Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы



КІРІСПЕ

1 Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық.құқықтық сипаттамасы
1.1 Пайдақорлық қылмыстылықтың түсінігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алу – елдің болашақ басшылығын тәрбиелеп өсіруде, құқық тәртібін нығайту саласындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін қолданылатын шаралар қылмыстардың алдын алу шараларының барлық жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік басқарудың айрықша түріне жататын алдын алу қызметін сипаттайтын барлық заңдылықтар кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуға да тән.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл жұмыс кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарымен күресу, оның алдын алу және оның жасалуына итермелейтін себептер мен жағдайларды зерделеу мәселелеріне арналған.
Балаларды тәрбиелеу, олардың өнегелік, физикалық және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – кез келген қоғамның басты міндеті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес, балалық шақ мемлекеттің қорғауына алынған, ол мемлекет таныған және қорғайтын негізгі құндылықтардың бірі болып табылады [1, 9 б.]. Сондықтан да кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, олардың мораль және құқық нормаларын сақтай отырып өмірде дұрыс позиция ұстауына баса көңіл бөлінеді, бұл ретте жұртшылықтың мүмкіндігі мен заң күші барынша пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы өз тарихының күрделі кезеңін бастан кешіруде. Соңғы оншақты жылда орын алған қайта құру процесі әлеуметтендірудің барлық институттарының функционалдық мүмкіндіктерін күрт төмендетті. Әлеуметтік-экономикалық ауыр жағдайға, ресми идеологияның ауысуына, дәстүрлі құндылықтардың құнсыздануына байланысты отбасы, білім беретін мекемелер, жастар мен балалар бірлестіктері, еңбек ұжымдары жеткіншек жастарды тәрбиелеудегі өздерінің бұрынғы рөлін жоғалтып алды.
Бұл, әрине, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жайы мен динамикасына әсерін тигізді [2, 56 б.].
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының нысаны өзгеруде, олар қазір, негізінен, бандитизммен, бопсалаушылықпен, криминалдық бизнеспен, жезөкшелікпен айналысуда.
Сондықтан да, мұндай қылмыстарының алдын алуда қандай да бір оң нәтижеге жету үшін бұл қылмыстарға итермелеп отырған факторларды білу керек. Елдегі демографиялық жағдайдың нашар екендігі даусыз, бірақ оны жақсарту мақсатында қарастырылып жатқан шаралар ойдағыдай емес, ауылдық жерлерде мүлде назардан тыс қалған. Белгілі бір кезеңде қоғамдық қатынастарға теріс ықпал ететін кейбір криминогендік факторларға ұзақ уақыт көңіл бөлінбейді.
1 Конституция Республики Казахстан. – Алматы: Данекер, 2008. – 96 c.
2 Алауханов Е.О., Зарипов З.С. Профилактика преступлений: Учебник.
– Алматы: Юридическая литература, 2008. – 376 с.
3 Ескендиров А.А. Проблемы исполнения уголовных наказаний в отношении несовершеннолетних осужденных: дисс. … канд.юрид.наук: 12.00.08. – Астана: КазГЮУ, 2005. – 139 с.
4 Карпец И.М. Пределы криминологических исследований // Социалистическая законность. - 1968. - № 3. - С. 9-14.
5 Курс советской криминологии. - М.: Юридическая литература, 1985. - Т. 1. – 410 с.
6 Номоконов В.А. Преступное поведение: детерминизм и ответственность. - Владивосток, 1989. – 300 с.
7 Алауханов Е.О. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алу: Монография. – Алматы: Ғылым, 2005. – 310 б.
8 Алауханов Е.О. Криминология: Учебник. – Алматы: Жеты-Жаргы, 2008. – 665 с.
9 Карпец И.И. Современные проблемы уголовного права и криминологии. – М.: Юриздат, 1974. – 280 с.
10 Ковалев М.М. Основы криминологии. – М.: Юриздат, 1970. – 310 с.
11 Карпец И.И. Проблема преступности: Учебник. – М., 1969. – 290 с.
12 Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М., 1953. – 1020 с.
13 Яковлев А.М. Преступность и социальная психология. – М., 1971.
– 288 с.
14 Ильин И.Л. Путь духовного обновления // Собр. соч.: В 3-х томах. – М., 1999. - Т. 2. – 356 с.
15 Игошев К.Е. Типология личности преступника и мотивация преступного поведения. – Горький: ГВШ МВД СССР, 1974. – 303 с.
16 Гильский Я.И. Криминология: Учебник. – СПб., 2002. – 380 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
1.1 Пайдақорлық қылмыстылықтың түсінігі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының алдын алу - елдің болашақ басшылығын тәрбиелеп өсіруде, құқық тәртібін нығайту саласындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін қолданылатын шаралар қылмыстардың алдын алу шараларының барлық жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Әлеуметтік басқарудың айрықша түріне жататын алдын алу қызметін сипаттайтын барлық заңдылықтар кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуға да тән.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл жұмыс кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарымен күресу, оның алдын алу және оның жасалуына итермелейтін себептер мен жағдайларды зерделеу мәселелеріне арналған.
Балаларды тәрбиелеу, олардың өнегелік, физикалық және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау - кез келген қоғамның басты міндеті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес, балалық шақ мемлекеттің қорғауына алынған, ол мемлекет таныған және қорғайтын негізгі құндылықтардың бірі болып табылады [1, 9 б.]. Сондықтан да кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, олардың мораль және құқық нормаларын сақтай отырып өмірде дұрыс позиция ұстауына баса көңіл бөлінеді, бұл ретте жұртшылықтың мүмкіндігі мен заң күші барынша пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы өз тарихының күрделі кезеңін бастан кешіруде. Соңғы оншақты жылда орын алған қайта құру процесі әлеуметтендірудің барлық институттарының функционалдық мүмкіндіктерін күрт төмендетті. Әлеуметтік-экономикалық ауыр жағдайға, ресми идеологияның ауысуына, дәстүрлі құндылықтардың құнсыздануына байланысты отбасы, білім беретін мекемелер, жастар мен балалар бірлестіктері, еңбек ұжымдары жеткіншек жастарды тәрбиелеудегі өздерінің бұрынғы рөлін жоғалтып алды.
Бұл, әрине, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жайы мен динамикасына әсерін тигізді [2, 56 б.].
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының нысаны өзгеруде, олар қазір, негізінен, бандитизммен, бопсалаушылықпен, криминалдық бизнеспен, жезөкшелікпен айналысуда.
Сондықтан да, мұндай қылмыстарының алдын алуда қандай да бір оң нәтижеге жету үшін бұл қылмыстарға итермелеп отырған факторларды білу керек. Елдегі демографиялық жағдайдың нашар екендігі даусыз, бірақ оны жақсарту мақсатында қарастырылып жатқан шаралар ойдағыдай емес, ауылдық жерлерде мүлде назардан тыс қалған. Белгілі бір кезеңде қоғамдық қатынастарға теріс ықпал ететін кейбір криминогендік факторларға ұзақ уақыт көңіл бөлінбейді.

1 Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

1.1 Пайдақорлық қылмыстылықтың түсінігі
Криминологиялық ғылым қылмыстылықтың нысаны мен оның өзге әлеуметтік құбылыстармен байланысын терең талдауға, қылмыстылықтың және оған ықпал жасайтын, әсіресе қазіргі жағдайдағы, себептеріне түсініктеме беруге, адамдардың әлеуметтік тұрмысына, идеология мен экономикадағы өзгерістерге қарай қылмыстардың алатын сипатына, өрбуіне көз жүгіртуге мүмкіндік береді. И.И. Карпец криминологияны дабыл қағатын ғылым деп атаған [4, 9-14 бб.].
Тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңінде криминологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенбей, нақты криминогендік ахуалдың заңдылықтары мен үрдісін терең білмей қылмыстық-құқықтық іс жүргізу, криминалистикалық және пенитенциарлық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі көпке аян.
Сонымен қатар, бірқатар ғалымдардың санасы қалыптасқан түсініктен соңғы уақытқа дейін арыла алмағанын атап өткен жөн. Мысалы, криминология курсының бірінші томында былай делінген: "социалистік қоғамда қылмыстың өткен формациясына тән аса қауіпті түрлері: гангстеризм мен рэкет; қылмыстық әлемнің мемлекеттік аппаратпен сыбайластығы; халықтың бүтіндей тобының қылмыстылықпен байып, соған мүдделі болуы; қылмыстық әдіспен билік басына келуге тырысатын саясаткерлер жоқ" [5, 144-145 бб.]. Қылмыстылық социалистік құрылыстың болмысына жат құбылыс деп жазу дағдыға айналған еді [6, 81 б.].
Криминологияның ерекше бөлімі қылмыстылықтың жекелеген түрлерін әр қилы көрсеткіштерге орай бөліп, жеке бөліп қарастыратыны анық. Соның бір саласы - пайдақорлық-зорлық қылмыстылық. Мұның өзі екі түрлі қылмыстылықтың сабақтастығынан туындаған. Олар - пайдақорлық қылмыстылық пен зорлық қылмыстылық.
Пайдақорлық - ол алуға, баюға деген құштарлық. Пайдақорлық Қылмыстық заңның жиырма бір бабында келтірілген. Жалпы бөлімде жаза тағайындауға байланысты (мүлікті тәркілеу) айтылып өтсе, тоғыз қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі ретінде қарастырылған (135,139,198, 225, 271, 307, 314, 315, 380-баптар), ал қалған жағдайларда ауырлатылған қылмыс құрамдарында қарастырылған (96-баптың 2-бөлігі "з" тармағы, 125-баптың 2-бөлігі "з" тармағы, 126-баптың 2-бөлігі "з" тармағы, 127-баптың 2-бөлігі "а" тармағы, 134-баптың 2-бөлігі, 200-баптың 2-бөлігі, 234-баптың 2-бөлігі "и" тармағы, 238-баптың 2-бөлігі "д" тармағы, 324-баптың 2-бөлігі, 351-баптың 2-бөлігі, 352-баптың 2-бөлігі).
Пайдақорлық қылмыстылық жалпы қылмыстылық санының ішінде экономикасы дамыған мемлекеттерде 90% дейін үлес алса, дамушы елдердің жалпы қылмыстылығының 60% құрайды [7, 234 б.].
Е.О. Алаухановтың пікірінше пайдақорлық қылмыстылық - ол құқыққа қарсы, қайтарымсыз, пайда табу мақсатымен жасалған қылмыстардың жиынтығы. (Сноска: Е.О. Алауханов. Пайдақорлық-зорлық қылмыстардың алдын алудың криминологиялық проблемалары. 2005 ж., Алматы, 8-бет)
Бүгінгі күнгі криминология теориясында негізгі үш ұғым бар, олар: қылмыстылық, қылмыстық іс-әрекет және қылмыс; олар жалпы, ерекше және жеке-дара санаттарына сәйкес келеді [8, 134 б.].
Қылмыстылық ұғымдарының алғашқыларының бірі Н.Ф. Кузнецова,
И.И. Карпец және басқалардың жұмыстарында ұсынылды. Бұл авторлардың пікірінше, қылмыстылық дегеніміз - тарихи өзгерісте болатын, белгілі бір кезеңде қайсыбір мемлекетке жасалатын қылмыстардың жиынтығын (жүйесін) беретін әлеуметтік және қылмыстық-құқықтық құбылыс [9, 75 б.].
Адамның қылмыстық іс-әрекеті кеңістік бойынша да, уақыт бойынша да орын алатын процесс, ол сыртқы ортаны өзгертетін әрекеттің өзін ғана емес, теріс қылықтың генезисін анықтайтын, қылмыстық әрекетке дейін болатын психологиялық құбылыстар мен процестерді де қамтиды [10, 82 б.].
Және де қылмысты қылмыстық іс-қимылдың бір кезеңі деп қарастыруға болады, ал қылмыстық іс-әрекетті біреу, бір жерде, белгілі бір уақытта, қандай да бір себептермен және жағдайға байланысты жасайды [11, 30 б.].
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстары айрықша санатқа жататындықтан, бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекеттері өте мұқият қарастырылуға жатады. Сол қылмыстық іс-әрекеттің төңірегінде пайдақорлық қылмыс жасайтын кәмелетке толмағандардың қылмыстық әрекеттерінің сипатын айқындауға болады.
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстық іс-әрекеті ұғымының шегін анықтамай тұрып пайдақорлықтың өзінің әлеуметтік-құқықтық сипаттамасын қарастырған жөн.
Пайдақорлық сөзі бір мәнді сөз емес. Ол байлыққа құштарлық, пайда табуға ұмтылыс деген мағына береді [12, 204 б.].
Бұл анықтамадан біз оның екі қыры бар екендігін көреміз:
а) біріншіден, баюға құштарлық;
б) екіншіден, пайда көруге ұмтылу.
Пайда көруге ұмтылу, олжа табу адамға меншіктік қатынас пайда болғаннан бері туа жабысатын қасиетке айналды.
Байлыққа, жеке меншікке мән бермеу, материалдық игілікті адамның жан-жақты дамуы үшін ғана керек деп санау КСРО кезінде адамды қаражатқа, өз еңбегінің нәтижесіне қызықпайтындай күйге жеткізді.
Бұрындары пайда көруге ұмтылу - адамды әрекет етуге итермелейтін ең қуатты қозғаушы күш деп саналды. Мұны адамның өзін өзі сақтап қалуға, материалдық игіліктермен тіршілігін қамтамасыз етуге ұмтылысы, онсыз адамда өмірге құштарлық жойылады деп түсіндірілді. Бірақ бұл жерде мұндай ұмтылыстың жақсы жақтары ғана емес, келеңсіз тұстары да бар екендігін айта кету керек [13, 167 б.].
Өзінің жеке басын байытуға ұмтылыс деп пайдақорлықты теріске шығарсақ, онда біз жеке меншік идеясын да теріске шығарған боламыз. Меншік иесі өз мүлкін сақтап қалуға және молайтуға әрқашан да ұмтылады. Орыстың көрнекті философ-құқықтанушысы профессор И.Л. Ильин былай дейді:
... жеке меншік идеясын сараң, дүниеқұмар адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адам бойына туа бітетін қасиет. Шаруашылық процесінен инстинктік әрекет бастауын, жеке мүдделілік бастауын, рух бостандығы бастауын, затты қастерлеу бастауын алып тастасақ, онда формалды және сатқын бюрократизмнің ықпалына ұшыраймыз, бойымызды жауапсыздық билейді, шаруашылық күйрейді [14, 56 б.].
Жеке басына пайда келтіруге ұмтылу - адам жаратылысының негізін құрайтын қасиеттердің бірі, бірақ ол кейде пайдақорлық, сараңдық, иемденуге құштарлық түрінде көрініс табады. Егер пайдақорлық ниетті іске асыру зорлық көрсету сияқты дөрекі әрекеттермен ұштасып жатпаса ол басқа қылмыстар (бұзақылық, өш алу) сияқты қатаң жауаптылыққа алып келмейді [15, 77 б.].
Себебі, пайдақорлық, жеке басының баюына ұмтылу - қоғам мүшелерінің басым көпшілігінің, оның ішінде заң бұзбайтын адамдардың да көкейіндегі ой, дегенмен, кейбіреулерді ашкөзділік жеңіп кетеді [16, 258 б.].
Байлық пен мол табыс, көбіне, басқа біреудің еңбегінің нәтижесін иеленуден барып туындайды (оны маркстік теорияда қанау дейді) [17, 264 б.].
Пайдақорлықты адамның бойына туа біткен қасиет, жеке меншік институтының салдары деп танысақ, онда оны қоғамдық қатынастың арылуға болмайтындай теріс жағы деп те мойындау керек. Сондықтан да қоғам мен мемлекет ондай ұмтылыстың қарқынын тежеудің жолдарын барлық уақытта қарастырып келді. Қылмыстық-құқықтық тыйымдардың едәуір бөлігі осыған арналған [18, 71 б.].
Айта кетелік, Ресейдің революцияға дейінгі криминологиясы пайдақорлық қылмыстылық ұғымын білмеген, ал кеңестік кезеңнің екі алғашқы Криминология оқулықтары (1966 және 1988 жылдардағы) пайдақорлық қылмыстылықты зерделеу және алдын алу объектісі ретінде қарастырылады.
Қылмыстылықтың жалпы құрылымынан қасақана қылмыстардың екі тобын (пайдақорлық және зорлықты) алғаш бөліп алған В.Н. Кудрявцев болатын. Социалистік мүлікті, азаматтардың жеке мүлкін ұрлауды, пара алуды, жеке кәсіпкерлік қызметті, коммерциялық делдалдықты, алып-сатарлықты, валюта операциялары туралы ережені бұзуды және басқа да пайдақорлық қылмыстарды, тіптен пайдақорлық пиғылмен адам өлтіруді де ол пайдақорлық қылмыстарға жатқызды. Бізді объекті де емес, әрекеттің жасалу тәсілі де емес, келтірілген зиян да емес, қылмыстың субъективтік себебі - айыптының сол іс-әрекетті жасағандағы сылтауы қызықтырады, - деп жазды ол [19, 67 б.].
Бірақ қылмыстық заңда пайдақорлық ұғымы осы уақытқа дейін берілген жоқ. ҚР Жоғарғы Соты пайдақорлыққа кейбір істерге қатысты ғана анықтама берген.
Мысалы, ҚР Жоғарғы Сотының 11.05.2007 жылғы Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы №1 нормативтік қаулысының 14-тармағында өзі немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда (мүліктік құқық, тұрғын үйге құқық, т.б.) алу мақсатында не материалдық шығындардан (мүлікті, борышты қайтару, алимент төлеу, материалдық міндеттемелерді орындау және т.б.) арылу мақсатында адам өлтіру, пайдақорлық пиғылында жасалған қылмыс ретінде ҚК-нің 96-бабы, екінші бөлігінің 3-тармағы бойынша саралануға жатады делінген [20, 535 б.].
Ал, Қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысының 13 тармағында былай айтылған: Қорқытып алушылық тікелей ниетпен және пайдакүнемдік себеппен сипатталады, яғни қорқытып алушы жәбірленушіден мүлікті, мүлікке құқықты тегін алуды, кінәлінің немесе өзге тұлғалардың пайдасына мүліктік сипаттағы басқа әрекеттерді жасауға қол жеткізуді қалайды, осы орайда қорқытып алушы талап еткенін алуға өзінің нақты немесе ықтимал құқығы жоқ екенін ұғынады және басқа тұлғаның есебінен заңсыз баюға тырысады. (Сноска: Параграф Ақпараттық жүйесі. Қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысы).
Сонымен бірге, Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы № 6 нормативтік қаулысының 23 тармағында әскери қылмыстар бойынша пайдақорлыққа мынадай түсініктеме берген: әскери лауазымды адамның ұрлау белгілерінсіз материалдық пайда табуға ұмтылуын пайдакүнемдік деп, ал мансапқұмарлықты, өзінің әрекетсіздігін бүркемелеуге ұмтылуды, жазадан қашуды, туыстарына қызмет көрсетуді, сынағаны үшін кек алуды, қызғаншақтықты және өзге де зұлымдық ниетті жеке бастың өзге де мүддесін көздеу деп түсіну қажет. (Сноска: Параграф Ақпараттық жүйесі. Әскери қылмыстар жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы).
Бұл түсініктемелерде де толықтық жоқ.
С.А. Елисеев бұл жайында былай дейді: ... қылмыскердің өзіне ғана қандай да бір материалдық пайда келтіретіндер ғана, онымен туыстық, іскерлік, жолдастық және басқадай қатынастағы адамдарды да байытатын қылмыстар да пайдақорлық қылмыстар болып саналады [21, 67 б.].
Я.В. Волженкиннің де бұл мәселеге қатысты пікірі осындай. Егер құқық қарсы (қылмыстық) жолмен алынған мүліктік пайда (мүліктік құқық) кінәлі үшін мүлде бөтен адамның пайдаланылуына берілсе (қайырымдық қорына, балалар үйіне, б.б.) және олар оның шыққан тегін білмесе, бұл жерде пайдақорлық мақсат орын алмайды [22, 11 б.].
М.Г. Миненок пен Д.М. Миненоктың позициясы өзгеше, олар пайдақорлық қылмыстардың белгілі бір адамдардың мүддесі үшін ғана жасалмайтындығын айтады [23, 50 б.].
Бірақ, біздің ойымызша, заңның, мысалы қылмыстық заңның мәнісін алшақ ұғымдардан емес, өзінің мазмұны мен қолдану практикасынан шығарып алу керек. Яғни, пайдақорлыққа қылмыстық-құқықтық заңда кінәлінің қылмыстық жаза қарастырылған іс-әрекет жасай отырып бөтеннің мүлкі (мүлікке құқығы) есебінен өзіне не өзімен байланысты адамдарға материалдық пайда келтіруге ұмтылуы деп анықтама беру керек.
Пайдақорлық пиғылды іске асыру тәсілі құқыққа қайшы (заңсыз) ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жазаланатын да болуға тиіс [24, 11 б.]. Ал пайдақорлық сылтауды құқыққа қайшы (заңсыз) іске асыруға азаматтық не әкімшілік құқық бұзушылық арқылы да қол жеткізуге болады.
Пайдақорлық қылмыстық іс-әрекетті зерттегенде материалистік диалектика принциптерін нақтылау және дамыту формаларының біреуінің көмегіне яғни әлеуметтік өмір құбылыстарын зерделеудің жүйелік тәсіліне жүгінеміз.
Жүйелік тәсілді криминологияға енгізу соңғы кездері қарқын алуда, бұл, әрине, дұрыс та заңды қадам, себебі құбылыстар мен процестерге жүйелік түсініктеме беру себеп-салдарлық түсініктемеге қарағанда жоғары деңгейлікті көрсетеді.
Қазіргі кезде жүйелердің жалпы теориясында көптеген әртүрлі анықтамалар бар, олар жүйе ұғымының мазмұнын ашады. Жүйелік талдау, әдетте, кез келген зерттелетін объектіде жүйенің компоненттерін, объектінің біріктіруші қасиеттерін, сондай-ақ жалпы жүйенің де, оның элементтерінің де функцияларын іздеп табуды және бөлшектеп қарастыруды талап етеді [25, 12-13 бб.].
Бұл зерттеуде біз авторлар берген анықтамалардың бірнешеуін ғана пайдаланамыз.
Мысалы, В.Н. Садовский Вебстер сөздігінен мынадай анықтама келтіреді: Жүйе - ортақ жоспары бар әртүрлі көптеген факторлардан құралған, ортақ мақсатқа қол жеткізуге арналған күрделі бірлік [26, 240-245 бб.].
Жүйе, сонымен қатар, оның объектілерін немесе компоненттерін құрайтын ішкі өзара байланыс. Бұл өзара байланысты әртүрлі объектілердің немесе құрылымдық элементтердің жәй жиынтығы емес, бұл өзара байланыстың арқасында жүйе өзіне кіретін бір де бір объектіде немесе элементте жоқ жаңа сипат алады.
Қылмыстық іс-әрекетті осы тұрғыдан қарасақ, оны өзіне белгілі бір қасиеттер жиынтығы тән жүйе деп санауға болады. Бұл жиынтық барлық құрылымдық элементтердің қосылуы және қылмыстық іс-әрекеттің әрекет ретінде пайда болуы арқасында көрініс табады.
Кез келген жүйе белгілі бір элементтерден, объектілерден, компоненттерден тұрады, олар өзара тығыз байланыста және тәуелділікте болады, оларда белгілі құрылым мен қасиет болады.
Осыған байланысты жүйе ретінде қарастырылатын кез келген құбылыстың құрамын әр элемент бойынша анықтаудың теориялық та, практикалық та маңызы бар. Зерттелетін құбылыстың жүйелік талдамасы да элементтік құрамды анықтаудан басталады. Бұл кезеңде зерттеушінің назары объектінің бүтіндігіне, оның құрамына, элементтердің өзара әрекеттестікте көрініс табатын қасиеттеріне аударылуға тиіс. Сондықтан да құбылыстан элементтер құрамын бөліп алу - жүйелік зерттеудің жалпы методологиялық талабы болып табылады.
Табиғи және әлеуметтік шындық құбылыстарының элементтік құрамын анықтау, оларды талдау жүйелілігінің дербес кезеңі ретінде, ғылымда да кең таралған. Қылмыс құрамы жайындағы қылмыстық құқық ғылымының жетістіктері мұндай жүйелік тәсілдің юриспруденциядағы нәтижелілігінің айғағы.
Қылмыс құрамын өзінше дербес, бірақ өзара байланысты элементтердің (объект, объективтік жақ, субъект және субъективтік жақ) жиынтығы деп қарастырып қылмыстық құқық ғылымы тек осындай жиынтық ғана қоғамға қауіпті іс-әрекеттегі қылмыстық белгіні аша алатындығын дәлелдеп отыр. Бұл элементтердің тым болмаса біреуінің болмауы басқа элементтерді бүтіндей жүйенің белгілерінен айырады, ал іс-әрекет, бұл жағдайда, қылмыс деп саралануға жатпайды.
Қылмыс құрамы элементтерінің ішінде таңдаулысы немесе маңызды-маңызды емесі болмайды, дейді А.Н. Трайнин. Нақты қылмыстың құрамы болу үшін онда элементтер түгел болуға тиіс. Кез келген элементтің болмауы құрамның болмауына алып келеді [27, 25 б.].
Қылмыс құрамы туралы ілімнің, бүтіндей жүйе ретінде, тек ғылыми-танымдық ғана емес, практикалық та маңызы зор, себебі қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыстық-құқықтық саралау, егер іс-әрекеттің жүйелік сипатын ескермесе, заңдылықтың бұзылуына алып келеді, озбырлыққа жағдай тудырады.
Басқа қылмыстық-құқықтық және криминологиялық құбылыстарда элементтік құрам бар. Құрам ұғымы заң ғылымы үшін жаңалық емес. Сонда да әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды жүйелік талдаудың мүмкіндіктері әзірге толықтай пайдаланылған жоқ. Қылмыстық құқық пен криминологияның көптеген институттары, оның ішінде қылмыстық іс-әрекеттер де, жүйелік талдамаға алынған жоқ.
Заң ғылымының даму методологиясы мен логикасы, алдын алу практикасының талабы мен мүдделері, сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің тиімділігін арттыру қылмыстық іс-әрекетті бүтіндей жүйе ретінде талдау керектігін көрсетіп отыр, ал оның элементтері біріккен кезде өздерінің бұрынғы қасиеттерін жоғалтып, мүлде жаңа сипат алады.
Қылмыстық іс-әрекетті біріктіруші жүйе ретінде сипаттағанда, бәрінен бұрын құрам мен оның элементтерінің жалпы ұғымына назар аудару керек. Бұл тұрғыда В.И. Протасовпен келісуге болады, ол элементтер жиынтығынан құрам құрылады, ал элемент - әрқашан да компонент, жүйенің бір бөлігі, яғни оның ішіндегі құбылыс. Элемент бастапқы ішкі бірлік, жүйенің функционалдық бөлігі, ал оның ішкі құрылымы бұл жүйеде ескерілмейтіндіктен ол жай құбылыс болып саналады дейді [28, 24 б.]. Элементтің бұл аталған қасиетіне айрықша назар аудару керек. Бұл жүйелік құрылымның құрамына кіргендіктен элемент жай құбылыс деп, жүйенің бөлшектену шегі деп қарастырылуға тиіс. Қандай да бір жүйе құрамының элементтері өздерін құрайтын басқа элементтерге де бөлшектенуі мүмкін, ал олардың жиынтығы дербес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Пайдақорлық қылмыстары
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Пайдақорлық - зорлық қылмыстарының түсінігі
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Бас бостандығынан заңсыз айыру әрекетінің қылмыстық- құқықтық сипаттамасы
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Пәндер