Қазақстан Республикасының банктерін соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің құрылуы, екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операция жасау ерекшеліктері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

К І Р І С П Е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Банк дегеніміз өз атынан ақшалай қаражаттарды ақылы, мерзімдік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым.

Профессор М. М. Агарков банктің түсінігін оның функциялары арқылы анықтаған: Банк өз клиенттеріне 3 категориялы қызмет көрсетеді. Біріншіден банк өзгелердің ақшасын жинап, оның сақталуын жүзеге асырады, клиенттердің кассирі болады ағымдық есептер немесе оларға өз капиталдарын орнатуға (инвестиция) мүмкіндік береді (банктерің облигациялық қарыздары, жедел салымдар) . Екі жағдайда да банк келесі екі қызметті жүзеге асыруға жол ашады.

Екіншіден, банк клиентке процентсіз ақша талап ету нысанында несие береді, негізінен вексельді талаптар (есептік операциялар), немесе өздеріне клиент міндеттері бойынша жауаптылықты алу арқылы (кепілдік несие, акцептілік кредит) . Үшіншіден, банк клиенттің төлемдері жайлы әр түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы: чектерді төлеу, ақша аудару, аккредиттер, төлемдердің вексельдері және өзге құжаттары бойынша инкассациясын жасау.

Сәйкесінше, бұл үш түрлі қызмет категорияларына үш түрлі банкіге тән функцияларды анықтау қажет: 1) өзгелердің қаражатын жинау; 2) несие қызметін көрсету; 3) төлемдік айналымға жәрдемдесу. Сонымен қатар банк бұл 3 негізгі функцияға қоса өзге де қызмет көрсетеді. Мысалы, тауарлық сауда саласында (тауарлық - комиссиялық операция), қорлық құндылықтар саудасы т. б.

Бұл үш көрсетілген функциялар барлық банк деп есептелетін мекемелерге тән болып келмейді.

«Банк» түсінігін ашу қажеттілігі екі ойдан туындайды. Бірінші ой - банк деп аталатын мекеме мен құқықтық субъектісі қандай екендігін, оның құқықтық мәртебесі қандай екендігін, құзіреті және шаруашылық айналымдағы рөлін анықтау қажеттілігі. Яғни, бұл субъекті заңды тұрғыдан нақты қандай екендігі, оның потенциалды жағымды мүмкіндіктері және қандай міндеттер мен жауаптылық құралдары арқылы оған әсер етуге болатындығын көрсету қажет.

Екінші ой да өте маңызды. Онда банкті қандай жағдайда қалыптастыру қажет, банктен басқа қандай іс - әрекет түрлеріне өзге құқықтық нысандыр жоқ екендігін анықтау. Яғни, қандай жағдайда мемлекет азаматтарды белгілі бір іс - әрекеттерді жүзеге асыру үшін банк қалыптастыруға міндеттейді, және орындалмағаны үшін жаза тағайындайды.

Коммерциялық банктің заңды анықтамасы «Банк және банктік қызмет туралы » заңның бірінші бабында берілген.

Банк - заңға сәйкес банктік іс - әрекетті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Банктің ресми мәртебесі оның банк ретінде әділет министрлігі органдарында мемлекеттік тіркеуі арқылы және қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау органдарының банктік операциялар жасауға лицензиясы арқылы анықталады.

Ресми «банк» деген мәртебесі жоқ ешбір заңды тұлға өзін «банк » деп атауға немесе бнактік іс - әрекетпен айналысуға құқығы жоқ.

Коммерциялық банк түсінігі келесі белгілер арқылы анықталады:

Банк коммерциялық заңды тұлға болып табылады, яғни табыс табуға бағытталған іс - әрекет жүргізетін ұйым; Банк тәуелді және дочерлі қоғамдардың акционерлік қоғамы түрінде қалыптасады; банк үшін өзге ұйымдық - құқықтық нысандарға жол берілмейді; Банк несиелік ұйым болып табылады, яғни банктік операциялар жүзеге асыруға қалыптастырылған. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия негізінде жұмыс істейді; Банк арнайы құзіретке ие, яғни белгілі операциялар жасау арқылы табыс табады; Банк заңшығарушы тарапынан банктік жүйенің элементі ретінде қарастырылады. Бұл белгілердің бірнешеуі азаматтық құқықта жақсы қарастырылға, ал басқалары толықша талдау талап етеді. Бірінші топқа банктің ұйыдық - құқықтық нысанын, банктік құқықтың шегінен шығатын болмысын, коммерциялық заңды тұлға түсінігін, және өзге де азаматтық құқықта қолданылатын түсініктерді жатқызуға болады.

Банк жүйесі экономиканың бірден бір негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Банк - мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында, валюта нарығында, депозит нарығында күшті позициялар иеленеді. Банк жекешелендіру саласында белсенді жұмыстар істеуде. Қазіргі таңда елімізде 39 екінші денгейдегі банк бар. Банктің құрылтайшылары болып оның акционерлері табылады. Ол ашық түрдегі акционерлік қоғам болып құрылғаннан кейін қосымша жеңілдіктер иелене алмайды және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер жіктемейді.

Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің барлығы 36 банк оның ішіндегі 2-мемлекеттік, 16-шетел капиталының қатысуымен Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін- өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алатын валюта резервтерден, басқада материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырады.

Банктің сипатамасын оның жасауға құқылы операциялар шеңберін анықтауды жатқызамыз. Ал заңға жүгенер болсақ, несиелік ұйым өз ішінен тек банктерді емес, сонымен қатар бантік емес несиелік ұйымдарды қосады. Шынында бұл мүлдем олай емес. Банк ең мүлтіксіз несиелік ұйым болып табылады, яғни ол тек банкке тән іс - әрекетпен қатар өзге де іс - әрекеттер жүзеге асыра алады. Банктік емес несиелік ұйымдар заң бойынша банкке жүктелген операциялардан басқа барлық операцияларды жасац алады. Сондықтан да банк түсінігі «несиелік ұйым» түсінігінде «банктік емес несиелік ұйымдармен » қатар тұр .

Банкке несиелік ұйым ретінде фирмалық атау беріледі, оны жүзеге асыру «банк және банктік қызмет туралы» заңның 15 бабымен реттелген. Несиелік ұйымның атауының құрамында «банк» сөзін қолдану арқылы оның заңды тұлға ретінде атқаратын қызметінің сипаты болуы тиіс. Сонымен бірге, оның ұйымдық- құқықтық нысаны көрсетілуі керек. Бұл бапқа сәйкес банк фирмалық атауға (толығымен ресми) және атауы көрсетілген мөрге ие болады. Ұлттық банктен лицензия алған заңды тұлғалардан басқа, Қазақстан Республикасында ешбір заңды тұлға өз атауына «банк» сөзін қоса алмайды.

Банк атауы оның заңды тұлға ретінде жекеленуінің құқықтық жолы болып табылады. Сондықтан да фирмалық атауға азаиаттық - құқықтық нормалар жүктелген. Ойлап табылған атау банктің қызметін анықтау үшін тауарлық белгіде көрсетілуі мүмкін. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттыұ Банкі берген лицензиясының негізінде өз іс - әрекетін жүзеге асыра алады. Лицензия - банктің нақты банктік операциялар жасауға құқығын бекітетін мемлекеттік басқару органының акті болып табылады.

Банктік лицензиялармен тек банктік операциялар қамтылады. Егер де банк өзге де іс-әрекет түрін жүзеге асыратын болса, онда ол сол іс-әрекеті үшін бекітілген ережелерді ұстануы тиіс.

Коммерциялық банктің мүлігі дегеніміз банк іс -әрекетін жүзеге асыра алатын заттардың, материалды емес құндылықтары мен мүліктік талаптардың жиынтығы. Қандай да бір банктің мүліктік базасы жайлы білу үшін оның активтерц мен пассивтері, табыстары мен шығындары жазылған балансын талдау қажет. Балансты талдау арқылы банктің жалпы жағдайына баға беруге, банктің саясатын анықтауға, қызмет ету саласын білуге болады. Осы талдауға жүгене отыррып, банктің тұрақтылығын немесе сенімсіздігін білуге болады.

Банк мүлігіне оның қаражаты кіреді, яғни мншік құқығы бойынша иеленетін мүлік (өйткені, барлық банктер АҚ нысанында құрылады, банкте өзге мүлік болуы мүмкін емес) және тартылған, жалға алынған, қандай да бір келісімшарт негізінде баланста жатқан қаражат .

Мүлікті оның физикалық критериі мен қолдануына байланысты негізгі және айналымдағы қаражат, мүліктік құқық, материалды емес активтер, интеллектуалды мүлік объектісі деп бөлуге болады. Олар жарғылық капиталға кірмейді, бірақ банктің жұмыс істеу мерзіміндеоларды алуға болады. Олардың қатарына банктік технологиялар, ақпараттар, компьютерлік программалар кіреді.

Тақырыптың зерттелу деңгейi . Екінші деңгейдегі банктер туралы ұсыныстар мен зерттеліп жатқан ғылыми жұмыстар өте көп. Бұл тақырыпқа байланысты мынадай ғалымдардың еңбегіне сүйенсек болады. Алексеев В. В, Ливщиц Р. З, Манов Г. Н, Лазарев В. В, Комаров С. А, Гаджиев Г. А, Тихомиров Ю. А, Нерсесянец В. С, Тосунен Г. А, Олейник О. М, сияқты ғалымдардың қосқан үлестері орасан зор.

Дипломдық жұмыс объектісі. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің депозиттерін құқықтық реттеуге байланысты қоғамдық қатынастар жұмыстың объектісі болып табылады .

Дипломдық жұмыс пәні. Жұмыстың пәні болып екінші деңгейдегі банктердің құрылуы немесе оның құқықтық жағдайын реттеуге байланысты қолданыстағы заңнамалар және нормативтік құқықтық актілер жатады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізіне. Коммерциялық банктың жарғылық капиталы - несие алушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге арналған құрылтайшылардың салымдарынан тұратын заңды тұлғаның минималды міндетті мүлігі. Оның құрамына ақша, бағалы қағаздар, өзге де заттар мен мүліктік құқықтар немесе ақшалай құны бар құқықтар кіреді. Ол құрылтайшылардың саламанан құралады және салынғаннан кейін оның меншігіне жатады.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстанның банк және банктік қызмет туралы заңдары, зерттеу тақырыбына қатысы бар халықаралық-құқықтық актілерді қамтиды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Дипломдық жұмыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасының банктерін соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің құрылу мақсатын анықтау, екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операция жасау ерекшеліктерін ашу, жалпы бүгінгі таңдағы банктердің құқықтық жағдайын жан- жақты ашу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемi. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, 4 бөлімшеден, қорытындыдан,, сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі дипломдық жұмысқа қойылатын талаптарға сай келеді.

I ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін құқықтық реттеудің өзекті мәселелері

1. 1. Банктік қызмет негізіндегі банктік құқық принциптерінің айрықша маңызы мен кейбір мәселелері.

Банктік заңдардың нормаларымен бекітілген қағида-ережелер мен принциптерге негізделген кәсіпкерлік қызметтің бір түрі және мемдекеттің ұйымдастырушы құқықтық ықпалының аясындағы банктік істер ретінде жүзеге асырылатын банктік қызмет өзінің экономикалық, сондай-ақ құқықтық мән-жайларымен ерекшкленеді. Осы банктік қызмет аясына, көбінесе ақша-несие және қаржылық қатынастар жүйесі жатады.

Бүгінде, нарықтық даму талаптары мен ықпалына орай банктік қызметтің мақсаттары мен принциптері және құқықтық негіздері айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Әсіресе банктік қызметтің принциптік негіздерінің заман түрлендіруіне сай келмеуі де банк жүйесінен орын алып отырғаны белгілі.

Осыған қарамастан банктік құқық аясында қарқынды жүзеге асырылып жатқан банктік қызметтің қоғамдық мемлекеттік маңызы күн санап өсе түсуде. Оның себебіне аталмыш аяны реттеуге мемлекет мүддесін көздей отырып құқық салаларының басымдылығын жатқызуға болады.

Мемлекет мүддесіне орай жүзеге асырылатын банктік қызмет: ұлттық валюта-теңгенің бағамына қолдау көрсету; теңгенің сатып алу қабілетіне нығайту; банк жүйесін дамыту және оның тиімділігін жоғарылату; есеп айырысу, оның ішінде ақшасыз есеп айырысу жүйесінің айтарлықтай қалыптастырылып, қызмет атқаруына назар аудару; несиелену қатынастарының экономикалық және құқықтық негіздерін жетілдіру арқылы несилік жүйенің тиісінше жұмыс істеуіне жағдай жасау іске асыру арқылы айқындалады.

Банктік қызметті мемлекеттің уәкілетт айрықша қаржылық-кредиттік өктем өкілеттілік берілген органдары ретінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан даму банкінің мемлекеттік ақша-несиелік және біршама деңгейдегі қаржылық саясатын бірінші кезекке, ал өз қызметтері барысында жасалған шығындарын қалпына келтіруге байланысты банкілік операциялармен мәмілелерді екінші кезекке қою арқылы іске асыру осыны дәлелдейді. Ал банк жүесіндегі коммерциялық банктер өздерінің операциялары мен басқа да мәмілелерін барынша пайда табуды көздей отырып жүзеге асырғандықтан олардың қызметтері кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып саналады.

Бұл жерде банктік қызмет, оның қаржылық нәтижесі және банктік құқықтық қатынастардың өзара тығыз экономикалық байланыста болатыны анық байқалады. Сонымен бірге банктік қызметтің қоғамдық-мемлекеттік сипаты конституциялық, әкімшілік, қаржылық, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік рұқсат беру жүйесінің айтулы құралы лицензиялау банктік қызметтің аса маңызды атрибуты ретінде банк жүйесінен өзіне тиесілі орнын алып отыр. Банктік қызметтің тағы бір елеулі көрінісі еліміздің ақша жүйесін нығайтуға қосатын үлесі болып ескертелінеді. Банктік қызмет қаржылық, валюталық және кредиттік реттеудің нысаны болып табылады.

Міне, осы айтылған мән-жайларды түйіндесек мынадай:

1. Банктік қызметтер ешбір уақыт шектеуіне қарамай, тоқтаусыз жүзеге асырылады және мақсатты бағдарлы түрде құқықтық реттеледі.

2. Банктік құқық нормаларының және халықаралық банктік қызмет қағидалары мен стандарттары негізінде жүргізіледі.

3. Банктік қызмет барысында туындайтын банктік құқықтық қатынастардың қатысушылары айрықша банктік мән-жайларға байланысты заң жүзіндегі теңсіздік орын алады.

4. Банк жүйесіндегі қарым-қатынастар көп жағдайда еріктілік әрі сенімділік тұрғысынан көрініс табады.

5. Қазақстанның әртүрлі құқықтық салаларын тиісті нормалары негізінде банктік қызмет аясында құқықтық режимде (тәртіптер мен талаптар) белгіленеді.

6. Мына екі аса маңызды: өз қаражаттары мен қарызға алынған ақшалар негізінде, сондай-ақ мемлекет болмысы мен егемендігін қамтамасыз етуге қажетті пайда табу бағытында жүзеге асырылады.

7. Банктік қызмет аясындағы экономикалық процестердің ұтымдылығы мен тиімділігі және үнемділігін арттыру, сондай-ақ құқықтық негіздері мен принциптерін жетілдіру арқылы мемлекеттік және жекеше мүдделердің біршама теңдестірілуіне қол жеткізуге болады деген тұжырым жасай аламыз.

Міне, осы банктік қызметті жүзеге асыру негізінде жататын принциптер жөніндегі және обьективті-субьективті талаптарға орай мүмкіндігінше жаңадан қалыптастыруға қатысты мән-жайлар мен мәселер жоғарыда баяндағанымыздай өзекті сипат: алып отыр.

Біздің ойымызша, бұл жердегі басты міндетке банктік қызметтің принциптерін қалыптастырып, белгілеу сондай-ақ олардың теориялық және практикалық мән-маңызын зерделеу жатады.

Банктік қызметтің құқықтық негізі болып табылатын құқықтық нормаларды нормативтік маңызы бар принциптердің ерекшеліктерін есепке алмай пайдаланудың оң нәтиже бермейтіні белгілі. Демек, құқықтық нормалар қатысты құқық принциптеріне сай болуға тиіс. Осыған байланысты банктік қызметке қатысты принциптердің қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті баптарына назар аударып, қарастырып өту қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының, 2-тармағында:"Республика қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; " деп көрсетілген. Банктік қызметтің маңызды қоры қоғам мен мемлекеттің мүддесін көздейтін экономикалық мән-жайы бар құқықтық қатынастарда көрініс табады. [1]

Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргіздеді. Демек, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен Даму банкі өз өкілеттіліктері шегінде жалпы мемлекеттік мүдделер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз етуге атсалысады.

Банктік қызмет аясында "Қазақстан республикасында қолданылатын құқық конституциясының соған сәкес заңдардың өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республикалқ халқралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормаларыболып табылады"

Қазақстанның жүйесінде халықаралық банктік қызметтер стандарттары міндеттітүрде қолданылады, "Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық принциптері мен нормалардан құрметтейді…"

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі мен Даму банкісі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен қаржы министрлігі қызметтерінің басымды бағыттары ақша-несие қаржы саясатын іске асыру барысындағы тиісті іс-қимылдары арқылы мемлекет атынан билік жүргізу болып табылады.

Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы баптың қағидалары атқарушы және сот билігі органдарының тиісті заңды негізінде банктік қызмет аясында белгілейтін құқықтық режимдерінде көрініс тапқан.

Банктік қызметті ерікті еркін түрде арқылы экономикалық белсенділік көрсету құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес туындайды. "меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. «Осы кәсіпкерлік қызметті яғни банкілік қызметті жүзеге асру еркіндігі принципі "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүмкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тиым салынады».

Осы айтылған жағдаяттардан банктік қызметке байланысты заңи принцип-нормалардың көрініс тапқанын байқап отырамыз. Алексеев В. В, Ливщиц Р. З, Манов Г. Н, Лазарев В. В, Комаров С. А, Гаджиев Г. А, Тихомиров Ю. А, Нерсесянец В. С, Тосунен Г. А, Олейник О. М, сиқты құқық саласы бойынша ғалымдардың ғылыми тұжырымдары мен көзқарастарына сүйене отырып банктік қызмет аясының субьектілерінің көптеген армандаған шыңдарына көтерілу сәтін жақындату мүмкіндігіне қол жеткізуге себін тигізетін мынадай:

1. Банктік қызметтің қоғамдық мемлекеттік маңызын адамдардың жалпы мүддесін жоғары болуына жол бермеу.

2. Банктік қызмет пен банк жүйесін ұйымдастыру, реттеу, бақылау-қадағалау және басқару кезінде тек мемлекет мүддесі ғана көзделінбей, сонымен қатар жалпы қоғамның мүддесін тиісінше қамтамасыз ету жолдарын қарастыру;

3. Банк жүйесінің ауқымындағы барлық банктер мен басқа да ұйымдардың сондай ақ олардың клиенттерінің қандай да болмасын іс-қимылдарының тиісті нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылуына қажетті жағдай жасау;

  1. Жоғарыда баяндаған жағдайларға байланысты банктік қызмет аясындағы қоғамдық-мемлекеттік және жекеше мүдделердің мүмкіндігінше теңдестірілуіне атсалысу.
  2. Қазақстанның банк жүйесінің құрылу және даму принциптеріне қоса банктік қызмет негізінде жатқан принциптерді айқындау және оларды банк жүйесінің тиісті талартарына сай нақтыландырып заң жүзінде не болмаса оның ережелерінде белгілеу сияқты тұжырымға келуге болады.

Сонымен, "Ұлттық Банк туралы", "Банктер және банктік қызмет туралы" және "Лицензиялау туралы " ҚР Заңдарын осы мақаланың желісіне орай қарастырып, талдау барысында мына:

1) Қазақстан Республикасының банк жүйесін екі деңгейлі етіп құру принцип;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің тәуелсіздігін принципі. "ҚР Ұлттық Банкі туралы" ҚР Заңның 3-бабында Ұлттық банкінің тек ҚР Президентінің құзырында болатыны яғни басқа мемлекеттік билік органдарына бағынышты емес екендігі жөнінде айтылған. Осы жайларды бекіту мақсатында ҚР Ұлттық Банкісінің тәуелсіздігі принципінің қандай элементтерден құралатынын білуіміз қажет. Оларға: мүліктік тәуелсіздік; бюджеттік тәуелсіздік; қаржылық тәуелсіздік; инструменталдық тәуелсіздік; кадрлер жөніндегі тәуелсіздік жатады.

Аталмыш екі принцип "ҚР Ұлттық банкі туралы" ҚР заңның 1-бабының 1, 2, 4-тармақтарында, 9-бабының 1, 2-тармқтарында, 11-бабының 1, 2-тармақтарында, 30-бабының 1-тармағының жетрі тармақшасында, 12-бабының 1, 3-тармақтарында, 13-бабының 1-3 тармақтарында, 15-бабының а), т) тармақшасында, 16-бабының 1-3-тармақтарында, 18-бабының 1-4- тармақтарында, 9-бабының 1-5-тармақтарында, яғни солардың қағида-ережелерінде көрініс тапқан

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің заң жүзінде белгіленген өзіне тән функцияларын жүзеге асыруына байланысты жауапкершілігі принципі. "ҚР Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңның 7-бабының 1-тармағында және 2-тармағының 1-тармақшасындағы, 13-бабының 4-тармағындағы және тағы басқа баптардағы ережелерді салыстыру арқылы осы принцип банктік қызмет аясындағы өз орынын табады деп санаймыз. Әрине, экономикалық тәртіп ағымы мен мемлекеттік билік жүйелеріндегі әр алуан обьективті және субьективті құбылыстарға байланысты осы принциптердің іске асырылуы ойдағыдай болмай тұрғанын мойындауға тиіспіз. [2]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктің пассивтік операциялары
Қазақстандағы банктік жүйе
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Қазақстан Банктер жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz