндылығы 100 гр 308-315 ккал.Балдын құрамында 74% қант,18%-га дейін су болады.Қант ішінде фруктоза 37%,глюкоза 36% сахароза 2% сонымен қатар құрамында минералды заттар ферменттер,витаминдер бояулы және хош исті заттар жане бояулы декстрин кездеседі.Балды құрғақ 10С төмен температурада ал ауаның салыстырмалы ылғалдылыгы 75-80% қоймада сақтайды.Сақтау кезінде 75л аузы жабық бөшкеде сақтаймыз. Балды осы шарттар орындалған жағдайда 1жыл сақтауға болады. Бірақ сақтау мерзімі артқан сайын дамі және емдік қасиеттері төмендейді.
Ара балы, бал - жоғары калориялы диеталық тағам. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әр түрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал - қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, белокпен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5[о]С-тан 10[о]С-қа дейінгі температурада сақтайды. Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі - қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атайды. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат - балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.

Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.Көп шырынды бал - өсім-діктердің бірнеше түрінен жи-налған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.Сатушылар оны табиғи бал-ға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол -
балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық - янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
Бал жинау -- ара ұясының жылы маусымдағы гүл шірнесі мен тозаңын жинап, бал өндіруі; табиғи процесс. Аралардың ішінде бал жинауға тек ерекше балауыз бездері бар, "жұмысшы" аралар (қ. Ара) ғана қатысады. Ара өзінің "бал сауытына" (артқы екі аяғында болатын арнайы қуыс) өз салмағының жартысындай шірне (нектар) жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араға қалдырып, қайтадан ұшып кетеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның Бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, өсімдік түріне және оның омартаға қашықтығына, шірненің бөліну дәрежесіне байланысты. Бір маусымда ара ұясы 100 -- 200 кг бал жинайды. Араның Бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан оны үш кезеңге бөлуге болады. Көктемгі жинау -- өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезеңінде басталады. Ерте көктемде, тал, үйеңкі, алма, алмұрт ағаштары гүлдеген кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5 -- 6 кг) бал жинайды. Көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары болады. Жазғы жинау 2 -- 3 аптаға созылады. Бұл кезде бал (күніне 6 -- 7 кг), негізінен, жөке ағашынан жиналады. Өйткені жөке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында гүлдейді. Жөкеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бал құрамы, тағамдық құндылығы
Балдың тауарлық сипаттамасы
Орман балы
Балдың емдік қасиеті.
Ара шаруашылығын ұйымдастыру
Бал ара - табиғаттың сыйы
Ара балын ветеринариялық-санитариялық сараптау және сапаларын санитариялық бағалау, балдың жалған-жасандылығын анықтау және алдын алу шаралары
Ара балының түрлері
Балдың емдік қасиеті жайында
Ара шаруашылығы, ара өсіру
Пәндер