Қаржының Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіндегі рөлі мен маңыздылығы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Қаржы кафедрасы

http://www.kaznu.kz/Content/images/emblema.png

Тапсырма №10

Тақырыбы:Аннотация «Қаржының Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіндегі рөлі мен маңыздылығы»

Орындаған:Таласбек М.

Тексерген: Жорабаева Ж. Қ.

2015ж.

https://psv4.vk.me/c612130/u178799018/docs/345cc8592ae3/111.jpg?extra=eCCRAFUCM-Rh4kTuVhRZipLYVx2JqyxmTwSqHcRXxKgEY4dJdea-CM5rf9Qp235Vp8xDNlbJTfurFXYCnZGmiPl_KfQtd_L1Mco

Аннотация

Бүгінгі Қазақстан - қоғам өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел болып табылады. Әлем таныған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткізгенімізді Қазақстан халқы мақтан тұтады.

Жаңарған, серпінді дамумен алға ұмтылған бүгінгі Қазақстан - міне, осындай. Біз тәуелсіздік аясында айтулы жетістіктерге жетіп, өзіндік тәжірибе жинақтап, нығайып келеміз.

Мақала ;

Аз уақыттың ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани кел­бе­ті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтеріле түсті. Яғни, бұл жылдар барша қазақстандықтар үшін қайырлы жылдар болды. Түбегейлі экономикалық реформалардың нәтижесінде туған Қазақстанымыз көркейіп келеді.

Үлкен мақсатқа ұмтылғанның ғана биік белестерді бағындыра алары сөзсіз. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» аттыхалыққа жолдауы - елдің болашаққа жасалған бағыт-бағдары, келешектің айқын айнасы іспеттес. Сондықтан да ел болашағына - өз болашағына бей-жай қарамайтын халық жыл сайынғы Жолдауды зейін қоя тыңдауды, талқыға салып, ойымен бөлісуді де дәстүрге айналдырған.

Жолдау алда келе жатқан дүниежүзілік тығырықтан шығу жолдарын және болашақта атқарылатын индустриялық-инновациялық бағдарламаны басты бағытқа ала отырып, стратегиялық даму жолдарын саралап, айқындап көрсетіп берді. «Экономикалық жетістіктер теңгерімі мен әлеуметтік игілікті қалыптастыру» Президенттің ойынша, қазақстандық қоғам дамуының басты бағытына айналады. Ұлттық экономиканы нығайту және халықтың әл-ауқатының артуы еліміздің дамуының басты басымдығы болып қала береді. Елбасы қазақстандықтарды жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру, қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, өңірлерді дамыту, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, кадрлар әлеуетін жақсарту, сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, адами капиталдың сапалық өсуі - білім беру және медициналық қызмет деңгейін арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру, индустриялық-инновациялық жобаларды және ауыл шаруашылығын дамыту сияқты міндеттер кешенін белгілеп берді. Бұларды жүзеге асыру экономиканы диверсификациялауды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы экономика салаларының 2011 жылғы дамуын қарастыратын болсақ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы ішкі өнімнің өсімі 7, 5 пайызды құрады. Ал жан басына шаққандағы ЖІӨ $11 300 жетіп, инфляция 7, 4 пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібі өндірісі тау-кен өндірісі секторымен салыстырғанда (1, 6 %) озық қарқынмен өсуде (6, 7%) . Бұл негізінен химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді 22, 5%-ға, машина жасауы 19, 6%-ға, металлургия өнеркәсібін6, 7%-ға ұлғайту есебінен болды. Тұтастай алғанда өнеркәсіп өндірісінің өсуі 3, 8%-ды құрады. Өткен жылы астықтан рекордты өнім алудың арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар-қарашасында 27, 3%-ға ұлғайды. Астық жинау 2010 жылмен салыстырғанда 2, 1 есе ұлғайып, таза салмақта 26 млн. тоннаны құрады. Тұтыну сұранысының ұлғаюы экономиканың өсуінің маңызды факторы болды, бөлшек сауда тауар айналымының 12, 5% -ға өсуі осының айғағы. Бұл ретте барлық өңірлерде бөлшек сауда көлемінің өскені байқалды.

Елде белсенділіктің өсуі қызмет саласындағы жоғары өсу қарқынымен ілесе жүруде. Есепті кезеңде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемі 22, 0%-ға ұлғайды. Байланыс қызметінің көлемі17, 5%-ға өсті. Ағымдағы жылдың басында байқалған экономикалық белсенділік көбінесе «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасын және Индустрияландыру картасы жобаларын іске асырудың арқасында қамтамасыз етілді. Индустрияландыру картасын және Бизнестің жол картасы-2020-ны іске асырудан ағымдағы жылы біздің бағалауымыз бойынша жалпы тиімділік ЖІӨ-нің 2%-ын құрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қаржы ұғымы және оның экономикалық маңыздылығы
Қаржының экономикалық маңызы және қажеттігі
Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары
Қаржының қазақстан экономикасындағы рөлі
Тұтыну қоры, қалыптастыру және пайдалану
Қаржы – мақсатты ақша қаражат қорларының экономикалық негізі
Кәсіпкерлікке қолдау көрсету
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Қазақстан Республикасының мемлекеттің биліктің жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz