Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

магистратура

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

Диссертация жұмысы

«БОЛАШАҚ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ МҰҒАЛІМІН ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ»

Орындаған Мухангалиева Р. А. «»2014 ж.

(қолы)

Ғылыми жетекші

п. ғ. д., профессор Қожахметова К. Ж. «»2014 ж.

(қолы)

Алматы, 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. .
3
: 1
КІРІСПЕ. .: ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
3: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ. .: Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындау - әлеуметтік-педагогикалық мәселе.
3: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ. .: Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері….
3: 35
: 1. 3
КІРІСПЕ. .:

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі

3: 42
: 2
КІРІСПЕ. .: ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУГЕ БОЛАШАҚ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
3: 57
: 2. 1
КІРІСПЕ. .: Тәжірибелік - педагогикалық жұмыс мазмұны. .
3: 57
: 2. 2
КІРІСПЕ. .: Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелері.
3: 68
:
КІРІСПЕ. .: Қорытынды . . .
3: 74
:
КІРІСПЕ. .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 78

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олар отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын - ұнамды мінез-құлық нормалар мен рухани - адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қажеттілік екені белгілі.

Болашақ жаңарған қоғамның жастарына ұлттық-патриоттық рухта тәрбие берудің сапалық деңгейін көтеріп, рухани-адамгершілік түсініктері мен ұғымдарын тәрбиелеуді білім беру мекемелері міндет етіп қойған.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында: « . . . оқушыларды қазақстандық патриотизм шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет… Ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкпәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - дегені мәлім [1, 2, 3] . Міне, сондықтан жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзі білім мен ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында имандылық, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болып есептеледі және жалпы білім беретін орта мектептің түпкі стратегиялық нысаны мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін дүниеге мәдени тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары азаматтарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс.

Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырға созылған өзіндік тарихы, тағлымы, ой-пікірлері бар болғандықтан, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы тұжырымдар философ, тарихшы, этнограф, психолог, педагог ғалымдардың зерттеу еңбектерінен орын алған. Оның тамыры тереңге жайылып, Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, қазақ даласының аты аңызға айнаған кемеңгер ойшыл Қорқыт атаның, «Әлемнің екінші Ұстазы» атанған данышпан, ойшыл әл Фарабидің және сол орта ғасыр дәуіріндегі ғұламалардың (Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари т. б. ), ХІІ-ХІХ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың (Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиенбет, Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау, Майлықожа, т. б. ) жастарға тәрбиесі мол мұралардан бастау алады [4] . Аталған ойшылдардың еңбектері ғылыми педагогикалық тұрғыда сараланып, елін, жерін, Отанын, ұлттық мәдениетін сүйетін арлы, рухани -адамгершілігі мол, парасатты ұрпақ тәрбиелеуде баға жетпес мұра болып табылуда.

Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және оның өнегелі үлгілерін жастар тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық-практикалық негіздері Аристотель, Сократ, Платоннан бастау алып, келесі ғалымдар еңбектерінде жалғасын тапты (Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, Б. С. Гершунский, И. П. Подласый, Н. Е. Щуркова т. б. ) [5-7] .

Рухани-адамгершілік тәрбиесінің жас ұрпақты тәрбиелеуде алатын орны жөнінде қазақ зиялыларының еңбектерінде де сөз болған, әсіресе, ХІХ ғ. екінші жартысында Ш. Уалиханов [8], Ы. Алтынсарин [9], А. Құнанбаев [10] мұраларында жалғасын тауып насихатталады.

ХХ ғасыр басында қазақ халқының білім беру саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгінгі оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне пайдалану А. Байтұрсынов [11], М. Жұмабаев [12], Ж. Аймауытов [13], Ш. Құдайбердиев [14], және т. б. еңбектерінде көрініс тапты.

Рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы зерттеуші ғалымдарымыз өз еңбектерінде көрсеткен. Олар:

Айдналиева Н. А. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері [15] ; Махамедова Б. Я. Оқушыларды имандылық негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау[16] ; Демеуов А. Қ. Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғaлық- кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау [17] ; Бөлетова Л. А. Болашақ мұғалімдерді қазақ халқының салт-дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануға дайындау [18] ; Утебаева А. Т. Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары [19] ; Айджанова Н. А. Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру [20] ; Елемесова А. С. Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеялары [21] ; Кайбулдаева Г. А. Ұлттық балабақшалардағы рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінің тарихи даму бағыттары [22] ; Каплиева А. Қ. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптастыру [23] ; Ерғалиева Г. А. Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары [24] ; Таутенбаева А. А. Жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру[25] ; Байдалиев Д. Д. Болашақ мұғалімдерді өлкетану жұмысына кәсіби даярлау [26] ; Бөлеев Қалдыбек «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы [27] ; Әлқожаева Н. С. Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары контексіндегі тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері [28], Қожахметова К. Ж. Рухани-адамгершілік тәрбиенің этнопедагогикалық негіздері [29] және т. б. Әр зерттеуші өз еңбектерінде кәсіби бағдар беру, руханилық, рухани-адамгершілік ұғымдарына тоқталып, талдаған және оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесінде жан жақты қарастырған.

Жоғарыда көрсетілген еңбектерде, диссертациялық, зерттеу жұмыстарын да раухани-адамгершілік тәрбиенің даму тарихын жүйеге келтіріп, педагогикалық тұрғыда зерделеу нәтижесінде жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Мектептің оқу-тәрбие процесін зерттеудегі қорытындысы, оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде болашақ өзін-өзі тану пәні мұғалімін даярлау қажеттілігін дәлелдей түсті. Себебі, болашақ өзін-өзі тану пәні мұғалімінің кәсіби білімі көтеріліп отырған мәселеге байланысты жеткіліксіз болса, екінші жағынан оқушылардың бойына рухани -адамгершілік тәрбие қалыптастыру жөнінде теориялық жағынан негізделген ғылыми-әдістемелік мазмұнның тапшылығымен және де оқушылардың теріс жолға түсуінің бүгінгі таңда өзекті болып отырғанымен (темекі шегіп, ұрлық жасау, балағаттау, т. б. теріс іс-әрекеттерді жасау) түсіндіруге болады. Осы қарама-қайшылықты негізге ала отырып, адамзаттың рухани құндылығын күшейту мақсатында оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік тәрбиені дамыту және оған болашақ «Өзін-өзі тану пәні» мұғалімін дайындау мәселесі « Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» деп зерттеу тақырыбымызды таңдап алуға себеп болды.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындауды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

Зерттеудің нысаны: ЖОО-да болашақ «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімін кәсіби даярлау үдерісі.

Зерттеу пәні: Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындау үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында болашақ «өзін-өзі тану» пәні мұғалімін даярлау барысында рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі тану мен тәрбиелеу әдістері тиімді қолданылса, онда оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде болашақ «өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру шаралары оң ықпалын тигізеді, өйткені оқу-тәрбие үдерісі студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі басқаруына тиімді ықпал етеді.

Зерттеудің міндеттері:

- «Рух», «рухани», «рухани-адамгершілік тәрбие» ұғымдарының мәнін және болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;

- Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;

- Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін даярлауды тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тексеру, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық таным теориясы, жалпы адамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын педагогикалық теориялар, жеке тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, рухани-адамгершілік өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық принциптері, жоғары оқу орындарына енгізіліп отырған «Өзін-өзі тану» тәжірибелік жұмыстарының тұжырымдамалары.

Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың тұлға туралы, танымдық әрекет, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, рухани-адамгершілік құндылық туралы шетелдік және отандық зерттеулер, білім беруді ізгілендірудің нормативті құжаттары.

Зерттеу әдістері:

-Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық талдау жасау;

- Байқау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, сабақтарға талдау жасау;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы

- «Рухани-адамгершілік тәрбие» ұғымының мәні теориялық тұрғыдан негізделді;

- Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері анықталды;

- Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді. Ғылыми аппарат: мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, зерттеу көздері, әдістері айқындалады; теориялық негіздері анықталады.

«Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру үдерісінде болашақ «өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындаудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындау - әлеуметтік-педагогикалық мәселесі, оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері, оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындаудың құрылымдық-мазмұндық моделі қарастырылды.

«Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге болашақ «өзін-өзі тану» пәні мұғалімін дайындауға арналған тәжірибелік-педагогикалық жұмыс» атты екінші бөлімінде тәжірибелік жұмыс мазмұны, әдістемелері, тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері және оларды тәжірибеде қолданудың жолдары көрсетілді.

1 ОҚУШЫЛАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындау - әлеуметтік-педагогикалық мәселе

Осы заманғы ізгілендіру педагогикасы үшін тұлға мен оның қадіріне құрмет, тұлға еркіндігі мен даму құқығын қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық қағидаларды берік ұстану т. б. аса маңызды жалпы адамзаттық құндылықтар қатарында саналады. Адам құқы мен еркі - адамзаттың жалпы мүдделерін танытады, түрлі ұлттардың, діндер мен дәуірлердің рухани мұраттарын жақындатады.

Ізгілендіру қазіргі мәдениеттің объективті құбылысы бола отырып, жеке тұлғаны өз халқының рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, игі дәстүрлері негізінде рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруды көздейді.

Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата-бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емеc, жүректің, діннің, өткір cөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан «білекті бірді жығар» - деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түркі, қазақ хандығы, Ресей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды.

Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына:

1) Атамекен, атакәсіп, атамұра;

2) Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған.

3) Отбасын сақтау; ата-баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата-бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухта тәрбиелеу;

4) Айтқан сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізгі құрауыштары «рух», «руханилық», «адамгершілік», «құндылық», «тәрбие» ұғымдарының өзара байланысына тоқтала кетпекпіз.

Кеңес тоталитаризмі тұсында «рух» категориясы дінмен байланысты ұғым ретінде қабылданып келгендіктен, соңғы жылдарға дейін үрке қарағандар да аз болған жоқ. Тек білім берудің гуманистік парадигмасына көшу үрдісінің ықпалының нәтижесінде оң көзқарастар қалыптасты [30] .

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Рух - табиғи материалдық бастаманы білдіретін философиялық ұғым» - делінген.

Философиялық сөздікте «Рух - материяның «жоғарғы көркі» қоғамның рухани өмірі, қоғамдық сана мен болмыстың бейнесі болып табылады. «Руханилық адамның материалдық, қоғамдық тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі» - деген түсініктемелер берілген [31] .

Рух ұғымы субъективті және объективті рух деп жіктелінеді. Субъективті рух - адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне баға беруі болса, объективті рух - белгілі бір тарих сахнасында өмір сүріп жатқан халықтың рухы, ең алдымен оның туған тілі, жасаған өнер әлемі, әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбие әдістері, адамгершілік құндылықтары, ділі ретінде қабылданады [32] .

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясында «рух - жан дүниесі кейде «жан» атауының баламасы ретінде қолданылады. Руханилық - адам танымы мен дүниеге көзқарасының адамаралық қарым-қатынастағы биік адамгершілік қағидасы» делінген [33] .

Рухани мәдениет - адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.

Орысша-қазақша түсіндірме сөздікте рухани-адамгершілік тәрбиесі - өмірге адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін құндылықты қатынасты қалыптастыру деп көрсетілген [34] .

Рухани-адамгершілік сана - адамгершілік көзқарас, пікір, теория, түсініктер мен әдет ғұрыптардың бірлігі. Адамгершілік сана - жүйенің маңызды элементі, ол әдет ғұрыптардың даму үрдісін анықтайды, олардың болашағын ашады, ұшқыр ақыл ойдың нәтижесі. Мұғалім оқушының әлем туралы түсінігінің дұрыс дамуы үшін әркез әлем жұмбағын оқушымен бірге ашуы керек [35] .

Рухани-адамгершілік сезім - моральдық ұстанымдар мен ереже жөніндегі білім мазмұны мен жеке адамның қоғамдағы адамгершілік қатынас мен жағдайын білуі. Б. Т. Лихачев: «Адамгершілік сезім дегеніміз - шындықтағы адамгершілік қатынастарды және өзара әрекеттесуді үнемі эмоционалдық түйсіну, қобалжу».

Рухани-адамгершілік мінез-құлық - адамның тұлғалық мәнінің еркін дамуы, өз тәртібін қоғамдық мүддеге бағындыра білуі, мақсатты жүзеге асыру жолында қиындықтарды жеңе білуі. Адамгершілік қажеттілік, ерік, тілек, табандылық және өмірде адамгершілік таңдауын жүзеге асыру адамгершілік мінез-құлықтың маңызды бөлшегі болып табылады.

Рухани-адамгершілік даму - жеке тұлғаның тәрбиеге, әлеуметтік ортаға, жеке тәжірибесі мен өзін-өзі тәрбиеленуіне байланысты адамгершілік тәрбиелілігінің жетілу деңгейі.

Рухани құндылық - қоғамдағы мәдени тұтастық, оның ішкі бірлігі, әлеуметтік ортадағы таным, мұраттары, әсемдік пен адамгершілік қасиеттері арқылы көрінеді. Сонда рухани құндылық - адамның ортамен қарым қатынас, айналысатын ісі, білімі мен өмір сүру салты, санасы мен сезімі, сенімінен тұратын жиынтық [36] . Рухани-адамгершілік құндылықтар дегеніміз - адамның өзінің табиғи жаратылысы мен арнайы ұйымдастырылған тәрбиелеу жүйесі негізінде дамыған, тұлғаның тұрақтылығы деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық жүйе.

Руханилықтың ең негізгі өлшемдерінің бірі - адамның жақсылыққа қарай талпысыны. Жақсылық жасай білу - адамды адам еткен іс-әрекеттердің бірі, ол руханилықтың құрылымын қалыптастырушы өнердің бірі. Руханилықтың тағы бір келбеті - адамның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни ақылын, дарынын, қабілетін, шеберлігін, ішкі нұрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа, Ғаламға беруге ұмтылысы [37] .

Жалпы жоғарыдағы анықтамаларды талдай келе, біз рухани-адамгершілік тәрбие ұғымына тоқталуды жөн санадық. Рухани-адамгершілік тәрбие дегеніміз - қоғамға қажетті, адамның бойындағы жалпы ізгі қасиеттер жиынтығы деп түсінеміз.

Рухани-адамгершілік тәрбие сонау ежелгі кезден бері әлеуметтік ортада өз тапшылығымен келеді, осыған байланысты әр кезеңдегі ақын-жыраулар, ойшылдар, ғалымдар еңбектерінде қарастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды, тәрбиені қалыптастыру жолдарын іздеген.

Антика заманында өмір сүрген Сократ (б. з. б. 469-399 жылдары) таным мен философияның негізгі мәселесі адам болу керектігіне мән бере отырып, адамға «алдымен өзіңді біл, сол арқылы дүниені, әлемді білесің» деп уағыздады, яғни адам барлық заттардың мөлшері бола алатындығын дәлелдеді. Адамның бойындағы ізгілікке ие бола отырып, адами құндылықтарды - білімділік, даналық, парасаттылық, адамгершілік ізгі қасиеттерді жоғары бағалады. Платон үшін құндылық - «өмір сүру», Аристотель үшін құндылық - «адамның даналығы, яғни қандай да болмаcын құнды нәрсені таба білуі» болды.

Адамның парасаттылық, имандылық, нәзіктік, ақылдылық, іскерлік, адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығына аса құнды мұралар арнаған ғалымдар шығармаларының жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Орта ғасырда педагогика ғылымының қалыптасуына өзіндік зор үлесін қосқан ұлы ойшыл, данышпан ғалым Әунасыр әл-Фараби еңбектерінде рухани құндылықтарға көңіл бөлгендігі белгілі. Атап көрсеткен ерекше ұғымы «қайырымдылық» феномені болды. «Қайырымдылық» екі түрлі болады: этикалық және зияткерлік. Зияткерлік - (жанның) ақыл- парасаттылық жағына жататын қайырымдылық - дейді ғұлама [38] .

ХІ ғасырда өмір сүрген түркі данасы ойшыл-ақын Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» атты еңбегінде бүкіл адамзатқа тән адами құндылықтарға сипаттама берілген. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т. б. мәселелерді қарастырады. Дастандағы адами құндылықтардың жүйесі төмендегідей болып табылады: 1) адам, адамның өмірі, жеке тұлға; 2) имандылық, ізгілік, руханилық; 3) тектілік, парасаттылық, кісілік; 4) оқу-білім, ақыл, даналық; 5) әділдік; 6) байлық, дәулет, құт; 7) қанағат, ынсап, тәубешілдік; 8) жомарт жүрек; 9) тіл өнері, сөз шеберлігі; 10) ел басқару өнері, билік [39] .

«Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғам мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алдын алу үшін қажет. Білім адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге, өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері
Әлеуметтік педагогтың тәжірибелері
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулуға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz