Қазақстан Республикасының жалпы физикалық географиясы, жануарлар дүниесі



КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТАМАСЫ
1.1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
1.2 Қазақстанның жер бедері
1.3 Қазақстанның климаты 1.4 Қазақстанның ішкі сулары

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Қазақстанның орманды және дала зонасының жануарлары 2.2 Қазақстанның шөл және шөлейт зонасының жануарлары
2.3 Қазақстанның Тянь.Шань тауының жануарлары
2.4 Қазақстанның Алтай тауның жануарлары

3 ҚАЗАҚСТАН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ТУРИЗМДЕ ПАЙДАЛАНУ
3.1 Қақақстанның ұлтық табиғи парктері мен қорықтары
3.2 Аңшылық
3.3 Балық аулау
3.4 Бедвочинг
3.5 Қазақстандағы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жыртқыш құстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША
Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жалпы жер аумағы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін 1600 шақырым жерге созылып жатқан кең байтақ мемлекет. Аумағының үлкендігі Еуропаның Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия сияқты елдерден тұтас алғандағы көлеміндей. Жер көлемі жағынан дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі.
Республика жерінің солтүстігінде өсімдіктер Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жалпы жер аумағы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін 1600 шақырым жерге созылып жатқан кең байтақ мемлекет. Аумағының үлкендігі Еуропаның Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия сияқты елдерден тұтас алғандағы көлеміндей. Жер көлемі жағынан дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі.
Республика жерінің солтүстігінде өсімдіктер мен жануарлардың Сібірге тән түрлері, ал оңтүстігінде тропиктік аймақтарға тән түрлері кездеседі. Еліміздің батысы мен шығыс аймағының табиғаты да ұқсай бермейді. Қазақстан солтүстік ендігі (55 26 с.е) Мәскеу мен Қазан қалаларының ендігінде, ал оңтүстігіндегі шеткі нүктесі (40 56 с.е) Мадрид, Стамбұл, Баку қалалары орналасқан ендікте жатыр. Сондықтан оңтүстігінде жеміс ағаштары гүлденгенде, солтүстік аймақтарында қар ери бастайды. Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Табиғат зоналары (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) негізінен ендік бағытта созылып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттардан қашық жатқанжықтан, жерінің көбі шөл және шөлейт болып келеді. Оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігіндегі биік тау бөктерлерін суармалы жерлер алып жатыр. Батысында Каспий теңізі жағасында теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатқан Қарақия ойысы, ал оңтүстік-шығысында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің шекарасы тоғысқан жеріндегі биіктігі 6995 метр Хан Тәңірі шыңы бар.
Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам, оның 12000 мың шақырымы құрлықпен, ал 3000 шақырымы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі.
мен жануарлардың Сібірге тән түрлері, ал оңтүстігінде тропиктік аймақтарға тән түрлері кездеседі. Еліміздің батысы мен шығыс аймағының табиғаты да ұқсай бермейді. Қазақстан солтүстік ендігі (55 26 с.е) Мәскеу мен Қазан қалаларының ендігінде, ал оңтүстігіндегі шеткі нүктесі (40 56 с.е) Мадрид, Стамбұл, Баку қалалары орналасқан ендікте жатыр. Сондықтан оңтүстігінде жеміс ағаштары гүлденгенде, солтүстік аймақтарында қар ери бастайды. Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Табиғат зоналары (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) негізінен ендік бағытта созылып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттардан қашық жатқанжықтан, жерінің көбі шөл және шөлейт болып келеді. Оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігіндегі биік тау бөктерлерін суармалы жерлер алып жатыр. Батысында Каспий теңізі жағасында теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатқан Қарақия ойысы, ал оңтүстік-шығысында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің шекарасы тоғысқан жеріндегі биіктігі 6995 метр Хан Тәңірі шыңы бар.
Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам, оның 12000 мың шақырымы құрлықпен, ал 3000 шақырымы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі.
1. Э.И.Гаврилов. "Фауна и распространение птиц Казахстана". Алматы, 1999.
2. "Жизнь Животных" том 5. Птицы. Москва. "Просвещение", 1970.
3. В.К.Рябицев. "Птицы Урала, Приуралья и Западной Сибири". Екатеринбург. Изд-во Уральского университета, 2000
4. Р.Л.Бёме, А.А.Кузнецов "Птицы открытых и околоводных пространств СССР" Москва. "Просвещение", 1983.
5. А.Ф.Ковшарь "Хищные птицы". Алма-Ата, "Кайнар", 1983 г.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТАМАСЫ
1.1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
1.2 Қазақстанның жер бедері
1.3 Қазақстанның климаты 1.4 Қазақстанның ішкі сулары

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
2.1 Қазақстанның орманды және дала зонасының жануарлары 2.2 Қазақстанның шөл және шөлейт зонасының жануарлары
2.3 Қазақстанның Тянь-Шань тауының жануарлары
2.4 Қазақстанның Алтай тауның жануарлары

3 ҚАЗАҚСТАН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ТУРИЗМДЕ ПАЙДАЛАНУ
3.1 Қақақстанның ұлтық табиғи парктері мен қорықтары
3.2 Аңшылық
3.3 Балық аулау
3.4 Бедвочинг
3.5 Қазақстандағы сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жыртқыш құстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША



1 Қазақстан Республикасының жалпы физикалық географиялық сипаттамасы

1.1 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары

Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жалпы жер аумағы 2717,3 мың шаршы километр. Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін 1600 шақырым жерге созылып жатқан кең байтақ мемлекет. Аумағының үлкендігі Еуропаның Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия сияқты елдерден тұтас алғандағы көлеміндей. Жер көлемі жағынан дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі.
Республика жерінің солтүстігінде өсімдіктер мен жануарлардың Сібірге тән түрлері, ал оңтүстігінде тропиктік аймақтарға тән түрлері кездеседі. Еліміздің батысы мен шығыс аймағының табиғаты да ұқсай бермейді. Қазақстан солтүстік ендігі (55 26 с.е) Мәскеу мен Қазан қалаларының ендігінде, ал оңтүстігіндегі шеткі нүктесі (40 56 с.е) Мадрид, Стамбұл, Баку қалалары орналасқан ендікте жатыр. Сондықтан оңтүстігінде жеміс ағаштары гүлденгенде, солтүстік аймақтарында қар ери бастайды. Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Табиғат зоналары (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) негізінен ендік бағытта созылып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттардан қашық жатқанжықтан, жерінің көбі шөл және шөлейт болып келеді. Оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігіндегі биік тау бөктерлерін суармалы жерлер алып жатыр. Батысында Каспий теңізі жағасында теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатқан Қарақия ойысы, ал оңтүстік-шығысында Қазақстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің шекарасы тоғысқан жеріндегі биіктігі 6995 метр Хан Тәңірі шыңы бар.
Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 15000 шақырымнан астам, оның 12000 мың шақырымы құрлықпен, ал 3000 шақырымы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі.

1.2 Қазақстанның жер бедері.

Қазақстанның жер бедері алуан түрлі және күрделі. Республикамыздың жер бедері мен жер қыртысының дамуы жердің геологиялық даму тарихы барысында қалыптасып, қазіргі қалпына келгенше үздіксіз өзгеріп отырған. Жер бедері мен жер қыртысының дамуы қазір де жүріп жатқан процесс. Физикалық картада Қазақстанның қазіргі жер бедерінің жалпы сипаты бейнеленген.Картадан Қазақстан жері шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай бірте-бірте төмендейтінін байқауға болады. Қазақстанның жер бедері жазықтар мен ойпаттардан, үстірттер мен қыраттардан, аласа және биік таулардан тұрады. Жер бедерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның оңтүстік - шығысы мен шығысында ғана биік таулар бар. Қазақстанның солтүстік - батысындатеңіз деңгейінен 28м. Төмен Каспий маңы ойпаты жатыр. Каспий маңы ойпаты оңтүстігінде Маңғыстау түбегімен шектеседі. Түбектің жер бедері сортаңды ойпат, көтеріңкі тау жоталарымен алмасып отырады. Оңтүстігінде теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия, 57 м төмен жатқан Қауынды ойыстары орналасқан. Маңғыстау түбегінің шығысынан Арал теңізіне дейінгі аралық үстіртті келеді. Арал теңізінің солтүстігі мен шығысында Үлкен және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұмы оңтүстікке қарай Қызылқұм шөлімен жалғасады. Қызылқұм шөлі Тянь- Шань таулы өлкесіне дейінгі кең алқапты алып жатыр. Тянь-Шань таулы өлкесіне Талас Алатауы, Өгем, Қаратау жотасы кіреді. Қаратудың шығыс жағындағы Мойынқұм шөлі солтүстігінде Бетпақдалаға жалғасады. Балқаш көлінің солтүстігінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі аралықты ұсақ шоқылы Сарыарқа алып жатыр. Балқаш көлінің оңтүстігінде Сарыесік - Атырау құмды жазығы Тарбағатай, Жоңғар Алатауына дейінгі аумақта жатыр. Республикамыздың щығысында Алтай тауының сілемдері жеке жоталарға тарамдалған. Қазақстан жерінің біраз аумағын Каспий маңы ойпаты, Тұран, Батыс Сібір жазықтары алып жатыр. Каспий маңы ойпаты - Қазақстанның солтүстік - батысында теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Каспий маңы ойпаты - еліміздегі ірі жазықтардың бірі. Ол солтүстігінде Жалпы Сырт, шығысында Жем үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізі аралығында орналасқан. Жер бедері көбіне тегіс, аз тілімденген, топырағы тұзды келеді. Каспий маңы ойпатына тән ерекше құрылымдар - тұз күмбездері.
Тұран ойпатының солтүстік бөлігі ғана Қазақстан аумағына кіреді. Бұл ойпаттың негізгі бөлігі Қазақстаннан тысқарыжатады. Теңіз деңгейінен есептегенде ойпаттың биіктігі 100-200 м. Тұран ойпаты солтүстігінде Торғай ойысы арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады. Республика аумағында Сырдария қзені бұл ойпатты қақ жарып ағады. Ойпаттың оңтүстік бөлігін Қызылқұм шөлі, ал солтүстігін Арал теңізі маңайындағы Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Тұран ойпатының топырағы лесс тәрізді саз балшықты, саздауытты, құмды келеді. Төбелер мен қырқалар жиі ұшырасып отырады. Кей жерлерінде тақырлар кездеседі.
Қазақстанның аумағына Батыс Сібір жағығының оңтүстік бөлігі ғана кіреді. Ойпат оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс келеді. Теңіз деңгейінен биіктігі оңтүстікте 200 метрден біртіндеп солтүстігінде 100 метрге дейін төмендейді. Ойпаттың топырағы шөгінді жыныстардан құралған.
Батыс Сібір ойпаты Қазақстан аумағында Ертіс бойы және Есіл- Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді. Қазақстан жерінің көп бөлігін үстірттер мен қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт, Бетпақдала, Жем, Торғай үстірті және Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі. Қыраттар негізінен жазық бағыттағы шөгінді жыныстардан түзілген, көбінесе ойпаттар мен аласа таулы аймақтар аралығында кездеседі. Үстірт жан- жағы тік беткейлі жарқабақ, үсті теп-тегіс, теңіз деңгейінен 200 метрдей биік жатқан жазықтық. Жарқабағы жауын-шашын суларынан тілім-тілім болып жатады.
Қазақстанның орталық бөлігінде теңіз деңгейңнен 200-600 метр биіктікте Бетпақдала жаты. Оның топырақ құрамы саз балшық, құм, құмтастардан құралған. Жер бедері ойлы-қырлы жазықтық болып келеді. Торғай үстірті - шығысында Сарыарқа, ал батысында Мұғалжар аралығын алып жатыр. Торғай үстіртінің теңіз деңгейінен биіктігі 250 метр. Торғай үстіртінің ортасында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ойыс бар. Бұл ойпаң Торғай қақпасы немесе Торғай бұғазы деп аталады. Мыңдаған жылдар бұрын бұр жер теңіз бұғазы болған. Жем үстірті - батыста Мұғалжар, ал шығыста Каспий маңы ойпатына дейінгі аралықта созылып жатыр. Теңіз деңгейінен биіктігі 300 метр Жем үстіртінің топырағы саз балшықпен құм шөгінділерінен құралған, қойнау фосфорит рудасына бай. Жалпы Сырт қыратының қазақ жеріне азғана бөлігі кіреді. Оның топырақ құрамы бор заманының шөгінділерінен құралған. Жалпы Сырттан Ақжайық өзенінің кішігірім сағалары бастау алады.

1.3 Қазақстанның климаты.

Қазақстанның климаты шұғыл континентті кедеді, оның сотүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай. Ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшылықты. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялыұ ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жатқан күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массасы көктемнің соңғы, жаздың алғашқы жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік алып келеді. Орта Азия үстіеде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қзақстан жерінде температурасы өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол. Қыс кезінде орталық Азияда қалыптасатын антициклонның әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан Қазақстанда Сібірдің қысы, Азияның жазы болады. Климаттың қалыптасуына климат түзуші факторлар ықпал етеді. Қазақстанның климаты оның географиялық орнына, күн радияциясына, атмосфера циркуляциясына байланысты қалыптасады.
Географиялық орынның эсері. Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр.Аумағы ұланбайтақ жерді алып жатқан еліміздің климаты континентті. Биік таулардың республиканың онтустігі мен оңтустік-шығысында жатуы, ал сол-түстігінде биік таулардың болмауынан арктикалық суық ауа оның ішкі аймақтарына еркін өтеді. Бұл да климаттың өзгеруін туғызады. Климаттың құрылуына географиялық ендіктің де әсері мол. Күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы, одан бөлінетін жылу мөлшері климатты қалыптастырудағы негізгі фактор болып саналады. Жылу мен жарық- ауа мен су қабатында өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінде болып жататын барлық процестердің басты себепкері. Қазақстанның табиғат зоналары да географиялық ендік бойынша орналсқан. Республикамызда жылдың төрт мезгілі аймақ көрінеді.
Қазақстанның аумағы түгелімен қоныржай белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырады.
Республикамыздың солтүстігінде қыс қараша айынан басталып, наурызға дейін созылады. Дала зонасының қысы боранды, өте суық әрі ұзақ. Қарашада қар түседі. Қардың қалындығы 30см-ге дейін жетіп, 125-175 күндей жатады. Қантар айында ауаның орташа температурасы -18℃, кейбір күндері аяз - 45℃-ге дейін жетеді.
Ал шөлейт аймақтың қысы боранды әрі суық келеді. Қар негізінен қарашадан ақпан айына дейін жатады. Солтүстік және Орталық Қазақстанныңқысқы ауа райына Азия (Сібір) антициклоны едәуір әсер етеді. Таулы аудандардың қысы биікті белдеулікке баиланысты қалыптасады.
Қазақстанның оңтүстігінің қысы жұмсақ, желтоқсаннан наурызға дейін созылады.Кей жылдары арктикалық ауа қиыр онтүстікке жетіп, ауа райы -30℃-ге дейін суиды. Алайда арктикалық ауа массалары Орта Азия мен ирандық тропиктік ауа массалары ауыстырып, күн қайтадан жылына бастайды. Суық ауа мен жылы ауаның алмасуынан жауын-шашын түседі. Ауа райының кенеттен өзгеруінен жер көктайғақтанады.
Көктем республика жеріне ерте келеді. Көктемнін ұзаққа созылуы сирек. Көктем алдымен оңтүстік өнірде шығады. 1,5 - 2 айдың шамасында көктем солтүстік аймаққа да жетіп, жердің беті жылына бастайды.
Республика жерінде қар оңтүстікте ақпан айында, Орталық Қазақстанда наурыз айында, Солтүстік Қазақстанда сәуір айында ери бастайды. Ал биік тау беткейлерінде көктем айында жауын-шашын молырақ жауады.
Қазақстанның жазы ыстық әрі ұзақ, мамырдан қыркүйекке дейін - 5 айға созылады. Жаз айларында ауаның температурасы солтүстікте +38˚С-ге, оңтүстікте +46˚ С-ге дейін көтеріледі. Солтүстік Қазақстанның жазы ылғалды. Солтүстік-батыстан соғатын циклондар жауын-шашын әкелетіндіктен, мұндай ауа райы жаздық егіске өте қолайлы келеді.
Ал шөлді аймақта мамыр айынан бастап күн ысып, құрғақ ауа райы қалыптасады. Мұнда 2 - 3 ай бойы жауын-шашын түспейтін кездер болады. Тропиктік ауа ағынның әсері Үстірт, Бетпақдала, Сыр бойы мен Қызылқұмда қатты сезіледі. Қызылқұмның шөлі шілде кезінде кейде +60-70˚С-ге дейін қызып, тірі жәндіктердің бәрі көлеңкеге жасырынады. Бұл өңірде жауған жаңбырдың суы жерге жетпей жатып-ақ кеуіп кетеді.
Биік таулы аймақтардың жазы салқын әні жауын-шашын да жақсы түседі. Таудың басына көтерілген сайын ауаның температурасы төмендей бастайды. Қазақстанның күз мезгілінің қыркүйек айы қысқа әрі құбылмалы келеді. Солтүстік аймақта күз тамыз айынан басталып, қазан айына дейін созылады. Көбіне күні ашық, бұлтсыз болады. Қазан айының соңына таман ауа райы бұзылып, кей жерлерде қар түсе бастайды. Ал республиканың оңтүстігінде күз айының екінші жартысынан желтоқсан айына дейін созылады. Күзде жауын - шашын сирек жауып, құрғақ, ашық ауа райы қалыптасады. Күздің соңғы айында ғана күн бұлыңғыр тартып, ауа дымқылданып күзгі суық жел соға бастайды. Таулы аудандарда күз өте қысқа болады.

1.4 Қазақстанның ішкі сулары.

Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі. Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді: Солтүстік Мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларынан, Сарыарқадан және оңтүстік Орал тауының оңтүстік - шығысынан басталатын ірі өзендер. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің бірі - Ертіс. Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне құяды, ол дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс өзені Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгетінен кейін Алтайтауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен тар шатқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп құяды. Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері келіп қосылады. Бұд өзен ағысының жылдамдығын арттырады. Ал Семей қаласының мағында жазықтыққа шыққаннан кейін өзен баяу және жай ағады. Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты суы мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертісте балықтың кәсіптік маңызы бар шоқыр, бекіре, шортан, алабұға, тағы басқа түрлері ауланады. Ертіс өзеніне республика жерінен тыс ірі екі сала келіп құяды. Олар - Есіл мен Тобыл өзендері. Бұқтырма өзені - Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен оңтүстік Алтайдың мұздықтары мен қарынан басталады. Бұқтырма - жағалауы жартасты, арнасы шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі - маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін кезі - қыс айлары. Бұқтырма өзенінің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының биіктігі екі жүз метрге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді. Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі. Ертістің сол жақ салалары - Есіл мен Тобыл өзендері. Есіл өзені Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік- шығыс бөлігіндегі Нияз тауынан басталады. Оның бірнеше ұсақ салаларының суы кейде жазда тартылып қалады. Есілдің Ақмола қаласына дейінгі аралықта жазда суы тайызданып қалатын болса, Көкшетау маңында оған бірнеше салалар қосылып суы молая түседі. Батыс Сібір жазығына жеткенге дейін Петропавл қаласы тұсында жан- жақты қосылған салалардан арнасы одан да ұлғаяды. Көктем кезінде еріген қар, жауын-шашын суымен өзен арнасынан асып ақса, жазға қарай суының деңгейі күрт төмендей бастайды. Жалпы су деңгейі қыс айларында қатты төмендейді. Өзен кішігірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен бойымен 270 км-ге жүзе алады. Алайда жаз айларында суының тартыла бастауынан кемелер үнемі жүзе бермейді. Есілде кемелердің жүзуіне қолайлы болуы үшін әрі сол аймақтың егісін суландыру үшін Сергеевка, Вязьма су бөгендері салынған. Бөгендерде көктемде еріген қардың, жауын-шашынның суы жиналады. Бұл бөгендер бір жағынан Есіл өзенінің ағынын бір қалыпта ұстап тұрады. Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс беткейінен басталып, Қазақстан жерінен өзеннің тек басы ғана ағып өтеді. Жол жөнекей оған Торғайдың төрткұл өлкесінен әр түрлі салалар қосылады. Есіл сияқты Тобылдың суы да көктем айында молайып, қыс кезінде тартылады. Тобыл өзенінің суы ауыз су ретінде және егістікке пайдаланады. Тобыл бойында Қызылжар, Амангелді бөгендері салынған. Каспий теңізі алабы - бұл алапта өзендер сирек. Бірақ өзендерінің суы тұзды келеді. Алаптағы ең ірі өзен - Жайық. Жайық Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне барып құйяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2428 км, оның 1107 километрі қазақ жері арқылы өтеді. Жайықтың төменгі Каспий маңы ойпатында ағысы баяулап, арнасы кеңіп, жазық жермен ағады. Суы сәуірдің екінші жартысында тасып, арнасынан шығып, жайылып кетеді. Мамыр бойы суы мол болады. Бұл өзенде ең бағалы бекіре балығы уылдырық шашады. Жем өзені Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды. Өзен аңғары жақсы қалыптасқан, суын мұнай кәсіпорындары мен егістікке пайдаланады. Көктем айында тасиды, ал кей жылдары суы Каспийге жетпей сорға сіңіп кетеді. Жағасы құм және жыныстарынан түзілген. Қарашадан наурыз айының соңына дейін теңіз бетінде мұз қатып жатады. Арал теңізінің алабы өзендері сирек, шөлді аймақта орналасқан. Теңізге Қазақстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Сырдария деп Орталық Тянь- Шянь тауларынан Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінің бастауы аталады. Оның жоғарғы ағысына бірнеше сала қосылса, ал республика жеоінде Арыс және Келес өзендері құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, ал оның 1400 километрі құмды аңғармен ағып өтеді. Арналары иір-иір, жарқабақты келеді, саздақты жыныстарды шайып әкетеді. Қазақстан жеріндегі Сырдария өзені бойында Шардара су қоймасы, қызылорда бөгеті, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері салынған. Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішігірім көлдерге құяды, кейбір қуаңшылық жылдары олардың да арналары кеуіп кетеді. Балқаш-Алакөл алабы. Балқаш көліне құятын өзендер Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алаьауынан басталады.
Іле - Балқашқа құятын ағысы қатты тау өзендерінің ішіндегі ең ірісі. Қапшағай су қоймасы саоынғаннан кейін Іле жазықтық өзенге айналады. Жоғары және орта ағысында оған бірнеше сала келіп қосылады. Олар: Шарын, Шелек, Қаскелең, Күрті, Түрген өзендері. Қаскелең өзенінің салалары - Үлкен Алматы мен Кіші Алматы өзендері. Шарын өзенінің аңғары құлама жартасты болып келеді, қат-қабат жарқабағы қайталанбас әсем көрініс береді. Іле ұзындығы жағынан Қазақстандағы үшінші өзен. Оның жалпы ұзындығы 439 км, ал республика жеріндегісі 815 км. Іле өзеніне жоғары және орта ағысына Тянь-Шаньнан бастау алатын бірнеше салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең ірілері - Шарын, Шелек және Қаскелең өзендері. Іле мұздық және қар суымен қорланатын өзендер қатарына жатады. Оның суы сәуірдің аяғынан тамызға дейінгі аралықта тасып жатады. Жазда тау басындағы қар мен мұздықтардың еруінен өзен суы мол болады. Кұз айларында биік таулардың басындағы қар мен мұз баяу еріп, өзен суының деңгейі төмендейді. Іле алабындағы өзендер таудан басталатындықтан, тасты, лайлы тасқындар жиі болып тұрады. Тасқын жолындағы тау беткейлерін бұзып, өзен арнасын бұзып алып кетеді, жолындағы көпірлер мен құрылыстарды қиратып, елді мекендерге қауіп төндіреді. Іле өзенінің Қытай шекарасына дейінгі жері кеме қатынасына қолайлы. Іле салслсрының суы егін суаруға пайдаланылады. Қаратал - Жоңғар Алатауы жоталарынан басталатын Балқаш көлі алабындағы екінші ірі өзен. Оның салалары терең, аңғарлары тар, ағысы қатты. Таудан шыққан соң, өзен құмды жазықпен ағады. Балқашқа жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп, беткейлері түседі. Іле сияқты Қаратал да Балқашқа жайылып, бір бірнеше тарамдарға бөлініп бөлініп барып құяды. Өзен көктемгі жаңбыр суынан, таудағы мұздықтар мен қардың еріген кезінде сәуір айының аяғынан шілдеге дейін тасып жатады. Өзен суының деңгейі маусым айында қатты көтеріліп, қыс айларында күрт төмендейді. Сарыарқадан бастау алатын көптеген шағын өзендердің ішінен Аягөз ғана Балқашқа жетіп құяды. Аягөз өзеніне Тарбағатай, Қалба және Шыңғыстау жоталарының түйіскен тау торабы беткейлерінен басталатын бұлақтар келіп қосылады. Ол еріген қар суымен және ішінара жер асты суымен де қорланады. Сушығынының ең көп болатын мезгілі - көктем айы, содан кейінгі уақытта су шығыны азаяды да, қыркүйек айында орта мөлшерге жетеді.
Тентек өзені Жоңғар алатауындағы мұздықтардан басталып Сасықкөлге келіп құяды. Бұл - Алакөл тобына жататын өзендердің ең ірісі. Әрі суы да молы. Тентек аралас қорланатын өзенге жатады. Өзен суының көктем айында деңгейі көтеріледі. Сәуір айында оның су шығыны он есеге дейін төмендейді. Көктем мен жаз айларында өзен суы егістікке пайдаланылады. Қазақстанда үлкенді кішілі 48 мыңнан астам көл бар. Республиканың кең-байтақ жері көлге бай десе де болады. Көлдер табиғи ресурстардың негізгі қайнар көздеріне жатады. Қазақстан жеріндегі Каспий, Арал теңіздері, Балқаш сияқты ірі көлден басқа да аумағы әр түрлі кіщігірім көлдер мен көлшіктер мыңдап кездеседі.

2 ҚАЗАҚСТАН ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

2.1 Қазақстанның орманды және дала зонасының жануарлары

Орманды дала ландшафтысын көптеген географ мамандар жеке зона деп есептемей оны тек жалпақ жапырақты ормандардың бір тармағы ретінде қарастырады. Орманды дала аумақтың бар болғаны 6%-н ғана алып жатса да, дала зонасында кездеспейтін жануарлар мен орманда тіршілік етушілерге пана болып отыр. Бұл зонада орманды шағын аралдар түрінде көрінеді, олар "шоқ орманды дала" деп аталады. Осы шоқ ормандарда аққайың, көк теректер басқа да ағаштармен және бұталар араласып өседі, "қайыңды орманда" деген сөз осыдан шыққан. Осындай қайыңды - теректі, шоқ ормандар онша сулы емес ойпаттарда өседі. Олардың арасынан шөптесін өсімдіктер жалбыз, қымыздық және тағы басқаларын кездестіруге болады. Қарағайлы орманның кейпі тіпті басқаша. Мұндай дала ормандары Павлодар, Солтүстік Қазақстанда жиі кездеседі. Олардың ең оңтүстігі Қазақстандағы ескі қорықтардың бірі аталған, Наурызым орманы. Құмдауыт бөлігінде өсетін қарағайлар қалың орманды құрамайды, олар орманды дала ландшафтысын құрайды. Орманды дала ландшафтысына мыңдаған көлдер кіреді. Олар су маңы өсімдіктері мен қоршалған, сөйтіп көптеген жануарларға пана болып отыр, әсіресе құстардың қайту кезеңі мен суда жүзетін құстардың түлеуі кезінде пайдасы зор.
Сүтқоректілер:
Бұлан - Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі, тұяқты жануар. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 600кг-дай. Қазақстандағы Жайық өзені аңғарындағы ормандарда, солтүстік облыстардың ормандарында және шығыста Ертіс бойы мен Алтайда кездеседі. Наурызымдағы қарағай ормандары мен шоқ ормандарда кездеседі. Аталықтарында үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталармен қоректенеді. Күйлеу уақыты қыркүйек-қазан. 225-230 күн буаздықтан кейін мамыр-маусымда аналығы 1-2 төлін дүниеге алып келеді. Аң аулау кәсібінің нысаны болып келеді.
Елік - Қазақстанның солтүстігіндегі орманды аймақтардан оңтүстігіндегі таулы ормандарға дейін кең таралған шағын, әсем бұғы. Елік - орманды далаға тән жануар. Аталығының ең жоғарғы салмағы 37 кг, аналығы кішілеу болады. Аталығының мүйізі кішілеу, бірақ өте әдемі, үш өсіндісі бар. Жүні қоңыр сұр түсті, артқы жағында ерекше ақ дағы болады, оны "айнасы" деп атайды. Шөппен, ағаштың бүршік, бұтақтарымен және бұталармен қоректенеді. Күйлеу уақыты - шілде-қыркүйек. Күйлеу кезінде аталықтары өте қатты өкіреді. Тоғыз айлық буаздықтан кейін, аналығы 2,сирек 3 өте әдемі төлдерін туады. 12 жыл өмір сүреді. Аң аулаудың негізгі нысаны. Қазақстанда 18-20 мың елік бар, арнайы рұқсат арқылы ғана аулауға болады.
Су жертесері - жертесерлер тұқымдасының ішіндегі ерекше туыс, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілер отрядына жатады. Өте ұсақ жануар (денесінің ұзындығы 7-10 см, салмағы 5-10 г). Сыртқы пішіні - үшкір тұмсықты кңшкентай тышқанға ұқсас, төменгі жағында ұзынша құйрығы болады., ол суда жүзуіне қатты көмектеседі. Су қоймаларының жағасын қоныстанып, жартылай суда тіршілік етеді. Көктем мен жазда екі рет 3-8 ұрпағын береді. Су омыртқасыздарымен, кейде балық шабақтары және уылдырығымен қоректенеді. Жертесердің сілекейі улы. Қазақстанда жертесерлер туысының жеті түрі кездеседі. Солардың ішінде орманды дала аймағында кәдімгі жертесер, тундра және кіші жертесерлер мекендейді. Кіші жертесер өте аз және Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Ақ қоян - орқоянға өте ұқсас, денесі шамалы кішілеу (салмағы 3-4 кг). Олар көбіне бірге мекендейді. Ақ қоянның ерекшеліктері: құлағының сырт жағында ақ жолағы бар, құйрығы қысқа, әрі дөңгелек. Қыста терісінің бояуы ағарады, сондықтан ақ қоян деп аталады. Ақ қоян тоғайлар мен өзен, көлдердің жағалауларындағы қамыстарда тіршілік етеді. Негізгі жаулары - қасқыр, түлкі. Басқа қояндар сияқты, аң аулау нысаны болып табылады. Су тышқаны - тоқалтіс тұқымдасына жататын кеміргіш. Денесінің ұзындығы 14-25 см, құйрығы 15см. Тоспа су және жай ағатын су қоймаларының жағаларында жартылай суда тіршілік етеді. Түнде белсенді.Аналығы су жағасында қазылған інінде 14-ке дейін ұрпағын береді.Өсімдіктер мен қоректенеді,кей жерлерде егін шаруашылығына зиян келтіреді.Су тышқаны қауіпті жұқпалы ауру - тулеремияны тасымалдаушы болып табылады.Су тышқаны терісінің бағалы аң терісін дайындауда алатын орны шамалы.
Тоған жарқанаты - тегістұмсықты жарқанаттар тұқымдасының орташа денелі өкілі (денесінің ұзындығы 5 - 7см, салмағы 15 - 22 г).Орманды даланы мекендейді,одан өзен аңғарлары арқылы далаға,тіпті шөлді аймаққа өтеді.Су қоймасы жоқ жерлерден қашқақтайды.Бұл түнгі жануар үшін күндізгі баспана - тұрғын үй шатырлары ,т.б.Қараңғы түсісімен жақын маңдағы су қоймаларына жемтігін аулауға ұшады,су бетіндегі ірі түнгі көбелектерді ұстайды.Бірнеше оңдағаннан мыңдаған жарқанаттар бірге тіршілік ететін топтағы әрбір аналық маусымда бір ұрпағын дүниеге әкеледі.Осы пайдалы,түнгі жануарлар - көбіне ешқандай себепсіз қыратын адамдардан қорғауды қажет етеді.
Құстар:
Құр - бұл құстың ерекше келбеті әркімге таныс.Осындай келбет тек аталығына тән болатынын көпшілік біле бермейді. Аналығының құйрығында ешқандай "желпуіші" жоқ, әрі өте реңсіз сұр түсті құс. Құрдың аққұрдан айырмасы - нағыз орман құсы. Жазда қорегін іздеп,уақытының көбін жерде өткізеді,қыста ағаштарда қоректенеді. Жаздағы негізгі қорегі - әртүрлі жемістер мен жидектер, қыста - бүршіктер, сырғалар, қылқандар. Ағашта қоректеніп отырған құр қауіп төнген кезде, ешқандай шусыз ұшып кетеді, ал жерден ұшқанда барлық тауыққа тән қанаттарын қағумен қабаттаса жүреді. Құрдың күй - ойнағын "құс ойнағы"деп атайды, ол туралы әдебиеттерде көп жазылған. Алаң - қайда немесе орман шетіне жиналған аталықтар қанаттарын жайып мынгырлап дыбыс шығарады, ары- бері жүгіреді және ара-арасында секіріп қояды. Құс ойнағы кезінде жұптар пайда болады, содан кейін аналықтары 4-12 шұбар жұмыртқаларын салып,өзі басып шығарады. 2 аптадан кейін балапандары ұшады. Құрлар күзде топқа жиналады да, көктемге дейін қоныс ауыстырып ұшып жүреді. Қыста қар астындағы шұңқырда топ болып қыстайды және де әрбір түн сайын жаңа шұңқыр салады. Құр аулау-бұрыннан көпшілікке белгілі кәсіп.
Ителгі - қазақстанда кездесетін 9 қыранның ішіндегі ең ірісі және баспада жиі жарияланатын болғандықтан көпке таныс. Бұл құстың тағдырын мысалға алып, өркендеп өсіп тұрған түрдің тез арада сирек кездесуі және құрып кетуін түсіндіруге болады. Осыдан 20жыл бұрын Қазақстанда ителгі туралы тек орнитолог мамандар ғана білетін. Ол туралы басылымдарда былай жазған: бұл-саны біршама және кең таралған Қазақстанның ірі қыраны. Ұясы республиканың барлық жерінде кездеседі, дегенмен оның саны ешқашан көп болған емес деп жазған. Алайда xx ғасырдың соңғы онжылдығы бұл қыранның түбіне жетті: мыңдаған құс ұсталып, араб елдеріне жіберілді, ондаған ( мүмкін жүздеген) ұялар бұзылды , құстар бұл жерде ұя салуды тоқтатты. Қазіргі кезде Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда ителгінің саны өте азайып, ол тек орманды далалардағы қорықты жерлерде ұялайтын болды. Ителгі - лашыннан шамалы ірі( салмағы 0,7-1,3 кг) . Бұйығы, көзге көп түсе бермейді. Шақыру айқайы - кее-кее-кее деп дыбыс щығарып, басқа сұңқарға белгі берсе, кикикики деген үрейлі дыбысы, тек ұялау кезеңінде ғана, оның озінде сирек естіледі. Құстармен, майда сүтқоректілермен қоректенеді. Құстардан шіл, ірі үйректерді , жаттыққан ителгі жекдуадақты да алады. Өздері ұя салмайды, қарғалардың немесе жыртқыш құстардың ағаштардағы, жартастардағы ұяларына орналасады. 2-4,сирек 6 қызғылттау жұмыртқаларын аналығы 30 күнде басып шығарады, мамықты балапандарын да аналығы жылытады, аталығы оларға жем тасиды. 2-3 балапан ғана ұшады. Бұл қыран қорғаудың ерекше шараларын керек етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Тырна - көп тараған сұр тырна , ақ бас тырнадан үлкендеу (салмағы 4 - 7кг) және түсі қаралау. Xалық осы тырнаны біледі. Аңыз, әңгіме, ертегілер - осы тырна туралы . Бұл ұзын сирақты, ұзын мойыгды құс орманды далалы аймақтағы балшықты жерлер мен ылғал шабындықтарды мекендейді. Тек кейбір жұптары ғана өзен аңғарлары мен көл жағалауларының қолайлы жерлерінде, яғни оңтүстікте Солтүстік Тянь-Шань тауына дейін таралған. Ақбас тырнадан бұрын ұшып келіп, кейін ұшып кетеді. Жұптасып ылғал жерлерге қоныстанады, ұясын таяз жердегі томар, төмпешіктердің үстіне салады. Ұясы қолайсыз , үлкен, маңындағы шөптесіннен биік болып тұрады. 2-3 шұбар жұмыртқаларын аналығы бір айда ьасып шығарады, аталығы қорғайды. Шілдеде балапандары ұшады, содан кейін тырналар топқа жиналады. Ұшып өту кезеңінде тырналарды Қазкқстанның кез-келген жерінен кездезтіруге болады. Олар әлсін-әлсін тыраулап, 500-2000 метр биіктікте сына болып ұшады. Топтың басшысы сына басында болады да, кезек-кезек ауысып отырады. Қазақстанның тыс жерде қыстағанда да, топ болып тіршілік етеді. Тырналар - өте сақ құс. Топ қоректеніп жатқан кезде, бір немесе екі құс айналаны бақылап, қауіп төнсе тез xабар береді. Тырналардың осы қасиетін басқа жабайы аңдар да пайдаланады, тіпті кейбір мемлекеттерде тырналарды үй жануарларын қорғау үшін қолға үйретуде.
Қырғи ( салмағы 150-300г) - нағыз орман жыртқышы. Қысқа жалпақ қанаты ұзын құйрығы мен бұтақтар арсынан жемтігін қудалауға өте ыңғайлы. Жемтігі - құстар. Қырғи - жасырын құс, жемтігінің алдынан кенеттен пайда болып , бай-балаң тудырады. Ол - өжет, батыл және қайсар, өз мақсатына жету жолында, бірінші ұстаудан мүлт кетсе, жемтігіне есін жиғызбай, соңына түсіп, жемтігі үшін қауіпсіз қалың бұталардың ішінен де ұстап алады. Негізгі қорегі - бөдене, түркептер, ол балапандарын тор,ай тектес құстардың балапандарымен қоректендіреді. Қырғидың балапанының шығу уақытысының әнші құстардың балапандарының ұшу уақытымен сәйкес келуі кездейсоқ емес. Ұяларын өздері ағаш басына салады. 2-5 ақшыл түсті сирек теңбілдері бар жұмыртқаларын аналығы отыз күнде басып шығарады, аталығы жем тасиды. Сонан кейін тағы елу күн балапандарын асырайды. Балапандары ұяларын тастағаннан кейін, ұзақ уақыт бірге жүреді. Қыстауға бірге ұшулары да мүмкін. Орманды даладан қазанда ұшып келеді. Ұзақ уақыт бойы бұл қырғиды барлық жерде аң аулау кәсібінің зиянкесі деп есептеп, оны атқан адамадарға силықтар берілген. Әлі де оны көп адамдар зиянды құстар қатарына орынсыз жатқызады.
Аққұр - орманды далаларда алыс солтүстік қонағы. Қазақстанда солтүстік, шығыс, кейбір орталық аудандарда таралған, ал қыста Сарыарқадан Балқаш көліне дейін жетеді. Қазақстанның солтүстігінде негізінен ақ қайың ормандарында, ал Алтайда шоқ ақ қайың тоғайларында да мекендейді. Аққұрдың келбеті өте ерекше. Қыста бұл шағын тауық (салмағы 0,5-0,9 кг) аппақ болады, тек құйрығында қара қауырсындар болады, оның өзі ақ қауырсынмен жабылып тұрады. Көктемде аталықтарының қауырсынында қоңыр сарғыш түс пайда болады, ал аналықтары түгелдей қара қоңыр түске шұбарланады. Аққұрдың қауырсындарының түсінің өзгеріп отыруы күрделірек, себебі аталығы бір жылда тқрт рет, аналығы үш рет түстерін өзгертеді. Үндемейтін бұл құстар құс ойнағы кезінде, аталықтары шоқысқанда, әр түрлі дыбыстар шығарады, сөйтіп жұпқа бөлінеді. Ұясы жерде, түбіне шамалы шөп төселген. 10-12 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, аталығы қорғайды, балапандарын бірге ертіп жүреді. Балапандары ұшқаннан кейін, аққұрлар топ болып, көшпелі өмір сүреді. Аң аулау - нысаны. Қарақұс - ірі қыран, бүркітке өте ұқсас, көбіне бүркітпен шатастырады. Қарақұстың айырмашылық белгісі - иығында ақ қауырсыны болады, бірақ ол көбіне байқала бермейді, бұл қыранды айыру үшін еңбек дағдысы керек. Қазақстанның көп жерін мекендейді, бірақ орман даласы үшін әдеттегі құс, ағаштарда ұялайды. Қылықтары мен аулау әдістері бүркітті еске түсіреді, бірақ қасқыр, түлкі сияқты ңрң аңдарды жаттыққан бүркіт қана алады, қарақұстың бұларға күші жептпейді. Оның жемтіктері - сарышұнақ, қоян, аламан, кірпі кейбір құстар мен жыландар. Ағашқа қолайсыз, үлкен ұяны екеуі салады, көптеген әртүрлі бұтақтарды төсейді. 2-3 жұмыртқаларын екеуі кезектесіп, қырық күннен аса басып шығарады. Балапанадарын 70 күн асырайды. Қазақстанда наурыздан қарашаға дейін кездеседі. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.
Дыркептер - біздің фаунамыздағы ең үлкен кептер(салмағы 400-500 г). Қазақстанда орманды даланың солтүстік батысында және оңтүстік - шығыстың таулы ормандарында ұялайды. Ұшып өту кезеңінде Жайық аңғарынан басқа жеодің бәрінде кездеседі, саны аз. Денесінің пішіні жағынан кептерге қарағанда, түркептерге ұқсас: денесі созылыңқы, құйрығы мен мойны біршама ұзын, басының екі жағында ақшыл жақша тәрізді таңбасы жақсы көрініп тұрады, бұл - түркептерге тән қасиет. Ұшқан кезіндегі қанатындағы ақ таңба жақсы көрінеді. Ағаштар мен бұталардың тұқымдарымен, мысалы емен жаңғағымен қоректенеді. Жылына 2-3 рет балапан шығарады. Орманды дала аймақтарынан қазанда ұшып кетіп, наурыз - суірде ұшып келеді. Басқа жабайы кептерлер сияқты аң аулау нысаны болып табылады.
Түзкептер - дыркептерге қарағанда, онша көзге түсе бермейді (салмағы 250-300 г). Еуропа жалпақ жапырақты ормандарының өкілі. Қазақстанда тек үш жерде ғана, екуі - орманды дала аймағында, Жайық өзені аңғарында және Қостанайға жақын Аманқарағай орманында кездеседі. Ұшып өту кезеңінде кең таралады. Саны аз құс. Бұл кептер жапырақты аралас ормандағы ескі ағаштарды ұнатады, олардың қуыстарында ұясын салады. Дауысы - өзгеше, бірнеше рет "тутутутуту" деп дыбыс шығарады. Өте мәнерлі, орманда ағаштар арасында үлкен жылдамдықпен, керемет ептелікпен ұшады. Ұшқанда қауырсын қанаттары көксұр кептерде болмайтын өзіндік ысқырық шығарады. Жеке жұп болып ұялайды, қалған уақытта топ болып жүреді.
Жылқышы - неміс тілінен аударғанда "орман шалшықшысы". Ұзын тұмсықты, шымыр денелі, сары қауырсынды кішкене құс (салмағы250-450 г). Әуелде Еуропада патша қыр құсы деп есептелген. Татрең тәрізді отряды, шалшықшылар отряд тармағы, тауқұдірет тұқымдасының өкілі. Өзінің суда тіршілік ететін туыстарынан айырмашылығы: жылқышы расында орманды мекендейді, ол күрең тартқан өткен жылғы төсеніш шөптің арасынан байқалмайды. Орман төсеніші арасынан ұзын тұмсығын топырақты шұқып, құрттармен, әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Тұмсығының ұшында жүйкелері шоғырланған, сол арқылы топырақтың ішіндегі жемтігінің аз қозғалысын сезіп қояды. Орманның шалғай жерін таңдап, ұя салады, аналығы 22-24 күн ішінде төрт шұбар жұмыртқасын басып, балапандар шығарады, содан кейін оларды өзі ертіп жүреді. Бұл құстар не жұп, не топ құрайды. Қазақстанға наурыз - сәуірде ұшып келіп, қазан - қарашада ұшып кетеді. Аққабақ сайрақ - мысық торғайдың дене пішініндей (салмағы 60-90 г), бірақ бояуы қарапайым, торғайтектестер отрядының сайрақтар тұқымдасының өкілі. Жайық өзенінің аңғарындағы тал теректі орманында қоныстанған. Ұшу, өту кезеңінде Қазақстанның көп жерінде кездестіруге болады. Бурабай көлінің маңында ұялауы мүмкін, себебі ұясын жаңа тастаған балапандары кездеседі. Ол әуезшіл сайраққа ұқсас, одан денесінің сары бүйірімен ерекшеленеді, шыңғырлаған әуенінде, көптеген қатаң дыбыстар бар, басқа сайрақтардың әуенңнен нашарлау. Ағашта, сирек жерде ұялайды. Жеті жұмыртқа салады. Сәуірде ұшып келеді, тамызда ұшып кетеді.
Бөктергі - Ұсақ қыран (салмағы 130-200 г). Бөктергі қазақстанда тек орманды дала аймақтарында ұялайды, ал басқа жерлерде наурыз - сәуір, тамыз- қыркүйек айларында ұшып өту кезеңінде кездесуі мүмкін. Ол оңтүстік Африкада қыстайды. Бұл - кішкентай, шапшаң жыртқыш, ұсақ қырандарға тән ұшудың барлық түрін меңгерген, бірақ тек жәндіктерментқоректенеді. Балапандарына кеміргіштер мен кесірткелер әкеліп береді. Топтанып тіршілік ететін құс, бұл - жыртқыш үшін сирек кездесетін қасиет. Тіпті ұялағанда да шамалы топ болып ұялайды, ал ұшып өту кезеңінде бірнеше жүздеген дара топ құрайды. Адам қорғауына тұрарлықтай өте пайдалы құс.
Тұрымтай - денесінің жоғарғы жағы қоңыр көксұр және төменгі жағы сары қошқыл жіңішке ұзыншақ теңбелдері бар ашық түсті кішілеу қыран (салмағы 160-33 г). Қазақстанда орманды дала мен далалы аймақтарда кең таралған. Мінезі қаршығаға ұқсайды, көбіне жерге жақын ұшып жүріп, жемтігін ұстау үшін кез келген баспананың артына тығылады. Жиі жерге отырады, тіпті кейде жатады. Ормансыз жерде суат маңында жерге отырып, құстарды аңдиды. Тұрымтай жемтігін аңдып отырып, қырандар сияқты жоғарыдан түсіп, ауада алады, мүлт кеткен жағдайда қырғи сияқты соңынан қуады. Бұл қыранның негізгі жемтікткері - құстар, сонымен қатар ұсақ сүтқоректілерді де алады, жәндіктерден де кет әрі емес. Орманды далалаларда наурыздан қазанға дейін кездеседі.
Еменшіл сұлыкеш - Қазақстан фаунасының сарыторғай туысындағы 13 түрдің бірі. Ашық боялған, орташа денелі сарыторғай (салмағы 19-23 г). Аталықтардың күйлеу сәнінде арқасы - қара қоңыр, тамағы, жемсауы, беті - қара, денесінің төменгі жағы ашық сары түсті, жемсауында көлденеңқоңыр жолағы бар. Аналығының жоғарғы жағы қоңырлау, төменгі жағы сарғыш қызыл түсті. Бұталы, ылғалды, биік шөпті шалғындықтары бар Солтүстік және шығыс Қазақстанды мекендейді. Азияның оңтүстігінде қыстайды. Еменшіл сұлыкештің әні - көптеген басқа сарыторғайларға қарағандағ сазды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны
Қаратау таулы жотасы
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі.
Экологиялық тәрбие беру
Мұғалжар тауына физикалық – географиялық сипаттама
Қазақстанның физикалық географиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
Пәндер