Тұщы судың қоры, өзендер



Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз.
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын мен “нәзік ресурс” деп айтар едім. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр.
ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. Осы күннің өзінде кейбір қыс болмайтын, экватордың маңайындағы елдерді су тапшылығы экономикалық жағынан титықтатып, кедейшілікке, саяси тұрақсыздыққа итермелеп отыр. Осындай себептерден келіп, бұрыннан тату отырған көршілес мемлекеттердің бір-біріне көз алартулары шығады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1.3.Тұщы судың қоры
Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема - ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе - тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз.
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын мен "нәзік ресурс" деп айтар едім. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр.
ХХІ ғасырда басты стратегиялық ресурс мұнай емес, тұщы су болмақ. Парсы шығанағындағы әміршіліктерінің тұрғындары қазірдің өзінде шикі мұнайды литрлеп, басқа-бас ауыстыратын болса, ұтымды сауда жасадым деп қуанады. БҰҰ-ның болжамдары бойынша, жер бетіндегі тұщы судың жетіспеушілігі, атмосфераның глобалды жылуынан да көп проблема туғызуы мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде 1,1 млрд жуық адам тұщы суды емін-еркін пайдалануға қолы жетпей жүрсе, 2030 жылдарға таман жер бетінің 2,7 млрд тұрғыны ауыз су тапшылығынан қатты қиналатын болады. Осы күннің өзінде кейбір қыс болмайтын, экватордың маңайындағы елдерді су тапшылығы экономикалық жағынан титықтатып, кедейшілікке, саяси тұрақсыздыққа итермелеп отыр. Осындай себептерден келіп, бұрыннан тату отырған көршілес мемлекеттердің бір-біріне көз алартулары шығады.
Қазақстан жан-жағындағы барлық мемлекеттермен трансшегаралық өзендер арқылы байланысып жатыр, сондықтан бұл проблеманы айналып кете алмайтын шығармыз деп ойлаймын. Жер, су дауы - атам заманнан келе жатқан, көршілер арасындағы дау. Талай соғыстарға себепші болғанын жоққа шығаруға болмайды. Бізге көрші елдердің су саясатына қатысты пиғылдары таяу жылдарда белгілі болып қалар деп ойлаймын.
Су ресурстары сияқты стратегиялық маңызы бар объектілерді пайдалану саясаты алдын ала мемлекеттік деңгейде жоспарланып, жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Қара Ертістің суын қытайлар бұрып алып, Талас пен Шудың суын қырғыздар бөгеп алса, біз Өзбекстан мен Ресейге ағатын өзендерімізді бір жақты шешіммен тоқтатып қойсақ, әрине, даудың көкесі сонда болады. Өркениетті елдерде мұндай мәселелер бейбіт жолмен шешілуі тиіс.
Созақ жерінде сонау жетпісінші жылдардан бері уран өндіріледі. Уранды жер қойнауынан алу үшін алдымен, қышқылды сумен араластырып ерітіп барып, уранды жоғарыға сорып шығарады, Отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан уран өндірісінде талай апаттар болды. Жұмыс барысында техникалар істен шығады немесе уранды тасымалдау кезінде әр түрлі ақаулар шығуы мүмкін. Кейде уран қосылған сұйық ерітінділер жер асты суларына қосылады да, ауыз судың құрамы уранмен уланады.
Аудан аумағында малмен күндерін көріп отырған қазақтар радиоактивті су ішіп отыр. Салыстырып қарасақ, олардың жағдайы Семей полигоны маңайында тұратындардан да жаман. Мемлекеттің бірінші байлығы - халық, не істелсе де, не нәрсе өндірілсе де, адамның, халықтың игілігі үшін істелуге тиіс. Сондықтан, алдымен Созақтағы 5 мың халықты экологиясы бүлінбеген басқа аймаққа көшіріп барып, уран байытуды әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.
Қазақстанның жер асты су қоры мол. Біз елдегі ауыз су проблемасын өзіміз жасап отырмыз. Гидрогеологтарымыз республика бойынша, тәулігіне 17 мың текше метр су беруге мүмкіндігі бар, 494 жер асты су көздерін баяғыда тауып қойған. Мәселе сол суды жер бетіне шығарып, халыққа жеткізуде. Мысалы, Қызылорда облысында су тапшы дейміз, қате пікір. Жер асты суын 120-150 метр жерден шығаруға болады. Суы да жақсы, жері де жұмсақ, Алматының тас араласқан жерін бұрғылаудан Қызылорданың құмын бұрғылау 5 есеге оңайға түседі. Тек қаржы керек.
Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 5 миллион адам ауыз сумен тарайтын әр түрлі аурулардан көз жұмады екен. Бұл әлемнің шартарабында болып жатқан соғыстар мен қақтығыстарда қаза болғандардың санынан 10 есе көп, сондықтан ауыз су мәселесіне ат үсті қарауға болмайды. Республикамызға гидрологиямен тікелей айналысатын, оның жұмыстарын үйлестіріп, жүйелі түрде жұмыс істейтін мемлекеттік құрылым керек.
Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;
- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;
- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Тұщы су экожүйелері -- лентикалық, тоқтау су (көл, тоган, бөген); лотикалық немесе ағынды сулар (өзендер, жылғалар, бұлақтар) және батпақтанған жерлер (теңіз жайылмалары мен батпақтар). Лотикалық экожуйелерде мынадай экологиялық белдемдер ажыратылады: қайраң су -- ағыны жылдам жерлерде, көбінесе төселе, жапсырыла тіршілік етуге бейім организмдер немесе жақсьы жүзгіштер (бақтақ) мекендейді; терең су -- ағыны бәсең, әдетте, грунты жұмсақ, су өсімдіктері мен планктонның дамуына қолайлы жерлер. Лентикалық суда органикалық тіршілік едөуір мол. Бөген экожүйесінің орташа жолағында қоректік тізбектің бірінші буынын продуценттер құрайды (жоғары өсімдіктер -- шалаң, қоға, қамыс, сарытұңғиық, т.б. фитопланктонның жасыл, көкжасыл, диатомды балдырлары). Бұл өсімдіктермен зоопланктонның өкілдері қоректенеді (шаян тәрізділер, бүйірлеп жүзгіштер), олар өз кезегінде екінші қатардағы жыртқыштарға (шортандарға) азық болатын өсімдікпен қоректенетін бірінші қатардағы жыртқыш балықтардың (тұқының) жемі болады. Бұл экожүйедегі органикалық заттектерді бактериялар толық ыдыратады
Тұщы су экожүйелері -- лентикалық, тоқтау [[су]] ([[көл]], [[тоган]], [[бөген]]); лотикалық немесе ағынды сулар ([[өзенөзендер]], [[жылғажылғалар]], [[бұлақбұлақтар]]) және батпақтанған [[жержерлер]] ([[теңіз]] жайылмалары мен [[батпақбатпақтар]]). Лотикалық экожуйелерде мынадай экологиялық белдемдер ажыратылады: қайраң су -- ағыны жылдам жерлерде, көбінесе төселе, жапсырыла тіршілік етуге бейім [[организморганизмдер]] немесе жақсьы жүзгіштер (бақтақ) мекендейді; терең су -- ағыны бәсең, әдетте, грунты жұмсақ, су [[өсімдікөсімдіктері]] мен планктонның дамуына қолайлы жерлер. Лентикалық суда органикалық тіршілік едөуір мол. Бөген экожүйесінің орташа жолағында қоректік тізбектің бірінші буынын продуценттер құрайды (жоғары өсімдіктер -- шалаң, қоға, қамыс, сарытұңғиық, т.б. фитопланктонның жасыл, көкжасыл, диатомды балдырлары). Бұл өсімдіктермен зоопланктонның өкілдері қоректенеді (шаян тәрізділер, бүйірлеп жүзгіштер), олар өз кезегінде екінші қатардағы жыртқыштарға (шортандарға) азық болатын өсімдікпен қоректенетін бірінші қатардағы жыртқыш балықтардың (тұқының) жемі болады. Бұл экожүйедегі органикалық заттектерді бактериялар толық ыдыратады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5% құрайды, немесе 35 млн.км.3. Бұл сулардың орташа тұздылығы 1гл аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м.3. Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктида мұздарында - 97% . Антарктидада мұздың ең қалың 4,78 км теңіз қабаты және дүние жүзі бойынша ең таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген. Оның мөлдірлігі тазартылған судыкіндей. Жер шарындағы барлық өзендер 650-700 жыл ішінде қанша су берсе, тау мұздарында да сонша су бар. Адамзаттың өз тіршілігіне пайдалана алатын судың мөлшері тек 3% (өзен, көл және су қоймаларының сулары), су көздерінің басым көпшілігін пайдалану өте қиынға түседі.

Жер жүзі бойынша мыңға жуық тұщыландыру қондырғылары бар. Олар тәулігіне 1,5 млн. Текше метр су тұщылайды. Бұл әрине аз. Оған қоса тұщыланған суды қажетті мөлшерге дейін минералдандыру өте қымбатқа түседі. Сондықтан бұл әдіс жақын араның ішінде қажетті мөлшерде тұщы су береді деп айту қиын. Дегенмен техникасы жетілген жағдайда болашақта адамдарды сумен қамтамасыз етуде белгілі орын алуы тиіс.
Суды көбейтудің тағы бір жолы - мәңгілік суды еріту. Мұның әдісі көп. Мысалы полярлық мұздарды сол жерде ерітіп қажетті жерге тасу. Бұл өте қымбатқа түседі және еңбекті көп қажет етеді. Тау мұздарын ерітіп және қайтадан қолдан қар жауғызу арқылы қажет кезінде су алып тұруға болады. Мұздан су алудың көптеген әдістерінің ішіндегі тиімдісі - мұзтауларды еріту болып табылады. Оның саны өте көп. Н.Н.Горскийдің деректері бойынша совет зерттеушілері Антарктидадан ғана 4165 текше км су беретін 31000 мұзтау тапқан. Оларды Африка және Солтүстік Америкаға және тағы басқа жерлерге жеткізудің жобалары да бар. Мұзтауларды ауыз су ретінде пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оның тасып әкелген жердің ауа райына ықпалы есептелді. Бұл әдіс адам баласын су тапшылығынан құтқара алады, бірақ жақын арада іске аса қоятын шаруа емес. Себебі мұз тасылудан болатын табиғат өзгерісін әлі ешкім анық болжалдай алмай отыр.

Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес.

Өзендер - республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста - Ертіс өзені, батыста - Орал өзені, солтүстікте - Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.

Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы - Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар - мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.Кіші өзендерді қорғау мәселесі. Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып құяды.
Адамның шаруашылық қызметi су қоймаларының ластануына, олардың борлануына, тұщы су қорының азаюына әкеп соқтырады. Ластану себептерi - мұнайдың төгiлуi, өндiрiстiң тазартылмаған ағындарының келуi, ауыл шаруашылығында тыңайтқыштар мен улы химикаттарды өте көп пайдалану, тұрмыстық қалдықтар. Суқоймаларын қорғау өндiрiсте азқалдықты және қалдықсыз технологияларды қолдануды, фильтрлер мен қондырғыларды салуды қарастырады. Суқоймалары өзiн - өзi тазартуға қабiлеттi.
Қазiргi уақытта атмосфераны түтiн, қаракүйе, завод, жылу электростанция құбырларымен, автомобильдердiң жарылғыш түтiктерiнен шығатын газтәрiздi заттар мен шаң - тозаң бөлшектерiнен қорғау мәселесi тұр. Ауа ағынымен улы заттар алыс жерлерге ұшып, қар және жаңбырмен топыраққа, суқоймаларына - өзендер мен теңiздерге түседi.
Күйе, шаң өсiмдiктер жапырағының бетiне түсiп, олардың тiршiлiк процестерi: фотосинтез, тынысалу, булануды бұзады. Өсiмдiктер ауаның ластануынан зардап шегедi. Орманда өсетiн шегiршiн 300- жылға дейiн өмiр сүредi, ал қала жағдайында орташа 45 жыл ғана. Орманда жасы 400 жыл болатын жөке ағашы кездеседi, ал қала көшелерiнде жөке - 50-80 жыл өмiр сүредi. Сiз тiрiге қауiптi, қалаларда ескерткiштер мен ғимараттарды бұзатын қышқылды жаңбырлар туралы естiген шығарсыз. Жаңбырдағы қышқыл сумен байланысқан күкiрттi газдан түзiледi. Ол таскөмiр, мұнай жанғанда, темiр, мыс балқығанда бөлiнiп шығады. Күкiрттi газ тек қышқылды жаңбырдың түсуiне себеп емес, сонымен бiрге ауада концентрациясы жоғары болса улы тұман, күйе түзiледi.
Күйе - бұл түтiн мен бу күйдегi судың қоспасы. Күйе ауаны тынысалуға жарамсыз етедi, қан құрамының бұзылуына әкеп соқтырып, тұнғышуды тудырады, организмнiң ауруға төзiмдiлiгiн төмендетедi.
Атмосфераны ластанудан қорғау жұмыстары қандай? Ең алдымен, өнеркәсiптiк мекемелерде, жылу электростанцияларда тазартушы қондырғылар - зиянды газдар, шаң, көмiр бөлшектерiн ұстап қалушылар болуы керек.
Ауаны тазартудың бұрыннан берi пайдаланып келе жатқан әдiсi - саябақтар, саяжайлар, шалғындықтар, газондар отырғызу. Өсiмдiктер жапырағы шаң, майда қатты заттарды ұстап қалады. Мысалы, шыршалы немесе қарағайлы орманның гектары жылына 30 т шаң бөлшектерiн ұстап қалады. Жаңбыр бұтақтан шаңды жуады, және орман қайтадан ауаны шаң, күйе, ластан қорғай алады.
Қала жағдайында шаңды шегiршiн ағашы және сирень жақсы ұстайды. Олардың жапырағында шаңдарды ұстайтын майда өскiндерi бар. Көптеген өсiмдiктер атмосфераға ауру тудыратын бактерияларды өлтiретiн заттар бөледi. Әсiресе мұндай заттар қарағайлы орманда өте көп. Олар сарымсақ пен пиязда да көп. Мойыл бөлетiн заттар шыбындарды, масаларды қуады.
Өсiмдiктер атмосфераны көмiрқышқыл газының артық мөлшерiнен тазартады. Фотосинтез процесiнде олар көмiрқышқыл газын сiңiрiп, атмосфераға оттегi бөледi. Қалалар мен ауылдарда, ауа өте ластанған, сондықтан түтiндi жақсы көтеретiн өсiмдiктердi отырғызады. Оларға терек, жөке, емен, жауқазын, және т.б жатады.
Атмосфераны таскөмiр, мұнай, газ немесе торфтың жану өнiмдерiнен қорғаудың тағы бiр әдiсi жанғыш зат ретiнде сутегiнi пайдалану. Сутектi отынның болашағы бар деп есептеледi. Ол жанғанда көп энергия бөлiнедi, және тек су түзiледi.
Атмосфераға өтетiн өндiрiс қалдықтары, автомобильдер мен самолеттердiң жарылғыш газдары, улы газдар мен шаң ауаны ластайды. Бұл өсiмдiктер, жануарлар және адамға қауiптi. Жер атмосферасына жедел жәрдем керек.
Балқаш - Алакөл алабы.
Бұл алаптың ең үлкен өзені - Іле. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес (Күнес) өзендерінің қосылуынан пайда болады. Текес өзенінің құяр сағасынан өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі салалары:
Түрген Талғар Қаскелең Күрті Шілік Шарын Өсек.
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің таудан ағып шығар аралығында Қазақстанның ірі қаласы -- Алматы орналасқан. Басталар жерінде тау өзені болып табылатын Іле орта және төменгі бөлігінде жазық өңірмен ағады. Қапшағай шатқалы маңында өзен аңғары тарылады да, Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары кеңіп, қайтадан жазық өзеніне айналып, Сарыесік Атырау жәнө Тауқұм құмдары аралығымен ағады. Қапшағай шатқалынан төмен Іленің көне атырауы Бақанастың (Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас) құрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м-ден (Қапшағай шатқалы тұсында) 15 км-ге дейін кеңейеді. Суының молдығы жөнінен Іле республикадағы Ертіс, Жайықтан кейінгі үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны 464 м3сек (Қапшағай тұсында). Негізінен қар және мұз суымен коректенеді. Өзеннің ең жоғарғы деңгейі шілде - тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сөуірдің басында мұзы ериді. Іле алабындағы тау өзендерінде тасты-лайлы тасқындар (селдер) жиі болып тұрады. Тасқындар жолындағы тау беткейлерін бұзады, өзен арнасын өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқандап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы 7 шілдеде болған жойқын сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көлді жойып жіберді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, шөп өсірілуде, бөгендер салынуда. Алматыдан жоғары, Іле Алатауының Медеу шатқалында селге қарсы тосқауыл мақсатында зор қопарылыс арқылы 1966 жылдың күзінде Медеу бөгеті салынды. Оның биіктігі 100 м-ге, табанының ені 600 м-ге жуық. Ол Алматы қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден құтқарып қалды. Іле өзені Қытай шекарасына дейінгі бөлігінде кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы түгел дерлік егін суаруға пайдаланылады. Үлкен Алматы каналы (Шілік-Шамалған аралығында) Іле Алатауы етегінде ондаған мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді.
Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болды. Мұның өзі суармалы жердің көлемін ұлғайтып, кеме қатынасын жақсартты. Қапшағай СЭС-і өнеркәсіптің әр түрлі саласын өркендетуге және ауыл шаруашылығын электрлендіруге мүмкіндік береді. Қапшағай СЭС- ін төменде Іле өзенінің оң жағында Ақдала массиві суландырып күріш егуге пайдаланады. Атырабы қамысты, тоғайлы келеді, балықтардан сазан, шортан ауланады. Қабан, қамыс мысығы, ондатр, жетісу қырғауылы, ақбас тырна, т.б. кездеседі
Жайық өзені
Жайық өзені - Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп Каспий теңізіне құяды. Жайықтың ұзындығы 2428 км, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км. Каспий маңы ойпатымен аққанда Жайық өзені кең арналы жазықтағы өзенге айналады, кең жайылымдар, ескі арналар, ұсақ көлдер пайда болады. Өзеннің жағалауында құм мен саздан түзілген тік жарқабақтар жиі кездеседі. Өзен құяр жерінде екі тармаққа бөлінеді. Негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Орташа жылдық су шығыны 400 м3сек (Көшім ауылы тұсында), оның 80%-ы көктем айларына келеді. Өзен тасыған кезде деңгейі орта және төменгі ағысында 9-10 м-ге көтеріледі. Басты салалары -- Самара, Шаған, Елек, Ор. Ал Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Ойыл, Сағыз деп аталатын салалары Жайыққа жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
Жайық өзенінен республика жерінде ондаған суару-суландыру жүйелері (Нарын, Бақсай, Приморск, т.б.) арқылы сумен жабдықталған. Жайық өзенінен Жем мұнай кәсіп шілігі су құбыры тартылған. Жайық өзені кеме жүзуге қолайлы. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Каспий теңізі алабына Жем (Ембі) өзені де жатады. Бірақ суы мол кезінде болмаса, ол да теңізге жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
[өңдеу] Сырдария өзені
Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі ағысында (1400 км) республика жерімен өтеді. Өзен алабында өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Таудағы қар мен мұздықтардың көктем мен жаз мезгілінде еруінен деңгейі бірнеше рет көтеріледі. Орташа жылдық шығыны Қызылорда қаласы тұсында 673 м3сек, оның жаз бен көктемдегі үлесі 47%. Өзен желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Су лайлылығы 1200 гм3, Сырдария - республиканың ең лай өзені. Өйткені өзен жолындағы борпылдақ лессті сазды жыныстарды шайып өтіп, ені 10-15 км жайылмалар жасайды. Бұл уақытта өзен арнасынан асып, қатты тасиды. Су жан-жағын басып, арнасын өзгертеді.
Сырдария (Сейхун) жағалауы сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтарының бірі болып саналады. Бүгін Сырдария аңғары - республикадағы күріштен мол өнім алатын өңір. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм жәнө Қазалы суару жүйелері, Шардара бөгені, т.б. салынған.
Өзен суы халық шаруашылығының мұқтажына толық пайдаланылуына байланысты Сырдария Арал теңізіне 1974 жылдан бері құймайды. Сырдария Қызылқұм, Арысқұм жәнө Арал маңы Қарақұмын кесіп өтеді. Өзеннің кәсіптік маңызы бар көксерке, табан бальқ, ақмарқа, қаяз сияқты балықтары да азайып кетті. Сырдарияға Қазақстан жерінен жалғыз Арыс өзені құяды. Арал теңізінен шығысқа қарай және солтүстігінде бірнеше ұсақ көл бар. Оларға біраз кішігірім өзендер мен жылғалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары: Шу, Сарысу, Торғай жәнө Ырғыз. Қызылқұм құмды шөлінің арасында Жаңадария (ұзындығы 300 км), Қуаңдария (ұзындығы 325 км) сияқты құрғап қалған ескі арналар көп кездеседі.
Өзен аңғары - негізінен өзендердің эрозиялық әрекеттерінің нәтижесінде пайда болатын жер бедерінің созылмалы пішіні; жер бетінің ғасырлар бойы аққан судың эрозиялық әрекетінен жуылып-шайылуы арқылы қалыптасқан, ұзына бойы иректеле созылған, бастауынан сағасына дейін түбі еңіс болып келетін, қазіргі кезде ағын арнасы бар бедердің терең теріс пішіні.
Өзен алабы (Речной бассейн) - жер беті және әрі жер асты арқылы (топырақ және таужыныстар қабаттары аркылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы. [[1]]
Мазмұны
[көрсет]
[өңдеу] Толығырақ
Өзен алабы:
ағынды;
тұйық.
Кейде "су жиналатын алап" деп те аталады. Әрбір өзен алабы жер беті және жер асты (топырақ, таужыныстар қабаттары) арқылы су жиналатын алаптарға бөлінеді. Әрбір өзеннің су жиналу алабы басқа өзеннен суайырық арқылы бөлінеді. Өзен алабы өзінің ауданы, биіктік белдемі мен таралуы, орташа биіктігі, ені, еңістігі арқылы сипатталады. Өзен алабы ағынды және тұйық болып ажыратылады. Басқа өзен жүйесімен, мұхиттармен байланыспайтын өзен алабы тұйық алапқа жатады (Каспий, Арал теңіздеріне құятын өзендер). Өзен алабының пішіні, мөлшері, географиялық орны, жер бедері геологиялық құрылысына байланысты әр түрлі болып келеді. Ең ірі өзен алабы Оңтүстік Америкадағы Амазона алабы (ауданы 7,2 млн. км2). Қазақстандағы ірі өзендердің өзен алабының ауданы Ертісте 1643 мың км2, Сырдарияда - 462 мың км2, Жайықта - 237 мың км2, Іле өзенінде 140 мың км2. [[2]]
[өңдеу] Өзен алабының су беру мүмкіндігі
Өзен алабының су беру мүмкіндігі (Водоотдача речного бассейна) -- белгілі бір уақыттағы өзен алабының су беру көлемі. Ол -- алқаптағы жиналған судың белгілі уақытта жерге сіңгеннен кейінгі қалған айырмасына тең болады (тәуліктік, онкүндік және т.б. болып бөлінеді).
[өңдеу] Өзен алабы
Өзен алабының ұзындығы (км) -- өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейіңгі түзу қашықтық.
Оның қалыптасуы климаттық, эрозиялық, мұздық, тектоникалық процестер мен карстық (оқпалық) құрылыстарға тікелей байланысты. Өзен аңғарының элементтеріне оның табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, террасалары және аңғардың беткейлері мен жарқабағы (кемері) жатады.
Олардың көбі (әсіресе ірі аңғарлар) тектоникалық элементтермен байланысты (құрылымдық немесе тектоникалық аңғарлар). Өзен аңғарларының көлденең қимасының пішіні олардың даму кезеңіне, геологиялық құрылысына байланысты. Олар: қысаң, шат, шатқал, астау, У-тәрізді, трапеция тәрізді, анық білінбейтін және т.б. болып бөлінеді. Аңғарлардың бастапқы түрі -- қолаттар, сайлар, өзектер, жыралар. Өзен аңғарлары арна, жайылма, жайылма үсті террасалар және түпкі жағалар, саға маңында кейде атыраулар немесе ысырынды конустар секілді морфологиялық элементтерден тұрады. Тектоникалық құрылымдар мен тау жоталарының созылымына қатысты бойлық өзен аңғарлары ажыратылады. Геологиялық құрылымының типіне байланысты бойлық аңғарлардың арасында синклиндік, антиклиндік, моноклиндік, лықсымалық және грабендік аңғарлар болып бөлінеді. Көлденең аңғарлар қаттылығы әр түрлі тау жыныстарын кесіп өтіп, кескінінде және планында морфологиялық бейнесін өзгертеді, яғни аңғардың жіңішке бөлікшелері кеңейген бөлікшелерімен алмасып отырады. Өзен аңғарларының конфигурациясы мен динамикасына жаңа тектоникалық қозғалыстар әсер етеді (әсіресе таулы аймақтарда).[[1]]
Көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді:
саңылау - терең, әрі тар аңғар; таулы аудандарда кездеседі;
каньон - құлама беткейлі терең аңғар, әдетте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер беті су жамылғысы
Көлдер мен бөгендер
Тұщы суларды жіктеу
Суды тұссыздандыру және тұщыландыру
Су ресурстары және оларды тиімді пайдалану
Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
Жер бетіндегі су қоры және оның таралуы
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
Гидросфера
Су-биосфераның аса маңызды элементі жайлы мәлімет
Пәндер