Chenopodiaceae Vent тұқымдасының Climacoptera B. туысы C.lanata өсімдігінің түрінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері


4

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат қоғамы дамуының экологиялық дағдарыстарының бiрi дамыған өркениеттiлiктiң өз мүмкiндiктерiн топырақтың тұздануы нəтижесiнде жоғалтқаны белгiлi.

Топырақтың тұздануы деп натрий, кальций, магний тұздарының топырақта өсiмдiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер ететiн концентрацияда жинақталуын айтады.

Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрлiше. Олардың бiрi - құрғаған теңiздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда ерiген тұздар атмосфералық ортаға жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның нəтижесiнде топырақтың жоғары қабаттарының одан əрi тұздануына себеп болады.

Галофитті өсімдіктер тұз сүйгіш өсімдіктер. Олар топырақтан қоректік заттар алып, тіршілігін сақтау барысында топырақтағы тұздарды өз бойына жинайды. Осы арқылы топырақтың тұздануынан сақтануда өте үлкен рол атқарады.

Қазақстанның кең алқапты жерінің жартысынан көп аймағын шөлейітті тұзданған жерлер басып жатыр, әсіресе, Арал өңірі. Сол себепті тұзға төзімді галофитті өсімдіктерді табиғи жағдайда өсіріп, қазіргі заманға лайық технологиялар арқылы олардың морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Chenopodiaceae Vent. тұқымдасының Climacoptera B. туысы C. lanata өсімдігінің түрінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін анықтау.

Мақсатқа жету үшін алға қойылған негізгі міндеттер:

-Зерттеуге алынған Climacoptera lanata өсімдігінің табиғи жағдайда фитоценозда жасалған үлгілерінің морфологиялық ерекшелігін сипаттау;

-Зерттеуге алынған Climacoptera lanata өсімдігінің экологиялық ортасына байланысты сабағының бейімделуінің морфологиялық ерекшеліктерін анықтау;

-Зерттеуге алынған Climacoptera lanata өсімдігінің экологиялық ортасына байланысты жапырағын адаптациялық белгілерін көрсету.

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу материалы Chenopodiaceae Vent. тұқымдасы Climacoptera Botsch. туысының Climacoptera lanata деген түрі. Галофитті аймақа өсетін өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктерін анықтау, морфологиялық және анатомиялық әдістемелер қолдану.

Зерттеу жұмысымның жобасы кіріспеден, әдеби шолудан, зерттеу әдістерінен, зерттеу обьектілерінен, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, бейне суреттерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Әдеби шолуда - Climacoptera Botsch. туысына жататын өсімдіктердің жалпы сипаттамасы берілген.

Зерттеу әдістері бөлімінде - зерттеу жұмысында пайдаланылған әдістер туралы мәліметтер берілген.

Зерттеу нәтижелерінде:

5

1. Climacoptera lanata өсімдігінің табиғи жағдайда фитоценозда жасалған үлгілерінің морфологиялық ерекшелігі;

2. Climacoptera lanata өсімдігінің экологиялық ортасына байланысты сабағының бейімделуінің морфологиялық ерекшеліктері;

3. Climacoptera lanata өсімдігінің экологиялық ортасына байланысты жапырағын адаптациялық белгілерін көрсетілген.

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

-Climacoptera lanata өсімдігінің табиғи жағдайда фитоценозда жасалған үлгілерінің морфологиялық ерекшелігі сипатталды;

-Climacoptera lanata өсімдігінің экологиялық ортасына байланысты сабағының бейімделуінің морфологиялық ерекшеліктері анықталды;

-Climacoptera lanata өсімдігінің экологиялық ортасына байланысты жапырағын адаптациялық белгілері көрсетілді.

6

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУҚазақстанда топырақтың тұздану процесі

Орта Азия териториясының көп жерлері табиғи тұзданған және топырақтың екіншілік тұздау процесу байқалады, сол үшін де қауіпті болып келеді. Арал маңы тұз жиналу аймағы болып табылады[1] . Белсенді тау түзу процестері құрамында тұздары бар топырақ түзетін материалдың шығарылуына және оның жиналуына әкеледі. Орталық Азия териториясында қалыптасқан жер беті және жер асты ағындары қазірде әрекет етуде. Ағындар өздерінің қозғалысы барысында жыныстардан тұздарды шығарады және қозғалыс процесінде ежелгі тұз қабаттарының тұздарымен байытылады. Судың қозғалысы кезінде олар химиялық құрамы мен минералдануын өзгертеді(сурет 1) .

Тұздану өсімдіктердің тіршілігін жояды және өнімділігін төмендетеді, күріштің өнімділігіне тыңайтқыштардың әсерін 20-25% - ға дейін азайтады, тіпті жаңа сұрыптардың тұқымдары да дұрыс өнбейді, нәтижесінде күріштің өнімділігі 30-40% - ға төмендейді. Бірақ мұның қалай жүзеге асатыны көпшілікке беймәлім. Ортаның тұздылығына байланысты өсімдіктердің тамырлануы әлсіз жүреді, ал әлсіз дамыған тамыр арқылы өсімдіктің жер үсті мүшелеріне қоректік заттар аз түседі де нәтижесінде өнімділігі төмендейді[2] .

Жалпы топырақтың тұздануында және грунт суларының минералдануында жазық орманды және жазық аудандарда тұздардың құрамында сода-сульфатты тұздануына әкеледі. Бұл аймақтардағы соданың жиналуы оның сульфат және натрий хларидімен салыстырғанда аз ерігіштігіне байланысты.

Жартылай шөлді және шөлді аймақтарда натрий сульфаты және хлориді, гипс және нитраттардың жиналуы көптеп кездеседі. Бұндай зоналарда кейде соданың тұздануы және топырақтың содалы тұздануы байқалады.

Топырақтың тұздануы әлсіз, орташа және қатты деп, сонымен қатар сортаң, сор деп бөлінеді. Әлсіз тұзданған топырақтарда 0,25-0,4% әлсіз еріген тұздар болады, орташа тұзды топырақтарда - 0,4-0,7%,қалыпты тұзданған топырақтарда - 0,7-0,1% тұз болады[3] .

Сор дегеніміз - топырақтың профиллінде жоғарғы горизонтынан бастап суда еритін тұздардың көп мөлшері болатын топырақ. Сорлар буланып түскен тұз жауын-шашын мөлшерінен жоғары болғанда түзіледі. Мұндай режим құрғақ климат жағдайында минерал грунт сулары жақын орналасқанда жүреді. Мұнда судың біраз бөлігі топырақтың жоғарғы қабатынан буланады, біраз мөлшері өсімдіктің транспирациясына кетеді, ал тұздар концентрленіп, топырақтың жоғарғы горизонтына түседі.

7

01(3)

01(1)

04(1)

Сурет 1 - Топырақтың тұздануы.

Сор топырақтың жағары қабатынан бастап суда еритін тұздардың жоғары мөлшері (1%-дан астам) болады. Сорлар өзен аңғарларында, теңіз ойпаттарында, кеуіп кеткен көлдерде орналасады. Сорлардың беткі қабатында

8

тұз көп (25%) болады. Мұндай су режимінде топырақтың жоғарғы бетінен судың үздіксіз булануы жүріп отырады. Егер грунт сулары жақын орналасып, онда оңай ерігіш тұздар болса, онда олар сумен бірге жоғарғы қабатқа көтеріліп, су буланған соң топырақтың гаризонтталдарында жиналады[3] .

Тұздардың құрамы әртүрлі және ол түзілу жағыдайларына байланысты. Көбінесе хлорид-сульфатты сортаңдар кездеседі, олардың бетінде NaCl және NaSO 4 болады. NaCl-мен тұзданған сор беті қабықпен жабылған. Сор топырақта мәдени өсімдік өспейді. Топырақтың содалық тұздануы зиянды болып табылады(сурет 2) .

Мұндай топырақ сорлардың жоғарғы горизонттарынан тұздардың шайылуы нәтижесінде түзіледі. Грунт суларының әсері жаздық тұздану және күз-қыс-көктемдік тұзсыздану процесінің кезектесуіне себеп болады. Өсімдік қалдықтарының ыдырауы натрийдің биогенді жиналуына және атмосфералық жауын-шашындардың түсуі кезінде топыраққа натрий тұздарының түсуіне әкеледі[4] .

Тұзды топырақ түзілгенде онда натрий тұздарының мөлшері жоғары болады. Алайда коагулияция төмен болады, нәтижесінде сіңірілген Ca және Mg-дың топырақтан шығарылуына жағдайлар туады. Тұзды топырақтың атауы топырақтың зоналық типіне байланысты анықталады. Түзілу жағдайларына байланысты әрбір тип үш типастына бөлінеді: 1) шалғынды; 2) шалғынды-жазық; 3) жазық.

Мұндай тұздықтар нашар агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттерімен және төменгі құнарлылығымен сипатталады. Тұзды горизонттың ісінуінен олар суды нашар өткізеді. Ылғал тұздықтарды өңдеу қиын, ал құрғақ тұзды топырақ жоғары тығыздылығы және қаттылығына байланысты олар да нашар өңделеді. Мұндай жағымсыз қасиеттері 40%-ға дейін жететін алмасқыш натрийдің болуына байланысты тұзды топырақ сілтілі немесе күшті сілтілі реакцияға ие.

Сортаңдар жартылай гидроморфты топырақ тобына жатады. Орманды-жазық және жазық зоналарда таралған және шалғынды, шалғынды-батпақты өсімдік жамылғысының астында және батпақты ормандардың астында кездеседі[5] .

Сортаңдарға тән белгі - жоғарғы горизонттарында аморофты кремний қышқылының болуы. Сортаңдану процесі және бос кремний қышқылының түзілуі жоғары ылғалдану және топырақтың шайылу жағыдайында жүреді. Сортаңдардың профилі генетикалық горизонттарға дифференцияланған. Сортаңдардың мынадай тип тұрлері болады: шалғынды-батпақты, шалғынды, шалғынды-жазық және шымды.

Егістік, көкеніс және ұрықтық дақылдар топырақтың тұздануына әсері болады. Тұздануға қызылша төзімді болады, орташа төзімділер - дәнді дақылдар, тамат, қырыққабат, картоп, сәбіз; төзімсіздері - күнбағыс, бұршақ тұқымдастар, шалған, пияз, сарымсақ, қияр. Тұзға төзімді өсімдіктердің өзі тұздың жоғрғы концентрациясына төзе алмайды. Сондықтан, тұзданған топырақты жыртпас бұрын шаяды (1-га топыраққа 2-18 мың тонна су етеді) . Шаятын минерелды суды дренажды құбыр арқылы жібереді[2] .

9

05

06

Сурет 2 - Climacoptera lanata және Salicorina europaea өсімдіктерінің құрамындағы қоспа және көміртегінің еру мөлшері.

Тұзды топырақты әр түрлі әдіспен мәденилендіреді, яғни олардың қасиеттеріне, түзды горизонттың тереңдігіне және аймағына байланысты. Тұзданған топырақ - құрғақ зоналардағы суда жеңіл еритін минералды тұздардың: хлорид, сульфат, натрий карбонаты, кльций және магнийдың жоғары мөлшері (0, 25%) болатын топ[3] .

10

Тұзданған топырақ барлық зоналарда, әсіресе табиғи тұзды жыныстарда немесе грунт суларына жақын орналасқан жерлерде кездеседі. Теңіз қабаттары азональды, сондықтан сорлар Якутин, Батыс Сібірде, Воронеж обылысының орман массивтерінде және Каспий маңының жартылай шөлді зоналарында кездеседі. Құрғақ шөлді және жартылай шөлді зоналарда тұздың жиналуы биогенді факторлар, желдену, топырақ түзілу, сонымен қатар импуль-веризация (желмен таралу) арқылы жүреді[3] .

Материктің ағынсыз облыстарына сумен бірге 1 млрд. т. тұз, ал желмен 2-20т. тұз түсуі мүмкін. Орманды-жазықты зоналарда тұзды топырақ 16%, жазық зонада - 24%; жартылай шөлдерде, сортаң, сорлар 51% және сұр қышқыл топырақты тақырлар ел териториясының 54%-ын құрайды. Тұзданған топырақ көлемі 160 мил. га. немесе ел териториясының 7, 2%-ын құрайды. Бұл топырақтар Төменгі Поволожье, Украинаның оңтүстігі, Кавказ маңында, Орта Азияда, Қазақстанда, Батыс Сібірде кең таралған[2] .

Таулардан аққан ағындар өзендерге ағып, сулары аккумуляцияланады. Бұл айтылғандар Өзбекстан республикасының суландырылатын жерлеріне қатысты, себебі олардың көп бөлігі тұздануға ұшыраған.

Тұздардың екіншілік күшті көзі тереңдік тұздықтар болып табылады. Олар тереңде жатқанмен, сорлардың түзілуінде үлкен рөл атқарады.

Арал теңізі бассейінінің негізгі өзендерінің суларының құрамы және минерализациясы соңғы жүз жылдықта қатты өзгерді. Олардың минерализациясы артты. Тау аймағынан шыққанда өзен суының минерализациясы 0,3 - 0,4 г/л аспайды және гидрокарбонатты сипатта болады[6] . Жер асты және суландырылатын аймақтың ағынды суларымен араласа отырып өзен суының минерализациясы 1,0 - 2,0 г/л жетеді де сульфатты-хлоридті сипатта болады.

Бұл мәселе мынадан туындаған: Орта Азия өзінің алқаптарында суландырылатын аймақтардың дренажды-қалдықты суларын қабылдайтын орын көздері болып табылады. Өзеннің қалыпты ағыны мен гидрохимиялық рережиміне шайілатын судың үлгілері және қайтымды сулардың ағыны әсер етеді. Өзердердің ирригациялық каналдарға су қоршауының өсуі ағындардың азаюына алып келеді, ал коллектерлы-дренажды сулардың түсуі оның қалыпты режимі мен сапасын бұзады. Сапасы жақсы шайылатын су жетіспейтін аймақтарда минералдануы 3-5г/л болатын дренажды-қалдықты суларды қолданады[7] .

Арал маңында тұзданудың үшінші көзі теңіз сулары болып табылады. Жағалаулар кепкенде сорлар түзіледі. Теңіз қабаттарында түзілетін топырақтар тұзданған болып табылады. Ежелгі теңіз қабаттары тұздардың жеткізушісі болып табылады.

Арал теңізінің кеуіп қалған бөлігінің топырағында тұз динамикасының анализі тұзды сумен суару кезінде де сордың, сонымен қатар аз тұзды топырақтың тұзданбауы жүретінін көрсетті. Тұз профилінің құрылысы кішкене өзгереді.

Табиғи жағдайларда қыстық-көктемдік-жаздық жауындардың мөлшерінің

11

көп болуы кезінде топырақтың бірінші метрлік қабатында автоморфты сордың қатты тығыздануы жүреді. Тұзданудың көп мөлшерін топырақтың беткі 30см-ден көреді. дегенмен тұз профилінің құрылысы тіптен өзгермейді.

Атмосферлі жауындардың мөлшерінің артуы аз тұзды топырақтардың бірінші метрлік қабатта тұзданудың кемуімен қатар, керісінше жоғарғы горизонттардың тұздануын арттырады.

Сорда және аз тұзды топырақтарда бұндай тұз динамикасының айырмашылықтары өсімдіктердің функционирленуімен байланысты.

Жарты жылдық өсімдік экземплярларын өсуінің жағдайына және түріне байланысты емес биіктік бойынша бөлу қисықтың бір типімен - полимониальді алтыншы реттің бөлінуімен сипатталады[5] .

Атмосферлі жауындардың аномальді жоғары болуы кезінде аз сорлы Оңтүстік Арал маңы топырақтарын біржылдық Kochia iranica және жартылай бұта Ceraloides papposa үшін табиғи жағдайларды (суарусыз) қалыпты деп есептеуге болады, ал біржылдық Climacoptera lanata үшін суаруды эффективті деп айтуға болады[8] .

Арал теңізінің сор кеуіп қалған түбінде Haloxylon aphyllum сексеуілін тұзды сумен суаруды эффективті деп есептеуге болады, себебі ол табиғи жағдаймен салыстырғанда өсімдіктің өсуінің (4-5 есе) көбірек пайызын береді[6] .

Құрғақ климат жағдайларында суландырылатын топырақ тұздануының үшінші көзі өзен суларындағы жеңіл еритін тұздар болып табылады. Өзен суларын қолдану деңгейінің көбеюі топырақта тұз жиналуына әкеледі.

Таулы жазықтарды суландырудың кеңеюі есебінен тұздануға ұшыраған жерлер көлемі артты. Таулы түзілімдерден қалыпты және жасанды грунт суларының ағынын жою өзінің химизмін гидрокарбонаттан хлоридті-сульфатты және хлоридтіге өзгертеді[7] .

Мынадай үш зоналар бар:

-Грунт енуі мен транзиті тауға жанасқан жыныстардың қабаттарында жақсы сіңеді;

-Тығыз немесе әлсіз сортаңды су ізбестті және гипсті топырақ қабаттары түзілуінің көзі болып табылады. Олар жер асты сулары транспортталатын пласттардың өткізгіштігі нашарлаған жерде түзіледі;

-Жоғары минералданған грунт суларының екіншілік енуі, олардың деңгейі атмосфералық жауын-шашын және топырақ беті мен өсімдіктерден булану деңгейімен анықталады.

Таулы аймақтардың өзен алқаптарының территориясы беткі жағымен тұзданбаған, себебі мұнда атмосфералық жауын-шашын мөлшері жеткілікті, ал грунт суларының су алмасу деңгейі жоғары және минерализациясы төмен. Алайда таулы жазықты аймақтарда да топырақ қабаты астында гипсті және ізбестті горизонттар бар, олар “ щоха” немесе “арзық” деп аталады.

Өзбекстаннң тұзданған топырағының негізгі массивтері минерализациясы аз 2 - 5 г/л жер асты сулары шығатын зоналарда, өзендердің дельталы аймақтарында және төменгі рельфтерде орналасқан, “шор” немесе “сор” деп

12

аталады. Сорлардың түзілуі осыдан шыққан[9] .

Топырақ горизонттарындағы грунт суларының деңгейі, олардың минерализациясы және тұздардың қоры - шайылатын жағдайдағы тұздардың басты фақторлары. Грунт суларының деңгейі және минералдануы - аймақтың дренаждалуының көрсеткіштері.

Алқаптарды сумен шаю тұздардың топыраққа өтуіне әсер етеді, шайылуға арналған су топырақ үшін тұздың көзі болып табылады, себебі оның 80%-ы булануға кетеді, ал тұздар топырақта қалады. Шайылудың жүргізілуі, оның топырақ қабаты ылғал жетіспеуін толтыруы шайылатын территорияның экологиялық жағйына байланысты болады. Жергілікті аймақтың жеткіліксіз шайылуы жер асты суларының ағыны есебінен тұздануға әкеледі.

Қалыпты жағыдайда шаю және дренаж әсерінен таулардан су қоймаларға тасымалдануы жергілікті және аймақтық деңгейдеде жылдам өзгереді. Шаю, суланыру топырақтағы табиғи процестердің ағымын интенсификациялайды. Жасанды суландыру жағдайында топырақтың тұздануы және тұздану процесінің бағыттылығы шаруашылық әрекетіне байланысты, себебі суландырылатын жер топырақтың гидрологиялық режимін өзгертіп, гидрологиялық процеске әсер етеді.

Бұл мынадай жағыдайда көрінеді:

-Мелиоративті жүйелердің суландырылатын каналдары судың грунт суларына түсуінің көзі болып табылады;

-Жеткіліксіз техника судың алқаптарға біркелкі таралуын қамтамасыз ете алмайды.

-Дренаж топырақтың тұз баланысын ұстап қана тұрмай, судың жайылуын болдырмау керек (80% қайтадан су көздеріне) .

Климаттың құрғақтық жағдайына қарамай тұз жиналу процесі сандық қатынаста, топырақ қабаты арқылы ылғалдың өтуімен анықталады. Топырақ сулы-тұзды режимін қалыптастыру үшін судың онда қалай түсетінін білу керек. Қазіргі таңда шайылатын жерлердің маусымдық тұздануы шайылатын су мөлшеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар грунт суларында еріген тұз мөлшеріне де байланысты болады. Грунт сулары буланғанда тұз өте көп шығады.

Тұзданған жерлердің мелиарация әдістеріне жаңа заманғы көзқарастың дамуына өткен ғасырдың жартысынан бастап суландырылатын жерлердің қарқынды дамуы ықпал етті. Жерлердің “екіншілік” тұздануы немесе тұздануға ұшырауы мәселелерін көре отырып ғалымдар сол жағыдайдан шығудың әдістерін іздей бастады. Сол кездегі негізгі идея “тамырлық мелиарация” болды, ал жасанды дренаж фонында өте тереңге су жіберуге негізделген.

Өсімдіктің тұзға төзімділігі өсімдіктің түрі және даму фазасына, тамыр және грунт қасиеттеріне, топырақтағы ылғал мөлшеріне, тұздану типіне байланысты болады. Өсімдіктің әрбір түрі және сорты үшін топырақ ылғалына қажеттілігі тән, ол сыртқы факторлармен анықталады (климат, топырақ қасиеттері және тұзға төзімділігі) . Бұл қажеттілігі өсімдік дамуының әртүрлі фазаларына ауысады. Ол өсімдік дамуының репредуктивті фазасына максималды

13

болады[10] .

  1. Галофитті өсімдіктердің өсу ортасының экологиялық ерекшеліктері

Галофиттер ертеде глюкофиттерден шыққан, яғни сор емес топырақта өсетін өсімдіктер ( грек тілінде «глюкос» - тәтті) [7] . Табиғи сұрыптау кезінде сор топырақта мекендеген глюкофиттер арасынан тек тұзға төзімділері ғана тірі қалды. Енді көптеген галофиттер басқа жерлерде өмір сүре алмайды және салыстырмалы түрде топырақта тұз көп жерде жақсы дамиды. Олардың глюкофиттерден шыққанын галофиттер дәнінің аз тұзды топырақта жақсырақ өсетіні дәлелденді. Әдетте күзде, қыста және ерте көктемде сор жер тұздан жуылады, дәлірек айтқанда тұз жаңбыр суымен бірге топырақтың терең қабаттарына кетеді. Кейін тұздар буланған сумен жоғары көтеріледі, ол жерде оларды өсімдіктің өскен тамыры сіңіреді.

Енді сор топырақта адамның көмегінсіз табиғи жағдайларда өмір сүретін өсімдіктер жайлы еске түсірейік. Олар осындай жағдайларға эволюция процесінде бейімделгендіктен өмір сүреді. Бұндай өсімдіктер галофиттер деп аталады.
Барлық галофиттерді үш топқа бөлуге болады:

Тұз жинақтаушы. Немесе тұзды суккуленттер. Олардың сабақтары мен жапырақтары етті, ол өз кезегінде оларға тұзды топырақтан алып, жасушаларда жинақтауға мүмкіндік береді. Мысалдар: сарсазан, сораң бұта.

Тұзды бөліп шығарушылар. Бұл өсімдіктер тұз үшін өткізгіш болып келеді және тұз жинақталатын жапырақтарында арнайы жасушалары бар. Шекті концентрациясына жеткеде бұл жасушалар жарылады, сөйтіп тұз сыртқа төгіледі. Дегенмен өсімдіктің басқа жасушаларында тұз концентрациясы артпайды және олардың тіршілік әрекеті бұзылмайды. Мысалдар: кермек, жыңғыл.

Тұзды өткізбейтін. Олар көмірсуларды жинақтай отыра тұздан қорғайды, олар өз кезегінде шамадан тыс тұздың сіңірілуін және жинақталуын болдырмайды. Мысалдар: жусан, алабота.

Бірақ сор топырақтар басқа да қасиеттерімен ерекшеленуі мүмкін: құрғақ немесе дымқыл, құмды немесе сазды, тасты немесе шалшықтанған және т. б.

Сондықтан галофиттердің табиғаттағы әртүрлілігі алуан:

-тропикалық сазды теңіз жағалауы

-шөптесін өсімдіктері бар сор сазды жер

-шыңдағы галофитті бірлестіктер

-сор құмды немесе қиыршық тасты топырақтардағы шөптер немесе бұталар

-теңіздің құмды топырағындағы тропикалық ормандар

-құмды топырақтағы жапырақсыз галофиттердің ормандары

-сор сазды топырақтағы шөптер немесе бұталар (сор дала)

-сор шөлдер

14

-теңіз бойындағы жайылымдар

Галофитті өсімдіктер сор топырақта өмір сүреді: теңіз жағалауларында немесе құрғақ климатта (дала, жартылай шөл және шөл аймақтарда) . Құрғақ климатта топырақ бетінен су қатты буланады, ал онда еріген тұздар (поваренная соль, сернокислый натрий, сода и др. ) сумен бетіне көтеріледі де, топырақта қалады. Сөйтіп тек галофиттер ғана өмір сүре алатын солончактар пайда болады. Әдетте сор өте қатты, өсімдіктер мүлдем жоқ жерде солончактың дәл ортасында тұздар ағарып жатады. Тұздар азырақ жерде, өсімдіктер өспейтін жерде әлемдегі ең тұзға төзімді өсімдік - солерос өседі. Солеростың түрі ерекше. Бұл биіктігі 10 мен 30 см аралықтағы біржылдық шөптесін өсімдік. Ол бөлек қалың және етті буындардан тұрады. Осындай әрбір мүше жапырақпен бітісіп кеткен сабақ түрінде болады. Бізбелдік өзінің ұлпаларының ішінде тұз жинайды. Ұлпаның ішінде тұз артық болып келгенде бөлек мүшелер түсіп қалады. Сөйтіп бізбелдік ағза ішіндегі тұздардың шамадан тыс мөлшерінен сақтанады. Бізбелдікпен тура қасында ақсора өседі, оның сабағы және етті қалың жапырақтары бар. Ол бізбелдікке қарағанда топырақтың тұздануын жаманырақ көтереді. Кермек тұзданумен кішкене басқаша түрде күреседі, оның жапырақтарының тамыр жанындағы розеткасы болады. Ыстық күндері кермектің жапырақтарын ұнға ұқсас ақ зат қонады. Егер тілмен жалап көрсеңіз, онда сіз тұзды дәмді сезесіз. Арнайы бездері арқылы кермек тұздың артығын жапырақ бетіне шығарады, ал сол жерден оны жаңбыр жуып-шаяды. Тура солай тұзды ортаазиялық жыңғыл бөліп шығарады[10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның және көршілес мемлекеттердің флорасындағы Aлабұта (Chenopodiaceae) тұқымдасына шолу мақала
Тұзды топырақтардың бейімділігі негізінде
Алабұта тұқымдасына сипаттама. Тіршілік формалары, гүлдері, жемістері
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Арамшөптер — адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы
Convolvulaceae vent. Тұқымдасының дәрілік түрлері өкілдерінің морфо-анатомиялық ерекшеліктері
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Алабұталар тұқымдасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz