Қазақстанның өркениеттік даму ерекшеліктері. Діни мәдениеттің қазақстандық қоғамдағы алатын орны


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ДАМУ өркениетінің қалыптасуы және оның дамуы . . . 8Қазақстандағы діни-рухани жағдай және оның мәдени-өркениеттік бірегейлікке ықпалы . . . 31
  2. ДІНИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫӨркениеттік дамудағы діни мәдениеттің қалыптасу бірегейлігі . . . 58Заманауи қазақ қоғамындағы діни мәдениет . . . 65

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 94

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 96

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Жаһандану заманындағы басты мәселелердің бірі рухани құндылықтар негізіне қарасты. Әр халық өзіне тән рухани дәстүрін, ғұрпын жаңғыртуға тырысуда. Заман ағымына сай өзінің рухани мәдениетін қалыптастыруға күш салуда. Қанша ғасыр өтсе де, адамды тәрбиелеуші құрал ол рухани мәдениет болып келеді. Сол мәдениетті өркениеттер ағымына сай қалыптастыру мемлекет үшін күрделі мәселелердің бірі. Тәуелсіз Қазақстан үшін де бұл мәселе белгісін бермей жатқан жоқ. Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың желтоқсан айындағы жолдауына сәйкес, біздің ел 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына кіруі керек. Ол үшін әлбетте рухани мәдениетті қалыптастырып, жаңғыртып үлгеруге тиіспіз. Қазақстан өркениеті мәселесін бір жақты етіп, сол өркениет жадында, сол өркениет дамуында рухани мәдениеттің барлық мәселелерін бірауыздан ел болып, халық болып шешу міндеті тұр. Қазақстан халқы үшін де жалпы әлем халықтары үшін де негізгі басты рухани мәселелердің бірі дін саласына байланысты. Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік, саяси, мәдени саласында туындап отырған негізгі мәселелердің бірі діни мәдениет болып отыр. Еліміздің территориясында әр-түрлі дін өкілдерінің, діни секталардың, діни бірлестіктердің көптеп таралып кетуі Қазақстан халықының мәдени-психологиялық санасына өз әсерін тигізбей жатқан жоқ. Көптеген Қазақстандық жастар дінге бет бұрып, асыл дініміз исламды бұрмалаушылардың етегінен ұстап кетіп жатыр. Сонымен қатар жастар өмірінің руханияты мүлдем басқа арнаға бұрылып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, өнерін, киім кию үлгілерін де жоққа шығаратын көріністер көптеп кетті.

Зерттеу мақсаты. Дінді мәдени феномен ретінде қарастыра отырып, Қазақстанның өркениеттік даму жолының қалыптасып, сол жолдағы мәдениеттің өзгеруін тереңірек зерттеп, қарастыру болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

- қазақстанның өркениеттік қалыптасу жолын, алғышарттарын қарастыру;

- тәуелсіз Қазақстанның діни рухани жағдайын сараптап, оның діни-мәдени бірегейлікке ықпалын көрсету;

- діни мәдениетке түсініктеме беріп, дін мен мәдениет сабақтастығын атап өту;

- діни мәдениеттің қазақстандық қоғамға тигізетін әсерін, ықпалын қарастыру.

Зерттеу объектісі. Қазақстан өркениеті

Зерттеу пәні. Қазақстанның діни мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Қазіргі күні Қазақстанның өркениеті мәселесі, оның қалыптасуы маңызды сұрақтардың бірі болып отыр. Қазақстанның жаһандану заманындағы дамуы, оның әлем мәдениетіне ілесіп, өз ұлттық құндылықтарын жоғалтпай сақтауы қоғамдағы көкейкесті сұрақтардың бірі. Және Қазақстанның өркениеттік дамуында, Қазақстан халқының рухани өмірінде рухани мәдениетіміздің сақталуы, діни мәдениеттің қалыптасуы, көрініс беруі, дамуы ерекше мәнге ие. Қазақстанның әрбір азаматы әлемдік діндер, олардың негізгі бағыты, түрлері жайлы, халқымыздың көп бөлігі ұстанатын ислам дінінің негізгі бағыттары, оның тәрбиелік мәні мен мәдениетке әсері жайлы дұрыс түсініктері болуы шарт. Осыған орай туындап отырған үлкен діни мәселенің орынды шешілуі өз көрінісін таппақ. Сондықтан, осы орайда діни мәдениеттің қоғам өміріндегі алатын орны айқындалады.

Әлемдік нарықтың трансұлттық корпорациялар, халықаралық қаржы рыногі, ғаламдық коммуникация жүйесі сынды негізгі институттарының барлығы индустриалды немесе постиндустриалды мемлекеттердің баюына қызмет етуде. Оның есесіне индустриалды-нарықтық экономика құра алмай, өздерінің теократиялық-диктатуралық жүйелерінің шеңгелінде отырған Шығыс елдерінің тұрмыс жағдайы нашарлап бара жатыр. Африка мен Азияның дамушы елдерінің жағдайы төмендей береді деген болжамдар бар. Дамушы елдердің, әсіресе ислам елдерінің (Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Палестина т. б. ) экономикалық ахуалы нашарлаған сайын бұл елдердегі әлеуметтік наразылық, діни экстремизм күшейіп барады. Бір жағынан бұл елдердің дамымауына Еуропа елдерінің кезіндегі отарлық саясаты әсер етсе, екінші жағынан бұл елдердің экономикалық һәм технологиялық мешеулігіне мұндағы діни фундаментализм де ықпалын жасады. Осы діни фундаментализмнің ықпалы қазір Қазақстанға да қауіп төндіріп отыр.

1990-шы жылдардың басында нарықтық-либералдық реформалардың талабымен елде сенім бостандығы жарияланды. Бұрынғы діни дәстүрлерін тоталитарлық бұғауда отырса да іштей құрметтеп келген түркі халықтары жаппай ислам дініне бет қойды. Ал, славян нәсілді халықтар христиандық дәстүрлерін жаңғырта бастады. Бірақ, 70 жылдан астам жүргізілген кеңестік модернизация мен атеизм идеологиясы Кеңес Одағының құрамында болған барлық халықтардың ұлттық сана-сезімін әлсіретіп, тарихи жадысын сүргілеп тастаған еді. Ұлттар тарихы басқаша жазылып, этникалық дүниетанымның негізі болып келген аңыздар, дәстүрлі әлеуметтік институттар, этностардың діни ғұрыптары, рухани билік құрылымы, фольклоры туралы айтуға, зерттеуге тыйым салынды. Осының кесірінен кейіннен дербес ел болғанда ата-баба дінін ұмытқан жұрт миссионерлердің сөзіне ұйыды, «тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кетті. Қазақ жастарының жаппай өзге дінге өту оқиғалары байқалды. Халықтың діни сауатсыздығы, әсіресе этникалық идентификацияның негізінде жатқан дәстүрлі діндерді білмеуі - Қазақстандағы негізгі ұлттар қазақ халқы мен орыс ұлтын өз іштерінде діни ағымдарға бөліп, этнографиялық негіздерін ыдыратып жіберетін үлкен қауіп.

Демократияның өзі христиан дінінен тамыр тартқандықтан, христиандық секталардың жұмысы қарулы қақтығыстарға ұласпауы мүмкін. Дегенмен, этникалық, ұлттық идентификацияның ең басты факторлары тіл мен дін болғандықтан, мұндай діни ыдыраңқылыққа жол беру мемлекет тұтастығына залалға шығады. Дегенмен, біз жаһандану заманында мәдениеттердің қоян-қолтық араласып, мемлекеттер шекарасынан кедергісіз өтіп, ендігі заман бұдан да жылдам таралатынын мойындауымыз керек. Алайда, мәдениеттердің ықпалдасуы қоғамдық тұрақтылыққа, бейбітшілікке, елде жүріп жатқан нарықтық-демократиялық реформаларға зиянын тигізбеуі тиіс. Осы ретте біз діни фундаментализмнің әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіріп отырған үлкен проблема екенін айтамыз.

Қазақстанға да қазір фундаменталистік ислам келді. Және жылдам таралуда. Отанымызда «Хизб-ут Тахрир», «Таблиғи жамағат» сияқты радикалды ұйымдардың өкілдері көбейді. Олар насихаттап жүрген Конституциямызға қарсы уағыздар қазір қазақстандықтарға таңсық болудан қалды. Егер ислам фундаментализмі дәл осы қарқынмен тарала берсе, ол Қазақстан халқының ортақ мемлекеттік мәдениетке бірігуіне, демократиялық реформалардың халық санасында орнығуына әжептәуір кедергі болады. Керек десеңіз қарулы қақтығыстың шығуы да ғажап емес. Сондықтан, Қазақстан халықтарының индустриалдық қоғам құрып, ортақ мемлекеттік мәдениетке бірігуі үшін ең алдымен бұған кедергі болатын діни фундаментализмнің табиғатын анықтап, теократиялық елдердегі «ортодоксальді» исламның ерекшеліктерін байыптауымыз керек. Өйткені, халқының 60 пайызы мұсылман болып саналатын отанымыздың ендігі тағдырына Исламның әсері мол болатыны анық.

Қазақстанда халықтық дінге айналған тағы бір ірі конфессия - христиандық. Оның ішінде елімізде ең көп тарағаны - православие. Біз православие туралы айтқанда оның орыс ұлтының басын біріктіруші, салт-дәстүрін қалыптастырушы, мемлекеттігінің нығайтушы ролін ескеруге тиіспіз. Шығыс Рим империясындағыдай мұндағы православие ұлттық болмыссыз, этникалық бояусыз емес. Орыс шіркеуі ұлттың Ар-ожданы, орыстың Сенімі, Намысы болды. Сондықтан, православиенің ұлтпен, мемлекетпен қабысып, қосылып кеткен кезеңі - патшалық Ресей. Православиеге тіл тигізу теріскейде ормандай ошарылып отырған орысқа, державаға тіл тигізу болып саналады. Ресей империясы моңғол шеңгелінен құтылған соң, 16-ғасырдан бастап православиені мемлекеттің идеологиялық тірегіне айналдырды. Ресей Сібірді толық өзіне қосып алған 18 ғасырға дейін православие миссионерлері шіркеу салу арқылы бұл жерлерді орыстың меншігіне айналдырып отырды. Бірақ, орыс шіркеуінің бір ерекшелігі православиені орыс ұлтының ғана рухани дүниетанымы деп санады. Басқа ұлттарды шоқындыру ісі жүргізілсе де, шоқындырылған ұлыстарды орыстың қалың бұқарасы православтар ретінде қабылдаған жоқ. Өйткені, орыс шіркеуі таза ұлттық негізде дамыған еді.

Қазақстан халықтарының мәдени тұтастығын қалыптастыру Еуропа ұлыстарының бір ұлтқа айналу процесіне мүлде ұқсамайтын, өлшемдері, табиғаты бөлек мәселе. Біз басы ашық ақиқат ретінде орыс ұлты мен қазақ ұлтының өркениеттік тамырлары өзгеше, бір-бірімен ешқашан бітісіп, сіңісіп кете алмайтын халықтар екенін мойындауымыз керек. Және бұл екі этностың «ұлт» сөзін таза этникалық тұрғыда түсінетінін де ескеруге тиіспіз. Сол сияқты бұл екі халықтың ұлттық дүниетанымдарының негізіне салынған әлемдік діндер - ислам мен христиандықтың да үш қайнасы сорпасы қосылмайтынын білеміз. Сондықтан, көпұлтты Қазақстан үшін православие - миссионерлік бұтағы дамымағандықтан және «қасиетті соғыс», «дін үшін қару ұстау» деген идеялармен аса қатты уланбағандықтан радикалды, фундаменталистік дін саналмайды. Біздің ежелден тағдырлас көршіміз орыс ұлтының христиандықтың католик немесе тағы басқа насихатшыл, миссионерлік бұтақтарының бірі емес, дәл осы православиені ұстанғаны біз үшін пайдалы болып та отыр.

Бүгінгі жаһандану заманының ең үлкен қаупі - халықаралық терроризм, діни экстремизм мен шектен шыққан әсіре ұлтшылдық. Бірақ, әлемдік қауіпсіздік жүйесіне қатер төндіріп отырған бұл проблемалардың шығып отырған аймағы - әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрғыда артта қалған Шығыстың теократиялық дамушы елдері. Сондықтан, бізге осы оңтүстік іргемізден төнетін қауіптің, ол жақтан келетін діни ықпалдың қатері молдау көрінеді. Халықтар арасы жақындасу үшін бізге адамдарды кәпір мен мұсылман категорияларына ғана бөлетін партикулярлы сана қажет емес.

Фундаментализм ықпалынан жаһандану жағдайында еліміз енді құлан таза құтылып кете алмайды. Сондықтан, далалық исламның ерекшеліктерін әрбір қазақстандықтың білуі - стратегиялық маңызы бар қажеттілік. Қазақтың салт-санасымен біте қайнасқан, бейбітшіл исламды халық арасында насихаттау, мектептер мен жоғары оқу орындарында діни танулық пәндерді беру қажеттігі төтенше. Қазақстан азаматтары онсыз елімізге келіп жатқан фундаментализм ықпалының қауіпті екенін түсініп, бұл ықпалдан саналы түрде сақтана алмайды. Және біз мұны 10-даған жылдарға кешеуілдетпей, бүгіннен бастауға тиіспіз. Олай істемеген жағдайда Қазақстанда да «Пәкістан феномені» қайталануы мүмкін.

Көпұлтты Қазақстан үшін адамдарды «кәпір» мен «мұсылманға» қатаң түрде бөлетін, бөліп қана қоймай «мұсылмандарды» «кәпірлерге» айдап салатын фундаменталистік идеялар ұлтаралық татулыққа, Қазақстан халқының мәдени тұтастығына төнетін ең үлкен қауіп.

Батыс өркениетімен тамыры мен тағдыры бір болған Шығыс Еуропа мен Прибалтика мемлекеттері үшін бұл мәселе аса шиеленістілік тудыра қоймаса, Орталық Азия мен Кавказда үлкен қиыншылықтар туғызды және фундаменталистік, экстремистік құбылыстардың орын алуына алып келді. Американ зерттеушісі С. Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» еңбегі жарық көруі де мәдени-өркениеттік бірегейліктің өзектілігін арттыра түсті. Өйткені ол аталған мақаласында өркениеттер арасындағы болашақтағы қақтығыстардың болмай қоймайтындығын негіздеуге талпынды. С. Хантингтонның пікірінше, XXІ ғасырдағы ең басты және қанды қақтығыстар экономикада және идеологияда емес, өркениеттер арасында болмақ. Қазіргі жаһанданған бірегейліктің өзекті сипат алуына ықпал ететін төмендегідей бірқатар факторларды атап өтуге болады. Біріншіден, жоғарыда аталған антогонистік жүйелердің жойылуы мен халықаралық қатынастардың ашықтығы, мәдени байланыстардың тереңдеуі. Екіншіден, халықтар мен ұлттардың трансұлттық қауымдастықтағы өзінің орны мен рөлін анықтауға деген ұмтылысы. Үшіншіден, жеке тұлғалық және әлеуметтік деңгейде бірегейліктің өзгеріске ұшырауы. Бірегейліктің түрлері мен деңгейлерін ғылыми талдау - қазіргі Қазақстан қоғамы үшін де маңызды мәселелердің бірі.

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ДАМУ өркениетінің қалыптасуы және оның дамуы

Бүгінгі күнгі қазақ мәдениетін зерттеушілердің алдында тұрған методологиялық мәні бар өзекті мәселелердің бірі - қазақ өркениеті, Қазақстандық өркениет өзіндік зерттеуді талап етіп отырғаны белгілі. Батыстық өркениетшілердің еңбектері қазақ ойшылдарының арасында да кеңінен қолдау тапты. Олар өркениет теориясын өз бетінше зерделеп, өркениет ошақтарының дамуына өзіндік ерекше түсінік беруге тырысты. Қазақ ғалымы А. Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жан-жануары, демографиясы деп түсінген. Қазақ ғалымы өркениет дамуының алғышарттарын былайша сипаттайды: «Шаруашылық өзгерісі, шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне түскенше талай ғасырлар өткен. Мұны Еуропа тілінде эволюция деп атайды. Дүние ісі секіріп алға баспайды, эволюция жолымен жылжып, жылысып өзгереді» [10, 37-38 бб. ] . А. Байтұрсынов өркениеттің эволюциялық жолына талдау жасаған. Ол турасында ғалым «дүниеде тәркі етіп аса көзге көрінетін іс адам баласының тіршілік еткен тәсілі. Сол тіршілік тәсілінің жүзінде тастан жасалған балтадан бастап, осы күнгі сансыз құралдарға жетіп отыр. Ор сияқты үлкен шұңқырларды паналағаннан бастап, осы күнгі биіктігі аспанмен таласқан салтанатты сарайларға жетіп отыр. Сол тіршілік жүзіндегі адам баласының дүниелік табу жолында істеген істерін кәсіп деп, құралмен жасаған тәсілдерін шеберлік деп атаймыз» деген ерекше ойға келеді. Ары қарай өркениет дамуының басты себептері талданады.

Өндіріс-шаруашылық жайы табиғат жағдайымен кіндіктес екендігі даусыз. Дүние «жылылықтың» аз-көбіне қарай, экватордан әрі де, бері де қарай жер жүзі үйек-үйекке тілініп бөлінеді. Бел орталыққа таяу күн төбеге келетін нағыз ыстық жерлер «ыстық үйек» деп аталады. Оған таяу үйек «жылы үйек», оған таяу «салқын үйек», оған таяу «суық үйек» ең ақырында темірқазық. Біз жердің салқын үйегінде тұрамыз. Біздің оңтүстік жағымыздағы таяу үйек «жылы үйек», онан әрі «ыстық үйек». Өркениет пен мәдениет әуелі «жылы үйектен» көрінеді». Өркениеттің жемісі мол, аңы көп «ыстық үйектен» басталмау себебі, онда тамақ асырап, күн көру жеңіл, тіршілік етуге тәсіл қажет емес. Мәдениет ми мен аяқ-қол қатар істеген жерге орнамақшы деп өз тұжырымын дәлелдей келе, алғашқы төрт өркениеттің жердің жеті дариялы «жылы үйегінде» пайда болғанын атап көрсетеді. Ол өркениеттер: «Ніл дариясының бойындағы Мысыр мәдениеті, Ассирия һәм Вавилония мәдениеті, Тигр һәм Евфрат дарияларының бойында, Ант мәдениеті Ант һәм Хуанхэ дарияларының бойында, Қытай мәдениеті Хуанхэ һәм Янцзы дарияларының бойында» [5, 512 б. ] .

А. Байтұрсынов мәдениет дамуының факторларына көп көңіл бөле отырып, кейбір ғалымдар пікірлерінің біржақты екендігін баса айтады. Мәдениеттің ерте немесе кеш, жылдам не баяу дамуына табиғаттың ықпалы мол екендігін дәлелдейді. «Салқын үйек» пен «суық үйектегі» жерлерге мәдениет адам баласы табиғатпен тартысудың тәсіліне жетіп, ғылым, өнер біліп, табиғат жайсыздығын жағдайлы етуге жетілген кезде орнаған деген ғылыми тұжырым жасайды.

Өркениеттің дамуы қоғамды бөлшектейтінін, ол қоғамның таптық қоғамға айналатынын ойшыл ғалым А. Байтұрсынов ашық айтады. «Класқа бөліну реті біздің қазақтың төре-қара бөлінуі сияқты. Билеуші класс, көнуші класс болып бөліну. Бірақ Еуропа кластарының арасындағы жігі біздің төре мен қара арасындағы жігінен зор болған. Мәдениет жүзінде жоғары тұрған Еуропа жұрттарын алсақ, бұлардың класс жігіне бөлінбегені болмаған. Класс жігіне бөлінуге мемлекет қамы себеп болған» [16, 370 б. ] . Алғашқы қазақ ғалымдырының бірі А. Байтұрсыновтың өркениет дамуына және таптық бөлініске мұндай жетік зерттеу жүргізуі терең білім мен ізденімпаздықтың жемісі екенін дәлелдейді.

Өркениетшіл үлгіні ұстанып, өркениеттік іс тындырған тағы бір қазақ ғалымы, ағартушысы Ы. Алтынсарин. Нағыз педагог атына лайық Ыбырай қазақ халқы үшін өркениеттік үлгі ұсынды, ол білім мен ғылымға негізделген даму жолы еді. Ол орыс-қазақ мектептері, екі сыныптық мектептер мен қол өнер училищелерін ашып, көшпелі халыққа білім беріп, орыс халқының көш алды ғылымы мен мәдениетін үйретуге тырысты, осы мақсатта оқулықтар мен хрестоматиялар жазып, жаңа алфавит пен күнтізбені енгізді. Ы. Алтынсарин ел ішін мұғалім ретінде жиі аралай жүріп, халықтың өте ауыр тұрмысын өз қолжазбаларында үнемі жазып жүрді және оның себептерін ашу жолында үлкен еңбек етті. 1879-80 жылдар аралығындағы жұт туралы ауқымды материалдар мен дерек көздерін жинақтаған да Ыбырай еді. Бұл мәліметтер қазіргі күні мұрағаттық сипатымен аса құнды. Ыбырай өркениетке барар бірден-бір жол халық арасында білім мен ғылымды, мәдениетті жетілдіру деп есептеді. Сонымен қатар, ол қазақ халқын отырықшылыққа шақырып, белгілі бір кәсіппен шұғылдануын арман етті және осы мақсатта тәлім-тәрбиеге толы көптеген әңгімелер жазып, жастар бойындағы еңбексүйгіштікті, кәсіпшілікті оятуға ұмтылды. Кәсіппен айналысқан адамның тұрмысы оңды болады деген қағиданы ұстанды [16, 25-28 бб. ] .

Ыбырайдың осы ойымен қазақтың ұлы ойшылы Абай ұсынған сауда, кәсіпшілік, өнертапқыштық, білімпаздық жолы ұштасады. Осы турасында Абай «адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ» деген өлең жолдарын жазып, жастардың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына, азамат ретінде қалыптасуына, өркениеттік бағдарды ұстануына жол сілтейді. Абай еңбек ең жоғарғы игілік көзі, адам күшінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, ұлттық арман-мүддені жүзеге асырудың басты көрсеткіші, өркениетке жетудің хаһ жолы деп түсіндірді. Хакім Абай адамдардың жеке басының қажеттіліктерін өтеуге негізделген еңбектен қоғамның, халықтың мүддесіне бағытталған еңбекті бөліп қарайды. «Өзі үшін еңбек ететін адам малға ұқсайды, тек қарнын толтырады, ал нағыз адам адамшылық үшін, қоғам игілігі үшін еңбек етуі қажет» деген озық ойлы пікірін айтады. Абайды қазақ халқының әлем өркениетінде өз орнын табу мәселесі қатты толғандырды. Сол себепті ол өз заманындағы қазақ қоғамының кемшіліктерін қатаң сынға алды. Мол мұралы Ш. Құдайбердиев те қазақ қоғамының рухани өсуіне, жастардың ғылым-білімге, өнерге деген құштарлығын оятуда айтулы еңбек сіңірді. Орыстың солақай саясатына елітіп, қазақтар арасында іріткі салып жүрген пысықтарға байланысты «ар түзейтін ғылым» керектігін айтты, тобырға тоқтау салды. Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында, тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдері ойшылдарының, ғалымдарының, ақын-жазушыларының еңбектері мен шығармаларының аты аталып ғана қоймай, сонымен бірге мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра ой-пікір жарыстырылып отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Мәдени саясат
Қазақ өркениетінің тарихи типтері
Мәдениет және өркениет туралы
Мәдениет және өркениет аясындағы ұлттық тәрбие
Саяси мәдениет дамуындағы қоғамдық күштер
Мемлекеттік идеология және ұлттық рух
Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта түсі мен XX ғ бас кезенінің қазақ мәдениеті
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Жаһандану батыстандыру феномені, қазіргі заман модернизациясының тірегі ретінде ұлттық моделге әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz