Иманғали Тасмағамбетовтің саяси-әкімшілік қызметі және мәдениеттанушылық еңбектері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы

Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы 1956 жылғы 9 желтоқсанда Батыс Қазақстан, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтын жағрафия мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмыс қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды. 1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП ОК-ң мүшесі, 1990-1991 жылдарда Қазақстан ОК компартиясының Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Реcпубликасының Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының депутаты болып сайланды. Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы - Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитет және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды. 1993 жылы И. Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалады. 1995 жылдан бастап, жоғарғы билік орындарында жұмыс атқарып, Қазакстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Казақстанның премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болды. 2004 жылғы желтоксаннан 2008 жылғы сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды. 2008 жылғы сәуір айынын бастап, Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. ҚР қауіпсіздік кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, UNESKO ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А. Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы. И. Тасмағамбетов Монғолияға, Батыс Қазақстанға және РФ-ның Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет және т. б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде, 2000 ж Монғолиядан Қазақстанға ежелгі Күлтегін тас хаты кайтарылды. Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы. "Парасат" ордені (1998 ж), Қазақстан Республикасыньң бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ордені (2004 ж), Орыс Православ Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасының» ордені, Ресей Федерациясыньң "Достық" орденімен және т. б. марапатталған. И. Тасмағамбетов өзі айтқандай: «Мен ырымшыл емеспін, бірақ атеист те емеспін». Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады. Үйленген, 2 қыз, 1 ұлы, 2 немересі бар. Астана қаласы әкімінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі №03-54р “Астана қаласы Әкімі, оның көмекшілері мен аппарат жетекшілері арасында міндеттерді бөлу туралы» жарлығына сәйкес, Астана қаласының әкімі И. Н. Тасмағамбетов Конституция, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдары айқындаған өкілеттігі мен құзыреті шегінде, қала аумағындағы атқарушы билікті жүзеге асырады. Мемлекеттік басымдылық негізінде, экономикалық және әлеуметтік даму аймақтық бағдарламаларды жасау және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы биліктің басшысы ретінде, Әкім жергілікті өкілетті органдардың қарауына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуы мен заңдарының сақталуын, азаматтардың заңды мүдделері мен еркіндігі, құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін, актілер мен шешімдерді ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Әкім аймақтағы атқарушы органдар жүйесін құруды іске асырады, кадр саясаты, мобилизациялық жұмыстар, азаматтық және аймақтық қорғаныс мәселелерін басқарады, сондай-ақ, өз құзыреті шегінде, аймақтық мемлекеттік басқару органдарының қызметін үйлестіріп, өзара әрекетін қамтамасыз етеді. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары туралы заңнамада қарастырылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде ел Парламентінде, орталық атқарушы органдарында аймақ мәселелерінің шешілуіне ықпал етеді, ішкі экономикалық әрекетте қала мүддесін ұсынып, аймақаралық байланыстардың дамуына жәрдемдеседі. Экономикалық қауіпсіздік пен қаржылық бақылау, салық және бюджеттік әкімшіліктендіру мәселесі жөніндегі аймақтық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаметжан Тынышбаев: өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі және ғылыми еңбектері
Мұстафа Шоқайдың эмиграциялық саяси қызметі мен баспасөз саласындағы еңбектері
Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны, саяси қызметі мен стратегиялық еңбектері
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық-саяси қызметі мен көпсалалы ғылыми еңбектері
Мұхамеджан Тынышпаевтың еңбектері - қазақ тарихының деректері: қоғамдық-саяси қызметі және ғылыми үлесі
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов: өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі, Алаш Орда және ғылыми еңбектері
Иманғали Тасмағамбетов пен Виктор Храпунов: өмірбаян және мемлекеттік қызметтегі мансап
Ахмет Байтұрсынұлы: өмірі, ғылыми еңбектері және қоғамдық қызметі
Әлкей Марғұланның педагогикалық қызметі және оқу-әдістемелік еңбектері
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі, ғылыми еңбектері және ұйымдастырушылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz