Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі


Кіріспе
Республикамыздың экономикалық даму үрдісіне қарай Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бүгінгі күні халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен күнге жоғарлауда. Осы құбылысқа байланысты заман талабына сай орындалуын талап етеді. Күрделі құрылыс халық шаруашылығының маңызды саласы болып табылады. Ол материалдық өндірістің дамуына, өндірістік күштердің орналасуына және болашақта инвестициялық процестерді басқаруды жетілдіруге шешуші әсер етеді.
Құрылыстың сапасын және тиімділігін жоғарылату бойынша міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны өте зор. Соның ішінде, қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылу ерекшеліктері жеке қарастырылатын мәселе болып табылады.
Еңбекақы есебі ең басты жұмысшылардың жұмыс нәтижесінің өсімінің көрсеткіші. Және де ол қызметкерлердің ең басты және негізгі түсім көзі болып есептеледі.
19-шы Халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты (IAS 19)
«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» бойынша қызметкерлерге берілетін сыйақы - ұйымның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері. Қызметкерлерге берілетін сыйақы төмендегілерден тұрады:
- егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толығымен төленетін болса, қызметкерлерге келесідей қысқа мерзімді сыйақылар қарастырылады:
- жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар;
- жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс;
- пайда және сыйлықақыларға қатысу ;
- ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
- зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар:
- еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы(зейнетақы мен бір жолғы төлем) ; және
- еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
- басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар:
- жұмыс өтілі қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс;
- мерейтойларға арналған немесе ұзақ жұмыс өтілі үшін берілетін сыйақылар; және
- еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар; және сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылмаса, қызметкерлерге берілетін; және
- қызметті аяқтау жәрдемақылары.
Құрылыс ұйымдарында әрбір жұмысшының жалақысы орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады. Жұмысшылардың материалдық қызығушылығын күшейту үшін сыйақы жүйесі, жыл ішінде жұмыстың нәтижесі бойынша марапаттау және басқа да материалдық ынталандыру жүйелері енгізілуі мүмкін. Жалпы алғанда, құрылыс ұйымындағы еңбек және еңбекақы есебінің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- Жеке құрамның және жұмыс уақытын пайдаланудың есебі;
- Жұмысшылардың еңбек өнімділігінің есебі;
- Еңбекақы есебі және еңбекақы қорын пайдалануды бақылау;
- Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі.
Қарастырып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы - құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебін, аудитін және талдауды ұйымдастыру ерекшеліктері. Яғни, құрылыс ұйымындағы жеке құрамның және жұмыс уақытын пайдаланудың есебі, тарифтік жүйе, еңбекақы төлеуді ұйымдастыру, еңбекақы қорының құрамы мен сипаттамасы, еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі, еңбекақы төлеудің синтетикалық есебі бойынша мәселелер қарастырылады, толықтай ашылып көрсетілуі тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебін, аудитін және талдауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық аспектілерін зерттеп, оны Алматы қаласы, «Многопрофильная компания «Достар» ЖШС-мысалында талдау, соның негізінде аудит жүргізу мен есебін жетілдіру жолдарын зерттеу, берілетін сыйақылар арқылы қызметкерлерді ынталандыру, еңбек өнімділігін арттыру мәселеріне зер салу.
Осы қойылған мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылады:
- Қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылуына шолу жасау ;
- Құрылыс ұйымындағы еңбекақы жүйелері, түрлері және нысандарын қарастыру;
- «Многопрофильная компания «Достар» ЖШС-қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама беру және есеп саясатын қарастыру;
- Құрылыс ұйымында қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу;
- Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебінің аудитін қарастыру;
- Ұйымдағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебін талдау ерекшеліктері және оған әсер ететін факторларын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ─ «Многопрофильная компания «Достар» ЖШС.
Диплoм жұмыcының құрылымы кіріспeден, үш бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдалынылған әдeбиеттер тізімінeн тұрaды. Диплoм жұмыcының кіріспeсінде тaқырыптың өзeктілігі, мaқсаты, зeрттеу oбъектісі, тeoриялық жәнe әдістeмелік нeгізі қарaстырылған.
Бірінші бөлімде, қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі, аудиті және талдауының теориялық негіздері мен «Достық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымының қызметіне сипаттама береміз.
Екінші бөлімде, «Многопрофильная компания «Достар» ЖШС-қызметкерлеріне берілетін сыйақылар есебінің ерекшеліктеріне, ұйымдастырылуына тоқталып зерттеп, ашып көрсетеміз.
Үшінші бөлімде, «Многопрофильная компания «Достар» ЖШС-қызметкерлеріне берілетін сыйақылар есебінің аудиті мен талдауын қарастырамыз.
1. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНЕ СИПАТТАМА
1. 1 Ұйым қызметкерлеріне берілетін сыйақы есебінің мәні мен ерекшеліктері
Мекемеде еңбекті, еңбекақыны және еңбеккерлермен есеп айырысуды есепке алу есеп жұмысының маңызды, жауапты және қиын учаскесі болып саналады. Мұнда еңбек және еңбекақы бойынша еңбеккерлердің саны, еңбек өнімділігі және еңбекке ақы төлеу қоры сияқты маңызды көрсеткіштерге ерекше бақылау қажет. Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебінде мынадай қатал көрсеткіштер көрсетіледі: еңбеккерлердің саны, олардың құрамындағы кәсіптері, мамандықтары және т. б . бойынша өзгерістер; еңбек уақытының шығындары (пайдалану) - еңбек жасалған жұмыс күндерінің саны (адам-күндер және сағаттар) ; еңбек тәртібін сақтау; орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі; төлемдер түрлері және еңбеккерлердің санаты бойынша еңбекақы төлеу қоры; еңбекке ақы төлеу қорынан тыс төленген сыйлықтар мен басқа да төлемдер; мекемеде қолданылатын еңбекке ақы төлеудің нысандары мен жүйелеріне сәйкес уақытында есептеу және әрбір еңбеккермен есеп айырысу; еңбекақыдан ұстап қалулардың заңдылығы және т. б. Бухгалтерлік есептің деректерінің негізінде экономикалық қорыту және талдау жүргізіледі, жұмыс күшін тиімді пайдалану және еңбекке ақы төлеу қорын ұтымды пайдалану жөнінде қорытынды жасалады. Бұл еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштерді жақсартуға бақылау жасауда бухгалтерлік есептің негізгі ақпараттық көзі ретінде маңыздылығын көрсетеді.
Еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккермен есеп айырысудың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттерінің бірі белгіленген штат кестесін және еңбеккерлер санын, лауазымды кесімді жалақылар мен ставкаларды, еңбекке ақы төлеу мен сыйлық беру жөнінде бекітілген ережелерді, еңбекке ақы төлеу қорын дұрыс және ұтымды пайдалануға, белгіленген жұмыс ережесі мен еңбек тәртібін сақтауға есептің бақылау қызметін (функциясын) жүргізу болып танылады. Бұл бағытта бухгалтерлік есептің көрсетілген бақылау қызметін жүргізу мекеменің бас бухгалтерінінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады, ол басқа бөлімшелермен (кадр бөлімі, жоспарлау бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімімен) бірлесіп орындалады. Штат кестесін, лауазымды, кесімді, жалақылар мен ставкалар үлгілерін бұзғаны үшін мекеменің жетекшісі мен бас бухгалтері жеке жауапкершілікпен жауап береді [13] .
Еңбекке ақы төлеу қорын дұрыс және ұтымды пайдалану көп жағдайда жеке құрамды, жұмыс істеген уақытты, орындалған жұмысты есепке алу бойынша жасалған бастапқы құжаттаманың сапасына байланысты. Сондықтан бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі еңбеккерлерге жұмыс істеген уақыты немесе орындалған жұмысы үшін еңбекақы есептеуге негіз болған құжаттаманы дұрыс жасап және бухгалтерияға уақытында түсуіне қатал бақылауды қамтамасыз ету болып есептеледі. Бұдан бухгалтерлік есептің келесі негізгі міндеті шығады - еңбекке ақы төлеудің әртүрлі нысандары мен жүйелерінде жұмсалған жұмыстың саны мен сапасына сәйкес әрбір еңбеккерге тиісті еңбекақыны, қосымша сыйлықтарды тиянақты есептеу және олардан қолданыстағы заңдарға сәйкес салықтар және басқа сомалардыдұрыс ұстап қалу. Бұнда бухгалтерлік есепте тізімдік құрам бойынша, сондай-ақ мекеменің штатында тұрмайтын тұлғалар бойынша негізгі және қосымша еңббекақыны жеке көрсетуді қамтамасыз ету қажет. Бұл есептік жұмыстың ең жауапты учаскесі, өйткені еңбекақы мен сыйлық қосымшаларды есептеу барысында еңбеккерлер өзінің еңбегінің нәтижесінде материалдық ынталану қағидатының тәжірибелік көрінісін табады. Сондықтан мұнда еңбекке ақы төлеу жөніндегі барлық қолданыстағы заң мен ережелер қатал сақталуы, ал еңбекақы бойынша бухгалтердің жұмысы ерекше ашық болуы керек.
Жоғарыда қарастырылған бухгалтерлік есептің міндеттерімен тікелей байланысты келесі маңызды міндет еңбек заңдарын қатал сақтағанда әрбір еңбеккермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды дұрыс және уақытында жүргізу болып танылады. Мекеменің бухгалтериясы бұл міндеттерін орындаумен қатар, әділ және уақытында мынандай есеп айырысуларды қаитамасыз еруге міндетті: бюджетпен еңбеккерлердің еңбекақысынан ұсталатын тиісті салықтар сомалары (әлеуметтік, жеке табыс салығы және басқалар) ; сауда мекемелерімен - олардың еңбеккерлерінің несиеге сатып алған тауарлары үшін кезекті төлемдері бойынша; басқа мекемелермен және тұлғалармен - сот мекемелерінің атқарушы құжаттары бойынша және т. б. Бұл сомалар пайдасына ұсталған тиісті мекемелер мен тұлғаларға уақытында аударылуға тиіс.
Мекемелердің жетекшілерімен қатар бас бухгалтерлер штат кестесіне лауазымды кесімді жалақыларының дұрыс белгіленуіне және штаттағы тізімдік құрамда жоқ еңбеккерлердің еңбегіне ақы төлеу қорын ұтымды пайдалануға дербес жауапкершілікті алып жүреді.
Жұмысшылармен және қызметкерлермен әділ және уақытында есеп айырысу еңбеккерлердің жеке құрамын, жұмыс уақытын және өнім өндіру немесе орындалған жұмыстарды ескеріп қамтамасыз етіледі.
Мекеменің шығындарында еңбеккерлерлердің еңбегіне еңбекақы түрінде өтеу шығындары ең үлкен бөлігін құрайды.
Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы жұмыс күшінің тауар ретіндегі бағасы болып саналады да, еңбек нарығында жұмыс берушілер мен еңбеккерлердің мүдделерінің үйлестіруін қамтамасыз ету негізінде қалыптасады, жұмыс күшін белгілі бір уақыт-сағат, күн және т. б бойына пайдаланғаны үшін төлейді [5] .
19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақылар» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес қызметкерлерге берілетін сыйақы - компанияның (әрі қарай мекменің- Ж. . Т. ) . қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.
Қызметкерлерге берілетін сыйақыға мыналар жатады :
- жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауыруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер) сияқты қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
- зейнетақы, зейнетке шыққанннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
- жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысу, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді өтемдер;
- шығу жәрдемақылары және үлестік құралдармен өтемақы төлемдері.
Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақыларды танып бағалауымыз керек. Яғни, есеп беру кезең ішінде қызметкер ұйымға қызмет көрсеткен кезде ұйым осы:
- кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың) . Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, ұйым осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек, мысалы, болашақ төлемдерді қысқарту немесе қарызды қолданыстағы ақшамен қайтару; және
- активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты сол сыйақылар шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2 Босалқылар ХҚЕС (IAS) және 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС (IAS) қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.
Қызметкерлерге берілетін сыйақылар : қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыйақылар болып екі түрге бөлінеді.
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар - (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы.
Қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы мөлшеpінің жалпы тәpтібі әкімшілік пен еңбек ұжымы аpаcында жаcалатын еңбек келіcім-шаpтында тағайындалады. Cыйақы тағайындау туpалы еpежеде:
- cыйақының көpcеткіштеpі мен нақты талаптаpы;
- cыйақының көлемі, межеcі мен меpзімі;
- cыйақы тағайындалатын opта;
- cыйақы көздеpі қаpаcтыpылуы кеpек.
Ocы мәcелелеp cыйақы cаяcатын қалыптаcтыpу мемлекеттік мекемелеpдегі cыйақы жүйеcін дамытудың өте өзекті және пpактикалық маңызға ие екендігін көpcетеді.
Қазіpгі таңда қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы cаяcаты ұғымын әзіpлеудің төpт түpлі ғылыми тәcілі анықталған [9] :
- жүйелілік;
- үдеpіcтік;
- cитуациялық;
- мақcатты‑бағдаpламалық.
Қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы cаяcатын әзіpлеудің біpінші жүйелілік тәcілі бoйынша: үдеpіc, құpылым, ұйымдаcтыpушылық, түp еcкеpіледі. Мыcалы, мемлекеттік ұйымдаpдағы cыйақы cаяcаты oның кадp мәcелеcінің біp бағыты pетінде қаpаcтыpылады, oл өз кезегінде мемлекеттік ұйымдаpдың экoнoмикалық cаяcатын көpcетеді.
Екінші үдеpіcтік тәcілде өтемақылық cаяcат баcқаpу қызметін pетімен жүзеге аcыpуды көздейді.
Үшінші cитуациялық тәcілде өтамақылық cаяcаттың баcқаpу паpаметpлеpін нақты жағдайға байланыcты еcепке ала oтыpып, қажетті тетіктеpді таңдайды. Мұндай паpаметpлеpге: ішкі және cыpтқы фактopлаp алынуы мүмкін. Ұйымның ішкі фактopлаpына: еліміздегі экoнoмиканың жалпы жағдайы, cалалаpдың даму тенденцияcы мен жағдайы, еңбек наpығының cалааpалық жағдайы, еңбек аяcындағы заңнамалық актілеpдің өзеpуі немеcе жаңадан пайда бoлуы және т. б. жатады. Ішкі фактopлаp: мемлекеттік ұйымдаpдың қаpжылық жағдайының өзгеpуі, ұйым қызметкеpлеpінің ынталандыpылуы, кәcіби құpамына байланыcты және т. б. құpылым қызметінің даму кезеңдеpі бoйынша анықталады.
Нақты анықтауды бoлжайтын төpтінші мақcатты‑бағдаpламалық тәcілде іc‑әpекет бағдаpламаcын жүзеге аcыpу және қалыптаcтыpу мақcаты нәтижеге бағытталады. Кез-келген жүйені қoлданудағы негізгі мақcат кіpіc және шығыc матеpиалдаpының бoлуы бoлып табылады. Қызметкеpлеpге беpілетін cыйақы cаяcатын баcқаpу жүйеcінде мұндай матеpиалдаp ұйым қызметкеpлеpін еңбек жағдайында ынталандыpу мен cыйақы жүйеcі бoлып еcептеледі. Еcеп cаяcатындағы негізгі кoмпoнент құpылым екенін еcте ұcтау қажет. Cтpатегиялық құpылымда бұл - мақcатты, ұйымдаcтыpушылық, қoлданбалы және баcқа да қызметкеpлеpдің құpылымы cыйақы cаяcатының ныcаны pетінде қаpаcтыpылады.
Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:
- жұмысшыларға және қызметкерлерге төлентін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар ;
- қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты) ;
- қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;
- осы уақыттта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен, тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты) .
Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) .
Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары - ұйымның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған ресми немесе ресми емес келісімдері.
Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды қоспағанда) қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті емес қызметкерлерге берілетін сыйақы.
Демалыс жәрдемақылары :
- қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін ұйымның шешімімен жұмыстан шығарса; не
- қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.
Жоспарларды сыныптаумен байланысты анықтамалар:
Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары - ресми немесе бейресми түрде келетін жоспардың аясындағы кәсіпорынның бір немесе одан да көп қызметкерге төлейтін еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары.
Белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары - егер ұйымның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар сыйақы жоспарларынан ерекшеленетін сыйақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын сыйақымен қамсыздандыру жоспары.
Белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары - белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарларынан айырмашылығы бар сыйақымен қамсыздандыру жоспары.
Жұмыс берушілер тобының сыйақы жоспарлары - бұл:
- жалпы бақылауда тұрмайтын әртүрлі ұйымдар енгізген активтерді біріктіретін; және
- сыйақы жарнасы және көлемі сыйақыны алушы қызметкердің қандай ұйымда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше ұйымдардың қызметкерлерін сыйақымен қамсыздандыру үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар сыйақы жоспарлары (мемлекеттік сыйақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспарлары (мемлекеттік сыйақы жоспарларынан басқа) [3] .
Жұмыс беруші мен еңбеккердің арасындағы еңбек қатынастары нормативтік - құқықтық кесімдер мен заңдарға сәйкес жасалған жеке еңбек, ұжымдық келісім - шарттармен реттеледі.
Жеке еңбек келісім - шарт - бұл жұмыс беруші мен еңбеккердің арасындағы жазбаша жасалған келісім, онда еңбеккерлер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары және міндеттемелері анықталған, соның ішінде еңбеккер еңбек міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға міндеттенеді, ал мекеме еңбеккерлерге қажетті еңбек жағдайларын жасау, нормативтік - құқықтық кесімдермен (актілермен) қарастырылған өзге де төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.
Жеке еңбек келісім-шарт жасау үшін мекеме жетекшісі еңбеккердің еңбек қызметін растайтын құжаттар, жеке куәлігі (төлқұжат) , әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік (ӘЖК) , зейнетақы келісім-шарты, білімі, кәсіби дайындығы туралы құжат және заңдармен қарастырылған өзге де құжаттарды талап етуге құқығы бар.
Жеке еңбек келісім - шарты белгісіз бір мерзімге және белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша жоқ еңбеккердің орнын баса
тұру уақытына жазбаша түрде жасалады. Егер жеке еңбек келісім шартында оның қызмет мерзімі айтылмаса, онда келісім - шарт белгісіз мерзімге жасалған болып саналады. Жеке еңбек келісім - шарты кем дегенде екі данада жасалады да, оған екі жақ қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрған еңбеккерге беріледі.
Еңбеккердің еңбек қызметін орындауының басталуы болып жеке еңбек келісім - шартта көрсетілген жұмыс басталатын күні есептелінеді. Жеке еңбек келісім - шарт жасалғаннан кейін мекеме жетекшісі жұмысқа еңбеккерді қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті және бұйрық еңбеккерге қол қою арқылы жеткізіледі.
Жеке еңбек келісім - шарт жасағанда еңбекақы төлеудің бастапқы шарттары - еңбекақы мөлшерлері (ставкалар) жүйесі, кесімді еңбекақылар, еңбек мөлшерлері (нормалары) (өнімділік мөлшерлері, қызмет көрсету уақыты) , еңбекақы нысандары мен жүйелері, кепілді және өтемді төлемдер болып табылады. Мұнда әрбір мекеме қаржылық жағдайын есепке алып, қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелеріне, аймақтағы жұмыссыздық деңгейіне, еңбекақының мемлекеттік реттелуіне қарай еңбекақы төлеуде өздерінің шарттарын дербес әзірлеулері керек.
Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырғанда еңбектің саны мен сапасына сәйкес еңбекақы төлеудің қағидаттарын (принциптерін) қатал сақтау өте маңызды, себебі олар еңбеккерлердің еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруға және мекеме жұмысының сапасын жақсартуға материалдық ынталануын тудырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz