Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

: КІРІСПЕ
: 3
: 1
: ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ аЙмақтардың ТУРИСТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТА ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
: 5
: 1. 1
: Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың негізгі түсініктер
: 5
: 1. 2
: Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға қатысты туристік-рекреациялық ресурстар түрлері мен факторларын анықтау және оның түсінігі
: 13
: 1. 3
: Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың туристік-экологиялық іс-әрекеттерге қатысты заңдар мен құқықтардың қажеттілігін сараптау
: 20
: 2
: ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АЙМАҚТАР - ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ КОМПОНЕНТІ
: 31
: 2. 1
: Табиғи ресурстардың туристік мүмкіншіліктерін сараптау және рекреациялық құндылығын анықтау
: 31
: 2. 2
: Баянауыл ұлттық саябағының мәдени-тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігі
: 44
: 2. 3
: Баянауыл ұлттық саябағының инфрақұрылымы
: 47
: 3
: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН болашағы
: 60
: 3. 1
: Туризм және экскурсиялық ерекшеліктеріне байланысты маршруттар мен турлар
: 60
: 3. 2
: Экологиялық туризмді ұйымдастыру мен жоспарлаудағы жетілдіру нұсқаулары
: 67
: ҚОРЫТЫНДЫ
: 71
: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 74
: ҚОСЫМШАЛАР
: 76
:
:
:
:


КІРІСПЕ

Экологиялық туризмнің пайда болуы және оның дамуы адамдардың, ең бастысы табиғатпен тілдесуге, оның обьектілері мен құбылыстарымен танысуға және қоршаған ортада болатын өзгерістерді минимизациялауға талпынуымен түсіндіріледі.

Қоршаған орта мен жалпы туризм арасында екіжақты байлйныс бар. Экологиялық туризмде - табиғатты қорғауға туристтердің өзі де және туристік ұйымдар да талпынады; соңғылары өздерінің қызмет көрсетулерін алға жылжытуға байланысты, олардың ішіне сапалы қызмет көрсету, табиғи территориаларды жақсарту, жануарлар мен өсімдіктердің популяциасын қайта жаңғырту кіреді, себебі шынайы табиғи орта туристердің арасында үлкен сұранысқа ие.

Осылайша, экологиялық туризм қоршаған ортаның табиғи түйінді сақтауын, жергілікті тұрғындардың мүдделерін қанағаттандыра отырып, белгілі бір пайда әкелуін көздейді.

Экотуризмнің ажырамас сипаттамасы болып экологиялық білім беру табылады. Ол екі аспекті қамтиды:

1) ақпараттық-экологиялық заңдылықтар, аймақтық мәдениет пен табиғаты, т. б. туралы білім алу;

2) этикалық-экологиялық менталитетті қалыптастыру - табиғат пен дәстүрлі мәдениетті түсіну және құрметтеу, оларды сақтау қажеттілігін түсіну.

Бүкіл әлемде экологиялық туризмнің кең танымал екендігіне қарамастан, біздің елде жалпы экотуризм дегеніміз не оны қалай дамыту керек, ол қандай табыс әкелетіндін бәрі біле бермейді. Қоршаған табиғи ортаның үдемелі деградациясының қазіргі дәуіріндегі экологиялық-туризмнің басты міндеті - табиғи ресурстарды рекреациялық пайдаланудың теңдігіне қол жеткізу. Экотуризмді дамыту - туристік қызмет барысында экожүйеге теріс әсерлерді азайтудың жалғыз әрі жетілдірілген болып табылады.

Баянауыл саябағы аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.

Жұмыстың өзектілігі : Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының туристік-рекреациялық даму мүмкіншіліктерін айқындап, осы өлкенің рекрация қуаттылығын көрсету және табиғатты пайдалану принципіне негізденіп, оның табиғи ортасын сақтауды қамтамассыз ету. Осы аймақты үлкен халықаралық дәрежедегі демалыс орнына айналдыру. Осы өлкенің қазіргі жағдайы мен мүмкіншіліктерін есептеу арқылы көрсету. Математика-лық сараптамалар жасалып, тарихи деректер жинақталды. Туристер мен демалушылардың демалу мүмкіншіліктері толық көрсетілді.

Жұмыстың мақсаты: Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризмнің даму мүмкіндіктері.

Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып, шешіледі:

  • Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың туризмге байланысты теориялық және тәжірибелік негіздерін зерттеу, даму тарихын анықтау;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың шаруашылығы саласының инфрақұрылымы мен экологиясын қарастыру;
  • Баянауыл ұлттық саябағының мәдени-тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігін сипаттап анықтау;
  • Баянауылдың туристік әлеуетін жоғарлату жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтартардағы экотуризм.

Зерттеу пәні - ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы экотуризм дамуының негіздерін қарастыру (Баянауыл ұлттық саябағың мысалыңда) .

Жұмыстың ақпараттық базасымен отандық ғалымдардың еңбектері, және туристік фирмалардың ақпараттары қамтылды.

Оқылатын мәселені талдау: сараптама-бағалық пен игерушілік зерттеу, баланстық әдіс, экономика-математикалық әдістер, эмпиризмдік зерттеу (қадағалау, салыстыру) әдістері қолданылады.

Ғылыми-әдістемелік маңызы: Баянауыл ұлттық саябағының мәдени-тарихи туристік нысандары және олардың туризмдегі пайдалану тиімділігі көрсетілген.

Тәжірибелік маңызы: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың туристік әлеуеті, оның ішінде, Баянауыл ұлттық саябағының инфрақұрылымы толығымен көрсетіліп, Баянауыл ұлттық саябағының экологиялық жағдайына талдау жасалынған және туризм және экскурсиялық ерекшеліктеріне байланысты маршруттар мен турлар құрастырылды.

Дипломдық жұмыста: әдебиетер тізімі - 45; жалпы беттер саны - 78; 3 сурет және 4 кесте бар.


1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ аймақтардың ТУРИСТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҚСАТТА ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы негізгі түсініктер

Экологиялық туризмнің Қазақстанда тұрақты дамуы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, жергілікті және аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Экотуризмнің әлеуметтік салада дамуына келсек, халықаралық қатынастардың нығаюына себепкер бола тұра мәдениеттің өрлеуіне өз үлесін қосады, бастысы - тұрғындардың экологиялық сауатын аша отырып, әлеуметтік байланысты кеңейтуде маңызды фактор болып саналады. Экологиялық туризмге экономикалық көзқараспен қарасақ, экологиялық бағыттарға жақын елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсартады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар экологиялық туризмнен күн көретіндей пайда табуы мүмкін, жекелеген туристер мен туристік топтарды күзету арқылы, туристерді қажетті азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету арқылы, сонымен бірге үйлерді жалға беру арқылы өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуына мүмкіндіктері бар. Экологиялық туризмді экономиканың бір саласы деп қарастыруға болады, шетелдік туристерді, шетелдік ақшаның белгілі бір мөлшерін елге кіргізу арқылы мемлекетке үлкен кіріс кіргізуге болады.

Экологиялық туризм адамдардың санасы мен әдеттерін өзгертуге мүмкіндік бере отырып, табиғи ортаны табиғи қалпында сақтау арқылы оларды табиғатқа үнемділікпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен бірге, экологиялық туризм табиғи ортаны қорғауда нақтылы әсер ету үшін жергілікті тұрғындар мен жергілікті басқарма табиғи ресурстардың аумағын экологиялық туризмнің объектісі ретінде пайда көрумен бірге табиғи аумақтың сақталуымен тығыз байланысты болуы шарт. Сонымен қатар, ынталы түрде табиғатты қорғау үшін бұл пайда белгілі мөлшерде бөлініп және пайдаланып отыруы тиіс. Егер табыс шағын ортада дұрыс бөлінбесе, тұрғылықты тұрғындарда қорғалатын аумақтың ресурсын рационалды түрде қолдану ынтасы болмайды. Сол себепті экологиялық туризмнің мүмкіншілігі толық табиғи ортаның жағдайына байланысты.

Көптеген мемлекеттерде туристерді қызықтыратын ерекше табиғи аумақтар ауыл шаруашылық қажеттіліктер үшін қолданылуда. Әр жыл сайын өсіп бара жатқан жер өңдеу, ағаш дайындау, сонымен бірге халықтың күн санап өсуі, көші-қон және орналасу бұл аумақтардың тек қана жерінің сапасын ғана емес, экожүйенің тұтастығын да бұзады. Осы мақсатта экологиялық туризм бұл аумақтар үшін неғұрлым күштірек экономикалық негіз бола отырып, неге басқаша жолмен ауыл шаруашылығын және өнеркәсіпті дамытуға болмайды.

Ұлттық саябақтар алғашыда капиталистік мемлекеттерде пайда табу мақсатымен ашылған. Яғни, олар ең алдымен экономикалық мақсатпен салынды. Соған байланысты соңғы уақыттарға дейін ұлттық саябақтардың негізгі функциясы айқын болмай келді. Негізгі зерттеулер шамамен 1968 жылдан басталады [1]

Ұлттық саябақтардың даму кезеңдерін қарастырсақ, бірінші ұлттық саябақ 1872 жылы Солтүстік Америкада құрылған. Ол «ескі Йеллоустон табиғат саябағы». Мұнда көлемі 900 мың/га жуық алқапта 3000-нан астам гейзерлер мен ыстық су көздері, Йеллоустон өзендерінің сарқырамалары, жан-жануарлар мен құстар мол мекендейді. Сонымен бірге адам қолы тимеген жабайы ормандар бар. 1980 жылы Калифорния штатындағы Сьерра-Невада тауарларының батыс беткейінде 300 мың га-дан астам ерді алып Иосемид ұлттық саябағының табиғат кешендерін қорғау ұйымдастырылады. 1885 жылы Канаданың құзды тауларында Банф ұлттық саябағы құрылды. Бірте-бірте осындай парктердің көбейе беруіне байланысты ұлттық саябақ ұғымы 1969 жылы «Халқаралық табиғат және табиғат ресурстарын сақтау» қоғамы ассамблеясында ресми түрде бекітілді. Осы уақытқа дейін 100 жыл өтті. Бұл ұлттық саябақ идеясы көптеген мемлекеттерді қамтиды. Оның негізгі тарихи идеясы табиғаттың өте әдемі ерекшеліктерін дамытып, сақтап халыққа көрсету [2]

XIX ғасырлардың соңында шамамен 100 мемлекетте 2 мыңдай ұлттық саябақ пайда болды. Ұлттық саябақ саны жөнінен өте күшті қарқынмен көбейе бастады. Яғни ол пайда табудың негізгі кездерінің біріне айнала бастады. Әсіресе ұлттық парктың даму жылдамдығы дамып келе жатқан елдерде күшті жүрді. Мысалы, Индонезияда қысқы мерзім ішінде, яғни 1980 жылы мен 1982 жыл аралығында 16 ұлттық саябақ пайда болды.

Ұлттық саябақ ұғымының ұлттық анықтамасы сонау 1933 жылы Лондондағы болған конференцияға қабылданған. Дамып келе жатқан елдерде ұлттық саябақтардың тез көбеюі ірі капиталистік мемлекеттер оларды отар ретінде ұстап жерлеріне қожайын етіп, ұздеріне пайда табу үшін көбейтті [3]

Соңғы ондаған жылдардың ішінде табиғаттың жақсы көркем жерлері халықтың демалысы үшін пайдаланылуда. Адамдар табиғатты әсем жерлерге көптеп демалуға ағылып жатады. Мысалы, Африка материгіндегі құрылған ұлттық саябақтарға жылына ондаған миллион адам демалуға барады. Табиғат аясында демалу қажеттілігін қанағаттандыру көптеген мемлекеттік мәні бар мәселеге айналды. Батыс мемлекеттерінің кейбіреулерінде демалыс орындарынан түсетін пайданың мөлшері өндірістің басқа саласынан түсетін пайдадан әлдеқайда артық болып отыр. Мысалы, Африкадағы Кения ұлттық саябаққа келген туристерден түсетін пайда 1971 жылы 50 миллион, АҚШ саябақтары 2 млн. пайда түсірген. Туристерден түскен пайда кейбір елдерде жалпы мемлекеттік пайданың бөлігіне тең келеді. Осыған байланысты АҚШ-тың кейбір шаруашылығының табиғи демалушылардан қосымша ақша түсіру үшін ғана пайдаланылады. Осы жолдармен демалыс мақсатында пайдалану табиғатқа көп зиян келтіреді. Өсімдіктермен тіршілік жағдайын нашарлатып, жануарлардың жер аударуына немесе жойылып кетуіне, ластанудың әсерінен жалпы табиғи зиян келтіреді. Өсімдіктердің тіршілік жағдайын нашарлап, жануарлардың жер аударуының немесе жойылып кетуіне, ластануының әсерінен жалпы табиғи биоценоз­дардың дамуына кедергі жасайды [4]

Қазақстан Республикасындағы саябақтар мәселесі Тәуелсіз мемлекет­тердің территориясында 20-дан астам ұлттық саябақтар бар, ал алдағы уақытта жоспарланып отырған парктердің саны 40-тан асады. Біздің еліміздің, яғни кең байтақ Қазақстан Республикасында қазірге дейін бір ғана ұлттық саябақ жұмыс істейді. Ол Баянауыл ұлттық саябағы. Баянауыл ұлттық саябағын айтар алдында табиғи саябақ пен саябақтың айырмашылығын анықтап алғанымыз жөн.

Мемкеттік табиғи саябақтардың, ұлттық саябақтардың негізгі айырмашылығы жөнінен елімізде бірінші рет 1921 жылы қыркүйектің 10-да шыққан халық комиссарлар кеңесінің деректерінде былай деп айтылған. «Ол ұлттық саябақтан гөрі көлемдірек, ішінде табиғи архитектуралық ескерткіштері бар қорықтық ұлттық саябақ болуы тиіс». Бұдан біз ұлттық саябақтың тек қана саябақ емес, сонымен қатар қорықтық мәні болу керек екендігін көреміз. 1962 жылы республиканың жоғары Советінің «Қазақ КСР табиғатын қорғау» үкімі шығарылды. Онда табиғат парктері ландшафы cұлу және әр алуан, халық шаруашылығы үшін игерілмеген және көлемі бірнеше мыңга жететін аймақ болу қажет делінген. Қазақстан бойынша бірінші ұлттық саябақтың Баянауылда орналасуына екі түрлі себеп болды: яғни, бұл аймақтың тез урбанизациялануы индустриясы мен ауыл шаруашылығының күрт дамуы және соған байланысты табиғи ортаның бұзылуы [5]

Бұл жердің географиялық орны және ландшафтың ерекше сұлулығы, батаникалық - географияның құндылығы және рекреациялық артықшылығы болды. Сондықтан 1977 жылы 19 қыркүйекте Қазақ КСР-нің Министірлер Советі Баянауыл ұлттық саябағына айналдыру туралы қаулы қабылданды. Парктің құрылымы туралы проектіде басқа мәселелермен қатар мынандай шаралар жүргізу туралы атап көрсетілген. Бірінші орташа таулы - орманда фауна мен флораның генофондына талдау жасау, ландшафтық табиғат қорғауға бағытталған және рекреациялық баға беру мәселелері табиғат кешендерін мейлінше мұқият сақтау. Әрбір белдеудің статусы мен шекараларын анықтау.

Баянауыл ұлттық табиғи паркі, Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан. Ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1985 ж. 12 тамыздағы «Павлодар облысында Баянауыл ұлттық табиғи паркін құру туралы» №276 қаулысымен құрылды. Ұлттық парк Қазақстанның Сарыарқасының орманды жазирасында орналасқан. Оның жалпы көлемі 50688 га, соның ішінде орманды алқап 18241 га. Ұлттық парктің аумағы 3 филиалға бөлінген: Баянауыл (19188 га), Жасыбай (22904 га, ) және Далба (8596 га) .

1994 ж. ұлттық паркке Қызылтау мемлекеттік табиғи қорығы қосылды. Оның аумағы 6 га. Баянауыл табиғи ұлттық паркі - Баянауыл ауданының орталығында орналасқан. Солтүстігінде Торайғыр ауылдық округінің, оңтүстік-шығысында Ақсан ауылдық округінің, оңтүстік-батысында Құндыкөл ауылдық округінің территориясымен шектеседі, 50 0 15 / с. е. - 75 0 30 / ш. б. -та орналасқан

Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аймағында өзінің көтеріңкі массивімен Қазақ ұсақ шоқысының құрамына кіреді.

Тау өлкесі биік өркешті келген жоталардан, өзекті сайлармен бөлінген тау блоктарынан және жоталарға қосарлана біткен жеке тау шоқыларынан құралады.

Баянауыл таулы массиві кембрийге дейінгі жыныстарға немесе айтарлықтай гранитті интрузияларға байланысты біз қарастырып отырған нысана шұғыл 800-850 және 1000-1300 м-ге дейін көтеріледі. Мұнда төменгі және орта палеозойдағы жанартаулық шөгінділер (құмдақ, портифириттер, липориттер т. б) қойнауының қалыңдығымен айқындалады. Цокольды қатпарлар қатарында герциндік интрузиялар гранитоидылармен бұзылған.

Оған Баянауыл гранитті массиві секілді Қойтас және Қарқаралы таулы массиві де жатады [6]

Тау силур мен девон кезеңінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Мезозой кезеңінде сыртқы күштің әсерінен жеміріліп, осы күнгі бедері пайда болған. Тау басы қия, жартасты болып келеді.

Баянауыл таулары Сарыарқаның солтүстік шығыс бөлігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл ауданында орналасқан. Батыстан-шығысқа қарай 40-50 км-ге, солтүстіктен-оңтүстікке қарай 20-25 км-ге созылып жатыр. Абсолют биіктігі 600-1000 м, ең биік жері-Ақбет тауы (1027м) . Соңғы жылдары қазақстан ұлттық энциклопедиясында К. Ахметов Баянауыл таулары деп атап жүр. Оның себебі басқа тау жоталарының Жақсыаула, Жаманаула аттарында аула топониміне байланысты шығар деген пікір туады. Негізгі тау жотасы Ақбеттау, Жақсыаула, Жаманаула деген үш бөліктен тұрады. Тау басының ең биіктері: Ақбет тауы-1027м, Өгелен тауы- 969м, Шибет тауы-728м, Сарытау-747м Жақсыаулаға кіреді, түстікте Нияз тауы-685м. Басқа таулы шоқылар аласа келген-300-500м биіктіктерден тұрады.

Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоғырларынан тұрады; Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тасты жазулар мен таңбалар, үңгірлер («Баянаула үнгірі - Әулиетас, Қоңырәулие», «Драверт» т. б. ) бар. Әулие терминдері жиі қолданыста. Баянаула үнгірі Павлодар облысындағы Баянаула-Баянауыл тауларының батыс жағын құрайтын Аққарағай тауының батыс етегіндегі үнгір. Баянауыл ауданының солтүстік шығысына қарай 17 км. жерде орналасқан. Жергілікті түрғындар оны Әулиетас, Қоңырәулие депте атайды. Басына тағзым етіп түнейді мінажат жасайды. Үнгірдің пайда болуы тектоникалық жік түсуден, гранит тасына сыртқы күштердің - жел үрлеу, күнге қызып суыну, сумен шайылу нәтижесінде пайда болған. Ендік бағытта созылған үнгірдің ұзындығы 30 метр, ені 2, 5 метр биіктігі 1, 8-2, 0 метр кіре берісі кеңдеу болып басталадыда түбіне біртіндеп тврылып, твастағы жарылымдардан енген судан түзілген көлшікпен бітеді. Үнгірдің табаны тегіс, бүйірі қуыс-қуыс жеке тепкішекті болып келген. Суының шипалық қасиеті бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар («Найзатас», «Кемпіртас», «Көгершін», «Атбасы» т. б. ) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Жасыбай көлінің терістігіндегі таулы жотадан бөлек, жер ортасынан тікке көтерілген, жұмыртқадай домалақ биік шың 320 м дәл ортан белінен алуан түрлі табиғи оюлармен, ғажайып бейнелермен өрнектелген, белбеумен белуарынан айналдыра тартылған. Шыңның етегін айнала аққан бұлаққа қайың, терек, қанды-қарағаш көптеп өскен. Маңайы жидекке, қаптап бойлап өскен жұпар иісті, түрлі өсімдіктерге толы [7]

Шыңның төрт құбыласы тік және беті жылтыр, тұлғасы жұмыр. Сондықтан бұл шың басына әдейі дайындалған альпинистер болмаса, жайынан адам баласы шығуы мүмкін емес.

Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауылдың экзотикалық жартастары дала зонасында ерекшеленіп көтеріңкі келетін гранит массивтерімен ажыратылады. Эолдық процестер көптеген жартастарға экзотикалық келбетін қалыптастыра отырып, ұзақ уақыт бойы олардың көрінісін қатты өзгертті. Жартастардың ішінде «Кемпіртас» жартасы Баянауылға ерекше көрініс берген. Одан басқа таңқаларлық жартастарға «Құсайын Найзатасы», «Көгершін», «Ат басы», «Сәкен шыңы (Пик Смелых) » және т. б. кездеседі. Шыңның аты ертеден ел аузында «Құсайын Найзатасы» аталады. Аңыз бойынша Құсайын атты құсбегі - аңшы ғана шың басына шығып бүркіттің балапанын алған. Кейінгі уақытта бұл шыңды «Гора булка» атап, туристер тамашалап, талай рет республикалық альпинистер жарысы да өткізіліп отырылған.

Бұдан әрі жол аузын қонақжай Қазақ дәстүрімен зәулім келген, хан ордасындай көк «Киіз үй» қарсы алады, оның оң қанатында аспан астында салынған үлкен ашық табиғи театр дөңгелене келген сымбатты балкондамен шектелсе, «балконның» оң жақ үстінен құрметті «қонақтар лоджиясы» үлкен үңгір қуыста жеке орналасқан.

«Кемпір тас» аталған бұл табиғи тас мүсіннің биіктігі соншалықты, қасына келген адам бас киімі түскенше шалқайып, тастың шыңына көз салар. Еңкейе қараған таудай басын қылтиған жіңішке мойынын әзер ұстап, шақша шекесі желкесіне құлай біткен, жалтыраған таз басының дәл төбесінде шөгір қарағаннан біткен жалғыз тал шашы селтиген, алдыңғы шашы шот маңдайына қалпақтана құлап, көзі шатынап, қоңқия біткен құс мұрыны істіктеніп, тіссіз кемиек ауызы ырсиып, кеңкілдеп күліп тұрған кейпіне қарап, бірге күлмейтін жан болмайды.

Ақбеттаудың баурайында айнадай жарқырап жатқан, мөлдір суының бетінен әсем таудың суреті көрінетін, дөңгелене біткен көгілдір көркем Торайғыр көлінің түстік жиегінде жарқабағы қораптана бітіп, найзадай үшкір басы Ақбеттаумен таласқандай аспанға өрлеген биік шың «Найзатас» тұр. Жасында нағашы жұртына келген сұлу Сәкен осы шыңның басында көгілдір көркем көлге көңілі толып, сұлу Ақбет тауын таңдана тамашалап, осы ортада туып өскен, қазақ даласына мәлім атақты сері-әнші Жарылғапбердінің қарындасына арнаған «Біздің Ақбет» әніне өзінің сұлу сазды «Тау ішінде» әнін қоса шырқаған. Сол себепті бұл шың «Сәкен шыңы» аталып жүр.

Жасыбай көліне келер жолдың бойында, тау өлкесінің шегінде жеке дара төбе етегінен шың құзы «Қос батырдың басы» тұр. Дулығасын маңдайына көлеңкелей баса киіп, түсі салқын «Жас батыр» қырға қыранша көзін тігіп, өлкеде жатқан елінің сақшысы болып тұрса, артындағы ақылшысы қаба сақал, абзал жүзді «Кәрі батыр» осы өлкеде бейбіт жатқан еліне, сұлу табиғат ортасына мерейі қанып, маужыраған сезіммен етекке көз салады. Қос батырдың сыртындағы өлкеде бейбіт өмірдің белгісіндей «Көгершін» тас шыңы тұр.

Табиғи ландшафттық туристік нысандардың көп кездесуі осы өңірде экологиялық, танымдық, тақырыптық, мінажаттық туризмді ұйымдастыруға алғышарттар тудырады. Қазіргі кезде өлкенің туристік әлеуеті нашар зерттелген. Туристік рекреациялық нысандар тізімі жасалынбаған [8]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар
Қазақстанда экологиялық туризм саласының дамуы
Экологиялық туризм саласы
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Экологиялық туризм ұғымы
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Экологиялық туризм түсінігі
Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – табиғатты сырттай бақылау
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz