Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізуі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізуі.
Жоспар:
Кіріспе:3
І-Тарау. ХХ ғасырдың 1-ші жартысындағы Оңтүстік Африка елдері
І. І. Оңтүстік Африка одағының құрылуы5
І. ІІ. Республиканы жариялау18
ІІ-Тарау. Оңтүстік Африкадағы отар жерлердің жағдайы
ІІ. І. Мизамбик және Зимбабве отарларының тәуелсіздікке жету жолдары28
ІІ. ІІ. Ботсвана, Свазиленд және Лесото жерлерінің тәуелсіз мемлекет аталуы39
Қорытынды:48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі50
Кіріспе
Алғашқы 20 жылда Африканың саяси картасын өзгертпеді. Алайда отарлық экономика саласында жаңа бағыт ұстануға мәжбүр болды. Африка қоғамындағы дәстүрлі мәдениеттер өзгеріске ұшырады. Африкандық буржуазия өз орнын иемдене бастады. Халық қалаларға шоғырлана бастады. Жұмысшы тобы деген ұғым африкада да орын тапты. Соғыстан кейінгі Азиядағы бірнеше мемлекеттің тәуелсіздік алуы. Еуропа отаршыларының одан ары қанау бастады. Екінші дүние жүзілік соғысы жылдарында Африка Еуропа елдері үшін ең маңызды шикізат және азық-түлік орталығына айналғанын барлығымыз білеміз. Соғыс біткеннен кейін әлеуметтік езгі одан әрі күшейді. Батыс Еуропа елдерінің басшылары ешқандай жеңілдік жасамайтынын мәлімдеді. Африкадағы нақты айтсақ тропикалық және Оңтүстік Африкада ұлт азаттық қозғалыстың үш кезеңі бар: 1-кезең 40 жылдан 50 жылдың соңына дейінгі кезеңді «бейбіт кезең» деп айтуға болады. Өйткені Африка халқы отарлаушыларға қарсы күрес ретінде ереуілдер демонстрациялар, митингтер өткізді және отар басшыларына сұраныс-питициаларын жіберумен шектелді. Бірақ та кейбір елдерде қарулы көтеріліске ұласып жатқан оқиғалар да бар.
2-кезең 50 жылдың 60 жылдың ортасы. Бұл кезеңде отарлық жүйеге қарсы наразылықтар әлеуметтік топтардың барлық салаларында жүріп көптеген Африка елдері тәуелсіздік алды.
3-кезең 60 жылдың 80 жылдың аяғында. Бұл кезеңде Ұлттық Африка партиялары бейбіт түрде нәтижеге жетпегендіктен басқарушы билікке қарсы қарулы күресін бастады. Бұндай іс-әрекеттер Оңтүстікте орналасқан Португалдық және ағылшындақ отарларымен және нәсілшілдік Оңтүстік Африка Республикасында орын алды.
Менің қарастырып жатқан бітіру жұмысым Оңтүстік Африканың тәуелсіздікке жетуі. Мәселем осы үшінші кезеңге сай келеді.
Отар елдерінде КСРО мен социалистік елдердің көмегіарқылы коммунистік партиялар құрылады. Көптеген елдерде осы компартиялық демократиялық ұлт азаттық қозғалыстардың көш басында тұрды.
60 жылдардың ортасында БҰҰ-ң және коммунистік КСРО-ң беделінің өсуі арқасында Еуропа мемлекетіне қысымшылық күшейді.
І-Тарау. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Оңтүстік Африка елдері
І. І. Оңтүстіа Африка Одағының құрылуы
Тропикалық және Оңтүстік Африкада ХХ ғ басында тек үш мемлекет қана ресми тәуелсіз мемлекет болып саналды. Олар Эфиопия, Либерия және Оңтүстік Африка Республикасы. 1900 жылы қарсаңында Африка 90. 4%, Англия, Франция, Германия, Италия, Белгия, Португалия, Испания елдеріне қарады. Ұлыбританияға жердің 38% 77 млн халқы болды. Ал Францияға 51% 43 млн халқы ХХ ғасырдың басында Африканың Оңтүстігі Ұлыбританияның отарлы одағына айналды. Британдық Оңтүстік Африка отар аймағына Оңтүстік Африка Одағының Басутоленд (Лесотто) Бечуаналенд (Ботсвана) Свазиленд Оңтүстік және Солтүстік Родезия (Зимбабве және Замбия) . Алайда Оңтүстік Африка иеліктерінің құқығы тең болмады. Оңтүстік Родезия өзін-өзі басқаратын Колония болса Оңтүстік Африка Одағы Британ императорына доминион ретінде кірді. Ал қалған 4 Оңтүстік отар Протектараты болды.
Оңтүстік Африка Одағының Англияның ең жаңа доминионы еді. Оның құрылуы 1971 жылдың екі ағылшын отары Натали және Кап отарының қосылуы нәтижесінде пайда болды. Кап отары 17-18 ғ. ғ бері Голландияның отары болып келген бір уақыттарда өздерін тәуелсіз мемлекет жариялап Сарғыш мемлекет деп атады немесе Трансвея. Алайда 1899-1902 жыл аралығында Ағылшын Бур соғысы нәтижесінде Ұлыбританияның отарына айналды. Бур деген сөз-шаруа деген мағынаны білдіреді. 17 ғасырда Голландия мемлекеті Француз қоныс тебушілерін осылай деп атаған, қазіргі кезде оларды, сіңісіп кеткен ақ нәсілділерді Африканерлер деп атаймыз. ХХ ғ. басында осы елдің 7 млн халқы бірнеше ұлттан тұрды. Африканерлер 105 млн Бантулықтар 4, 5, млн Азияттар 164 мың және араластар 553 мың адамды құрады. Азияттар «Индостин» жарты аралынан келгендер, ол араластар (түрлі-түстілер) Ақ нәсілділер мен Қара нәсілділердің арасында туылғандар. Ал қалғандары оншақты тайпадан құрылған Тузендік халықтары.
Оңтүстік Африка Одағында фермалық және жер өңдеу шаруашылығы жақсы дамыды. Ақтарға қарасты фирмаларды мал шаруашылығында және жер өңдеу шаруашылығында экспортқа арналған өнім жасауға көп күш бөлді. Осы елдегі өнеркәсіп өндірістері осы салаларға бағытталған болатын. Алайда, ХІХ ғ. соңында Оңтүстік Африкада алмаз және алтын кен орындары ашылуына байланысты кен өндірістерін өндірудің, өндіріс орындары ашылып, темір жолдар салынып, үлкен порттар ашылды. Алмаз өндіретін компаниялар ашылып аз уақыттың ішінде жеті үлкен кәсіпорын алтын, алмаз, таукен барлық өнімдерін қол астына енгізді.
Оңтүстік Африка Одағының экономикалық саласынан түскен ақшалар негізгі каптиалдың көпшілігі Ұлыбританияға жіберіліп тұрды. Алайда жаңа салаларды дамыту үшін капитал осы Англиядан келетін.
Тұрғылықты Африканың жер өңдеушілерді жерінен, мал шаруашылығымен айналысатындарды малынан айырды. Жердің 87 %-ін ақ нәсілділер мен отаршыларға берді. Бұл іс-шараның ұйымдастырылуы отарлаушыларды арзан еңбек күшімен қамтамасыз ету. Мемлекет басындағылар өз шаруашылығымен айналысамын деген африканға арнайы жер бөліп берген Резерваттар. Алайда бұл жерлер тек 13 %-ін құрады және таулы, батпақты жерлер еді.
1913 жылғы «Тузендіктерге байланысты жер заңы» заң жинағының шығуы аграрлы саясатты көтереді деген мақсатпен шығарады. Осы заңға сәйкес бірде-бір Резерваттар бөлек жерде, жерді арендаға немесе сатып алуға құқығы болмады. Африкан шаруашылығына отар фирмаларға жылына 90 күн тегін жұмыс істейтін болса жер берілетін болды. Осы заңды бұзғаны үшін қылмысты іс қозғалатын.
Үйлерінің салығын төлеу үшін Еуропалықтарға жұмыс істеуден басқа іс-шаралары болмады. Резерваттарда жергілікті халықтар өте көп шоғырланған, өте арзан жұмыс күшіне айналды. Олар не фирмаларға барып жалдану керек болды, не жұмыссыздар қатарына кірді, не болмаса Трансвельдегі ешқандай жағдайы жоқ кен орындарына жұмыс істеуге баратын. Капитализмнің мықты дамуы жергілікті халық арасында дәстүр мен салттың жойылуына алып келді. І. д. ж. с. басталуы Оңтүстік Африка Одағында экономиканың көтерілуіне мықты жағдай жасады. Көмір өңдеу және товарларды кемелермен тасымалдау жаңа жолға түсті. 1918-1920 жылдары Алтынның қымбаттауы салдарынан осы өнімді өңдеп, өндіру саласындағы кәсіпорындар 4 мыңға жетті.
Қаладағы жұмысшы тобы нәсілдік және ұлттық құрамы өзгере бастады. Соғысқа дейін жұмысшы болып Ағылшындармен Еуропалықтар болса, Африканерлер жер өңдеу шаруашылығымен айналысса, ұсақ жер иеліктерімен фермерліктер, тоқырауға ұшырағаннан кейін Африканерлер қалаға келе бастады. Өнеркәсіп өндіріс саласында Африкандық жұмысшылар 1915 жылы 61 мыңды құраса 1920 жылы 113 мыңды құрады. Тау кен орындарында 1920 жылы 270 мың Африкандықтар жұмыс істеді. Африканерлердің Африкандықтарға мұқтаж болуының себебі, жұмыс орындарының көп болуы. Алайда 1920-21 ж. ж. І. д. ж. с. біткеннен кейін тауарды өткізетін нарықтық жабылды. Алтынға деген сұраныстың түсуі Еуропа елдерінің Оңтүстік Африка Одағының тауарына мұқтаждық таусылғаннан кейін елде дағдарыс басталды.
Интерн-дуалистік ойлардың шығуы 1915 ж Оңтүстік Африкалық Лейбаристік партия өмірге келді. Осымен қатар социалистік лигада құрылды. Бұлардың негізгі мақсаты ақ және қара нәсілді жұмысшылардың жағдайын бір шама көтеру. 1919 ж Лиганың ІҮ сьездінде Ресейге қарап бүкіл жұмысшылар бірігуіміз қажет деп ұран тастады. Лиганың негізгі мақсаты Социалистік Республика құрып жұмысшылардың мүддесін қорғау болды. Олар коммунистік партиясын құруды дәріптеді.
Комунистер әртүрлі ұйымдар кәсіподақ ұйымдарын құрды. Африкалық жұмысшылар арасында өте мықты үгіт-насихат жүргізді. 1917-18 жылдары Африкандық жұмысшылардың ұйымы құрылды. Олар 1918 жылы екі айға созылған байлардың магазиндерімен тауарларына байкот жариялады. Осы ұйым 1920 жылы 250 мыңға жетті. Бұл ұйымның ішінде ұлт зиялылары, саудагерлер, жұмысшылар кірді. Осы одақ 1919 жылғы темір жол жұмысшыларының 1920 жылы тау кен жұмысшыларының көтерілісшілеріне себеп болды. Алайда өзара келіспеушілік нәтижесінде 1926 жылы комунистерді одақтан шығарды. 1927 жылы Натиль бөлімі бөлініп шықты. Бірнеше жылдан кейін бұл одақ ыдырап кетті.
Таптық күресте ең маңызды толқулар ақ нәсілді жұмысшылардың көтеріліске шығуы маңызды еді. 1922 жылы қаңтарда «Витваренсранда» бірнеше мыңдық ақ нәсілді тау кеншілері наразылық шеруіне шықты. Бұның соңында қарулы көтеріліске ұласты. Африка тарихында бұндай көтеріліс бірінші рет болды. Бұл көтерілістің екі жақты мағынасы болды. Бір жағынан өндіріс кәсіп орын иелері және тау кен магниттері төмен айлыққа жұмыс істемеген жағдайда жұмыстан қуып олардың орнына аз жалақы алатын Африкандықтарды алатынын мәлімдеген. Екінші жағынан бұл көтеріліс жалпы мамандандырылған жұмыстарда тек ақ нәсілділер жұмыс істеу керек деді. Осы көтеріліс тарихта «қызыл көтеріліс» деген атпен қалдырды. Өйткені комунистер көп іс-қимылдар жасады. Бірақ олар біздің жауымыз қара нәсілді жұмысшылары емес, капиталистік компания деп үгіт-насихат жүргізді. Үкімет басшылары жұмысшыларға қарсы жиырма мыңдық әскерлер. Іс жүзінде қаруы жоқ шахтерлар бес күн бойы шайқасты. Тау кендерінің арасында 100-і өліп бес мыңдайы тұтқындалып, көтеріліс басшылары өлім жазасына кесілді.
Үкімет басшылары болашақта қара нәсілді жұмысшылардың миллиондағаны көтеріліске шықса төтеп бере алмайтынын түсінді. Сондықтан олар ақ және қара нәсілді жұмысшыларды бір-біріне айдап салу жоспарын іс жүзіне алып келуге тырысты. Бұл жоспар бойынша көп жылдық мерзімде ақ нәсілді жұмысшылардың барлығына мамандандырылған жұмыс тауып, жұмыссыздықты жою. Осы саясат болашақта жұмысшы таптарының бірікпеуіне әкелді. 1922 жылғы көтеріліс тарихта басқа қайталанбады.
Оңтүстік Африка Одағы басып жаншу және нәсілдік кемітушілік режимінің орнауы, ірі Африканерлер жер иеленушілер мен тау кен иелерімен және нетрополия арасындағы келісімнің нәтижесінде құрылды. 1910 жылдан бастап 1924 жылға дейін Оңтүстік Африка Одағында үкімет басында Оңтүстік Африка партиясы отырды. Олар Будбур Генерал басқарғанымен ағылшындарға жағымды саясат ұстанды. Оңтүстік Африка партиясы жер иеленуші - Африканерлер мен өнеркәсіпшіл - Ағылшындар арасындағы шиеленісті жұмсартуға бағытталды. Алайда бір шешімге келіп, халықты қанау және елдің шикізатынан барынша пайда түсіруге бағытталды. Үкімет басындағы Луис Бота және оның мирасқоры Янь Христиан - Сметц Британдық империализммен ашық жұмыс істеуге қолдау көрсетті.
Соғыстың аяқталу кезеңінде Африканер жер иеленушілері, жер және ауыл тауар өнімдерінен миллиондаған пайда көрсе, 20 жылы экономикалық жағдай ушыға бастады. Осы кезеңде 1913 жылы Оңтүстік Африка партиясынан бөлініп шыққан. Националистік партия іс-қимылдарын күшейтеді. Бұның құрамында Африканер ұлтшылдары кіретін. Олардың мақсаты Оңтүстік Африка Одағы ағылшын капиталистік ығыстыру Африканер жер иеленушілер мен өсіп келе жатқан буржуазия өкілдеріне экономикалық және саяси беделін нығайту, билік басына жету үшін Ағылшын - Бур соғысында Буржуазияның ұлттық сезімдерін ояту арқылы, Ағылшындарға қарсы ұран тастап мемлекеттік уверинстетті одан әрі керек болса Ұлыбританиядан толық тәуелсіздік алуына уәде етті. Ұлтжандылардың басшысы Генерал М. Герцок осы кезеңде Британ үкіметінен жұмыс істесе отырып бурлардың салт-дәстүріне сай өмір сүріп Оңтүстік Африка Республикасын құруды көпшілік арасында айтуды ұмытпайтын.
Бур мен Африкандықтардың қарым-қатынасына Герцок қатаң бағдарламасын ұсынды. Өзін нәсілдік көзқарасында былай деген:-«Түземдік психологиялық жағынан авто-көлікті басқару мүмкін емес»-деді.
Ұлттық партияның бағдарламасындағы ең бірінші орында «қара қауіп» жайлы аңыздар тарады. Бұл бойынша жалпы жұмысшы Африканерлерге жұмыс істеу түгілі өмір сүруі қауіпті деп түсіндірді. Герцок Африканерлерге жер және щахта иелері оларды алмастырып арзан еңбек күшін пайдаланбақшы деп үрейді туғызды. Алайда Герцок үкімет басына келсе осы үрдіске тосқауыл қойып «түрлі - түсті тосқауыл» қолданатынын айтты. «Түрлі-түсті тосқауыл» дегеніміз мамандандырылған және жартылай маман керек ететін жұмыстарға тек Бурлар, ал, ауыр жұмыстарға қара нәсілділер жұмылдырылады деді.
Бурлардың ноцанахизмінен «түрлі-түсті тосқауыл» ұранының нәтижесінде 1924 жылы Герцок сайлауда жеңіп шықты. Алайда, ұлтжандылар партиясы парламентті құратындай дауыс жинай алмады. Бірақ оларға көмекке Оңтүстік Африка Конгрес Ливаристік партия келді. Олар жұмысшылардың Ағылшындардан шыққан көш басшыларының мүддесін қорғады. Жұмысшылар ақсүйектерінің позицияларын нығайту үшін және партиямен қосылуға мәжбүр болды. Олар сайлау науқанында Герцокті жақтайтындығы «Түрлі-түсті тосқауыл» саясатын қолдайтындығы бірақ осы үшін ағылшындарға қарсы іс-әрекеттерден бас тартуын талап етті.
Бүлік басына келген жаңа үкімет заң жүйесі арқылы өнеркәсіп өндірісінде «түрлі-түсті тосқауыл» идеясын енгізді. Іс-жүзінде 1924 жылы өркениеттілер жуымас атты заң жобасы бойынша мемлекеттік мекемелерде міндеттелді. Ал жеке меншік фирмаларда ұсынылды. Осы ұсыныс бойынша мамандандырылған жұмыс орындарында Африкандықтарды ақ нәсілділермен алмастыру. Үкімет осы жұмыстарды жақсы атқарған компанияларға мемлекет тарапынан әртүрлі кеңшіліктер беріп тұрды. 1926 жылы заң «тау-кен және завод, фабрикадағы өнеркәсіп» деген бөлімде қосымшалықты одан әрі дамытты. Осы заң бойынша Африкандықтарға папавозда машинист болуға, тау жұмыстарындағы техник болуға және т. б. арнайы оқу қажет жұмыстарға оқиғаның өзінде куәлік берілмейтін болды.
1920 жылдың орта шебінде нәсілдік қосымшалық одан әрі дамытылып Африкандықтарды қала сыртына шығарып орналастырды.
Оңтүстік Африка Одағы 1930 жылдары.
1929-33 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыс Оңтүстік Африка Одағының экономикасына үлкен әсер берді. Мемлекеттің әлемдік нарыққа тәуелділігін көрсетті. Алмазға деген сұраныспен әлемдік бағаның түсуі көптеген кен орындарының жабылуына мыңдаған кеншілердің жұмыссыз қалуына әкеп соқты. Осындағы қиын жағдай 1931 Резерваттардағы жұқпалы аурулардың өршуі және бүкіл әлемнің құрғақшылық салдарынан жойылуы Резерват тұрғындарымен шаруалардың қалаға шоғырлануы мен жағдайды қиындата түсті.
Дағдарыс жылдарында қалаларда жұмысшылар ереуілдерімен, ауылда шаруалар көтерілісшілері көбейіп кетті. 1929 жылдың ортасынан бастап комунистік партия Африкандық ұлттық конгресінен бірге (АҰК) Африкандық жұмысшылар кәсіпорындарымен Африканың сауда жұмысшылары және өнеркәсіп жұмысшылары одағының секцияларымен бірлесе отырып, ұлттық майдан ұйымын құрды. Африкандықтардың құқық Лигасы, лига сансыз көп рұқсат «өту қағазымен», «рұқсат қағаздарын» жоюды талап етті. Осы режим бойынша Африкандық Оңтүстік Африка Одағында осы қағаздарсыз бір қадам жүре алмайтын еді. Лига осыдан бөлек Африкандықтарға сайлау құқығы мен білім алу құқығын талап етті. Африкандық халықтардың барлықтарын біріктіру үшін 16-желтоқсанды (Дингана күні) бірлесуге шақырды. Жыл сайын осы күні Ренокстрация мен митингі жасайды. Алайда бұл ереуілдерді полиция қатаң жазалайтын. Қанды оқиға 1931 16- желтоқсанда Натали Провинциясында Дурбан қаласында орын алды. Өлген ереуілшілердің арасында комунистік қозғалыстың басшысы Иоханес Нкоси болды. Экономикалық дағдарыстың және ұлттық қозғалыстың көтерілу үстінде тұрғандықтан билік басындағылар өз арасындағы тартысты қойып бірлесуді бастайды. 1933-34 жыл Одақтық кабинет құрылады. Басында Герцок Премер, ал Смедцок Вице пример болды. Екі партия қосылып Оңтүстік Африкалық біріккен партия құрылды. 1931 жылы Вице министр Статуты дегеніміз Британдық империяның доминионы болғанымен тәуелсіз сыртқы саясатты жүргізуге құқылы болды. Оңтүстік Африка Одағы осы саясатта ұлтжандыларды тынышталдырды. Ағылшынның капиталы өнеркәсіппен сыртқы саудада нақты орында тұрды. Оңтүстік Африка Одағы Англия үшін алтынның келу көзі еді және Британдық Африканы отарлау саясатын жүргізу үшін жақсы баспалдағы еді.
Бәсекелес екі партияның бірігуі, басқарушы лагерде өзара қырылысуын тоқтатпауды көп кешікпей іші кен ағылшындарға жақындар бөлініп шығады. Олар доминон партиясын құрып ұлыбританиямен орнатуды талап етті. Біраз бөлігі ұлтжандылар партияның ішінен ағылшындармен мүлде араласпау керек деді. Осы бағыт ұстанғандар Дер-Маланның партиясына кірді. Бұл партия Еуропадағы фашистік партияға ұқсас фашистік ұйымдар еді. «Одақтық үкімет жергілікті халыққа деген саясатты ешқандай тартыссыз орындап тұрды. 1937 жылы заңға сәйкес Африкандық заң жүзінде жұмысшы емес қызметші деген лауазым алды. Осыған сәйкес олар кәсіподақ ұйымына мүше бола алмады. Герцок Сметцтің заң шығару жұмыстары Оңтүстік Африка Одағының құрылғандығы Африкандықтардың аз ғана құқықтарын жоюға іс-әрекет жасады.
Еуропада фашизмнің күшеюі Оңтүстік Африка Одағында да өз жақтастарын таба бастады. Африканерлердің арасында жоғарғы тобы ұлтшылдық пен нәсілдікті өршіту үшін жасырын ұйымдар құрды. «Будердоред» (бауырлар одағы) ұйымының құрылуы.
Екінші дүние жүзілік жылдарындағы Отарлы Африка Одағы ұйымдарына Африканерлік ұлтшылдығына және Отарлы Африка Одағы мыңдаған немістерге үмітін. Отарлы Африка Одағы «сұр көйлектер» Африканерлер ағылшын Британ арасындағы соғысты Британ үкіметі әлсіретіп елден қуып жіберем деген ниет болды.
Отарлы Африка Одағында басқару билігінде бір орталық болмады. Премер министр Герцок 1935 жылдан бастап Гитлерді соғыс басталысымен Герцоктың кабинеті екіге бөлінді. 6 министр Герцокпен бейтараптық ұстанды. 7 министр Сметцпен бірге Германияға соғыс ашуды жақтады. Парламенттегі сайлауда 80 депутаттың 67-сі Англияны қолдады. Сметц бастаған әскери кабинет құрылды. Оның құрамына біріккен партия, даминон партиясы және лейбористерден өкілдер қатысты.
Сметц үкіметі Ұлыбританияны жақтап елдің әскери күштері соғысқа жіберілді. Отарлы Африка Одағының екі дивизиясы Эфиопияда кейін Солтүстік Африкада Ромельге қарсы соғыс жүргізді. Бір дивизиясы Сицилиямен Оңтүстік Италияда соғыс жүргізді. 70-жылдай Африкандықтар соғыс майданында қосымша жұмыстармен айналысты. Тәртіп бойынша оларға қару берілмеді.
Ұлттық Партия Парламентте үнемі соғыстан шығу мәселесін қойып тұрды. Олар бұл соғыста одақтастар жеңіледі деп айтты. Елде герман шпиондары мықты жұмыс істеді. Олар ел ішінде әртүрлі ақпараттар жеткізіп тұрды. Фашистік ұйымдар 1941-1942 жылдары белсенді әрекеттерге өтті. Өйткені немістің генералы Ромель Африкада жеңістерге жетті. Ал, Жапония бүкіл Оңтүстік Азияны өз бақылауына алды. Енді Жапондықтар Индия мен Мадагаскарды басып алады деген өсек тарады. Осы кезде Африкандық фашистер Рандағы шахталарда, электр станцияларында, темір жолдарда жарылысты көбейтті. Еуропадағы су асты соғысының салдарынан Африкадағы ең жетіспейтін шикізат мұнай келмей қалады.
Отарлы Африка Одағының үкіметі Сметц тарапынан нәсілдік бөлуден бас тартып, жағдай қиындалса Африкандықтарға қару беретінін айтты. Өнеркәсіп орындарына жұмысшы күші өте қажет болды. Әрине, нәсілдік бөлініс деген әңгіме тек саяси қулық еді. Соғыстағы Африкандықтарға қару сол бойы берілмеді. Алайда өнеркәсіп саласында елдің және одақтастардың әскерін керек-жарақпен қамтамасыз ету үшін Африкандықтарды жұмысқа алды. Соғыс жылдарында комунистік партияның беделі өсе түсті. Тек қана коммунистер нәсілдік кемітушіліктің барлық түріне қарсы болды.
Африкандық ұлттық конгресте өз жұмысын дамыта түсті. 1944 жылы олар бағдарлама құрды. Олар құқық туралы «Бил» ұсынды. Соғыстан қайтқан Африкандықтар ақ және қара нәсілділердің арасында үлкен жарды қосуға болатындығы және Гилтерлік фашистік Германияның нәсілдік идеологиялық күйреуі халық арасында орныққан тәртіпке наразылық білдіру басталды.
Оңтүстік Африка Одағында өнеркәсіп және өндіріс саласында деңгейі көтеріле түсті. 1947-1948 жылдары өнеркәсіп саласында 1. 1 млн жұмысшы қызмет етті. Көлік тасымалдау және сауда саласында жұмысшылардың саны 1938-39 жылдарға қарағанда 74 %-ке өсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz