Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі)


Қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қорғауында болады.
64-бап . Қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
1. Қызметкерлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол ақшалай қаражат пен қызметтi өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетін үстемеақыларды қамтиды.
2. Қызметкерлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн берілетін қосымша ақыдан тұрады.
Лауазымдық айлықақыны және сауықтыруға берілетін жәрдемақыларды есептеу үшін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қызметкерлердiң iссапар куәлiгiн көрсету арқылы көлiктің барлық түрiнде жол жүру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшiн орынды бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.
65-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде қызметті өткеру ерекшеліктері
1. Еңбекке уақытша жарамсыздығы, қызметкердің емделуде үздiксiз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жекелеген аурулар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт айдан аспауға тиiс. Қызметкер емделуде үздiксiз болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, өзiнiң одан әрi қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландырудан өтуге тиiс.
2. Қызметтік мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қызметкерлердің емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландыруға емделiп болған соң немесе ауруының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi.
3. Жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлердің, егер еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны он екі айда сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз төрт айға дейiнгі немесе жыл iшiнде әртүрлi аурулар бойынша бес айға дейiнгi уақытты құрайтын болса, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн құқық қорғау органының кадр бөлімшелері емдеу-профилактика мекемелерінiң ұсыныстары бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.
4. Қызметкерлерге олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде ақшалай үлес толық көлемінде төленеді.
66-бап. Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
1. Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда оған бiржолғы өтемақы төленедi, ал қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ол оны алуға құқығы бар адамдарға беріледі.
2. Біржолғы өтемақыны төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейді.
3. Қызметкер қызметтiк міндеттерін атқару кезiнде не орындалуы міндетті қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл бойы ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
4. Қызметкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде, оған:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
5. Қызметкерлер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
6. Егер қызметкердiң қазасы (қайтыс болуы), жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн атқаруға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейдi.
7. Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балаларына, олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.
8. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.
67-бап. Жерлеу шығындарын өтеу
Қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерді жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, ал зейнеткерлерге үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
68-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары
1. Қызметкерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
2. Күнтiзбелiк он жылдан астам уақыт қызмет атқарған қызметкерлер тұрақты тұрып жатқан, қызметтiк тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйлерін, аталған қызметкерлердің қалауына қарай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда қалдық құны бойынша меншiгiне сатып ала алады.
3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлері басқа тұрғын үй-жай берілмей қызметтiк тұрғын үйден шығаруға жатқызылмайды.
4. Қызметкер қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда, ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрілмей, қаза тапқан адамның отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.
69-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
1. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлеріне, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шектерде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен зейнеткерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
3. Туберкулезге қарсы және басқа мамандандырылған жұқпалы аурулар мекемелерiнде қызмет атқарып жүрген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында аталған қызметкерлер үшін белгiленетiн жеңiлдiктердi пайдаланады.
4. Қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, тұрғын үйдi күтіп-ұстау мен коммуналдық қызмет ақыларын төлеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.
70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне медициналық және санаториялық- курорттық қызмет көрсету
Қызметкерлер және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
Әлеуметтік саясат не үшін керек? (әлем және ҚР тәжірбиесі) Авторы: © Молдабекова А. Т.
Уақыты: 20. 02. 2010. Бөлімі: Сараптама, Әлеуметтік қорғау.
Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып, жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды. Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі, Жерорта теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т. б. ) қалыптасып үлгерді. Осы тұста Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің озық тәжірбиесі негізінде өзіндік моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып өзгерген сайын Қазақстанның да басқа мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс болып табылады. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - әлеуметтік саясаттың теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты. Әлемдік тәжірбиеде әлеуметтік мемлекеттердің қалыптасқан классикалық үлгілері мен мынадай белгілері бар:
- Мемлекеттік билік жүйесінің демократиялық ұстанымдарға сай ұйымдастырылуы;
- Мемлекеттік биліктегі адамдардың жоғары адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің болуы;
- Экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану;
- Табиғи байлықтан түскен кіріс пен қаржыны халыққа теңдей бөлу;
- Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы;
Әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыратын тетіктердің болуы. [1]
Бұл қамқорлық адамзат қоғамында емес, тіпті зерттеулер бойынша жан-жануарлар тіршілігінде де кездеседі. Мәселен, пілдер тобыр болып жүргенде ең әлсіз, әлжуаз мүшесінің жылдамдығымен бірдей жүрсе, ал дельфиндер жаралы дельфинді су бетіне шығарып ауа жұтуына мүмкіндік жасайды екен. Тарихқа үңілер болсақ, әлеуметтік, әлеуметтік қорғау ұғымы ең алғаш біздің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды алғаш айтқан неміс философы Гегель еді. 1948 жылғы Адам құқығы туралы дүниежүзілік конвенцияның» 22-бабында «Әр адам қоғамның мүшесі ретінде әлеуметтік қамсыздандырылу құқығына ие» делінген. Ең алғаш тарихта өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Германия болатын .
Әлеуметтік саясат туралы теориялық талдаулар
«Әлеуметтік саясат» ұғымы ежелден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Оның астарныда қоғам мәдениеті мен дініне негізделген әлеуметтік әділеттілік жатады.
Саяси тарихты талдау барысында көптеген ойшылдардың зерттеу пәні мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы және мемлекеттің атқаратын қызметі екенің көреміз. Бірқатар ғылыми мектеп өкілдері мемлекеттің құрылудағы басты мақсаты - ол өз тұрғындарының жағдайын жасау деген тұжырымға келді. Платонның айтуы бойынша «кез келген билік, ол билік болғандықтан, өзінің қамқорлығын басқа біреуге емес, тек өзінің бағыныштыларына жасайды», ал «берілген билеуші өзіне тиімдіні емес, бағынушыларына тиімдіні көздейді». [2] Платон еңбек бөлінісіне негізделген, әлеуметтік бөліну мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Демек, ежелден-ақ қоғамның әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктері көрінген.
Аристотель еңбектерінде «мемлекет өмір сүру үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін жаратылады», «мемлекет - …көмек көрсету мақсатындағы одақ», ал ең жақсы мемлекеттік құрылым деп, ұлы ғұлама әр адамның ізгілікте және бақытта өмір сүруіне мүмкіндік берген құрылымды мойындауды ұсынған [3] . Дәл сол Аристотель айтқан «орта табысы бар орта адамдардан тұрат мемлекет» теориясы қоғам тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып отыр.
Т. Гоббс, И. Кант, Ф. Гегель және т. б. мемлекеттің өзінің азаматтары алдындағы міндеттерін талссыз әлеуметтік және ұнамды құндылықтардың негізі ретінде қарастырады. В. фон Гумбольдт «Идеи к опыту, определяющему границы деятельности государства» [4] мемлекеттің бейбітшілік, қоғамдағы қауіпсіздік, индивидтердің еркіндігі мен құқықтарын қорғау секілді заңды функциялары мен қатар әркімнің әл-ауқаты мен бақытын қамтамасыз ету деген әлеуметтік міндеттерін де көрсетті. Яғни, мемлекет қоғам тұрақтылығын, азаматтардың еркіндігін ғана басты міндетке алмай, сонымен бірге әрбір қоғам мүшесінің қажеттіліктерін қанағатандырып, олардың бақытының баянды болуын да назардан еш тастамағаны дұрыс болып табылады.
И. Фихте мемлекеттің азаматтардың өмір жағдайының кезеңдерінде әлеуметтік қамсыздандыруға максималды қатысуы керек туралы «Замкнутое торговое государство» еңбегінде кеңінен талдап өтеді [5] .
О. Хеффе бойынша, «егер адамзат тұрмысы легитимди сипатта болса, онда ол біріншіден, құқықтық сипатта, екіншіден, құқық әділеттілік сапасында болуы керек, ал үшіншіден, әділетті құқық әділетті мемлекет сипатындағы қоғамдық тәртіппен қоғалуы тиіс» [6] .
Т. И. Заславская «әлеуметтік саясат» ұғымын тар және кең мағынада қарастырады. Оның түсіндіруінше әлеуметтік саясат барлық халықты емес, оның ішінде мемлекет тарапынан қолдауларды қажет ететін белгілі бір әлеуметтік топтар жатады. «Әлеуметтік саясат» тар мағынада - бұл түрлі себептермен өмірдің қиын жағдайларында күн кешіп, жағдайларын түзеуге шамалары келмейтін қоғамдық топтар мен тұрғындарды қолдауға арналған мемлекеттік іс-шаралар кешені. Ал кең мағынада Т. И. Заславская негіздеуінше, әлеуметтік саясат аса күрделі және ауқымды мақсатты, яғни қоғамдық құрылым мен институттарды социалистік қатынастар орнатуға бағытталады. Әрине, бұл тұжырымның сол уаұыт талабына сәйкес идеологиялық астары бар [7] .
«Әлеуметтік саясат» ұғымына Р. Барнер мынадай анықтама береді: «Әлеуметтік саясат - индивидтер, топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік мекемелер арасындағы қатынастарға араласатын, реттейтін және қалыптастыратын әдістер мен қоғамның қызметі мен принципі» [8] .
Әлеуметтік статус теориясы - әлеуметтік стратификация концепциясының құрамды бөлігі. Бұл теорияны жасаған Г. Д. Мейн және адан кейін жалғастырғанда Р. Линтон, Ф. Мерилл. Әлеуметтік статус тұлғаның қоғамдағы жасы, жынысы, шығу тегі бойынша алатын орнын білдіреді. Статус туылғаннан (әлеуметтік шығу тегі, ұлты) және қол жеткізілген (білімі және біліктілігі) болып екіге бөлінеді. Осы тұста әлеуметтік саясат қоғамда адамдардың түрлі статустарға ие болуы мен өсіп дамуына, ең бастысы әлеуметтену үрдісінің белсенді жүруіне ат салысып, қамтамасыз етуі керек.
Негізінен әлеуметтік саясат қоғамның түрлі әлеуметтік топтар мен таптарына бағытталады. Ал қоғамның түрлі әлеуметтік топтары мен таптарының өздерінің өмір қызметіндегі байланыстары мен қызметтерін ашып, талдайтын осы тұста әлеуметтік стратификация концепциясын қарастырмай кетуге болмайды. Себебі қоғамның өзі - әлеуметтік құбылыс. Қоғамның әлеуметтік жағы, адамдар қатынасы, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым әлеуметтану ғылымында не маңызды десек, әлеуметтік құрылымды ерекше атауға болады. Әлеуметтік стратификация теориясының негізін салушылар - М. Вебер, Т. Парсонс, П. Сорокин. М. Вебер әлеуметтік құрылымды көпөлшемді жүйе ретінде қарастырып, оның ішінде статус пен билікті ерекше қарастырды.
«Әлеуметтік ұғымы» бізідің әдебиетімізде ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл ұғымды зерттеумен айналысқан неміс ғалымдары еді.
Әлеуметтік саясат жүргізудің әлемдік тәжірбиесі
Әлем елдері тарихында өзін әлеуметтік мемлекет ретінде ең алғаш 1949 ГФР, 1958 жылы Франция, 1978 жылы Испания, 1990 жылы КСРО, 1995 жылы Әзербайжан, Грузия, Түркіменстан, Қазақстан жариялады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған қызметті қамтылаған мемлекеттің бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Классикалық үлгіде әлеуметтік қамсыздандыруға әлеуметтік сақтандыру мен қоғам мүшелерінің әлжуаз топтарына қолдау, көмек көрсетуге деген әлеуметтік жауапкершілігі арқылы көрініс тауып жүр. Әлеуметтік қызметтер жүйесіне денсаулық сақтау, білім беру, кәсіби даярлау, еңбекпен қамтамасыз ету және т. б. мемлекет қамтамасыз ететін қызмет түрлері жатады. Әлемдік тәжірбиеде бұдан да басқа халықты әлеуметік қорғаудың қалыптасқан үлгілері көп. Әлеуметтік саясат жүргізу үлгілерін әртүрлі классификациялайды. Олардың көпшілігі әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда мемлекеттің, азаматтық қоғам институттарының және жекелей азаматтардың қатысу деңгейі мен алатын роліне байланысты принциптерге негізделген. Геосаяси аспектіде қарастыратын болсақ, скандинавиялық, континенталды және американ-британдық әлеуметтік саясат үлгілерін көрсетуге болады [9] .
Скандинавиялық үлгіні - социал-демократиялық, континенталдыны - социал-нарықтық, ал американ-британдықты - либералды үлгі деп атайды.
Бұл үлгілердің ерекшелігі мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесіне қандай формада қатысуына байланысты байқалады. Мәселен Скандинавия мен континенталды үлгіні ұстанған Европа мемлекеттерінде әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет тарапынан, ал Оңтүстік Европа елдерінде үкіметтік емес ұйымдар мен агенттіктер, шіркеулер, кәсіподақтар, әр түрлі әлеуметтік топтарды қосатын мүдделі ұйымдар мен қайырымдылық қорлары арқылы ұсынылады. Католиктік елдерде мемлекеттің көпшілік әлеуметтік міндеттерін шіркеулер өз мойнына алады.
Халықты әлеуметтік қорғаудың скандинавиялық үлгісі
Әлеуметтік саясат жүргізудің бұл типінде әлеуметтік қажеттіліктерге деген қаражаттың көп бөлігін мемлекет өз мойнына алып, оны әлеуметтік қамсыздандыруға бөлу мен таратуды көзі тікелей бюджет болып саналады. Мемлекет өзінің азаматтарының әл-ауқатын, жағдайын жасап, негізгі әлеуметтік қызметтерді де көрсетуге жауапты болады. Скандинавиялық үлгі Швеция, Финдляндия, Дания, Норвегия сынды мемлекеттердің саясатында кең көрініс табады. Осы елдердің ішінде Швецияның әлеуметтік саясат жүргізу үлгісі әлемдік тәжірбиеде ерекше орны бар. «Швециялық үлгі» 60 жылдардың соңында Швеция дамыған әлеуметтік, экономикалық қатынастар орнаған ел ретінде статус алғаннан кейін пайда болды. Дәл осы Швецияда «толыққанды жұмысбастылық саясат», пен жалақы төлеудің мәртебелі жүйесі» ұғымдары шыққан болатын. Елдің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты толыққанды жұмысбастылық пен табысты теңестіру саясаты болатын. Елдің бұл мақсаты табысты теңестіріп қайта бөлу мен арнайы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес институттар жүзеге асыратын салық және трансференттік саясат арқылы іске асады. Швециялық үлгінің универсалдылығы жалпыға арналғаны және бәріне бірдей қолжетімділігінен көрінеді. Әлеуметтік қамсыздандыру жоғарғы деңгейде және жұмыссыздық бойынша, балаларға арналған т. б. мемлекеттік жәрдемақы түрлері бар. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы жұмыстан айрылып қалған жағдайда азаматтардың қалыпты күн кешуіне арналған. Ал балалар ата-анасының табысына қарамай 18 жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы алып отырады. Әлеуметтік қызметтердің ішіндегі білім беру саласы халықтың бар бөлігінің сауаттылығын қамтамасыз етуде. Орта және жоғары білім ақысыз болып табылады және көптеген қайта даярлау оқыту орталықтары мен білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Квалификациялы мамандарды дайындау мен қайта даярлау жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, мемлекеттің халықтың толыққанды жұмысбастылығына бағытталған әлеуметтік саясатын көрсетеді. Швеция заңнамасында оқу демалысына қаржы төленеді делінген, жалпы Швеция білімге ЖІӨ-нің көп мөлшерін жұмсайды. Сонымен Швецияның әлеуметтік саясаты әлеуметтік солидароность пен әлеуметтік әділеттілікке негізделген.
Халықты әлеуметтік қорғаудың континенталды үлгісі
Әлеуметтік саясат жүргізудің континеталды үлгісінде мемлекет тек қана әлеуметтік төлемдер төлеумен ғана айналысалы, ал әлеуметтік қызметтерді ұйымдастырмайды. Мұнда мемлекет бюджетінен және жұмысшылар мен жұмыс берушілердің әлеуметтің шараларға бөлетін қаражаты бірдей мөлшерде, және негізгі қаражат көзі мемлекеттік және жеке әлеуметтік-сақтандыру қорлары болып табылады. Бұл үлгіні ұстанатындар - Германия, Франция, Австрия, Бельгия. Осы елдердің ішінде Германияның әлеуметтік саясатыны тоқталып өтсек, ең алдымен Германияда 1946 Альфред Мюллер-Армак жылы «нарық еркіндігі» мен «әлеуметтік теңестіру» принциптерін біріктіретін және экономикалық саясатты анықтайтын «әлеуметтік нарықтық қатынас» ұғымын енгізді. Мұндай саясаттың мақсаты экономикалық сферада қоғамның әрбір мүшесінің өзін өзі жетілдіруіне жағдай жасайтын әлеуметтік саясат болып табылады. Бұл үшін индивидтердің шаруашылық қызметін реттейтін институционалды жағдайлар керек. Бірінші кезекте табысты бюджет арқылы қайта бөлу немес швециялық үлгідегідей тегін әлеуметтік қызметтер емес, ал әлеуметтік қорғау бағытталған еңбекке қабілетті халыққа экономикалық жағдай жасау тұр. Сонымен қатар Германияда әлеуметтік сақтандырудың төрт түрі бар: зейнетақылық, медициналық, жұмыссыздыққа және күтілмеген жағдайға қатысты. Әлеуметтік сақтандыру жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушы есебінен қаржыландырып, қызмет түріне байланысты дифференциацияланып төленеді. Әлеуметтік сақтандыру принципі белгілі бір қорларына төлемдер төлеген болса, онда төлеген адамға қызметтер алуына құқық береді. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекет есебінен төленетін балаларға жәрдемақы (бала туылғанда берілетін, күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларға), босқындарға көмек, білім алуға жәрдемақы, жастарға көмек, емделуге жәрдемақы, зейнеткерлік субсидиялары, соғыс құрбандарына көмек, мүгедектер мен қоғамның басқа да кедей, әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz