Оқушылар есінің даралық ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Мәселенің ғылыми педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қаралуы
1.1. Ес туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Ес процестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Ес жайындағы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.4 Естің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
1.5 Ес саласындағы дара айырмашылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2 Оқушылар есінің даралық ерекшеліктері
2.1 Балалардың есте сақтай білуінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.2Оқушылар есінің даралық ерекшеліктерінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ..27
2.3 Төменгі сынып оқушылар есі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.4 Оқушылардың есте сақтауын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Кіріспе.
Тақырыптың өзектелігі: Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін түрлі ойлары мен сезімдерін, әр қилы іс әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғырады.
Адам өмірінде естің маңызы орасан зор, өйткені онсыз ешбір іс әрекет болмаған балар еді. Сеченов ес болмаса, біздің түйсіктерімізбен қабылдауларымыз пайда болған бетте әлсіз жоғалып, адам мәңгі бақи жас нәресте қалпында қалар еді деп көрсетеді.
80 жылдары неміс психологі Эбингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты.Мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Адам есінің бекуі және қайта жаңғыртылуымен байланысты негізгі заңдар Мюллер еңбегінде жария етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал XIX ғасыр аяға мен XX ғасыр басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынады. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген америка психологі Торндайк.
Естің физиологиялық негізін бір кезде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы іліммен түсіндіретін. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозудан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбал. Өйткені адам есінің ми мен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы дереуктер жоқ..Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (есті зерттудегі электро физиологиялық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді.Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зертегенмен (мидан нуклейінді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау – оны байланыстыру деген сөз.Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды. Егер бұрын бірнеше обьектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін обьектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға себеп болады.Ассоциялық принціпті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б.э.д. 384-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік, т.б.) түсіндіруге бұл принціпті қолданбады.Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П.Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуіне байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екендігін түсіндірді. Ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды: «Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де, біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс».
Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден құралса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан құрастырса да психикалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсасты және қарама-қарсылық ассоциациялар.Бұл ассоциациялар жөнінде И.П.Павлов былай деді: «Шартты байланыс.. бұл, сірә, біздің бір мезгілдік ассоциацая дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келеді. Шартты рефлекстің анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе».
Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсіндіруге болады:
1) Ілгерілік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес сөзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады.Мәселен, көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкін.
2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді.Мәселен, толқынның шуы адамның сабырлаған сөзін,жапырақтың сыбдыры адамның жайпай сөйлеуін, т.б.
3) Қарама-қарсылық ассоциациялары бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не құбылысты еске түсіреді.Ақ пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс, т.б.
Ес процесінсіз адам баласы мәдениеттіңқандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді,Егер біздің есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса,бізге өмірді әр кез қайта жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегізаттардың барлығы даәр уақытты белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
Ес адамның басқа жан құбылысы мен де (қабылдау, ойлау, қиял, т.б.) тығыз байланысып жатады.Ол әсіресе ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж.Аймауытов : «... еске түсіру өнері дегеніміз - ойлау өнері... Байланыстардың мәнісі – ойлау деген сөз»,- дейді.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын алады. Мектептегі оқу- тәрбие процесінің негізгі мақсаттаарының бірі – баланың есін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдай жасау - әрбір мұғалімнің міндеті.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың естерінің даралық ерекшеліктерінің даму жолдарын табу.
Зерттеудің міндеті: 1. Оқушылардың даралық ерекшеліктерін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда зерттеу.
2. Оқушылардың даралық ерекшеліктерінің моделін жасау
3. Тәжірибиеде осы модельді негізге ала отырып оқушылардың қазіргі нарықтық заманға даярлығын қалыптастырудың мазмұнының принціптерін анықтау.
4. Бастауыш сынып оқушыларының естерінің даралық ерекшеліктерінің дамуына әр түрлі бағдарламалар мен әдістемелік құралдар жасау.
Зерттеудің пәні: – Оқушылар есінің даралық ерекшеліктері.
Зерттеудің гипотизасы: Оқушыларының естерінің даралық ерекшеліктерінің даму жолдарын қарастыра отырып, зерттеу әдістемелерін дұрыс пайдалана отырып, мектеп ұжымының ата-ананың қолдауымен оқушылардың естерінің даралық ерекшеліктерін анықтай алуымыз мүмкін.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу барысында алға қойған мақсаттарға жету және шешу үшін ғылыми теориялық сипаттама, жинақтау, талдау, анықтау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттенеу жұмысы кіріспе бөлімнен, негізгі және қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен, тіркемелерден тұрады
Әдебиеттер тізімі.
1. Ахмарова М. Ес жайындағы теориялар . Қазақстан мектебі №3 2002ж.
2. Баб-Баба С.Б. Жалпы психология, Жантану негіздері 2002 ж.
3.Баб-Баба С.Б. Жантану негіздері, Алматы заң әдебиеті, 2004 ж.
4.Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер, Алматы, 1999ж.
5. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология 2004 ж.
6. Жарықбаев Қ.Б. Психология 1993 ж.
7 Керімбаева Р., Керімбаева Т. Дидактикалық ойынның түрлері. Бастауыш мектеп №9 2005 ж.
8.Қалиев С.,Иманбекова Б., Жұмабаева Ж. Тәрбие хрестаматиясы, Алматы- 2000 ж.
9.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика
10. Қараева Р Жалпы психология
11.Нұрмұхаметова Р., Үрбісінова А Тәрбие тетігінің бірі –ойын, Қазақстан мектебі №9-10 2005 ж.
12. Рысқұлова А Есті жетілдіру мемкіндіктері Қазақстан мектебі.№4 -6 2000 ж
13.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М., 1946
14.Сабиева Г Балалардың есте сақтай білу ерекшеліктері Педагогикалық кеңес №4 2006 ж.
15. Өсербаева С. Оқушылар есінің даралық ерекшелктері Бастауыш мектеп №4 2005 ж.
16.Немов Р.С. Психология.– 4-е изд. – М.: Владос, 2000. – Психология образования.
17.Страхов И.В Психология характера. М., 1999.

18.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общию психологию. М., 1997.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Мәселенің ғылыми педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қаралуы
1.1. Ес туралы ұғым
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..7
1.2 Ес процестері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 11
1.3 Ес жайындағы теориялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
1.4 Естің түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 18
1.5 Ес саласындағы дара айырмашылықтар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

2 Оқушылар есінің даралық ерекшеліктері
2.1 Балалардың есте сақтай білуінің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2Оқушылар есінің даралық ерекшеліктерінің зерттелуі
... ... ... ... ... ... ..27
2.3 Төменгі сынып оқушылар есі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.4 Оқушылардың есте сақтауын дамыту
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...32

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 35

Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 39

Кіріспе.
Тақырыптың өзектелігі: Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін,
басынан кешіргендерін түрлі ойлары мен сезімдерін, әр қилы іс әрекеттерін
ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғырады.
Адам өмірінде естің маңызы орасан зор, өйткені онсыз ешбір іс
әрекет болмаған балар еді. Сеченов ес болмаса, біздің түйсіктерімізбен
қабылдауларымыз пайда болған бетте әлсіз жоғалып, адам мәңгі бақи жас
нәресте қалпында қалар еді деп көрсетеді.
80 жылдары неміс психологі Эбингауз ойлаумен байланысты
болмаған таза ес заңдылықтарын ашты.Мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып,
материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Адам есінің бекуі
және қайта жаңғыртылуымен байланысты негізгі заңдар Мюллер еңбегінде жария
етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен
байланыстырылды, ал XIX ғасыр аяға мен XX ғасыр басында ғылыми іздену
шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи,
адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынады. Бұл тұрғыдан зерттеу
жүргізген америка психологі Торндайк.
Естің физиологиялық негізін бір кезде И.П.Павловтың жүйке
жүйесінің пластикалық қасиеті туралы іліммен түсіндіретін. Жүйке
жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозудан қалған әсерлердің
қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың
тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда
бұрынғы байланыстардан із қалып отыратандығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы
долбал. Өйткені адам есінің ми мен қалайша байланысты екендігі жөнінде
ғылымда әлі нақтылы дереуктер жоқ..Мәселен, ес құбылысының табиғатын
зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен
байланыстырса (есті зерттудегі электро физиологиялық бағыт) енді бір
зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қарай түсіндіргісі келеді.Соңғы
бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы
зертегенмен (мидан нуклейінді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл
ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені еске сақтау – оны байланыстыру деген сөз.Ес
процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация
деп атайды. Егер бұрын бірнеше обьектіні бір мезгілде немесе бірінен соң
бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін
обьектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегін тудыруға
себеп болады.Ассоциялық принціпті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы
Аристотель (б.э.д. 384-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей
елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау,
қиял, ерік, т.б.) түсіндіруге бұл принціпті қолданбады.Ғылымда тұңғыш рет
ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде
көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатындығын көрсеткен
ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П.Павлов психологияда ассоциациялар
деп аталатын құбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуіне
байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын
уақытша байланыстар екендігін түсіндірді. Ұлы ғалым бұл туралы былай деп
жазды: Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де, біздің өзімізде
де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс.
Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден құралса да немесе
әріп, сөз, әлде ойдан құрастырса да психикалық құбылыс болып табылады, оны
психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан
белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсасты және қарама-қарсылық
ассоциациялар.Бұл ассоциациялар жөнінде И.П.Павлов былай деді: Шартты
байланыс.. бұл, сірә, біздің бір мезгілдік ассоциацая дейтініміз болса
керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге
сәйкес келеді. Шартты рефлекстің анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой
әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе.
Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша
түсіндіруге болады:
1) Ілгерілік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес сөзімен бірге
оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады.Мәселен, көктем туралы ұғым
шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкін.
2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас
образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай
болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді.Мәселен, толқынның шуы
адамның сабырлаған сөзін,жапырақтың сыбдыры адамның жайпай сөйлеуін,
т.б.
3) Қарама-қарсылық ассоциациялары бір зат туралы елес оған қарама-қарсы
екінші затты не құбылысты еске түсіреді.Ақ пен қара, биік пен аласа,
айқай-шу мен тым-тырыс, т.б.
Ес процесінсіз адам баласы мәдениеттіңқандай саласы болмасын,
қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді,Егер біздің
есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса,бізге өмірді әр кез
қайта жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегізаттардың барлығы
даәр уақытты белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
Ес адамның басқа жан құбылысы мен де (қабылдау, ойлау, қиял, т.б.)
тығыз байланысып жатады.Ол әсіресе ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дұрыс
сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж.Аймауытов : ... еске
түсіру өнері дегеніміз - ойлау өнері... Байланыстардың мәнісі – ойлау
деген сөз,- дейді.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын алады.
Мектептегі оқу- тәрбие процесінің негізгі мақсаттаарының бірі – баланың
есін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып
отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы
заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу
материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдай жасау - әрбір
мұғалімнің міндеті.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептерде
оқушылардың естерінің даралық ерекшеліктерінің даму жолдарын табу.

Зерттеудің міндеті: 1. Оқушылардың даралық ерекшеліктерін қалыптастыруды
ғылыми тұрғыда зерттеу.

2. Оқушылардың даралық ерекшеліктерінің моделін жасау

3. Тәжірибиеде осы модельді негізге ала отырып оқушылардың қазіргі
нарықтық заманға даярлығын қалыптастырудың мазмұнының принціптерін
анықтау.

4. Бастауыш сынып оқушыларының естерінің даралық ерекшеліктерінің дамуына
әр түрлі бағдарламалар мен әдістемелік құралдар жасау.

Зерттеудің пәні: – Оқушылар есінің даралық ерекшеліктері.

Зерттеудің гипотизасы: Оқушыларының естерінің даралық ерекшеліктерінің
даму жолдарын қарастыра отырып, зерттеу әдістемелерін дұрыс пайдалана
отырып, мектеп ұжымының ата-ананың қолдауымен оқушылардың естерінің
даралық ерекшеліктерін анықтай алуымыз мүмкін.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу барысында алға қойған мақсаттарға
жету және шешу үшін ғылыми теориялық сипаттама, жинақтау, талдау, анықтау
әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттенеу жұмысы кіріспе бөлімнен, негізгі және
қорытынды бөлімнен, әдебиеттер тізімінен, тіркемелерден тұрады.

1 Мәселенің ғылыми педагогикалық әдебиеттерде қаралуы.
1.1. Ес туралы ұғым.
Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми
сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер
қозу туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік
жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ
нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта
алады.Қабылдау сияқты есте бейнелендіретін процес болып саналады, бірақ
дәл қазіргі сәттегі әрекет ғана емес, бұрын болып өткендер де
бейнеленеді.Ес ұғымына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтамалар бар.
Р.Қараева ес ұғымына мынандай анықтама береді: Адамның бұрын
қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда
сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Ал Сәт
Бап-Баба: Ес дегеніміз – адам тәжірибиесін есте тұту, сақтау және қайта
жаңғырту жолдарымен бейнелендіру-деген. Қ Жарықпаев ес ұғымына Ес
дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып,
қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс,- деп
анықтама береді.
Ес қабылдау актісінің өзінде қатысады, өйткені танусыз
қабылдау мүмкін емес, зат қабылдаудың қатысынсыз қайта жаңғырып жатқанда
ес қабылдау мен байланысы жоқ дара психикалық процесс ретінде көрініс
береді.
И.П.Павлов өз қызметшілерімен бірге естің мидың рефлекстік қызметінің
нәтижесі екенін тәжірибе жүзінде көрсетіп береді. ... Уақытша нервтік
байланыс, - деп жазды Павлов, - жануарлар дүниесі мен біздің өзіміздегі
өте универсалды физиологиялық құбылыс. Сонымен бірге ол психикалық та,
мейлі әр түрлі әрекеттердің, әсерлердің немесе әріптердің байланысынан
тұратын құрылым болсын, психологтардыңсөз және ойлартізбегі ассоциация
деп айтатындары.
Естің негізінде ассоциациялр немесе байланыстар жатады.Ақиқат дүниедегі
бір-бірімен байланысты зат немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып
сақталады.Біз бұл заттардың біреуімен кездесіп6 ассоциация бойынша онымен
байланысты бастасын есімізге түсіре аламыз.Сонымен есте сақтау дегеніміз
– есте сақтайтын нәрсені бұрыннан белгілі нәрсемен байланыстыру,
ассоцаиция жасау.
Физиологиялық жағынан алғанда ассоциация уақытша нервтік
байланыс болып саналады.Ассоциыциялар қарапайым және күрделі болып екіге
бөлінеді.Қарапайымына аралас, ұқсастық және қарама-қарсылық жөнінен үш
түрлі ассоциацияны жатқызады.
Аралас ассоциация уақыттық немесе кеңістік байланысы бар екі
құбылысты біріктіреді. Мұндай ассоциация, мәселен, әріптерді жаттағанда
пайда болады да, бір әріптің атауы, одан кейінгісін еске түсіреді.
Ұқсастық жөніндегі ассоциация ұқсас сипатты екі құбылысты
біріктіреді, оның біреуінің атауы екіншісін еске түсіреді.Мысалы, мұғалім
география сабағында оқушыларды Австралия порттарының аттарымен таныстырып
тұрып олардың біреуінің аты Аделияда деген әйел атына ұқсас екенін
айтады, сөйтіп есте сақтауынды жеңілдететін ұқсастық ассоциациясын
жасайды.
Қарама-қарсылық ассоциациясы қарама-қарсы екі құбылысты
байланыстырады.Мәселен, шөлейт аймақ ерекшклігі орманды аймақпен қарама-
қарсылығында есте қалады.
Бұл түрлерден басқа мағыналық күрделі ассоциациялар да
болады. Олар бөлшек пен тұтастық, тек пен түр, себеппен салдар сияқты
ақиқат өмірде де тұрақты байланыста болатын екі құбылысты
байланыстырады.Бұл ассоциациялар біздің біліміміздің негізі болып
саналады.
Ассоциация жасалуына қайталаудың қажеттілігі бар.Кейде үлкен
ми сыңарлары қыртысында ассоциация жасалуын жеңілдететін өте күшті қозу
туса байланыс бірден де пайда болады.Ассоциация туғызудың маңызды шарты
тәжірибе үстінде қостау, яғни есте сақталуытиіс нәрсені оқу процесінде
қолданып отыру болып табылады. Ес – сигнал туралы информацияның сигнал
әсері тоқтаған соң да сақталуы.
Онтогеноз процесінде әр оргонизм сыртқы ортадан информация
алады, ол оны өңдейді, сақтайда және қайта жаңғыртады немесе мінез-
құлықты пайдаланады.
Мидың жұмыс жасауы үшін информацияның түсуі, өңделуі ғана емес, сондай
ақ оның белгілібір қоры сақталуы қажет.Нерв жүйесінде түрлі эвалюция
процесіндешартсыз рефлекс немесе инстинткт болып қалыптасқан және
организмнің индивидуалды өмірінде шартты рефлекс түрінде бойына сіңген
екі түрлі информация сақталады.Соларға сәйкес естің екі тегі – түрлік ес
және индивидуалды ес болады.
Қазіргі кезде биология мен генетиканың жетістіктері
индивидуалды естің ішкі механизмінен гөрі түрлік ес туады, тұқым қуалау
механизмі жайлы молырақ білуге мүмкіндік береді. Соңғы он жылдықтарда
индивидуалды ес механизмі күшті зерттеліп, бұл мәселе жөнінде бірқатар
болжамдар айтылды.
Ес механизмдерін электрофизиологияның көрсетулері мен
түсіндіруге талпынушылық болды. Электронды техниканың жетістіктері ми
биотоктарын (миды қоздырғанда пайда болатын электр разряды) жазып алуға
мүмкіндік береді.Электронцефолограмма бойынша (ми биотогының жазылуы)
уақытша байланыстар жасалу процесін, олардың тежелуін және тежелуден
арылуын, яғни ұмыту, тану, еске түсіру механизмдерін байқауға болады.
Ес механизмі жөнінде нейрофизиологиялық жорамал ми
нейрондары бойларынан нервтік импульс өтетін жабдық тізбектер құрайды
деуден тұрады. Онда мидағы келіп түсетін, онда өңделуден өтетін
информация сақталады.
Ес күрделі, психикалық процесс, ол бірнеше дара
процесстерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту,
ұмыту.
Есте қалдыру дегеніміз – жаңадан қабылданған бейнелер мен
материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақтағандармен байланыстырып
отыру.Есте қалдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер
еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиқалардан өмір мен
тіршілікке қажетті материалға дейінгі сандар арасында болып отырады.
Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақта
адамның ес процесін басқаруға үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін.
Адамның ес процесі - өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан
төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке – организмнен мүшеге, одан клеткаға
және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан естің механизімін әр
түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір –бірін толықтырып
отырады.
Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру
болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат
қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынандай шарттар қажет.
1 Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу.
2.Есте қалдырудың қоғамдық тәжірибиелік мәнінің адам қажетіне байланысты
болуы.
3. Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдың жемісі мен оның ішінен
еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу.
4. Сол мән-мағыналарды түсіну үшін олардың ойлау процесімен тығыз
ұштастыру.
5. Қабылданған нәәәәәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық желісін
табу.
6. Қабылданған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалды
еске қалдыруды жеңілдету
7.Өз еңбегін оқуын дұрыс ұйымдастыра білу.
8. Сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.
Мұндай талаптарды орындау адамның ақыл –ой кені болып
саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.
Есте сақтайдың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті
материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-
әрекеті, жүйесі бар.Кез келген жаттау жемісті бола бермейді.Ғылымда есті
дамытуға арналған жаттау тәсілін – мнемоника деп атайды.Бұл латын сөзінен
шыққан. Мәнісі – жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолдарының бірі.

1.2. Ес процестері.
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процесстерден
тұрады.Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.
Ол арнайы есте қалдыру және еріксізесте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы тәсілдерін
пайдаланбайды.Айналадағы өмірдің түрлі көріністері (оқиғалар мен
адамдардың қимыл - әрекеті, сөзі т.б.) сол әрекетінің ағымына қарай есте
қалып отырады.Ал (арнайы ырықты) есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет
етеді,оны тудыратын тиісті мотивтер болады.Қандай обьектіні болмасын
әдейілеп еске қалдыру үшін мына төмендегі шарттарды орындап отыруы қажет
болады:
- Еске қалдыруда әркез мақсат қойып отыру зор маңызды.Оқу материалын
жақсы меңгеру үшін, оған қатты зейін қою жеткіліксіз, ол үшін алға
айқын, анық мақсат қою керек.
- Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәні адамның қажетіне де
байланысты болады.Мәселен оқушылар қандай бір шығарманы оқымасын, бір
қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыруқиынға
соқпайды.
- Оқылатын шығарманы жоспарлай алу – есте қалдыруға көп жеңілдік
келтіреді.Жоспар мүмкін болғанша анық болу керек. Қалай болса солай
құрыла салған жоспар есте берік сақтауға негіз бола алмайды.Оқитын
шығарманың ішінен еске тірек боларлық жерлерін іздестіріп, оны бірнеше
маңыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектердің әрқайсысының мағынасына
лайықты ат ойлап табу – есте қалдыруды нәтижелі етеді.
- Мағыналы есте қалдыру дегеніміз – нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан
мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты.Материалды жақсы
ұғынып, терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау,маңызды белгілерін
анықтай алу – оны анализдей, синтездей, салыстыра,жүйелей білуді керек
етеді.
- Оқып отырған шығарманың байланысын, жүйелерін елестетуге, секе тірік
боларлық ой – желісін табуда схема,чертеж, таблицалармен қатар,
арнаулы шартты белгілер қолданылып отырса,есте қалдырудың сапасы арта
түседі.
- Есте қалдыруға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз сөзімен
құрастырған сөйлемдермен айтып бергені абзал.Егер бала мұғалімнің
айтқанын, не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе-сөз айтып береитін болса,
мұндай жағдайда оның есте қалдыру қабілеті жақсармайды.
- Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыруы адамның өзін-өзі тәрбиелей
алуына да байланысты.Мәселен, оның еңбегі ұйымдасқан болса,есте
қабылдау дәрежесі де жоғары болады.
- Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты.Әдетте оқу
материалын бір қайталап оқып жаттап алуға болмайды.Аз уақыт ішінде жиі-
жиі қаталап жаттаудың да қажеті жоқ.Мәселен, өлеңді бірден жаттап
алса, ол тез ұмытылады, сондықтан оны бірнеше ауқытқа бөліп жаттау
керекг..Бірақ арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын.Тек көлемі шағын
шығарманы тұтас күйінде жаттауға болады.Егер шығарма көлемді болса,
оны бөлшектеу қажет.Бірақ қалай болса солай бөлшектемей, логикалық ой
сақталатындай етіп бөлген пайдалы.Мұндайда қайталаудың саны азырақ
болады және ол есте ұзақ сақталады.
- Сондай-ақ жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, оны
ұмытпай тұрып қайталау керек, өйткені қайталауды ескіріп, құлап бара
жатқан үйді жөндеу үшін емес, үйді берік нығайта отырып, үстіне екінші
қабат салу үшін жасайды.Әрбір ілгерілеп басқан адым бұрынғы өткендерді
қайталап отыруға негізделу керек. Қайталауды түрлендіріп отырудың,
оның уақыт жөніне дұрыс құрудың маңызы жөнінде К.Д.Ушинский былай
дейді: Бұдан бұрын жаттап алғандарды сол күйінде аудармай, айтып
берудың ешбір қажеттілігі жоқ ... ал, кездейсоқ кездескенді,жаттап
алғанды жаңа түрмен айту, яғни жаттап алғанды басқа сөздермен
қаййталап айтып беру әлдеқайды пайдалы. Жаттаудың мнемотикалық
әдісінің бірі механикалық есте қалдыру. Егер мағыналы есте қалдырудың
мәнісі құбылыстардың ішкі мәніне, олардың бір-бірімен байланысына
түсіну болатын болса, механикалық есте қалдыруда заттар жай, сыртқы
байланысқа түседі. Мұның басты шарты қайталау.Естің бұл түрінің кей
жағдайда іске керек болып қалатын кездері болады. Шетел сөздерінің
жазылуы мен айтылуын, қиын сөздер мен атауларды,көше, жер, су аттарын,
телефон нөмірлерін есте қалдыруқажет болған кезде механикалық еске
қалдырып жатқан дұрыс. Еске қалдырудың соңғы түрі жасанды
ассоциациялар арқылы мнемоникалық әдіспен жүзге асып отырады.
Қайта жаңғырту және арнайы қайта жаңғырту деп екіге
бөлінеді.Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-
әрекеттің барысы туғызып тоырады қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе
адамның үнемі айналысатын әрекетімен мазмұндас болады.
Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс,
тәсілдер қолданумен жүзеге асады.Арнайы қайта жаңғырту - әдейілеп еске
түсіру, ойлаумен тығыз байланысты, өте белсенді процесс.Қайта жаңғыртудың
да көптеген әдістері бар.
- Көлемі үлкен шығармаларды қайта жаңғырту үшін жазбаша немесе ойшаоның
жоспарын жасау қажет болады. Жоспар жасаудың өзі қажетті шығарманы
жинақты, белгілі арнаға жүйелейді.Мұның өзі қайта жаңғыртудың сапалы
болуына көп жәрдемін тигізеді.
- Қайта жаңғыртуда бұрын оқылған, қабылданған обьектілерді бір-бірімен
салыстырып отыру да аса пайдалы.
- Қайта жаңғыртуда ассоциацияларды бұлардың мағыналы
байланыстарынпайдаланған жөн. Мұндайда адам бір мағыналы нәрсені
қызық қылып, ұмытқанын соның төңірегінде еске түсіреді.Ал қалай болса
солай кездесоқ нәрсемен байланыстырса,ондай қайта жаңғырту адамды
шығарманың негізгі қазығынан адастырады.
- Оқыған нәрсеге жауапкершілікпен қарау, мұнда табандылық, тұрақты
қызығудың болуы да қайта жаңғыртудың нәтижелі болуының қажетті
шарттары болып есептеледі.
Қайта жаңғыртудан тану процесін ажырату керек.
Тану - қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану – бұрын
қабылданған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес процесі. Тану адамның
қабылдау санасындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеле
көрінеді.Мәселен, біреу бір нәрсені қиналмай, тез және толыық таниды,
екінші біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал
төртінші біреу қате танитын болады. Обьектіні дұрыс тану үшін адамның
көзі төселіп үйренген, өмір тәжірибиесі мол, бақылағыш болуы шарт.Ес
процесінде болатын қателердің көбі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс
тани алмаудың өзі алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан басталады.

1.3 Ес жайындағы теориялар.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялар бар.
Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып бір жүйеге түскен теория жоқ.Бұл
жайт ес процесінің осы кезге дейін әр тарапты қызу зерттелгендігін, ол
жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әр қилы модельдер
бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдыры ес психологияда басқа ғылым
салалары арқылы да қарастырылуда.Осы орайда бүгін де естің мехинизмі мен
оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологитялық және
нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт –
биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр.Сондай-ақ есті бұлармен
қатар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәір қалыптасқан
жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең
бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдан зертеулер мен
ккөзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай
тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті
алынады. Ал ес жайындағы бірсыпыра теориялар басты мәселе етіп сол
күйінде обьектіні немесе таза сананың белсенділігін алады. Бұл бағыт
адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың
сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.
Психологиялық тұрғыдан көзқарас тобы - ассоциациялық бағыт
делінсе,оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық
байланыстар.Осы байланыстар псиз\хикалық міндетті түрде жасалу принціпі
болып саналады.Сөйтіп екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой
көрсетеді.Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда
болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бөлінеді:
- әсерленген обьектінің кеңістік пен уақытта орай араласып келуі;
- өзара ұқсастығы;
- бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасатын ассоциациялардың
мынадай үш түрі жасалалды:
-аралас не іргелес ассоциациялар
- ұқсастық ассоциациялар
- қарама-қарсылық ассоциациялар
Мұндай ассоциациялық принціптерді тұңғыш рет зерттеп, олрды тұжырымдаған
- ертедегі грек философы Аристотель. Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов
ассоциацтяларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі
қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау
нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтады. Бұл ілім
естің физиологиялық теориясы деп аталады.Аталмыш теорияға естің физикалық
теориясы да жатады.Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде,
өзінің ізін қалдырады.Бұл нейрондық модель теорисы деп аталады.Осы
заманғы нейропсихологиялық зерттеуллер нейрондар мен молекулдық
дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку
жағдайында терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар
басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, не өзі орналасқан клетка
денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға
сәйкес байланыс пайда болып, күрделігі жөнінен түрліше қозулар
ревервеникалық қөозғалыста болады. Сөйтіп клеткалардың өз-өзінен
жандануы іске асады.Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін
іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстракт деп атайды.
Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте самақтаудан ұзақ мерзімді
есте сақтауға ауысып отырады.Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың
негізінде бірыңғай меееханизмдер болады десе, ал екінші біреулері мұнда
әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай
болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек
Естің биохимиялық теориясы Ес механизімін нейрофизиологиялық дәрежеде
зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады.Осы бағыттағы зерттеу
нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды.
Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікілей әсер
еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар
клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды.Екінші сатысында бірінші
саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер детін
белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунд, минуттарға созылады. Ол-
естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткалар
химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар қзақ мерзімді есте сақтауюдың
механизмі болып табылады.
Мұндацй жорамалдың шындығын анықтау мақсатымен сабауқұйрық
тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып
қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны
мәлім.Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі
электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып
қалатындығын көрсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың
физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының
бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау
арқылы беріліп отырады деп есептеді. Ал антогенетикалық не дара адамның
есі рибонуклеин қышқылыфна байланысты делінеді.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда
тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы
химиялық іздер қалдыратынын анықтаған.РНК өте өзгергіш; оның өзіндік
өзгеруі 1015-1020-ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай
биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақта
адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін.
Адамның ес процесі - өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан
төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке – организмнен мүшеге, одан клеткаға
және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан естің механизімін әр
түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.

1.4 Естің түрлері.
Ес адамның әр алуан іс-әрекетімен байланысты болып, тіршілікке
аса маңызды қызмет атқаоратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері
де әрқилы.Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес
жүргізіліп, олар есте қалдыру , қайта жаңғырту процестерімен тығыз
ұштасады. Мысалы, адамда есту есі мен көру есі психикалық қасиеттер
ретінде көрінеді. Іс - әрекет сипатына орай, ес мынадай үш түрге
негізделініп бөлінеді.
- Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс,
эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөз мағыналық;
- Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес
- Адамның материалды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай:
қысқа және ұзақ мерзімді, сондай ақ оперативтік ес.
Естің кебір түрлері арнай асапап – мнометр арқылы өлшенеді.
Қимыл –қозғалыс есі дегеніміз- ойын, спорт, еңбек, оқу әрекетіне
байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып,
оларды қайта жаңғыртып отыру.Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын
қалыптастырудың негізгі дағдылары болып табылады.Адамның бастан кешірген
түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес
деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл – күйінің
қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде
есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске
түсіргендерде, бозарады, не қызарады.Өйткені, оның басынан өткен әр алуан
жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшырайды.Белгілі мәні
тұрғысынан алғанда, бұл естің басқа түрімен салыстырғанда әлдеқайда
күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін,
нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жағңғыртуда айқынкөрініс береді.
Естің бұл түрі арқылы табиғат көрісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс,
дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі
мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр саңырау адамдар мұның
есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің
кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен
шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар
заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты еслестетіп, олардың жеке
қасиеттерімен бөлшектерін айқын айыра алады.Олардың сезім мүшелері сыртқы
тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік- мағыналық ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары
сияқты түрлі формалар арқылы із қалдарып отырады. Ойдың қандай формасы
болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық
деп аталуы да сондықтан Бұрын қабылданған нәрселерді қажет кезінде біз
сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз.Егер бейнелі есте
бірнеше сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте
екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрсеелердің мән жайын есте
сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін,
мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу механикалық түрде есте қалдыру
делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу
материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның
әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүдесіне
орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып
қалыптасады.
Етікті және еріксіз естер Естерді ерікті және еріксіз деп
бөлу орындауға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттелегене
байланысты.Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнай есте қалдырмай-ақ есте сақтау
мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын
болсақ, онда бұл ерікті ес болады.Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске
түсіру, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады.Естің бұл
түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады.
Еріксіз естің орасан зор орын алатынын әр адам өз тәжірибиесінен жақсы
біледі.Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар
қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады. Естің адам
санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаты бар. Олар – естің
көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзақтығы, даярлығы.
Қысқа мерзімді және түпкілікті ес.Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен
нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, оны
қалайда жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер
ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп адалады.
Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылданған нәрселердің бейнесі
адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі.Бірақ мұндай
процестер тұрақсыз.Дегенмен бұл ерекшеліктің сыртынан алынған хабарларды
есте сақтап , оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін
қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылданған қабылданған
нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі қасиеттерін, тиісті материалды
есте сақтау, оларды біренеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте
қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі - әсер еткен
нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да
байланысты. Сондықтан нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған
материалдың мәнісіне де қатысты.мағынасын түсінбей, нәрселердің әсерін
қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырып, түпкілікті еске айналуды
қиындатады.
Көркем әдебиет пен ауыз екі тілде қысқы мерзімді ес алғашқы
ес, шапшаң ес деп те айтыла береді.Дегенмен психология ғылымында ол
оперативтік ес деген атпен білінеді.

1.5 Ес саласындағы дара айырмашылықтар.
Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам
жаттаса, екінші біреу санды жақсы жаттайды, үшінші біреу ұмытшақ,
төртіншсі кісі көргенін есінде ұстағын келеді.Адамдар сондай-ақ, есінің
дәлдігі жөнінен бір-бірінен ажыратылады.
Естің дәлдігі – ешбір жэаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағыналы түрде
айта білу қабілеті. Мәселен, орыс композиторы Балакаевтың есі дәл омындай
боған. Концертте отырғанда, ол чайковскийдің бір симфониялық шғармасын
естіді де , екі жылдан кейін осмы симфонияны жаңылмай орындап берді.
Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде
алдына қара салмайды.Жұрт бұларды зейінді зерек адам дейді.Ал басқа
біреулер керісінше, қайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай, әуре
болады.Адамдар еске қалдырудың ұзақ-қысқалығымен де ажыратылады. Мұны
кейде естің беріктігі деп те атйды. Мәселен, бір нәрсені жаттап алса, оны
ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болады.Екінші біреу оны тез ұмытады.
Естің жақсы сапаларының бірі – даярлығы. Естің қорынан кез-келген
ауқытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді.Сондай-ақ көп
нәрсені миына тоқи алатын, есінің өрісі кең адамдар да болады. Біреулер
көзбен көргенді, енді біреулер құлағымен естігенді жақсы
қалдырады.Жоғарыда аталған ерекшеліктер балалар арасынбда да жиі
кездеседі.
- Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, есте қалдырғанын көпке
дейін ұмытпайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.
Естің физиологиялық теориясы
Ес туралы жалпы ақпарат
Ес және адам
Зерттеудің теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ПСИХОДИАГНОСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ес туралы туралы мәлімет
Оқушылардың оқуға қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейіні
Пәндер