Тұтыну тауарлар нарығының қазіргі кезеңдегі дамуының теориялық негіздері



Дамыған нарықтық жүйеде бизнес-ортаны қалыптастыру көптеген кеңестік елдердің тәжірибесі байқатып отырғандай бірнеше аралық сатылардан өтті. Осы сатылардың барлығы да өзінің эволюциялық өзгеруінде шаруашылықтанудың жаңа әдістері мен нысандарына ие бола отырып, жалпы экономикалық жүйедегі құрылымдық бөлімшелерде жаңаша нарықтық стратегиялардың әсерімен қалыптасып келеді. Нарықтық реформалардың іске асырулары әуел бастан қалыптасу жағдайында құрылымдық өзгерістермен, сауда объектілерінің, тұрмыстық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандырудың шаруашылықтану әдістеріне және құрылымдық өзгерістерге негізделген тұтыну тауарлар нарығы белсенді түрде қалыптаса бастады.
Осы объектілердің құрылымдық-функционалдық өзгерісі тұрғындардың талаптарымен байланысты ұлғаймалы ұдайы өндіріс сегментінде тұтыну тауарлар нарығының қалыптасуына әкеліп соқтырды. Негізінде, бұл талаптар және оларды қанағаттандыру үдерістері жоспарлы шаруашылықтану жүйесінде де орын алғаны белгілі, бірақ оларды жүзеге асыру әдістері, ұлғаймалы ұдайы өндіріс сатыларымен өзара байланысының құрылуы қатаң мелекеттік реттеу ұстамдарына негізделген сипаттамалармен ерекшеленген.
Кеңес экономикасының аясында сауда, тұрмыстық қызмет көрету, қоғамдық тамақтану сияқты өндірістік емес аялары ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің көп деңгейлі өзара байланыстары арқылы кең көлемді тұтыну секторын қалыптастырғандығы белгілі. Бұл құрылымдық жоспарлаудың салдары. Сонымен қатар, өзінің даму болашағымен, атқаратын қызметтері және міндеттерімен ерекшеленетін сапалы жаңа нарық сегментінің функционалдық сипаты орын алады.
Қазіргі уақытта бұл сектордың дамуына байланысты тек ішкі өндірістік сатылардың дамуы айқындалмайды, сонымен қатар әлемдік экономика шеңберінде шаруашылық аралық интеграциялық үдерістердің дамуы қамтамасыз етіледі. Тұтыну тауарлар нарығының қазіргі сатыларын дамыту эволюциясы ең алдымен ұлттық экономиканың ашық жағдайында оның бәсекеге қабілеттілігін арттырумен тығыз байланысты. Бұл жағдайларды ең маңызды міндеттердің бірі – бұл экономикалық дамуды қамтамасыз ететін экономиканың барлық секторларындағы бәсекелестікті жоғарылату болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдағы халыққа жолдауында Н.Ә. Назарбаев «... экономика біздің дамуымыздың негізгі алғышарты, ал жоғары қарқынды экономикалық өрлеу – негізгі міндетіміз», - деді. Бұдан бұрын да 2004 жылы халыққа жолдауында елбасы осы мәселеге назар аударған: «Жалпыға белгілі бәсекеге қабілеттілік мемлекеттің қолдауы жағдайында емес, керісінше бәсекелестермен қатаң күрес жағдайында қол жеткізіледі. Бұл жерде мемлекеттің тиімді рөлін бір жағынан экономиканың либерализациясы және ашықтылығы арқылы қамтамасыз етуге болса, ал екінші жағынан инфрақұрылымды құруда белсенді жұмыс істеу арқылы және маңызды салаларда жеке секторларды тарту арқылы қол жеткізуге болады» 1, 29б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТҰТЫНУ ТАУАРЛАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ
ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тұтыну тауарлар нарығының экономикалық мәні және оның ұйымдастырылу-экономикалық әлеуеті
Дамыған нарықтық жүйеде бизнес-ортаны қалыптастыру көптеген кеңестік елдердің тәжірибесі байқатып отырғандай бірнеше аралық сатылардан өтті. Осы сатылардың барлығы да өзінің эволюциялық өзгеруінде шаруашылықтанудың жаңа әдістері мен нысандарына ие бола отырып, жалпы экономикалық жүйедегі құрылымдық бөлімшелерде жаңаша нарықтық стратегиялардың әсерімен қалыптасып келеді. Нарықтық реформалардың іске асырулары әуел бастан қалыптасу жағдайында құрылымдық өзгерістермен, сауда объектілерінің, тұрмыстық қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандырудың шаруашылықтану әдістеріне және құрылымдық өзгерістерге негізделген тұтыну тауарлар нарығы белсенді түрде қалыптаса бастады.
Осы объектілердің құрылымдық-функционалдық өзгерісі тұрғындардың талаптарымен байланысты ұлғаймалы ұдайы өндіріс сегментінде тұтыну тауарлар нарығының қалыптасуына әкеліп соқтырды. Негізінде, бұл талаптар және оларды қанағаттандыру үдерістері жоспарлы шаруашылықтану жүйесінде де орын алғаны белгілі, бірақ оларды жүзеге асыру әдістері, ұлғаймалы ұдайы өндіріс сатыларымен өзара байланысының құрылуы қатаң мелекеттік реттеу ұстамдарына негізделген сипаттамалармен ерекшеленген.
Кеңес экономикасының аясында сауда, тұрмыстық қызмет көрету, қоғамдық тамақтану сияқты өндірістік емес аялары ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің көп деңгейлі өзара байланыстары арқылы кең көлемді тұтыну секторын қалыптастырғандығы белгілі. Бұл құрылымдық жоспарлаудың салдары. Сонымен қатар, өзінің даму болашағымен, атқаратын қызметтері және міндеттерімен ерекшеленетін сапалы жаңа нарық сегментінің функционалдық сипаты орын алады.
Қазіргі уақытта бұл сектордың дамуына байланысты тек ішкі өндірістік сатылардың дамуы айқындалмайды, сонымен қатар әлемдік экономика шеңберінде шаруашылық аралық интеграциялық үдерістердің дамуы қамтамасыз етіледі. Тұтыну тауарлар нарығының қазіргі сатыларын дамыту эволюциясы ең алдымен ұлттық экономиканың ашық жағдайында оның бәсекеге қабілеттілігін арттырумен тығыз байланысты. Бұл жағдайларды ең маңызды міндеттердің бірі - бұл экономикалық дамуды қамтамасыз ететін экономиканың барлық секторларындағы бәсекелестікті жоғарылату болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдағы халыққа жолдауында Н.Ә. Назарбаев ... экономика біздің дамуымыздың негізгі алғышарты, ал жоғары қарқынды экономикалық өрлеу - негізгі міндетіміз, - деді. Бұдан бұрын да 2004 жылы халыққа жолдауында елбасы осы мәселеге назар аударған: Жалпыға белгілі бәсекеге қабілеттілік мемлекеттің қолдауы жағдайында емес, керісінше бәсекелестермен қатаң күрес жағдайында қол жеткізіледі. Бұл жерде мемлекеттің тиімді рөлін бір жағынан экономиканың либерализациясы және ашықтылығы арқылы қамтамасыз етуге болса, ал екінші жағынан инфрақұрылымды құруда белсенді жұмыс істеу арқылы және маңызды салаларда жеке секторларды тарту арқылы қол жеткізуге болады 1, 29б.
Сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік ҚР Президентінің Әлемнің 50 ең бәсекелі елдер қатарына ену Стратегиясында да көрініс алды. Қазақстан бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық даму мен саяси демократияның жаңа даму сатысында тұр. Әлемдік рейтингтің жоғары сатысында орын алу деп, менің түсінігім бойынша тек шикізат секторы шеңберінде емес, сонымен қатар бәскелестік, ашық экономикамен қарқынды дамып, өркендейтін жаңа қоғам. Бұл экономика жеке меншікті институт пен келісімшарттық байланыстарды және қоғамның барлық мүшелерінің пікірлері мен іскерлігін қолдауға негізделеді 2, 51б.
Тек жеке меншік институттарды қорғау және кәсіпкерлік ұсыныстарды жалпы қолдау арқылы экономикалық жүйеде тұрғындардың әртүрі тауарлар мен қызметтеріне деген сұраныстарын қанағаттандыратын тұтыну секторларының қалыптасуы қамтамасыз етілді.
Бұл аталған сектор айналыстағы нақты тауарлар мен қызметтер көрсету бойынша өзара байланыстарға түсетін субъектілер арасындағы күрделі ұйымдастыру-экономикалық қатынастардың жиынтығы. Осыған байланысты тұтыну секторын өзінің құрамында тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған күрделі ұйымдастырушылық-экономикалық ерекшеліктермен сипатталатын кәсіпкерлік кешен ретінде қарастыру қажет.
Тұтыну секторы өзінің мәні бойынша халықтың ұдайы өндірісімен байланысты тауармен мен қызметтерді сату үдерісінің көп деңгейлілігін сипаттайтын экономикалық жүйенің нарықтық құрылымының ерекше сегменті болып табылады. Мұндай жағдайда, біздің ойымызша тұрғындардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тауарлар мен қызметтердің ағымын реттейтін нақты айқындалған жүйе қажет деп есептейміз.
Сонымен, тұтыну тауарлар нарығының ерекше сипаты ең алдыменен, оның экономиканың өндірістік және өндірістік емес секторларын қалыптастыратындығы болып табылады және сонымен қатар тұрғындарға қызмет көрсетуге арналған әртүрлі кәсіпкерлік құрылымдар арқылы құрылады және қызмет істейді. Ал, оның деңгейіне келетін болсақ, онда ең алдымен осы нарықтың халықаралық, ұлттық, аймақтық және жергілікті ауқымын ескеру қажет. Бұл деңгейлерді ажыратып көрсету тұтыну тауарлар нарығын басқаруда маңызды орын алады, себебі оның ауқымы арқылы мақсатты реттеуді қажет ететін тауар және қызмет көрсету ағымының ауқымы анықталады. Тұтыну тауарлар нарығының сипаты мен деңгейіне қарай оның қайта құрылу себебі оның ауқымдылығына белгілі бір мақсаттық реттеуді қажет ететін тауарлар мен қызметтер ағымы тәуелді. Бұдан басқа, осы нарықтың ауқымына байланысты дамып келе жатқан нарықтық жүйеде тұрғындардың өмір сүру деңгейі қамтамасыз етумен қатар, олардың әлемдік тұтыну тауарлар нарығына бірігу (интеграция) болашағы және оның жалпы экспорттық мүмкіндіктері де айқындалады. Осы жағдайларды ескере отырып, сараптаушылар мұндай кезде барлық күшті қазіргі талаптарға жауап беретін, экспорттық әлеуеттің негізіне салу қажет екендігін айтады, өйткені мұның негізінде елдің әлемдік тауар нарығында орын алу мүмкіндіктерін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР - да нарықтық экономиканың қалыптасуы
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Тұтыну тауарлар нарығының қызмет етуінің негізгі тенденциялары және тұтыну тауарлар маркетингін жалпылау арқылы оның тиімділігін жоғарылату бойынша кешенді шаралар
Нарықтық экономиканы реттеу әдістері
Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері
Нарық ұғымы және мәні
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Маркетинг және менеджмент негіздері
Нарық және иерархия туралы
Пәндер